Заман аумалы-төкпелі. Тыншу кезең, ұзаса — елу-алпыс жыл.
Тіршіліктің мәні қозғалыста. Қозғалыс бар жерде аударыс-
төңкеріс болады. Өйтпесе іркінді судай тіршіліктен мән кетеді.
Ерте замандардан келе жатқан «Жер жады» деген сөз бар.
Осының мәнісі неде? Айрықша сезімтал, жер қасиетін бағалай
білетін, туған топырағының қасиетін бойына сіңіріп, содан
жүрегін қуаттандыратын жандар қара қордасынан кіндігін үзіп
кетсе, құсадан дертке шалдығып, жайы кетеді екен. Ондайлар
батыр болса, туған жері үшін жанын пида еткен, ақын болса,
зарлы өлең туындатқан. Жай ғана қарапайым адамдар жат
тұраққа көндіге алмай, туған даласының тау-тасын далдалап,
тағылықпен өткізген ғұмырының денін. Қар адамдары жер жа-
дыға ұшырағандар болуы кәдік.
Бүгінде жер жадылық сырқатына шалдыққандар арагідік
ұшырасады. Әсіресе, өнер мен әдебиетте терең байқалады. Зар
заман ақындары Шортанбай, Бұқар жырау, Ақтамберді, Ду-
латтар жер жадылық дертке шалдыққандар. Қазақ даласы не
көрмеді дейсің!
Одан бергі кезендерде туған ел, өскен жер үшін нендей
қасірет өтпеген қазақ халқының басынан. Қазақ даласына көз
алартқан дұшпан аз болмаған. Қалмақ шапқыншылығын той-
тарып, енді-енді ес жия бастағанда, қара шекпенділер, кержақ-
тар қаптады. Қазақтың соңғы ханы Кенесары орыс отарлау-
шыларымен он жыл шайқасты. Сол жолда мерт болды. Ресей
империясының билеушілері ойып-ойып жерді алды, отарлап
елді алды. Би-болыстарды шен-шекпенге дәніктірген патша
үкіметі қара халықты құнарлы жерден айырды. Ұлтжанды,
бұқарашыл ақын Мағжан: «Айрылып марал, киік елігінен,
Кекшенің тас жүрегі жаралы да...» — деп тегін жырламаған.
10
Жер жадылық - тәтті дерт. Сағынышқа түрткі, мұңға се-
бепкер. Адам баласы сағыныш пен мұңнан айырылған жерде
бәрінен де айырылмақшы. Кіндік қаның тамған қара қорданы,
ауылыңды сағынудың өзі бір ғанибет. Мұңға батып, туған да-
лаңды көз алдыңнан өткізгенде сені бір шабыт қыспай ма.
Сонда жыр шумақтары төгіледі ақ қағазға. Ақындықтың керек
жері осы тұс. Бүгінгілер даланың ұлылығын сезіне ме? Жер
қасиетін мойындап, туған даласына тәңірдей табына ма? Элек-
тронды құралдармен жаппай әуестену, компьютермен шұғыл-
дану — өмір талабы. Онсыз ісің оңғарылмайды. Табиғат сыры-
на үңіліп, оның тілін біліп, тереңіне бойлау бәрінен де абзал.
Табиғаттың сұлулығын жалаң қызықтау — құрғақ әсіре. Оны
сүйе білу керек. Дала жүрегінің дүрсіліне құлақ тосқанда,
тілмен айтып жеткізгісіз сырға қанығасың. Өзіңнің ет жүректі
адам екеніңді анық сезініп, жан дүниеңді даланың сары сама-
лы желпиді. Бұлақтың сылқ-сылқ күлкісі, көк кұрақтың сыб-
дыры, жалбыздың хош исі көкірегіңе құйылып, жан дүниең
жуған шыттай өңейіп жасаңсиды.
Ойлан, дос! Сен көріп жатқан игіліктердің бәрі жердің
өнімі. Жерден алынған. Жаратушы жалғыз Алла жердің бар
байлығын саған бұйыртқан. Адамдарға еншілеп берген. Біле
білсең, табиғат сенің екінші анаң. Табиғаттан кіндігін үзгендер
ана көрмей жетім өскен бала сықылды. Ондай жандардың
жүрегінде мейірім аздау келеді. Ізгіліктен тыс қалады.
Жас дос! Артық кетсем кешіргін. Табиғатты, туған дала-
сын — атамекенін ардақтаған жанның екі дүниеде жүзі жарық
болады. Оның мәнісі — арың таза, адамшылық қасиетің артады
дегендік.
Шындық-Алладан соң табиғат. Төңкерілген көк аспан,
жымың-жымың еткен жұлдыздар, Ай мен Күн, жер бетіндегі
жанды-жансыз — бәрі-бәрі жаратылыс байлығы.
Бабаларымыздың табиғатқа қатынасы қандай болған?
Адам да табиғаттың бөлшегі. Құранда айтылады, адам топы-
рақтан жаралған. Әдемі қисын. Жұмыр бастылар, біздер таби-
ғаттан шыққанбыз. Соның кең құрсағының өнігіміз. Осыған
қарапайым дәлелді мына бір қисыннан табамыз. Үлкендер:
«Табиғаты таза», - дейді қылаусыз адал адамды. Шынайы
шыншыл пенденің табиғаты, ішкі дүниесі, жан сарайы таза бо-
лады. Ондай пәк кісі не болса соған ұрынбай, өзін табиғаттай
таза ұстайды. Харам астан жиіркенгенде, біреуден біреу бой
тартқанда: «Табиғатым тартпайды, жүрегім қаламайды соны»,
- деп адалын айтады. Мұнда кең ұғым, терең астар бар.
Жүрегіңді кір шалса, адами қасиетіңе көлеңке түседі. Жүрек
11
Достарыңызбен бөлісу: