Айгүл ІСМАҚОВА
АСЫЛ СӨЗДІҢ ШЫРАҚШЫСЫ
(А.Қыраубаеваның тəуелсіздік кезіндегі зерттеулері негізінде)
Қазақ əдебиеттану ғылымында ұлттық əдебиетті дəуірлеу мəселесі
тұң ғыш рет А.Байтұрсынұлының «Əдебиет танытқышында» айқын дал-
ға нын біз ХХ ғасырдың соңында ғана білдік. Кеңес əдебиеттануы бұл
мə се ле ні батыл көтере алмады. Қазіргі Орта Азия, қазақ жерінде қандай
тайпалар тұрған, олардан қандай көркемсөз мұрасы қалды деген сауалға
сонау соцреализм билеп тұрған кезде батыл ғылыми мəселе көтерген
ға лым Бейсембай Кенжебаев болды. Соцреалистік əдебиеттану қазақ
əде бие ті, негізінен, кеңес кезінен басталады деген пікірді алға тартты.
Б.Кен же баев ХІІІ–ХІV ғасырлардағы қазақ əдебиетін «Алтын Орда дə уі-
рін де гі түркі əдебиеті» деп анықтап берді. Осы кезең əдебиетін жан-жақ-
ты зерттеу керек екенін қазақ əдебиеттануының алдына нақты ғы лы ми
мақ сат етіп қойды. Ғалым өз зерттеулерімен шектелмей ғана осы сала-
да нақты ғылымдық мектеп қалыптастырды. Б.Кенжебаев шəкірттері:
М.Ма ға уин, М.Жолдасбекұлы, А.Қыраубаевалар нақты зерттеуді жал ғас-
ты рып, ежелгі қазақ əдебиеті жəне оның арналары деген ұғымды қа лып-
тас ты ру ды іске асырды.
Б.Кенжебаев ұстанған басты мəселе: ХІІІ–ХІV ғасырлардағы қа зір гі
Қазақстан, Орта Азия, Еділ бойында түркі тілінде сөйлейтін көптеген
ежел гі тайпалар аралас өмір сүрді. Бұл кезде түркі тайпалары əлі де жеке-
жеке халық болып қалыптаспағандықтан, сол кездегі олардан қалған əде-
би ескерткіштер қазіргі түркітілдес халықтардың ортақ мұрасы болып
табылады.
Алтын Орда дəуіріндегі əдебиет, оған дейінгі ежелгі əдеби жə ді гер-
лер қалай зерттелді деген сауалға Алма Қыраубаева нақты жауап іздеді.
«Ғасырлар мұрасы» атты зерттеуін: «Бұл еңбегімді кеңесші аға, ке-
мел ұстазым болған профессор Бейсембай Кенжебаевтың жадымда сақ-
та ла тын жарқын бейнесіне арнаймын» деп басталуы да – ұстаз ал дын-
да ғы шəкірттік ізет үлгісі. Аталған кітап қазақ тілінде басылып шық қан
ежелгі əдебиетке арналған тұңғыш арнайы зерттеу.
А.Қыраубаева ХІІІ–ХІV ғғ. түркітектес халықтар əдебиеті жə ді гер ле-
рі жəне оның тууына əсер еткен тарихи-əлеуметтік жағдайларды, ХІХ–
ХХ ғғ. басында ауызша, жазбаша əдебиетте жалғасқан назира үл гі ле рін
қарастырды.
Ғалым тек сипаттаумен шектелмей дəстүрдің жалғасуын ай қын дай-
ды: ХІІІ–ХІV ғғ. ескерткіштеріне тəн жанрлық, тақырыптық, көркем
тіл дік сипаттардың ізі, өзара сабақтастығын кейінгі дəуірлердегі əде-
бие ті міз ден, əсіресе ХІХ–ХХ ғғ. басындағы қазақ əдебиетінен анық та-
291
ды. Түркітілді əдебиет деген ұғымды да ғалым нақтылап берді: «түр кі
тіл де рі не қазақ, қырғыз, ноғай, қарақалпақ, өзбек, ұйғыр, əзір бай жан,
түр кі мен, татар, башқұрт т.б. тілдері жатады. Ал түрік (түркі емес) тілі
деп Стамбұл түріктерінің тілі айтылады». Түркі əдебиеті, яғни ежелгі
əде биет: «Алтын Орда мемлекеті туғызған, сол территорияда жа сал ған
əде биет қана емес, ХІІІ–ХІV ғғ. Алтын Орда дəуірінде өмір сүріп, Сыр
бо йын да, Хорезмде, Каспий маңында, Египетте тағы басқа жерлерде тір-
ші лік құрған түркітілдес халықтар жазып қалдырған əдеби ескерткіште-
рі, қыпшақ, оғыз сияқты ру-ұлыс тайпаларының жасаған ор тақ əде бие-
ті», – деп анықтап берді.
«Ғасырлар мұрасы» (1988) ежелгі əдебиет туралы қазақ тілінде шық-
қан арнайы зерттеулердің бірегейі екені анық. Кітап келесі тараулардан
тұрады:
1. ХІІІ–ХІV ғасырлардағы түркі тайпаларының тарихи-əлеуметтік
жағ да йы. 2. Аударма нəзира əдебиет. «Рабғұзи қиссалары» 3. Тыңтума
əде биет. «Махаббатнама». 4. Ежелгі əдебиет дəстүрі. Кітаптың «Қо сым-
ша» атты тарауында келесі мəтіндер берілген: М.Көпеев «Гүлшат – Ше-
ризат», Ə.Найманбаев «Ер Шеризат», Ə.Тəңірбергенов «Қисса Зияда –
Шаһ мұ рат», Т.Ізтілеуов «Сам палуан».
Алтын Орда мемлекеті қашан құрылды деген сауалға байланысты
Шың ғыс хан тарихы бейнеленген «Құпия шежіре» атты еңбек талданды.
А.Қы рау бае ва, Ə.Марғұлан, В.В. Бартольд, К.А. Акишев, К.М. Байпақов,
ең бек те рі не сүйене отырып, қазақ жеріндегі ежелгі мəдениеттің өкіл де-
рін, олардың басты туындыларын анықтап берді.
Ə.Марғұлан атап көрсеткен Баршыкент қаласында Алпамыс ба тыр-
дың жұбайы Баршын сұлу (Гүлбаршын), ХІІІ ғасырдың орта кезінде жа-
са ған ғалым, ақын Хисамеддин Баршынлығы тұрғаны (Қорқыт пен Əбу
Насыр əл-Фарабиден кейінгі дана) анықталды. Жəне ақынның өз ең бек-
те рін түркі, араб, парсы тілдерінде сақталғаны айқындалды.
Жошының ұлы Берке ханның Египетпен одақтасып мұсылмандықты
қабылдауына, сол тұста Египетті басқарған қыпшақ сұлтаны Бей ба рыс-
тың да əсері болғаны бұл кітапта дəлелденген.
Аталған тарауда əл-Фараби, Сағди, Фирдоуси, Низами, Юсуф Хас
Хад жип, Ахмет Ясауи туралы нақты мағлұматтар берілген. Бұл ХІІІ–ХІV
ғғ. түркі əдебиеті Қайта өрлеу – ренессанс тұғырынан қарастырылады.
Шы ғыс ренессансы Орта Азияда Х ғ. басталғаны анықталып, əл-Фара-
би, Əбу Əли ибн Сина, əл-Бируни, əл-Хорезми еңбектері осы тұрғыдан
сараланды. Əдебиетші Алма Қыраубаева былай дейді: «Бұл дəуірдегі
көр кем əде биет, негізінен, екі түрлі. Біріншісі – аударма назиралық шы-
ғар ма лар: Құт ба ның «Хұсрау уа Шырыны», Сəйф Сараидың «Гүлстан»,
Əли дің «Қис са Жүсібі», Рабғузидің «Қисас-и Рабғузи» кітабы, Махмуд
ибн Əли дің «Неһдж ул Фарадис» («Жұмаққа апаратын жол»), Хусам Қа-
292
тиб тің «Жұмжұма» кітабы т.б. Екіншісі – тыңтума əдебиет: «Махаббат-
нама».
«Аударма-назира əдебиет» тарауы «Қиссас-и-Рабғузи» («Рабғузи қис -
са ла ры») атты туындының талдауына арналған. Зерттеуде М.О. Əуе зов-
тің нəзира туралы тұжырымы басты қағида ретінде келтірілген: «...əр
та қы рып тың əр ақында қайталануы еш уақытта аударма деп танылуы
керек емес. Өз өзінше бір қайта жырлау, тыңнан толғау немесе ақындық
шабыт-шалым санасып, жырмен жарысу есепті бір салт еді. Шығыс поэ-
зиясы бұл салтты заңды деп біліп, осы дəуірге «нəзира», «нəзирагөйлік»
деп атау да берген».
Осы ретте Алма Қыраубаева бұл туындыға қатысты мəліметтер бер-
ген: көшірмелердің саны, сақталынған жерлері, жазылған кезі. 1310
жыл, 710 хижра бойынша Насреддин Тоқбұға бекке арналып жазылғаны
жəне келесі аңдатуы берілген: «Сенің қолыңнан шыққан, қаламыңнан тү-
зіл ген сөз оқуға, үйренуге жеңіл, түсінікті болады деп жұрт қолқалаған
соң, тəңірден тауфик тілеп, кітап бастадым». Осы тұста Н.И. Ильмин-
ский, П.М. Мелиоранский, С.Е. Малов, Н.П. Остроумов, Н.Ф. Катанов
ең бек те рі арнайы сипатталған.
Қисса 1967 жылы қазақ тілінде Б.Кенжебаевтың басшылығымен «Ер-
те де гі əдебиет нұсқалары» атты хрестоматияға енген. Ғ.Айдаров, Ə.Құ-
рыш жа нов, М.Томановтардың «Көне түркі ескерткіштерінің тілі» (1971)
атты оқулықта ғылыми деректер толықтырылған.
А.Қыраубаева еңбектерінің басты құндылығы: аталған көркем мə тін-
дер дің əдеби талдануы. Шығарманың мазмұнын ғалым үш түрге бөледі:
1) табиғат, дүние құбылыстары, жаратылыстың пайда болуы жайындағы
діни-мифологиялық əңгімелер; 2) дінді таратушылар, халифалар, тари-
хи адамдар жайлы деректі, дерексіз əңгімелер, аңыз-қиссалар; 3) ауыз
əдебиеті үлгілері, өлеңдер. «Диуани хикмет» сияқты кітаптардан осы
өз ге ше лі гі айырылып айтылған. Кітап 60 (қолжазбада – 42, баспасын-
да – 64) «қисса» деген атпен берілген əңгімелерден тұрады. Дүниенің
жаратылуы туралы əңгімеде Алла тағала Жəбірейіл, Ысрафил, Əзірейіл
пе ріш те лер ді жұмсағаны, солардың ішінен соңғысының батылдығы бол-
ға ны, сондықтан оның адамның жанын алуға жұмсалғаны баяндалған.
«Адам ның басқадан емес, топырақтан жаратылуы себебі баяндалған.
Тау: «мен биікпін, менен жарат», – дейді, алтын: «менен жарат, мен əзиз-
бін» дейді, сөйтіп, теңіз, аспан, су – барлығы таласады. Сол себепті адам-
ды жерден жаратады». Əдебиетші Алма Қыраубаева аталған сюжеттің
Библия, Құранда бар екенін еске салады жəне олардың ортақ екенін ай-
қын дай ды: «дүниенің пайда болуының алты күн оқиғасы, Хауаның қа-
быр ға дан жаратылуы, Атам ата мен Хауа ананың ұжмақтан қуылуы».
«Топан су» аңызындағы Нұхтың кемесі: Библияда – Арарат, қазақ
ұғы мын да – Қазығұрт тауы; «Гильгамеште» – Нацир, гректерде – Офрис
293
(Парнас) таулары. Яғни жер бетіндегі адамдар Нұхтың балаларынан та ра-
ға ны. Осы ретте Дж. Смитт, Дж. Фрезер, Л.Вулли еңбектері келтірілген.
Əдебиетші А.Қыраубаева Құранға байланысты ойларын И.Ю. Крач-
ковский тұжырымымен бекітеді: «Құран – исламның ерте дəуір тарихын
бейнелейтін кітап, араб прозасының, əдеби тілінің негізі болған ескерт-
кіш. Құран – дүниежүзі əдебиетінің ескерткіші». Рабғұзидегі пай ғам бар-
лар есімдері Тəурат, Інжіл, Құранда бірдей екені анықталады. Ға лым қа-
зақ ша атауларын да беріп кетеді: Адам, Нұх (Ной), Ыбраһим (Аврам), Ис-
қақ (Исаак), Смаил (Исмаил), Жақып (Яков), Харун (Иарон), Айуб (Иов),
Дəуіт (Давид), Сүлеймен (Соломон), Ілияс-Хызыр (Илья), Иса (Исус
Христос), Жүніс (Иона), Армия (Иеремия). Лұқпан, Зұл қар на йын, Са лых
туралы аңыздар талданып, олардың діни сюжеттері са лыс ты рылған.
Зұлқарнайын қиссасында Александр Македонскийдің бейнесі сурет-
телген. Е.Э. Бертельстің (Роман об Александре и его главные версии на
Востоке М.–Л., 1948) еңбегіне сүйеніп, А.Қыраубаева бұл қиссаның тек
мадақтауға құрылмағанын айтады. Низами, Жəми, Науан, Мұ хам мед
Балами, Фирдоуси, əл-Фахриат Туртуши, Ғазали, Хусроулардың бұл сю-
жетті бір-бірінен көшіруі емес, əрқайсысы өзінше назира жаз ға ны деп
түйінделеді. Түркі халқының тұспалдап сөйлеп меңзеуі, жұм бақ тап ай-
туы, ақыл-білім сайысына түсуі, данышпан қарттарға кездесуі қа зақ ер-
тегілерінде мол екендігін əдебиетші А.Қыраубаева атап өтеді. Осы рет-
те қазақтың шешендік сөздері, ертегі, аңыздарынан мысалдар кел ті ре ді:
Қарашаш сұлу мен Жиренше шешен, «Ақылды əйел», «Орман молда
мен Өтеш қу», «Жиренше шешен істері» т.с.с.
«Жүсіп-Злиха қиссасының» ең көне нұсқасын Фирдоуси жаз ға ны,
Бертельстің бұл сюжетті Библиядан тапқанын айта отырып, зерттеуші
бұл сюжеттің Құрандағы Жүсіп пайғамбар оқиғасы екенін анық ес кер те-
ді. Осыған орай А.Қыраубаева Таурат зерттеушісі З.Косидовский пі кі рін
қолдайды. Ғалым «Рабғузидегі» сюжеттің басқалардан айыр ма шы лы ғы
жоқ екенін осылай анықтап береді.
Сонымен қатар А.Қыраубаева қиссадағы Мұхаммед с.а.с., Əбу бə кір,
Омар, Осман, Əли, Хусеин – VI–VII ғғ. мұсылман мемлекет би леу ші ле рі-
нің көркем бейнеленуін əдеби талдау арқылы іске асырады.
Əдебиетші нақты болу үшін əр мəтінмен бірге оның бүгінгі аударма-
сын (өз тарапынан) қатар беруді жөн санаған. Омардың өлу та ри хы ның
дерегі нақты екенін де əдебиетші дəлелді қарастырады. Осы ретте Ха-
санды əйелі у беріп өлтіргені (армян шаһының қызы) т.б. мотивтер мə тін-
мен салыстырылады. «Кербала трагедиясының» қиссада тарихи желісі
осылай нақтылана түседі.
Ғалым А.Қыраубаева Рабғузидің өз жанынан шығарылған өлең де рін
бөліп алады. Бұл ретте де түпнұсқа мен аударманы қатар береді: «Кейін-
гіге бір асыл сөз қалдырсам деген арман жолында шарқ ұрған ақын ның
294
тынымсыз еңбегін өз жағдайы арқылы образды бейнелейді», – деп ғалым
былай қорытындылайды: «Рабғузи кітабында əңгіме болатын мə се ле-
лер: жер, дүние, тіршіліктің, діннің пайда болуы, пайғамбарлар өмі рі,
махаббат, зұлымдық, адамгершілік, достық, қастық, адалдық, адам дық,
ақыл ды лық, надандық т.б.».
А.Байтұрсынұлы айтқандай «асыл сөздің» Рабғузи қолданысында
бол ға нын осылай аңғарамыз. Əдебиетші А.Қыраубаева жанрлық анық-
тау ды да айқындайды: «Хикаят – арабша əңгіме, новелла, əңгімелеу де-
ген сөзден шыққан. Эпиканың ең шағын түрі. Ертедегі хикаяттардың
ерекшеліктерін Рабғузи туындыларынан байқауға болады. Көлемі аса
ша ғын, бір немесе бірнеше ғана оқиғаға құрылған, соны күтпеген жер-
ден аяқтаған шығарма.
Қиссалардың ішіндегі ең көлемдісі – «Қисса Жүсіп» туралы: «Оқи-
ға лар дың қамтылу көлемі, мазмұнының қат-қабаттылығы, ком по зи ция-
ның күрделілігі, адам образдарының əр алуандығы жағынан қа ра саң,
ро ман ға жақын келеді. Рабғузи қиссаларында өлең араласып жү ре ді.
Олар кейде қарасөзбен баяндалған оқиғаға қосымша болып, сол сəтте
оқу шы ға анығырақ, айқындырақ ұғындыру үшін не кейіпкердің сезім-
сипаты, өз хал-жайын қоса айтатын сөзі түрінде келеді. Біразы – сюжет-
ті өлеңдер. Рабғузи өлеңдері силлабикалық үлгімен жазылған».
А.Қыраубаеваның бұл теориялық тұжырымы өте құнды екені аян.
Қа зақ романына тек орыс романы əсер етті деген пікірді теріс шы ға ра-
тын ғылыми мағлұмат. Қазақ сөз өнерінің өз даму заңдылықтары бар
еке нін əдебиетші кеңес кезінде осылай алға тартқан екен. Осы орайда
кітапта былай делінген: «Сөздің мəні айта білсе ашылар» дейді дана
ха лық. Түп тамыры Қорқыт, Асанқайғы заманында жатқан шежіре-ше-
шен дік мектебі бар. Сыпыра жырау сынды жыраулық өнердің алтын
дің ге гі бар халқымыздың сөз өнерін қадір тұтуы, əдемі сөйлеуге ұм ты-
луы көне замандарда жатыр. Əйтпесе сонау V–VIII ғасырлардағы Ор-
хон жазуларындағы айшықты, ажарлы сөздер, образды бейнелер қай дан
алын ған? Осындай көркемсөздің бейнелі де өрнекті суреттері Раб ғу зи
қис са ла ры нан да табылады».
А.Қыраубаеваның əдебиеттанулық талдаулары бүгінгі тек маз мұ нын
айтатын шығыстанушылар үшін үлгі екені де анық. Мəтінге сүйене оты-
рып ғалым теориялық тұжырымдар жасайды: «Теңеулер əрдайым кө ңіл-
ге қонымды, орынды, жарасымды алынып отырады». Сюжеттің сақ та-
луын, таралуын айта келе А.Қыраубаева «Біржан-Сара» ай ты сын да ғы
Сара қыздың «Қиссасұл əнбиені» айтуына арнайы тоқталады. Жəне бұл
ескі діни сюжеттің халық ішінде кең таралғанын еске салады. Жүсіп пен
Зылиха махаббаты туралы «Қыз-Жібек» жырында анасының Тө ле ген ге
берген батасында айтылады. «Қисса Жүсіпті» 1879 жылы Шай хұ сла мов
Жүсіпбек Қазаннан шығарғаны, соңғы рет 1918 жылы жарық көр ге ні
295
сөз етіледі. Осы орайда А.Қыраубаева Жиреншеге де сүйене ке те ді:
«Шы ғыс классиктерін қазақ тіліне аударушылар, соларға еліктеп кі тап
жазушылар араб, парсы, шағатай тілдерінде жетік, шығыс мəдениетін
жақ сы білетіндер еді. Олардың ірі өкілдері Абай Құнанбаев, Ақылбек
Са бал ұлы, жетісулық Жүсіпбек Шайхұсламұлы, қызылжарлық Хусайн
Мир ба ба ұлы, Мұтфтолла Уəлиұлы, Мəулекей Жұмашев, Қашафутдин
Шаһ мар дан ұлы, маңғыстаулық Ешбай Көзбергенұлы, семейлік Бай ма-
ғам бет Айтқожин, оңтүстіктік Шəді төре Жəңгіров, Ғаб дол ла Фаизханов
сияқты өз дəуірінің ғұламалары болатын». Осы қатарға А.Қы рау бае ва
Тұр ма ғам бет Ізтілеуовтің «Шахнамасындағы» Рабғузи əңгімелерін өлең -
мен аударғанына мəн береді: «Тұрмағамбеттің аса көңіл аударғаны –
Лұқ пан Хакімнің əңгімелері», – дейді ғалым. Осы ретте А.Қыраубаева
1906 жылы жазылған өлеңді талдап береді. Тұрмағамбеттің Рабғузидан
алын ған екінші өлеңінің – «Ата мен бала» – Сүлейменге қатысты екені
аң ға ры ла ды: «Жас демей ақылы барды аға тұт», – деп «Данышпан айт-
қан Лұқпан, Аплатон».
«Тыңтума əдебиет. «Махаббатнама» тарауында А.Қыраубаева дастан
туралы толық ғылыми мағлұмат берді. Ұйғыр жəне араб тіліндегі кө шір-
ме лер дің мезгілі (1432, 1503-1509) жəне өзбек, қазақ тілдеріне то лық ау да-
рыл ға ны, Ташкент қолжазбасының фотосуретін кітапханаға Ə.Қо ңы рат-
баев тапсырғаны мəлімденген. Осы ретте А.М. Шербак, Ə.И. Наджип,
Г.Ф. Благова, А.И. Кононов, В.В. Бартольд, А.Н. Самойловичтардың ең-
бек те рі аталады. С.Аманжолов пен Р.Бердібаев (1966) еңбектері сөз бо-
лып, Б.Кенжебаев («Қазақ əдебиеті тарихының мəселелері». – А., 1974)
пен Х.Сүйіншалиев («Қазақ əдебиетінің қалыптасу кезеңдері». – А.,
1967) зерттеулері негізге алынған.
Поэма оқулыққа тұңғыш 1983 жылы енгізілгені (А.Қыраубаеваның
дайындауымен), екінші рет Ө.Күмісбаевтың аудармасымен жа рия лан-
ға ны айқындалады (1986). ХІІІ–ХІV ғғ. əдеби жəдігердің бастаулары
V–VІІІ ғғ. жатқанын, өз кезінің озық туындысы болғаны, кейінгі қазақ
поэ зия сы ның тілі, стиль дəстүріне тікелей қатысты екенін А.Қыраубаева
басты мəселе етіп қояды. Хорезмидің «Махаббатнамасын» А.Қыраубаева
былай сипаттайды: дастан 946 жол, яғни 473 бейіттен тұрады. Барлығы
11 арнау өлең «Хикая» – 58 жол. Дастанның 4, 8, 11-арнаулары парсы
ті лін де жазылған. Шығарманы бастамас бұрын тəңірге сыйынып, медет
сұ рау – ертедегі əдебиетке тəн дəстүр», – дейді əдебиетші. Дастанның
əде би талдауы нақты, анық тілмен іске асқан. А.Қыраубаева былай дей-
ді: «Хорезми дастанының көркемдік сипатын арттырып, оны қайта өрлеу
идеясына жақындататын бір қасиеті – адамның ішкі жан дүниесіне,
сезім толқуына үңіліп, психологиясын бейнелеуге ұмтылыс».
«Қисса», «хамса», «нама» терминдерінің қазақ əдебиетінде кезде-
сетінін айта кетеді (жолнама, сапарнама). Хорезми осы наманың кең
296
қол да нуын үйлестірді дей келе, оның жанрлық формаларын анықтап
береді:
1. Эпикалық поэмалар циклі («Шаһнама»);
2. Жеке поэмалар («Ескендірнама», «Шайбанинама», «Бабурнама» т.б.);
3. Саяхатта, сапарда көрген-білгені, алған əсері туралы шығарма;
4. Өлеңмен жазылған арнау («Махаббатнама» т.б.).
Бұлардың ерекшелігі: арнау ретіндегі ынтық, сүйіспеншілік се зім-
дер, ғашықтық мұң баяндалады. Осы ретте А.Қыраубаева терминдерді
де анықтап берді: «бəйіт – екі жол өлең», ғазал – араб, парсы поэзиясын-
да ХІІІ–ХІV ғғ. бастап қалыптасқан өлең түрі. Ғазалдың алғашқы екі
жолы бір-бірімен ұйқасады да, əрі қарай шалыс ұйқас болып кетеді. Ға-
зал дың тағы бір ерекшелігі – соңғы бəйітте міндетті түрде автордың аты
айтылуы тиіс». Мəснауи – араб, парсы поэмасынан ауысқан түр. Ұй қа сы
а-б-в-б-г-б болып келеді. Ақындар шын сырын, арман тілегін осында ай-
тады. Ғазалдан айырмашылығы – соңында автор аты кірістірілмейді».
«Фард-ғазал, мəснауи сияқты түркі өлең формасы, араб тілінде жеке,
біреу деген мағынаны білдіреді. Ұйқасы, мазмұны жағынан шы ғар ма-
ның негізгі сюжетінен бөлек, өз алдына тұратын екі жол өлең. «Ма хаб-
бат на ма ның» соңына көшірмеші қосқан фард мынау:
Тілегім сол, пірім-ау, дүниені қаратқан,
Ұмыта көрме пендені, Құдайым, өзің жаратқан».
Дастан талдауында Орхон-Енисей ескерткіші, «Қобыланды» жə ді гер-
ле рін салыстыру үшін қолданылады. Батырды аш бөріге теңеу Ор хон-
ға тірелсе, «Қобыландыда» да кездеседі. Дастанның салыстырулары,
баламалары, бейнелі сөз айшықтарының əсерлілігі арнайы қа рас ты ры-
ла ды: ұйқыдағы бақыт, бақыттың таңы, жүректің түгі, қыздың сұлу
жүзі – жарқыраған түнгі ай, сырғасы айналасындағы жұлдыз болуы,
ернінен көк шалғынның хош иісі бұрқырауы, жүректің жасыл түсі, қыр-
ман өртенгендей өртенуі сияқты тың бейнелеулер. Дастанның негізгі
ойы: «дүние-малға қызықпай, азды қанағат тұтуға, бұрыннан келе жат-
қан жақсы дəстүр салтты сақтауға шақыру, ақыл-парасатты жоғары қою.
Азды қанағат тұту идеясы өзінен бұрын өткен М.Қашқари, А.Иү гі не ки
ойларымен қиысады», – дейді А.Қыраубаева жəне оны келесі мысал-
дармен қорыта түседі: «Аз нəрсеге жоқтықта қанағат қыла білгенің – өз
ер кі ңе ие боп, патша боп өмір сүргенің. Уайымы жоқ, мұңы жоқ шат кө-
ңіл де боласың. Лайықты орныңды мына өмірден табасың. Əуре болма
сарай іздеп, көк тіреген керемет. Бір үзім нан, суың болса, одан ар тық
не керек?! Аз нəрсеге қанағат қылсаң, ешкімге құл болмай, ер кің мен
жү ре сің. Уайымсыз өмір сүремін десең, есепсіз байлық пен дү ние нің ке-
ре гі жоқ». Бұл сөздерді А.Қыраубаева Хорезмге дейінгі Мұ хам мед Қаш-
297
қа ри, Жүсіп Баласағұни, Ахмет Иүгінеки сөздерімен өңдей тү се ді: Ах-
мет Иүгінеки «Ақиқат сыйында»: «Қанша жиса да, сараң көзі тоймайды.
Малдың құлы – ол, мал билемей қоймайды».
Ғалым А.Қыраубаеваның талдауын түйіндеп тұрған пікір əде биет-
ші нің талғамын аңғартады: «бұл дастанның тіл қолдану шеберлігін, се-
зім тазалығынан бүгінгі оқырман лəззат алып, көп нəрсені үйренетіні
анық».
«Ежелгі əдебиет дəстүрі» тарауында ғалым Д.С. Лихачевтың көне
русь əдебиетін зерттеу əдісін алға тартады. Осыны негізге ала отырып,
А.Қы рау бае ва өз ежелгі жəдігерлерімізді еске салады. Олар: Орхон ес-
керткіштері, «Құтадғу білік», «Хусрау уа Шырын», «Мұхаббатнама»...
Б.Кенжебаев көзқарасына сүйеніп, А.Қыраубаева революцияға де-
йін гі қазақ əдебиетінің екі саласын анықтап береді: «Бірі қазақ өмі рін,
уа қыт тынысын өз шындығымен көрсеткен, озық ойлы орыс мə де ние ті-
нен тəлім алып, мүлде жаңа арнада дами бастаған əдебиетте, екіншісі
шығыста бұрыннан белгілі сюжеттерді жаңғырта жазған, ежелгі əде бие-
ті міз дің гуманистік идеяларын, жазу дəстүрлерін бүгінгі күнге жа қын дат-
қан Шəді Жəңгір, Мəшһүр Жүсіп Көпей, Əріп Тəңірберген, Тұр ма ғам бет
Ізтілеу, Жүсіпбек Шайхұсламұлы, Ақылбек Сабалұлы, Мəулікей Жұ ма-
шев, Бөкейхан Мансұров т.б. үлкен бір ақындар тобы жасаған əде биет
еді. Оларды, негізінен, қиссашыл ақындар деп атаған. Аталған ақын дар-
дың қаламынан туған: «Хикаят Орқа – Күлше», «Гүлшат – Шеризат»,
«Зияда – Шаһмұрат», «Рауа – Бану», «Жүсіп – Зылиха», «Мұңлық – Зар-
лық», «Тахир – Зуһра», «Дариға қыз», «Еренғайып шаһ Ғаббас» т.б. көп
қис са лар – əдебиетіміздің тарихындағы өзінше бір қызықты құбылыс,
ма ңыз ды сала.
Осы ретте əдебиетші А.Қыраубаева ХІХ–ХХ ғғ. қиссалардың негіз-
гі ерекшелігі – шығыста бұрыннан белгілі сюжетке құрылуы деп атап
өтеді. Осы орайда Тұрмағамбеттің «Рүстем дастаны», М.Ж. Көпейдің
«Гүл шат – Шеризат», Əріптің «Зияда – Шаһмұрат пен Сейфулмəлік»,
«Жү сіп – Зылиха» қиссалары ХІІІ–ХІV ғғ. жəдігерлер мəтіндерімен са-
лыстырыла талданады. Портреттегі ежелгі əдебиет дəстүрі айқындалып:
«Гүл шат – Шеризатта» М.Ж. Көпей Гүлшаттың: «Тілі – жақұт, тістері
маржан екен»; «Зияда – Шаһмұратта» Əріп: «Ақ маңдай, қол – зүбəржат,
көзі – гау һар». Рабғузида: «көздері жұлдыз, көзі – күн, маңдайы – көк
айдын».
А.Қыраубаева осы тұста маңызды теориялық тұжырым жасаған: «Қа-
зақ қиссалары – ежелгі жазба əдебиет пен ауыз əдебиетінің дəс тү рін
қа тар жалғастырған жанр». Аталған дастандар туралы ойларын А.Қы -
рау бае ва С.Мұқановтың («Халық мұрасы»), Ы.Дүйсенбаевтың («Қа зақ
лиро-эпосы», А., 1973), М.Бөжеевтің («Қисса-хикаялар» // Абай дың ақын -
дық айналасы. – А., 1971) еңбектеріне сүйене отырып тұ жы рым дай ды.
298
«Ғасырлар мұрасы» (А., 1988) тұңғыш оқулық екенін ескерсек, қазақ
əдебиеттануындағы ежелгі əдебиет туралы да тұңғыш ғылыми басылым
екені анық.
Алма Қыраубаеваның «Шығыстық қисса-дастандар» (1997) атты кі-
та бы қазақ əдебиетінің ежелгі дəстүрі болып саналатын арнаға құ рыл-
ған. «Мың бір түн», «Тотынама», «Шаһнама» сюжеттеріне арналған
дастандар осы тұста талданған. Сонымен қатар Орта Азия сюжеттері
бө лі ніп қарастырылған. Осы ретте «Бахтиярдың қырық бұтағы» ар-
найы талданған. Негізгі тараулар: «Мың бір түн», «Тотынама» желісі-
не жазылған қисса-дастандар. Бұл тарауда А.Қыраубаева Шəкəрімнің
«Лəй лі – Мəжнүнінің» аударма емес екенін айтады. Талдау арқылы төл
туынды екенін дəлелдеп берді. «Атымтай Жомарт» сюжетінің «Мың бір
түн де» бар екені анықталған.
Əдебиетші мұсылман аңыздарын топтастырып қарастырады. Пай ғам-
бар, Əзірет Əли, Фатима кейіпкерлерін бөліп алады. Осы ретте Шəді
Жəңгірұлының «Назым сияр Шариф» (Түзу жол, ақ жол туралы өлең)
сюжеті діни екені дəлелденеді. Шəдіге дейін Мұхаммед Пайғамбар с.а.с.
өмір жолын суреттеу алғаш араб, парсы, түркі тілдерінде болған: Вахи-
ди (VІІІ–ІХ ғ), Ибн Исқақ (VІІІ ғ.), Ибн Хишам (ІХ ғ.), Махмұд би Əли
(ХІV ғ.). Шəдінің қиссасы əдеби талдауға түскен: оның дүниеге келуі,
Басраға сапары, Хадишаға үйленуі т.с. – Пайғамбардың тарихи бейнесі
ай қын дал ған.
Қорытындыда А.Қыраубаева қазақ деген ұғымның VII ғ. хатқа түс ке-
ні (Геродот тарихы), 25 əріптен тұратын жазуы болғанын (Алтын адам-
ның тостағанындағы жазу), сол жазудың бүгін қазақ руларының таң ба-
сын да сақталғанын алға тартады. Қазақ сөз өнерінде бай мифологиясы,
дін тарихы (зороастризм, тəңір, ислам), халық тағдыры, адамдық мұ рат,
адамгершілік көзқарасы жан-жақты көрсетілгенін айтады. Осы ретте
ғалым құнды теориялық түсінік береді: «Қисса жанрының түркі əде бие-
тін де гі дүниеге келуі – оның Араб халифатының қол астында өмір сүріп,
ислам мəдениеті феноменін жасағаны. Ислам мəдениетінің өр кен деуі
Оянушылықты туғызады. Ислам мəдениетінің көрнекті тұл ға ла ры ның
бірі Отырар көне мəдениет ошағында туып-өскен əл-Фараби баба көне
антикалық мəдениет дəстүрі мен шығыстың рухани дүниесін біріктіру
арқылы еуропалық оянушылыққа жол салды. X–XІV ғғ. түркі оя ну шы-
лы ғы да көріне бастайды», – дейді А.Қыраубаева. Бұл кезде түркі тілінің
мəртебесін көтеріп, сол тілде шығарма жазу аса қажет болды. Осы кезде
Ақсақ Темір мəдениетті биік көтерді – Ахмет Ясауи, Арыстан баб кесе-
нелері, Алтын Ордадағы Сарай, Сарайшық қалалары салынды. Түркілер
өз төл тарихына үңілді. Х–ХІІ ғғ. əдебиетте Баласағұни («Құтты білігін-
де») түркі мемлекетінің төрт құбыласы тең моделін жасады. М.Қашқари
түркілердің бай мəдениетін, рухын ірілендіре түсті. Əли, Кəтиб, Құтб,
Рабғұзилер дінді жаңғырта түсті, адамгершілікті көтерді.
299
«Ұлттық Оянушылықтың бір көрінісі ретінде нəзира дəстүрі қай та-
дан жедел дами бастады» деп А.Қыраубаева Ж.Шайхисламұлы, А.Са-
бал ұлы, Қ.Шахмарданұлы, Ш.Жəңгірұлы, Ə.Тəңірбергенұлы, Ə.Най-
ман бай ұлы, М.Көпейұлы, М.Жұмашұлы, Ақыт Қажы, Кете Жүсіп, Ораз
Молда, Молда Мұса, Мəделі, Тұрмағамбет дастандарын алға тартады.
Соның ішінде бір Ақылбек Сабалұлының жүзге жуық қисса жазуы ай-
тылады. Осы қиссалардағы «Мың бір түн», «Тотынама», діни сюжет,
«Шаһнама», Орта Азия сюжеттерін бөліп қарастырады. Салыстыру-
лар арқылы талданған жəдігерлер осылай ғылыми айналымға енгізіл-
ді. Əдебиеттанушы А.Қыраубаева бұнымен шектелмей, қиссалардағы
суреттеу тəсілдерін, көркемдік құралдарын, құрылымын ерекшелеп бе-
реді: «Тұрақты желілер: мінсіз кейіпкер (сұлу, батыр, ақылды, білімді),
тастанды бала, түс көру, Ирамбақты іздеу, кеме оқиғасы, саяхаттағы
түр лі қауіп-қатер, түрлі əсірелеу т.б.» Осы ретте ғалымның келесі тео-
рия лық тұжырымының мəні зор: «Қазақ қисса-дастандары ХІХ–ХХ ғғ.
басында қалыптаса келіп поэма, повесть, роман жазуының тууына не гіз
болғанын көреміз. Абай поэмалары: «Ескендір», «Масғұт», «Əзім», Ма-
ға уия ның «Медғат – Қасымы», М.Сералиннің «Гүлкəшимасы», біз дің
ойымызша, қисса-дастан дəстүрі бойынша жазылып, бірақ қис са лық
тұрақты ерекшеліктерден ажырай бастаған дастандар». Дəлел ре тін де
Ы.Дүй сен баев тың лиро-эпос саласындағы зерттеуі келтірілген.
А.Қыраубаева осы ретте кеңес кезінде «үлкен қарсылықтарға қа ра-
мас тан, қазақ зиялылары ұлттық мұраларды жаңғырту мұратын бір сəт-
те ұмытпады, тек қолайлы сəттерін іздеумен болды» дей келе, Ахмет
Байтұрсынұлы, Мыржақып Дулатұлы, Мағжан Жұмабаев, Сəкен Сей-
фуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіровтерді атап өтеді. 1950 жылы
Е.Бекмаханов, М.Əуезовтей асылымыз ғылымнан қуылды. 1959 жыл-
дары əдеби мұраға қатысты конференцияда «Қара қасқа атты Қам бар
батырдан» өзгесі сызылып қалған қазақ əдебиеті Бұқар жырауға дейін
(ХVІІІ ғ.) жылжытылды». Осы конференцияда Б.Кенжебаев қар сы лық
білдіріп, түркілік ортақ дəуірді алға тартқан екен. Сондықтан шə кірт-
те рі не осы бағытты дəлелдеуге тақырыптар бергені меңзеледі. Олар:
М.Жол дас беков – Орхон ескерткіштерінің қазақ əдебиетіне қатысы,
М.Ма ғауин ХV–ХVІІІ ғғ. жыраулар поэзиясын ашты; Х.Сүйіншəлиев
қа зақ əдебиетінің қалыптасу кезеңдерін VІІІ ғ. жазба ескерткіштерден
бастады. Осы жұмыстардың нəтижесінде: «Қобыз сарыны» (1967), «Ал-
даспан» (1967), «Ғасырлар поэзиясы» (1987), «Үш ғасыр жырлайды»
(1965), «Асыл арналар» (1986), «Махаббатнама» (1985), «Ғасырлар мұ-
ра сы» (1988) т.б. еңбектер жарық көрді.
А.Қыраубаеваның «Ежелгі дəуір əдебиеті» (екінші басылым, 2002)
то лық ты ры лып берілген. Кіріспе былай басталады: «Сіз қазақ дейтін ха-
лық тың ұлы ұрпағысыз!» Қазақтың «ұлын – үрімге, қызын – қырымға»
300
ма қа лы – аталарымыз ат тұяғы Рим мен Қырымға дейін жеткені дейді
ға лым А.Қыраубаева. Себебі Махмұт Қашқари «Түркіше сөздікте былай
деген: «Сол кездегі қыпшақтардың мекені Русь пен Румға дейін созыла-
ды». Қазақтар – ежелден өнерлі, шешен, дана халық!»
А.Қыраубаева «қазақ» атауы VII–ІХ ғғ. бар екен дейді. «Қазақ» қаз-
ғақ деген сөзден шығыпты. Ол «ержүрек, ерікті адам» деген ұғымды
біл ді ре ді. Енесай өзенінің бойындағы VIII ғ. тасқа басылған жазуда «қаз-
ғақ ұлым» деген сөз бар. Оның мағынасы – «батыр ұлым». Баланың тұ-
са уын кескенде «қаз, қаз бас» дейді. Ол – өз еркіңмен жүр, батыл бол
деген сөз», – дейді ғалым. Тағы бір дəйектеме: «Түркілер V–VII ғ. Түр кі
қағанаты атты мемлекет құрып, іргелі ел болды. Сол заманның Абылайы
мен Бұхар жырауындай – Білге қаған мен Тоныкөктер түркі жұр тын
тұтастыра білді. Еліміз қайтсе тəуелсіз болады деп, күндіз отырмады,
түнде ұйықтамады».
А.Қыраубаеваның «Жаным садаға» (А.: «Жалын», 1995) кітабының
жөні ерекше. «Кремльде намаз оқыған кісі» атты əңгімеде Жамбылдың
Сталин қабылдауында болып намаз оқығаны баяндалады. «Тоқсанға
келсем де, мына есіктен кіріп, ана есіктен шыққандай ғана болып отыр-
мын», – дегені еске салынады. Тыйым сөздер туралы «төрге қарап жү рең-
нен отырма, ырысың кетеді, адамға қарап керілме, дастарқаннан аттама,
суға қарай жүгірме, түнде суға барма» деген мəліметтер берілген.
«Қазіргі ұрпақ тəрбиесіндегі ең үлкен кемшіліктің біреуі рухани жа-
сық тық болуға тиіс. Рухани жасықтықтың қарама-қарсысы, яғни қа зақ-
тың нағыз мінезін жыраулық поэзиядан көре аламыз. Жыраулық поэзия
еркін, рухы жоғары ой-санадан туған. Оның жалғасы – айтыстағы ерлік,
өзін-өзі асқақтата жырлау. Тоныкөктің, Қазтуғанның өзін ма дақ тауы мақ-
тан шақ тық, ұсақ мінез емес. Халқының тəуелсіздігіне, еркіндігіне арқа
сүйеген өр мінезден, іріліктен туған. Бодандық, кедейшілік қа зақ тың өр
мінезін жасытты. Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай: «Ерден еркек қал ды,
көлеңкеден үркек қалды». Жалшылық жан дүниесі қа лып тас ты».
Əдебиетші ғалым «Қабұснамадан» келесі ойды келтірген: «Кімде-кім
ата-анасының жақсылығын білмесе, басқа біреудің жақсылығын да ба-
ға ла май ды! Қайғылы жанға қуанышыңды айтпа. Үмітсіздіктен сақтан,
жақ сы лық тан үмітіңді үзбе, үміт есігін аша біл».
Профессордың келесі ғибратты ойларына үңілейік: «1. Əр шə кірт тің
өз мінезіне қарай бабын таба алмасаң, онда мұғалім емес, сабақ беруші
ғана болып қаламыз. 2. Жан дүниесін білмеген адам мұғалім бола алмай-
ды. Мұғалімде тəуіптің көзі, ақынның жүрегі, суретшінің қиялы болсай-
шы. 3. Сабақтардың сабағы – əдебиет пен тіл. 4. Тəрбие адам шы лық қа
құрылуы керек. Адамшылық негіздері қай қоғамда да өзгермейді, еш бір
саясатқа тəуелсіз. 5. Николай Рерих: «Мұғалімдері кедей болса еліне ұят.
Ол – надандық белгісі. Мұғалімнің хал-жағдайына қарайлауды ұмыт қан
халық – келешегін ұмытқан халық».
301
Мағжан Жұмабаев «Педагогикасынан» ғалым мына ойды алған: «Бі-
реу біреуді аяп, қайғысына ортақтасқандай қуанышына ортақтаспайды.
«Бір ғалым айтыпты: «қайғыға ортақтасу үшін адам болу жетеді. Қуа-
ныш қа ортақтасу үшін періште болу керек», – деп.
«Өз халқын шексіз сүйетін, оны мақтаныш тұтып, салт-дəстүрін құр-
мет тей тін өр рух! Салауаттылық, Парасаттылық, Білімділік!» Бұл сөз дер
ғалымның бізге, замандастарына деген аманаты іспеттес. Олай бол са,
қазақтың ғалым қызының мұрасын насихаттай білейік.
Достарыңызбен бөлісу: |