Жер жады
Ақынның жанайқайына еріксіз езілесің. Бүгінгі заманның
амалы жүректі шошытады. Таусыншақ ғұмырдың ақырғы ай-
налымын түгесіп, бабалар дамылдап жатқан қара қорымға кеп
жайғасқанға не жетсін!
Кешір, баба! Кешіру асыл әдет,
Жігерімді жанып бер жасыма деп.
Күндерімді керімсал кезіктіріп,
Төмпешікке айналсам қасыңа кеп...
Жөн-ақ қой, шіркін! Ата-баба қорымында мәңгілік дамыл-
дағанға не жетсін!
жараланса, ғұмырыңа қауіп төнеді. Табиғат та солай. Табиғатқа
түскен сызат - жер басқан пендеге қатер. Батыс білімпаздары
«көшпелі халықтар табиғатқа масыл болған» дегенді не себепті
айтқан?! Астарында зымияндық жатыр. Сол астамшылдар ой-
лап тапқан ядролық бомбаларды бір мезгілде жарса, жер өз
кіндігінен тайып кетіп, ақырзаманға соқтыруы кәдік. Кеңес
өкіметінің орыстық саясаты қазақ даласын атом бомбасының
сынағына, ядролық жарылыстар алаңына айналдырды.
Коммунистік озбырлық қазақ сахарасына білгенін істеп бақты.
Тіршілікке масыл делінген қазақ бабаларымыз кіндік қаны
тамған топырақты, қара қонысты кие тұтып, ақ дастарқандай
қастерледі. Шөптің қасиетін қазақтардан артық білетін халық,
сірә да, жоқ шығар-ау. Бабаларымыз табиғат құбылыстарына
жетік, нағыз биолог болған. Ащылы-тұщылы жайылым дегенді
зерделеп көріңізші. «Қыр оты» делінетіні қалай? «Су соқты
өлең шөп малға ас болмайды» деп жатады үлкендер. Мына
сойылған малдың еті жасық екенін айтатындар да дала
білімпаздары. Неге олай дейді? Ойдың сіңбірік бозына жайыл-
ған малдың еті жасық келеді екен.
Шөп асылы — жусан дегенді тағы айтатын әкелеріміз еді.
Қазақ даласында сандаған түрі өседі. Шағыр жусан, қара жусан,
қой жусан, сиыр жусан, арқар жусан деп бас-басына ат берген.
Арқар жейтін жусан қия беткейде өседі, қой жусан тақыранда
бүрленеді. Жусанның бұл түріне қой мен жылқы өш келеді.
Ұзарып өсетін түрін түйе немесе сиыр жусан деп те атайды.
Бірде Абылай хан сапарлап келе жатып қараша үйге ат ба-
сын бұрады. Үй иелері сасады. Ханға тамақ ауыз тигізудің ретін
таппай сасқалақтайды. Хан айран сұрап ішеді. «Шөп асылы не?»
деп сұрайды кедейден. «Шөп асылы жусан ғой» деп үй иесі
іркілместен жауап береді. «Олай болса, шөп жаманы не?» деп
хан үй иесіне тағы сауал тастайды. Кедей шөп жаманын түстеп
бере алмайды. Тағамның асылы мен жасығын тап баспай және
мүдіреді. Сонда Абылай хан былай депті: «Шөптің жасығы да,
асылы да — жусан. Көктемгі көктеу мен жаз жайлауда төрт
түлік өскіннің әсиясы мен тәттісін таңдап жейді». Бұл маусымда
мал жусанды ұмытады. Жусанның жаман делінетіні содан.
Сары күз дендеп, шөп буыны қатқан қыстың кірісінде жусан
куаттана бастайды. Қар астында жатып та мұртын сыңдырмай-
ды. Бүрленіп жатады. Міне, осындай қасиетімен жусанның ба-
ғасы артып, мал атаулы ашқылтым шөптен бас алмайды. Алты
ай қыста жусаннан тәуір шөп, сірә да, жоқ. Айран да жусан
мәнзелдес. Қымыз шықпай тұрғанда одан өткен тағам бар ма?
Қазекем қалай қымызға ентеледі, айран мен қатықты, көжені
12
ұмытады. Алты ай жазда айран, шалап орнына жүреді. Бие
ағытыла бере айранның бағасы артады. Әсіресе, көктемгі «қара
өзек» шақта айран мен қатықтың қуаты ересен.
Хан сөзін былайша тұжырыпты: «Жусаннан артық шөп
болмас, айраннан артық ас болмас».
Алла жаратқан жанды-жансыздың бізге жаттығы жоқ. Әр
нәрсенің өзіндік қасиеті болады. Табиғатқа жақындық адам-
ның жүрегін жұмсартады, жан шуағын молайтады. Табиғаты
таза адам нағыз мұсылман.
Топырақты қастерлеу — халқымыздың бұлжымайтын
тәртібі. Өлген адамға топырақ салу - кім-кімге де міндет. Жа-
қыны дүниеден өткенде қазалы жандарға «топырағы торқа бол-
сын» деп көңіл айту ежелден бар үрдіс. Тіршілігінде пенде бала-
сы қияға өрлеп, қиянда ырзық-несібесін тереді. Бағы қайтып,
базары тарқай бере, кіндік қаны тамған қара қордаға оралады.
Мақсаты - ата-баба қорымында қалу. Мұндай қасиет естілікке
жатады. «Сүйегім туған жерімде қалсынды» межелеген марқұм-
ды жер қойнына тапсырғанда, қариялар: «Туған ауылының «то-
пырағы тартқан екен пақырды», — деп ризалық танытады. То-
пырақты дабырайтпайды, баламасына жерді алады. Топырақ
киелі. Тіршіліктің бастауы да сол, о дүниеге барғанда мәңгі
тұрақ та сол. Жерден өнбейтін, одан алынбайтын асыл жоққа
тән. Жер ұғымының жүздеген баламасы бар. «Жақсы мал
жершіл келеді, жақсы адам елшіл келеді», «Жығылсаң - жер
көтереді», «Жүрек жараланса, жаның жүдейді, жер құрғақсыса,
малың жүдейді», «Жерді жаралаған, елді жаралайды», «Жер
киесіне ұшыраған көмусіз қалады» дегенді дуалы ауыз қариялар
айта түседі. Ұрпағына соны қарапайым тыйыммен емеуріндейді.
«Жерді теппе, балам» деген зекіндіні әкемізден сан естідік.
Жерді қастерлеу, топырақты кие тұту адамзат баласына тән
қасиет. Ата-бабаларымыз жерді аялауда алдына жан салмаған.
«Жақсы адам - елдің қазығы» дегенді үлкендер айта түсер
еді. Аспан шырақтарының асыл жауһары - Темірқазық. Басқа
жұлдыздар әлемдік тартылыс заңының ыңғайымен орнын
ауыстырып жатқанда, Темірқазықтың қозғалысы аса біліне
қоймайды. Ақбоз ат пен Көкбоз ат тағы бар. Аңызда айтыла-
ды, қазыққа арқандалған жеті қарақшы қос жүйрікті түнімен
торуылдап, енді алам дегенде, таң атып кетеді екен. Жұлдыз-
дардың қасиетін бабаларымыз аңызға арқау еткен. Ұрпағына
тағылымды әңгіме қалдырған. Қазық — тұрақтылықтың
белгісі. Тұрлаулы, тиянақты, бір сөзді, орнықты кісіні: «Қазы-
ғымыз осы көкеміз», — деп іш тартады ағайын-туыс. Қазықтың
жерге байланысты мәні әріде жатыр. Бүгінде айтыла қоймай-
13
Жер
тын: «Қазығың суырылмай қалсын», — деген наладан көп жай-
ды аңғаруга болады.
Көшкенде қазықты суырмай кету жаман ырымға саналған.
Елге жау тигенде, үргін-сүргінде, үй жығылмай, қазық суы-
рылмай қалады. Соған меңзеген қазықтың суырылмай қалға-
нын. Үлкендер жайлаудан қыстауға көшуге қамданғанда
қазықты суыруды әсте ұмытпайтын. Әкемнен сұрағанымда:
«Жер киесіне ұшыраймыз, жерге қағылған қазық табанға
кірген шөңгемен бірдей, балам», — деген-ді. Жерді кие тұту —
топырақты әспеттеу, табиғатты анасындай ардақтау — атадан
қалған тәлім. Содан да ақындар табиғатты жырлаудан еш жа-
лықпайды. «Өзені тулап өрекпіп, бұлағы сылқ-сылқ күлетін,
құрағы қою күлтелі, қияғы балтыр тілетін. Қаршығасы қажыр-
лы, айдыннан сұқсыр ілетін. Таулары дана қария, ішіңді танып
білетін. Көлдері ана-дария, сарыққан саған үлесін, төбелер
бейне жол серік, бағдаршың болып жүретін. Бөрікті талдар ту-
ыстай, жолыңа шатыр тігетін. Сай-сала дархан жеңгедей,
семіздің тартар сүбесін, жартасы сұсты батырдай, жапырып
жауды түретін. Тұрлаулы достай шомбал тас, сырынды жаттан
бүгетін, самалы жұпар, шалқыған, ішіңе нұр боп кіретін,
тіршіліктің құндағы, Алладан соңғы ұлы есім — Табиғатқа не
жетсін!
Алғы тарауларда Атамекенді, даланы, топырақты, жер жа-
дылықты біршама сөйлеттік. Жер-су жөніндегі әңгімені екінші
қырынан алғанда, ойымыз нығая түседі. «Жер жерінде, жекен
суында» делінетін мәтелдің мәнінде не жатыр? Әркімнің өз ту-
ған жері ыстық. Шыр етіп түскен топырағыңнан қымбат не
бар?! Мейлі, шөл болсын, өзің туып-өскен жер сен үшін жер
жәннаты. «Жер жерінденің» мағынасын солай түсінесін. Жекен
— батпақты, сулы жерде өсетін өсімдік. Бұл өскін өзі тамыр
жайған батпақты қорыста биіктеп өседі. Мал екеш мал да бөтен
қонысқа жерсінбейді. Өсімдік те жатырқайды, жетілуі сараң
келеді. Мал үйренген жеріне қашады. Жер басқан пенде он жер-
ден қияға қанат қомдап, ғарышқа самғағанымен, жерге қайтып
оралады. Адам жерден ырызық-несібесін тереді. Ақыр соңында
жер астына барады. Мұны кім білмейді дерсіз. Мәселе санада
боп тұрған жоқ па. Мінез кедейлігінен жанымызды жүдетеміз,
қара жерді жүдетіп болдық. Жер көмпіс, шыдайды бәріне. Зама-
на зобалаңы басқа түскенде, еріксіз жер ауасың. Ең ауыр
қасірет жер ауып көшу. Қазақ халқы соны талай-талай бастан
14
кешті. «Елім-ай» зары содан шыққан. Үлкендер жастарға бата
бергенде: «Қара жердей көтерімді бол», — деп жатады. Қоныстас
қатар отырған ауыл адамдары бір-біріне «жерлес» деп іш тарт-
қан. Кісі өлгенде жер қойнына тапсырады. Жер мың сан
өскінімен шұрайлы. Сол өскінді халық тәрбие құралы ретінде
ұрпақ санасын сергітуге жұмсаған. Шөп өспейтін жерді қу та-
қыр дейді. Құнарлы қонысты шүйгінді өлке дейді. Қыр шөбінің
бірі — көде. Осы кедеден ойсыз ыржалақты тұқыртатын:
«К....Ң
жүні көдедей болғанша, ақылы толмаған», - деген зекінді сөз
туындаған. Жантақ — тікен шөп. Түйе өш келеді жантаққа.
Жантақ жардың ернеуінде тамыр жаяды. Мойны ұзын түйе ғана
шалып жейді.Содан «Жарға біткен жантақты жаннан кешкен
нар жейді» деген мәтел шыққан. Екіұшты мағына береді. Осы
күні бизнес /кәсіпкерлік/ күнкөрістің басты амалына айналды.
Баюдың, ақша табудың жолында көзсіз тәуекелге барып, көлде-
нең табысқа бола сүрініп кетуі кәдік. Халық табыскерді сондай
көзсіздіктен сақтандырады. Көлденең олжаны түйеше қарпып
қалудың соңы өкінішке ұрындыруы мүмкін. Әйтпесе, саған
күнінді көрме, байыма деп отырған кім бар?
Талдың түрлері көп. «Суға кеткен тал қармайды» деген ма-
қалда бәлендей астар жоқ. Жаның қиналғанда, басыңа іс
түскеңде «тал қармауға» тура келеді. Бір шыбындай жаны үшін
шарасыз жалтарғанға халық кешіріммен қараған. Кәдімгі тал-
дың жасаң түрі — шыбық. «Шыбық тимей шыңқ етер» деген
сөз тіркесінде терең мағына бар. Баланы бетінен қақпай
өсірудің бір жаман жері: «Шыбық тимей шыңқ етерлер»
кінәмшіл, өкпешіл келеді. Халықтық тәрбиеде шектен шыққан
баланы шыбықпен шықпыртудың әбестігі жоқ. Ызбармен
жасқаған да жөн. Баланы қисынсыз жәбірлеп, тұщы етіне ащы
таяқ тигізуге де қарсы қазақ атамыз. Үнемі зекінді көріп, таяқ
жеумен өскен бала кекшіл әрі жасқаншақ келеді.
Кәдімгі тікенек шөпті де халық тәрбиеге жаратқан:
Түйелер тікенекті шалып жейді,
Қиыннан мойнын созып алып жейді.
Усойқы тікенек тіл, арам ауыз,
Момынды шапқа түртіп пәле іздейді...
Биіктеп өсетін тал-теректі, қайың мен қара ағашты,
бәйтеректі шынар деп әспеттейміз. Қызға «Шынар» деп ат
қоямыз. Ұлдарының теректей тұлғалы болғанына сүйсінеді.
Сырт кейпіне мінезі үйлескен азаматқа «Адамның қызыл
қайыңы» деп мағұрланады. Қайсарды «Қарағайға қарсы біткен
бұтақтай» деп ауыз толтыра айтады. Бас бітімі келіскенімен,
15
ақылы шолақты «томар бас» дейтініміз бар. Гүл — шөптің
реңдісі. Тез өсіп, тез солады.
Ойлап тұрсаң, дүние шолақ екен,
Адамдар бір-біріне қонақ екен.
Қызғалдақтай құлпырған қайран ғұмыр
Қазан ұрмай, қар жаумай солады екен... —
деген қара өлең түсіндіруді қажет етпейді. «Гүлдей жайна,
күліп ойна» дейді халық. Гүл — жастық шақтың ажары. Қазақ
ұғымында гүлді жұлу, жапыру тәртіпсіздікке жатады. Осы күні
гүлдесте сыйлау жаппай рәсімге айналған. Гүлдестені басқа да
бір сый-сияпатпен сәйкесетін бұйыммен алмастыру алғы
күндердің еншісінде.
Қара жер халық тәрізді көмпіс. Көп балалы анадай
қамкөңіл. Қара жер күн қызуымен нұрланады, сумен өңейіп,
өнік шашады. Су болмаса тіршілік те жоқ. Халық — дана, ар-
тық сөзге бармайды.
— Әкесі өлген қандай екен?
— Асқар тауы құлағанмен бірдей екен.
— Шешесі өлген қандай екен?
— Ағын суы тоқтағандай екен...
Көрдіңіз бе, әке-шешенің балаға қаншалықты қымбат
екенін. Тау — ұлылық кепілі. Ақ бас таулар, түйе өркеш шоқы-
лар, қоян жон қырқалар, жуалы беткейлер — Атамекенге ұлы-
лық дарытады. Ал кәдімгі сылқ-сылқ күліп аққан ерке бұлақ-
тар, өзен-көл, тіптен құлпыртпай ма жер келбетін! Ағын су
тоқтап, тау шөгіп жатса, тірі адамға қиыны сол. Ата-ананың
өмірдегі орнын халқымыз асқар тау мен ағын суға балаған.
16
құдығыңа түкірме», «Түн ішінде суға барма», «Судың бетін жа-
уып қой», «Қайнаған суда қасиет бар»...
Дүниеге шыр етіп келгеннен бастап, жер астына барғанға
дейінгі аралықта адамға бұйырған сыбағаның ауқымдысы су
болып табылады. Сәбидің денесіне алғаш тиген мөлдір тамшы-
лар «шілде суы» аталса, бұйрықты ажал жетіп, о дүниеге аттан-
ған марқұмды ақ жуып арулағанда, денесіне соңғы тиген су
«мейрам суы» делінеді. Өлген адамды «су ішкілігі таусылған»
деп айтады. Марқұмның сүйегін жуған суды «мейрам суы»
дейтіні — жарық дүниеден ақырғы алар еншісі, үлесі суық
тәніне тиген су екен.
Су тәлім-тәрбиеге септеседі. Елдің амандығын, отбасының
тыныштығын тілеген қамкөңіл қариялар: «Кісі қайғысыз
ішкен қара суға да тоғаяды», — деп отырады. Су көздері «бас-
тау», «қайнар», «тас бұлақ», «тұма», «құдық» деп аталады.
Бұлақты «қайнар бұлақ», «айнакөз бұлақ» дейді. Терең қазыл-
ғанын «шыңырау» деп ауыз толтырамыз. Өзендер мен көлдер,
мұхиттар қазаққа жат емес. Суағар, жыра, жылға, өзек, жай-
ылма, тоған, бөгет, тоспа — бәрі де судың жүретін, ағатын
жолы болып есептеледі. «Өзен жағалағанның өзегі талмайды»
деп және айтамыз. Су жәндіктерін қорек етумен қатар, олар-
дың сандаған түрін тіршілік амалына орай тілге тиек етеміз.
«Жансызда қамыс үлкен, жандыда балық үлкен» деген сөз
тегін айтылмаған. Қомағайларды «жайын ауыз» деп келемеж-
деген. Каспий мен Аралды, Балқашты, Ертіс пен Тобылды, Шу
мен Арысты, Есілді, Нұраны, Сарысуды жайлаған бабалары-
мыз балықты ас қылумен қатар, олардың алуан түрінің мінезін
де тап басқан. Алған бетінен қайтпайтын уытты азаматқа қара-
та: «Бекіре балықтың тұмсығы тасқа тимей қайтпайды», —
дейді. Қыздарын «Ақшабақ», «Аққайран», «Қалытқы» деп ата-
са, ұлдарын «Сазанбай», «Шортанбай», «Жайынбай», «Шон-
тай», «Монтай» деп ауыз толтырады. Шортанды жігерліге ба-
лаймыз. Толықсыған сұлу келіншектерге қарата «сазандай ақ
келіншек» деп іш тартамыз. Өзеннің ағысына да баға беріп:
«Екпінімен өгіз ағызады», — дейді үлкендер. «Сулы жер — нулы
жер» дейтініміз және бар. Судың ағысы мен толқынын да адам
өміріне орайластырады ақын-жыраулар. «Алдыңғы толқын
ағалар, кейінгі толқын інілер, кезекпенен өлінер, баяғыдай
көрінер...» /Абай/. «Сылқ-сылқ күліп сылдыр қаққан су сұлу...
Бейне айнадай жарқыраған айдыннан күн шығарда көтерілген
бу сұлу...» — деп шалқымай ма Мағжан.
Адамзат баласы ертеден-ақ өзен-көлдің бойын сағалаған.
Тарихшылар «өзен өркениеті» деген анықтамаға бой ұра баста-
2-2628
17
Су
Су - тіршілік қайнары. Қайнардың көзі бітелсе, тіршілік
тоқтайды. Әр халықтың суға деген ұстанымы әр қилы. Мәсе-
лен, шөлейт өңірдің тұрғындары суды тек жағымды жағынан
тілге тиек еткен. Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) хадисінде
суды зәмзәмға балайды. «Алладан қорық. Жақсылықтың
үлкен-кішісі болмайды. Су сұрап келген адамға ашық қабақ
танытып, шелегіне су құйып беріп, ізгілік жаса». Сахарада ар-
тық суын басқа жолаушылардан аяған адамдарды Алла қош
көрмейді, күнәларын кешірмейді. «Садақаның абзалы —
шөліркеген адамға су беру», т.т.
Үлкендер /бұл арада халық/ өсер жасты тіршіліктің көзі —
суды қастерлеуге баулыған. «Судың да сұрауы бар», «Су ішкен
ды. Туған даламыздың өзендері мен көлдері — бабаларымыздың
бізге тартқан сыйы. Туған жердің қадір-қасиетін, бабалар
өсиетін зерделейтін, ата қонысты қастер тұтатын ізбасар ұлан-
дар емес пе. Үйден ұзап шықпайтын елі сүйек болбырға не
шара?! «Атамекеніңді ардақта, қазақ екеніңді естен шығарма»
деп қанша айтсаң да, қаперіне алмайтын, құр ішкенге мәз, же-
генге тоқ ойсыз ыржалаққа кейігенде әкенің аузынан «су ми»
деген сөз шығып кетеді. Енді әлгі болбырақ көлеңкесінен
қорыққан ынжық боп шықса, амалсыздан «су жүрек» деп
түңіледі сыншыл қарттар. Әлпештеген ұлдың «су милығы» мен
«су жүректігі» былай қалып, езуінен шылым кетпей, көзі шыла-
уланып шегетінді шығарса, шайтанның зәріндей «тентек суға»
үйір боп шықса, ата-ананың соры қайнады дей беріңіз. Тас
бұлақтың мөлдірі, шыңыраудың тістен өткен қайнары тұрғанда,
жұлын-жүйкені тоздырып, қанды бұзатын, үлкендер «жынды су»
деп таңбалаған арақты неге ауызға апарады?! Құлқынын тыйма-
ғанға тоқтам бола ма деген үмітпен: «Ішкенің жынды су ғ о й , ба-
лам-ау, қайтсаңшы райдан!?» деп жалынбай ма әке мен шеше...
Отын
Қысқа дайындық отын-суды қамдаудан басталады. Қыс
жай келмейді, «қылышын сүйретіп» келеді. Жылдың төрт
мезгілінің өз ауыртпалығы бар. Жазда жазылсаң, қыста қысы-
ласың. Көктемнің көкөзек шағы мен қара қабақ салқын күздің
де қам-қарекеті жетерлік.
Біз сөз еткелі отырған отын түрлері өскіннен алынады.
Отынды тілге тиек еткенде оның түрлерін санамалап шығуды
мақсат етпейміз. Отынның тәрбиеге арқау болғанын, халқы-
мыздың күнкөріс тіршілігіне ықпал еткенін жас ұрпаққа ұқты-
ру. Отын оңайлықпен қазан қайнатпайды. Отын бейнетпен
жиылады. «Отынды шапқанға жаққыз» деудің мәнісі сол. Мал
ыңғайымен көшіп-қонып жүрген халқымыз жем отын түрлері:
көкпек, баялыш, ұшқат, тобылғы, қараған, жыңғылды кетпен-
шотпен шапқан ғой. Мұндай өскіннен дайындалған отынды
отқа жағу денсаулыққа пайдалы болған. Бүгінде жаппай ғасыр
сырқатына айналған демікпе, қышыма, тыныс жолдарының
ауыруы, аллергия тәрізді созылмалы сырқат баялыш пен
көкпекті, тобылғыны түтіндете жаққанда сап тыйылған. Де-
мек, жам отынның түтіні дертке дауа екен.
Отын дайындау жастарды пайдалы іске жұмылдырудың бір
тәсілі. Әдетте, отын шабумен еркектер айналысқан. Асар жа-
18
сап, көп болып қолға алған. Ауыл сыртында көкпек немесе ба-
ялыш, әйтпесе, басқа да отын түрлерін шауып жатқан
жігіттерге келіншектер мен қыздар сусын апарған. Бауырсақ
пісіріп апарған. Мұны қазақ ғұрпында «отын ақысы» деген.
Кешке қарай «Бел шешер» кәдесі жасалған. «Бел шешерге» ас
дайындалған. Ет асылып, шай қойылған. Соңы ән-жырға ұлас-
қан. Жеңгесі мен қайнысы, жігіт пен қыз сөз қағыстырған:
Дегенде шұбар тауық, шұбар тауық,
Беріп ем жеңешеме отын шауып.
Қармышы еңбегімнің қайтпай тұр-ау,
Етсеңіз нең кетеді бір түн сауы. —
деп қайнысы әндетсе, аузы епті келіншек те суырылып сала
береді:
Дегенде шұбар тауық, шұбар тауық,
Ол рас, қарық қылдың отын шауып.
Болады жарияның соңы әшкере,
Ер жігіт еппен келер ебін тауып...
Отын шабуға балалар да жұмылады. Шабылған отынды бір
жерге үйіп, түйеге артысады. Тайлақты бас білдіріп отын ар-
туға бастықтырады.
Отынның екінші бір түрі - тезек. Кәдімгі сиырдың жапа-
сы. Тезек теру де пайдалы іске жатады. Әдетге, тезекті әйелдер
жияды. Қыздар да тезек теруден шет қалмайды. Әпкелеріне
болысып, балалар да жүреді.
Тезек теру, бір жағы күнкөріс қамы, екінші кезекте бой
жазып, сейілдеудің сылтауы. Тезек тере шыққан қамкөңіл
әйел сағынышын басады тезек теру арқылы. Қазақ әйелі
көмпіс келеді, не көрмеген дейсің?! Халқымыздың небір ән-
жыры тезек тере шыққан төменетектілердің аузында жүрген.
Ескі кезеңдерді, кәне дәуірді былай қойғанда, Отан соғысы
аталған /1941-45 ж./ дүниежүзілік екінші соғыста майданнан
оралмаған боздақтар қаншама. Төрт бірдей баласы соғысқа
кетіп, майдан даласынан қайтпай қалған қыршындарының аза-
сы аздай-ақ, төрт бірдей жесір келіндерінің қылтың-сылтыңы-
на шыдай алмай, тезек тере шыққан ананың аңырап дауыс айт-
қан зар-наласы даланы басына көтергенде, адам тұрмақ, жер
теңселіп, жер беті ананың көз жасына малынып қалардай екен.
Сол аянышты жағдайды көзбен көрген ғой әке-шешелеріміз.
Соғыста төрт қыршыным бірдей өліп,
Азабын келіндердің көзбен көріп.
Тағдырдың салмағына шыдай алмай,
Мен жүрмін жоқтау айтып тезек теріп.
19
Біреуі боздағымның аман келіп,
Сүйінші сұраса ғой біреу келіп.
Қорлығын төрт жесірдің көргенімше,
Далада неге өлмеймін ажал келіп?!
Бесік тербетіп отырып та, тезек тере жүріп те қазақ
әйелдері халықтың мұң-зарын туған даласының құлағына
жеткізіп зар төккен. Балаларымыз жасық өседі деп, көз жаста-
рын көрсетпей тезек теріп жүріп оңашада жылап-жылап алған.
Жай жылап қана қоймай, азалы үнмен аңыраған. Атыс-ша-
быстан, табиғат амалының ойпаң-тойпаңынан зәрезап болған
қазақ әйелдері тезек тергенде де намысқа тырысқан. Көзінің
жасын абысын-ажындарына, балаларына көрсетуді ар көрген.
Еңдеше тезек тердім, тезек тердім,
Мал-жанды қырға шығып көзеп келдім.
Әйелге тезек терген көзін сатқан
Қайным-ау, бірі болдың желөкпенің, -
дегенде, сері жігіт:
Жорттым қызды ауылға белеңменен,
Өзің ғой ақ жеңеше, елеңдеген.
Қатынды тезек терген не қыламын,
Қабыңды көтерісіп келем деп ем... —
деп сөз ығытын тауып кетеді.
Тезек теруге байланысты жөн-жоралғы ежелгі әдебиет
үлгілерінде де кездеседі. Батыс Қазақстан өңірінде ғұмыр кеш-
кен Батақтың Сарысының мына өлең жолынан көп сырды
ұғуға болады. Тезек теру еркек пен әйелді табыстырудың сыл-
тауы саналған:
Басына шауып шықтым Айырықтың,
Қалқаның жүйрік желден жайын ұқтым.
Алтай жаз қыз көрмеген байғұс басым
Қатынға тезек терген қайырылыппын... —
деп әндеткен ғой Батақтың Сарысы.
Отынның ең қызулысы — қи. Қой-ешкінің құмалағынан
қалындап, күрек бойы болғанда, қорадан ойып шығарады.
Елуінші жылдардан бастап қи оюға қолғабыс бердік. Қиды өгіз
шанамен сыртқа тасиды. Қоян жон ғып ұзындата төгеді. Қи
саңғырап кепкенде, пешке қызу береді. Сары қиды қазандыққа
тықсыра қалағанда, оттың қызуы көтеріледі. Табамен қидың
шоғына көмген нан қызара бөртіп «мені же» деп тұрғандай бо-
20
лады. «Оттан /табадан/ алынған нандай» делінетін теңеу қызға
қарата айтылады. Жаңа піскен нандай қызара алаулаған бой-
жеткенге қызықпайтын жігіт бар ма?!
Қи ою ауылда өзінше бір науқан. Қорасының қиы қалың-
дап кеткен шопан /бүгінде фермер/ асар жасап, қишыларды
жұмылдырады. Қи оюды еңбек бәсекесіне айналдыратын жағ-
дайды да көрдік. Кім қиды көп ойса, соның бәсі молығады. Үй
иесі әлгі адамға сый-сияпат ұсынады. Ауылдық жерде қи
ойылғанда, міндетті түрде құрт езетін шешелеріміз. Жылы
шымшым құртты сіміргенде, шаршағанынды ұмытып, бойыңа
төтеннен қуат қосылғандай болады. Келіншектер, қыздар,
сары қарын бәйбішелер жұмыс киімін киіп алып, ойылған
қиды сыртқа өгіз шанамен таситын еді. Қи ойылып жатып та
әңгіме-дүкен қызады. Жігіт тұрып:
Дегенде бәске қойдым, бәске қойдым,
Ауылында қалқажанның қиын ойдым.
Мен ойған қи көтерер қауқары жоқ,
Бәсте озып, сары май қатқан құртқа тойдым, —
деп әндеткенде, қыз жеңгесі:
Дегенде оңал деймін, оңал деймін,
Өзіңдей ойған қиың добал деймін.
Қайным-ау, келешегін ойласаңшы,
Көтерткен қызға ауырлық обал деймін, —
деп әзілді қабындата түседі. Бүгінде фермерлер қораның
қалыңдап кеткен қиын трактормен күреп шығарады сыртқа.
Ондайды «өлі қорда» дейді, түкке аспай қалады. Халқымыз
үшін қи ою өзінше бір кәделі салтанатқа жатқызылған. Қи
ойып болған соң, «Бел жазар» кәдесі жасалған. Құрт, ірімшік,
ет жеп, соңы көңіл көтеруге, әзіл-қалжыңға ұласқан.
Бүгінде бәрі оңайлады. Электр пеш, газ пеш тұрмысымызға
енді. Жақсы-ақ, кері әсері де бар. Газ тыныс жолын зақымдай-
ды. Электр пеш үйдің ауасын құрғатып жібереді. Құрғақ ауа
өкпенің қалыпты жұмыс істеуіне кері әсерін тигізеді. Қидың,
жам отынның түтіні емге таптырмайды. Микробты жойып,
көкіректі ашады. Көз ауруларын болдырмауға септеседі.
Қазақта «түтін түтету» деген жақсы сөз бар. Әке мен
шешенің жағып кеткен отын сөндірмей, ел қатарлы үй болу-
ды осылай атайды. Түтін түтету — пешке, ошаққа от жағумен
тынбайды. Оның мағынасы әріде. Үйлі-баранды болған жас
отау иесіне отын мен пештен басқа да бойларына жылу
беретін нәрсе — татулық. Жан жарасымы, жүрек үйлесімі ке-
21
|