Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы


халық  комиссарлары  кеңесі  төрағасының  орынды-



Pdf көрінісі
бет16/22
Дата14.02.2017
өлшемі2,02 Mb.
#4133
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22

халық  комиссарлары  кеңесі  төрағасының  орынды-
ғын айырықша қадірлеп, қос қолдап ұстаған жан емес. 
Оның  бар  арманы – жаңадан  орнап  жатқан  қоғамның 
қай тесігін бітесем, қай кетігіне кірпіш болып қалансам, 
мəдениетті,  өркениетті  елдің  қатарына  қазақты  қалай 
қоссам деген мақсат еді. Оның мемлекеттік қайраткерлігі 
1922-1925  жылдар  аралығында  өткенін,  оның  қандай 
жылдар  екенін  естен  шығармаған  абзал.  Сəкенді 1928 
жылғы  компеске-тəркілеуге,  онан  кейінгі  зорлықшыл 
колхоздастыруға,  отаршылдар  үшін  жасалған  индус-
триялауға, 1932-33 жылғы  аштық-жалаңаштыққа, 
1930, 1937, 1938 жылдардағы  қазақ  зиялыларын  құрту 
нау қандарына  еш  араластыра  алмаймыз.  Бұл  кезеңді 
көзімен өткеріп, қолымен істеген, белсене араласып жүр ген 
қайраткерлердің  кайсыбірі  мадақталып,  көбі  ың-шың сыз, 
дау-дамайсыз тыныш жата беруі, социализмнің зорлық-зом-
былығына  да,  табыс-жетістігіне  де  тек  Сəкен  мен  Сəбит 
жауап беруге «тиістігі» деу еш рабайға сыймайтын жай.

292
Сəкен  Қазақстан  үкіметін  басқарған  уақытта  бірнеше 
игі  істерге  мұрындық  болды. 1923 жылы  «Қазақты  казақ 
дейік,  қатені  түзетейік»  деген  айбатты  мақала  жазып, 
орыс  тарихында,  тілінде  қырғыз,  Киргизия  болып  келген 
«елдің 1925 жылы  Қазақстан»  аталғаны  рас  болса,  онда 
Сəкен ұлтжандығының үлесі жоқ деп кім айта алады? Тағы 
сол  жылы,  қолына  билік  əбден  тиіп,  оның  күшін  мықтап 
сезген  кезде.  Сəкен  қазақ  тіліне  мемлекеттік  мəртебе  бе-
ріп  кеңсе  істерін  қазақ  тілінде  жүргізу  жайында  «Еңбекші 
қазақ»  газетіне  тоғыз  мақала  жазғанын,  Халком  төрағасы 
ретінде талайларға бұйрық бергенін, тиісті қаражат тап қа-
нын, жалтақтап жан-жаққа үрке қарағандармен жүз ша  йыс -
қанын,  КирЦИК-тің  шешуші  жиналысын  да  тізеге  са лып 
орындатқанын кім жоққа шығарар екен?
«Біздің  қазақ  коммунистерінің  кейбіреуі  қазақ  тілі  ту-
ралы  қатты  кірісуге  біреу  «ұлтшыл»  деп  айтады  деп  бой 
тартады. Бірақ ол – қулық, бұл коммунистік қылық емес, 
ол жарамсақтық, жағымпаздық. Кейбір сасық, жалмауыз 
демагог өзін «жақсы коммунист екен» деп айтсын деп қазақ 
тілін  кеңсеге  кіргіземін  деп  жүрген  белсенді  адамдарды 
анау  ұлтшыл,  мынау  ұлтшыл  дер,  одан  сескенбеу  керек» 
дегенді Сəкеннен басқа кім айтыпты, кім жазыпты? Сəкен 
ой-пікірінің жанды, тірі екендігі осыдан-ақ көрінеді.
Қазақты  өркениетті  елдердің  қатарына  қосуға  талап-
танғандар, тілегендер өте көп қой. Бірақ «Енді бір жиырма 
жылдың  ішінде  қазақ  өнерлі  халықтардың  қатарына  кіруі 
керек.  Қазаққа  оқу  бұрын  бір  мəрте  керек  болса  енді  мың 
мəрте  керек.  Оқусыз  қазақтың  болашақтағы  күні  қараңғы. 
Елдің  атқа  мінген  бастықтары  оқу  ісіне  жəрдем  қылма-
с аң – кейін жас буынның мың лағынеті айтылады... Ісіңмен, 
күшіңмен,  тіліңмен  болса  да  оқу  ісіне  жəрдем  қылмасаң – 
кейінгі  жас  буынның  қолы  жағаңда  кетеді»  деген  жан 
сөзін  айтқан  мемлекет  қайраткерлері  қазақтың  арғы-бергі 
тарихында  көп  пе?  Бар  мектептерін  жаптырып,  елді  бөгде 
тілде мəңгүрттендіргендерді қалай ұмытамыз, сондайларға 
қалай жүрегіміз жібімек. Сəкеннің тірлігі де осында, ол əлі 
күрес майданында.
Əрине,  бұл  ұлт  қамындағы  мемлекеттік  қайраткерлік 
болса,  жалпыға  бірдей  салада  да  Сəкен  бастаған  игі  істер 

293
толып  жатыр.  Жұмысшылар  жасағын  құрау  үшін  өндіріс 
орындарын, əсіресе, Екібастұз сияқты алыптарды көбейту, 
завод-фабрикаға жақындау жайындағы ойы бір төбе.
Қазақтың  ата-кəсібі  болып  табылатын  мал  шаруа шы-
лығын  асылдандыру,  кооперациялық  негізде  дамыту  жа-
йындағы  ойын  бүгін  жатсына  қоймасақ  керек.  Сəкеннің 
қоғамдық  жəне  мемлекеттік  қайраткерлігі  бір-бірімен  ас-
тасып,  бірін-бірі  толықтырып  жатқанына,  сөзі  мен  ісінің 
арасында  алшақтық  болмағанына  тарих  куə.  Бұл  –  Сəкен 
азаматтығының  ең  бір  ажарлы,  жарқын,  сирек  бітімді 
келбеті.  Сəкен  осымен-ақ  қазақ  тарихында  жарқырап  кө-
рінері сөзсіз. Бұл тұрғыда əрідегілерді былай қойғанда кең-
естік  заманда  жасаған  қайраткерлердің  қай-қайсысымен 
болса да иық тірестіріп қатар тұра алатыны, айырықша қа-
дір-құрметке бөлене алатыны даусыз.
Сəкеннің  өзі  теңдес,  əсіресе,  өзімен  құрдас  Тұрар 
Рысқұлов  пен  Сұлтанбек  Қожановтан  ерекшелігі – жұрт 
мойындаған,  тарих  растаған  ұлы  ақындығы,  өте  қуатты 
реформаторлығы.  Өлеңді,  қара  сөзді,  мақаланы  дарын-
дымын  деген  қазақтың  көбі  жазған,  бірақ  олардың  Сəкен-
дей  жарқырап  дара  көрінгені  сирек,  аз.  Сəкеннің  ақын-
дығына,  жаңа  заманға  лайықты  жаңашылдығына  Тұрар 
да,  Сұлтанбекте,  Смағұл  да,  Ахмет  пен  Мағжан  да 
шүбə келтірген емес. Олар идеялық жағынан əрқилы ойда 
болғанымен, бір-біріне артық-кем пікір айтқанымен ірі та-
лант екендігін жоққа шығарған емес. Ұлы дарындарымыз ды 
жан-жақты  зерттеген  уақытта  олардың  бойына  сыйымды, 
еңбегіне  татыр  теңеулерді  азаматтық  жауапкершілікпен 
айт қан  орынды.  Бірақ  ұлттық  «қасиетіміз»  бой  салысты-
рып, ой жарыстырып, бір кебісті бір кебіске сұғып отыруға 
дағдыланғандықтан көзді жұмып жіберетін сəттер, əсіресе, 
соңғы  кезде  көбейіп,  даңғазаны  күшейтіп  барады.  Осыдан 
сақтанған дұрыс.
Сəкеннің  ақындығы  жөніне  келгенде  түйіп  айтар 
тұжырым:  ұлы  ақын,  басын  тауға,  тасқа  да  ұрған  керемет 
жаңашыл,  төңкерісшіл  дауылпаз  ақын.  Қазақтың  жаңа 
жазба  əдебиетіне  негіз  қалаған  Абайдың  жаңашылдық 
рухы,  əсіресе,  Сəкенге  жұққан,  Сəкенде  күшті,  сондықтан 
ол  қазақ  əдебиеті  дамуындағы  социалистік  реализм  деп 

294
аталатын  кезеңнің,  дəуірдің  бастаушы  серкесі  болды. 
Мұны Сəкен ешкімнен сұрап алған жоқ өзінің құдай берген 
ұлы  талантымен  тарихтан  тартып  алды.  Тілейік  мейлі, 
тілемейік мейлі, Сəкен қазақ-совет əдебиеті деп аталатын 
бағыттың  негізін  қалаушы  болды,  соның  ұраншысы, 
жаршысы болды. Ол қате болған күннің өзінде де тарихи 
құбылыс  екенін  қысыр  тілеулердің  өзі  жоққа  шығара  ал-
майды, диалектика заңдылығын өзгертуге ешкімнің дəр мені 
жеткен емес, жетпейді де...
Сөзіне  жауапты,  бағаға  сараң  Ғабит  Мүсіреповтың 
Сəкен  «жаңа  əдебиет,  жаңа  мəдениет  дегеннің  бағытын 
жапа-жалғыз  белгілеген  адамымыз  деуге  болады.  Сəкенді 
біз совет əдебиетінің негізін қалаушы деп айтатын болсақ, 
ең  алдымен  Сəкеннің  сол  майданды  жалғыз  басқарып,  со-
вет  ұранын  жалғыз  көтергендігін  ескеруіміз  керек.  Сəкен 
ұлтшылдық  ықпалында  жүрген  адамдарды  оңай  тəрбие-
леп  аламын  деп  ойламаған  кісі.  Сондықтан  əдебиеттегі, 
мəдениеттегі жаңа бет алысты тезірек ұғынып, қолға алып 
келген жастар болуы керек деп үміт артқан сияқты. Сəкен 
қазақ  совет  əдебиетінің  туын  көтеріп  шыққанда,  қасында 
болғаны  əлгі  жастар.  Сəкеннің  өзі  үлкен  ақын.  Əсіресе, 
жазғанынан гөрі өзінің жаны үлкен ақын адам болатұғын... 
Тұла  бойы  тұнып  тұрған  ақындық  еді,  қара  тырнағына 
шейін ақындық үшін жаратылған жан еді.
Мен  Сəкеннің  өлеңдерінен  кейде  ырғақ  жағынан  бол-
сын, ой мен түр жағынан болсын кемшілік таба аламын осы 
кезде, бірақ Сəкеннің кісілік жаратылысында бір кемшілік 
жоқ  деп  ойлаймын.  Сондықтан  мен  Сəкенді  басқалардан 
ерекше бағалаймын» («Жалын», №5, 1988) дегенін ілтипатқа 
алу елдіктің де, парасаттылықтың да белгісі болмақ.
Сəкеннің  бұдан  да  басқа  өнерпаздығы  толып  жатыр. 
Халықтық  «Көкшетау  «əні,  жігіт  өлең  «Тау  ішінде»,  жан 
тебірентерлік  «Ақсақ  киік  «сынды  əндерді  шығарған 
сазгерлігі,  Затаевичке  тартып  берген  домбырашылығы, 
бабына  келтіріп  əн  салатындығы,  ешуақытта  өтірік  айта 
білмеген  шыншылдығы,  ешкімнің  ала  жібін  аттамаған 
адалдығы, айтқан сөзіне берік, табандылығы, «адам ретінде, 
мемлекет  басшысы  ретінде,  ешкімге  жақсылықтан  басқа 
ешнəрсе  ойламайтындығы» (Ғ.  Мүсірепов),  мəрт  мінезі, 

кең  пейілі  сияқты  қасиеттерді  Сəкеннің  өн  бойынан  да, 
парасатты  қайраткерлігінен  де  көреміз. «Шығармаларына 
біткен сезімнің барлығы да айқын, ашық, жалқы емес, тұтас 
бітімді  жоталы  тұлғадан  туатын,  бүтіндігі  бар  сезімдер 
Оның  шыншылдығы  қозып-жанып  отыратын,  буы  білініп 
тұрған  барынша  шын  сезім,  шын  жүрек  шыншылдығы. 
Ылдиы  бар,  өрі  бар  шын  өмір  жолы,  ыстық  қанды  Нағыз 
Ақындығынан» да (М. Əуезов) көреміз. Сондықтан Сəкеннің 
қазақ  халқының  тарихындағы,  əдебиеті  мен  мəдениетін-
дегі  ерекше  биік  орнына  дақ  түсірмей,  қараулық  жасамай, 
адамгершшік,  азаматтық  өреден  көрінуге  тиіспіз.  Мұны 
саналы да, санасыз да, басшы да, қосшы да мықтап ұғып, 
асылдарымызды  орны-жөнімен  ардақтап,  құрметтей 
білейік.
«Халық Кеңесі», 
№143, 28.09.1994 жыл.

296
ДАЛА ДАУЫЛПАЗЫ
Серік ҚИРАБАЕВ, академик
Сəкен Сейфуллин!
Қазақ  халқының  аса  бір  мақтаныш  ете  аузына  алатын 
есімі бұл! Туған халқымыздың игі тамаша қасиет-сипатта-
рын, ұлттық мінез-құлқымыздың жарқын көріністерін бүгін 
əркім-ақ  осы  бір  азаматтың  бойынан  тауып,  сүйсінгендей, 
мейірленгендей.
Сəкен  дала  дауылпазы.  Ол  бүкіл  Россияны  дүр  сілкін-
дірген Октябрь дауылы мүлгіп жатқан даланы да орнынан 
көтеріп оятқанда бостандық, бақыт үшін күрестің алдыңғы 
шебінде болды. Жаңа жолдың киындығы оны қайыстырмады 
кайта  ол  желге  қарсы  бетін  түзеп,  өршелене  қанат  қаққан 
қыранша қарыса түсті.
Шақырыңдар,  арттағы  ұйықтаған,  именшек  бақыт 
жолын білмейтін бауырларыңды!
Шақырыңдар, арттағы құлдықта жүрген бауырларыңды? 
Қосыңдар дауыстарыңды!
Күшті дауыстар мен қызу əн жаңғыртсын дүниені!
Жаңғыртыңдар,  жаңартыңдар  ескі  дүниені  қиратты  ер 
жастар!
Күш  артынан  артына  бұрыла  жар  салған  жалынды 
ақынның  осы  күшті  əні  күні  бүгінге  дейін  əркімнің  ақ 
құлағында.
Сəкен Сейфуллин қазақ совет əдебиетінің іргетасын қа-
лаушысы есебінде бар жанрда қалам тербеді, От, əрі жалын-
ды ақын, əрі кең тынысты прозаик, əрі шебер драматург, əрі 
білгір əдебиет сыншысы. Сəкен - қазақ əдебиетіндегі «Тар 
жол  тайғақ  кешу»  сияқты  кең  құлашты  дүрмекті  оқиғалы 
тұңғыш романның авторы. Сондықтан қай жанрда болсын 
біз ең алдымен аузымызға Сəкен атын аламыз.
Сəкен – ақын  Сəкен – революционер,  азамат,  патриот. 
Оның  есімімен  қатар  аталатын,  тіпті  бөлінбес  біртұтас 
ұғымға айналған осы сөздерді тудырған социалистік рево-

297
люция. Сəкеннің ақындық, азаматтық өмірі – осы халықтық 
сыпаттардың  жиынтығы.  Азамат  ақынның  орыс  достары-
ның  бірі,  белгілі  жазушы  Галина  Серебрякова  мұны  əдемі 
айтты: «Алатау  тəрізді  соншама  ғажап  жəне  алып  тауды 
мен  бұл  дүниеде  көрген  емеспін.  Қазақстанда  барлығы 
да  шетсіз-шексіз,  ұланғайыр  жəне  бай  құнарлы  жері  мен 
мыңғырған мал отары да, таусылмас қазынасы мен арқырап 
аққан  өзендері  де,  сені  сұлулығымен  таңқалдырған  таула-
ры да, ең бастысы, табиғат дарынды аямай берген адамдары 
да – бəрі ғажайып.
Мен  Сəкен  Сейфуллинді  осы  Қазақстанның  кішкентай 
бір бөлігі деп ұқтым. Жəне өз халқы мен еліне жан-тəнімен 
берілген үлкен азамат екенін білдім», – деп жазды ол.
Я, ол туған халқының бір бөлігі еді, ұшқыны еді. Сон-
дықтан да қазақ көргің келсе, Сəкенді көр, оның ер мінезі 
мен сыршыл сезімталдығын білгің келсе Сəкенге бар, қазақ 
өнерін танығың, түсінгің келсе, Сəкенді тыңда, оқы дер едік.
Ол туған халқымен бірге өсті, бірге жаңарды.
Ол  патша  үкіметі  құласымен-ақ  революцияның  от-жа-
лы нына  араласып  əлеуметтік  күрестің  жуан  ортасында 
жүрді. «Ер қаруы – бес қару», дегендейін, Сəкен күрес үс-
тінде  ақын  қаламы  мен  жауынгер  мылтығын  қоса  ұста ды. 
Мылтығымен  оқ  атса»  қаламымен  өлең  боратты.  Дауыл 
көтеріп,  төтеп  тұрған  далада  тез  тараған  алғашқы  ащы 
дауыс – Сəкен өлеңдері еді.
Азамат, жүнжіме жүрме бос.
Қол ұстас, бірігіп тізе қос,
Ту ұстап дұшпанға барайық,
Теңдіктің ұранын салайық, 
Тізесін батырған залымнан
Күн  туды – біз  теңдік  алайық! – деп  жар  салды  бұл 
өлендер.  Əн  болып  тарады.  Ауылды  күңірентіп  күреске 
үндеді.
Ақынның  өз  басы  дұшпан  тұтқынында  жатқанда  оның 
өлеңдері ауылына жетіп, шаруаларды күреске үгіттеп жатты.
Сəкен  өмірі – жаңарып,  түлеп  өскен  туған  халқының 
өмірі.  Оның  қызметінің  өлшемі – халыққа  пайдалы  болу. 
Сондықтан  Сəкен  бар  тіршілігін,  жан-тəнін,  ерік,  санасын 
еліміздің жарқын болашағы жолына жұмсады.

298
Сəкен тап мүдделерінің түйіскен шағында атқа мініп, бар 
өмірін күреске арнады. Туған халқына түзу жолдан бұрып 
əкетуге  тырысқан  ұлтшылдықпен  аянбай  жұлқысты.  Ұлы 
орыс халқымен қол ұстаса отырып жаңа қоғам орнатуға бет 
алған жас қазақ республикасының басшы қызметін атқарды.
Екі  қоғамдық  құрылыстың  бетпе-бет  келген  кезеңдегі 
аяусыз  күрестер  Сəкеннен  революцияға  тəн  тенден ция-
лылықты  талап  етті.  Ақынның  бүкіл  творчестволық  мұра-
сына  тəн  жауға  мейірімсіздік  ымыраға  келмейтін  қарыс-
палық пролеприат күресі жолына жан тəнімен берілуішілік 
қасиеттері  осы  заман  тенденциясынан  туған  еді.  Оның 
шығармаларын  оқысаң  Сəкеннің  іштей  ылғи  біреумен 
айтысып,  сөз  жарыстырып  отырғанын  көресің.  Табиғат ты 
жырласа  да,  еңбекке  деген  жаңаша  көзқарас  пен  техника 
жа ңалықтарын тамашаласа да, советтік құрылыстың табыс-
тарын  мадақтаса  да,  ол  өзіне  қарсы  жақтың  позици ясын 
сынап  шенеп  өз  тенденциясын  аша  түседі.  Осының  бəрі 
көркемдік творчестводағы ұлтшылдықпен жарыс талас еді. 
Ұлтшыл  ақындардың  туған  даласын  өлікке  теңеген  қара 
жамылған  күңгірт  бейнеде  көрсеткен  өлеңдеріне  қарама-
қарсы  Сəкен  жаңарған  даланың  жарқын  көріністерін  бей-
неледі.  Паровоз  бен  автомобиль  даусының  қыр  қазағын 
ұйқыдан оятқанын суреттейді.
Революция мүддесіне қалтқысыз берілуден туған твор-
честволық  принциптер  əдеби  шығарманың  əсерлілігі  мен 
үгітшілігі  үшін  күрес  дұшпанды  аямай  əшкерелеу,  жаңа-
лықты  бар  дауысымен  жыр  етіп  мадақтау  ұраны  заман 
талап арының  дəрежесінде  болудан  туған  барлық  мақсат 
мұраттар  Сəкенді  ұлы  орыс  ақыны  Владимир  Маяковский 
жолына алып келді. Осы жайлар революцияның екі көрнекті 
ақынын табыстырды, туыстырды.
Советтік  заманның  жаңаша  бейнесін  жасау  сияқты 
қазақ  поэзиясы  үшін  тың  проблеманы  көтеру  жəне  оны 
тапқырлықпен шешу міндетін де Сəкен осы талмай іздену 
нəтижесінде  атқарды.  Қазақтың  асау  тұлпарының  шабысы 
өлшем  бола  алмай  қалған  қоғам  дамуының  жедел  қарқы-
ны на лайық образ экспресс екенін ұқты ол. Ырғалып, баяу 
қозғалған  қазақ  көшінің  жүрісіне  өлшеусіз  қарқын  қосқан 
жаңа заманның екпінді ақын қиялын ұштады. «Советстан» 
поэмасы  Сəкеннің  осы  ізденуінің  сəтті  бастамасы  болса, 
«Альбатрос»  шыңы  еді.  Мұнда  революциялық  күрестер-
ден қажымай, талмай өткен совет халқы оның бастаушысы 

299
Коммунистік партия мен ұлы Ленин үлкен теңіздерде желге 
қарсы қарыса ұшқан дауылпаз құс – Альбатрос бейнесінде 
суреттеледі. 
Сəкеннің өлеңдерінің лирикалық кейіпкерін тудырған да 
осы заман, аталған жайлар. Бұл кейіпкердің аты – күрескер 
ақын.  Қай  өлеңді  оқысақ  та,  қай  əнді  тыңдасақ  та  халық 
қамында тынбай күресіп жүрген қажырлы тұлғаны көреміз. 
Оның  бойы  толған  күш.  Қайраты  тасқын  судай,  айбаты 
күркіреген бұлтты аспандай, екпіні асау тұлпардай, серпіні 
тас түлек сұңқардай, қиялы шексіз, талабы үлкен. Ол:
Қиырсыздың қиырына жетейік,
Өлшеуі жоқ көк мұхиттан өтейік.
Аспандағы алыс қызыл жұлдызды
Жерге əкеліп, жердің көркі етейік!
Шешілмеген ескі жұмбақ шешейік!
Жерді, аспанды тынбай жүзіп кешейік.
Сансыз қиын бөгеттерді жолдағы
Қиратайық, уатайық, кесейік.
Асуы жоқ асулардан асайық,
Ашылмаған тас қақпаны ашайық,
Болмағады болдырайық дүниеге,
Жаңа тұрмыс қара жерге жасайық! – деп жар салады.
Сəкеннің  лирикалық  кейіпкері – жалаң  күрестің  ғана 
адамы емес, сонымен бірге адамгершілік сипаты, сыр-сезімі 
мол, ұлы жүрегі бар, адамзатты, өмірді беріле сүйген ақын. 
Оның  үнемі  алабұртып,  алып  ұша  бермей,  бəсеңсіп  сыр 
айтар  шағы  да  болады. «Қолыңда  жемің  барда  топырлап» 
маңыңды босатпайтын, «жем таусыла жалт беретін» тауық-
тарға наразы болып, сыр сандығын ақтарар дос аңсайтыны 
тағы бар.
Сəкен  бойындағы  сезім  сұлулығы  ақынның  өзі  шексіз 
сүйген өмірдің əсемділігінен, байтақ қазақ даласының сыры 
мен шындығынан туған еді. Ол осы əсемдікті бұзушыларды 
жек көрді. Аққу мен бала киікке атылған оқ ақын ұғымында 
сұлулыққа атылғандай еді. Мұның бəрі Сəкеннің гуманистік 
ой-пікірлерін, өмір танымын аша түседі.
Сəкен – эстетикалық  талғамы  күшті  ақын. «Аққудың 
айрылысуы», «Сыр  сандық»  жəне  басқа  өлеңдері  осыны 
байқатады.  Ол  əн-күйді,  сұлу  табиғатты  мейлінше  сүйген, 
шабыттана  жырлаған  «Көкшетау»  поэмасы – осының 
айғағы.  Көкшенің  көркем  табиғатын,  алуан  түсті  таулары 
мен  айнадай  жарқыраған  күміс  көлдерін,  қарағайлы  ну 
орманын,  көлдегі  құстарына  шейін  əсем  түсініп,  əсем 

жырлаған  Сəкен  шығармасы  халық  жаттап  алған,  өлмес 
мұралардың бірі.
Сəкеннің  орыс  əдебиетімен,  Маяковский  дəстүрімен 
бай ланысы  ұлттық  поэзияның  шеңберін  кеңейтуге,  өрісін 
молайтуға,  сөйтіп  жаңа  заман  талаптарына  жауап  бере 
аларлық жаңашыл поэзия жасауына негіз болды.
Сəкен  Сейфуллиннің  өмірі  мен  творчествосы – тек 
қазақтың  ұлттық  мəдениетінің  ғана  емес,  бүкіл  советтік 
көп ұлтты мəдениеттің мақтанышы, лениндік ұлт саясаты-
ның жемісі. Сəкеннің ақындық, революцияшылдық жолын 
кезінде  біздің  туысқан  халықтар  əдебиетшілерінің  көбі-
ақ  үлгі  тұтты.  Жазба  əдебиеті  революциядан  кейін  туып, 
тек  Октябрь  əсерімен  қолына  қалам  ұстаған.  Қырғыз-
дың  алғашқы  əдебиетші  жастарына  тигізген  Сəкен  əсерін 
қырғыз  əдебиетінің  бүгінгі  ақсақалы  Аалы  Тоқамбаев  аса 
бір  ілтипатпен  еске  алады.  Ол  өзін  Сəкеннің  шəкірті  са-
найды.  Қырғызстандағы  ұлтшылдық  ағымға  қарсы  күрес 
үстінде  ол  Сəкен  жолын,  оның  үлгісін,  күрес  тəжірибесін 
пайдаланғанын  мақтан  етеді.  Туысқан  қарақалпақ  əде-
биетшілерінің  Сəкенге  деген  сезімін  Ж.Аймырзаев  та 
жылы  əңгімелейді.  Сəкен  өзбектің  революционер  ақыны 
Хамза Хақим – Заде Ниязимен қатар, əдебиетінің классигі 
Ғалымжан  Ибрагимовпен  достық  қатынаста  болған.  Бұ-
ларды  да  табыстырған  əрқайсының  өз  халқы  алдында 
атқарған ұлы қызметі еді.
«Ең  бір  шешуші  кезеңдерде  халық  мүддесінен  шық-
қан, сол жолдағы қиыншылықтан қорықпаған адам – шын 
батыр» деген Юлиус Футчик. Сəкеннің туған халқымен ара 
қатынасын белгілеген осы сыпаттары. Елі оны еңіреген ер 
деп ұқты. Ол қазақ халқының ұлттық қаһарманының біріне 
айналды.  Сəкен  туралы  ел  арасында  қаншама  аңыз,  жыр 
өлең  əңгімелер  туды.  Бүгінгі  жазушыларымыздың  көбі-ақ 
Сəкен  есімін  қызыға  атап  оның  жарқын  бейнесін  жасауға 
талаптануда.  Сəбит  Мұқанов  пен  С.Талжановтың  əзірге 
жарық көрген еңбектері – Сəкен туралы əдебиеттің алғаш-
қы  қарлығаштары.  Жеке  адамға  табынушылық  кезінің 
əрекеттері  де  Сəкенді  халық  қиялынан,  ойынан  өшіре 
алған  жоқ.  Қайта  қиыншылық  «Сəкен», «халық», «ақын», 
«ер»  деген  ұғымдарды  біріктіре  тұсты.  Бұл – тұтас  ұғым, 
бөлінбес сөздер. Сəкен, туған халқының өр ақыны, далада 
туған революция дауылпазы.
«Қазақ əдебиеті» газеті
23 май, сенбі, 1964 ж. N23.

301
СƏКЕН АҒА
С. Сейфуллиннің туғанына 
100 жыл толуына орай
Ғафу ҚАЙЫРБЕКОВ
Иə, мейлі 100 болсын, мейлі 1000 болсын, бір халықтың, 
бір ұлттың мəңгілік ағасы болып қалатын адамдар болады.
Ол – сол халықтың есімі секілді, оны айтсаң халық, ха-
лықты айтсаң ол əрқашан еске түседі.
Сəкен  Сейфуллин  біз  үшін  осындай.  Мысалы, 
Абай  аға,  Ахаң  (Ахмет  Байтұрсынов),  Сəкен  аға,  Би 
аға  (Бейімбет  Майлин),  Мұқаң,  Сəбең,  Ғабекең  десек, 
оларды  кеміткендік  болмайды,  бірақ  халықтық  əрекет, 
мінез,  істелген  іс,  өзімен  тағдырлас  ұлдарды  айырықша 
сыйлау  үшін  бе  екен,  анық  болжау  қиын,  өйткені  халық 
сыры тұңғиық сыр ғой, оны түгел білу қиын жұмыс.
Сəкен  Сейфуллин  туралы  оның  өз  ғұмырында  халық 
құрметін  көзі  тірісінде-ақ  көріп  үлгерген.  Қысқа  уақытта 
ұзақ қадірін ол естіп, біліп кетті. Оның өзге қайраткерлерден 
айырмасы,  негізінен  осы.  Оның  емін-еркін,  ерке  тəкəппар 
болып  көрінуінде  де  жаратылыстағы  тектілік,  парасатты-
лық, биіктіктен басқа тағы да осындай елге, мемлекетке сі-
ңірген  еңбегінің  де  үлкен  қанағат,  артықшылық  жағда йын 
іштен  мойындағандығынан  еді.  Жұрттың  көзіне  ол  асқақ, 
тым  биікте  тəкəппар  болып  көрінетіні,  айбындылығы  əсте 
де  жасанды  емес,  барынша  табиғи  қасиет-жаратылыс  пен 
өмірдегі  зор  еңбек  екеуі  қосылып  жасаған  мінез  еді  ол. 
Адамдарды өзіне табындыратын ерекше дарын, қабылетпен 
қоса, осы күнгі біз айтып жүрген əруақтылық, тəңірге ұқсас 
жұмбақ құдіретті айырықша айтып өтуіміз керек.
Осының  барлығы  қосылып  «Сəкен  аға»  дегізетін,  бар-
лық ұрпаққа солай сіңіретін заңдылықты айтады.
Сəкен  туралы  жоғарыда  айттым,  көзінің  тірісінде  де 
оның  жазғанына  пəлен  жыл  деген  секілді  тойларының 

302
тұсында халық атынан да, замандас ірі жазушылар атынан 
да адал пікірлер айтылды. Ол сол кезден ешқандай əмірші-
көсемінің, уақытша құдайсымақтардың атынан айтқан жоқ, 
тек Сəкенді айтты, оның көсемдігі сонда-ақ көрінген еді. Ал 
кейін  ширек  ғасырдан  соң  Сəкен  аты  қайта  жарқырағанда 
да – ол  сондағы  халық  көңіліндегі  тұғырдан  түспегендігі 
тағы көрінді. Халық тағы да, енді шамасы біржолата «Сəкен 
аға» деуге көшті. Сөйтіп «Сəкен аға» деген атау ұрпақтан-
ұрпаққа  көшетін  болды,  мейлі  кейінгі  немере,  шөбере, 
шөпшегі қаптаған қазақтың жас мөлшеріне қарамастан бəрі 
де «Сəкен аға» деп кететін болады.
Менің бұл қысқа сөзімде Сəкеннің сан салалы қызметі 
мен  қайраткерлігінің  ең  алдында,  яғни  «Сəкен – ақын», 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет