Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: Т. Кəкішев, Ө. Əбдіманұлы, А. Қыраубаев


Қолжазбадан 233 КЕНЖЕБАЕВ БЕЙСЕМБАЙ



Pdf көрінісі
бет23/53
Дата03.03.2017
өлшемі3,66 Mb.
#5608
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   53

Қолжазбадан

233

КЕНЖЕБАЕВ БЕЙСЕМБАЙ

Кенжебаев Бейсембай (1904–1987) – ірі əдебиеттанушы, сыншы ға-

лым, түркітанушы, көсемсөзші, аудармашы, ұстаз. Филология ғы  лы м да-

ры  ның докторы, профессор. Ленин ордені, медальдардың иегері.

Б.Кенжебаев Шымкент облысы Бөген ауданы Жалғызағаш деген жер-

де дүниеге келген. Кейін Ғани Мұратбаевтың жəрдемімен Ташкенттегі 

жетім балалар үйінде тəрбиеленіп, оқыған.

1921–1925 жылдары Мəскеуде Шығыс еңбекшілері коммунистік уни-

вер си те тін де, 1938–1940 жылдары М.Горький атындағы Əдебиет инсти-

тутында, 1939–1942 жылдары С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік 

университетінің журналистика факультетінде оқыған (қазіргі Əл-Фара-

би атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті).

Б.Кенжебаев  еңбек  жолын  журналистік  қызметтен  бастаған. 1925–

1928 жылдары «Жас қайрат» газеті мен «Лениншіл жас» журналы ре дак-

то ры ның  орынбасары, 1928–1935 жылдары  аздаған  үзіліспен  «Социа-

листік Қазақстан» газеті редакторының орынбасары, 1931–1935 жылда-

ры Қазақ радиосының бас редакторы, 1936 жылы «Қазақ əдебиеті» га зе-

ті нің бас редакторы қызметін атқарады. 1928–1929 жылдары Павлодар 

об лы сы ның  «Кеңес  туы», 1932–1933 жылдары  «Оңтүстік  Қа  зақ  стан» 

газетін ұйымдастырып шығарушы, тұңғыш редакторы болды.

1936–1941  жылдары  Мəскеуде  «ССР  Жоғарғы  Кеңесі  ведомоство-

сында» бөлім меңгерушісі, 1941–1944 жылдары «Қазақтың мемлекеттік 

біріккен баспасының» бас редакторы болып қызмет атқарды.

1944 жылдан бастап Қазақ мемлекеттік университетінде бірыңғай пе-

да гог тік қызметке ауысты. 1946 жылдан қазақ əдебиеті ка фед ра сы ның 

доценті,  филология  факультетінің  деканы (1950), 1944–1975 жылдар 

ара лы ғын да кафедра меңгерушісі, 1961 жылдан профессор, 1975–1984 

жылдарда кеңесші-профессор қызметтерін атқарды.

Б.Кенжебаев əдебиет тарихын зерттеуші, сыншы ғалым ретіндегі ал-

ғаш қы қадамын Абайды зерттеуден бастаған. 1925 жылы Мəскеуде оқып 

жүріп, «Абай» атты мақала жазады («Еңбекші қазақ», №359-360). Мұх-

тар Əуезовпен бірге жазған «Абай – қазақтың ұлы ақыны» кітабы 1945 

жылы орыс, қазақ тілдерінде жарық көреді. 1955 жылы «Абай – қа зақ 

хал қы ның реалистік əдебиетінің негізін салушы» деген атпен ғы лы ми 

ең  бек жазып шығарды.

Б.Кенжебаев Мұхтар Əуезовпен пікірлес, дос көңілді замандасы бол-

ған.  Əуезовтің  «Абай»  романын 1942 жылы  кеңестік  жүйенің  əмірлік 

өк тем ді гі  туғызған  идеологиялық  қатерлерге  қарамастан,  қолжазба  кі-

тапты шығаруға тыйым салып қойғанына қарамастан, жауапкершілігін 

мой ны на алып, бастырып жіберген.

Б.Кенжебаев – қазақ əдебиетінің тарихындағы аса бір күрделі кезең, 

ХХ ғасыр басындағы əдебиеттің түбегейлі зерттеушісі. Қазақтың Абай-


234

дан  кейінгі  аса  көрнекті  ақыны  Сұлтанмахмұт  Торайғыровты  алғаш 

зерттеп,  ғылыми  еңбектер  жазған.  Ол 1946 жылы  «Сұлтанмахмұттың 

ақын ды ғы» деген тақырыпта кандидаттық диссертация (1949 ж. басы-

лып  шықты), 1959 ж. «Қазақтың  ХХ  ғасырдың  басындағы  демократ 

ақын-жазушылары»  атты  докторлық  диссертация  қорғаған.  Сондай-ақ 

«Сұл тан мах мұт Торайғыров» (1957), «Сұлтанмахмұтты зерттеу, тану мə-

се ле сі» (1968), «Қазақ халқының жалынды ақыны» (1973) т.б. кітаптар 

жазып, Сұлтанмахмұт шығармаларының жинақтарын жариялаған.

«ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиеті» кітабында (1958, 1976) ке ңес-

тік дəуірде «кертартпа ақындар» деп қарастырылып, зерттелмей келген 

Ақмолла, Əбубəкір Кердері, Мақыш Қалтаев, Нұржан Наушабаев, Шəді 

Жəңгіров, Мəшһүр-Жүсіп Көпеев сияқты заманында танымал көптеген 

туындыгерлерді «ағартушы ақындар» ретінде қарастырып, əдебиет та-

рихына  кіргізді.  М.Сералин,  Б.Өтетілеуов,  Ə.Ғалимов,  Т.Жомартбаев, 

Ə.Тəңірбергеновтерге де жеке тақырыптар арнады.

Б.Кенжебаевты  халық  мүддесіне  қызмет  еткен  осындай  еңбектері, 

Абайды,  Сұлтанмахмұтты  зерттегені,  Əуезовтің  «Абай»  романын  бас-

тырып жібергені үшін кеңес өкіметі 50-жылдардың бас кезінде қазақ зия-

лы ла рын қуғындау тұсында партиядан шығарып, қызметтен алады. Ол 

со ған  қарамастан  əдебиет  тарихын  зерттеуді  тереңдете  түсу  қажеттігі 

туралы ойынан қайтпайды.

Б.Кенжебаевтың  ғылымдағы  орасан  зор  еңбегі – қазақ  əдебиетінің 

ежел гі түркілік дəуірлерін алғаш көтеріп («Əдеби мұра жəне оны зерт-

теу» 1959 ж.), зерттеген, жүйесін түзіп, тұжырымдамасын жа са ған, өз 

жетекшілігімен  мамандар  дайындап  шығарғандығында.  Б.Кен же баев-

тың  басшылығымен  «Ежелгі  дəуір  əдебиеті  нұсқалары»  атты  тұң ғыш 

хрестоматия жазылды (1967), жоғары оқу орындарына ар нал ған бағ дар-

ла ма лар жасалды. Ғылыми жетекшілігімен көне дə уір əде бие ті нің бұрын 

қарастырылмаған беттері айқындалды. 60–70-жылдардың ішін де Б.Кен-

же баев тың  шəкірттері,  іні-достары  М.Мағауин  ХV–ХVІІІ  ға сыр лар да-

ғы жыраулық поэзияны, М.Жолдасбеков VІІІ ғ. Орхон ескерткіштерін, 

А.Қыраубаева ХІІІ–ХІV ғасырлардағы жазба мұраларды зерттеген ғы лы-

ми еңбектер жазып шығарды. Х.Сүйіншəлиев қазақ əдебиетінің қа лып та-

су кезеңдерін V–VІІІ ғасырлардан бастап қарастырды. Б.Кен же баев тың 

өзі «Қазақ əдебиеті тарихының мəселелері» (1973) атты кітабында ежел-

гі əдебиеттің өзекті қырларын, жазба жəдігерліктерін талдап жазды.

Қазақ əдебиеттану ғылымында «Бейсембай Кенжебаев мектебі» қа-

лып тас ты, қазір де жалғасын табуда. Қазақ халқының біртуар азаматы, 

батыры Бауыржан Момышұлы: «Сіздер мені батыр дейсіздер, нағыз ба-

тыр – Бейсембай Кенжебаев. Ол қазақ əдебиетінің тарихын мың жыл ға 

те рең дет кен», – деп бағалаған. Б.Кенжебаев – көптеген шəкірт тəр бие ле-

ген ұлағатты ұстаз.


235

Б.Кенжебаев – аудармашы.  Ф.Панферовтың  «Бейбітшілік  үшін  кү-

рес», Б.Полевойдың «Нағыз адам туралы аңыз» (Ə.Сатыбалдиевпен бір-

ге), Ф.Гладковтың «Балаллық шақ» т.б. шығармаларды аударған. Соны-

мен бірге «Асау жүрек», «Шұғылалы күндер» атты деректі көркем шы-

ғар ма лар  жазған. «Қазақ  совет  энциклопедиясына»  қазақ  əдебиетінің 

тарихы мен жекелеген қайраткерлері жайында көптеген мақалалар жа-

рия ла ған.



Əдебиеттер:  Кенжебаев  Б.  Абай – қазақ  халқының  ұлы  ақыны 

(М.Əуе зов пен бірге), Алматы: ҚМКƏБ, 1945; Қазақтың ХХ ғасыр ба сын-

да ғы демократ жазушылары. Алматы: ҚМКƏБ, 1958; Шындық жəне ше-

берлік, Алматы: Жазушы, 1966; Қазақ əдебиеті тарихының мəселелері. 

Алматы: Ғылым, 1973; ХХ ғасырдағы қазақ əдебиеті. Алматы: Мектеп, 

1976; Сұлтанмахмұт Торайғыров творчествосы. Алматы: ҚМКƏБ, 1950 

(орыс тілінде: 1955); Жылдар жемісі. Алматы: Жазушы, 1994; Əдебиет 

бе лес те рі. Алматы: Жазушы, 1986.



БЕРДІБАЙ РАХМАНҚҰЛ

Бердібай  Рахманқұл – көрнекті  əдебиетші,  сыншы,  фольклоршы, 

тү рік та ну шы ғалым, ұстаз, публицист, қоғам қайраткері. ҚР Ғылым ака-

де мия сы ның  мүше-корреспонденті,  Қазақстан  Жазушылар  одағының 

мү ше сі, М.О. Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институтының ғы-

лы ми қызметкері, Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік уни -

вер  си  те  ті  нің қазақ əдебиеті кафедрасының меңгерушісі, филология ғы-

лым да ры ның докторы, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген ғы лым 

қай рат ке рі, Қазақстанға еңбек сіңірген мəдениет қызметкері, Ш.Уə ли ха-

нов  атындағы  сыйлықтың,  Өзбекстанның  Махмұд  Қашқари  атын да ғы 

сый лы ғы ның, «Парасат» орденінің иегері. Қазақстан халық (экология) 

ака де мия сы ның академигі, Халықаралық Ш.Айтматов академиясының 

қо ғам дық академигі, Түрік тілі құрылымының құрметті мүшесі.

Р.Бердібай 1927 жылы 2 желтоқсанда  Оңтүстік  Қазақстан  облы сы-

ның Түркістан ауданында туған. 1949 жылы Қызылорда педагогикалық 

институтын бітірген. 1949–53 жылдарда орта мектеп директоры, ау дан-

дық оқу бөлімінің инспекторы болып қызмет істеген. 1953–54 жылдары 

Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасын тамамдаған. 1955–

59  жылдар  арасында  «Қазақ  əдебиеті»  газетінің  редакциясында  əде би 

қыз мет кер, сын бөлімінің меңгерушісі қызметін атқара жүріп, қа зақ ті-

лі нің, қазақ мектептерінің мүшкіл халі, əдеби мұраларымыздың тағ ды-

ры  т.б.  көкейтесті  мəселелер  жөніндегі  өткір  мақалаларымен  ұлттық 

сананы оятуға қозғау салғаны үшін ұлтшыл атанып, партия қатарынан 

шы ға ры лып, қызметінен қуылады. Сол кезде «Қазақ əдебиеті» газетінде 

көтерілген  мəселелердің  маңыздылығы  Қазақстан  Компартия сы  Ор та-



236

лық  Комитетінің  тіл-əдебиет,  əдеби  мұра  жөніндегі 1956–57 жылдары 

үш бірдей қаулы алуына себепкер болды. 1959 жылы əдеби мұ ра ны тал-

қы лау ға арналған конференция да осы қаулылардан кейін ұйым дас ты-

рыл ды.

Р.Бердібай 1959 жылдан Қазақстан Ғылым академиясында бас ғы лы-



ми қызметкер болып істеп келеді. 1973 жылдан М.О. Əуезов атын да ғы 

Əдебиет  жəне  өнер  институтының  фольклор  бөлімінің  меңгерушісі. 

1968–70 жылдар арасында Қазақ совет энциклопедиясы Бас ре дак ция-

сы ның жауапты секретары болған. 1961 жылы «Қазіргі қазақ ро ма нын-

да ғы  сюжет  проблемасы»  деген  тақырыпта  кандидаттық, 1970 жылы 

қа зақ  романының  теориялық  проблемалары  бойынша  докторлық  дис-

сертация қорғаған. Мыңға жуық мақала, отыздан астам кітап шығарған. 

«Əде биет жəне өмір» (1964), «Ғасырлар толғауы» (1978), «Гүлстанның 

бұл бұл да ры» (1970), «Қазақ эпосы» (1983), «Сарқылмас қазына» (1988), 

«Байкалдан Балқанға дейін» (1996), «Тарихи роман» (1997), «Эпос мұ-

ра ты» (1997), «Мұхтар шыңы» (1997) т.б. көптеген еңбектерінде қазақ 

ро ма ны ның қалыптасу – даму тарихы, қазақ əдебиеті мен классикалық 

шы ғыс əдебиетінің байланыстары, əдебиетіміздің көне тарихы т.б. мə-

се ле лер талданған. Қазақ эпосы жайындағы маңызды монографиялары 

оны эпостану негізін салушылар қатарына қосты. Соңғы ширек ғасырда 

ақын дар айтысы, жыршылық дəстүр жайындағы еңбектері арқылы, қа-

зақ фольклоршыларының көшбасшысы болып келеді. Ол алты томдық 

«Қа зақ əдебиеті тарихын» жазуға қатысып, ондаған ұжымдық моногра-

фиялар мен ғылыми кітаптарға редакторлық жасаған.

Р.Бердібай еңбектері түрік, орыс, ағылшын, өзбек, қырғыз, түрікмен, 

татар, ноғай тілдеріне аударылып басылған. «Байқалдан Балқанға де йін» 

кітабының түрік тіліндегі басылымының алғы сөзін жазған, Түр кия ның 

мемлекеттік  қайраткері  Намық  Кемал  Зейбек  пен  профессор  Шериф 

Ақташ Р.Бердібайды «заманымыздың деде Қорқыты», «ұлт мүд де сі нің 

күрескері» дей келіп, кітаптың қадір-қасиетін былай бағалайды: «Ға сыр-

лар бойына түркі дүниесін бөлшектеп биелеуді көксеген жəне көздеген 

жау лар дың  астыртын  саясатын  əшкерелеу  тұрғысынан  алғанда,  түркі 

зиялыларына жəне саясаткерлеріне адастырмайтын саясатнама жəне на-

сихатнама».

Р.Бердібай АҚШ, Түркия жəне ТМД елдерінің барлығында болып, ғы-

лы ми конференцияларда баяндама жасаған. Оның жетекшілігімен отыз-

ға  жуық  кандидаттық  диссертация  қорғалған. «Жұлдыз», «Ана  тілі», 

«Абай», «Ислам  əлемі», «Жібек  жолы», «Темірқазық»  т.б.  газет-жур-

нал дар дың, сонымен бірге ҚР ҒА «Хабарларының», А.Ясауи атын да ғы 

Ха лық ара лық қазақ-түрік университеті «Хабаршысының» ре дак ция лық 

алқа мүшесі. Отыз бес жылдан бері Алматы қалалық Халық уни вер си те-

ті нің ректоры міндетін қоғамдық негізде атқарушы.


237

Əдебиеттер: Тұрантегі Д. Сыншы, ғалым, фольклоршы. Шымкент, 

1997;  Кемел  ойлы  көсем  сөз.  Мақалалар  жинағы.  Шымкент, «Жібек 

жолы», «Нəзір  қоры»  баспалары, 1993; Библиографиялық  көрсеткіш. 

А.: Ғылым, 1998.



Энциклопедияға дайындалған материалдар

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы Мемлекеттік 

сыйлығына  ұсынылған  ҚР  Ғылым  Академиясының 

мүше-корреспонденті  Рахманқұл  Бердібайдың  «Эпос – 

ел қа зы на сы» жəне «Эпос – ел мұраты» оқу құралдарына 

ПІКІР

Филология ғылымдарының докторы, Қ.А. Ясауи атындағы Ха лық ара-

лық қазақ-тү рік университетінің профессоры, Қазақстан Республикасы 

Ғылым ака де мия сы ның мүше-корреспонденті Рахманқұл Бердібай есімі 

бүкіл ғұ мы рын ғылымға арнаған адам ретінде жалпақ жұртқа мəлім. 

Р.Бердібай жасаған сан-салалы ғылыми-мəдени, азаматтық еңбектің 

көп ші лік ке  мəлім  тұстарының  өзін  ғана  атасақ:  отызға  жуық  ғылыми 

монография, кітаптардың авторы; мыңға жуық мақала жазған; 36 жыл бо-

йы на Алматы қалалық Халық университетінің қоғамдық негіздегі ректо-

ры міндетін атқарып, бес жүзден астам дəріс жүргізген; ұмытылып бара 

жат қан айтыс, жыршы-жыраулық өнерді қайта жандандыруға мұрындық 

бол ған;  ел  жадында  ескірген  шертпе  күйшілік  өнерді  жаңғыртып,  жа-

рық қа жығаруға атсалысқан; қазақ мəдениетін сан жылдар радио, теле-

дидардан насихаттауға, оның ең өзекті мəселелерін көтеруге күш жұм са-

ған үлкен ғалым. 

Р.Бердібайдың соңғы жылдары жарық көрген «Эпос – ел қазынасы» 

(1995), «Эпос – ел мұраты» (1997) атты кітаптары халқымыздың руха-

ни мұрасын талдауға жаңаша көзқарас дер едік. Бұл кітаптарда ке ңес-

тік  кезде  айтылмай  келген  діни  дастандар,  ноғайлы  қазақ  жырлары 

«Қы рым ның қырық батыры», «Едіге», «Ер Шора», «Қарасай-Қази», Қа-

ра дөң батырдың ұрпақтары жайындағы көп дүниелердің бетін ашады. 

Но ғай лы ның елін қорғайтын ер қалмағанда, он жасар Сүйініштің асық 

ойынын тастап, соғысқа баруы – елдік рухтың тамаша үлгілері. Оны ел 

қа пе рі не жеткізіп отырған ғылыми еңбектің пайдалылығы күмəнсіз.

«Эпос – ел  мұраты»  кітабында  бұрын  айтылмай,  терең  талданбай 

келген тағы да біраз мəселелер көтерілген. Соның бірі – көне эпос. Көне 

эпос жөнінде кезінде Ə.Марғұлан, Ə.Қоңыратбаев, М.Ғабдуллин ең бек-

те рін де жол-жөнекей ғана айтылғаны болмаса, кезеңдік жағынан жіктеу, 

оның ең көне фабулалық желілерін айқындау жағы болған емес. Кітапта 

осы мəселе кеңінен талданады, оны бір ғана тақырып төңірегінде ғана 



238

емес,  əр  тарауларында  қажетіне  қарай  оралып  талдай  отырады.  Фоль-

клорда бұрыннан белгілі, санаулы жанрларды ғана есепке алып, оның 

бас қа бірталай салаларын ұмыт қалдырғанымызды айта келіп, ол қы лық-

тың орнын толтыру қамымен, архаикалық эпосты, олардың түркі-моң ғұл 

ха лық та ры на ортақ желілерін анықтайды. Ол үшін бурят, ноғай, тоба, 

тағы басқа елдерде кеңінен тараған мифтік, ертегілік сюжеттер, аңыз дар-

ды салыстыра қарайды. Шығыс халықтарының ортақ қазынасы болып 

келген ғашықтық жырлар мен қазақ эпостары арасындағы ұқсастықтар 

мен үндестіктерді көрсетеді. 

Тарихи жырлардың кей үлгілерін жазба əдебиетпен байланыста қа-

рас ты ру жағы – бізде кешеулеп отырған мəселе. «Эпос – ел мұратында» 

фольк лор лық  үлгілерді  «Орхон  ескерткіштерімен»,  одан  кейінгі  оғыз-

қып шақ, қарахан, Алтын Орда дəуірінде туған жазба əдебиеттен де та-

уып алуға болатынын дəлелдей айтады. Түрлі мемлекеттер мен бірлес-

тіктер құрамында келген қазақ руларының тілі мен тарихын есепке ала 

отырып, зерттеу керектігіне назар аударып, тарихи өлеңдерге тоқ та ла ды, 

ерекшеліктерін ашады, тарихи өлеңнің мəнділігі өткен заман оқи ға ла ры-

ның өзге ресми жазбалардан, аңыздардан табылатындай соны деректері 

мен сырларын жария ететіндігін дұрыс көрсетеді. 

«Эпос – ел қазынасы» кітабында сөз болған аса қызғылықты мə се ле-

нің бірі – діни дастандар. Бұлардың көбі ХІХ ғасырдың екінші жартысы 

мен ХХ ғасырдың бас кезінде басылып шығып, халыққа кең тараған руха-

ни қазынамыз еді. Бірақ кеңестік дəуірде діни дастандарға біржақ ты ғана 

көзқарас болды. Қажетсіз дүние саналып келді. Р.Бердібай кітабында бұл 

мəселе  бүтіндей  басқаша  тұрғыда  қарастырылады,  құн ды лы ғы  ашы ла-

ды. Халқымыздың рухани, имандылық тірегі болып келген дін ді ман сұқ-

тау саясатымен астасып жатқан көзқарастың себебі мен салдарын те рең 

тү сін ді ре отырып, «Дариға қыз», «Зарқұм», «Əбу Шаһма», «Нау шар бан 

сұлу» т.б. сияқты қазіргі оқырман атын ғана естігені болмаса, маз мұ нын 

біле бермейтін дастандарды талдайды. Бір күннің ғана емес, адам зат тың 

бү гі ні мен болашағына қызмет ететін құндылықтарды кө те ре ді. 

Кітапта сонымен бірге «Мəңгілік жасайтын аңыздар», «Елдік туын 

кө тер ген Кенекең», «Билер сөзінің фольклорлық сипаты», «Түрік ха лық-

та ры ауыз əдебиетіндегі ортақ сарындар» бөлімдерінде бұрын сирек ай-

тылып жүрген рухани мұраларымыздың көркемдік мұратын ашады.

Қорыта  келе, «Эпос – ел  қазынасы», «Эпос – ел  мұраты»  кітапта-

ры – жо ға ры оқу орындарының студенттері, аспиранттары мен əдебиет 

сү йер қа уым ның іздеп жүріп оқитын дүниесіне айналған, оқыр ман дар-

дың ықы ла сы на ие болған еңбектер. Осы еңбектердің авторы Рах ман құл 

Бер ді бай халық көңіліндегі дара тұлғалардың біріне айналған, жо ға ры 

ма ра пат тар ға лайық азамат екендігіне күмəн жоқ. 



Қолжазбадан

239

БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШ

1966

1. Əже ашуы (əңгіме) // Қазақстан əйелдері. – 1966. – №8. – 2-б.



1969

1. Ақ əже (əңгіме) // Қазақ əдебиеті. – 1969. – 11 қаңтар.

2. Қайын ата // Қазақстан əйелдері. – 1969. – №6. – 16-17 бб.

3. «Махаббатнама», «Қиссас-ул-əмбия» // Кітапта: Б. Кенжебаев. Көне əдебиет 

туралы. МинВУЗ Каз ССР. – А., 1969. – 43-71 бб.

1970

1.  Əбу Насыр əл-Фараби: Мақалалар жинағы. Бірінші шығуы. – 2-бөлім, А.: 

ҚазМУ. –1970. – 9-20 бб.

1971

1. Мухаббатнама // Білім жəне еңбек.-1971.-№17.- 30-31бб.

2. Алтын Орда дəуірінің əдебиеті туралы // Қазақ тілі мен əдебиеті мə се ле ле-

рі:  Аспиранттар  мен  ізденушілер  жинағы. – ҚазМУ. – 1971. – №7. – 164-

172 бб.

 

1972



1.  Рабғұзи  қиссасы  (Қазан:  Каримовтар  баспасы, 1914 ж.) // Қазақ  тілі  жəне 

əдебиеті мəселелері. Х шығуы. ҚазМУ. – 1972. – 67-72 бб.



1973

1.  Мұхаббат  нама  (Профессор  Б.Кенжебаевпен  бірге  жазылған) // Кітапта: 

Б.Кенжебаев.  Қазақ  əдебиеті  тарихының  мəселелері. – А.:  Ғылым, 1975. 

– 28-42 бб. 



1980

1. Қазақ əдебиетіндегі қисса жанры / Бағдарлама. – 1980. – 14 б.



1981

1. Қисса жанры // Қазақ əдебиеті. – 1981. – 20 қараша.



1982

1. Өнеге айтар толқын бар (сұхбат) // Қазақ университеті. – 1982. – 28 мамыр. 



1983

1. Ақылды жан табылмас маған сырлас (Абай поэмаларын қайта оқығанда) // 

КПСС  ХХVІ  съезі  жəне  қазақ  əдебиетінің  мəселелері:  жинақ.  А.:  ҚазМУ, 

1983. – 3-11 б.

2.  Қазақ  əдебиетінің  программасы  /Университеттер  мен  педагогикалық 

институттардың дайындық бөліміне арналған (М. Қараев). МинВУЗ ҚазССР. 

– А., – 1983. – 58 б. 

3. Мұхаббатнама жəне ол жөнінде түсінік / Филология факультетінің студент-

теріне  арналған  ежелгі  қазақ  əдебиетінен  методикалық  талқылама. – А.: 

ҚазМУ. – 1983. – 48 б.



240

1985

1. Абайдың поэмалары. С.Торайғыров творчествосы / Методикалық талқылама. 

– А.: ҚазМУ, 1985. – 42 б.

2. Бір қыз бен он алты ақын. – А.: Жалын, 1985. – 256 б.

3. Хорезми. Махаббатнама / Ауд. А. Қыраубаева. – А.: Жалын, 1985. – 112 б.

4. «Ақиқат сыйының» айтары // Қазақ əдебиеті. – 1985. – 16 тамыз

5. Қисса жанрының өзіндік ерекшеліктері: Көмекші құрал. – А.: ҚазМУ, 1985. 

– 42 б.


1986

1. Студенттік коллективті қалыптастыру жолдары // Қазақ университеті. – 1986. 

– 11 маусым.

2.  Ежелгі  əдебиет  дəстүрі // Қазақ  əдебиеті.  Стиль  мəселелері:  Жинақ. – А.: 

ҚазМУ, 1986. – 45-49 бб.

1988

1. Ғасырлар мұрасы: Монография. – А: Мектеп, 1988. – 163 б.



1989

1. Ұстаздық еткен жалықпас (Сұхбаттасқан А.Қыраубаева) // Жас алаш. – 1989. 

– 7 қаңтар.

1991

1. Ежелгі дəуір əдебиеті : хрестоматия / Құр. А.Қыраубаева. – А.: Ана тілі, 1991. 

– 280 б.

2. Жазушы Сəйф Сараи // Парасат. – 1991. – №12. – 13 б.

3. Жəкеңнің келіндері // Алматы ақшамы. – 1991. – 18-19 май.

4. Жұмжұма сұлтан // Парасат. – 1991. – №8. – 18-19 бб.



1992

1. Ұстаз – ұлылықпен егіз ұғым // Егемен Қазақстан. – 1992. – 4 қаңтар.

2. Мұғалім – мəртебелі мамандық // Жас алаш. – 1992. – 10 қаңтар.

3. Бабалар батасы үзілмесін // Ана тілі. – 1992. – 26 наурыз.

4. Жасөспірімдер өмірін неге қияды // Жас алаш. – 1992. – 24 сəуір.

5. Ұстаз жазбалары // Алматы ақшамы. – 1992. – 19 мамыр.

6. Қыз қадірі неден? // Алматы ақшамы. – 1992. – 22 маусым.

7. Сенім құдіреті // Алматы ақшамы. – 1992. – 12 тамыз.

8. Ұлттық мектеп келешегімен биік // Алматы ақшамы. – 1992. – 10 тамыз.

9. Болашақтың діңгегі // Қазақ əдебиеті. – 1992. – 14 тамыз.



1993

1. «Мен сорлы жоққа ғашық болып өттім» (Шəкəрімнің «Лəйлі-Мəжнүні») // 

Қазақ  əдебиеті  тарихының  өзекті  мəселелері:  жинақ. – Алматы:  ҚазМУ, 

1993. – 33-40 бб. 

2.  Шəкəрімтану  мəселелері:  жинақ. – Алматы:  Раритет, 2007. – Т.2. –146-

153 бб.


3. Адамдылықты ардақтаған ел (атану үшін жас ұрпақты ұлттық жəне əлемдік 

қайнарлармен сусындату керек) // Егемен Қазақстан. – 1993. – 6 тамыз.



241

1994

1. Жекеменшік лицей (сұхбат) // Жас алаш. – 1994. – 3 наурыз.

2. Баланы басқаша оқытпасақ… (сұхбат) // Егемен Қазақстан. – 1994. – 3 қыр-

күйек.


3. Бейсекең туралы сөз // Қазақ əдебиеті. – 1994. – 11 қараша.

4. Қазақ лицейіне қамқорлық керек (сұхбат) // Заман жаршысы. – 1994. – 3 жел-

тоқсан.

1995

1. Ұлттық мектеп – өрісіміз // Қазақстан мұғалімі. – 1995. – 24 қаңтар.

2. Мектеп ашу – мансап емес // Қазақстан мұғалімі. – 1995. – наурыз.

3. Шəкірт мүмкіндігі шексіз… (сұхбат) // Жас алаш. – 1995. – 11 ақпан.

4. Бүгінгі ұлттық мектеп // Егемен Қазақстан. – 1995. – 12 мамыр.

5. Жаным садаға: деректі əңгімелер. – А.: Жалын, 1995. – 192 б.

6. Жаңа мектептің жаңалығы неде? // Ұлағат. – 1995. – №2. – 70-73 бб.

7. Абай жəне ежелгі əдебиет дəстүрі: АОМКДИ жинағы. – А., 1995. (2-бөлім). 

– 42-46 бб.

8. Дословно // Караван. – 1995. – 19 мамыр.

9. Ұрпақ жанашыры (сұхбат) // Шалқар. – 1995. – наурыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет