1996
1. Қазақ мифологиясы жəне Авеста // Жұлдыз. – 1996. – №2. – 178-180 бб.
2. Қорқыт Ата мифтері жəне Авеста // Қорқыт Ата: энциклопедиялық жинақ.
– А., 1999. – 679-685 бб.
3. Жəкеңнің ұлы Алғадай // ҚазМУ Хабаршысы. Филология сериясы, 1996.
– №4. – 75-76 бб.
4. Сенім бағдарламасы // Қазақстан мұғалімі, 1996. – №4. – 40-60 бб.
5. Жамбыл салған əн еді. – А.: Жеті жарғы, 1996. – 88 б.
6. Авестадағы қазақ мифтері // ҚазМУ Хабаршысы, 1996. – 72-75 бб.
7. Ежелгі əдебиет: Мектеп, лицей-гимназияға арналған оқулық. – А.: Əл-Фара-
би, 1996. – 132 б.
8. «Дулыға» – елдік пен ерлік шежіресі // Түркістан, 1996. – 4-10 желтоқсан.
9. Нобель сыйлығын неге ешкім алған жоқ? (Сұхбат) // Заман-Қазақстан. 1996.
– 25 қазан.
10. Авторлық мектеп жəне педагогикаға қойылған жаңаша талаптар // Оң түс тік
Қазақстан. – 1996. – 27 қараша.
11. Белгісіз балуан (əңгіме) // Спорт. – 1996. – 27 тамыз.
12. Елдік үшін бесігімізді түзейік (Сұхбат) // Шалқар. – 1996. – №3. – 23 ақпан.
13. Қыз қылығымен // Ұлағат. – 1996. – №2-3. – 51-54 бб.
1997
1. М.Əуезов жəне ежелгі əдебиет мəселелері // Заман-Қазақстан. 1997. – 26 қыр -
кү йек // ҚазМУ Хабаршысы, Филология сериясы. 1997. – №13. – 40-41 бб.
2. Көкейкесті арман ғұмыр // Ясауи университетінің хабаршысы. – Түркістан,
1997. – 91-96 бб. // Егемен Қазақстан. – 1997. – 30 қазан. // Кітапта: Кемел
ойлы көр кем сөз (Мерейтой жинағы). Шымкент: Жібек жолы, 1998. – 27-
41 бб.
3. Бағдарлама: «Сенім» ( жаңаша мектепке арналған ) // Кітапта: Əбілова З.
Этнопедагогика (Əлем тілдері университеті). – 172-196 бб.
242
4. Даланың жазба ескерткіштеріндегі мифтік сарындар // Алматы ақшамы. –
1997. – 20 қараша.
5. Қасиетті мекен. Гуманитарлық Академия Хабаршысы, 1997. – №1.
6. Шығыстық қисса-дастандар. – А.: Рауан, 1997. – 140 б.
7. Мыңжылдық жолаушы // Заман-Қазақстан. – 1997. – 13 маусым // Кітапта:
Жолдасбеков М. Ел тағдыры – ер тағдыры. – А.: Санат, 1997. – 678-684 бб.
8. Шығыстық дастандардағы қасиетті жер-су ұғымдары. – ҚазМУ Хабаршысы.
Филология сериясы, 1997. №8. – 70-73 бб.
9. Жұмжұма сұлтан хикаясы // Түркістан, 1997. – 19-25 ақпан.
10. Жас ұрпақ: бүгін жəне ертең // Егемен Қазақстан. – 1997. – 30 желтоқсан.
11. Елдік рухты əдебиет қалыптастырды (сұхбат) // Заман – Қазақстан. – 1997.
– 9 мамыр.
12. Мұғалім күні // Қазақстан мұғалімі. – 1997. – 14 мамыр.
13. Баласағұнидан басқалар да бар // Түркістан. – 1997. – 2-8 көкек.
14. Ұстаздың ұртындағы құрма // Егемен Қазақстан. – 1997. – 8 сəуір.
15. Ұстаздық еткен жалықпас // ҚазМУ Хабаршысы. Филология сериясы. –
1997. – №8. – 22-27 бб.
16. Қазақ əдебиетіндегі шығыстық қисса-дастандардың түп-төркіні мен қа лып-
та суы: Филол. ғыл. докт. ғылыми дəрежесін алу үшін дайындалған диссерт.
автореф. – Алматы, 1997. – 58 б.
17. Қазақ əдебиетіндегі шығыстық қисса-дастандардың түп-төркіні мен қа лып-
та суы: Филол. ғыл. докт. ғылыми дəрежесін алу үшін дайындалған диссерт.
– Алматы, 1997. – 336 б.
18. Шығыс-қазақ əдеби байланыстары // Алматы ақшамы. – 1997. – 7 сəуір.
19. Ары биік азамат еді // Қазақ елі. – 1997. – 18 сəуір.
1998
1. Түркі əдебиет: филология, журналистика факультеттеріне арналған оқу құ ра-
лы. – А.: ҚазМУ, 1998. – 100 б.
2. Оғыз қаған жыры // Егемен Қазақстан. – 1998. – 19 мамыр.
3. Кемел мемлекет арманы // Түркістан. – 1998. – 22-29 бб.
4. Айналайын, түсінік… (сұхбат) // Заман-Қазақстан. – 1998. – 27 наурыз.
5. Ұлттық мектептің моделін жасау мəселесіне көзқарас // Этнопедагогика-эт-
нопсихология мəселесіне арналған конференция материалдары. – А.: Қазақ
университеті, 1998.
6. Ежелгі мифтер: «Нұрдан жаралу» // ҚазМУ Хабаршысы. Филология серия-
сы. – 1998. – №21. – 29-31 бб.
7. Алтын Орда əдебиеті // Егемен Қазақстан. – 1998. – 19 желтоқсан.
8. Ежелгі əдебиет ертеңгі əдебиетке жалғасуда (проф. Х.Сүйіншалиевтің ең бек-
те рі бойынша) // Егемен Қазақстан. – 1998. – 24 желтоқсан.
9. Тарих тереңін іздеген // ҚазМУ Хабаршысы. Филология сериясы. – 1998.
– №22. – 45-48 бб.
10. Арманын қоймас адамзат // Қазақ елі. – 1998. – 21-27 тамыз.
11. Əйел – қоғамдық күш // Егемен Қазақстан. – 1998. – 17 қазан.
12. Елдің сəнін келтірген қыз – əулие // Алматы ақшамы. – 1998. – 21 қазан.
13. Ежелгі түркі əдебиеті жəне оның зерттелуі // ҚазМУ Хабаршысы. Шы ғыс-
тану сериясы. – 1998. – №5. – 23-24 бб.
14. Алма апайдың əлемі // Студент: «Жас алаштың» қосымшасы. – 1998. – 29
қыркүйек.
243
15. Беташар / Кітапта: Ақылбек Сабалұлының қиссалары. Түркістан, 1998. – 1-
2 бб.
16. Ұлтқа керегі – рухани азаттық // Түркістан. – 1998. – 11-17 қараша.
17. Өзімізді іздеу // Ұлт тағылымы. – 1998. – №1.
18. Əйелдердің қоғамдағы алатын орны туралы ойлар // Шалқар. – 1998. – №5.
– 13 наурыз.
1999
1. Гуманитарлық қазақ мəдениеті мектебінің тəжірибесі // Ұлт тағылымы. –
1999. – №1. – 13-17 бб.
2. Сену тəрбиесі // Ұлт тағылымы. – 1999. – №2. – 60-65 бб.
3. Тыйым салумен ғана шектелу – білімсіздіктен // Жас алаш. – 1999. – 26 мау-
сым.
4. Мұғалім – əмірші емес, ақылшы // Ұлт тағылымы. – 1999. – №3.
5. Ежелгі əдебиет. – А.: Қазақ университеті, 1999. – 140 б.
6. Қазақ əдебиетінің тарихы. І бөлім. Ежелгі дəуір пəнінің типтік бағ дар ла ма сы
// Құр. Қыраубаева А., 1999. – 21 б.
7. Əулиелі ел азбайды (тілші-ғалым Берікбай Сағындықов жайында сыр) //
ҚазМУ Хабаршысы. Филология сериясы. – 1999. – №31. – 3-5 бб.
8. Керемет пен ілһам // Алматы ақшамы. – 1999. – 21 мамыр.
9. Студенттерді мамандығына бейімдеуге бағытталған ойын сабағы // ҚазМУ
Хабаршысы. Филология сериясы. – 1999. – №27. – 15-16 бб.
10. Ұлтқа ұлттық мектеп қажет // Астана ақшамы. – 1999. – 27 шілде.
11. «Жүсіп-Зылиха» // Түркістан. – 1999. – 17-23 ақпан.
12. Матриархаттан сəлем // Отан (қоғамдық-отаншылдық журнал). 1999. – №1.
– 42-б.
13. Қабырғамызды қақыратып кетті (Əділбек Тауасаров – қазанама) // Қазақ
əдебиеті. – 1999. – 5 наурыз.
14. Махаббат жүрек // Алматы ақшамы. – 1999. – 6 қаңтар.
15. Традиции древнетюркской литературы в произведениях Ч.Айтматова // Кі-
тапта: Чынгыз Айтматов жана рухани маданиат. Бишкек, 1999.
16. Нəзира дəстүрі // Гуманитарлық Академия Хабаршысы. – 1999. – №2.
2000
1. «Антропология» – Аңшыбай тəрбиесі // Қазақ əдебиеті. – 2000. – 28 шілде.
2. Бізге қандай оқу керек? // Астана ақшамы. – 2000. – 12 қыркүйек.
3. Тамыр жайған байтерек (Ахмет Ясауи поэзиясындағы сопылық ағым) // Еге-
мен Қазақстан. – 2000. – 20 қазан.
4. С.Мұқанов жəне халық мұрасы // Кітапта: Сəбит Мұқанов – классик: Кө мек-
ші құрал. – А.: Қазақ университеті, 2000. – 56-62 бб. // Кітапта: Сəбит Мұ қа-
нов жəне қазақ əдебиеті: Халықаралық ғылыми конференция материалдары.
– А.: Қазақ университеті, 2000. – 73-79 бб.
5. Ұстаз // Ана тілі. – 2000. – 1 маусым.
6. Ұлттық тəрбие өрісі (2. Жаңа модель жасау мəселесіне көзқарас) // Астана
ақшамы. – 2000. – 14 қыркүйек.
7. Ұлттық тəрбие өрісі (3. Қарым-қатынас мəдениеті) // Астана ақшамы. – 2000.
– 16 қыркүйек.
8. Атымды əкім алып қойған соң... // Егемен Қазақстан. – 2000. – 13 мамыр.
2001
1. Ежелгі түрік əдебиеті (VI–XV ғғ.) // Кітапта: Қазақ əдебиетінің қысқаша та-
рихы. – 1 к,. Оқу құралы: А.: Қазақ университеті, 2001. – 55-149 бб.
2. Ежелгі əдебиет: ЖОО-ның филология жəне журналистика факультеттерінің
студенттеріне арналған оқу құралы. Астана: Елорда, 2001. – 224 б.
3. «Бозбала-ай, жан сезімін қозғама-ай» // Адам Ата – Хауа Ана. – 2001. – №1.
– 10 қаңтар.
2002
1. Ежелгі дəуір əдебиеті: Қазақ əдебиетін тереңдетіп оқытатын мектептерге
арналған оқу құралы. II басылымы, А.: Мектеп, 2002. – 88 б.
2. Бала аңсаған ұстаз болшы! // Студент «Жас алаштың» қосымшасы. – №26.
– 2002. – 2 наурыз.
3. Сақ əңгімелері: Тарғытай, Ширақ батыр. А.: Өнер, 2002.
4. Сақ əңгімелері: Сұлтан Бибарыс. А.: Өнер, 2002.
2004
1. Қазақ əдебиеті: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық:
(Мақпырұлы С, Құрманбай Г.). – А.: Мектеп, 2004. – 288 б.
2006
1. Ежелгі дəуір əдебиеті. XII–XIV ғғ. Түркі тілді əдебиет. – А.: «Алатау» бас-
па-полиграфиялық корпарациясы, 2006. – 168 б. (Кітапты баспаға əзірлеген
– Гүлнəзия Əдуова).
2007
1. Ұстаз – ақиқаттың апостолы, шындықтың шырақшысы // Мəдениет. – 2007.
– №6-7. –42-43; 80-81 бб.
2. Сену тəрбиесі // Мəдениет. – 2007. – №8-9. – 27-29 бб.
2008
1. Ғасырлар мұрасы. 5 томдық шығармалар жинағы: 1-том. Томды баспаға əзір-
ле ген Л.Мұсалы. – Алматы: Өнер, 2008. – 304 б.
2. Ежелгі əдебиет. 5 томдық шығармалар жинағы: 2-том. Томды баспаға əзір ле-
ген дер: Г.Асқарова, Н.Мəтбек. – Алматы: Өнер, 2008. – 216 б.
2010
1. Шығыстық қисса-дастандар. 5 томдық шығармалар жинағы: 3-том. Томды
бас па ға əзірлеген С.Дəрібаев. – Алматы: Өнер, 2010. – 344 б.
2011
1. Жаным садаға. 5 томдық шығармалар жинағы: 4-том. Томды баспаға əзір ле-
ген дер: Н.Мəтбек, Г.Асқарова. – Алматы: Өнер, 2011. – 344 б.
244
IV БӨЛІМ
ҒАСЫРЛАР
ҚҰПИЯСЫН
АШҚАН ҒҰЛАМА
(Естеліктер топтамасы)
246
Тұрсынбек КƏКІШЕВ
ЕҢБЕГІМЕН ЕЛЕУЛІ
1968 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының М.О. Əуезов атын да-
ғы Əдебиет жəне өнер институтынан С.М. Киров атындағы Қазақ мем ле-
кеттік университетінің филология факультетіне ауыстым. Ұстазым Бей-
сембай Кенжебаевтың «сағат табамыз» дегеніне, факультет деканы Ха-
лаби Сайкиев ағамыздың «артық орнымыз жоқ» дегені жең ішінен жал-
ға сып жатқан əрекеттің белгісі болса да, өзімнің ұшқан ұяма қайтадан
қон дым-ау. Үлкен күшпен, айғай-шумен келген адамға күдіктене қа рау-
шы лар көп болатынын өз басынан кешіріп жүрген профессор Бейсем-
бай Кенжебаев «еңбегіңмен ғана сыйлы боласың» деп, қазақ совет əде-
бие ті нің 20–30-жылдары мен қазақ əдебиеті сынының тарихының са ғат-
та рын үйіп-төгіп берсін-ау кеп.
Құдайдың құтты күні лекция оқимын, түні бойы дайындаламын, аң-
ду шы лар көп деген соң, тезистерімді қағазға түсіріп қоямын (уақыты
келсе, ол тезистер қап-қалың бір кітап болуға молынан жетеді). Осындай
қауырт жұмыстың үстіне студенттердің ғылыми үйірмесіне жетекші лік-
ке жегілдім. Сол кезде осы үйірмеге қатысқан студенттердің 20 шақ ты-
сы Əдебиет институтының директоры азамат Əди Шəріповтің ар қа сын-
да Алматыға қалдырылды. Олардың 12-сі қазір ғылым докторы болып,
əде биет та ну дың ауыр жүгін арқалап жүр.
Неге екенін білмеймін, Алма Қыраубаева менің осы қауырт жұ мы-
сым тұсында онша көзге түсе қоймады. Университет курсын тамамдау
қарсаңында жүргендіктен бе, əлде болашақ семьяның толып жат қан
жоспарлары мазасын кетірді ме, əйтеуір, лекция тыңдаған сту дент тер-
дің ті зі мін де болғанмен, ғылыми үйірменің ісіне белсене ара лас қа нын
есі ме түсіре алмай отырмын. Бұл жұмыстар аз болғандай, бірбеткей
Кə кен Аханов декан болғаннан кейін факультеттің партия бюросының
хат шы сы болып сайланып, Х.Сайкиевті қаңқу сөзден арашалауға тура
келді. Бұл аздай, 1970 жылы Бейсекең творчестволық шабыты қысып,
кі тап жазамын деп кафедра меңгерушісінің міндетін жарты жылға менің
мой ны ма арта салды. Құрбыларымның біреуі «Жер астынан жік шықты,
екі құ ла ғы тік шықты». Тұрсынбек келмегенде қараң қалады екенбіз-ау»
дегенді кафедра отырысында əзіл-қалжыңсыз айтқаны бар. Осылайша
жа ны ғып жүргенде Алмада өнер бар, болашақтағы ірі зерттеуші болады
де ген ді нығырлап түсіндірген жан болған жоқ.
Алма университетті тамамдаған кезде шабыт құшағында жүрген Бей се-
кең «Жүр, ректорға барайық, мына Алманы кафедрада қалдырайық» деді.
«Сағат жоқ қой, Бейсеке» деймін баяғы өзінің əніне салып. «Қа рас ты ру ға
болатын шығар» деп, бөлініп қойған ұстаздар міндетін олай қа ғыс ты рып,
247
бұлай қағыстырып, жарты міндетке жетер-жетпес са ғат тап тық. «Əзір ге
осы да болар, əйтеуір, іліктіріп жіберу керек, əйт пе се бұл қыз арқылы
көне тарихтың бір кезеңі кетіліп қалады» деп Бей се кең шыр-пыр болды.
Са ғат табылмай жатқанына мен кінəлі деп рек тор ға ба ру ға бекідік.
Университет билігін қолға алғанына онша көп болмаса да, Өмір бек
Жолдасбековтің «икемі келетін істің көзін мықтап табады, адам гер ші лі-
гі мол» деген даңқы ептеп шыға бастаған кез болатын. Ректордың қа был-
да уы на үшеуміз бардық. Кафедра жетекшісінің міндетін уақытша ат қа-
ру шы мен мəн-жайды айтып, Алмамен бірге қазақтың көне əде бие ті нің
ша ңы ра ғы на тірек болатын бір бақан кетіп қалатынын айттым. Өмір бек-
тің көзі күлімдеп, бетіне жылылық дари бастады.
– Бейсеке, кафедра меңгерушісі болғаныңызға неше жыл болды?
– Біраз ғой, он бес шақты оқу жылын өткіздік-ау тегі.
– Олай болса, бірді екіге бөлуге бола ма?
– Шырағым, есепке шорқақпын. Бірді екіге бөлуге болар ма екен? –
деп ректордың бетіне ынта-шынтамен қарады.
– Ақын-жазушылар, филологтер осыны да білмейді-ау, – деп Өмір бек
маған көз жүгірте, Алмаға ұзақтау сынай қарады. – Мына бала ауыл ға
кетсе, қайтып оралуы қиын болар. Сонымен, Бейсеке бірді екіге бөле
алмай отырсыз ба?
– Иə, шырағым.
– Сіздер ылғи лекция оқисыздар ма? Практикалық сабақтарыңыз бар
ма?
– Неге болмасын, бар ғой.
– Ал сонда бір топты екіге бөліп жіберсе, бір мұғалім түгіл, екі-үш
адам ға сағат табылмай ма?
– Анау оқу бөлімі бөлдірмейді ғой.
– Көзін тапсаңыз, бөлдіреді. Сіздердің бір тобыңызда – 25 студент,
ал ол практикалық сабақ үшін өте ауыр. Тіл мен əдебиеттің арасында
Қы тай қорғаны жоқ қой, Бейсеке! – деп бізді тығырықтан шығарып,
Алмамен қоса тағы штат алып шыққанымыз күні бүгінге дейін есімде.
Сөй тіп, Алма Қыраубаева өзі оқып шыққан университеттің ассистенті
болып қызметке алынған еді.
Бейсекеңнің Алмашыл болатын себебі – қазақ əдебиетінің тарихын
сонау Орхон-Енисей жазбаларынан тарту жөнінде ғылыми концепция
жасап, Қазақ университетінің қазақ əдебиеті кафедрасының кү ші мен
1967 жылы «Ежелгі дəуірдегі əдебиет нұсқалары» деген хрестоматия
шы ға рып, оның сүбелі шығармасы атақты Хорезмидің «Мұ хаб бат на-
ма сы» болған еді. Оны қазақшалауға, яғни қазақтардың түсінуіне ғана
емес, Алтын Орда заманында жасалған ортақ мұраны зерттеуге Бей се-
кең жастарды көп тартқан уақытта Алмаға да сенім артқан екен. Оны
1969 жылы жазған «Мұхаббатнама» деген мақаласын Алма Қы рау бае ва-
248
мен бірлесіп жазғанын «Əдебиет белестері» деген жинағында ай рық ша
атап көрсеткені айқын дəлелдейді.
Осы «Мұхаббатнаманы» Алма кафедраға ұстаз болып алынғаннан ке-
йін кандидаттық диссертацияға айналдырып қорғағаны бəрімізге белгі-
лі. Бұл қорғаудың принциптік мəні бар еді.
Бейсембай Кенжебаев 1941 жылы «қазақ əдебиетінің тарихын қа-
зақ хандығы құрылған кезден бастау керек» деген теория жасаған-ды.
Алайда ҚазПИ профессоры Қажым Жұмалиев өзінің 1948 жылы шық-
қан мектеп оқулығында «қазақ əдебиетінің тарихы XVIII ғасырдан –
Бұ қар жыраудан басталады» деген тұжырым жасап, оны 1959 жыл ғы
рес пуб ли ка лық ғылыми конференцияда, 1960 жылы «Қазақ əде бие ті»
газетінде қазақ əдебиеті дəуірлеріне байланысты пікірталаста М.Əуе-
зов тің конференциядағы қорытынды сөзінде «Бейсембай Қажым зерт-
теген дəуір турасында онымен дауласуда дұрыс пікір айта алған жоқ.
Ол жөнінде Қажым пікірлері əлдеқайда орындырақ» («Əдеби мұра
жəне оны зерттеу». – 1961. – 349-б.) дегенді соңғы шешім деп қабылдап,
«Қате көзқарас қағидаға айналмасын» деген мақаласынан əдебиет та-
рихын зерттеудің өзін насырға шаптырып, дау-дамайға айналдырып
жі бер ген болатын. Оны большевизмнің қызыл сөзімен шовинистік көз-
қа рас ты насихаттағандар еуроцентристік түсінікпен нығырлай түсті
де, аза мат тық тарихымызды да, рухани байлығымыздың арнасы болып
есеп те ле тін мəдениет пен əдебиеттің тарихын əріден бастауға саналы
түр де тосқауыл қойылып жатқанда уыздай жас Алма Қыраубаеваның
Бей се кең нің «жауынгер солдаттарының бірі болып» қатарға тұруы қазір
ай ту ға ғана оңай.
ХХ ғасырдың 90-жылдары Францияның Валенсьенн уни вер си те ті нің
халықаралық байланыс жөніндегі проректоры Эдмонд Ночаки қа зақ тың
ұлы сыншысы Есмағамбет Ысмайыловтың қызы, филология ғы лым да-
ры ның докторы Фатиманың үйінде, содан кейін біздің уни вер си тет тің
студенттерімен кездескенде «мен қазақ мəдениетінің, əсіресе əде бие ті-
нің құнарлы, қол созым биікте екенін көріп, таңғалып жүрмін. Сіз дер дің
əдебиеттеріңізді насихаттауға оқу құралымыз жоқ. Егер өзіңізде бар бол-
са, мен ала кетіп, Париждегі қазақтарға аудартып, кітап етіп бастырып
шығайын» деп жік-жапар болды. Осы идея қазақ əдебиетінің тарихы мен
сыны кафедрасына үлкен ой салып, «Қазақ əдебиетінің қыс қа ша тарихы»
деген екі томдықты 2002 жылы шығарды. Қытайдан келген ға лым дар-
дың білімін, парасатын пайдаланып, біздің жыл санатымыздан бұ рын ғы
сақ, ғұн дəуірлеріне шолу жасалды. Алма Қыраубаеваны док тор лы ғын
қор ғап алған соң, көне түрік заманын, яғни VI–XV ғасырлардағы ор тақ
мұ ра лар дың шындығын ашып беруге міндеттедік. Сол екі том дық тың ең
сү бе лі екінші тарауын Алма жазды. Оның негізгі арқауы кейіннен орта
мек теп тің 8-сыныпқа арналған оқулығының ұлы жа ңа лы ғы на айналды.
249
Өзі міз дің жəреуке жадымыздағы қатып қалған көзқарасты, яғни қа зақ
əде бие ті нің тарихы XVIII ғасырдан басталады дегеннің күл-тал қа нын
шы ға рып, тұңғыш рет мектепке, жас ұрпақтың санасына жеткізді.
«Қазақ əдебиетінің қысқаша тарихына» арнап жазылған «Ежелгі тү-
рік əдебиеті» деген екінші бөлімнің ішіне кірмей, ғылыми тұ жы рым да-
рын талдамай, сырттай ғана танысып өткен оқушы осының өзінен-ақ
бірқыдыру мағлұмат алатынына кəміл сенемін.
Ең əуелі түрік ескерткіштерін жалпылап таныстырып алғаннан ке-
йін... «Түрік қағанаты дəуіріндегі əдебиет. Орхон ескерткіштері» де-
ген арнайы тарауды «Тастағы жазудың тарихын» таратудан бастайды.
Онан кейін «Оғыз дəуіріндегі əдебиет (ІХ–Х ғ.)» тараушасын Қорқыт
ата ның, жалпы, жай-жапсарын түсіндіріп алған соң «Қорқыт Ата» кі та-
бы ның ішіне кіріп, алдымен данышпаннан кейін қалған нақыл сөз дер дің
мə нін ашады да, «Тоқа баласы ер жүрек Темірұлы (Домрул)» жырына,
одан кейін «Алып Бамсы» қазақтың Алпамысымен бауырлас, туыс қан-
дас екенін айқындап алғаннан кейін «Төбекөз дəуді өлтірген Бисат ба-
тыр дың» қиссасын шертеді. Одан кейін «Қазан Салардың ауы лын жау
шап қа ны туралы жырды» тарқатады да, «Қорқыт мифтері мен Авеста»
ара лы ғын да ғы байланысқа тереңдеп тарады. «Оғыз қа ған жырын» ғы лы-
ми талдаудан өткізіп, «Оғыздың жорықтары VIII–X ға сыр лар да ғы қа зақ
же рін де гі ру-тайпалардың орналасу жүйесінен хабар береді. Тарихшы
Н.Мың жан ның зерттеулері бойынша, VIII–X ға сыр лар да ғы оғыз дар
мемлекеті Корлук мемлекетімен тұстас өмір сүрді, оғыз дар дың ежелгі
мекені Ыстықкөл болатын. Түрлі соғыстардан кейін Сыр бо йы ның тө-
мен гі ағысына, Аралға ауысты. Еділ-Жайықты өзіне қа рат ты. Кей бір
бө лек те рі Кавказға қарай кеткен. Х ғасырдың аяғында Орыс князьдары-
мен бірігіп, Еділ Булгариясын жеңеді. Харезмді жаулап алады. Қытай же-
рін де гі таңғұт, шүршіт, массар, баракаларды қаратады» деп қазақ жерін
оғыз дар дың отанына айналдырып алған соң, Алма Қы рау бае ва «Ислам
дə уі рін де гі əдебиет (Х–ХІІ ғғ.) тарауын «Сыр бойы əде бие ті нен» бастап,
əл-Фараби шығармашылығына назар аударады. Ахмет Яса уи дің хикмет-
терін, Ахмет Жүйнекидің жырларын талдайды. «Қа ра хан əдебиетіне ар-
найы тарауша арнап, Жүсіп Баласағұни, Махмуд Қаш қа ри лар ға едəуір
кө ңіл бөледі, «Алып Ер-Тұңға туралы деректерге» ай рық ша мəн береді.
Онан кейін «Алтын Орда дəуіріндегі əдебиет» тарауында Əлидің
«Қис са Жүсібі», Рабғұзидің «Қисаси-Рабғузиі» Қисас-ул-Əнбиа (де-
ген атпен белгілі), Хусам Кəтибтің «Жұмжұма», Кутбтің «Хусрау уа
Шырын», Сайф Сараидың «Гүлстан бит туркиі», Махмуд бин Əлидің
«Неһдж ул-Фа ра дисі» («Жұмаққа апарар жол») назираларының атақ ты-
ла рын да талдау жасап, ең соңында «Тыңтума əдебиет» – «Махаббатна-
ма» мен үл кен дə уір дің тарихи-эстетикалық болмысын ұғынықты да ас-
тарлы тілмен ба ға сын береді.
250
Алма Қыраубаеваның «Қазақ əдебиетінің қысқаша тарихына» жазып
берген «Ежелгі түрік əдебиеті» бөлімінің əрбір тақырыпшасының өзі
арнайы зерттеуді қажет ететін жəне күні бүгінге дейін көбіміздің ті сі міз
батпайтын арналар екенін мойындауға тиістіміз. Осындай ауыр да абы-
ройлы кезеңге Алмадан басқаларымыздың аяқ баспай қоюымыз – əде-
биет та ну ғылымы үшін абырой емес.
Алма бұдан кейін тағы бір игілікті ойды жүзеге асыра бастады. Ба ла-
бақ ша да ғы сəбилерге арнап, арғы ата-бабаларының батырлығын, кө ше-
лі лі гін, ақылдылығын ана сүтімен бірге саналарына сіңіру үшін ертек-
аңыз стилінде 10 шақты қызықты кітапша жазған-ды. «Алла амандық
берсе, жариялаймын» деп құлшынып жүргенде тұрмыс əмірімен Ас та-
на ға ауысып кетті.
Алманың аналық парызы азаматтық қасиетімен қастерлене түсіп еді.
Астанаға барған соң ауру-сырқаулы бола жүріп, үлкен ұлын үй лен ді ріп,
қызығын көріп кетейін деп асықты.
Өзінің пенделік қуанышымен бөлісуге кафедра жігіттерінің бə рі не
шақыру жібергенде Жанғара Дəдебаев, Өмірхан Əбдиманов, Дандай Ыс-
қа қов – төртеуіміз арнайы барғанымызда хал үстінде жатқан Алма: «Қай-
ран КазГУ, бүкіл Алматы көшіп келгендей болды ғой», – деп қуанып еді.
Тойды дүбірлетіп өткізіп, төре-шенеуніктер шоғырланған бұрынғы Қа ра-
өт кел – Ақмолаға елдіктің бір белгісін, ұлттың өнегелі дəстүрін жар қы-
ра та көрсетіп едік. Не керек, біз Алматыға оралғанша алдымыздан суық
хабар тосып тұрған соң, қайсыбіріміз сол пойызға қайта мініп, то пы рақ
салуға асыққанымыз бар. Ал ол сыйласқан достықтың, ержүрек ба уыр-
лас тық тың белгісіндей болып есте сақталуда. Мұндай сый-құрмет аза-
мат ты ғы келіскен адамға ғана жасалады. Ал Алма Қыраубаева ғылымда
ғана емес, өмірде де сыйлы-қадірлі азамат бола білді.
Қадір-құрмет, сый-сияпат адамның жынысына қарай емес, атқарған
ең бе гі не, жасаған тірлігіне ғана жасалады. Алмамен бірге оқыған курс-
тастарын, бірге қызмет істегендерді былай қойғанда, көршілес болған
пен де лер дің өзіне мейірім шапағатын аямайтынына көзіміз жетеді. Қы-
зық көрер, өмір мəнін тұшынар уақыт алда еді. Өкінішті-ақ, бірақ жасап
кеткен ісі, əсіресе ғылыми жетістігі Алма Қыраубаеваны əрқашан із дес-
ті ріп отыратыны айдан анық.
Достарыңызбен бөлісу: |