Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: Т. Кəкішев, Ө. Əбдіманұлы, А. Қыраубаев



Pdf көрінісі
бет25/53
Дата03.03.2017
өлшемі3,66 Mb.
#5608
түріБағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   53

Өмірхан ƏБДІМАНҰЛЫ 

ҰЛТ РУХЫН ҰЛЫҚТАҒАН ҰСТАЗ

Алма апай! Өзгені қайдам, өзіме осы бір есімде жаныма жылулық ұя ла-

та тын, санама сəулелі нұр қуат құятын құдіретті күш бар. Қашанда бір нəр-

се нің қиюын таппай қиналғанда немесе бір шешім қабылдар сəтте бұ ған 



251

Алма апай қалай қарар еді деген ой көкейде тұрады. Өйткені осы бір тұла 

бойы адамгершілік пен ізгілікке тұнған, жаны жайсаң, əулие жан ақ-адал 

пəк ті гі мен талайдың көкірегінде есімі жатталып қалған Ұс таз болатын.

Ұстаз!  Осы  бір  жұмсақ  айтылып,  жылы  естілетін  қарапайым  сөздің 

астарында мағынасы терең қасиетті ұғым жатыр. Оның бар мəні – ұстаз 

тұл ға сы ның ұлылығына келіп саяды. Біз кейінгі кезде осы ұғымның қа-

дір-қасиетін біршама арзандатып алған секілдіміз. Осы жерде «неге» де-

ген сұрақтың кесе-көлденең шыға келері сөзсіз. Негесі сол, біз ұс таз дық-

ты тіпті ұсақтатып жібердік. Оны бір қырынан ғана көріп, соған ғана мəн 

беріп  келеміз.  Дəрісханаға  кіріп-шығып,  сабақ  түсіндіргенді  де,  ма ман-

дық қа баулығанды да, тақырып тауып беріп, жетекшілік еткенді де ұс таз 

деп мақтап, марапаттап жатамыз. Ақиқатында ұстаз – мұн дай тар шең бер-

лі түсініктің аясына сыя бермейтін құбылыс. Əлгі айт қа ны мыз дың бірі – 

оқытушы, екіншісі – тəлімгер, үшіншісі – ғылыми жетекші ғана. Шынайы 

ұстаз – білімнің кəусарына қандырған оқытушы, ақыл-ойың ды байытқан 

ғұлама, азаматтық тұлғаңды қалыптастырған тə лім гер. Біз дің ше, аталған 

осы үш бірлікті тең ұстаған жан ғана нағыз Ұс таз деген ұлы ұғымға лайық 

бола алмақ. Ол шəкіртіне талғам дарытады, танымын қалыптастырады, 

дүниені  танытады,  өмірлік  жолын  ай қын дай ды.  Бір  сөзбен  айтқанда, 

ұстаз – бар асыл қасиетті бойына дарытқан бү тін бітім (З.Қабдолов).

Ұстаз шəкірт жанының шамшырағы іспетті. Өйткені жеткен биігің, 

мерей-мəртебең  ұстаз  ұлағатымен  тығыз  байланысты.  Жаныңа  жарық 

нұр құйған жанның ұлағаты жадында мəңгі жаңғырып, санаңда өшпестей 

боп жарқырап тұрады. Жаңа бір істі бастар немесе жаңа бір өмір белесі-

не көтерілер сəтте сол бір аяулы адаммен іштей кеңесіп, келісіп алып, 

кесімді шешімді содан соң қабылдайсың. Ұстаз ұғымының ұлылығы да, 

ұс таз тұлғасының биіктігі де – осында.

Əрине,  осынша  құрметке,  шəкіртінің  шексіз  сүйіспеншілігіне  бө-

ле ну – кез келген ұстаздың маңдайына жазыла бермеген бақыт. Оның 

себеп-салдары сан қилы. Қадірсіз ұстаздың кемшілігінен де, қасиетсіз 

шə  кірт  тің кещелігінен де болуы мүмкін. Мен көбіне алғашқысының кі-

нə сі нен бе деп ойлаймын. Өмірде «өз уақытын аямаған, өзгенің жанын 

ая ла ған» ұс таз өте сирек кездеседі. Ілуде біреу десе де болғандай. Тағы 

да бая ғы «неге?» көкейге тіреледі. Тақ етер жауабымыз даяр болса да, то-

лық ты ра айтқымыз келіп тұр. Негесі сол, данышпан Абай айтқан «толық 

адам» Абай заманында қандай аз болса, болмыс-бітімі, тəні мен жаны, 

бі лі мі мен біліктілігі, ілімі мен ізгілік қасиеті бірдей келіп, біте қай на-

сып  жатқан  ұлағатты  ұстаз  мына  заманда  да  сондай  аз.  Тіпті  жоқ тың 

қасы деуге болады. Социалистік заманды артқа тастап, капиталистік ке-

лешекті алға ұстап тұрған өлара шақта, бұл – əрине, үлкен қасірет.

Өмірде өзім көрген жандардың арасында қандай жағдайда да ұс таз-

дық ақ жолынан еш адаспаған, шынайы ұстаз, шын ұстаз бір жанның 


252

бол ға нын мен жақсы білемін. Ол – қасиетті қара шаңырақ Ұлттық уни-

верситетте 30 жыл ұстаздық еткен, менің сүйікті ұстазым Алма Мү тə ліп-

қы зы  Қыраубаева.  Менің  ұстазым  деп,  меншіктей  айтқанымды  қа лың 

шə кір ті кешіре жатар. Осы күні жақсыны өзіне тəн қып естелік жазып, 

сөй тіп, «атың шықпаса, жер өрте» деген қағиданы ұстанған адамдар кө-

бей ді ғой. Бұл да бір «нарықтың» берген несібесі шығар. Біз өзім сі не 

айт қа ны мыз болмаса, өзгедей ойдан аулакпыз. Шынын айтқанда, Алма 

Мү   тə ліп қы зы өзінен оқып, дəріс алған бар шəкіртін бөліп-жармайтын, 

«бес саусақ бірдей еместігін» біле тұра, əр шəкіртінің бойынан бір ерек-

шелік  танып  тұратын,  олардың  мінез-құлқындағы  ала-құлалықты  еле-

меуге  тырысатын  үлкен  жүректі  адам,  адал  ұстаз  еді.  Жанына  жа қын 

жүз  де  ген шəкірттері іштей өзінің ғана ұстазы санағанмен, ол бə рі не ор-

тақ ұлық ұстаз болатын.

Жалпы, ұстаз атты ұлы ұғымға сай болу үшін осы жолды мұрат тұт-

қан  жанның  бойында  бірін-бірі  толықтырар  үш  қасиет  тоғысуы  шарт. 

Ме нің ше, оның біріншісі – телегей теңіз терең білім, екіншісі – өмі рі-

мен өзектес деп біліп, тандаған мамандығын жетік меңгерген бі лік ті лік, 

үшіншісі – өз ортасына сыйлы бола білген кісілік келбет. Міне, осы үш 

қа сиет ұстаз тұлғасында тұтаса тоғысып, əрқайсысы көзге ұрып əрі бір-

бірімен кіріге жымдасып кеткенде ғана нағыз ұстаз жаратылысы ерек-

шелене түседі. Баршаға «Алма апай» атанып кеткен Алма Мү тə ліп қы-

зы ның бүкіл болмыс-бітімінен осынау үш қасиет анық байқалып тұ ра-

тын-ды. Таныс-біліс болған ширек ғасырдан астам уақыт ішінде шə кір ті 

ре тін де де, қатар қызмет атқарған əріптесі ретінде де бұған көзіміз əб ден 

жеткен.


Алдымен білімділігі туралы. Алма апайдың білімділігін кейінгі шə-

кірт те рі түгіл, арысы өзін оқытқан данагөй ұстаздары, берісі бірге оқы-

ған курстастары мен қатар жүрген əріптестері түгел мойындаған. Алма 

апай  бойындағы  білімділіктің  бұла  бұлқынысын  алғаш  сезген  ұс та зы, 

ғұлама  ғалым  Бейсембай  Кенжебаев.  Талант  пен  дарынды  жазбай  та-

нитын көпті көрген көнекөз Алманы алғашқы курстарда-ақ байқап, қа-

зақ əдебиеті тарихының зерттелмей жатқан тыңына түрен салдырыпты. 

Алтын Орда – қыпшақ дəуірінің жауһар жəдігерлері «Рабғұзи қис са ла-

ры»,  Хорезмидің  «Махаббатнамасы»  оңай  шағылар  жаңғақ  емес,  оған 

қайт пас қажыр, жасымас жігер, бірегей білім, ересен еңбек керек. Алма 

бойынан осының бəрі де табылды. Табылғаны сол: ол бір орында тұрып 

қал май, ғылыми атаққа бола ізденбей, əдебиет тарихын тереңдей зерт-

теп, қопара қазып, үдете жазып, ежелгі дəуір əдебиетінің Қазақстандағы 

бір ден-бір  білгірі  атанды.  Кезінде  Бейсекең  үміт  артып,  осынау  кезең 

əде бие ті нің тың тарихын зерттеуге қосқан алдыңғы ілектегі талантты да 

дарынды шəкірттерінің көбі ежелгі дəуір атты «асау тайдың» жалынан 

ұстап,  үйретуін  үйреткенімен,  кейіннен  тайқып  шығып,  қайта  қой шы 


253

торыға  ер  салды.  Алма  ұстаз  жөн  сілтеген  бағдаршамнан  көз  жазбай, 

орта  ғасырдағы  шығыс,  түрік,  қазақ  əдебиетінің  байланыстарын  тұң-

ғиық тан тартып, жарыққа шығарды.

Оның бұл саладағы еңбектері санының көптігімен, көлемінің мол ды-

ғы мен емес, жазғанының жаңашылдығымен, ғылыми ізденісінің те рең ді-

гі мен бағаланады. Ғұлама ғалым зерттеулеріне тəн басты қа сиет тер – ой 

биіктігі,  ізденіс  тереңдігі,  тақырып  кеңдігі.  Ғалым  Алма  қыс қа  ғұ мы-

рын да аз еңбектенген жоқ, бірақ көп дүниесі баспа жүзін көр  мей кет ті. 

Жалпы, басылып шыққан зерттеулері аса көп емес, айналасы бес-алты 

кі тап. Бірақ аз болса да саз жазатын зерттеушінің ең бек те рі аса са па лы-

лығы мен айшықталады. Алма жазған ғылыми-зерт теу лер дің ішін де «Ға-

сыр лар мұрасы» (1986), «Шығыстық қисса-дастандар» (1997) атты екі 

ең  бе  гін айрықша атауға болады.

«Ғасырлар мұрасы» – ұзақ жылдарға созылған іргелі ғылыми-зерттеу 

жұмыстарының жемісі. Мұнда ХІІІ–ХІV ғасырлардағы түркітектес ха-

лық тар əдебиеті қазақ жазба əдебиетінің арғы бастаулары ретінде қа рас-

ты ры лып, сол кездегі тарихи əлеуметтік жағдай мен əдеби бай  ла  ныс  тың 

тамырластығы жүйелі ғылыми негіздемеге түседі. Сол дəуір əде бие ті-

нің ХІХ–ХХ ғасыр басындағы ауызша, жазбаша жəне нəзира əде биет те 

дəстүрлік жалғасын табуы тарихи-əдеби нақты деректер арқылы дə лел-

ді түрде пайымдалып, терең зерттеледі.

ХІІІ–ХІV ғасырлардағы «Рабғузи қиссалары», «Махаббатнама» атты 

тарихи  жəдігерлер – əдебиет  тарихында  өшпес  із  қалдырған,  мəң гі лік 

мұралар. Міне, ғалым «Ғасырлар мұрасы» еңбегінде бірін – аударма-нə-

зи ра əдебиет, екіншісін тыңтума əдебиет деп алып, осы екі шы ғар ма ның 

жанр лық-тақырыптық,  көркемдік  сипаттарын  ашады.  Сонымен  бірге 

осы шығармалардың қазақ əдебиетіндегі алар орны туралы өзіндік тың 

тұ жы рым дар жасайды. Мəселен, «Рабғузи қиссалары» жөнінде ғалым 

былай деп жазады: «Рабғузи қиссалары» – сөз болып отырған бір дəуір 

əде бие ті нің  жинағы,  хрестоматиясы,  əртүрлі  жанрдағы  шығармалары 

қам тыл ған өз дəуірі əдебиетінің негізгі ерекшеліктерін, аңғартатын құн-

ды мұра». Ал Хорезмидің «Махаббатнамасы» жайлы «Түпкі бастаулары 

V–VIII ғасырларда жатқан ежелгі əдебиетіміздің ХІІІ–ХIV ғасырлардағы 

елеулі  көркем  туындысы  деп,  өз  тұсындағы  жер  жүзі  мəдениетіндегі 

озық ағымдармен байланысты, сонымен қатар бергідегі қазақ поэ зия сы-

ның тіл, стиль дəстүріне қатысты деп қараймыз» деген ойға қонымды 

тү йін түйеді.

Ғалым осы еңбегінде орта ғасырдағы Алтын Орда дəуіріндегі əде биет-

тің  кейінгі  дəуірлердегі  əдебиеттермен  дəстүрлі  сабақтастығын  сөз  ете 

ке ліп, осы бағыттағы ғылыми-зерттеулерді дамытудың міндеттерін алға 

қоя ды. Академик – жазушы С.Мұқановтың «Қазақ халқының рухани мə-

де ние тін де  қиссалар  елеулі  орын  алады»  деген  пікіріне  сүйене  отыра, 


254

«Қис са лар дың əдебиетіміздің бұрынғы-соңғы тарихымен дəстүрлі бай-

ланысы,  шығыс  халықтары  əдебиетімен  сабақтастығы,  əде бие ті міз ден 

алатын орны т.б. мəселелер кең зерттеуді керек етеді. Қисса жанрын зерт-

теп білу əдебиеттегі шығыс дəстүрі дейтін үлкен мə се ле лер дің де бет те-

рін ашпақ» деп, болашақ зерттеушілерге жол көрсетіп, жөн сілтейді.

Алма Қыраубаева кейінгі еңбектерінде осы бір өзі көтерген мə се ле-

лер төңірегінде ауқымды жүмыстар жасады. Оның айғағы – «Шы ғыс-

тық қисса-дастандар» атты терең мазмұнды монографиясы. Бұл – шын 

мəніндегі күрделі ғылыми-зерттеу еңбек. Онда ХІХ–ХХ ғасыр басында 

қазақ жазба əдебиетінде елеулі орын алған қисса жанрының түп төр кі-

ні не барлау жасап, өзіне дейінгі осы тақырыпты игеруге біршама ең бек 

сіңірген ғалымдар Ө.Күмісбаев, Б.Əзібаевалармен кейде бір арнада та-

бысып, кейде өз сағасының ағысымен адаспас айдынға шы ғып, əде биет-

ші ғалымдарды жаңалығы мол ғылыми жетістіктеріне тəнті етті. Мұн-

да ғы зерттеуші ұстанымының айкындығы – оның қа зақ қис са-дас тан да-

ры ның шығу тегіне қарай топтастыруы. Мəселен, А.Қы рау бае ва кейбір 

ғалымдардың  қиссаларды  тақырыптық-идеялық  тұр ғы дан  топтасты-

руымен келіспейтіндігін білдіріп, «Біз қисса-дастандарды «Тотынама» 

же лі ле рі, «Шахнама»  желілері,  жəне  ортаазиялық  желілер  деп  бө ліп 

қа рас ты ра мыз» деген ойды ашық айтады. Сөйтіп, қисса-дас тан дар дың 

қа зақ топырағында пайда болуының арғы негізіне үңіліп, өзекті ғы лы ми 

мə се ле лер дің өзіндік шешімін табады.

Еңбекте қазақ қисса-дастандарының шығыс дəстүрімен желілестігі-

не назар аудара отырып, оның өзіне тəн төл ерекшелігін ай қын дай ды. 

Олардың XX ғасыр басындағы жазба əдебиетке тигізген игі əсері нақ-

ты ла на  түседі.  Мысалы,  ғалымның  «Қазақ  қисса-дастандары  ХІХ–ХХ 

ға сыр  басында  қалыптаса  келіп,  поэма,  повесть,  роман  жанрының  ту-

уына негіз болғанын көреміз. Мағауия Абайұлының «Медғат-Қасымы», 

Мұ ха мет жан Сералиннің «Гүлкəшимасы», біздің ойымызша, қисса-дас-

тандар дəс тү рі бойынша жазылып, бірақ қиссалық тұрақты ерек ше лік-

тер ден ажырай бастаған дастандар. Тіпті Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 

«Қа мар сұлуы» да – ежелгі қиссалық дəстүрдің кей ерекшеліктерін сақ-

та ған шығарма» деген орнықты ойлары болашақ ізденістерге жол аш-

қан, нақ ты ұсыныстар. Осы өміршең ойлардың талай зерттеу ең бек тер ге 

негіз болары даусыз.

Жоғарыда сөз болған бір-біріне сабақтас егіз зерттеу еңбектің зерттеу 

нысаны бөлек-бөлек болғанымен, мақсаты бір зерттеулер. Ол мақ сат – бү-

кіл  түркітектес  халықтар  əдебиетінің  арғы  бастау-бұ ла ғы ның  бір  екен-

дігін  дəлелдеу.  Олардың  əлемдік  руханиятта  алатын  орнын,  оған  қосар 

үле сін айқындау. Алма Мүтəліпқызының түркі əлеміне, түркі тектес ха-

лық тар əдебиетіне арналған зерттеу еңбектері ірі түрколог ға лым ре тін де 

есі мін əлем жұртшылығына мəшһүр етті. Осының нақты кө рі ні сі – ға лым 


255

Алма Қыраубаева зерттеу еңбектерінің Түркияда шыққан 30 том дық түркі 

тарихы мен мəдениетіне арналған энциклопедиялық жи нақ қа енуі.

Иə,  Бейсембайдай  ғұлама  ұстаз  сенімін  арқалаған  Алма  апай  «көк 

ат ты ға»  айналған  көп  ғылым  докторының  бірі  ретінде  қалып  қоймай, 

қа зақ тың білімпаз қызы ретінде танылды. Қазақ əдебиетінің Орхон-Ене-

сей ескерткіштерінен бастау алатын ежелгі дəуірінен бүгінге де йін гі əде-

биет атты алып айдынның дəуір-кезеңдерден тұратын жал-жал тол қын-

да рын бөліп-жармай, бірдей игерген, бірегей ғұламаға айналды.

Алма – өз бойындағы білімді ұстаздық еңбек арқылы шəкірт санасы-

на құя білген жан. Ғалымдығы мен ұстаздығы таразы басын тең басып, 

білмекке  ынтық  шəкірт  жүрегін  алғаш  көргенде-ақ  баурап  алатын-ды. 

Əлі есімде, осыдан отыз бір жыл бұрын бір топ шəкірт Алма апайдың 

дəрісін алғаш рет тыңдаған едік.

Ол кезде кеңестік дəуірдің бір жақсылығы болып табылатын да йын-

дық бөлімі деген бар болатын. Өзімізше оны «рабфак» атаушы едік. Бү -

гін  гі елге танылған айтулы азаматтардың көбі – сол «рабфактың» «шек-

пе ні нен» шыққандар. ҚазМУ-дегі сол «рабфактың» бір топ тыңдаушысы 

1975 жылдың желтоқсан айының суық бір күнінде, дəл түскі бірдің ке-

зінде əдебиет пəнінің оқытушысын күтіп отырдық. Алдында бірді-екілі 

оқы ту шы лар дан дəріс алып, көзі ашылып қалған кейбір «тіс қақ қан дар» 

ұстазға сынай қарайтын болғанбыз. Əзірше өзіне айрықша тартып, елең 

еткізген ұстазды кездестіре қойған жоқпыз. «Рабфакқа» осы да жетеді 

дей ме, əйтеуір, доцент деген атағы дардай болғанымен, көбіне жа ны-

ның жылуы жоқ жандар сабақ беретін.

Кенет аудиторияға үстінде жағасына ақ шілтерден кестелі өрнек сал-

ған, өзіне сондай жарасатын көгілдір көйлегі бар, сəнді етіп қидырған 

шашын елпіл-желпіл етпей, жинақтай тарап, əдемі əсемдеген, түр-сипа-

тынан өзгеше бір жылылық ескен, қарақаттай мөлдіреген екі көзіне сыр 

тұн ған, қыр мұрынды, бидай өңді, толықша денелі, əдеміше келген жап-

жас апай кіріп келе жатты. Бір сəтке тынши қалған біздер таң да ныс қа 

толы сезімнен арыла алмай қалдық. Жарқын жүзді апаймен бірге суық 

дə ріс ха на ға жан жадыратар шуақ еніп, жылылық тарағандай болып еді. 

Шір кін! Табиғатында туа біткен ұстаздықтың ұлы құдіреті бар жан ның 

ал ғаш қы  əсері  қандай?!  Қараңғы  түнде  жарық  сəуле  нұр  шашқан дай 

əсер  қалдырады.  Одан  əрі  дəріс  сайын  ол  əсер  толыса  береді,  толыға 

тү се ді. Сөйтіп, ұстаз бен шəкірт арасында көзге көрінбес, бірақ желісі 

мəң гі лік үзілмес, алтын арқау пайда болады.

Бүгінде өзіміз де ұстазбыз. Талай ұстаздың дəрісін тыңдап, ақыл-ке-

ңе сін алдық. Ішінде данасы да, шаласы да болды. Шынын айтсам, шə-

кірт жанын дəл Алма апайдай баурап, аялай білген ұстаз кездестірген 

емеспін.  Бұл – асыра  мақтау  да,  өтірік  көлгірсу  де,  артық  дəріптеу  де 

емес, ерекше тəнті болудан туған, шын көңілден шыққан шынайы ри за-


256

шы лық. Расында да, Алма апай ақыл-парасаты мол, ұстаздық еңбекке 

саналы құштар лық пен келген, бар шəкіртіне мейірім шуағын тең бөлген, 

ай рық ша жаралған жан еді. Жалғыз біз ғана емес, саналы ғұмырының 

тура 30 жылын ұстаздық еңбекке арнаған Алманың əрбір шəкірті ал ғаш-

қы жүз де су ден əлгіндей əсер алғанына мен кəміл сенемін.

Ұстаз Алма сабақтың қай түрін болмасын есте қалардай етіп, қы зық-

ты өткізетін. Бұл – білікті ұстаз белгісі. Тəжірибелік сабақтардың қай сы-

сы да қызу пікірталассыз өтпейтін. Əр сабақ əдебиетті, оның сол күн ге 

ар қау болған мəселелерін қорытқан түйін болып шығатын. Əр пі кір дің 

нəрі мен дəні алынып, қилы көзқарастар тартысынан шындық туатын. 

Алма  апай  жүргізген  сабақ  шəкірт  пен  ұстаздың  бірлескен  із де ні сі нің 

же мі сі еді.

Алма апайдың лекциялық сабақтарында кейбір «ұстаздың» ауа жа-

йыл ған «əлəулайынан» жалыққан студенттің мағынасыз тірлігі мен мар-

ғау мінезі көзге түсе бермейтін. Ұстаздың шынайылық шырайын аш қан 

сүйкімді  кейпі,  жан-жағына  шуақ  шашқан  жеңіл  жымиысы,  əуезді  де 

назды үні – бəрі-бəрі өз жарасымын тауып, шəкірт назарын өзіне аудар-

тып отыратын. Тылсым тыныштықтағы ұстаз аузынан шыққан əр бір сөз 

шəкірт кеудесіне қонақтап, санасын оятып, білім-біліктің бір лі гі нен ту-

ған ой ағындары тереңіне тартып, ұйытып-ақ тастайтын. Əр са бақ осы-

лайша өтетін, əр студент ұстазын асыға күтетін.

Лекция сабағында да, тəжірибелік сабақтарда да шəкірт ойының ұш-

қы нын маздатуға ұмтылатын асыл ұстаз, сол сабақтарда шəкірт жанары-

нан сыр ұғуға тырысады екен-ау. Иə, солай екен. Сол күндердің əсерінен 

ту ған «Жаным садаға» атты тəрбиелік мəндегі еңбегі – бұған куə. Ондағы 

үзік ойлар былай деп сыр шертеді: «Алдымда томпиып-томпиып отыр-

ған  мынау 25 баланың  əрқайсысының  бойында  бұққан  таланттар  жа-

туы сөзсіз». Бұл – алдына алғаш келген шəкіртті бөліп-жармай, бірдей 

кө ре тін ақжарма адал көңіл көрінісі. «Өзінің ашық мінезіне, қысылмай 

сөй лей алатынына қарап, «əдебиетші болу үшін туғанмын» деп есептеп 

қой ған бала бар». Шəкіртке ұстаз сыншының белгісі – бұл. Шəкірт жа-

нын аялай білетін ұстаздың мақсаты – осы студентінің «бойындағы та-

маша таланты – ойындағысын жасқанбай айтушылық» қасиетін өшіріп 

алмау. Ұстаздың əр шəкірттің мінез-құлық ерекшелігін тап басып тануы 

таң  ға лу ға тұрарлық. «Тұйық баланың табиғаты тіптен қызық. Емтихан-

да болмаса, дауысының қандай екенін ешкім білмейді. Бірақ өзіме осы 

ба  ла  ның көзінде тұнған ой жатқандай көрінеді». Өз шəкіртінің көз ге кө-

рін бес  жан  дүниесін,  ішкі  əлемін  ашу  осы  болар.  Мұндай  ұс таз ға  тап 

бол  ған шəкірт – бақытты шəкірт.

Жоғары мектеп ұстазы тек сабақ жүргізуші ғана емес, сол сабақты 

өт кі зу тəсілдерін жете меңгерген əдіскер де болуы тиіс. Бұл бағытта да 

Алма апай біраз жұмыстар тындырды. Жалпы курстар мен арнаулы курс-


257

тар дың типтік бағдарламаларын, əдістемелік нұсқауларын жасап шы ғар-

ды. Олар бірнеше рет қайта басылып, əлі күнге дейін қолданыс тауып 

келеді. Əсіресе Алма Мүтəліпқызының «Ежелгі дəуір əдебиеті» пə ні не 

арналған  оқу-əдістемелік  еңбектері – өз  құнын  жоймас,  қашанда  бол-

са студент сұранысын қанағаттандыра алатын қажетті дүниелер. Бі рақ 

осы  лар  дың  ішіндегі  ең  көрнектісі – 1999 жылы  «Қазақ  университеті» 

баспасынан жарық көрген, өлмес мұраға айналар «Ежелгі əдебиет» атты 

оқу лық.

Бұл кітап – қазақ əдебиеті тарихының хандық дəуіріне дейінгі 20 ға-

сыр лық тарихын қамтитын, ұңғысын тереңге салған іргелі зерттеу нə ти-

же сін де дүниеге келген бағасы құнды, мазмұны құнарлы еңбек. «Зама-

нымыздан бұрынғы жазу-сызулар, аңыз-жырлар» (б.з.д. VІІ ғ. – б.з. ІV ғ.), 

«Түркі  қағанат  дəуіріндегі  əдебиет» (V–VШ  ғ.ғ.), «Оғыз  дəуіріндегі 

əде биет» (ІХ–Х ғ.ғ.), «Ислам дəуіріндегі əдебиет» (Х–ХІІ ғ.ғ.), «Алтын 

Орда дəуіріндегі əдебиет» (ХІІ–ХІV ғ.ғ.) деп аталатын үлкен-үлкен бес 

бө лім нен тұратын нəрлі оқулық – небір кірпияз студенттің талабын қа-

на ғ ат тан ды рып қана қоймай, ежелгі əдебиеттің түрлі дəуірін зерттеймін 

дей тін ізденімпаз ғалымдардың үстелінің үстінен табылатын құтты жə-

ді гер.


Кітапта  əр  дəуір  əдебиетінің  ерекшеліктері,  бағыттары  бүгінгі  күн 

талабына сай қарастырылып, тұшымды бағамдамалар жасалады. Мұнда 

қа  зақ əдебиеті зерттеуінде тұңғыш рет мыңжылдықтан арыдағы əдеби 

бас тау лар ға зер салынып, сақ, ғұн замандары барланып, «Авеста» т.б. 

ежел гі  кітаптардағы  ортақ  сарындар  əдебиетіміздің  «əу  бастағы»  бас-

тау көздері ретінде қарастырылады. Бұл Алмадай білгір ғалымның əде-

биет  тарихын  жүйелеудегі  үлкен  табысы  болатын.  Ұстазы  Бейсембай 

Кенжебаев қазақ əдебиеті тарихын 13 ғасырға жылжытып тереңдетсе, 

шə кір ті Алма Қыраубаева əдебиет тарихы бастауларын мыңжылдықтан 

əрі асырды. Бұл ұстаздан шəкірт озғанның мысалы емес, мұны рухани 

үн дес тік тің олжасы деп бағалаған жөн.

Алма шəкіртін жанына жақын тұта да, арақашықтықты ұстай да бі-

ле тін ұстаз да еді. Ашуы зілсіз, реніші мұңсыз жан болатын. Өз басым 

ұс таз дан дəріс алған жылдарда ол кісінің біреуге дауыс көтергенін, не 

же кі ге нін  көрген  де,  естіген  де  емеспін.  Ренішін  сөзбен  емес,  көзбен 

жеткізе білетін. Зілсіз реніші тез арада ақ пейілге айналып жүре беретін. 

Өйт ке ні ол шəкірт жанын қинаған жайды тез сезініп, қолынан келсе, кө-

ме гін аямайтын. Алма апай өзі айтқандай «үзілісте студенттері қор шап, 

жібергісі келмей, соңынан еріп жүріп сөйлесетін», өзгелер қызыға да, 

қызғана да қарайтын білікті ұстаз еді.

Алма Қыраубаева – жоғары оқу орны ғана емес, мектеп ісін өр кен де-

ту ге де өзіндік үлес қосқан тұлға. 90-жылдарда ұлттық мектептің өрі сін 

ке ңей ту,  ұлттық  тəрбиені  жетілдіруді  жолға  қоюдың  қажеттігін  ал ғаш 


258

көтеріп, ой-тұжырымдарын республикалық басылымдарда ашық жаз ған 

жəне оны нақты жүзеге асыруға талпыныс жасаған да осы Алма ұс таз 

болатын.


Бала  бақытын  аялай  білуді  өзіне  мұрат  тұтқан  Алма  апай  мектеп-

тегі  білім  берудің  оқу-əдістемелік  бастамаларына  белсене  араласты. 

1995  жылы  «Сорос – Қазақстан»  қоры  Қазақстан  Республикасы  Бі лім 

министрлігімен бірлесе отыра «Гуманитарлық білімді жаңарту» бағ дар-

ла ма сы  бойынша  Қазақстан  Республикасы  оқу  орындарының  барлық 

түр ле рі не арналған Гуманитарлық пəндер бойынша оқулықтар мен оқу 

құралдарына ашық конкурс жариялады. Сол конкурста мектепке ар нал-

ған  ежелгі  дəуір  əдебиеті  бойынша  оқу  құралының  жеңімпазы  болып 

Алма Мүтəліпқызы танылды. Оның «Ежелгі əдебиет» атты оқу құралы 

бұл саладағы тұңғыш бастама еді. Ғылыми-зерттеушілік із де ніс те рі нің 

негізгі  өрісі  ежелгі  дəуір  əдебиеті  болғанымен,  мектеп  ба ла ла ры ның 

сана-сезіміне,  қабылдау  қабілетіне  сай  ежелгі  дəуірден  оқу лық  жазу, 

əри  не, Алмаға қиын тиді. Бірақ табиғатына қайсарлық пен та бан ды лық 

жа рас қан «Қазақтың қара қызы» талабын ашқан талантын таныта біл ді. 

Төл əдебиетіміздің қайнар көзі, тереңде жатқан тылсым дү ние сі «Ежелгі 

əде биет» жайлы ұғынықты өте майда тілмен қызықты да сырлы əдемі 

кі тап жазып шықты. Тартымды оқулықтың ұлттық мектептегі оқу шы-

лар дың  ой  санасын  арбап  алғаны  шындық.  Бұл  кітап  ұлт жан ды лық қа 

тəр бие лей тін нағыз ұлттық тəлім өнімі еді. Өйткені «Əр бала ту ған əде-

бие ті нің тереңіне жүзіп, тұнығын сіңіріп өссе, оның жүрегінде елі не де-

ген мақтаныш қалыптаспақ. Елі үшін мақтанатын баланың рухы жо ға ры 

бол мақ.  Ендігі  ұрпақты  осылайша  өсіруге  міндеттіміз.  Ал ды мыз да ғы 

оқу лық осыған қызмет етеді» деген автордың кіріспедегі ағынан жарыла 

айт қан тілегі нақты мақсатты меңзеп тұр.

Жалпы,  бала  болашағы,  келешек  ұрпақ  тəрбиесі – ұстаздық  етуден 

жа лық па ған Алманың өмірлік мұраты болатын. Ұстаздың «Бізде қазақ 

мек те бі бар, бірақ ұлттық мектеп жасалған жоқ. Ұлттық мектеп дегені-

міз – ұлттық рухта тəрбие беретін орын. Қазақ мектептеріне осы жетіс-

пейді. Қазақ мектебі дегеніміз – қазақ тілінде оқытатын, ұлттық сананы, 

рухты қалыптастыратын мектеп» деген орнықты ойларының білімді ұлт 

бо ла ша ғын меңзеген ұлы мұраттардан туғандығына күмəн болмаса ке-

рек-ті.


Қазақ өзіне келгенде қашан елп етіп, ілесе кетуші еді. Айтылған сөз 

айтылған  жерде  қаларын  сезген,  қолдаушылар  табылмасына  сенген 

Алма осы іске өзі кірісіп кетті. Ұлттық мектептегі оқыту үлгісі іспет-

ті «Сенім» атты бағдарлама жасады. Онымен тоқталып қалмай, өз бас-

тамасына  өзі  демеуші  болып,  теорияны  тəжірибеге  айналдырып,  таза 

ұлттық негізде тəрбие беретін мектеп-лицей ашты. Сөйтіп, зиялы қа уым 

мен өзгедей жұртшылыққа үлгі-өнеге шашпаққа талпыныс жасады. Сол 


259

кездегі  астанамыз  Алматының  іргесіндегі  Қарасай  ауданының  Жандо-

сов ауылынан ашылған бұл мектеп – ұлттық танымға ұмтылған ұлт жан-

ды лық тың бүршік жарған алғашқы гүлі еді. Бұл мектепке талай мар қас-

қа қазақ зиялылары арнайы барып көріп, қызығушылық танытып, ри за-

шы лы ғын білдірген-ді. Тіпті уақытында осынау жас талап, жаңа ізденіс 

шаңырағына  бүлдіршіндер  қамын  ойлап, «Бөбек»  қорын  ашқан  Сара 

Ал пыс қы зы  Назарбаева  да  арнайы  барып,  аналық  жүректен  шыққан 

«Мы нау бір жаңа бағыттағы қажетті іс екен» деп, жаңа бастаманы шын 

кө ңіл мен құптаған болатын.

Ғалым-ұстаздың «Сенім» бағдарламасы үш таған бірліктен тұратын-

ды.  Олар:  бала  тəрбиесіне  ұлттық  рух  дарыту  жолдары,  білім  беруде 

ұлт жəне əлем мəдениетінің байланыстылығын арттыру тəсілдері, ұс таз 

тұлғасының ұлттық құндылықтарын жетілдіру əдістемесі тəрізді ба ғыт-

тар еді. Осы үш тағаннан үш үзік үзінді келтірейік: «Шəкірттің кем ші лі-

гін  көргіш  болсаң,  ықыласын  өшіресің.  Жеңілісін  емес,  жеңісін  ізде»; 

«Са бақ тың мақсаты – баланың басқаға ұқсамайтын қасиетін аша білу»; 

«Ұс таз қызметінің мақсаты – өз пəнін үйретуден тереңіректе, ол – адам-

ды қалыптастырушы адам».

Алманың арманы өзі айтқандай: «Қазақ баласының ұлттық болмы-

сын,  мəдениетін,  менталитетін  қалыптастыратын  жүйелі  білім  беру 

тə  сі  лін  іске  асыру»  еді.  Адам  шіркін  арманға  жеткен  бе?! «Қысқа  жіп 

күр  меу  ге келмей», оған қол жалғап жіберетін «мырза қазақ» табылмай, 

ақы ры «Алманың мектебі» жабылып қалды, «жауып тындық». Өкі ніш ті 

ата-ана, өксікті бала қалды далада. Кінəлі кім?... «Кінəлі» – біз, сіз, бə рі-

міз. Ұлт тық тəрбие беретін төл мектепті жапқан – қазақ ұл ты ның «ұлт-

сыз ды ғы». Түпке жеткен – ұлттық енжарлығымыз. Алма өз бағ дар ла ма-

сын басын тауға да, тасқа да ұра жүріп, шамасы келгенше насихаттай 

алды. Астана асты, Семей барды, Атырауға жетті, Алматыны жаяу ара-

лады,  ру ха ни  «перзентін»  ертеңге  жетелегісі  келді.  Бірақ  «жалғыздың 

үні шық пас, жаяудың шаңы шықпастың» кері келді. Өзі кеткен соң, сол 

бір аяу лы арман, ұлы мақсат бүгінде ұмыт болды. «Баяғы жартас – сол 

жартас», ел үн шығарар емес.

Алма  апай  ұстаз,  ғалым  ғана  емес,  керемет  өнерпаз  да  еді.  Қайран 

ұс таз дың тұла бойы тұнған өнер-тұғын. Кəдімгі сегіз қырлы, бір сырлы 

кі сі ңіз дің өзі болатын. Өнер демекші, сан қырлы саңлақ талант, асыл ұс-

таз дың əншілігі қандай еді десеңізші! Өзіне ғана тəн күмбірі басым əсем 

даусымен  домбыраға  қосылып,  сызылтып  əн  салғанда,  əннің  ажарын 

ашып, сөзін үлпілдетіп жіберетін. Оған үлкен сахналардан да, кі ші гі рім 

отырыстарда да тыңдағандар куəлік етері хақ. Көп əншіден əншілігі ба-

сым  болса  да,  жиын-тойларда  өзгелердей  «бір  əн  салып  жіберейінші» 

деп, өзін-өзі көрсету үшін өзеуреп алға ұмтылмайтын. Ел кеу-кеулеген-

де ғана əдемі бір жымиып алып, домбыраны қолға алатын. Ұзақ шер тіп, 


260

құ  лақ күйін келтіріп алып барып, көзін бір нүктеге ойлана қадап, кенет-

тен  бастап  кететін.  Сол  сəтте  əсем  əуен  жан  баурап,  жүректің  қылын 

шер те тін. «Құлақтан кіріп бойды алар», Алманың əншілігі «есті əн ші-

лік» еді. Ол кезінде өлең жазып, ақын да атанған екен. Кейіннен белгісіз 

себептермен  қойып  кетіпті.  Оған  мүмкін  өзін  керемет  ақын  санайтын 

жанмен бас қосуы да себеп болған шығар... Ал Алманың талантты ақын 

бол ған ды ғы на «көз көрген» куəлер əлі де табылады. Əсіресе оның сту-

дент кезінде жазып, халқымыздың ардақты ақыны Əбділда Тə жі  баев  пен 

ҚазМУ-де болған кездесуде оқыған «Менің тілім» атты өлеңін атақ  ты 

ақын ның  аса  жоғары  бағалағанын  тамсана  еске  алушылар  əлі  де  кез-

деседі.


Алма  апайдың  кісілік  келбеті  ə  дегеннен-ақ  көзге  түсетін  айрықша 

адами қасиеті болатын. Кісілігі бар кісінің ортасына сыйлы болары бе-

сенеден белгілі. Өйткені кісілік – адамдық қасиеттің көрсеткіші. Алма 

апай ұстаған кісілік кілті – «сыйлы боламын десең, сыйлай біл». Ұс та зым-

ның кісілік сапасын анасының ақ сүтімен беріліп, ұлтының ұлы рухы-

нан дарыған деп білем мен. Ол өз ұлтының дəстүр-салтын, əдет-ғұрпын 

өте терең білетін, жан-тəнімен қадір тұтатын. Ізеттілік, ізгілік атты асыл 

қасиеттер  ол  кісінің  таным-түйсігімен  тұтасып  кеткені  шындық  еді. 

Ежелгі түркі жұртының ұлы ұстанымдары мен ислам арқылы əдет-ғұр-

пы мыз ға сіңіп, діліміз бен дініміздің алтын діңгегіне айналған əйел бала 

тəр бие сі нің ізгі тəлімдерін Алма апай сөз жүзінде де, күнделікті өмір де-

гі іс-əрекеті, өсиет өнегесі арқылы да үлгі ете білді.

Сондықтан да Алманың кісілігін шəкірттері ғана емес, үлкен ұс таз-

да ры да бағалай білген-ді. Сонау отызға жетер-жетпес жас кезінің өзін-

де ұстазымыз туралы алғашқы жылы лебізді белгілі тіл маманы, «Ма-

маниядай»  мектеп  салып,  Жетісу  өңіріне  білім  нұрын  шашқан  атақ ты 

Ма ман ның  немересі  ғалым  Ыбырайым  Мамановтан  естіген  едік.  Ол 

кісі Алманың білімділігін қатты құрметтеп, көп мақтайтын. Ұстазымыз 

үшін біз мақтанатынбыз.

«Мен, – дейтін ол кісі, кейде оқып тұрған дəрісін бөліп жіберіп, өзі не 

тəн  тəкəппарлықпен  сұқ  саусағын  төбеге  қадап  қойып, – ана  Алманы 

бес профессорға айырбастамаймын». Содан соң, Алманы біраз мақтап 

алып, сабағын жалғастырып кететін. Алманың кім екенін білетін біз ол 

кім деп сұрап жатпаймыз, ол кісі бізге тəптіштеп жатпайды, іштей ұғы-

са мыз. Иə, тілші ұстаз əдебиетші шəкіртін осылайша мақтан тұ та тын. 

Біз  ұстаз  бен  шəкірт  арасындағы  кісілік  парықты  жақсы  түсінетінбіз. 

Тү сі не тін біз де, сүйсінетінбіз.

Алма  апайдың  үлкен  бір  кісілік  белгісі  кейбіреулердей  ұс таз да ры-

ның мінін қазбай, жақсы қасиеттерін тізімдеп, түгендеп отырушы еді. 

Ол кісінің ұстаз туралы сөзінің бісміллəсі «Мейірімді жүрегі талантты 

баланы іздеген Бейсембай ағайдан (Кенжебаев), əр лекциясы кі сі лік са-


261

ба ғын дай Зейнолла ағайдан (Қабдолов), айтқанынан «Мен – адал дық» 

деген  азаматтық  үн  естілетін  Тұрсынбек  ағайдан  (Кəкішев)»  бастала-

тын. Ұстаздары жайлы айтқанда шешіле сөйлеп, өткенге өзі де қы зы ға 

көз жіберіп, қызықтыра, еліте, еліктіре əңгімелейтін. Сан түрлі ұс таз дар 

бойынан кемшілік термей, кемеңгерлік тану – кісілік емей, не?!

Сол ұстаздар да жас Алманы да, кемеліне келген Алманы да аялай біл-

ді, кісілік келбетіне сүйсіне білді. Кейде еркелетіп өз шəкіртіне Тұр се кең 

де, Зекең де «Алма апай» деп қайырылатын. Мұның бер жағында əзіл-

дің нышаны болғанымен, ар жағында Алмадай шəкірттің кі сі лі гін құр-

мет теу дің астары, Алмадай ұстазды бағалаудың əділ бағасы жатыр. Өзін 

құ ді рет көріп, қадір тұтқан ұстаздарың еркелетіп «Алма апай» деп жатса, 

одан өткен бақыт бар ма?! Қадірің артып, кісілігіңді ел та ны ға ны да.

Алма Қыраубаевада мемлекеттік атақ-даңқ болған жоқ. Тіпті екінің 

бірі  алып  жатқан  академияның  Шоқан  Уəлиханов  атындағы  сыйлығы 

да, мектепте ұзақ жыл сабақ бергеннің көбі қол жеткізген оқу ісінің үз ді-

гі атағы да бұйырмапты. Бірақ АЛМА – орден-медальсыз-ақ халқы ба-

тыр атан дыр ған БАУЫРЖАН атасы секілді жылтыраған темір тақпай-

ақ, ел-жұр ты нағыз ғалым, ұлағатты ұстаз таныған, ел үшін, ұрпақ үшін 

ерін бей  еңбек  еткен  қарапайым  қазақ  қызы  ретінде  бағаланды.  Иə,  ел 

құр ме ті оңай құт боп қонар нəрсе емес. Оған қажымас қайрат, талмас 

талап, ерен еңбекпен жетесің.

Алма  апайдың  өзге  əйел  затынан  бір  артықшылығы – қандай  жағ-

дай да болмасын жан тебіренісін сездіре бермейтін өр мінезділігі. Тағ-

дыр соққысы ауыр тиіп, қанаты қайырылғандай болған анау бір тұс та 

да, ауыр науқас əлсіретіп, қиналып жатқан соңғы кезде де қай сар қыз 

боркемік күй танытпай, өз еркін өзі билей алды. Соңғы көргенімде, əл 

үстінде жатқан ол кісінің ерік-жігерінің соншалық күшті екеніне анық 

көзім жетті.

Тəнін əлсіретсе де, рухын жеңе алмаған «бейдауаға» берілмей, арпа-

лысып жатыр екен. Көзінен өмірге деген құштарлықты көрдім, сө зі нен 

сабырлылықты  сездім.  Соңғы  сөзі  «Алладан  сұрағаным  бұл  емес  еді, 

шыдаймын да!..» болды. Жүзінен қажығандық білінгенімен, жəу ді ре ген 

жанары отты еді-ау, отты! «Жақсы Құдайға да керек» деген жан жұ ба ту 

осындай адамдарға арналып айтылар болар.

Иə, Алма апай үлкен-кішіге бірдей қадірлі, əмбеге ортақ асыл адам 

еді. Өкініштісі – Алатаудай арман арқалап, ұлты үшін атқарар ұлы мақ-

сат та ры ның  шыңына  шыға  алмай,  дүниеден  ерте  озғаны.  Көңілге  де-

меу, жанға дəру болатыны – «шəкірт аңсаған Ұстаз» бейнесінің барша 

шə кірт жүрегінен мəңгілік орын тебері. Ғұмырын əр шəкірт бойындағы 

өзін дік  жұмбақты  шешуге  арнаған  ұлағатты  ұстаздың  ұрпаққа  аманат 

тілегі мынау: «Өз халқын шексіз сүйетін, оны мақтаныш тұтып, салт-

дəстүрін құрметтейтін өр рух – Салауаттылық, Парасаттылық, Бі лім ді-


262

лік». Ұлы ұстаз ұлағаты шəкірттер жадында мəңгілік жаңғырып тұ ра-

ры сөзсіз! Өйткені Алма апай – шəкірт жанының шырағданын жақ қан 

шырақшысы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет