Бағдарламасы бойынша шығарылды Өмір Кәріпұлының бұл жазбасы қаламгерлік ізденісі мен



Pdf көрінісі
бет17/77
Дата07.04.2022
өлшемі3,83 Mb.
#30285
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   77
Қойыртпақ 
86 
87 
Бидай көже келіге түйілген бидайдан жасалады. «Ақ 
көже» деп те атайды. Наурыз көженің бір түрі осы. Бидай 
көженің дәмін кіргізудің неше  қилы амалы бар. Май да сала-
ды, ет те туралады.  Қаймақ та  қосады. Жуа мен сарымсақ ту-
ралады. Бидай көже кәріге де, жасқа да ортақ ас. 
Ішкенім дәйім менің бидай көже, 
Ішіме бара жатыр сыймай көже. 
Қолынан ақ жеңгемнің бапты шыққан 
Шіркін-ай, табылар ма мұндай көже?! -
деп бозбалалар қызды ауылдың бидай көжесін де әнге қосады. 
Бидай көже ыдыста көбіректеу тұрып  қалса, ашыған 
көжеге айналады.  Ұн көжені де ашытады. Ақ  қосылса, көже 
міндетті түрде ашиды. Ашыған көженің арнайы күбісі болады. 
Оны «сиыр күбі» деп атайды. Көжені, көбінесе, топатайға 
ашытады. Топатай - ағаштан  қиыстырған кіші күбі. Шелек 
пішіндес болып келеді. Оған сүттен немесе үн мен бидайдан 
ашытылған көже  құйылады. Айран мен  қатық та топатайға 
ұйытылады. 
Топатай -  қасиетті ыдыс. Атадан балаға ауысқан. Хал-
қымыз  қай ыдыс болмасын  қастерлеп  ұстаған. Кейінгі  ұрпа-
ғына аманаттап кеткен. Көжені келең сүттен де ашытады. 
«Ашымақ» дегеніміз сол.  Қымыз шыққанша ермек, шөл ба-
сар. Ашымағы жоқ үйді «отқа  қарап  қалыпты деп жақтыр-
май  қалады. 
Әдетте, шешелеріміз бала күнімізде  қара су /өлі су/ 
ішкенімізді көріп  қалса: «Өлі су өңезіңді көбейтеді, ішіңнің 
майын кетіреді, сүйегіңді жасытады», - деп жататын. Сүт бол-
май  қалған жағдайда да шешелеріміз үн көже мен күріш 
көжені, бидай көжені топатайдан айырмайды.  Қымызша 
бұрқыратып ашытып  қояды. Үлкендер су ішкенімізді көріп 
қалса «осы неме судай сұйқыл болып жүрмесін! Өлі су ішкені 
несі, бұзау құсап» деп жаратпай қалатын. 
Осы күнгінің адамдарында тағамға деген талғам жоққа тән 
сынды. Сөйтеді де, өздері саушылығының кінәратын ауа мен 
судың, өсімдіктер дүниесінің радиацияға  ұшырауына аудара-
ды. «Өлі су оқ болып тиеді» деп отыратын үлкендер. Мал бақ-
қан малшы,  қой соңындағы  қойшының да өз ризығы болады. 
Өрісте тас  қорықпен /тасты  қыздырып сүтке салады/ сүт 
пісіріп ішеді. Шөлдесе, торсығында ашыған көжесі бар. Жаны-
нан торсығын тастамайды малшы мен жолаушы. «Жан тор-
сық» делінетіні содан. Жан торсықта ашымағы жүреді шайқа-
лып. 
Қойшы  қойыртпақты үйде  қамдап, түзде дайындайды. 
Сойған малдың  қарнына (қойдың, ешкінің) үйдегі ашымақтан 
бірер  қасық тамызып алады да,  қарын  қалтаға (сыртынан күн 
өтпес үшін  құрым киізден  қос  қабаттап домбалдаған) салып, 
қанжығаға бөктереді де,  қой соңына ілеседі. Ал жалқау  қой-
шыға бәрібір. Сергек те сесті шопан өрістен ауылға «олжалы» 
оралады. Елгезек қойшы өрістен өзімен бірге даланың исін ала 
келеді. Бейнетқор шопандар көктемде таудан жуа теріп әкелсе, 
күзде сарымсақ қазып әкеп, балаларды олжаға  қарық  қылады. 
Шопан өмір мектебінің білгірі есепті. Біздер, балалар  қойшы 
көкеміздің өрістен  қоржынына сала келген сабаудай-сабаудай 
жуасын /тау жуасын/ айран-қатыққа шылап, нанмен аралас-
тыра жеп алатын едік. Сондайда мырзақол қойшы  қарын  қал-
тадағы  қойырпақты балалардың алдына тосады. Майы бетінде 
туырылған  қышқылтым салқын  қойыртпақты таласа-тармаса 
сіміретін едік. Шекемізден терді бұрқ еткізетін қасиеті бар-тын 
қойыртпақтың. 
Қойыртпақ  қой немесе ешкі сүтінен дайындалады. Бұлақ 
басында, әйтпесе, өзен жиегінің көрпе көгіне байырқалаған 
қойды /қозылары таңнан бөлініп, ауылда бөлек жайылады/ 
қойшы  қылшақпен /ағаш шелек/ саууға кіріседі. Сауылған 
сүтті  қарынға  құяды да,  қарын  қалтамен  қанжығаға бөктереді. 
Ауылға жеткенше шайқала-шайқала әбден бабына келген 
қышқылтым сүт сусын төресі —  қойыртпаққа айналады.  Қыш-
қылтым сүт  қойшыны да, баланы да оңалдырып, көкірегін 
ашады. Іштегі жел-құзын сыртқа шығарады. Халық аузында 
«қойыртпақ ішкен  қойшыдай жылтырап, өңейіп алыпсың 
ғой?!» деген көтерме сөз бар.  Қойыртпақ  қойшыға тиемел. 
Кімге ішкізем десе өз еркінде. «Қойыртпақсыз қойшы болмас, 
әу демейтін тойшы болмас» деген оралымды сөз соған дәлел. 
Сары қарын бәйбішелер мен кәрі сүйек қарттар да қойырт-
пақты теріс көрмейді. Бойжеткендер де  құмар келеді бұл су-
сынға. Әсіресе, келіншектер тамсанады. «Жерігім қанбай жүр» 
деп өрістен оралған  қойшының  қойнына  қалаш тықпалап, 
кәделеп сұрап ішеді. Бәйбішелер  қойыртпақтан дәметкенде 
«малшының ақысы» деп сүр ет пісіріп береді. Кәделеп жол-жо-
ралғысымен ішер еді. Еңбекқор шопан  қойыртпақты  қолы 
ашық бәйбішелерге сыбаға ретінде  ұсынып, үсті-басын жаңа-
лап алады. Киім-кешектен  қарайласады  қойыртпақтан ауыз 
тигендер.  Қойыртпақ - аса  құнарлы сусын. Оны ішкен бой-
жеткендер мен бозбалалар махаббатқа шөлдегіш келеді. 


Жылқыдай қызды ойласам желдей берем, 
Қиырдан дыбыс берем кернейменен. 
Қойшының қойыртпағын аңсағандай, 
Қалқаны еске алғаңда шөлдей берем, — 
деп келетін өленді ауық-ауық  қоңырлата созатын. 
Шешелеріміз абысындарына «қанша пісас жидың?» деп оты-
ратын. Пісаска ірімшік, сүзбе,  құрт, майдан бастап сүттен алын-
ған өнімдер жатады. Сүттен дайындалған тағам түрлері «пісас» 
делінеді. Бүгінде озық технология сүттен алынатын өнімдерді 
түрлендіріп, сапалы  қып шығаратын деңгейге жетті. Оған дау 
болмаса керек. Әйтсе де, пісас дайындаудың «ұлттық технология-
сын» шетке ығыстырғыш тастауға әсте болмайды. Пісас дайындап, 
ірімшік,  құрт жиюдың ертеден келе жатқан әдіс-тәсілін мансұқ-
тау -  ұлттық  қасиетімізді дүбәраландыратын үстірттікке жатады. 
Қайта жас буынға үйретіп пысықтағанның зияны жоқ. Базарлық 
экономиканың сұранысына керек болады. 
Бүгінде бүтін тағам түрлері «темірдің өңешінен» өтіп 
жетеді бізге. Ас-су өзінің бастапқы табиғи дәмінен айырылып, 
жасанды  қоспаның салдарынан  қуатын әлсіретеді екен. 
Қоректік  қасиетін жоғалтады екен. Сорақылығы сол —денсау-
лыққа кері әсер етеді. Бүгіңде сусамыр дерті асқынып барады. 
Жастардың сүйегінің боркеміктенуі дертке айнала бастады. 
Кеуде ауруы саналатын өкпе сырқаты  ұлттық сырқауға айна-
лып кетті. Демікпе, жүрек сырқаты жастарды  қармап алған. 
Қ аза қ жастарының сүйегінің  ұсақтығы,  қ аныны ң аздығы 
көрер көзге аяушылық тудырады.  Қуатты  ұлттық тағам шетке 
ығыстырылған. Балалар су-суанға үйір болып алды. Шылым 
мен арақ және  қосарлайды. 
Біздер, бүгінгі егделер шешеміздің ежелден келе жатқан ас 
дайындаудың  ұлттық әдіс-тәсіліне сүйеніп  қамдаған тағамы-
нан өзек жалғадық. Тоя жеу деген болмайды. Соғыстан кейінгі 
тіршілік  қой. Сонда бізді сақтаған  ұлттық тағамның  құнары 
болатын. 
Сонау ерте көктемнен  қар түскенге дейінгі аралықта 
шешелеріміз гүлден шырын жиған бал арасындай күйбеңдеп, 
жаз бойы пісас дайындайды.  Қосақтап  қой сауады, ешкі сауа-
ды. Сиыр болса-болмаса сауын малы. Пісас дайындау — жазғы 
науқан әрі бәсекеге жатады. Ауылдың үлкендері күзгі жиын-
терінді сылтауратып, үй-үйге бас сұғады. «Бәленшенің үйіндегі 
көркем келіннің пісірген бауырсағы дәмді екен. Етке  қамыр 
илеуді жақсы игеріпті. Жиған ірімшігі мен қарындағы майы тіл 
үйіреді» деп көтермелейді. 
88 
Ас  қамдауға икемсіз, пісас жиюға еріншек әйелдер салақ 
атанады. Салақ әйел бара-бара «жаман  қатын» деген атаққа 
ұшырайды. Ас-суы дәмсіз, қабағы қырыс, баласының үсті-
басы алба-жұлба, ыдыс-аяғы кір-қожалақ келіндерді сыншыл 
ата мен ене, байқампаз  қайнаға: «Біздің әнебір келініміздің 
қойны  құтты болғанымен, шаруаға икемсіз, бие шу майсалпақ-
тың өзі», - деп отырар еді. «Бие шу» дегені - жүріс-тұрысы 
оралымсыз, мінезі  ұяң, от басына ықпалы жоқ дегені. Майсал-
пақ әйелдер салақ келеді. 
Табыс табу - еркектің міндеті болса, күйеуі тапқан табыс-
ты  қоғамдап кәдеге асыру,  құрастыру - әйелдің борышы. 
Қазақта «өзіндік  қана» деген бейбіт сөз бар. Бұл аса кекесінді 
мағына бере  қоймайтын мінездеу. Өзіндігі бар жанұя мүшелері 
құба төбел тіршілікке  құмбыл. Өзгеге салығын сала  қоймайды. 
Мәселе әр нәрсенің /табыстың/  құрасуында.  Құрастыра білсе, 
аз дәулет молығады. Дүйімге жетеді.  Қазақта «дидақшы» деген 
мағыналы сөз бар. Пісас туралы айтып отырып, дидақшылық-
ты неге ауызға аламыз? 
Тілімізде «қор жию,  қорлану» деген де сөз тіркесі бар. 
Үлкендер жас отауға бас сұққанда: «Үй болуға бет алған екен, 
қорланып  қалыпты», - деп  қуанар еді. Бар береке - аста. 
Дәмді тағам бойға  қуат дарытады.  Қаның толады. Оның ішінде 
ұлттық тағамның орны бөлек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет