Бәйбіше
Үлкен әйелді «бәйбіше» деп дәрежелеген. Кіші әйелді «то-
қал» дейді. Орта жастағы әйелді де бәйбіше деп атаған. Жасы
үлкен егде еркектің әйелін «келіншек» деу орынсыз. Жұмсар-
тып «бәйбіше» дейді.
Әйелдер бір-біріне бәйбіше демейді. Ер-азаматтар айтады.
Мұндай атау, көбінесе, үлкендердің аузынан шығады. Жас
адамның әйелге қарап бәйбіше дегені құлаққа сөкет естіледі,
ерсі көрінеді.
Үлкендер, сыншыл қарттар екінің біріне олай деп айтпа-
ған. Сабырлы, салиқалы, етек-жеңі кең, қолы берекелі,
мінезді, ақылды да аңғарымды әйелді ауыз толтырып Бәйбіше
дейді. Бәйбішелер бірінші кезекте, әулеттің, ауыл-аймақтың
қамын ойлайтын көпшіл болып келеді. Олар бір әулеттің «ай-
қай апасы» дәрежесіне жеткен. Бүгінде «бәйбіше» атауы
көнеріп сөздік қорымыздан шығып қалудың аз-ақ алдында
тұр.
Арғын ұлысына жататын Қуандықтан тарайтын Қара-То-
қадан Бесім туған. Бесім екі әйел алған. Бәйбішесі Бетей
күйеуіне жайлы, шаруаға епті, балажан әйел болса керек. Со-
ған қоса, адуын өр болыпты. Домаланған шарқылау әйел екен,
шаруақор пысық болған. Күйеуін күндесі — Бесімнің кіші
әйелі Дәулетбикеден сұмдық қызғанған деседі. Бәйбішесі
Бесімді қасынан ұзатпайды білем. Күйеуін кезегін сақтау
тәртібінен де жаңылдырған. Бесім жалшыларына: «Ел ұйқыға
кетісімен қойды үркітіп, аттандап жау шаптыды жар салың-
дар», — деп тапсырып қояды екен. Қотандағы қой үркіп, ит
үріп, дала азан-қазан болып жатқанда малсақ бәйбіше күйеуін
тастай беріп, тысқа ұмтылмай ма. Кіші әйеліне үздігіп жатқан
отағасы алас-күлесті пайдаланып іргелес үйдегі Дәулетбикенің
275
жанына барып жата қалады екен. Бұл әңгімеден Бөтей
бәйбішенің күйеуіне берілген ержандылығын әрі әулетке
ұйтқы малсақ болғандығын байқаймыз. Мұндай шаруақорлық
бәйбішеге тән қасиет. Ондай әйелді ауыл-аймақ мінезіне,
өрлігіне, балажандығына қарата «Ақ бәйбіше» деп көтер-
мелейді.
Ақ бәйбішелер бүгін де баршылық. Қазақ ұлысына тән
әдемі атау - бәйбішені түрлендіріп, жаңа заманға сәйкес-
тендірсе, шіркін! Озат ұстаздарды, тәлімгерлерді, аналық
міндетін адал атқаратын, отбасына ұйтқы бола білген, аймаққа
танымал аналарды «Ақ бәйбіше» атағымен көтермелесе, ұлтқа
мерей емес пе?! Аналық міндетіне жүрдім-бардым қарайтын,
күйеуін сыйлай білмейтін, келіндеріне тынышсыз әйелдерге
ықпал етіп, ой салар еді.
Күндес
Адам баласына берілетін ғұмыр тым қысқа. Сол қысқа
ғұмырда тіршілік амалы сені әр толқынға ұрындырады. Бір са-
рынды бейбіт ғұмыр кешу мүмкін емес. Бақталастық,
бәсекелестік, күншілдік - пендеге тән. Көре алмау, сұқтану,
қызғану деген тағы бар. Бұлар адамға тән мінез ауытқулары.
Ақжүрек періште болуды Алла бізге жазбаған. Абай
күндестікті ортақ ұғымда қарастырып: «Күндестігін қоздырып,
азапқа қалма езбеден», — дейді. Езбеміз кәдімгі күншілдер.
Оларға күндестік тән. «Ақылынды күндеген, ішінен күйсін
дұшпаның» деп ұлы жырау Жамбыл да күндестікті өлеңге қос-
қан. Көре алмайтындар, керек десеңіз, ақылынды да күндейді
екен.
Арғы-бергі әдебиетке зер салғанда, бір адамның алған
әйелдері бір-біріне күндес болған. «Күндестің күлі де күндес»
деген сөз содан шыққан. Бұған қарағанда, бір үйдегі екеуінің
ымыраласып тату-тәтті өмір сүруі екіталай. Бәрі бірдей
сөйтпеген де шығар. Есті әйелдер бір-бірін түсіністікпен сый-
лай білген. Осалдықтарын мінезге сыйдырған. Өзіміз тілге
тиек еткен Бөтей бәйбішенің күндестігі мінезінің кесектігіне
жатады. Зиянсыз қызғаныш. Бөтейді келіндері «Енең» деген.
Бәтейден тарағаңдар «енең Тоқасы» атанған. Соған қарағанда
Бәтей бәйбіше мінезді әйел болған ғой. Шежірелік аңызда мы-
надай бір дерек бар: Қара Тоқаның баласы Бесім Ташкент
үшін болған шайқасқа қатысқанда қалмақ қызын олжалаған
көрінеді. Енді бір аңызда кәдімгі опасыз хан Тұрсынның үш
қызының бірі екен делінсе, тағы бір деректе Тұрсын ханның
276
қоластындағы Қатаған ұлысының бектерінің қызы еді делінеді.
Шежіреде «үш қыз» деп айтады. Соған қарағанда, Тұрсын хан-
ның қыздары болуға тиіс. Үшеуін бірдей Қаракесек Шаншар
батыр (Қаз дауысты Қазыбек бидің үлкен әкесі) олжалапты
деген дерек бар. Нұрбикесін Шаншар, Күнбикесін Атығай ру-
ының бір батыры, Дәулетбикені Қара Тоқаның Бесімі алған
көрінеді.
Дәулетбике ақылды да сұлу әйел болса керек. Бөтейдің
күндесіне өлердей өш болғаны содан шығар. Әдетте жаңа
жұртқа көшіп шаңырақ көтерілгенде, алғашқы уықты үлкен
үйдің бәйбішесі шаншады. Домаланған Бөтей енеңнің қарымы
жетпеген соң, күндесі Дәулетбикені отырғызып қойып, соның
иығына шығып шаншады екен уықты. Бір жолы Бесім жорық-
та жүргенде күндесін ескі жұртқа тастап та кетіпті дейді.
Бірде ауылда Бесім жоқ кезде қалмақтың барымташылары
қалың жылқыны айдай жөнеледі. Жау жұртта қалған Дәулет-
бикеге жолығып, жай-жапсарын білген соң: «Тиісті үлесіңді
алып қал, қолынды қақпаймыз», - дейді. Дәулетбике өз қөлы-
мен Бүйір айғырды ұстап алып қалады. Қаба жал құтпан айғыр
мейілінше үнді, кісінегенде даусы күншілік жерден естіледі
екен. Айғырдың арқыраған даусын құлақтары шалғанда,
қалың жылқы төңкеріле ұйытқып, кері қашады. Жау әрі
қуады, жылқы бері серпіледі. Осылайша, қалмақтар алашап-
қын болып әуреленіп жүргенде, арттан қуғыншы жетіп, жылқ-
ыны жаудан айырып қалады. Дәулетбике осал болмаған. Осал
әйел болса ру атын иелене ме?! Дәулетбикеден тараған Айтқо-
жа, Сатыпалды, Барғана балалары аналарының атымен Дәу-
летбике Тоқасы атанып кеткен. Дәулетбике тоқасынан игі
жақсылар көп шыққан. Солардың бірегейі Телғозының Шоңы
(1827-1901 ж.ж.). Өзі орысша оқыған, сауатты. Әрі логикасы
берік ақылман. Осы еңбектің әр жерінде Шоңның
шешендігінен мысал келтірілді. Шоң екі әйел алудан қашқан.
Бір әйелі Әйімкүлді сүйіп өткен. Осынысын замандастары мін
қылған. Әйімкүл өліп, төсек жаңғыртуға ниет еткенде ме, әлде
қызы Үрқияны ұзатқанда ма, Шоңның сөзін ұстанатын тарақ-
ты Бек шешен айтты деген бір сөз бар ел ішінде.
— Бұл Шоңның несін дәріптейді, екі әйел алуға шамасы
жетпеген бе?! — деп тұрғыластарының бірі сөзбен шалғанда,
тарақты Бек шешен тұрып:
— Екі әйел алып сатпақ болғанша, бір әйел алып аппақ бо-
лайын дегені ғой, - депті. Сол сөз күні бүгінге дейін ел аузында.
Ислам дінінде төрт әйелге дейін алуға рұқсат етілген. Бұл
рәсім әйел құқығын аяқ асты етуден туындамаған. Тіршілік
277
амалынан қалыптасқан қажеттілік. Табиғаты қатал өңірді ме-
кен еткен арабтар зобалаңды басынан көп өткерген. Ерте кезең-
дерде ауыр азап жүгін негізінен ер-азаматтар көтерген. Соғыста
алғы шепте жүретін еркек адамдар, табиғат апатына бірінші бо-
лып қарсы тұратын, кұрбан болатын да ерлер. Бала жетім, әйел-
дер жесір қалған. Міне, осындай тіршілік амалынан екі-үш әйел
алу қажеттілігі туындаған. Шыбығы сыздағандықтан емес. Қор-
ғансыз жетім мен жесірді қанатының астына алып, қамқорлық
жасау ер-азаматтарға бұлжымас міңдет саналған.
Қазақ халқы да ежелден көшпелі өмір салтын ұстанған ел.
Мал тұяғына ілеспесе, күн көрісі қиындап сала береді. Жыл-
дың төрт мезгіліне бейімделіп, ауа райының мінезіне орайла-
сып, қыс мезгілінде қыстаудың, көктемде көктеудің, жаз жай-
лаудың, күз күзеудің тәртібін сақтаған. Табиғаттың төрт
мезгілінің мінезі бабаларымыздың бойына жұққан. Қыстай
қаһарлы, көктемдей жадыраңқы, жаздай жайсаң, күздей ойлы
болатыны осы себептен.
Қазақ елі — қай ғасырда да атыс-шабыс, жаугершіліктен
көз ашпаған ел. Екінің бірі - жесір, екінің бірі - жетім.
Мұндай жағдайда не істеу керек? Жесірін кім көрінгеннің ма-
зағына ұшыратып, жетімін құлдыққа сату керек пе? Онда
несіне ел болғаны? Қазақта Абайдан ақылы асқан жан жоқ.
Сол ойшыл хакімнің өзі бабалардан қалған әмеңгерлік салты-
нан аса алмаған. Туған інісі Оспанның шаңырағына ие болып,
інісінен қалған үш әйелдің біреуі Еркежанды некелеп алған.
Күндестікті қоздырып, қызғанышқа берілген Әйгерімнің
Абайдан салқындап кеткені мәлім. Ақынның жарға, отбасына
байланысты насихаттық өлендерінің дені салқындық танытқан
жарына қарата жазылған. Қазақ салтында «іні өлсе — аға мұра,
аға өлсе - іні мұра» деген қатаң қағида қай кезеңде де бұлжы-
май орыңдалған. Мұндай жораның тәрбиелік мәнінің қайтары-
мы мол. «Жақсыны жатқа қимас болар» деген тұжырыммен
бекітеді әмеңгерлікті. Таза моральдық тұрғыдан келгенде де, екі
әйел алу кешірімді. Ислам дінінде оған рұқсат берілген. Ал
некені бұзу - зор күнө. Біреудің некелі жарына көз салу - ша-
риғат заңына қайшы, мұсылмандыққа жат. Ондай «ұя бұзар-
дың» оқыған намазы, ұстаған оразасы, тәубасы зая кетеді. Пайғ-
амбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) тоғыз әйелмен некелескен. Ислам
дініне қарсылар соны мін қылып көрсетуге тырысады. Христиан
дініндегілер көп әйел алуды ерсілікке жатқызады. Арсыздық,
ождансыздық деп біледі. Сөйте тұра, өзгенің әйеліне көз салған-
дар діни тұрғыдан әшкереленбейді. Оны кешірімді деп санайды.
Ашық айтпаса да, сыртынан бүркемелеп тастайды.
278
Әйелқұмар еркек талайдың етегін көтереді. Зинақор «қызыл
бет» еркек талғамайды. Исламда некелескен жұбайыңмен ғана
бол, өзгенің жарына көз салма деп үгіттейді. Пайғамбар
хадисінде: «Кімде-кім ері сапарға кеткен әйелмен зина (ойнас)
жасаса, қияметте оны жылан шағып азаптайды», —делінген.
Қазақ ғұрпында тоқтасқан бәйбішелер еріне рұқсат беріп
тоқал алдырған жағдайлар кезігеді. Баладан тоқтап қалған, са-
ушылығы болмаған әйелдер күйеуіне өздері қарастырған бола-
шақ күндесін. Күндестікті ушықтырып, отбасының берекесін
кетіру қазақ әйеліне жараспайтын қылық. Әйелдік осалдыққа
жол беру мін саналған.
Балдыз
Жезде мен балдыздың ара қатынасы сыйластыққа құры-
луға тиісті. Ақындар балдыздарына ойнақы жыр арнаған.
«Қарға аунаған түлкідей құлпырасың балдызым». Қандай әсем
теңеу десеңізші!.. Дегенмен, әсте-әсте жібі босаң балдыз,
құмарпаз жезде ауыл-аймаққа әшкере болып, сүйкімі кеткен.
Қыз байға өтпей, жезде жарынан суынып, шаңырағын шай-
қалтып алады.
Рас, апасы күйеуіне сіңлісін алып беретін жағдайлар да
кездескен. Екі жақтың келісімі болса, сөкеттігі жоқ. «Ақыл —
ауыздан, мерей - көзден» дейді мұндай келісімді. Қазақта апа-
сы өзінің сіңлісін күйеуіне қосқан жағдайлар да кезігеді. Баба-
ларымыз әуел бастан әйел затын құрмет тұтқан. Бір еңбектен
оқығаным бар: «қазақтар қатын ұрғыш» деген ұшқары пікірді.
Бар ғұмыры ат үстінде жаугершілікпен өткен бабаларымыз от-
басын, шаңырақты бәйбішелеріне сеніп тапсырған. Қойнын-
дағы қосағын, балдызын, қызын, қарындасын, әпкесін, анасын
ардақтамаса, ел болып еңсесін биіктете алмас еді. Кәдімгі көне
әнұран «Елім-ай» әуенін әу баста бесік тербетіп отырған ана-
лар шығарып, халыққа таралып кеткен ғой. Не қилы зар, жоқ-
тау қазақ әйелдерінің көкірегінен өксіп шыққан. Ұлының уыт-
ты болып, қызының қылықты болып өсуіне, әулеттің келін-
кепшік, ұландарының дені сау, көргінді болуына бүтін ғұмы-
рын арнаған қазақ әйелдері қандай асқақ мақтауға да лайық-
ты. Жезделерінің әдеп шекарасынан өте алмай дымы құрып,
балдыздарына құрғақ әзіл айтып қана тынуы ата-бабамыздан
үзілмей келе жатқан дәстүрлі сыйластық.
«Еруліге қарулы» балдыздар да (әйелінің інісі де балдыз са-
налады) жақсы көретін жездесін жау қолында қалдырмаған.
Қысылшаң-қысталаңда, басына іс түскенде, қайғы бұлтына
279
қамалғанда, балдыздар сүйеніш бола білген жездесіне. Соған
бір дәлелді шежіреден суыртпақтайық.
Арғынның Мейрамсопысынан тарайтын Қуандықтың бір
бұтағы Алтайға жататын Мойыннан (шешелерінің аты солай
болған) туған Әлібектің Аралбайы (заманында ат арқасынан
түспеген батыр болған) ұрпақ үшін дау-дамайды басынан көп
өткеріпті. Ұрпақ өрбітпесе тұқымы құрып кетпей ме бар қазақ-
тың. Содан да Аралбай тұтас бір рудың ұранына айналып, күні
бүгінге дейін есімі ел аузынан түспей келе жатыр. Аралбайдың
(Қаракесекте де Аралбай руы бар) үлкен әйелі Айсадан — Жо-
ламан, Құттыбай, екінші әйелі Кежектен — Өмір мен Темір
(Осы жолдардың авторы Өмірден тараған Аралбайларға жиен),
үшінші әйелі Таңсұлудан — Бабық, Жабық, Бәйтелі (Бәйтелі ба-
лаларын Жәнекең дейді), Байтоқа, Жабағы туған.
(Шежіре дерегі осы атаның білікті ақсақалы Тілеу Жәкен-
ұлының айтуы бойынша қағазға түсті).
Бұл шежірелік баянды жазбамызға кірістіріп отырғаны-
мыздың түбірлі себебі бар. Кежек өлген соң (сірә, үлкен әйелі
Айса қайтыс болса керек) Аралбай балдызы Таңсұлуды
әйелдікке алған. Кәдімгі, Алтай әулетіне қошқардай-қошқар-
дай бес ұл тауып берген —Таңсұлу!
Таңсұлу Кіші жүз тама мен алшынның бір атақты байы-
ның қызы екен. Алдында алты ағасы бар бұлғақтаған сұлуды
кәрі жезде сұрай келіпті. Мұның айып-шамы жоқ қазақ
ғұрпында. Сіңлісінің апаның орнын басуы дәстүрге сыйымды.
Жездесінің басы бос балдызға құдай әмірімен (бәйбішесі қай-
тыс болып) сөз салуы сөкет емес.
Кәрі шөңге Аралбайдың аққудың көгілдіріндей Таңсұлуды
құшуға құмартып жүргенін шам көріп, намысқа ерік берген
қыздың алты ағасы шал жезделеріне қырыс қабақ танытып,
жөндерін білдіре қоймапты. Үлкендер жағы Таңсұлудың өзі
білсін деген ғой. Мезгіл күздің шығысы, қыстың кірісі болса
керек. Ол заманда қазақтар киіз үйде қыстай беретін-ді. Кәрі
күйеу, шал жезде екі қолын төбесіне қойып, қақ төрде шалқа-
сынан түсіп жатып алады. Нөкерлерін шұбыртпай, жалғыз өзі
жіңішкелеп келген жайы бар еді. Ондағысы, қайын жұртын
өзімсінгені. Меселімді қайтармас, әпкелерінің орнын сыйлар
деген емексі үміт те бар-тын кәрі шөңгенің көңіліңде. Апасы-
ның тірі кезінде жездесіне әкесіндей еркелейтін шолжаң қыз-
дың да қабағы түсіңкі. Қайын жұрттың жақсылары Аралбайға
іштартқанымен, жастар жағы жезделерін жатырқап, кәрі бура-
дай көріп осқырына берсе керек. «Қарай көр мұның басынға-
нын» дейтіндей ме?
280
Таңсұлудың ішкі пікірі өзіңде. Жеңгесі екеуі Аралбай жат-
қан үйдің есігінен сығалаған ғой. Кәрі қонақ терең ұйқыда жат-
са керек. Оттан жаңа ғана түсірген қара қазанша буы аспанға
шығып, ашық қалған жүндес төсінің қырауытқанын да елең
қылмай, шалқайып тәтті ұйқыда жатқанын көріп таңғалысыпты
жеңгесі мен қайын сіңлісі. Тәжірибелі жеңге: «Еркем, мына шал
тақияңа тар келмес», - депті өзімсінген ыңғайда. - Назасына
қалма. Бағың байланып қалып жүрер, —деп және ескерткен ғой.
Есті жеңгенің сөзі қамшы болды ма, әйтпесе, жездесін
аяды ма, марқұм әпкесінің артын жоқтатаайын деген естияр-
лық па, Таңсұлу: «Менің бағымды байламаңдар, осы шалдың
етегінен ұстаймын», — деп отырып алыпты аға-жеңгелеріне.
Қарындасына өкпелеген ағалары Таңсұлуды бір жаман атқа
мінгізіп, жездесіне ертіп жіберіпті амалсыздан. Бір аңызда
алты ағасы сойылшылдарды жұмсаған дейді қызды Аралбай-
дан тартып алып қалыңдар деп. Аралбай жолдан тосқандардың
өздерін сойылға жығып, аттан аударып кеткен дейді.
Ай өтеді, жыл өтеді. Қыздың алты ағасы қарындасы Таңсұ-
луды іздеп келгенде, өкпелі қарындасы жөндеп қонақасы бере
қоймапты. Сонда Аралбай тұрып: «Бұлар сен екеумізге емес,
жиендеріне келді ғой», — деп жұмсартқан екен әйелінің ағала-
рынан қалған көңілін.
Таңсұлудан туғандар «бес бөрі» атанған. Бәйтелісі қаһары-
нан жұрт қаймыққан батыр болған. Байтоқа - темір жақ
шешеннің нақ өзі. Немерелес туысы Бекшенің (Аралбай, Бек-
ше бір туған) Байдалысымен (атақты Байдалы шешен) дауға
бірге түседі екен. Дау-дамайда сөзді алдымен Байтоқа алады
екен. Қызба, тілмар Байтоқа бір сөйлесе жеріне жеткізбей тоқ-
тамайды екен. Сөйлегенде шабттанып, қозғалақтап отыратын
әдеті болса керек. Сонысын жақсы білетін Байдалы Байтоқа
сөз алғанда шынтағын ағасының тізесіне тіреп отырған. Тым
қызынып, шектен асып бара жатқанда: «Дат, Байтоқа!» -де п
қалатын көрінеді. Кейін Байтоқа шешен билік айтудан
шектеліп: «Байдалы тұрғанда сөйлемеймін», — деп інісіне жол
беріпті. Байтоқа балаларынан игі жақсылар көп шыққан. Қос
бөрі атанған Өтебай мен Қосыбай заманында ел билеген.
Бұлардың балалары да шеттерінен қасқыр болыпты. Осы
еңбектің әр тұсында есімі аталып өткен Кесірлі Кеттебек те
осы атадан шыққан. Құтжан қажы да кесек мінезді адам бо-
лыпты. Ол да заманында тұстастарына теңдік бере қоймаған.
Атақты күйші Сайдалы сары Тоқа бір отырыста Құтжан
қажыны қағытып: «Енсіз көк дейміз бе, иесіз көк дейміз бе?» —
деп тұспалдаған ғой. «Иесіз көк» дегені — «малыңа ие болатын ба-
281
лаң жоқ» дегені. Күйші Тоқаның сөзіне назаланған Құтжан қажы
тарақты Байғозы батырдың Шегірінен туған қызды тоқалдыққа
алады. Шегірдің қызы бірінен соң бірі Иманмұса мен Әлімұса
атты екі ұл табады. Үлкені шыр етіп жерге түсісімен Сайдалы
сары Тоқадан сүйінші сұратыпты. Мәрт күйші сүйіншісіне тақы-
мындағы күрең жорғасын түсіп беріпті. Кейін күйші тұстасы
Құтжанға «Мен ол сөзді саған ой салайын деп айтқан едім» депті.
Құтжан қажы заманында атқа мінген. Болыс болып ел би-
леген. Ұлықтарға жақпай қалып жер аударылатын болған кез-
де замандасы тоқа Шоң (атақты Телғозының Шоңы) Құтжан-
ды өзінің қарамағына алып, мекені Қараағаштың бір пұшпағы-
нан қоныс беріп, оны бір-екі жыл қанатының астына алады.
Заңның құрығынан алыстап, жағдайы түзеліп, есін жиған ол
Шоңның өзіне түрткі салып, үстінен арыз түсірген дейді.
Қ ұ тжанны ң мінезіне налыған Ш о ң алыстан астарлап
сөйлейтін әдетіне басып: «Орыста — жебірей (еврей), қазақта —
Аралбай. Аралбайдың ал тіліне нанба, алтын берсе де алма»
деген екен. Құтжанның әрекетіне бола Аралбай ата балаларын
оңдырмай мінездеген. Телғозының Шоңынан қалған сол ас-
тарлы сөз күні бүгінге дейін Аралбай атаға ілесіп жүр.
Айтса айтқандай, Аралбай балалары шетінен пысық, шешен,
сөзшен келеді. Әдебиетші һәм тәржімашы Ісләм Жарылғапов
осы атадан шыққан. Ісләмнің сөйлегенде таңдайынан шаң шыға-
тын еді. Мейлінше шешен, тілмар болатын. Өлең де жазатын.
Қазақтың қара сөзіне көркем аударма арқылы олжа салған Жа-
рылғаповтың әдеби мұраларын кәдеге жарату келешек ұрпақ
еншісіңде. Жазушы Әзілхан Нұршайықовтың өмірбаяндық рома-
нында Ісләмнің шешеңдігіне байланысты мына бір жай мысал
ретінде келтірілген: «Қазақ әдебиеті» газетіне Әзілхан Нұршайы-
қов бас редактор болып бекігенде (1960 ж.) Ісләм Жарылғапов:
«Сен іске емес, істікке отырдың», — депті. Айтқаны айдай келіп,
редакторлық орында көп отыра алмапты.
Таңсұлудың бес бөрісінен тараған ұрпақтар бір қыдыру.
Белгілі жазушы Алдан Смайыл да осы атадан. Бабық-Жабық-
тың бірінен. Айтыскер ақын Аманжол Әлтаев та осы атадан
тарайды. Әдебиетші ғалым Балтабай Әбдіғазиев, ауыл шаруа-
шылығы саласының үлкен білгірі, ғалымдар Зейнулла Ысқақов
пен Еламан Шаханов, спорт жүлдыздары ағайынды Ғалым,
Ғазым Жарылғаповтар Аралбай ұлысының тумалары. Абылай
ханның қамқа тоны сақталған шаңырақтың басиесі, осы ата-
ның білгірі Сәтжанов Хамзе де аталы сөзге жетік.
Қ аза қ прозасына олжа салған айтулы қаламгер Асан
Жұмаділдин мен Бұкпа Әшімов Аралбайдың Өмір бұтағынан
282
шыққан. Қаламы желісті жорналшы Сейфолла Оспановты,
Битабар балуанды Аралбай баба ұрпақтары ұмытпақшы емес.
Таңсұлудан туған ұрпақ, барша Аралбай ұлысы Жаңаарқа
өңірінде тамыр жайған. Биыл бұл ата ұрпақтары Аралбай баба-
сына ас берді. Аралбай заманында айтулы батыр болған. Мәселе
шежіре таратуда емес. Есті балдыз Таңсұлудың жездесі Арал-
байды кәрісінбей жар болуында. Таңсұлу анаға арнап кітап
жазу, ескерткіш орнату ұрпақтарына аманат. Халқымыз жезде
мен балдыздың қарым-қатынасына, сыйластығына айрықша
мән берген. «Жезденің ең жақыны әкеңдей» деген тұжырым
күні бүгін ел аузында сақталған. Осы анықтаманың өңі айналып
кеткен тәрізді. «Әкенің жақындығы жездедей-ақ» деу тым ұшқа-
ры пікір. Туған әкені қай бала жездесінен кем санаған?! Дұры-
сы: «Жақсы жезде — әкеңдей». Жездені әкеден асырып жіберу
ерсілікке жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |