Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: Т. Кəкішев, Ө. Əбдіманұлы, А. Қыраубаев



Pdf көрінісі
бет28/53
Дата03.03.2017
өлшемі3,66 Mb.
#5608
түріБағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   53

«Ақиқат», 2010, №12

Дандай ЫСҚАҚҰЛЫ

БЕЙСЕКЕҢНІҢ ШƏКІРТІ

...Мен Алманы студент кезінен білуші едім. Ол бізден бір курс кейін 

оқы ған  болатын.  Ол  бірінші  курстың  өзінде-ақ  сабырлы  қалпымен, 

адам шы лық болмысымен көзге түсе бастады. Сабаққа алғыр, өлең жаза-

тын, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысатын Алма бірден факультет 

ұс таз да ры ның назарын өзіне аударды. Əсіресе қазақ əдебиеті ка фед ра-

сы ның меңгерушісі Бейсембай Кенжебаев оған үлкен үміт артты. Алма 

Бей се кең нің басшылығымен студенттердің түрлі ғылыми конференция-

ларында баяндамалар жасап, ысыла түсті. Сол кездерде (60-жылдар) қа-

зақ əдебиетінің тарихы Бұқар жыраудан емес, одан да əріден, ерте кез-

дерден  басталады  деген  пікір  айтып  жүрген  Бейсекең  Алмадан  өзінің 

бағытын  алға  апаратын  болашақ  ізбасарын  көрді:  диплом  жұмысына 

өзі жетекшілік жасап, оқуды бітірген соң, университетке аспирантураға 

алып қалды. Осы уақыттардан бастап Алманың ғылымдағы қия жолда-

ры басталады. 

Ұлттық  əдебиетіміздің  тарихтың  тереңдерінде  жатқан  тамырларын 

зерттеу істеріне кеңес өкіметі жылдарында кедергілер барынша көп бо-

латын.  Соған  қарамастан  Б.Кенжебаев  бастаған  бір  топ  жас  ға лым дар 

қа зақ əдебиетінің тарихын тереңдете зерттеп, ұлттық əде биет тану ғы лы-

мы ның тарихында ұлы ерліктер жасады. Бұл топта Б.Кен же баев, Х.Сү-



281

йіншə лиев, М.Мағауин, М.Жолдасбековтермен бірге М.Қы рау бае ва ның 

да болғанын бүгінгі күні үлкен ризашылықпен айтамыз. 

А.Қыраубаева қазақ əдебиеттану ғылымында отыз жылдай жемісті ең-

бек етті. Ғалымдығын ұстаздықпен қатар жүргізген Алма осы уақыттар 

ішінде əдебиетіміздің ежелгі дəуіріне арналған жүздеген мақалалар, он 

шақ ты оқулық пен зерттеу еңбектерін жазды. Ежелгі əдебиеттің бірден-

бір маманы ретінде Алма ерте кездердегі қазақ əдебиетінің тың өңірлеріне 

батыл  барып,  алғаш  рет  зерделі  пайымдаулар  жасады.  Əдебиетіміздің 

те рең  тамырларын  зерттеуге  тың  жолдар  салды.  Алманың  қаламынан 

туын да ған  еңбектер  бүгінгі  күндері  мектептерде,  жоғары  оқу  орында-

рында оқулық, оқу құралы ретінде пайдаланылып жүр, онда көтерілген 

ойлар, идеялар болашақ жаңа зерттеушілердің ұйытқысы болуда. 

Тағдыр деген – осы. Кемеліне келіп, бергенінен берері көп кезде Ал-

ма ның да өмірден озғанына жыл толып қалыпты. «Өлді деуге сыя ма, 

ай тың дар шы, өлмейтұғын артына із қалдырған» деп, ұлы Абай айт қан-

дай, Алманың да қазақ əдебиетінің тарихын зерттеудегі ізгілікті іздері 

сайрап жатыр. 



«Аудитория», №3-4, 2002 жыл

Темiрхан ТЕБЕГЕНОВ

АСҚАРАЛЫ ШЫҢНЫҢ, ҒЫЛЫМДАҒЫ ШЫННЫҢ АЙБЫНЫ

Қазақтың ұлттық тарихы – Алланың құдiретiмен жаратылған дарын-

ды тұлғалардың, солар жасаған рухани құндылықтардың қазынасы. Ру-

хани  құндылықтарымыз  талай  мыңжылдықтар  белестерiнен  өтiп  келе 

жат қан күрделi тағдырымызды, адамзат өркениетiн байытқан зор үле сi-

мiз дi айғақтайды. Рухани құндылықтарымыздың ең басты көрнектi көр-

сет кiш те рi – дарынды тарихи қайраткерлерiмiз. Қазақ тарихының ежел-

гi сақ, ғұн, түркi дəуiрлерiнен берi желiсi үзiлмеген ұлтымыздың тари-

хи  дамуы  жолында  табиғи  дарынын,  өнегелi  қызметiн  халқымыздың 

өр кен де уi не арнаған, қосқан үлестерiмен ұрпақтардың бұрынғы-соңғы 

жал ғас ты ғы на пайдалы ықпал ететiн аса маңызды еңбектер қалдырған 

ұла ғат ты  адамдардың  есiмдерi  тарих  парақтарына  өшпестей  болып 

жазылуда. Əдетте, əлем халықтарының өркениет кеңiстiгiндегi өзiндiк 

орындарын танытуына зор үлес қосқан дарынды, дана қайраткерлердi 

тау лар дың асқаралы шыңдарымен, ақиық мұзбалақ қырандарымен, со-

лар  қонбай  қалықтайтын  көк  аспанның  зеңбiр  биiктiгiмен  баламалап 

ба ға лай тын  дəстүр  бар.  Мұхиттардың,  теңiздердiң  шалқар  айдындары 

үс тi нен қонбай ұшатын, дүлей дауылдарда да алған бағытынан қайтпай, 

өр ше ле не үдей соққан сұрапыл екпiндi желдiң өтiне қарсы ұшқан қал-

пы нан ауытқымайтын альбатрос құстың қайсарлығын да еске аламыз. 



282

Түркi  халықтары  өркениетiнiң  ежелден  бүгiнге  жəне  болашаққа  жал-

ға суын да планетамыздың барлық құрлықтарын болат тұяқтарымен дү-

бiр лет кен, «Ертеден  шапса  кешке  озған,  ылдидан  шапса  төске  озған», 

«Ауыз дық пен алысқан, ұшқан құспен жарысқан» қазанат арғымақтар да 

қай рат кер ле рi мiз дiң тұлғаларына баламаланады.

Алма Мүтəлiпқызы Қыраубаева (1947–2001) – осындай поэтикалық 

баламалауларға лайықты аса көрнектi ғалым-ұстаз, Қазақ та ри хын да ғы 

асқаралы шыңдарымыздың бiрi. Алма – жалпыұлттық рухани мə де ниет-

тi  танытуды,  дамытуды  əлемдiк  деңгейде  бағдарлаған  қыран  назарлы, 

тұл пар шабысты қарқынды ғұлама. Қазiргi Қызылорда облы сы ның Сыр-

да рия ауданындағы Бiрқазан стансысында 1947 жылдың 26 мамырында 

дүниеге келген. Ата-анасының отбасылық өнегелi тəлiм-тəр бие сi ар қы-

лы жастайынан қазақтың сөз, əуез өнерiн туа бiткен табиғи дарыны-та-

ланты арқылы дамыта меңгеру жолымен ержеткен, есейген. Орта мек-

тептен кейiн С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттiк (қазiргi Əл-Фара-

би  атындағы  Қазақ  ұлттық)  университетiндегi  филология  факультетiн 

(1966–1970 жж.) қазақ тiлi жəне əдебиетi мамандығы бойынша үздiк оқып 

бiтiрген. Бiлiм, ғылым негiздерiн үйреткен ұстаздары Бейсембай Кен же-

баев тың,  Ханғали  Сүйiншəлиевтiң,  Белгiбай  Шалабаевтың,  Зейнолла 

Қаб до лов тың, Тұрсынбек Кəкiшевтiң, Мəстура Сармұрзинаның, Сей дiл-

дə Ор да лиев тiң, Мархабат Томановтың, Рымғали Нұрғалиевтiң жəне т.б. 

аға буын ғалымдардың дəрiстерiн тыңдады, оқу пəндерi материалдарын 

өзiн дiк ғылыми-зерттеу iзденiстерiне ұштастыруға дағдыланды. Ұлттық 

мə де ние тi мiз дiң тарихында осы аталған ғалымдар шоғыры еңбек еткен 

шы ғар ма шы лық ұжым жаңашыл бағыт мектебi тұғырында бағаланды. 

Себебi  қазақ  əдебиетiнiң  тарихын  ежелгi  сақ,  ғұн,  түркi  дəуiрлерiнен 

бастайтын ғылыми-теориялық методологияны қалыптастырған, кедер гi-

ге, тосқауылға көп ұшырасса да, ақыры түбегейлi жүзеге асырған қа зақ 

əде бие тi кафедрасының ғалымдарын ұлт тарихының барлық буын ұр пақ-

та ры үнемi мақтанышпен еске алып бағалауы тиiс.

Алма университеттегi қазақ əдебиетi кафедрасына қарасты аспиран-

тураны (1970–1973 жж.) бiтiрiп, Бейсембай Кенжебаевтың ғылыми же-

текшiлiгiмен  филология  ғылымдарының  кандидаты  ғылыми  дəрежесi 

үшiн диссертация қорғады. Тақырыбының нысанына ХIII–ХIV ғғ. түр кi-

тек тес халықтардың Алтын Орда мемлекетi дəуiрiндегi аударма-нə зи ра 

əде бие тi ескерткiштерi, оның iшiнде Бұрһанеддин ұлы Насреддин Раб ғу-

зи дiң «Қисас-и Рабғузи» («Рабғузи қиссалары») алынды. Күр де лi ғы лы-

ми-зерттеу жұмысын тиянақты жүргiзе бiлген талантты жас зерттеушi 

Шы ғыс  Ренессансы  жетiстiктерiн  дəлелдейтiн  ғылыми  жа ңа лық та рын 

осы еңбегi арқылы ұсынды.

Алма  кейiннен  докторлық  диссертациясын  «Шығыстық  қисса-дас-

тандар» тақырыбы бойынша қорғады, онда ХIХ–ХХ ғғ. қазақ ақын да ры-


283

ның классикалық деңгейдегi эпикалық шығармалары дəстүр мен жал ғас-

тық, фольклор мен əдебиет сюжеттерiнiң қисса-дастандар үл гi ле рiн де гi 

поэ ти ка лық сабақтастығы, үндестiгi жəне т.б. мəселелерi тың тұ жы рым-

дар мен байыпталды.

Алманың ғылыми еңбектерi қазақ əдебиеттануының жаңашыл ба ғы-

тын негiздедi. Ол өзiне дейiнгi жəне өзiнен кейiнгi көз майын тауысып, 

ғылымның қара жұмысын нар мiнездi төзiмдiлiкпен, адалдықпен орын-

дайтын, табиғи дарын-таланты мен еңбекшiлдiгiн тұтастандыра ұс тан-

ған адал ғалымдар тұлғаларының болмысын танытты. 

Алма – қазақ ғылымында өзiндiк шынайылығын, дарынын-қабiлетiн 

ұстаздарына да, шəкiрттерiне де, бүкiл халқымызға да маңызды нə ти же-

лi еңбектерiмен дəлелдеген ғалым.

Алманың ғылыми еңбектерi – қазақ əдебиеттануының жаңашыл ба ғы-

тын тереңдете негiздеуiмен ерекшеленедi. ХХ ғасырдың 30–40-жылдары-

нан бастап қазақ тарихына негiз болған ежелгi сақ, ғұн, түр кi мə де ние тi ес-

керт кiш те рiн, фольклоры мен əдебиетi мұраларын ғы лы ми дə йек тi лiк пен 

үне мi  ұсынып  келе  жатқан  ғалымдар  Əуелбек  Қо ңы рат баев тың,  Əл кей 

Мар ғұ лан ның, Бейсембай Кенжебаевтың, Хан ға ли Сү йiн шə лиев тiң ғы лы-

ми көз қа рас та ры жаңа толқын əде биет та ну шы лар дың iзденiстерi ар қы лы 

дəлелдендi.  Мырзатай  Жолдасбековтiң  Орхон-Енесай («Күл те гiн», «То-

ны көк»), Алма Қыраубаеваның Алтын Орда əдеби-тарихи ескерткiш терi, 

Мұхтар Мағауиннiң Қазақ хандығы кезеңi (жыраулар поэзиясы) əде бие-

тi мұраларын зерттеген iзденiстерi (бəрiнiң ғылыми жетекшiсi – Бей сем-

бай Кенжебаев) – қазақ сөз өнерiнiң талай мыңжылдықтар белестерiнде 

қалыптасқан,  дамыған  тарихи-поэтикалық  шынайы  сипатын  анық та ды. 

Бұлар – ежелгi  əдебиет  мұраларының  мəтiндерiн  шар құ ра  iз деп  тауып, 

сарсыла  отырып  өңдеп,  соларды  мəтiнтану  (текстология)  заң ды лық-

та ры  бойынша  қазiргi  оқырмандардың  пайдалануына  ұсын ған  на ғыз 

күрескерлер. Осы аталған санаулы ғана ғалымдардың көз майын та уы сып 

тапқан  мəтiндерi  бойынша  жарық  көрген  хрестоматиялық  оқу  құ ра лы 

«Ежелгi  əдебиет  нұсқалары» 1967 жылы  «Мектеп»  баспасынан  жа рық 

көргенiмен,  бұлардың  диссертациялық  зерттеулерi  негiзiндегi  оқу  лық -

тар да кеңестiк саяси-идеологиялық бақылау жүйесi ке дер гi сi нiң, баспа 

орындары  жасықтығының – қорқақтығының  салдарынан  ХХ  ға сыр дың 

80-жылдарының аяғына дейiн жарыққа шықпады, тек Мұхтар Ма ға уин-

нiң «Қобыз сарыны» (1967), «Алдаспан», «Үш ғасыр жырлайды» жи нақ-

та ры, Ханғали Сүйiншəлиевтiң «Қазақ əдебиетiнiң қалыптасу ке зең де рi» 

(1971),  Қабиболла  Сыдиықовтың  «Ақын-жырлаулар»  монографиялары, 

«Алдаспан», «Үш ғасыр жырлайды» жинақтары ежелгi жəне Қа зақ хан ды-

ғы дəуiрлерi мұраларын оқытудың негiзгi құралдары қыз ме тiн атқарды.

Жоғары оқу орындарындағы «Қазақ əдебиетiнiң ежелгi дəуiрi», «Қа-

зақ хандығы дəуiрiндегi əдебиет» курстары осылайша арнайы оқулық-


284

кiтапсыз оқытылды. ХХ ғасырдың 80-жылдарының екiншi жар ты сын да-

ғы «Қай та құру» деп аталатын жалған демократиялық даурықпа-бөс пе 

ала са пы ран ның  тасқынында  əупiрiмдеп  жүрiп  Əуелбек  Қо ңы рат баев-

тың «Қа зақ эпосы жəне түркология» (1986), Мырзатай Жолдасбековтің 

«Асыл арналар» (1986), Ханғали Сүйiншəлиевтiң «Ғасырлар поэзиясы» 

(1986), Алма Қыраубаеваның «Ғасырлар мұрасы» (1988) монографияла-

ры жарық көрдi.

Оқу бағдарламалары мен оқу құралдары, оқулықтар – жоғары жəне 

орта арнаулы оқу орындарындағы, орта мектептердегi пəндердi шə кiрт-

тер ге меңгертудегi негiзгi құжаттар, құралдар. Əсiресе қазақ əде бие тi нiң 

ежелгi  жəне  Қазақ  хандығы  дəуiрлерi  мұраларын  мұрағаттардың  шаң 

бас қан  қоймаларынан  түн  қатып,  түстерi  қашып  жүрiп,  тiрнектеп  жи-

нап, ғылыми жаңалықтарын жарыққа шығару жолында инемен құ дық 

қаз ған дай азабын бастарынан кешiп жүрiп атқарған Бейсембай Кенже-

баев, Əуелбек Қоңыратбаев, Əлкей Марғұлан, Мырзатай Жолдасбеков, 

Мұх тар Мағауин, Қабиболла Сыдиықов, Алма Қыраубаева өздерi жа рық-

қа шығарған ғылыми жаңалықтарының заңды иелерi емес пе?

Дегенмен көне ескерткiштердi ғылыми айналымға əкелушi осы жан-

кештi ғалымдардың авторлығымен жарық көруге тиiстi оқу лық тар дың 

жа рық қа шығуы зор қиындықтармен жүзеге асып келедi. Мысалы, Хан -

ға  ли Сүйiншəлиевтiң «VIII–XVIII ғасырлардағы қазақ əдебиетi» оқу  лы -

ғы (1988), Алма Қыраубаеваның «Ежелгi дəуiр əдебиетi» (1991) хрес  то -

ма  тия  лық оқу құралы кешеуiлдеп басылса да, қазiргi тəуелсiз Қа зақ стан 

Республикасы  жоғары  оқу  орындары  үшiн  қайталап  басылуы  жү йе ге 

түспей-ақ  келедi.  Оқулық – белгiлi  бiр  ғылым  саласында  ғылым  мен 

мəдениеттiң жетiстiктерiн оқушылар мен студенттердiң қабылдау дең-

ге йi не лайықтап жүйелеп түсiндiретiн оқу əдебиеттерiнiң негiзгi жəне 

жетекшi түрi екендiгi мəлiм. Адамзат өркениетiндегi осы классикалық 

дəс түр  бойынша  ғылыми  жаңалықтарды  ашушылардың  сол  еңбектерi 

не гi зiн де оқулықтардың авторлары болуы заңды емес пе?

Алма  Қыраубаеваның  мектеп,  лицей-гимназияға  арналған  «Ежелгi 

əде биет» (1996) атты  оқулығы 1995 жылы  Сорос-Қазақстан  қоры  мен 

Қа зақ стан Республикасы Бiлiм министрлiгi бiрлесiп «Гуманитарлық бi-

лiм дi жа ңар ту» бағдарламасы аясында өткiзген оқу орындарының бар-

лық түрлерiне арналған гуманитарлық пəндер бойынша оқулықтар мен 

оқу-əдiстемелiк  құралдарының  ашық  конкурсында  жеңiмпаз  болды. 

Бұл – қазақ мектептерi тарихындағы аса зор ғылыми жетiстiк. Бұл – қа зақ-

тың өзiндiк ұлттық мəдениетiн ұрпақтар санасына жеткiзудегi бұ рын ғы 

ағартушылар армандаған ұлы мұраттың жүзеге асуы. Өкiнiштiсi – Алма 

Қыраубаеваның авторлығымен ұсынылған «Ежелгi əдебиет» ар нау лы пə-

нi нiң орта білiм беру жүйесiндегi оқытылуы көңiлдi көншiтпейдi. Олай 

дейтiн себебiмiз – орта жəне жоғары бiлiм беру жүйесiндегi са бақ тас тық 


285

үнемi назарға алынбай келедi. Жоғары оқу орындарындағы «Қа зақ тiлi 

мен  əдебиетi»  мамандығы  бөлiмiнде  «Ежелгi  дəуiр  əдебиетi» I курс та 

жеке пəн болып оқытылады, ал сол пəннiң орта мектептегi, лицей, гим на-

зия лар да ғы Алманың авторлығындағы оқулығы негiзiндегi пəн нiң жү зе-

ге асырылуы қазiргi бiлiм беру бағдарламасында қандай дə ре же де?

Алма – ұстазы Бейсембай Кенжебаев ұсынған ғылыми-теориялық та-

рихи поэтика методологиясы бойынша қазақ əдебиетiнiң көп ға сыр лар 

бойы қалыптасқан тарихын былай жүйелеудi ұсынды:

«1. Заманымыздан бұрынғы аңыз-жырлар (сақ-ғұн, үйсiн дəуiрi. Б.з.б. 

VII ғ. – б.з. IV ғ.). 

2. Түрiк қағанаты дəуiрiндегi əдебиет (V–VIII ғғ.).

3. Оғыз дəуiрiндегi əдебиет (IХ–Х ғғ.).

4. Ислам дəуiрiндегi əдебиет (Х–ХII ғғ.):

а) Сыр бойы əдебиетi;

ə) Қарахан əдебиетi.

5. Алтын Орда дəуiрiндегi əдебиет (XIII–XIV ғғ.)».

(Қыраубайқызы А. Ежелгi əдебиет, 4-б.).

Зерттеушiнiң заманымыздан бұрынғы сақ-ғұн, үйсiн дəуiрiндегi бұ-

рын ғылыми айналымға беймəлiм фольклор мен əдебиет мұраларын на-

зар ға  ұсынуы – əдебиеттануымыздағы  аса  маңызды  жаңалық.  Ға лым-

ұс таз «бiздiң заманымыздан 1500 жыл бұрын өмiр сүрген скиф-сақ тың 

көсемi  Тарғытай»  туралы  аңыздардың  тарихи-əдеби  сипатын  саралап, 

ондағы  деректер  (тайқазанға  жылқының  етiн  асу,  аталарына  ас  беру, 

бие сауу, қымыз ашыту, төрт түлiк мал (жылқы, қой, сиыр, түйе) өсiру, 

киiз үй мен кiрпiш үй салу, жайлау мен қыстау т.б.) арқылы скиф-сақ-

тар  мен  қазақ  тұрмысының  сабақтастығын  дəлелдеген.  Зерттеушi  қа-

зiр гi жəне болашақтағы ұрпақтарға «Сiз қазақ дейтiн ұлы ха лық тың 

ұр па ғы сыз» деп сөз арнайды, қазақтың «Ұлың – Үрiмге, қызың – Қы-

рым ға» деген қанатты сөзiн негiзге ала, ата-бабаларымыздың Еура зия-

ның  гео гра фия лық  кеңiстiгiндегi  барлық  аймақтарға  (Рим,  Византия, 

Русь т.б.) тұлпарларының тұяқтары тигенiн еске түсiрдi. Шынында да, 

қа зiр гi  жəне  болашақтағы  қазақтың  ұлдары  мен  қыздарының  назары-

на ата-бабаларымыздың жауынгерлiк-батырлық жорықтарын, им пе рия-

лық-мемлекеттiк  құрылымдарын  (Аттила  патшаның,  ғұн,  Бейбарыс 

сұл тан ның мəмлүктер, түркi ұлыстары шоғырланған Алтын Орда мем-

лекеттерi) ұлттық-патриоттық тəлiм-тəрбие бағдарында ұсынып, то лық 

пайдалануымыз керек. Ғалым-қайраткер Алманың осы орайда ай тыл ған 

жа ңа шыл  пiкiрлерi  қазақ  жастарының  ұлттық-отаншылдық  ең се сi нің 

биiк ке көтерілуі ықпал ететiнi ақиқат:

«Қазақтар – ежелден өнерлi шешен, дана халық. Бiздiң жыл қа йы-

руы мыз ға дейiнгi дəуiрлерде 25 əрiптен тұратын өз жазуымыз бол ған

Сол жазумен бiздiң заманымыздағы V–VIII ғасырларға дейiн жазып кел-


286

ген. Оның айғағы – Орхон, Енисай өзенiнiң бойындағы көне тү рiк тер-

дiң мекенiнен табылған тастағы жазулар. Орхон жазуының iзi қа зақ тың 

ру  таңбаларында  қазiрге  дейiн  сақталған.  Дəлелдi  деректер  бойынша, 

«қа зақ»  атауы VII–IX ғасырларда-ақ  бар  екен.  «Қазақ-қазғақ»  деген 

сөз ден шығыпты. Ол «ержүрек, ерiктi адам» деген ұғымды бiл дi ре дi. 

Енисай өзенiнiң бойындағы VIII ғасырда тасқа басылған жазуда «қаз-



ғақ ұлым» деген сөз бар екен. Оның мағынасы – «батыр ұлым». Ба ла-

ның тұсауын кескенде «қаз, қаз бас», – деймiз. Ол: «Өз еркiңмен жүр, 

батыл бол!» – деген сөз (Қыраубайқызы А. Ежелгi əдебиет. Алматы: Əл-

Фараби, 1996. – 6-7-бб.).

Зерттеушi б.з.б. VII–II ғғ. «Енисей мен Ертiс, Дунай бойларын, Ау ған-

стан мен Иран, Сирия, Түркия жерлерiн мекендеген» Көк Тəңiрiне та-

бынып, «түрiк жазуымен жазған» (16-бет) Түрiк мемлекетiн ұйым дас-

тыр ған көсем, батыр Алып – Ер Тұңға (Афрасияп) туралы «Алып – Ер 

Тұң ға ны  жоқтау»,  б.з.б. VI ғ.  сақ,  патшасы  Тұмар,  б.з.б. VI ғ.  Ши рақ 

батыр, б.з.б. V ғ. сақ патшасы Зарина сұлу, б.з.б. 209–174 жж. – ғұн ханы 

Мөде батыр туралы фольклор мен əдебиет шығармаларын тұң ғыш рет 

ғылыми  айналымға  əкелдi.  Ғалымның  В.В.  Бартольд,  А.О.  Маковель-

ский,  А.Н.  Бернштам,  Ə.Марғұлан,  Ə.Қоңыратбаев  т.б.  зерт теу шi лер 

ең бек те рi не сүйене отырып, Орталық Азияда, Əзiрбайжан, Ау ған стан, 

Иран  өлкелерiнде  кентiнен  таралған  Заратуштра  iлiмiне  негiзделген 

«Авеста» жинағы мазмұнының сақ, скиф, ғұн, қаңлы тайпалары фоль-

клоры мен əдебиетi мұраларымен үндестiгiне де назар аударған зерт теуi 

де ма ңыз ды лы ғы мен ерекшеленедi».

Ғұлама шығармашылығындағы кешендi түрде қарастырылған өзек-

тi мəселе – қисса-дастан жанрындағы шығармалар. Ғалымның «Қис са 

жанрының өзiндiк ерекшелiктерi» (1985), «Абайдың поэмалары» (1985), 

«Махаббатнама» (1985), «Ғасырлар  мұрасы» (1988), «Түркi  əде бие тi» 

(1988), «Шығыстың қисса-дастандар» (1997) атты зерттеу кiтаптарын-

да сөз арқауындағы ежелгi сақ, ғұн, түркi дəуiрлерiндегi жəне ХIХ ға-

сыр мен ХХ ғасырдың бiрiншi жартысындағы эпостық əдеби тек жанры 

қисса-дастандардың  генезисiн,  жанрлық  ерекшелiктерiн  мазмұн  мен 

пiшiн, көркемдiк дəстүр жалғастығы, поэтикалық үндестiк, ұлттық си-

пат,  стильдiк  даралық  жəне  т.б.  сан  алуан  мəселелер  аясында  талдап, 

тың  бағалаулар,  тұжырымдар  жасады.  Қисса-дастандардың  ежелгi  за-

мандардан жетуiндегi, болашаққа ұласуындағы əдеби ық пал дас тық тың, 

бай ла ныс тар дың əсерiн, ұлттық көркемдiк ойлау негiздерiнiң сақ та луын 

үне мi сабақтастыра бағалады.

Зерттеушi  ХIХ–ХХ  ғасырлардағы  Жүсiпбек  Шайхұсламұлының, 

Ақыл бек Сабалұлының, Қашафутдин Шаһмарданұлының, Шəдi Жəң гiр-

ұлы ның,  Əсет  Найманбайұлының,  Əрiп  Тəңiрбергенұлының,  Мəшһүр 

Жү сiп  Көпейұлының,  Ақыт  Үлiмжiұлының,  Жүсiп  Ешниязұлының, 



287

Мəу лi кей Жұмашұлының, Жүсiп Таубайұлының, Мансұр Бе ке жан ұлы-

ның,  Мұсабек  (Молда  Мұса)  Байзақұлының,  Мəделi  Жү сiп қо жа ұлы-

ның, Тұрмағамбет Iзтiлеуұлының жəне т.б. көрнектi ақындардың қисса-

дастандарын тарихи поэтика аясында талдап қарастырған. Ақын дар дың 

дастандарына  көркемдiк  негiз  болған  қазақ  фольклорындағы  мифтiк 

сюжеттер, Құран Кəрім сюжеттерi, Рабғузи қиссалары, Құтыптың «Хұс-

рау – Шырыны», Хорезмидiң «Мухаббатнама», Хусам Кəтибтiң «Жұм-

жұ ма сұлтан», Сəйф Сараидің «Жəдiгернама», «Түрiкше Гүлстан» дас-

тандары да көркемдiк дəстүр жалғастығы тұрғысында қарастырылған.

ХIХ ғ. жəне ХХ ғ. бiрiншi жартысындағы ақындар шы ғар ма шы лы-

ғын да ғы «Мың бiр түн» – «Тотынама» жəне «Шаһнама», сонымен бiрге 

Орта Азия, Пекинде жарық көрген жəне «Бақтиярдың қырық бұтағы» 

же лi ле рi сюжеттерiнiң ақындар шығармашылығындағы аудармалық-нə-

зи ра лық жолмен жырлану нұсқалары Алманың жүйелi-кешендi тарихи-

салыстырмалы əдiстерi аясында кеңiнен қамтыла сараланған.

Ақындардың  аудармалық-нəзиралық  жолмен  жырлауы  арқылы  қа-

зақ тың төл мұраларымен бiрге халықтық сипатқа ие болған шығыстық 

сю жет те гi  қисса-дастандар  тақырып  пен  идея,  сюжет  пен  компози-

ция, кейiпкерлердi даралау, фольклор мен əдебиет дəстүрлерiнiң тұ тас-

ты ғы,  мəселелерi  бойынша  кешендi  түрде  бағаланды.  Қисса-дастан 

жанрындағы шығармалардың дəстүрлi композициясы, стильдiк өр нек те-

рi, тұрақты желiлерi, қалыптасқан сюжеттiк бөлiктерi – бəрi де жа ңа шыл 

бағдарлы тұжырымдар арқылы байыпталды. Зерттеушi шы ғыс тық қис-

са-дастандардың тұрақты желiлерi «Балаға зарығу», «Мiнсiз кейiпкер», 

«Пат ша ның тастанды баласы», «Аң асыраған бала», «Түс көру», «Иран-

бақ ты iздеу», «Теңiз оқиғасы», «Жолдағы қауiп-қатерлер» (аждаһа, дию, 

маймыл, зəңгi, Төбекөздермен кездесу т.б.), «Жазира арал», «Сарай сал-

дыр ған қыз», «Бақ пен бағбан», «Сарайдағы патша əскерiмен соғыс» т.б. 

Ға лым осы күрделi зерттеуi бойынша талданған қисса-дастандарды бы-

лайша жинақтап көрсетедi:

«Мың бiр түннiң» желiсiне жазылған қисса-дастандар: «Сей фүл мə-

лiк», «Зияда-Шаһмұрат», «Қамурзаман», «Атымтай-Жомарт», «Қа сым-

Жомарт», «Мың  бiр  түн  хикаясы», «Кесiк  бас», «Сұрмерген», «Қис са 

Дандан», «Қожа  Ғафан  уа  Садуақас»  т.б.  Дiни  сюжеттер  желiсiне  жа-

зыл ған қиссалардың негiзi Құран, «Қисас-ул əнбия», «Мың бiр түннен» 

алын ған. «Дариға қыз», «Зарқұм», «Сал-сал», «Наушаруан сұлу», «Əбу 

Шахма», «Кербаланың шөлiнде», «Жүсiп-Зылиха», «Берен создың қис-

са сы», «Бозторғай», «Мəлике қыз», «Бəрсиса», «Жұмжұма сұлтан», «Са-

қып жа мал», «Шəриар», «Құсайын»  т.б. «Шаһнама»  желiлерiне  жақын 

келетiн қисса-дастандарға: «Қисса Баһрам», «Еренғайып шаһ Ғаббас», 

«Мұң лық-Зарлық», «Шəкiр-Шəкiрат» жəне Тұрмағамбеттiң нəзиралық 

дəс түр де  жазған  дастандарын  жатқызуға  болады» (Қыраубайқызы  А. 


288

Шы ғыс тық қисса-дастандар. – Алматы: Рауан, 1997. – 138-б.). Зерттеушi 

Орта Азиялық сюжеттер iзiнде жырланған қисса-дастандардың («Таһир-

Зуһра», «Əбуғали  Сина – Əбiлхарис», «Бозжiгiт», «Мұңлық-Зарлық») 

түп-төркiнi «Мың бiр түнге», «Шаһнамаға», «Тотынамаға» ұласуы мүм-

кiн екенiн, бiрақ оқиғалардың болған мекендерi, кейiпкерлерiнiң Азия 

ха лық та ры на,  оның  iшiнде  қазақ  тұрмысына  жақындығын  айтады. 

Зерт теу шi Қытайда жарық көрген қисса-дастандарға («Самұрық», «Үш 

бала», «Бақтиярдың қырық бұтағынан» «Ақбазархан», «Тəжiк қиссасы», 

«Ға лым қыз Буадат», «Кенжекейдiң көшiрмесi», «Мұрат Салих пен Мағ-

ри па», «Қырық уəзiр», «Қамұрұззаманның жаңа бiр нұсқасы», «Əдiл-За-

йыт», «Ғарып патша» т.б. көптеген жаңа табылған қиссаларды талдай-

ды. Қазақ əдебиетi тарихында Н. Мыңжани алғаш пiкiр айтқан «Бақ тияр-

дың қырық бұтағы» (Бақтиярдың ажал тұзағынан құтылу үшiн қы рық 

күн айтқан əңгiмесi) тақырыбы тобындағы қисса-дастандарға да өзiн дiк 

бағалауын жасаған. Осылайша, қазақ əдебиеттануы ғылымының тари-

хында шығыстық сюжеттерге негiздеген қисса-дастан жанрындағы эпи-

ка лық шығармаларды толық қамтып қарастырған ғалым Алма ғылыми 

iз де нiс ке  тəн  шынайылықты,  дарын  мен  еңбексүйгiштiк  ұштасуының 

нə ти же сiн дəлелдедi.

Алма – жаңашыл  iзденiстерiн  тəжiрибе  жүзiнде  дəлелдеген  ұстаз-

тəрбиешi.

ХХ ғасырдың 70–90-жылдары ол жоғары оқу орнында ұстаздық жəне 

ғылыми-зерттеушiлiк  қызметiн  тұтас  ұстана  жүргiздi.  Ұзақ  жылдар 

бойы Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiндегi филология 

факультетiнде, өмiрiнiң соңғы жылдары Л.Н. Гумилев атындағы Еура-

зия ұлттық университетiнде жəне Қазақ ұлттық музыка академиясында 

ұстаздық қызмет атқарған Алма сөз өнерi туындыларын жоғары оқу ор-

нында оқытудың ғылыми-əдiстемелiк өзiндiк озық үлгiлерiн қа лып тас-

тыр ды. Лекция мен семинар сабақтарын шəкiрттердiң өзiндiк қа был дау 

психологиясына  лайықтап,  сөз  өнерi  туындыларын  пiкiрталас,  өз ара 

сұ рақ-жауап  сипатында  өткiзу  əдiстемелiк  дағдылы  болды.  Ғалым-ұс-

таз  ежелгi  жəне  қазiргi  əдеби  үдерiстегi  автор  жəне  оның  туындысын 

қа был дау шы  оқырмандардың  (тыңдаушылардың)  арасындағы  табиғи 

бай ла ныс тар дың психологиялық болмысын айқындайтын, шəкiрттерiн 

көр кем дiк ойлау, эстетикалық-гуманистiк дүниетаным кеңiстiгi əлемiне 

қа нат қақтыратын, ғылыми iзденiстерге баулитын.

ХХ  ғасырдың 90-жылдарының  орта  шенiнде  Қарасай  ауданындағы 

Ораз  Жандосов  атындағы  ауылда  ұлттық  көркемдiк  ойлау  эстетикасы 

дəс тү рiн де гi қазақ мектебiнiң жаңа үлгiсiн ұйымдастырды. Ғимаратын 

да, оқу сабақтарын оқытатын мұғалiмдердi де тапты. Əттең, өршiл ойлы 

романтик ұстаз-ғалым Алманың осы ғажайып мектебiнiң əрi қарай ке-

мелдене дамуына демеушiлiк болмады, намысты қайраткер ұстаз-ға лым-


289

ның  мектебi  материалдық  қолдаудың  жоқтығынан  амалсыз  жабылды. 

Бi рақ  Алма  мектеп  ұйымдастырып  ашқан,  бiрнеше  жылдар  нəтижелi 

жұ мыс жүргiзген сол ұлттық мектеп үлгiсiнiң қайтадан жалғасатынына 

сенемiз, себебi Алма тəрбиелеген, оқытқан жiгерлi жаңа толқын ұстаз-

ға лым да ры мыз ға үмiттене қараймыз!

Алма қазақ əдебиетi сабақтарын жоғары оқу орындарында да, орта 

мектептерде де адамтанудың құдiретiн танытатын адамгершiлiк-эс те ти-

ка лық қуатты құрал тұғырында таныта бiлдi. Сөз өнерi мұраларын оқы ту 

ар қы лы қазақтың ұлттық дүниетанымын, ата-бабалар мен кейiнгi ұр пақ-

тар жал ғас ты ғы ның үздiксiз қозғалыстағы мəңгiлiк жолын ұқ тырды.

Ғалым-ұстаздың «Жаным садаға» (1995) атты педагогикалық-пси хо-

ло гия лық мазмұндағы кiтабы ұстаздық қызметтiң жалпыадамзаттық та-

ғы лы мын ұқтырады.

Алма – қазақтың жыршы, əншi ақындығы дəстүрiн бойына сiңiрген 

дарынды  өнер  иесi.  Əлi  есiмiзде,  сонау 80-жылдардың  аяғына  таман 

жиi-жиi өткiзiлген бiрнеше республикалық ақындар айтыстарының бас-

талуы  Алманың  күмбiрлеген  қоңыр  домбырасымен  қосып  жырлаған 

Жамбыл бабамыздың «Ақындарға арнау» толғауымен ашылғаны мəлiм. 

Ол Жамбылдың ұмытылып бара жатқан əн-термелерiн өзiнiң əншi-жыр-

шы лық  орындаушылық  өнерiмен  Қазақ  радиосының  мұрағат  қорына 

жаздырды, «Жамбыл əуендерi» атты əн-өлеңдер жинағын құрастырды. 

Жамбыл Жабаев атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты атағын 

(1997) иелендi.

1997  жылы  көктемде  Алма  өзi  еңбек  етiп  жүрген  университетiнiң 

филология факультетiндегi Мұхтар Омарханұлы Əуезов атындағы дə рiс-

ха на сын да докторлық диссертациясын қорғады. Сол сəтке дейiн рес пуб-

ли ка мыз ға  əбден  танымал  болған  ғалым-ұстаздың  ғылыми  жұмысына 

аға  буын  ғалымдар  Ханғали  Сүйiншəлиевтiң,  Зейнолла  Қабдоловтың, 

Тұр сын бек Кəкiшевтiң, Рахманқұл Бердiбаевтiң, Темiрбек Қожакеевтiң, 

Мырзатай Жолдасбековтiң жəне алыс-жақын шетел ғалымдарының бер-

ген жоғары бағалары – Алманың ұлттық мəдениетiмiздiң тарихындағы 

ас қар алы шыңдардың бiрi екендiгiн дəйектей түскен едi.

Əлi есiмiзде сол күнi кешкi таман Ғалымдар үйiнде Алманың 50 жас-

қа толған мерейтойы да өткiзiлдi. Мерейтой өтетiн кең залда Алма жар-

қыл да ған,  жайнаған  келбетiмен  жұртшылықтың  жылы  лебiздерi  мен 

ұсынған гүлдерiне бөлендi. Алманың орындауындағы өз əндерi де сол 

күнi шырқалды, ол əсем, асқақ əуендер сұлу өмiр иесi ұстаз-ғалым Ал-

ма ның адамзатқа, бүкiл тiршiлiкке ғашық ғажайып тұлғасын алдағы ға-

сыр лар ға уақыт пен кеңiстiктiң ғарыштық-ғаламдық шексiз-шексiз биiк-

тiктерiне көтере самғап бара жатты.

Алманың асқаралы асқар биiктiгi – бiздiң қазақ ұлтының əлем өр ке-

ние тiн де гi мəртебелi көрсеткiштерiнiң бiрi.


290



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет