Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы


«Сəкен – публицист-мемуарист», «Сəкен – драматург»



Pdf көрінісі
бет17/22
Дата14.02.2017
өлшемі2,02 Mb.
#4133
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

«Сəкен – публицист-мемуарист», «Сəкен – драматург», 
«Сə кен – публицист-айтыскер», «Сəкен – саясаткер», 
«Сəкен – ре во  люционер» деген секілді атаулы жағдайлар 
ежелгі  шын дықтардан  ала  бөлек  тұрғанында, «Сəкен 
аға»  деген  сөздің  төңірегінде  аялдағанымда  осындай  мəн 
бар.  Өйткені  мен – ақынмын  ғой,  ақынға  осындай  төте 
жол  керек,  əйтпесе  сөз  көбейіп  кетеді.  «Сəкен  аға»  деген 
тақырыптан  соң  немесе  соның  тармағы  секілді  келесі  сөз 
тағы  да  жоғарыда  айтқандай,  Сəкен  туралы  ең  қымбат,  ең 
көркем  дүниелер – оның  қазақ  əдебиетінің  классиктері  – 
Сəбит  Мұқанов,  Ғабит  Мүсірепов,  Ғабиден  Мұстафин 
секілді  онымен  қадірлескен,  аз  ғұмырда  көп  тəлім-тəрбие 
алған  замандас  інілерінің  жазғандары.  Сəкен  мемуарлық-
тарихи əдебиетті өзінің атақты «Тар жол тайғақ кешуінде» 
бастады  да,  кейін  Сəбит  Мұқанов  соған  жалғас  «Өмір 
мектебін»  жазды.  Онда  Сəкен  туралы  көп  мағлұмат  бар. 
Ғабит  Мүсірепов  өзінің  ең  таңдаулы  повестерінің  шыңы 
«Кездеспей  кеткен  бір  бейнені»  түгелдей  Сəкенге  арнады 
Ғабиден  Мұстафин  де  «Көз  көргенінде»  Сəкенді  аз 
суреттеген  жоқ.  Қысқасы,  Совет  заманының  алғашқы 
дəуіріндегі  қазақ  тарихының  ең  ірі  тұлғасы,  негізгі 
тірегі – Сəкен Сейфуллин екенінде ешкімнің дауы жоқ, 
ол болған күнде кейінгі бейшара саясаткерлердің қаңқу 
сөздері  ғана.  Алтын  Сəкеннің  жүзіне  қолмен  шашқан 
шаң ғана. Ол бір сүрткеннен қалмайды.

303
«Сəкен  аға»,  содан  соң  «Əдебиеттегі  Сəкен  бейнесі» 
дегеннен  кейінгі  сөз – «Сəкеннің  халық  арасындағы  аңыз 
тұлғасы»  деген  тақырыпша  бар.  Ол – Сəкеннің  адам 
біткендегі  бет  əлпетте  асқан  сұлулығы,  көркемдігі,  соған 
байланысты  əйелдер  қауымының  ортақ  мойындауы,  ол 
жол дағы  хикаялар  жалғаса  береді.  Олардың  бəрі  де – бірі 
өтірік, бірі шын болса да – Сəкенге жарасымдылық, лайық-
тылық  əрекеттерден  тұрады.  Сəкеннің  сұлулығының, 
сүйкімділігінің  бір  ерекшелігі  əшейіндегі  өлеңге  ортақ 
сұлулық  емес,  оның  қазақылық  сұлулығы  болатын. 
Небір Еуропаның көркем жігіттеріне, мысалы Байронға 
көзі  үйренген  зиялы лар  Сəкенді  көргенде:  Азияда, 
əсіресе,  қазақта  осындай  əсемдік  болады  екен-ау! – 
деп  таңырқағандары  рас  қой.  Оның  үстіне  ол  зор  сом 
тұлғалы  арыстығымен  де  сонау  дала  батырларының 
ең  соңғысындай  болып  елестейтін.  Осыған  қоса  оның 
мөлдіреген бадана көзі, аппақ жүзі, қара шашы еркектен 
гөрі  де  əйелдің  нəзік  сұлулығын  елестетер  еді.  Сəкенге 
қараудан  жалыққан  адам  бар  ма  екен?  Жоқ.  Бұл  да 
Сəкеннің  қайталанбастығының  куəсі. «Сəкенді  атқан 
екен»  деген  сөздің  өзі – бəрімізге  де  аққуды  атқан  екен 
дегендей естіледі. Көзі қиып атқан адамға ішіңнен мың 
рет нəлет айтып, «ет жүрегің қан жылайды». «О, жауыз 
жалған, бетпақ дүние» дегің келеді.
Сəкеннің  енді  ішкі  жан  сұлулығына  келсек – оның  ең 
алдымен  кең  жүрегі,  жақсылықшыл,  қайырымшылдығын 
айту  керек.  Сəкен  Совнарком  болғанда  көп  қазаққа 
жақ сылық  жасаған.  Сəбит  пен  Ғабит  өз  пəтерінде 
жатып оқыған, үйі кəдімгі мейманханаға ұқсайды екен. 
Сəкен  көр кемдік,  əсемдіктің  жыршысы,  соның  шебері 
болған.  Оның  анық  ақындығын  танытқан  «Аққудың 
айырылуы»  мен  «Көк шетау»  поэмасы.  Кейін  ол  өзінің 
ақындығын  заман,  кү рес,  жаңа  өмір  тақырыбына 
бұрып  əкеткен.  Бірақ  ол  тұста  ол  қазақ  поэзиясына 
үлкен тыныс, кең құлашқа жеткіземін деп, оған күрес, 
үгіт құралындық сипат берді.
Оның  формаларын,  өлеңдік  құрылыс-қуатын  дамытты. 
«Қызыл  ат»  секілді  поэма  жəне  В.Маяковский  үлгісін 
осы  тұста  жазған  өлеңдерінен  əбден  көруге  болады.  Иə, 

304
жал пы  ол  кезеңдегі  жаңа  совет  əдебиетінің  классиктері 
деп  танылғандар  Горький  мен  Маяковский  болатын. 
Қазақ  совет  əдебиетінің  осы  тұрғыда  негізін  қалаушы, 
социалистік реализмнің Қазақстандағы туын қадаушы 
Сəкен  Сейфул лин  еді.  Советтік  идеямен  ол  тудырған 
империализм, культ мəселесі – бəрі де күйрегеннен кейін 
қазіргі кезде сол жасаған нəрсенің бəрін түгелдей мансұқ 
етіп  барамыз  да,  сол  тұста  Сəкеннің  де  бар  қадіріне 
көлеңке  түсіре  бастадық.  Адамзат  өмірін  бір  мұхитқа 
теңесек,  əр  уақыт  кезеңі,  заманалар  сол  мұхиттың 
аумалы-төкпелі толқынына ұқсайды ғой. Ол толқында 
айнымай, қозғалмай қалатын ештеңе жоқ. Біздің қазақ, 
негізінен,  «əйде  шап,  əйде  қираттың»  жұрты.  Ол  оған 
өзінің тарихынан жұққан мінез. Өйт кені ғасырлар бойы 
«жау шапты», «жау келдіге» үйренгендіктен.
Сондықтан,  ала  құйын  пікірлер,  кірлеу,  ластау 
секілді  жаман  əрекеттер  Сəкен  секілді  халықтың  өзін, 
барлығын  дəлелдейтін  мақтаныштарына,  əулиелеріне 
жоламауы керек. Сəкенді жамандап немесе кемсітушілер 
нағыз құдай ататын адамдар. Өйткені ол қасиеттілердің 
өзі өлсе де, аруақ тары тірі. Бар жақсылығымызды қай-
та  тірілтіп  еске  алғанда  ең  басында  тұратындардың       
бірі – Сəкен Сейфуллин еді. Сəкен өз тұсында орыстың 
ең  жақсы  деген  адамдарымен,  жазушы,  саясаткерлері-
мен  жолдас,  дос  болған,  олардан  дəрежесі  де,  беделі  де 
ешқашан  кем  болмаған.  Өйткені,  ол  жалғыз  өзі  бүкіл 
бір  халықты,  ұлтты  жоқтатпаған,  соның  айырбасы,  орнын 
толтыратын  адам  еді.  Əкімшілікте  де  ə  дегенде  бірін-
ші  совнарком  болатыны  сондықтан.  Иə,  əрине,  Сəкен 
осындай  ірі  тұлға  болғандықтан,  оның  көзі  тірісінде  де, 
кейін де жаулары да тым іріден барып соқты. Бұл қашанда 
тарихи  заңдылық  еді.  Əр  адамның  жауы  да  өзіне  лайық 
болады.
Ал  Сəкенмен  жау  болдым,  қастастым  дегеннің  өзі 
қандай мақтаныш еді. Олар соны білген. Оқта-текте Сəкен-
нің  атағы  көмескі  тартып,  солғындап  қалатыны – сол 
дəрежелі  жаулардың  қырсығы  еді.  Ал  жай  халық  оның 
себебін  іздеп  жатпайды.  Халықтың  өз  жақсысын  іздемей-
тіні,  болыспайтыны,  дауыс  көтермейтіндігі – қазақ  үшін 

305
ең  ауыр  қасірет. «Өлсе  қайтейін,  жазығы  бар  шығар» – 
деп қалғып отыра береді. Əне, сол мінезді отаршыл қанды 
қол  жауыздар  қаншама  уақыт  бойы  пайдаланып  келді  де-
сеңізші!  Бізге,  қазаққа  дербестік,  егемендіктің  ең  керегі 
осы жерде. Əлгіндей «сабазым бар еді, тар күнге сақтаған, 
ел десе еңіреген ерлерім бар, соларға тимеңдер!» – дейтін 
санаға  елді  жеткізуіміз  керек.  Осы  күнгі  арғы  асыл  ата-
бабаларымыздың рухын тірілту жиын, естелік тойлары сол 
үшін,  сол  үлгі,  тəрбие  үшін  керек.  Ал: «Осы  той  көбейіп 
кетті, мына тар заманда не керегі бар?» дейтіндердің арғы 
түкпірінде  казақел  болмасын,  басы  бірікпесін,  осы  мəң-
гүртгігінен құтқармау керек деген зымиян пікірдің ұштығы 
жатыр. Оған: «Иə, бəсе-ау» деп қосыла кететін біздің қулар 
да жетеді.
Иə,  Сəкен  туралы  ойлансаң,  осылай  өткен-кеткен,  бо-
ла шағың  еске  түседі.  Ол  оның  ала  бөлек  ірілігі,  арыс-
тандылығы.
Сəкен  туралы  мен  көп  айтпайын,  көзім  көрген  жоқ, 
маған  оны  көргендей  етіп  əсер  қалдырған  адам – Ғабит 
Мүсірепов.  Ол  оны  ғажап  жақсы  көріп,  алдындағы  адам-
дықтың,  кісіліктің  сирек  үлгісі  деп  танып,  соған  еліктеп, 
мəңгі сүйсініп кеткен кісі екеніне менің көзім талай жетті. 
Ғабең табиғатындағы, тумысындағы ерекше қасиеттерімен 
қатар, көп нəрсені Сəкеннен үйренгендігі көрініп тұратын. 
Сəкеннің  мықтылықтан  пайда  болған  заңды  тəкəппар-
лығы  мен  адамдарға  өте  нəзік  сезіммен,  оймен,  сынмен 
қарап,  іштей  қорытынды  шығарып  қоятын  əдеті  Ғабеңде 
де  болатын.  Ал  серілігі,  аңшылығы,  мергендігі,  ұқыпты 
тазалығы,  кербез  мінезі, «иіс  май,  одеколонын  бірдей 
жағып»  дегендейлері,  бəрі-бəрісі  Сəкен  де  болған  жайлар 
еді  деседі.  Жай  біз  секілділер  осындай  кісілерге  əйтеуір 
бірдемесімен жақындағысы келетін əдет бар.
Менің,  тіпті  балаң,  кітапқа  да  жастай  құмар  кезім  еді. 
Торғай кітапханасы орнына көшіп, жұртында жерге көміліп, 
«изять» етілген кітаптар қалғанда мен ол шұқырдан қазып 
алған кітаптарынның ең алғашқысы – Сəкен Сейфуллин нің 
«Айшасы»  мен  Сəбит  Мұқановтың  Теміртас»  кітабы  еді. 
Оны  мен  талай  рет  айтқанмын.  Екінші  бір  жақындығым 
«Тар  жол  тайғақ  кешу»  кітабының  ең  соңғы  бетінде 

306
Қалмұхамбет  Танкин  деген  кісінің  аты  аталады.  Сəкен: 
«Азап  вагонынан»  қашып  шығып,  Бетпақдаланы 
басып, Əулие ата қаласына келгенде Қалмұхамбет деген 
арғын шалдың үиінде екі ай жаттым. Өзі бір аңқылдаған, 
ақ көңіл кісі еді, – дейтіні бар. Сол Қалмұхамбет (Қалмеш) 
менің атам – əкемнің əкесі – Сəрсенбайдың туған інісі еді 
Алпысыншы  жылы  өзін  əрең  іздеп  табатын  бұл  шалдың 
əулеті – барлық  тұқымы  сол  Əулие  атада  туып,  өскенде 
Қалең өте дəулетті кісі болған, оның үйін кейін компескелеп, 
осы күнге дейін «облзагс» мекемесі болып келді, əдемі көп 
бөлмелі  қызыл  темір  шатырлы  үйді  бұзамыз  дегенде  мен 
араша  түсіп  «Ол  үйге  Сəкен  тоқтаған,  сол  көшенің  атын 
Сəкенге  беріп,  үйді  сактаңдар», – деп  мақала  жазғамын. 
Қазір  білмеймін,  бар  ма,  жоқ  па?  Ал  шынында  да  Сəкен 
тегін  үйге  түспейді  ғой.  Атам  да  жақсы  болған  екен  деп 
мақтанатыным рас.
Сəкеннің інісі – Мəжит Сейфолла баласымен, оның ба-
лаларымен сыйлас, құрметтес болып келемін. Сəкен алғаш 
ақталғанда  Гүлбарам  шешемізбен  араласып,  дəм  татысып 
жүрдік.  Гүлекең  аса  сұлу  емес  еді,  бірақ  еңгезердей  зор, 
бар  бітімі  əдеміліктен  гөрі  ақылдың,  сабырдың  ұясындай, 
біртүрлі  орнықтылық  танытатын  кескіні  бар  еді,  кəдімгі 
қазақтың  жуан  тұғыр  бəйбішесіне  ұқсар  еді.  Тегінде 
Сəкен сұлулар мінезін жақсы білетін кісі – уақытша кімді, 
түпкілікті кімді ұстайтынын анғару қиын емес.
Ғабең  сабаз  «Сұлу  əйелдің  өзіңде  емес,  өзгеде  болғаны 
жақсы» – деуші еді. Осынысымен де сол Сəкенге ұқсайтын.
Сəкен  Сейфуллин – мен  адаммын,  мен  қазақпын  де-
геннің  бəрінің  арманы,  идеалы  болуымен  өтті.  Оның  өзге 
классиктерімізден гөрі бір артықшылығы оның өмір жолы, 
өнегесі,  ерекше  еңбегі  жөнінде  орыс  тілінде  профессор 
Тұрсынбек  Кəкішевтің  «Сəкен  Сейфуллин»  деген  атпен 
«Тамаша адамдар өмірі» сериясымен қалың кітабы шықты. 
Біздің  бір  үлкен  кемшілігіміз – осыншама  көп  ғажайып 
перзенттерді  туғызамыз  да,  оларды  өзге  халықтарға  та-
ныстыра  алмаймыз,  аударып  шығара  алмаймыз.  Қашанда 
халықтың  ұлылығын  одан  шықкан  ұлылар  таныстырса 
керек.  Оқимын,  білемін  деген  кісіге  Тұрсынбек  кітабы 

көп  мəлімет  беретін  абыройлы  еңбек.  Сəкеннің  орыс 
əлеміне  екінші  белгілі  болу  жағдайы – орыстың  атақ-
ты  білімпаз  жазушы  əйелі – Галина  Серебрякованың 
кітабы. Онда ол Сəкен туралы тамаша білгірлікпен, аса 
бір ыстық көңіл мен, шұғылалы көңілмен жазады. Тіпті 
оның  респрессияға  ұшырау,  айдалу  себебінің  негізінде 
де: «Сəкенмен  дос  болған» – деген  кінə  да  қосымша 
болған екен.
Міне,  осынау  екі  жағдай  өзгелерден  гөрі  (Бейімбет, 
Ілияс)  біршама  таныс  болуға  орыстарға  жол  ашқан. 
Біздің ендігі ең үлкен бір міндет – осы қазақ сабаздарын 
алдымен  өз  ұрпақтарымызға  танытып,  оқыту,  үлгі 
тұтындыру бір болса, екінші мақсат – орыс жəне басқа 
тілдер  арқылы  дүниеге  таныстыру  болмақ.  Аз  сөз  деп 
тұрып көп мəселенің басын шалдым-ау деймін.
Біз Сəкенді оның мерейтойларының тұсында ғана емес, 
ылғи да өз көкірегімізде оның бейнесін сақтап, көңіл айна-
сында ылғи да көріп отыруымыз қажет. Ол Сəкен ғана үшін 
емес-ау,  өзің  үшін,  онымен  салыстырып,  тіршілігіңнің, 
арың ның  алдында  есеп  беру,  халықты  сүю  дəрежеңді  тек-
серу үшін қажет.
«Халық кеңесі» №141, 
24 қыркүйек, сенбі, 1994 ж.

308
АҚЫНДАРДЫҢ АҚҚУЫ
Сырбай МƏУЛЕНОВ
Сəкен, Сəкен!
Осы есіммен, 
Тебіреніп бүгін мен, 
Келем Сəкен көшесімен, 
Келем Сəкен жырымен.
Алатаудың заңғарына, 
Ақша бұлттар асылып, 
Алматының албарында 
Ақ бұлақтар шашылып,
Секіреді ақ аспанға, 
Ағылып ақ тиін боп, 
Жабысады ағаштарға 
Аппақ бүршік түйін боп. 
Сен ойлаған ақ күн туды, 
Қайдасың, сен, ақыным!
Сарыарқаның сандал тауы 
Сағыныштан сарылып, 
Сарыарқаның самал таңы, 
Қызыл аттай сабылып. 
Келе жатыр көк жиектен, 
Қызыл жалау сұңқар бұлт.
Көмкерілген көк жібекпен 
Көтеріп бір сыр сандық. 
Сол сандықта бір сыр жатыр 
Өзің айтқан термеде 

309
Сол сандықта бір сым жатыр, 
Өзің таққан пернеге.
 
«Сыр сандықты ашып қара, 
Ашып қара сырласым. 
Сым пернені басып қара, 
Басып қара жырласын».
Болдың қайда бақ талантты 
Туып қайта ақ күнің, 
Бір керіліп қақ қанатты, 
Сұлу сырлы аққуым.
Қолжазба
СƏКЕН АҒА КІМ? – ДЕСЕҢ
Кəкімбек САЛЫҚОВ
Кей ақынды, 
Тым көтерсек заңғар қып,
Бір өлеңін ел білмесін аңғардық.
Кей ақынның
Əр сөзіне ел ғашық
Ал, есімін ардақтауға аз бардық.
Сəкен десең...
Төрінде күн атқандай, 
Ақбоз аты кісінеген сəт қандай?! 
Сұңқар шалқып, 
Аққу қаздар əндетіп, 
Тау ішінде тосар аңсап ақ маңдай.
Сəкен десең...
Өңденеді Сарыарқа, 
Өзгереді Атырау, Алтай – бар алқа.
Жалт қарайды ақ бөкені Бетпақтың,
Жанарымен жердің жүзін жаңарта.
 
Сəкен сырын ұқпау достым, – мол қайғы, 
Онсыз қазақ

310
Өнер көші толмайды.
Ақ Сұңқарға тіл тигізген адамдар, 
Барлық ақын ар, намысын қорлайды.
Түсінбесең түгел ұққан халық бар,
Күдіктенсең...
Арыстарым анықтар.
Ардақтады Ілияс пен Бейімбет,
Сүйді оны
Мағжан, Мұхтар – алыптар
Кең даланың 
Сəкен алғыр қыраны, 
Ол – дауылпаз төбе, төрде тұрағы. 
Үзеңгілес ақындар бар – десек те, 
Өзгелерден асып тұрар бір əні .
Сəкен – деген Ақындықтың төресі, 
Ол – асқар шың көз жеткізбес төбесі. 
Үзеңгілес ақындар бар – десек те, 
Азаматтық өресі.
Аз емес қой 
Сəкен ашқан жаңалық, 
Бүркей алмас атын көшпе ала бұлт.
 Маңдайына симай кеткен қазақтың, 
Ол – Сəкен ғой – дара туған нар алып.
Жасқантты ма,
Өрде дабыл қаққаны,
Күйдірді ме найзағайдың қаққаны.
Сескетті ме періштедей пəк, таза,
«Оқжетпестей» өктемдігі тақтағы.
Иə. солай...
Жаңылыс жоқ. Тақтағы, 
Совнарком да болып тілек ақтады.
 Əр қадамы
Бар қазаққа жақса да,
Ақынды атқыш арсыздарға жақпады.

311
Тар кезеңде ол қолдауды таппады,
Құласа да қырандығын сақтады
Беу, ағайын!
Тіл тигізбе Сəкенге,
Жетер... Жетер...
Еш кінəсіз атқаны.
Жетер... Жетер...
«Жау» – деп лақап таққаны,
Жетер... жетер... жылпостардың сатқаны
Енді бүгін көгілдір ту астында,
Алла жар боп,
Сəкенді елім ақтады.
Сəкен нағыз тəн, тұғырдың иесі,
Ұлан-ғайыр оның алар үлесі.
Дəмеленбе,
Дəндеме сен жұғар – деп, 
Ақ сұңқарға қара құстың күйесі
Көрсетсе де
Жеңіл келер атақ бой.
Абзал жанға бос абалау шатақ қой.
Сəкен, Ілияс, Бейімбеттің өлімі,
Алты алашқа естен кетпес апат қой.
Беу, білгірім! 
Бола берме делдалда, 
Шық тасадан, аш бетіңді кең залда.
Сəкен сенің мазағыңа көнбейді, 
Жер бетінде қазақ – деген ел барда.
Жетер... Жетер...
Ойланайық, тоқтайық,
Еткізбейік ардақтыға жоқты айып.
Есі барлар жөн түзейік бас қосып,
Тағзым етіп ардагерді жоқтайық.
 
Кешпес едім,
Беу, достым-ай, өзгені,

Ас берейік қыздырмасын сөз демі. 
Сəкен, Ілияс, Бейімбетті еске алып, 
Ыстық жасты сүртісейік көздегі
Содан кейін...
Той шалқысын думандап,
Жорғаңды əкел,
Жүйрігіңді жылмаңдат.
Жүре білсең тіл тигізбе ақынға,
Жүрегімнен ұсынамын гүл-мандат.
Желмен кетсін,
Жерден кетсін пəлең де. 
Мен де тұрам ауызбірлік мəремде.
Мақтанайық Сəкен бар деп қазақта,
Паш етейік атын бүкіл əлемге.
Мың толқысам,
Тоқтау еттім бір қайтып,
Осынау сөзді отыр – деме кімге айтып.
Қазақтың ірілері,
Абайдың інілері,
Сəкен, Ілияс, Бейімбетті еске алып,
Отырайық «Үш арысты» бірге айтып.
Арылайық алауыздық ескіден,
Дербестіктің жүгі алда көп кілең.
Сəкен – деген қазақтың ақ сұңқары,
Сəкен тойын – бірлік тойы – деп білем. 
Тойда оқылған өлең, Алғабас жайлауы.
1994 жыл, 29 қыркүйек

313
СЫРЛЫ СƏКЕН,
ЖЫРЛЫ СƏКЕН
 Н.ТАУКИН
 Адамзат табиғаттың тал бойынан жаралып, сол он сегіз 
мың  ғалам  тіршілігінің  иесі  жетілдірген  аса  күрделі  де 
асқан  кемеңгер  дəрежесіне  көтерілді,  бүгінгі  таңғажайып 
өркениетті тудырды. Сөйте тұра, əлі күнге табиғат анасынан 
алшақтай алмайды. Өйткені, қандай данышпан болса да ол – 
туған жерінің бір бөлшегі, сол жер ананың өзінен нəр алып, 
сол жерге кіндігінен берік байланған, тіпті, ақын санасына 
дейін  табиғаттың  əсем  көркімен  бірге  құлпырып,  бірге 
гүлдеп  толыспақ.  Əсіресе,  əсерленгіш  дарынмен  туатын 
жандар  өзі  жаралған  жердің  көркімен  тығыз  байланысты 
өседі.  Арқада  ақиық  ақындар,  сал-серілер,  дəулескер  күй-
шілер мен айтулы əншілердің көп болуы сол ақиқаттың бір 
көрінісі дер едік.
Жер  үстіндегі  бар  сұлулықты  бір  бойына  жинап  алған 
Сарыарқа аймағын ойша шолып шық та, өз заманында сəн-
діліктің  символына  айналған  Сəкеннің  іші-сыртына  үңіл. 
Қандай ғажайып ұқсастық. Сардар ақынның жан сұлулығы 
мен  тəн  сұлулығы,  көрік  пен  көңіл  байлығы,  осынау 
сиқырлы сымбаттан жаралған. Сарыарқадан алғандай емес 
пе!  Екеуін  ажыратып  алғысыз.  Немесе,  Сəкен  өзге  өңірде 
жарал мауға  тиіс,  тек  қана  Сарыарқада  тууы  тиіс  тəрізді. 
Осыны  керісінше  айтсақ – Сəкендей  сері  ұл  жаратпаса, 
Сарыарқа  сəнді  Арқа  болмас  еді.  Міне,  адам  мен  туған 
жердің астасып кетуіне дəлеліміз осы.
Дарын  иелері  туған  жердің  қасиетін  осылай  түсініп, 
осылай қарайтын болсақ, Сəкен туған сəнді аймақ ертеден 
өнер дарыған жер екенін көреміз. Яғни, ақын дүниеге келген 

314
Жаңаарқа  өңірі  ежелден  талантқа  бай  екенін  байқаймыз. 
Сондай өнерге құйқалы өңір, салиқалы аймақ Сəкен сынды 
ақынның  дүниеге  келу  қамын  ертеден  жасағандай  əсер 
аласың. Өнер иелері қор жинаған киелі жерде ғана аса ірі 
тұлғалар туары хақ екенін ойлайсың. 
Біз  журналымыздың  осы  санын  түгелімен  Жаңаарқа 
өңіріне арнағанда, сол қасиетті жердің асылдарын даралап 
көрсетуді мақсат тұттық.
Иə,  осынау  бойына  өнер  тұнған  аймақта  бүгін  де  Сə-
кеннен жұққан жұқана, ел жүрегінде қалған өнер дəні бар 
сияқты. Сол асыл дəндер жетіліп шыққан сайын, жұртшы-
лық бір тамсанып қалады. Журналымыз өнерге талпынған 
Сəкен ұрпақтары жайлы сол сырды шертеді.
Яғни,  сардар  ақынның  жүз  жылдық  мерейтойы  қар-
саңында ол туған өңірді бір тебірентіп, бір тербелтіп, өнер-
лілерді бір екшеп қоюды жөн көрдік. Сонда осынау аймаққа 
біткен  жемісті  алып  бəйтеректің  маңы  ну  орман  екенін 
көреміз.  Ертеден  бері  қарай  үзілмей  келе  жатқан  дарын 
дəстүрін байқаймыз.
Осындай тебіреніп отырған тұста, екі аяғымен жер бас-
қан,  басы  жұмыр  пенделердің  алыптар  тарапына  жасаған 
оғаш  істері  ойға  оралады.  Ол – қазақ  əдебиетінде  (сонау 
бір советтік дəуір əдебиеті делінетін кезеңде) үш бəйтерек 
атанған  Сəкен,  Бейімбет,  Ілияс  сияқты  ардагерлердің 90 
жыл дық  торқалы  тойы  аталып  өту  қарсаңы  еді.  Сол  тұста 
жершілдік, жікшілдік қаулап кетті (бұрын да əр кезде төбе 
көрсетіп  тұратын  керітартпа  құбылыс  қой).  Сол  шақта 
əр  жерде  баяндама  жасаған  əдебиетшілер,  Ілекең нің 
жерлестері  (біреуі  тіпті  үлкен  аренадағы  жазушы)  əдебие-
тімізде  қалыптасып  кеткен  қағиданы  (канонды)  бұзып, 
əрқилы  дəлелсымақтармен  карта  араластырған  пысық-
тардың  қолындай  жылмаңдатып  (перетосовка),  Ілияс 
Жансү гіров  бірінші  орында  тұруы  керек,  бірінші  аталуы 
керек деп. Сəкенді кейін ысырды. Сол білгіштерден Ілекең 
соны сұраған болар ма?!
Бір жыл туған төл, бұл – үш аяулы жан иық тіресе қатар 
жүрген шағында тату-тəтті өмір кешкенің, бірін-бірі қадыр-

315
құрмет  тұтканын  аға  ұрпақ,  оларды  көзі  көргендер  айтып 
отырады.  Сол  қатар  жүріп,  əдебиет  майданында  ересен 
еңбек  еткен  шақтарында  үшеуінің  аталу  реті  қалыптасып 
қағазға түскенін архив материалдарынан, əдеби сындардан 
сол  тұста  жасалған  баяндамалардан  көріп,  біздің  де 
көңілімізге  солай  қалыптасқан  қасиетті  ағалардың,  аты-
жөні əлгіндей əдепсіздердің əрекетіне душар боладық. Олар 
үш алыптың творчествосын екшеп, анау артық, мынау кем 
деген бағасымақтарын теорияландыруға əрекеттенді.
Біз  аға  ұрпаққа  мұндай  көз  алартатын  əдебиеттегі  ре-
визионизмге  түбегейлі  қарсымыз.  Əр  дəуір  өз  кезеңіндегі 
ішкі-сыртқы  жағдаяттарын  жалғастыра  отырып,  та-
лант тардың  тегеурінін  өлшеп-пішіп  отырып,  өз  кесімін, 
өлшемін  өзі  шығарып,  өзі  қорытындылап  тастүйін  етіп 
кетеді. Замана əділдігі, халықтың қалауы сол. Оған кейіннен 
келіп өңеш жырта өзеуреудің қажеті жоқ. Əлгі заман үкімі, 
халық  қалауы  ол  талант  иелерінің  творчествосын  да, 
қауым алдындағы өзге қасиеттерін де, адам ретіндегі жеке 
басының ерекшеліктерін де таразыға салады. Ол таразыдан 
шет қалар дүние жоқ. Сондықтан да өз кезінде қалыптасқан 
əдебиет канонын бұзуға біздің хақымыз жоқ.
Тура сол торқалы той тұсында əлгідей ревизионизмнің 
əсері  ме  екен,  бір  сырласым,  жетісулық  үлкен  ақын  бірде 
маған «Ілияспен салыстырғанда Сəкен ақын емес қой» де-
гені бар. Жарылып кете жаздадым. Мендегі сезім жершіл-
діктен  бөлек,  əуелі  ағалардың  атына  айтылған  дəлелсіз 
жаланың  күйігі  еді.  Əрине,  біз  Ілекеңнің  құдіретті,  төгіл-
мелі поэзиясының алдында бас иеміз. Тек ол ғана ма екен, 
одан  рухани  азық  аламыз.  Тіпті,  Ілекеңнің  лекілдеген  жер 
жолдарынсыз,  тасқынды  дастандарынсыз  қазақ  поэзиясы 
ойсырап олқы соғып тұратынын да білеміз. Ал оны, сол биік 
дəрежеде  мойындау  Сəкеннің  сəнді  поэзиясын  төмендете 
ала  ма?!  Жоқ.  Өйткені,  екеуі  қазақ  жыр  əлеміндегі  қатар 
тұрған,  жарасымды  келіскен  екі  шоқы.  Əр  қайсының  өз 
сұлулығы,  өз  өрнегі,  өз  мазмұны,  өз  ерекшелігі  бар.  Ол 
жайлы  зерттеушілер  бар  мүмкіндігінше  айтып  жатыр,  жа-
зып  жатыр.  Біз  ол  монографиялық  дəлелдерді  қайталауға 

316
ұрынып, мақаламызды ұзақ сонарға сала алмаймыз. Деген-
мен,  қысқа  болса  да  ойға  оралған  əдебиеттік  айғақтарды 
білдіре кетелік.
Сыр сандықты ашып қара, 
Ашып қара, сырласым. 
Сым пернені басып кара, 
Басып қара, жырласын.
Осы шумақты тудырған адам ақын ба, ақын емес пе! Тек 
көзін  жұмып,  құлағын  басқан  адам  ғана  үндей  алмас.  Ал 
құлағы бар адам құмарлана қабылдар, көзі бар адам құныға 
оқыр.  Жыр  сүйгіш  қауымды  құмартқызып,  құнықтырып 
қою  тек  ерекше  талант  иесінің,  құдіретті  ақынның  ғана 
қолынан келері хақ. Мынадай өлеңді талғампаз поэзияның 
сыңғырлаған  үнділігін,  сиқырлы  сымбатын  ғана  қалайтын 
символистер  де  дау  айта  алмай  таңдана  қабылдар.  Сырт 
сұлулығына ішкі мазмұны қандай сай келген.
Соғыстан  кейінгі  жаралы  жылдар  болатын.  Ел  бойына 
батпандап  енген  жан  жарасын  жаңада  сезініп,  үрейден 
уайымға  ауысқан  шақ.  Жиын  болған  жерде  жауынгердің 
майданнан жазған өлең-хаты əндетіп айтылады да үлкендер 
көз  жасын  төгіп  отырады.  Сол  шақтағы  бір  кеште  біздің 
ауылға  жақында  ғана  келген  мұғалім  бір  дастанды  əуенді 
үнмен  жырлай  жөнелді.  Бүкіл  жиылған  жұрт  аузын  аша 
ұйып  тыңдауда.  Ғажап,  біз – сол  кездегі  оқушы  балалар 
естіп көрмеген көркем туынды. Қайран қалғанымыз сондай, 
əлгі мұғалімнен дастанды жазып алдық. Көркем дүние тез 
жатталады  ғой,  жазып  алу  үстінде-ақ  көкейімізге  тоқы-
лып  жатты.  Кейіннен  сол  поэманы  өзіміз  сауық-кештерде 
шырқап  айтып  жүрдік.  Сарыарқаның  бір  шалғайындағы 
біздің  ауылға  жеткен  сол  құдіретті  жыр.  С.Сейфуллиннің 
атақты «Көкшетау» поэмасының «Бурабай» атты бір бөлігі 
екен. «Ақбас бура» дастаны деп аталып, ойын-тойда айты-
лып жүрді.
Міне,  ақынның  қүдіреттілігі  осы  болса  керек.  Оның 
по эзиясы  əлемді  қаталдығымен  тітіреткен,  совет  елін  сом 
темірмен  құрсап  тастаған  Сталиннің  бұғауын  бұзып  өтіп, 

317
Сəкен есімінен бейхабар ұрпаққа жетті. Не деген тегеурін-
ді  творчество.  Ақынның  атын  атауға  тыйым  салынған  ел-
дің  сауық-кештерінде  салтанаттың  иесі  болды.  Бұл  жалаң 
беделмен  келген  құрмет  емес,  бұл  шығарманың  шынайы 
шеберлігі берген ішкі тегеурінді күштің еріксіз мойындатар 
құдіреті. Мұндай поэзияны ұстап тұрар бұғау жоқ.
Əрине,  бұдан  əрі  əлгі  «ақын  емес»  деген  жандармен 
айтысудың қажеті жоқ. Дегенмен, ойға оралып тұрған көр-
кемдіктің символындай «Аққудың айрылуы»,»Ақсақ киік» 
сияқты ғажайыптарды қалай айтпай кетерсің.
Қазіргі  дəуірде  əлгі  іспетті  басы  жұмыр  пенделер  «ре-
волюиионер  деген  лақаппен  алға  шығып  жүр  еді,  енді 
қайтер  екен?!»  деген  сықсима  сынды  көлденеңдетіп  жүр. 
Иə,  Сəкен  ақындығына  қоса  (тұңғыш  өлеңдер  жинағы 
революциядан  бұрын  жарық  көрді)  күрескер,  халықтың 
тағдыры  үшін  тар  қапасты  кешіп  өткен  кайраткер,  Ок-
тябрь  революциясы  жайлы  қалай  ойласаң  олай  ойла, 
бірақ  Сəкеннің  күрескерлігін  жоққа  шығара  алмайсың. 
Ол  шыққан  күн  сияқты,  басқаша  жасай  алмайсың,  солай 
мəңгілікке  қалады.  Халқының  тағдыры  үшін  күресті, 
замана зіліне селқос қарамады, жұлқынып алға шықты. Рас 
күресу  тəсілін  талқыға  саларсыздар.  Ол  өз  еріктеріңізде. 
«Алаш  қатарында  болуы  керек  еді,  тағы  басқа»  дерсіздер. 
Алаштың аты жақсы, ниеттері – халықтың қамы, оған дау 
жоқ. Бірақ іс шығатын мүмкіндік қолдарында болмады. Ал 
Сəкен  қалаған  күрес  жолы  заман  ағымы  тудырған  заңды 
бақыт. Селге қарсы жүзу күрескерлік емес, көзсіз батырлық 
қана, өзі селге қарық болады, соңына ергендерді де сөйтеді. 
Ал заман логикасын пайдаланып, заңды дамып бара жатқан 
қоғам құбылысын сезініп, содан өз халқы үшін қолайлы жол 
іздеу  нағыз  күрескердің  ісі.  Сəкен  солай  істеді.  Сталиннің 
сойқан  əрекетінің  ішінде  жүріп-ақ,  халқының  рухани 
қажетін өтеп жатты, жаңа заман əдебиетін қалыптастырып, 
теориялық,  тəжірибелік  жағынан  жан-жақты  еңбек  етті. 
Өзі  қырқылып  түскенге  дейін  сол  күрескерлік  қуатынан 
таймады.  Сондықтан  ақынның  бұл  қасиетіне  де  Сəкенді 
қайткенде де кемітпек болғандардың тісі батпайды.

318
Ойын  күдік  қармаған  əлгі  пенделер  кешегі  күні,  бес 
алып  ортамызға  қайта  оралған  тұста  «Сəкен  енді  қай-
тер  екен,  қай  орынға  жылжыр  екен»деп  тағы  сығыр  көз-
деніп  сықсия  қалды.  Бірақ  Сəкен  есімі  қыңбады.  Сол 
баяғы  бəйтерек  күйінде  жайқала  берді.  Өйткені,  бұлар 
бір  ха лықтың  бірегей  ұлдары  еді.  Бірін-бірі  толықтырып 
тұратын,  бірінсіз  бірі  солғындау  көрінетін  қазақ  əдебиеті 
əлеміне əр беретін тау шыңдары еді. Оны біз Сəкеннің 1923 
жылы Ахмет Байтұрсыновтың мүшел тойы кезеңіндегі жа-
саған  баяндамасынан  анық  кереміз.  Олар  жиырмасыншы 
жылдары  қатар  жүріп-ақ  қазақ  халқының  қалаулылары 
болған. Алғашқы қазақ үкіметі мүшесінің бірі – ұлы Ақаң 
болса,  келесі  жылы  сол  үкіметтің  басында  Сəкен  отырды. 
Көздері  тірі  кезде  сондай  болса,  бүгінде  туған  халқына 
қайта  оралған  алыптар  əр  қайсысы  өзді-өзінің  орнында 
жарасымдылық тапқан.
Өнер  егіз  болатыны  белгілі.  Сəкеннің  ақындық,  жазу-
шылық,  ғалымдық  қасиеттеріне  қоса  əншілік,  компо зи-
торлық  таланты  да  қатар  дамыған.  Оның  тамаша  əндерін 
бүгінде  кім  білмейді.  Ол  əндерсіз  ойын-той  өте  ме!  Сол 
өміршең  əндер  репрессия  жылдарының  қысымынан  жа-
ңылмай шалдықпай шықты. Халқы бар жерде əлі де шыр-
қала бермек.
Осы өнер Александр Затаевич жинап бастырған «Қазақ 
халқының 1000 əні»  кітабында  да  көрсетіледі.  Білікті 
композитор-фольклорист  Сəкеннің  ақындығын,  өзге  де 
қасиеттерін  айта  келіп  əнші,  домбырашы  екенін  баса 
көрсетеді.  Ол  Сəкеннен  «Тоқа», «Терісқақпай»,  күйлерін, 
«Шаш сипар», «Сəуітбектің зары», «Күн мен ай», «Толғау» 
сияқты əн-əуендерін жазып алған. С.Сейфуллин Затаевичке 
осы игілікті ісін жүзеге асыру жолында көп көмек көрсетіп, 
қамқоршьшық жасаған. Бұл да ақынның өз халқының өнері 
жолындағы жан-жақты жүргізген жұмысының айғағы.
Жоғарыда айтылған жаңсақ пікір иелері көбінесе Сəкен 
өлеңдерінің  жаңашылдығына  жармасады. «Түсінігі  қиын, 
қазақ  поэзиясына  жат»  дегендерді  айтады.  Рас,  жаңаның 
бəрі  бірден  дүниеге  келген  бетінде  өзінен  бұрынғы 

319
өнер  үлгісімен  жымдасып  тұра  қалмайды.  Жаңа  бағыт, 
жаңа  серпін,  сөз  жоқ,  бұрынғы  қалыптасқан  жағдайдан 
ерекше,  оқшау  көзге  түседі.  Онсыз  жаңалықта  болмас  еді. 
Өркениеттің дамуы сондай өзгешеліктер арқылы атқарылуы 
тиіс. Жаңа үлгі ғана өнерді ілгері жетелейді.
Сəкен өзінің ішкі-сыртқы бітім-болмысымен жаңалықты 
ала туған жан еді десек қателеспейміз. Оның өзі де, сөзі де 
үлгі, өнеге (мода). Бұрынғының аясында қалса біз таныған 
Сəкен  болмас  еді.  Сондықтан  да  оның  жаңашылдығын 
(новаторлығын)  біз  əдебиетіміздің  даму  барысында 
Сəкендік құбылыс деп қараймыз.
Данышпан  Абай  да  қазақтың  ескі  жырына  жаңа  жазба 
əдебиетінің  мазмұнын  берумен  бірге,  өлеңнің  сыртқы 
түрін  (формасын)  өзгерту  жолында  да  көп  еңбек  етті. 
Əрине,  данышпандықтың  таным,  талғамында  шек  шоқ, 
сондықтан болар Абай өлеңінің өзі тапқан əрбір жаңа түрін 
оқырманына, тындаушысына қабылдату үшін əрқайсысына 
арнайы  əн  шығарып,  музыкамен  мойындатып  отырды. 
«Сегіз  аяқ», («Бойы  бұлғаң»), «Қор  болды  жаным»,  т.б. 
өлеңдері ырғақ, бунақ, тармақ жағынан қазақ өлең үлгісінде 
бұрын-соңды болмаған жаңашылдықтың перзенттері. Олар 
əн  əуендерімен  қабылданып,  жаңа  өлең  үлгісі  екені  одан 
кейін ғана танылған.
Поэзиямыздағы  Сəкеннің  кейбір  жаңалықтары  əнге 
телінген. «Жолдастар», «Жас қазақ марсельезасы», «Біздің 
жақта» тағы сол сияқты өзге де əн-өлеңдері соның дəлелі. 
Бірақ,  ол  поэзиядағы  өз  жаңалығын  халқы  толық  мойын-
дарлықтай насихатқа үлгере алмай кетті. Ең алдымен қар-
балас  жұмыстар  үстінде  уақыты  да  болмауы  хақ.  Негізгі 
дəлелі  ғұмырын  келте  етіп,  уақытсыз  үзіп  жіберуі  сол 
жаңалықтардың  аяқталмай  қалуына  соқты.  Əрине,  бүгін-
дегі  Сəкен  ағаны  қадір  тұтатын  композитор  ұрпақтары 
бұл  міндетті  жүзеге  асыруды  ескерер,  іліп  əкетер  деп 
дəмеленеміз.
С.Сейфуллиннің қазақ поэзиясына енгізген жаңалығын 
түбегейлі зерттеп, оның сырларын ашып, оқырман қауым  ға 
кеңінен насихаттау сияқты күрделі іс – Сəкентану ілімімен 

320
айналысып  жүрген  ғалымдардың  да  кешеуілдетіп  келе 
жатқан  осал  тұсы.  Олар  ең  алдымен  сол  жаңалықтардың 
сырлы  өзгешеліктерін  өздері  толық  игеріп,  түсініп,  ішкі 
иірім деріне қанықса, сонда ғана оны қалың көпке насихаттау, 
жаңашылдық үлгіні мойындату жағы да оңай болар еді.
Көбіне Сəкен орыс поэзиясына еліктеді деп оның жаңа-
лықтарын  Маяковскийге  тели  салады.  Кейде  тіпті  сол 
жаңашылдықта  орыстардағыдай  екпін  ұйқасы  (тоникалық 
поэзия  құрылымы  бар  деген  пікір  де  байқалып  қалады). 
Қазақ өлеңінің құрылысынан тоникалық ұйқас іздеу соңғы 
кездерде де əр жерден жалт беріп жүр. Бұл дегеніңіз барып 
тұрған əбестік (абсурд).
Қазақ  поэзиясындағы  дауысты,  дауыссыз  дыбыстары 
жымдасып жататын берік ұйқас екпін ұйқасынан өте күрде-
лі.  Сол  сияқты  ырғақ  заңдылығы  да  аса  берік  сақталатын 
құбылыс. Тармақтағы буындардың өзгеруі арқылы ғана жаңа 
форма жасалады. Онда да бунақ заңдылығы өзгермейді, ол 
тармақтағы  ырғақ  арқылы  қайталанып  отырады.  Ал  бу-
нақ 2,3,4 буыннан  тұрады.  Кейбір  теорияшылар 5 буынды 
бунақты  көрсетеді.  Бірақ  ол 2 буынды  жəне 3 буынды 
бунақтардың қосындысы (Аймалап+ бетті сүйеді).
Теориялық  қарумен  жарақталмаған  жай  көз  көре  ал-
майтын,  кейбір  жастар  интуициямен  сезсе  де  анығын 
ажы рата  алмайтын  адам  бойындағы  толып  жатқан  халық-
тың  өзіндік  өзгешелігінің  бір  аңғарылымы  жағынан  нəзік, 
тұрақтылығы  жағынан  атомның  бөлшектенбейтін,  ең  кіші 
бөлігіндегі  берік  белгісінің  бірі  осы  өлең  өлшеміндегі – 
бунақ.  Оны  бөлшектесе  атом  жарылысындай  халықтық 
өлең өнері қирап, өркені өскен белгілі бір поэзия дүниесінің 
құрылым жүйесі талқандалып, (қазақ поэзиясы) деген атақ 
жойылып кетеді.
Екінші жағынан қазақ поэзиясынан тоникалық құбылыс 
іздеу – тағы  да  сол  орысқа  еліктеп,  онда  барды  қайткенде 
де  бізден  табамын  деп  əуре  болушылық.  Сөйтіп,  екі 
халықтың  арасындағы  халықтық  ерекшелігін  танытатын 
шекараның  бірі  осы  өлең  құрылымын  тегістеп  (стирание) 
жібергісі келгендік. Ол – өкімзорлық. Табиғатында бойына 

321
бітпегенді көлденеңнен əкеліп таңу – денеге біткен залалды 
ісік  тəрізді  қатер  алмай  тынбайтын  ауру  бейнелі  зардап. 
Яғни  іргелі  халықты  жойып  жіберу  сияқты  кесел  осында 
жатыр.  Поэзиясыз  халық  бола  ма?  Оның  ішінде  академик 
В.В.Радлов  ақын  халық  атандырған,  өлеңсіз  сөйлемейтін 
қазақты поэзиясыз тану мүмкін емес қой.
Осыны  түбегейлі  ажыратып  алып,  енді  Сəкен  жыр-
ларындағы  жаңалыққа  қайта  ойыссақ  мұнда  да  жоғарыда 
айтқандай  қазақ  өлеңіндегі  бунақ  берік  сақталғанын  кө-
реміз. Мысал келтірейік: 
 Жер де, көк те 
 
Жазбенен мəз.
 
 
Сұңқылдайды
 
 
 
Аққу мен қаз.
 
 
 
 
Гүл шашады,
 
 
 
 
 
Күледі жаз, –
 
 
 
 
 
Жас сұлудай оянған.
Жаздың сұлу 
 
Күй мен сəні,
 
 
Күш тасытар
 
 
 
Мың түрлі əні.
 
 
 
 
Шын жас сұлу
 
 
 
 
 
Жаздың тəні: 
 
 
 
 
 
Шырай емес боянған.
Сыртқы  бейнесі  сатылап  жазылатын  осы  өлеңді  бір 
қараған  адам  «Маяковскийше  екен»  дейді, «жаңаша  екен» 
дейді. «Қой мынаны түсініп болмас» деп үстірт өте шығуы 
да  мүмкін.  Əйтеуір  шошына  қарайды  да  ішіне  үңілмейді. 
Жоғарыда айтылған жат пікірлер де содан туып жатыр.
Ал  енді  келтірілген  мысалдың  сыртқы  құрылымына 
көз  салайық.  Сөз  жоқ,  авторының  сырт  келбетін  сəнді, 
модалы  ұстайтындығына  ұқсап  өзгеден  ерекшеленіп  тұр. 
Құрылымы қандай десек, əуелі қарағанда жеті тармақты екі 
шумақ. Əр шумақтың 2,4,6 тармақтары ұйқасады жəне осы 
шумақтардың  соңғы  тармақтары  ұйқастырылған  (оянған, 
боянған).  Шумақтардың  алты  тармағы  əрқайсы 4 буынды 

бунақтан  тұрады  да,  ең  соңғы  жетінші  тармағы 4 буынды 
бунақ пен 3 буынды бунақтан тізілген.
Енді  осы  жаңашыл  өлең  шумақтарын  кəдуілгі  қазақ 
өлеңінің үлгісімен жазып көрелік:
 
Жер де, көк те жазбенен мəз.  а-8
 
Саңқылдайды аққу мен қаз.  а-8
 
Гүл шашады, күледі жаз,–  
а-8
 
Жас сұлудай оянған.  
ə-7
 
Жаздың сұлу күй мен сəні, 6-7
 
Күш тасытар мың түрлі əні. 6-8
 
Шын жас сұлу – жаздың тəні: 6-8
 
Шырай емес боянған   
ə-7
Сегіз  буынды  өлең  қазақта  бар,  жеті-сегіз  буынды 
болып  келетін  өлең  де  бар.  Мұнда  сол  заңдылық  сəл  ғана 
өзгерген 8-8-8-7. Ал бунақ сол күйінде қалып тұр. Осыған 
біз  неге  оқырана  қараймыз?  Сырттай  сəнді  болсын  деп 
сатылап  жазғанын  жатырқап  қана  жүр  екенбіз  ғой.  Олай 
болса жоғарыда Сəкен өлеңі тарапына айтылған кінəсымақ 
та жала болып шықты.
Міне,  біз  қанша  жылдан  бері  Сəкен-Сəкен  деп  жазып 
келеміз,  бірақ  əлі  де  оның  творчествосына  терең  бойлап 
бармаппыз.  Сөйтіп,  жеңіл  ауыздылардың  жала  жабуына, 
бет  алды  білгішсінуіне  жол  беріп  жүрміз.  Ұлы  ақынның 
жүз  жылдық  мерейтойы  қарсаңын  ертерек  бастап,  əңгі-
мені  əріден  қозғап  жатқанымыз – ғалымдарымызды  тағы 
толғандырайық,  оларға  ой-түрткі  жасайық  деген  игі  мақ-
сат. Бізді бұл тарапында жұртшылық та қолдар деген берік 
сенімдеміз.
Ардагер ақынымыздың тоқсан жылдығын атап өтер қар-
саңындағыдай алабұртқан алакөздікке жол бермеу үшін де 
алдымен  айтып  қалғанымыз  орынды  болар  деп  те  ойла-
дық.  Ал,  ағайындар,  журналымыздың  беті  Сəкен  ағаның 
творчествосы  жайлы  ашық,  ұлы  ақынның  дəрежесіне  сай 
боларлық туындымен ат салысыңыздар.
«Сарыарқа» журналы, №3, 1994 жыл.
 

323

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет