Апа-апатай
Қазаққа бауырымды орнықтырған қыз бейбақ емес пе.
Сағынып көріскенде, аға мен інісін «бауырым-ай» дейтін, жоқ-
тағанда «бауырым-ау» деп сұңқылдайтын тағы солар. Қазақ
әйелдерінің жүрегі жұмсақ, бауырмал келеді. Сағыныш пен
мұң да солардың жүрегіне орнайды. Қуаныш пен қайғы да
қазақ әйелдерін басымдайды. Қазақ әйелдерінің туысқа деген
бауырмалдығы өлшеусіз. Тақырыптан ауытқымас үшін апаға
тоқталайық. Қазақ халқына тән қасиеттердің бірі - бауырмал-
дық. Бабаларымыз әу бастан жақыны үшін жанын аямаған.
Бізді ел қылып ұйыстырған осы қандастық қасиетіміз. Жеті
атаға дейін қыз алыспауды берік ұстануымыз — ағайын арасы
алыстап кетпесін деген сақтықтың амалы. Осының айқын
дәлеліндей туыстық атауларымыз молынан. Өзіміз өрбіткелі
отырған «апа» атауының өзі бірқыдыру. Санамалағанда -
әпке, апатай, тәте, тәтетай делініп түрленіп кете береді.
Арғын ішінде Мейрам - одан Қуандық, одан Қарпық, одан
Тоқа туады. Қара Тоқадан Жасыбай тарайды. Одан Мырзамбет
пен Қалмамбет туады. Жасыбай соғыста шейіт кетіп, екі баласы
жетім қалады. Дәметкер деген қызы ұзатылған. Қос жетімек
Мырзамбет пен Қалмамбет бақалшы саудагерге ілесіп кете ба-
рады. Барған жерінде өзбектің бір байына жалданып күн
кешеді. Екеуінің апасы Дәметкер Арқаға келген саудагерлердің
біріне камзолын беріп жібереді. «Осыны дүкеніңнің төріне іліп
қой, бауырларым апаларының жеңсізін тануға тиіс» дейді сауда-
герге. Екі баланың (анығында хабарсыз кеткен) жездесі Үмбет-
283
пай бақалшы саудагерлерді: «Балдыздарымды тауып берсеңдер,
сүйіншіге қарық қыламын», - деп дәмелендіріп қояды. Соны-
мен, күндердің күнінде дүкенге бас сұққан екі баланың қамзол-
ға көздері түседі. Қамзолдан көз айырмай бір-бірін түрткілейді.
Бақалшыдан «Жеңсіз кімдікі?» деп сұрайды. Бақалшы қамзол-
дың бұл жаққа қалай келгенін түсіндіріп береді.
Содан бақалшы Арқадағы елге барып, қуанышты хабарды
жеткізеді. Сүйіншіге Үмбетпай бір айғыр үйір жылқы айдатып,
көштің бетін оңтүстікке бағыттайды. Апасы мен жездесі қос
жетімекпен шұрқырасып табысады. Екеуін бауырларына ба-
сып өсіріп, ер жеткізеді. Мал-малдандырып, жан-жанданды-
рып, ел қатарына қосады. Дәметкер күйеуі Үмбетбайды еліне
(Қаракесек ішінде Жалықбас) жібермей, төркін жұртын шыр-
ғалайды. Ондағысы, бауырларына пана болып, екі жетімекті ел
қатарына қосудың амалы еді. Бүгінде Дәметкерден туған
Үмбетбай балалары өздерін жалықбас демей, тоқамыз деп
бірауыздан айтады. Тоқаның өскен атасы сегіз ата, Мырзамбет
ішінде бұлар Қожаберген балалары аталады. Мырзамбеттің
кіндігінен сегіз бала өрбіген. Сегіздің үлкені Күшікбай батыр
тарихта аты қалған қазақ батырларының бірі саналады. Сегіз
ата Мырзамбет өсіп-енген ру. Оларды былай таратады: Мыр-
замбет, одан Күшікбай, Ескене, Естемес, Досқана, Балапан,
Төстен, Таймас, Дулат туған. Кейінгі үшеуі Үшқоңыр аталып
кеткен. Қалманбеттің кіндігінен бала болмаған. Інісі ағасына
тұңғышы Күшікбайды бергісі келмей, ортаншысы Ескене мен
Досқананы ыңғайлайды. Мырзамбетке ағасы: «Ескене тым
ерке. Ерке баланың ақылы кеш кіреді. Досқана әлден өзімшіл.
Көжесін теріс қарап отырып ішеді. Естемесің жайбасарлау.
Маған қисаң үлкеніңді бер. Осы қара тентектен бірдеңе шы-
ғады», - деп Күшікбайды бауырына салып алған екен.
Мырзамбеттен алты алашқа аты мәлім Сәкен Сейфуллин
шыққан. Ұлтжанды азамат Сәбит Қарашолақов та осы атаның
тумасы. Ата мекені Ор-Абаның қойнауын қойға толтырған фер-
мер Төлеген Әрінов естемеске жатады. Ел ағасы Тұрар Алтынбе-
ков Үшқоңыр атадан. Айтулы әнші, қоғам қайраткері Бекболат,
күйші Мұхамеджан Тілеухановтар Күшікбай батырдың тікелей
ұрпақтары. Кәсіпкер Сағынтай Исин батырдың бір бұтағынан.
Бұл атаның сөз білетін қариялары Күшікбай бабасын жиі ауызға
алып отыратын. Кезінде Сәкен Күшікбай батырды жырға қосып-
ты. Аудандық газетте тілшілікте жүргенімде сол өлеңді қойын
кітапшама түсіріп алған едім. Салғастыра келгенде, өлең
Сәкендікі болмай шықты. Кәрі құлақтардан ұққан жырды оқыр-
манға, батыр ұрпақтарына бәсірелегеңді жөн көрдім:
284
Күшікбай — қол бастаған заманында,
Әмірі жүріп тұрған алабына,
Айқайы алты қырдан естіліпті,
Қатулы уыт бопты қабағында.
Ұқсаған ақылы кең шын абызға,
Ерлігі арқау болған бұла жырға.
Жорықта қасына ерген тамам Қарпық,
Айналған қара Тоқа ұранына,
Кең иық жау қабақтау ұзын қара,
Қарасы аз суық келген көзі ала.
Бақандай саусақтары тым салалы,
Сұсынан жауы ықтап,жылар бала.
Жүрекке мол қайратты жиған жастан,
Шайырлар Күшекеңе жазған дастан.
Жас пері қылшылдаған дер шағында,
Алысып аюдың да жайын тапқан.
Арқаны бір жылдары қалмақ шапқан,
Нояны киіп-жарған түспей аттан.
Көріпкел жауырыншы касында екен,
Қатерден алдын-ала болжап қаққан.
Шабуға тоқаларды бет алады,
Қалмайды жеңеріне бек күмәні.
Қайт депті жеңе алмайсың оны байлап,
Отырған кең даланы еркін жайлап.
Күшті екен алапаты бұл қазақтың,
Тұрғандай тау мен тас та « Күшікбайлап!»
Қайтпапты дүлейлікпен қалмақ беттен,
Ауылға таң бозында тиген шеттен.
Тасадан өңшең берен лап беріпті,
Қалмақты от боп шарпып қанын төккен.
Күшікбай қолға мықтап шоқпар алған,
Шығыпты жекпе-жекке әлгі жазған.
Шоқпармен дәлдеп бастан соққан кезде,
Өкіре ерден ауып қалмақ қалған.
Батырмен ел беделі салмақтанған,
Ұмытпай ұрпақтары ардақтаған.
Кәдімгі Кенелінің бір төбесі,
Әлі де аталады «қалмақ қалған».
Күшекең заманында жарқылдаған,
Беріспей қастасқанды алқымдаған.
Ынжықтар қыр аспайтын не біледі?
285
Бос күйбең бас қамынан артылмаған.
Батырлар сыртқа айбар, ұрпаққа үлгі,
Жабығын алдаспанмен жаудың тілді.
Жігерін алты алаштың шыңдай білген,
Қазақтың азаймасын намысты ұлы.
Жауға ұстап бермегейсің бір-біріңді,
Алданба ермек етіп құр дүбірді.
Ұрпағы хас батырдың дегізгейсің,
Намыскер ұл болғайсың шын ғұзырлы.
Апаның бауырға деген мейірі мен туысқандық ниетінің,
жүрегінің жұмсақтығының арқасында Алаштың бір бұтағы сегіз
ата Мырзамбет балалары өркен жайған. Енең тоқаларының бір
бұтағы осылар.
Достарыңызбен бөлісу: |