Халқымыз күйеуді айрықша құрметтеген. Үлкендер күйеу
балаға артық сөз айтпайды. Сондағы ұстанатын қағидасы
«Пайғамбар да күйеу баласын сыйлағанға» саяды. Осы бір
тәрбиелік мәні бар сөздің астарында терең аңғарым бар.
Үлкендер айтар еді: «Күйеуге ұрсып, зекіруге, кемшілігін
бетіне басуға әсте болмайды». Оның себебі - күйеу бала өз ба-
лаң емес. Кісі баласы. Күйеу бала қанша адал болып
кезіккенімен, жаратылысы басқа. Ата-енесінің, қайынағасы-
ның зекіргенін көңіліне алып қалуы кәдік. Жасыратын несі
бар, бәрі бірдей емес, күйеу бала кінәмшіл, кіді келеді. Осын-
дай өзімшілдігін қайынжұрты күйеудің бетіне баспай, халық-
тық педагогиканың тыйымымен тәртіпке шақырған. Күйеу
төрге шықпайды, бас ұстамайды. Атасының еріне отырмайды.
Атасының киімдерін үстіне ілмейді. Қайынжұртының
үлкендері дүниеден озғанда, сүйегін ұстамайды.
XXI ғасыр - қазақ халқының нағыз шыңдалатын кезеңі.
Бұл ғасыр бізге сынақ. Шарболаттай шамырқанып, шыңдала-
тын кез енді туды. Намыстың да керек жері осы тұс. Шет
жұрттармен аралас-құраластық қарқын алып, ғаламдану сая-
саты белең алған шақта атадан ұл боп туған елжанды азамат-
тар жат елдің сұлуына байқап-байқап ұрынсын. Жат елден қыз
алған екен, Отанынан жырақ кетпесін.
Қан араластыру - генетикада оңға бастайтын тәсіл. Жа-
пондар өзімен-өзі тұйық өмір сүріп, басқалармен қан аралас-
тырмағандықтан, ұрпақтарының әлжуазданып бара жатқанын
қатты сезінуде. Керісінше , америкалы қ та р
ұлттық
бірегейлігінен ажырап, тек ақшаны ғана танитын дүбәра ұлтқа
айналып барады. АҚШ халқының өң-түстері әр түрлі. Мінез-
құлықтары да түрліше. Сырты жылы келгенімен, іші салқын.
Олар туыстық, бауырмалдық сезімге сараңдау. Күнкөрудің ай-
наласында шектеледі. Керемет деген бұларда ұлт жоқ. Ұлтсыз-
дық халықты тексіз тобырға айналдырып жібереді.
Біз ұлдарымызға жат жұрттан қыз алма демейміз. «Жаман
күйеу қайынсақтың» керіне бағып, елден жырақ кетпегей де-
ген аңғарту. Қыздарымыз да ойлансын. Қалталы екен деп
нәсілі бөлек жат елдің жігітіне еріп шекара асып, еліңе, төркін
жұртыңа жете алмай қалса, ғұмыры жылаумен өтеді. Жігіт-
терге де оңайға түспейді.
Ішпесті ішіп, жеместі жеп жат елде,
Шай кызылы мұрын жарып кесеңде.
Сый табақтан қазы-қарта жесең де,
Қара қостың көжесіне жетер ме?!
288
Кеңейтуге тараңсыған аянды,
Өсірмекке байлық қуып бағаңды.
Басқа жұрттан тапқаныңмен баянды,
Алтын өзек Отаныңа жетер ме!
Сүйек
«Күйеу — жүз жылдық» дейтіні неден? Мықтаса ол жүзге
келер. Сүйек-шатыстықты ұрпақтары жалғастырмай ма?
Күйеудің өз балалары нағашыға жиен болғанда, жиеннен ту-
ғандар жиеншар делінеді. Үш ұрпақтың өмір сүру мөлшері жүз
жыл. Жүз жыл көлемінде ғана күйеу аты әспеттеледі. Содан
кейін ұмытылады. «Күйеу - жүз жылдық» деген содан шық-
қан. Біздің ұйғарымымыз осы.
«Құда — мың жылдық» деп жатамыз. «Су — сүзілмейді, сүйек
— үзілмейді» дейді тағы да. Сүйек үзілмейдінің мағынасы қалай?
Туысқандық тамыр үзілмекші емес. Қазақ халқы сол туысқан-
дықтың, бауырмалдықтың арқасында ел болып, өркен жайды.
Замана дауылы күшейіп тұрғанда ел ішінде руластық дертті
өршітіп, не қыламыз деу ауызға оңай. Рушылдық - ендігі жер-
де қазаққа ұран бола алмайды. Ендігі ұран: «Атамыз — Алаш,
керегеміз — ағаш». Нағыз ұлтжанды азамат Абай айтқандай
«Атаның ұлы боп қалмау» керек. Бұрындары үлкендер қай ру-
дансың деп сұрамай, алыстан орағытатын. «Асылың кім,
сүйегің қайдан?» дегенді сан естідік. Бұл сауалдың түпкілікті
мәніне кейінірек ой тоқтаттық. Қазақ бабамыз асыл сүйек
болмаса, үрім-бұтағы осыншалықты қара ағаштай тамыр жай-
ып, биікке бой созар ма еді?! Сүйек дегені - ұрпақ сабақтас-
тығы ғасырдан ғасырға жалғасады дегенді тұспалдағаны.
«Сүйек - үзілмейді» дегені соны меңзегені. «Құда — мың жыл-
дық» деп туысқандық сабақтастықты бір ғана сөйлеммен шеге-
леп тастаған. Келін түсіріп, қыз ұзатпасақ, құдандалы болма-
сақ, халқымыз қанат жайып тамырын тереңге жіберер ме еді.
Достарыңызбен бөлісу: