Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы


Т.К. Жиырма тоғызыншы жылы ғой... Ғ.М



Pdf көрінісі
бет15/22
Дата14.02.2017
өлшемі2,02 Mb.
#4133
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22

Т.К. Жиырма тоғызыншы жылы ғой...
Ғ.М.  Иə,  иə.  Сонсын  аяғында,  менен  сол  қолжазбаны 
Сапарбеков сұратып алды. Ол сол кезде Крайкомның үгіт-
насихат жөніндегі секретары болатын. Оқып шығып «жақсы 
екен, бірақ басуға болмайды», – деді. Екі жылдан соң Ахмет 
қайтадан  ұсталып  кетті  ғой.  Кейін  материалды  Мемлекет 
қауіпсіздік мекемесі қайтарып алды.
Т.К.  Ал  енді  осы  мекемеде  жатқан  архив  дүниелері 
көп.  Сəкеннің,  Бейімбеттің,  Ілиястың,  тағы  басқа  да 

280
көптеген  адамдардың  дүниелері.  Солардың  ешқайсысын 
қайтармайды,  соңына  түсіп  көрдім.  Жазушылар  одағы, 
мəдени  мекемелер  болып,  соларды  қайтаратын  жағдай 
жасауға болмай ма? Біз шаршадық, ол тарапқа бара-бара.
Ғ.М. Меніңше, қайтарып алуға болар еді. Ол қолжазбалар, 
кітаптар  неге  керек  оларға.  Ғылыми-əдеби  қолжазба  ғой, 
кінəлайтын документ болса, мəселе басқа. Айтып отырмын 
ғой.  Бейімбеттің  «Қызыл  жалау»  романының  қолжазбасы 
сонда,  тағы  бір  пьесасы,  либреттосы  кетті.  Олардың  аты 
менің  бір  жазғанымда  болу  керек.  Солардың  енді  ешкімге 
керегі жоқ, кінəлайтын документ емес. Соларды біздің жігіт-
терден ізіне түсіп, сұрап алып жүрген кісі жоқ қой деймін.
Т.К. Мен талай рет талпынып ем, бірақ жолатпады ғой 
маңына.
Ғ.М.  Сендерге  енді  частное  лицо  деп  берілмейді  ғой. 
Мы салы,  Мұхтардың  материалдарын  алдыру  қиын  емес. 
Мына  музейі  бар,  оған  сұрап  алу  қиын  болмайды.  Ішінде 
саяси бірдеңелер болмаса, олардікі қайтарылуға тиіс. Əде-
биет  музейін  құрамыз,  үй  салдырып  береміз  деп  жүр  ғой. 
Сонда  алдыруға  болар,  əзірге  сонда  жатқанының  өзі  теріс 
болмас.
Т.К  Сосын,  Ғабе,  мынадай  тағы  бір  сұрақ  ойға  ора-
лады.  Отыз  екінші  жылы  Алашордаға  ұлтшылдық  қоз ға-
лысқа  байланысты  үлкен  жиналыс  болды.  Оған  дейінгі 
зерттеулерде,  əдебиетте  Октябрь  революциясына  дейінгі 
ұлтшылдық  қозғалыстың  ептеген  оңды  рөлі  болды  деген 
көзқарас  айтылушы  еді  ғой.  Сол  жиналыстан  кейін,  тіпті 
олар  шешесінен  туғаннан  бастап  ұлтшыл  болды  деп  та-
нылып суреттеліп жүр. Осы көзқарас күні бүгінге дейін сақ-
талып келеді. Бұл жөнінде пікіріңіз қандай?
Ғ.М.  Байқайсың  ба,  патшалық  құрылыс  тұсында  қазақ 
даласы өзінің мəдениеті, əдебиеті, тұрмысы жағынан оқшау-
лықта болды.
Вельяминов-Зернов,  Алекторовтардың  материалдарын 
оқығанда,  өзгені  былай  қойғанда,  солардың  өздерінде 
үстірттік  аңғарылады.  Демек,  бұл  елдің  ішкі  дүниесінің 
жа сы рылып  жатқан  жері  болған.  Сонан  соң  Алтынсарин, 
Шоқан сияқты адамдар бұл елдің ішкі дүниесін ашып, бəрін 
жарқыратып  береді.  Олай  емес,  былай  деп  ашады.  Елдің 

281
ішкі  жағдайын  сипаттаудағы  əлгіндей  үстірттіктер  қазақ 
интеллигенциясында  оқшауланудың  орын  алуына  белгілі 
бір дəрежеде ықпал етпей қалған жоқ. Осы жағдай «Қазақ» 
газетінің  айналасындағылар  кейде  ұлтшылдықты  айтам 
деп көбіне-көп демократиялық нəрселерді соғып отырады. 
Сұлтанмахмұттың  «Социализм»  деген  мақаласын  білесің 
ғой.
Т.К. Иə, білем.
Ғ.М.  Соның  ішінде  социализмнен  ештеңе  жоқ  қой. 
Идеясы  бар  сияқты  басында, бірақ ешнəрсені  анықтай  ал-
маған.  Сол  сияқты  изолированная  интеллигенцияның  көп-
шілігі  басқа  партиялардың  əсіресе  коммунистік  мағына-
дағы  ықпалдарда  болған  жоқ  қой.  Интеллигенцияның 
көп шілігі ол кезде байлар табынан, дəулетті топтан шықты. 
Тіпті сол Сəкен де кедейліктен барып оқыған жоқ. Білдіңіз 
бе?!  Ол  орта  шаруаның  баласы,  байдың  баласы  емес.  Сол 
кезде шамасы келгендер оқыды. Сонсоң «осы біздің елден 
біреу неге оқымайды?» – деп намыспен оқытқандар да бар. 
«Мынау адам болады, сол барсын деп» оқытқандар болды.
Əр кезде əр заманның алдында ақын тұрады, ақынның 
алдында заманы тұрады, соны бірден түсіне кету оңай нəрсе 
емес.  Мəжит  Дəулетбаев  Петропавлдың  мещаны  ғой,  ол 
үшін совет өкіметі ме, басқа өкімет пе, оған түк есеп емес еді. 
Көп  адамдар  бірге  қосылғанымен,  жаңа  идеяларды  бірден 
түсініп кете алған жоқ. Ешкім де туғанда молда болып та, 
батырақ  болып  та  тумайды,  өсе  келе,  белгілі  көзқарасты 
берік ұстай алатын дəрежеге жетеді. Ал бізде жаман сола-
қайлықтың зияны сол болды, басынан-ақ «идейный» болуды 
талап етті. Мен Бейімбет пен Ілиясты азапқа салды дегенде 
сондайларды аңғартамын. Сол жаман, солақайлық ұзақ жа-
сады. Мысалы, «Мен тоқсанмен біргемін» дейтін Мағжан да 
бізге жақындап қалған кісі еді. Сол кезде оған іші жылыған 
адам болмады ғой. Ал Жүсіпбектің «Қартқожасы» – біздің 
прозада жұмысшы адам жайындағы бірінші əңгіме. Сонсын 
«Ақбілек», мысалы, керемет нəрсе еді. Сол дүниелер қазір 
қайда екенін білмеймін. Жүсіпбек бұдан басқа да он шақты 
пьеса жазды. «Ревизорды» аударды. Сонсын оны «Мұхтар, 
осыны  сен  редакциялап  бер  театрға» – деп  Жүргеновтің 
уақытында тапсырған болатынбыз. Жүсіпбектің аудармасы 

282
жаман  емес  еді,  бірақ  Мұхтардың  қолы  тиді.  Сол  аударма 
бəлкім, Мұхтардың музейінен табылып қалар. Сонсын аты-
жөні есінде жоқ, бір автордың «Исатай-Махамбеті» болуы 
керек. Мұхтардың музейінде.
Т.К. Ілияс Жансүгіровтің бе?
Ғ.М. Жоқ. Ол да болуы керек. Ол кейін ғой. Одан бұрын, 
ана Ақтөбенің бір ағартушысы жазып, «Қаракөзбен» бірге 
ол да бəйге алған. Аты аузыма түспей жатыр.
Т.К. «Шернияз» деген пьеса болған.
Ғ.М. «Шернияз» Аймауытовтікі еді ғой. Ал «Исатай-Ма-
хамбеттің» авторы ауырып, қайтыс болды ертерек. Мұх тар 
екеуі 1922 жылы бəйгені бірге алған екен. Мұхтар – «Қара-
көзге», анау «Исатай-Махамбетке».
Т.К. 25-ші  жылы  шығар,  театр  ашылар  қарсаңында. 
Сон сын осы күнгі Абай қыстауының қасында Мұхтар ауы-
лының жері бар.
Т.К. Əуез Қожаның.
Ғ.М  Əуез  Қожаның.  Оны 22-жылы  алып,  сол  жылы 
қыстаған  екен.  Бұл  кезде  Мұхтар  партия  мүшесі  Семейде 
губисполком болғаны бар. КазЦИК-те секретарь да болған 
уақыты  бар  оның. 1945 жылы  Абайдың  жүз  жылдығына 
бар ғанда, біз он шақты күн сол арада қалып қойдық. Өзінің 
қыстауына апарып көрсетті. Үйлерінің орны жатыр. Керемет 
жақсы жер екен. Ат тұратын қорасын да көрсетіп еді.
Т.К.  Ғабе,  осы  ойды  түйіндеген  уақытта,  əлі  де  кедер-
гіге  кездесіп  жатқан  адамдардың  мұрасы  жөнінде  қандай 
шаралар қолдануымыз керек деп ойлайсыз?
Ғ.М.  Бұл  енді  əлгідей  біреулер  көлденең  асылып,  бі-
реулері  қарсы  айтып,  шиелендіріп  қойған  мəселелер  ғой. 
Жазушылар  одағы  болып,  академия  болып,  ең  алдымен 
Орталық Комитеттің алдына мəселе қойылуы керек. Орыс 
əдебиетінде мұндай тұлғалар аз ба. Олардың бəрі де қазір 
кешірім алып, кейбіреулері ақталып жатыр. Бұл мəселелер-
ді  түгелдей  əділ  бағалап,  орынды  түрде  көтерсе,  шешуге 
болады.  Бұл  мəселені  көтерген  уақытта  алдымен  олардың 
шығармаларын басуға келетінін-келмейтінін анықтап, күні 
бұрын іріктеп алып басу керектігін, оған алғысөз, соңғысөз 
түсіндірме  берілу  керектігін,  əсіресе  əлгі  ұлтшылдық  сы-
ңайдағы  шығармаларының  басылмау  керектігін  айтып 

283
көтерсе, осы күні тыңдайды ғой деп ойлаймын. Анада əдемі-
əдемі иіліп келіп еді. «Союз сүйтейін деп жатыр екен», – деп 
жазушылардың  бір  тобы  ойбай  салған  соң  кедергі  болып 
қалған еді. Мысалы əлгі:
«Ертеде бар екен қалың Найман, 
Қытайға қалың Найман қанат жайған. 
Қалың Найман ішінде Бағаналы 
Қазақта бақсы асқан жоқ Қойлыбайдан», –
деп келетін нəрсе бар ғой. Қобызын қосқан, қобызы бəйге-
ден келген. Сонымен тоқтатып, аяғын кесіп тастаса. Мыса-
лы  аяғында: «Шіркін-ай,  кер  заманды  құл  қылар  ем,  бата 
алсам  Бағаналы  Қойлыбайдан», – дейді  ғой  соңында.  Ал 
енді  мұны  шын  тексерген  адамға,  осы  кер  заманның  өзі 
революцияның  алды  екен.  Көрдің  бе?  Соны  кейін  жария-
лаған дейді. Кейін жариялаған соң, баяғы біздің заман сөз 
болып тұр.
Т.К. Бұрып жіберуге болады ғой.
Ғ.М.  Бола  береді,  иə.  Сол  сияқты  нəрселер  бар.  Расын 
айтайын, солардың шығармаларын жүзеге асыруға жоғары 
жақтан  үзілді-кесілді  қарсылық  жоқ,  болған  емес.  Ал  ғы-
лым  иесі  адамдарға  ғалымдарымыз  қарсы,  əлгіндей  ақын-
жазушыларға ақын-жазушыларымыз қарсы болды. 
Т.К. Өзіміз екен ғой аяқтан тартып жатқан? 
Ғ.М. Өзіміз, өзіміз.
Т.К. Тарих əділетсіз емес, кезінде өзі айтады ғой.
Ғ.М. Тарих, əрине өзі айтады. Біржола ұмытылып кет-
пейді  ғой  енді.  Дүниеде  бір  ой  айтылу  қиын,  айтылған  ой 
өлмейді. Бірде болмаса, бірде шығады. Ал қазір жағдайымыз 
осы.  Əрине,  университет  көтерсе  де  теріс  болмайды.  Ака-
демия  көтерсе  де  теріс  болмайды.  Союз  көтерсе  де  теріс 
болмайды, бірақ жеке адамдардың араласуын енді тоқтату 
керек.
Т.К. Шаршадыңыз-ау Ғабе? Біраз шаршаттық-ау деймін 
тегі.
Ғ.М. Шаршау екі жаққа да ортақ нəрсе ғой.
Т.К.  Көп-көп  рахмет.  Бұл  біздің  ғана  жай  кездесуіміз 
болып  қоймас.  Бұл  запись  институттың  дүииесі,  т.б.  реті 

келетіндей жағдай болса, халыққа керекті сыр шертісу бол-
ды ғой деп ойлаймын.
Ғ.М. Рахмет, рахмет.
Т.К.  Сіздің  творчестволық  табысыңыздың  мол  бо лып, 
əсіресе  денсаулығыңыздың  мықты  бола  беруіне,  бильяр-
дыңызды  мықтап  ойнай  беруіңізге,  біздің  əдебиетімізге 
жаңа туындылар əкеле беруіңізге тілектестік білдірем.
Ғ.М.  Рахмет.  Бірақ  келесі  кездескенде  мені  бас  салып 
ұстап  алмай,  бір  кішкене  əзірленуге  мүмкіндік  берер сің-
 дер. Ал жарайды, жолдас. Жолаушы жүріп бара жатыр екен-
сің, жақсы материалдар тауып қайт. Сол жерлерде Сə кеннің 
айналасында болған адамдар бар. Жолың болсын!
1974 жыл, 25 шілде, сағат 11-14
30
Ескірмейді естелік. Алматы.
  
«Жазушы», 1994 жыл.

285
СƏКЕННІҢ ТАРИХТАҒЫ
ОРНЫ ХАҚЫНДА
С.Сейфуллиннің туғанына
100 жыл толуына орай
Т.КƏКІШЕВ
Тарих  əр  қайраткерге  өз  бағасын  беріп,  тиісті  орнына 
отырғызады дегенде əр кезеңде айтылған, жазыл ған ой-пі-
кірлер  ескерілетінін  естен  шығармайық.  Əр  пенденің  кө-
кейінде əрқилы ой-пікір болғанымен, айтылар кезі, сəті жəне 
айтар  адамы  болмақ.  Сол  менмін  деп  өрекпу,  əрине,  дұ рыс 
емес,  ал  менен  басқа  біреу  болуға  тиіс  дегенге  сеніп  қалу 
орынсыз. Хан айтқанды қара айтады, бірақ аузының дуасы 
жоқ демей, өтпелі замандағы аумалы-төкпелі көңіл-күй тұ-
сында ағыңнан жарылып айтқан ойдың еш əбестігі жоқ.
Қазір Сəкеннің басы саудада. Қысыр есебі барлар тарта 
сөйлеп,  тұқырта  беруге  ұмтылуда.  Оның  нақты  көріні-
сі  кешегі  Сəкен  Сейфуллин  атындағы  Ақмола  педагогика 
институтының  бүгін  жал-құйрықсыз  Ақмола  университеті 
болып сымпиып шыға келуі дер ем.
Сəкен  көзі  тірісінде  де,  қайтып  оралғаннан  кейін  де 
оңай лықпен  «өмір  сүрген»  қайраткер  емес.  Тарих  соқпа-
ғынан талай қиястықты көріп келеді.
Сонымен  кеңес  құлады,  партия  тарады,  коммунистік 
идеология  мансұқталып  жатыр.  Тарихтағы  жаңа  бет – 
кеңес заманы дегеннің серкесі де, еркесі де, жыршысы да, 
жаршысы  да  болған  Сəкенді  қайтеміз?  Оның  тарихтағы 
орны қайсы? Қандай ісін қадірлейміз, қандай əрекетін ман-
сұқтаймыз?  Тірісінде  аты  аңызға  айналып,  бір  халықтың 
мақтанышы болған Сырбай Мəуленовше айтқанда:
Өлімге жан екенсің қия алмайтын, 
Өлеңнің құшағына сия алмайтын.

286
Қазақты көргің келсе міне осы деп, 
Көрсетсе жер жүзіне ұялмайтын.
Яғни, еліміздің елдігінің ақындығының, ақыл-парасаты 
мен  сұлулығының  белгісіндей  болған  Сəкенді  сөзге  қал-
дырып,  ырду-дырду  бола  береміз  бе,  əлде  белгілі  бір  тоқ-
тамға келеміз бе?
Меніңше  биылғы  жүз  жылдық  мүшел  тойында  желдің 
өтіне,  оқтың  алдына  Сəкен  мен  Сəбитті  шығарып,  кеңесті 
құрғандардың  бəрінің  өтеуіне  бермек  ниеттен  безуге,  ада-
лануға  тиіспіз.  Тарих  ондай  зорлыққа  жол  бере  алмайды. 
Əді летін айтатындар қашанда болса табылады.
Біз  Сəкеннің  идеологиялық  кредосын  бүгінгі  таным-
білік тұрғысынан емес, қалыптасу барысы деңгейінде көр-
сетсек  қана  қоғамдық,  мемлекеттік  қайраткерлігін,  өнер-
паздық  дарынын,  ақындық  жаңашылдығын,  азаматтық 
кел  бетін  тұтас  қамти  аламыз.  Сонда  тұлғалы  тұтастықты 
кө  ріп, кезеңдік пікірді айтып, жазып жүргендердікі əшейінгі 
жел ді күнгі тозаң екенін ұғамыз.
Қазір  «эмоцияға,  қызбалыққа  беріледі,  қайдағыны  өзі 
ойлап табады» деген жалтарма сөз шықты, қисындыны еле-
меудің  айласы  шықты.  Осыншама  борасындатып  айтқан-
дарымның əшейінгі жел сөз еместігіне дəлел келтірейін.
Сəкеннің  маркстік,  яғни,  коммунистік  көзқарасы,  іс-
əрекеті жөнінде асыра айтылмаса, кем айтылған жоқ. Оны 
қазбалап  жатпай,  бүгінгі  ой  құбылысына  көз  салайық. 
«Қазақ  əдебиеті»  газеті 1992 жылы  «Қазақта  ұлттық  əде-
биет  бар  ма?  Қазақ  совет  əдебиеті  деп  жүргеніміз  қандай 
əде биет?» деген сауалдарға жауап ұйымдастырғанда «Қазақ 
совет  əдебиетінің  классиктері  қатарында  айтылып  келген. 
С.  Мұқа нов,  С.  Сейфуллин,  Ғ  Мұстафин  шығармашылы-
ғын енді қалай бағалауымыз керек? С. Сейфуллиннің негізгі 
шы ғар масы аталып келген «Тар жол тайғақ кешу» романы 
 таза  тарих  үшін  керек  болғанымен  қазақ  əдебиетінің  игі-
лік тері қатарына қосыла қояр ма?» деген (11.09.92) содырлы 
ойлар  айтылса, 1994 жылы  «Жұлдыз»  журналындағы 
мақалада  «ұлттық  ақын  ұғымын  айқындап,  орнықтыру 
үшін  ұлтсыз  ақындар – советшіл  одақшыл,  партияшыл 
батырақтар,  көлгір  интернационал  белсенді  ақындар 
жасаған  «қазақ  совет  əдебиеті»  деген  қампиған  дөкейді 
қайта сарапқа, тарих таразысына тартуға міндеттіміз».

287
Бүгінге  дейін  «Алыптар  тобын»  құрап  келген  Сəкен, 
Бейімбет, Ілияс, Сəбит, Ғабит, Ғабиден қатарлы қаламгер  -
лер  ретінде  өз  үлестерінің  шама-шарқына  қарай  тиісті 
орнын, бағасын ала береді. Бұрынғыдан əспеттеліп, «негі-
зін  қалаушылар»  ретінде  оқулықтан  оқулыққа  жөңкіле 
алмас,  өйткені,  сол  құрғыр  «негіз  дегеннің  өзі – негізсіз 
болып шықты («Жұлдыз» №5-6, 1994, 187-бет) дегендердің 
айтары  айқын  ғой.  М.  Базарбаевтың  «Біз  Сəкенді  қалай 
танимыз»  деген  бұлаңқұйрық  ой-пікірлері,  əсіресе,  совет 
заманын  «өлтіре  даттап»,  Сəкенге  ептеп  «іші  жылуы»  бұл 
проблеманы шешуге себебі тие қоюы қиын. Мұндай жағдай 
тарихшылар арасында да кездесіп жатыр.
Əрине,  бұл  мəселенің  жан-жақты  шешімін  табуға 
тиістіміз.  Қазақстанның  жақсы  болсын,  жаман  болсын  со-
циа лизмнің  заманында  жасағанын,  ойсыраған  олқылық-
тармен  қатар  тамаша  жетістіктерге  жеткенін  ешкім  жоққа 
шығара алмайтын болса, онда социалистік реализм рухын-
да  жасалған  əдебиеттен,  оның  ұлы  өкілдерінен,  негізін 
қалаушылардан  қашсаң  да  құтыла  алмайтындығымызды 
қазір анық ұғуға міндеттіміз.
Көзі тіріснде де, ақталғаннан кейін де Сəкен Сейфуллин 
төңірегіндегі əңгіме толастап көрген емес. Бұл оның бақыты 
да,  соры  да.  Бақыты  болатыны – оның  мұрасы,  іс-əрекеті 
архивке тапсырылмай, күні бүгінге дейін мемлекеттік-əлеу-
меттік тірлігімізге араласып жатуында, əлі күнге дейін оның 
айтқан  ой-пікірінің,  тарихи  деректерінің  дəйектілігі  мен 
пəр менділігінде,  бір  сөзбен  айтқанда,  Сəкеннің  кеудесін-
де  жаны,  қолында  қаламы  бар  парасатты  пенде  ретінде 
өзімізбен араласып жүргендігінде.
Ал соры болатыны – ылғи қаңқу сөздің ортасында бола-
тындығы. Ол көлденең көк аттының да, азулы арыс танның 
да, ештеңеден хабары жоқ наданның да, өткендерін ұғатын 
зиялының да, тұрақсыз кеудемсоқтың да, асқан ғұламаның 
да аузында бірде мақталып, бірде датталып жатуында. Соған 
қарағанда,  Сəбитпен  екеуінің  «тұзы  жеңілдеу»  болды  ма 
екен деп те қалғандайсың. Олай дейін десең, жасап кеткен 
істері ірі, ауқымды, кесек. Аузын бағып аяғын санап баспай, 
елім,  халқым  үшін  қолымнан  келгеннің  бəрін  ар  əмірімен 
адал орындаймын деп талпынған жанның айбатты келбетін 

288
көреміз.  Осы  жолда  ол  талай  қуанды,  шаттанды  қастық 
көрді, сүрініп құлады, қайта тұрып ілгері жүрді көпшілікке 
бақыт сыйламаққа талпынды. Жасап жүргенім біреугі обал, 
біреуге  сауап  болады  деп  ойлаған  емес.  Еңбекші  елдің 
арманы ғана болды көкейінде.
«Дүниенің құлдық шынжырын қиратып, əділдік, теңдік 
іздеген,  еркіндік,  кеңдік  іздеген  сендерге  арналды  бұл  əн-
дер» деп ұрандатқан Сəкен өзінің құрбы-құрдастарын «Кел, 
жігіттер, болыңдар ер» деп жігерлендіріп:
Азамат, жүнжіме, жүрме бос,
Қол ұстас, бірігіп тізе қос,
Ту ұстап дұшпанға барайық,
Теңдіктің ұранын салайық
Тізесін батырған залымнан,
Күн туды – біз теңдік алайық! –
деген ұлы мақсатын ашық айтты, жазды. Біз бұл ұрандарды 
осы  уақытқа  дейін  бір  жақты  ғана  түсіндіріп  келдік.  Сол 
түсінік əрбір пенденің көкейінен əлі кете қойған жоқ. Оның 
негізі – бай мен кедейді айтыстыру, шабыстыру, таптық кү-
ресті ұшықтыру деп қана білдік. Ал осы жолдарға бүгін зер 
салып бір қарайықшы.
Сəкен  десек,  ең  алдымен, «Жас  қазақ  марсельезасы» 
мен «Тар жол тайғақ кешу» еске түседі. Жүз рет, мың рет, 
бұл шығармалар Қазан төңкерісіне арналған, соның жоғын 
жоқтап, табысына қуанған дүниелер. Бұл төңкеріс қазақты, 
əсіресе кедейді жарылқайды деп Сəкеннің имандай сенгені, 
жанығып еңбек еткені рас. Коммунистік идеология тұсын- 
да  таптық  күреске  назарды  мықтап  аудардықта  ұлттық 
таным-білікті,  ұлттық  қажеттікті  елей  бермедік.  Əйтпесе 
Сəкен нің ерлікке шақырған жігіттеріне, жүнжімеуге үндеген 
аза маттарына ең алдымен айтқаны,
«Қызыл ту – шылауың» деп түсіндіргені:
Патшадан əділдік жоқ еді,
Ұлықтар парақор тоқ еді,
Бұқара халықты кем тұтқан
Жек көрген, итімен тең тұтқан,
Қоспаған санына адамдық
Айламен ұстаған надан ғып, –

289
деген  Əнұранның  екінші  шумағында  қандай  мəн  бар  деп 
ойладық  па?! «Өзгеден  кем  халық»  деп  айтып  салғанын 
түсіндік пе? Мен Сəкенді сол кезде қазақ пен отаршылдық 
арасына жік салайын, ұлттық намысты ту қылып көтерейін 
деп отыр деуден аулақпын. Өз елінің езілгенін, қаналғанын, 
қорлық-зорлық көргенін, тұщы етіне ащы таяқтың тигенін 
ұмыта  алмаған  жанның  Қазан  төңкерісі  арқылы  əділдік, 
теңдік,  бостандыққа  жетуге  талаптанғанын  енді  аңғар мас-
қа болмайды. Бұл тілекті алашордашылар да айтты, жазды, 
əрекет  жасады,  тіпті,  Ресейдің  советтен  басқа  əртүрлі  үкі-
меттерімен  байланыс  арқылы  казақты  жақсылыққа  жет-
кізбек болғаны өтірік емес.
Қазақтың  əуелде  алашордашылдарының  да,  төңкеріс-
шілерініңде  тілегі  біреу,  бірақ  сүйенгендері  басқа  болды. 
Ал олар темір жолдың релісіндей басы қосылмайтын идео-
логиялар соңында еді. Міне, қазақтың оқығандарының мақ-
саты  бір  болса  да,  жүрер  жолдары  айырым,  басқа  болуы 
осыдан.  Академик  М.  Қозыбаевтың  тарихи  шындықтарға 
негізделген мына ойын естен шығаруға болмайды.
«Алаш» қозғалысы қазақ қауымындағы отаршылдыққа 
қарсы бағытталған, прогреске ұмтылған жалпы халықтық-
демократиялық қозғалыс. Ал «Алаш» партиясының негізін 
қалаған үркердей топтың, «Алашорданың» басына-аяғына 
дейін  жүргізген  саясаты  дұрыс  еді,  Сəкендердікі  қате  еді 
деп айтуға бола ма? Алаш жетекшілерінің 1916 жылғы көте-
ріліс кезіндегі позициясын Тұрар, Сəкен, т.б. түсінбеді деп 
кінəлау  қиын.  Тұрар,  Сəкен,  Жүсіпбек,  Бейімбет  дүркірей 
көтерілген  қалың  халықпен  болды,  оның  трагедиясын 
көзімен  көрді.  Олар  отаршылдыққа  қарсы  шапқан  қалың 
елмен болды. Ол большевиктік үгіттің нəтижесі емес еді. Ол 
атадан балаға мұра болған жол еді. Ал Қазан төңкерісінен 
кейін Ресей қоғамы екіге бөлініп, қарама-қарсы тұрып, екі 
ұдай  атысып,  шабысып  жатқан  уақытта  əділдік  тек  ақтар 
жағында болды деп айту қиын. Егер Анненков келіп, орыс-
қазағын қырып, əйелін қорлап, қызын зорлап, малын талап, 
қанжығалап жатса, ал «Алаш» осы Калединмен, Колчакпен 
бірлесіп  жатса,  сонда  Колчактың  ажал  вагонында  отырған 
Сəкен  «Алашты»  қалай  аялауы  керек? (Е.  Қ. 12.08.94.) 
дегендерді  мықтап  ойластырған  абзал.  Құр  даурыққаннан 
ештеңе өнбейді, қайта тарихымыз ылайланып, бүлінеді.

290
Қазақстанда  қуғын-сүргін  басталмай  тұрған  кезде, 
1926 жылы 17 сəуірде соңғы нүктесі қойылып, 1927 жылы 
көктемде  жеке  кітап  болып  шыққан  «Тар  жол  тайғақ 
кешуде...»  талай  кісілердің  аттары  аталды.  Мақсат  біреуді 
көтеру  біреуді  жамандау  емес.  Зор  қозғалыстың,  зор  өзге-
рістің əр кезінде əртүрлі пікір, əртүрлі əрекет болған. Ол – 
тіршіліктің, тарихтың ісі.
«Бұл  кітапта  «Алаш»  туралы  көп  əңгімелер  айтылды, 
тарихи мағлұмат ретінде баспа жүзінде шықсын деген оймен 
айтылды.  Кітаптың  көп  жерлері  тарихи  мағұлмат  болуға 
жарар  деп  білдім»  дегендерді  Сəкен  жайма-шуақ  күнде 
баяндағанда  алаш  қозғалысына  қатысқандардың  Нəзір-
ден  басқа  бірде-біреуі  қарсы  шығып  дау  айтпауы,  түзету 
жасамауы  қалай  Қазақтың  сорпа  бетіне  шыққандарының, 
əсіресе,  алаш  қозғалысы  жетекшілерінің  фотосуреттері 
түгел жарияланғаны, елге таныстырылғаны неліктен? Сəкен 
соның бəрі кейін сот документі болсын деп күні бүгін əдейі 
ойлағандықтан ба?
«Тар  жол  тайғақ  кешудің»  көркемдігіне  көңілі  тол-
мағандар  кейінгі  кезде  де  табылған,  бірақ  оны  əдебиет 
əлемінен аластау керек деген ой ешуақытта қаперде болған 
емес.  Қазіргі  үкілі  білгіштердің  қазақшаны  дұрыс  білмей 
жатып  көркемдікті  танып,  тарихи  деректерді  оңтайлы  тү-
сінеді  дегенге  көпшілікті  сендіре  қою  өте  қиын.  Өйткені, 
«Тар  жол  тайғақ  кешу»  өзіндік  ерекшелігі  бар  ғажайып 
нəрсе.  Мемуар,  көркем  проза  жанрлары  араласып  келген, 
сөйте тұра бұл өзі біртұтас дүние.
Екінші  бір  адам  «Тар  жол  тайғақ  кешуді»  қайта  жа-
зып шыға алмайды. Бұл бір дəуірдің таңба басатын жеріне 
таңба  басып,  мөр  басатын  жеріне  мөр  басқан  шығарма» 
(Ғ. Мүсірепов).
Мен  Сəкенді  құлан-таза  ақтаудан  аулақпын.  Комму-
низм идеяларының жаршысы болғандар халыққа қастандық 
жасаушылар  емес.  Олардың  трагедиясы,  соры  сол  идеяны 
наси хаттаушылардың  қара  дүрсін  түсіндірмелеріне  иман-
дай  ұйып,  ойланбауы  Сəкеннің  табандылығы,  құбыла  біл-
мейтіндігі,  өтірік  айтпайтын  шыншылдығы,  адалдығы 
сияқты  қасиеттері  себепші  болғандығын  айырықша  баса 
айту  керек.  Кеше  ғана  кеңес  деп  өзеурегендердің  бүгінгі 

291
сөз  əлпетінен  шошып,  «мұндайлар  қай  қоғамды  болса  да 
оңдырмас» демеске амалың қалмайды.
Сонымен,  Сəкен  өзінің  көзқарасы,  іс-əрекеті  үшін 
əрқашан  да  тарих  алдында  толық  жауап  бере  алатын  ұлы 
тұлға, социалистік деп аталған заманның ардагер азаматы
Осы  қасиеттер  оның  қоғамдық  мемлекеттік,  өнерпаздық 
қайраткерлерінен жарқырап көрінеді, еңбекші елдің рухани 
көсемі, жаңа заманның жыршысы, жаршысы ретінде халық 
құрметіне бөленеді.
Қоғам  қайраткері  болу  үшін  ешқандай  қаулы-қарар, 
бұйрық-жарлық  керек  емес.  Елге  деген  ақ  көңіліңді  жар-
қырата  түсетін,  халыққа  танытатын  нақты  іс-əрекет,  па-
расатты  ақыл-ой  ғана  керек  жəне  олардың  бəрі  бақай 
есеп  тегендей адал болуға тиіс. Ақындық, жазушылық, өнер-
паздық қоғам қайраткерлігіне бір табан жақын болғаны мен, 
қолына қалам алып, əн айтқанның бəріне мұндай əлеуметтік 
бақыт  қона  бермейді.  Оны  Сəкендер  өресімен  өлшегенде 
ғана  мақтан  тұтар  ұлың  болғаны  үшін  табиғатқа,  құдайға 
рахмет айтуға тиісті боласың.
Ал  мемлекет  қайраткері  болуда  кездейсоқтық  көп  бол-
ғанымен  саналылықтың  орны  айырықша  бөлек.  Сəкен 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет