Бағдарламасы бойынша шығарылды Өмір Кәріпұлының бұл жазбасы қаламгерлік ізденісі мен



Pdf көрінісі
бет74/77
Дата07.04.2022
өлшемі3,83 Mb.
#30285
түріБағдарламасы
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77
Байланысты:
Tuqyr

XIV. ТҰЖЫРЫМ 
Санаткер 
Осы еңбекті жүлгелегенде, сандаған ой мен тұжырымға дес 
бердік. Нысанаға жетті ме, жетпеді ме, оны көзіқарақты оқыр-
ман байыптай жатар.  Ұлттық салт-дәстүрге негізделген азын-
аулық дәрісіміздің өзегі не дегенде: «Санда бар, санатта жоқ» 
деген ой орамы көлденеңдейді.  Құр топқа  қосылып, тобырды 
молықтырғанымен, санаткерлікке жете алмағаңдарды «санатта 
жоқ» деп шенейді халық. Жас өскіннің санаткер болғанын, 
қатарға  қосылып, ел ертеңіне  қызмет көрсететін тартулы аза-
мат атанғанын әркім-ақ жөн көреді. Болмыстың /дүниенің/ 
шешусіз жұмбағының өзі оның шексіздігі, сан жетпейтіндігі. 
Әйтсе де, сансыз жаратылыстың да сапалық жағы болады. Енді 
аздап санның сапалық жағына,  қасиетіне тоқталайық. Кәдімгі 
1 саны. Бұл санның қасиетіне бала да ой жібере алады. 1 бол-
маса, 2 жоқ. Бас та біреу. Жаратушы Алла да жалғыз. Содан да 
«Алла - бір, пайғамбар хақ» дейміз. Адамның асыл мүшесі — 
жүрек те біреу. «Бір» сөзінен мәнді де мағыналы атаулар туын-
даған. Бірлік, бірегей, біртуар, бір мінезді, бір сөзді, бір туған, 
бірауызды, біртұтас, бір мінер ат, бір жеңнен қол шығару, ауыз 
бірлік, біркелкі, бірсыдырғы... делініп кете береді. 
Бір санының  қасиетін халық ежелден-ақ дөп басқан. Бірді 
Жаратушымен байланыстырған. Кәдімгі бас біреу ғой. 
Иықтағы басың да жалғыз. Алла да жалғыз. Демек, сен де 
жалғызсың. «Атадан он тусаң да, бір жалғыздық бар». Өлімің 
де жалқы, тағдырың да бөлек бауырларыңнан. О дүниеге бар-
ғанда сұрақ өзіңнен ғана сұралады. Мына бір  қисынды тек 
қазақ атамыз айта алған. «Құдай жалғыз, мен жалғыз», «Жал-
ғыздың жары  құдай», «Жалғыздық тек бір Аллаға жарас-
қан»... 
Бір болмаса, екі де жоқ. Алла ғаламды жаратпаса, онда 
жаратылыс та жоқ. Екі саны — тіршіліктің негізі.  Қараңыз, 
адамның дене мүшелері жаратылыстың моделі іспетті. Дене 
басқа бағынады. Бассыз дене тіршілігін жалғастыра алмайды. 
Алласыз тіршілік  қараң. Жаратушы ие әр нәрсені жұп  қылып 
жаратты. Жұптастықтан тіршілік өрбиді. Халқымыз «Жалғ-
ыздық тек бір Аллаға жарасқан» дегенде, екеу болып бас 
құра,  ұрпақ өрбіт дейді.  Құран да соны айтады. Өсіп-өн дейді. 
25-2628 
385 


Үлкендер айтады: «Көрсін деп көз берді, жүрсін деп аяқ 
берді». Екеу-екеуден. «Бас екеу болмай, мал екеу болмайды», 
«Ердін екі айтқаны, өлгені», «Екінің бірі, егіздің сыңары», 
«Екі сөзді кісі», «Екі туып бір  қалғаным емес», «Екі шоқып, 
бір  қарайды»... 
Бірден кейінгі мағыналы сан екі екен. Енді үшке келейік. 
Үш санының қасиетін барша халық бағалаған. Тіршіліктің өзі 
сандардың үйлесімінен тұрады. Математика — барлық 
ғылымның атасы дейтіні содан.  Қасиетті  Құран да сандардан 
тұрады. Өзіміздің замандасымыз ғалым Ғұзыхан Ақпанбек 
Әбунасыр бабасының іліміне сүйене отырып, атақты ғалым 
Ақжан Машанидің еңбектерін негіздей келіп, басты 
кітабымыз —  Құран Кәрімнің математикалық модулін айқын-
дады. 
Үш санына  қазақ атамыз салмақпен  қараған. «Үйірімен үш 
тоғыз», «Ер кезегі үшке дейін», «Үш жүздің баласымыз»... 
Жанұя — шағын мемлекет. Отбасы үштік бірліктен  құрал-
ған. Әке мен шеше және бала.  Қазақ  қауымы  ұлт болып  ұйы-
сып, ел болып еңсе көтергенде отбасылық үштікті негізге ал-
ған. Кәдімгі ошақтың үш бұты бар. Ошақ - береке-бірліктің 
ұйтқысы, молшылықтың негізі. Үлкендер бір-бірімен 
шүйіркелескенде «Ошақтың үш бұтындай емеспіз бе?» деп жан 
тартады. Үш жүзге бөлінуіміз мемлекеттік қажеттіліктен туын-
даған саяси жүйе десек те, бастауы отбасынан, ошақ қасынан, 
үш санының  қасиетінен туындаған. Үштікті халық. бірігудің 
негізіне жатқызған. Демек, үштік  құрылым халықты бірлікке, 
бірігуге бастайды екен. 
Төрт саны да халқымыз үшін айрықша мәнге ие. «Алтау 
ала болса, ауыздағы кетер, төртеу түгел болса, төбедегі ке-
лер». Төрт түлік:  қой, сиыр, түйе, жылқы. «Төрт  құбыла 
түгелденді». Мұратына жеткен жан дегені. «Төрт аяғы тең 
түскен жорға.» Есептің негізі төрт амалдан тұрады.  Қосу мен 
алу, бөлу мен көбейту. Олай болса, төрт саны да халқымыз 
үшін  қасиетті. 
Бес саны да халықты бекемдікке бастайды. Педагогика 
ғылымында балаға ана тілін бес жасқа дейін сіңіру керек дейді. 
Тәлім-тәрбиені де бес жасқа дейін бала санасына беріп 
үлгермесеңіз, кеш қалады екенсіз. 
«Ер қанаты — ат» десек, белі берік болып, ұзақ жолда мініс 
көтеретіні — бесті ат. «Бесті айғырдың бетінен сақта» деген 
мәтел де растайды бесті жылқының бекемдігін.  Қолдағы сау-
сақ — бесеу. Бес ағайыңдының жолы болғыш келеді. Содан да 
«Бесеуге белдік жарасқан» деп тұспалдайды көпшілік. Халық 
386 
ризаланғанда «Бес саусақтың саласындай едік» дейді. Бес саны 
халық үшін /барша  қауым үшін/ бүтіндіктің, толысу мен мо-
лығудың белгісі. Бестік бағаны балаға тегін  қоймайды. Бестік 
бағаның шығуына мынандай уәж келтірудің еш оғаштығы 
жоқ. Үнемі беспен оқыған бала жаратылыстың сырына басқа-
лардан гөрі жетік келеді. Жер бетіндегі  құрлық бесеу. Ақыл-
пайымы, білік-білімі жетік жас бес  құрлықтың беделіне, ақыл-
манына айналады деген меңзеу жатқанын еріксіз  қаперге ала-
сың. Бес санының исламдық ғұрыпқа да  қатысы бар. Мұсыл-
ман бес уақытылы намазын қаза жібермеуге тиісті. Мұсылман-
дықтың міндеті де бесеу. Алла тарапынан міндеттелген бес 
парыз «Алла - бір, пайғамбар — хақ» деп иман келтіру, намаз 
оқу, ораза  ұстау,  қажылыққа бару,  қайыр-садақа беру. Осы 
бес парызды орындап,мүлтіксіз атқарған пенденің иманы 
кәміл. Бастағы сансыз шашты халық «бес тал шаш» деп жи-
нақтайды. 
Бестік  ұғымның мәнін Жаратушы ие белгілеп берген. Со-
дан да беске байланысты  ұғым-түсінік тәрбие-тәлімді бекіте 
түседі. Оқуда бестік баға ала алмасаң, бес  құрлыққа танылған 
айтулы азамат бола алмайсың. Білім мен ғылымға терең бой-
лай алмайсың, Алланы ақылмен тануға, жаратылыс сырын 
пайымдауға санаң жетпейді. Мұсылмандықтың бес парызын 
орындасаң, онда тәнің мен жаныңның саушылығы артады. 
Нағыз адам болып  қалыптасасың. Бес парыздың  қазығы — 
бес уақытылы намаз. Намаз — мұсылмандықтың темір-
қазығы. 
Алты саны да тіршілікке дәнекерші, тәрбие-тәлімге негіз. 
Аспандағы Үркер шоқ жұлдызы да алтау. Алты ай  қыс, алты 
ай жаз бар. Үлкендер «Алты Алаштың баласымыз» деп ауыз 
толтырар еді. Түрік тектес  ұлыстар «алты Алаш» делінген. 
Мәселен, Арғын, Найман, Керей, Уақ,  Қыпшақ,  Қоңырат... 
Баласы тұрмай жүрген ата-ана зарығып көрген  ұлын алты 
қатынның ауынан өткізеді. 
«Алты аласы, бес бересі жоқ» деген тұрақты сөз тіркесі 
бар. «Алты бақан ала ауыз» деген  қыжыртпаның астары 
қалың. Жанжалдасқандар сойылдасып та,  құрықтасып та жа-
тады. Соның бәрінен бақандасқан, бір-біріне бақан ала 
жүгірген ерсі. Бақан —  қасиетті. Шаңырақ бақанмен 
көтеріледі. Кей жағдайда жаңа жұртқа келіп үй тігіліп жатқ-
анда жоқ-жітік бір-бірінен бақан сұрайды. Сараңдар бақанын 
ырымдап өзгеге  ұстатпайды. Осыдан «Алтыбақан ала ауыз» 
деген жағымсыз сөз шыққан.  Қазақ даласы кең. Кең далада 
биік дауыспен ән шырқаған да бір мерей. Шабыттанған әнші 
387 


жігіт «Астынан алты  қырдың ән шалқытсам, сүйеніп үй сыр-
тында  қара да тұр...» деп наз тастайды. Әншіге мағұрланған 
көпшілік «даусы алты  қырдың астынан естіледі» деп 
көтермелейді. 
Жеті санының  қасиетіне барша халық мән береді. Кие 
тұтады. Мәселен,  Құранда жеті  қат көк делінеді. Апта жеті 
күнге жіктеледі. Діни ғұрып, халықтың ырым-жырымы да жеті 
санын айналып өтпейді. Аруақтар түске енгенде,  қатерге 
ұрынғанда жеті нан /жеті шелпек/ пісіріп,  құдайы беру  қазақ-
тарға тән. «Болайын деген азамат жеті жұрттың  қамын жейді» 
деп үміт күтеді өсер жастан кәрі  құлақтар. Өлген адамның 
жетісі беріледі. Еске алады,  құран оқытады. «Бала жетіге кел-
генше жерден таяқ жейді, жетіден кейін елден таяқ жейді» де-
ген де мәтел бар. Ел-жұрты өсер жасты есіркейді, мүсіркейді. 
Келешегінен үміт күтеді. Өсер жас сідікмасы  қылжақай болса, 
есер келсе, надан келсе, дау-жанжалға оң иығын беріп тұрса, 
ондай ойсызды тәртіпке шақыруға тура келеді. Елден таяқ 
жеудің мәнісі осы. Жеті саны киелі болғандықтан, халқымыз 
өздеріне  қажетті игіліктерді жеті  қазынаға жіктейді.  Қазына — 
молшылық, береке жиынтығы.Бала күнімізде үлкендер «қазы-
наның ақшасы», «қазынаның мүлкі» деп отыратын.  Қазына — 
молығып жататын байлық жиынтығы. Әр отбасына,  қауымға, 
халыққа ырыс-несібе әкелетін жанды-жансыз игіліктерді жеті 
қазынаға жіктеген. Киелі жеті санына көгендеген. Кешегі 
кеңестік кезеңнің этнографтары жеті  қазынаны,  қазақ бола 
тұра, біле тұра, маркстік ілімге негіздеп, материалистік көзқа-
распен пайымдаған. Болмыстың /жаратылыстың/ негізін 
дәйектегенде, материалистік  қисынға /логикаға/  қайшы көзқа-
расқа дес береді. «Дүние әу баста болған, жоқтан бар пайда 
болмайды. Бар нәрсе жоғалып кетпейді». Материалистер осы 
пайымдаумен-ақ тіршілік заңдылығына  қарсы шығады. 
Материалистік көзқарасқа дес бергендер астамшылық 
көрсеткенін көзбен көріп,  құлақпен естідік. Оның мысалы — 
айтулы ақынымыздың мына бір өлең жолдары: «Адамға табын, 
Жер енді,  құдайың әрі әкеңмін...» Жарайды,  құдай жоқ дедік. 
Жаратылыстың иесі жоқ, өзінен өзі жаратыла салған деп 
бөстік.  Қазақ атамыз олай демеген. Иесіздік жаман  ұғым. 
Иесіз мүліктің, малдың, байлықтың  қадірі болмайды. Кім 
көрінген жырымдап, берекесін алады. Кеңес Одағы ыдыраған 
кезде иесіз  қалған байлықты /қазынаны/  қолы  ұзын сұғанақ-
тар пайдаланып кетті. Солар бүгінде талтаң-талтаң басады. 
«Талтаңдасаң, талтаңда, ақшаң болса,  қалтаңда» деп айтпай ма 
халық. 
388 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет