Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: Т. Кəкішев, Ө. Əбдіманұлы, А. Қыраубаев



Pdf көрінісі
бет31/53
Дата03.03.2017
өлшемі3,66 Mb.
#5608
түріБағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   53

Назгүл ТӨЛЕУБЕКҚЫЗЫ 

БОЛМЫСЫ БӨЛЕК, ОРНЫ ЕРЕК

«Ұстаз-ғалым» деп аталатын егіз ұғым адамзат санасында қа шан да 

қастерлі саналған. «Ұстаз» ұғымының қастерлілігінің сыры – ұстаз деп 

танылған ұлы тұлғаның адам баласына «өмір дейтін күрделі құ бы лыс-

ты түсінудің жолдарын үйретіп, бағыт аңғартуымен» түсіндірілер бол-


311

са, «ғалым»  ұғымының  қастерленуінің  мəні – ғалым  деп  танылатын 

тұлғаның  адам  баласына  ғылым  дейтін  тылсымның  бар  құ пия сын  тү-

сін ді ріп  беруімен  анықталады.  Ұстаз-ғалым  ұғымына  иелік  етудің  кез 

келген бала оқытқан адамның қолынан келе бермеуінің құпиясы да осы 

қастерлілігімен астасып жатса керек. 

Ұзақ жылдар бойы ұстаздық деп аталар ұлағатты іспен айналыса жү-

ріп, табандылық пен таланттылықты, қажырлық пен еңбекқорлықты қа-

таң талап ететін ғылым дейтін «құзар шыңның өзіндік асқарын ба ғын-

ды ру» арқылы ұстаз-ғалым атты қастерлі ұғымның үздік үлгісіне ай нал-

ған жанның бірі – қазақтың қарапайым да қайсар қызы, белгілі əде биет 

зерттеушісі, профессор, филология ғылымдарының докторы Алма Мү тə-

ліп қы зы Қыраубаева. 

Өткен ғасырдың 70-жылдарында қазақ əдебиеті тарихын зерттеу са-

ласында  ерекше  бір  жұлдызды  шоғыр  көрінді. «Қазақ  əдебиеті  ХVІІІ 

ға сыр дан, жыраулар поэзиясынан басталады» деген тұжырымның тия-

нақ сыз ды ғын, яғни ұлт əдебиеті ғұмырының тым тереңде жатқандығын 

дə лел деу ге құлшына кіріскен бұл жұлдызды шоғырдың арасында қа зақ-

тың ай маңдайлы ару қызы Алма Қыраубаева да бар болатын. Əде биет-

ші ғалым А.Қыраубаева соны үлгідегі, өзіндік мəнердегі «Ғасырлар мұ-

ра сы», «Шығыстық қисса-дастандар», «Ежелгі əдебиет» сынды ғы лы ми 

ең бек те рі арқылы сонау сақ заманындағы Тұмар патша, Зарина сұлу, Біл-

ге қаған, Тоңұқұқ, Оғыз қаған, Қорқыт жəне Авеста, шумер аңыз да ры-

мен бірге С.Сараи, Рабғузи, Хорезми, Құтб, Қ.Кəтиб есімдерімен жұрт-

шы лық ты кеңінен таныстырды. А.Қыраубаева осындай зерттеу ең бек те-

рі арқылы өз дүниесін құнттауды көп ескере бермейтін қазағына ежел гі 

əдеби мұраларын заңды түрде меншіктеп, хатқа басып, мөрлеп берді. 

1988  жылы  «Ғасырлар  мұрасы»  деген  атпен  жарық  көрген  зерттеу 

ең бе гін де  А.Қыраубаева  «Алтын  Орда  мемлекеті  туғызған,  сол  терри-

торияда ғана жасалған əдебиет ғана емес, ХІІІ–ХІV ғасырларда, Алтын 

Орда дəуірінде өмір сүріп, Сыр бойында, Хорезмде, Каспий маңында, 

Египетте тағы басқа жерлерде тіршілік құрған түркітілдес халықтар жа-

зып қалдырған əдеби ескерткіштерге, қыпшақ, оғыз сияқты ру-ұлыс тай-

па ла ры ның жасаған ортақ əдебиетіне» зерттеу жүргізу арқылы, алғаш 

рет  қа зақ  қисса-дастандары  тақырыбында  кеңінен  ой  қозғады.  Ғалым 

қис са-дастандардың  пайда  болу,  қалыптасу  жолдарын  ғылыми  негізде 

нақ ты лы анықтау барысында ұлттық əдебиеттануға беймəлім «шығыс 

дəс тү рі» деген мəселені көтерді. Алма Қыраубаева «қазақ қиссаларын 

ежел гі жазба əдебиет пен ауыз əдебиетінің дəстүрін қатар жалғастырған 

жанр»  ретінде  қарап,  ХІІІ–ХІV  ғасырдағы  əдеби  мұраларды – «аудар-

ма-нəзиралық шығармалар» (Рабғузидың «Қисас-и Рабғузи», Құтбтың 

«Хұс рау  уа  Шырын»,  С.Сараидың  «Гүлстан»,  Əлидің  «Қисса  Жүсіп» 

шы ғар ма ла рын)  жəне  «тыңтума  əдебиет» («Махаббатнама»)  деп  екіге 


312

бө ле ді. Əдебиетші А.Қыраубаева осындай іргелі зерттеу еңбегімен қа-

зақ  əдебиеттану  ғылымында  тұңғыш  рет  «əдебиеттің  ұшы-қиырсыз, 

кең-мол рухани дүниесі» – қисса-дастан жанрының зерттелуінің мықты 

ір ге та сын  қалады.  Нақты  ғылыми-тарихи  деректер  негізінде  қаланған 

бұл іргетас керегесін ғалым Қыраубаева 1997 жылы «Шығыстық қисса-

дастандар» атты монографиясымен кеңейтті. 

«Шығыстық қисса-дастандарында» ғалым ХІХ–ХХ ғасырлардың ба-

сында қазақ əдебиетінде нəзира əдісі негізінде өмірге келген (Шə кə рім 

Құдайбердиев, Тұрмағамбет Ізтілеуов, Ақылбек Сабалұлы т.б. қисса-дас-

тандары) жəне Қытайда жарық көрген қазақ қисса-дастандарын «Мың 

бір түн», «Тотынама», «Шаһнама» сынды шығыстың інжу-маржандары-

мен  жан-жақты  салыстыра  отырып,  оларды  пайда  болу,  даму  жолына 

қа рай «Мың бір түн» желілері – «Тотынама» желілері» («Сей фүл мə лік», 

«Зияда-Шаһмұрат», «Атымтай-Жомарт», «Кесік бас» т.б.), «Шаһ на ма» 

желілері («Қисса Баһрам», «Еренғайып шаһ Ғаббас», «Шəкір-Шə кі рат» 

жəне Т.Ізтілеуовтің «Сам палуаны» т.б.), Орта Азиялық желілер («Тахир-

Зухра», «Бозжігіт» т.б.) деп топтастырып, олардың идеялық-сюжеттік, 

құ ры лым дық-көркемдік сипаттарына толықтай тұжырымдама жасайды. 

Бұл зерттеудің басты құндылығы – əдебиет зерттеушісінің, жалпы, қис-

са-дастан  жанрының  тамырының  тым  тереңде  екенін,  тек  шығыстық 

қис са-дастандар арқылы ғана емес, ежелгі дəуірдегі əдеби мұралармен 

де (Рабғузи, М.Қашқари шығармаларымен, «Жұмжұма», «Оғыз қаған» 

жырымен, ежелгі шығыс мифтерімен) жан-жақты салыстыру арқылы дə-

лел деп беруі болды. 

Ежелгі əдебиетті зерттеу саласына А.Қыраубаева өзіндік жа ңа лы ғы-

мен, үнімен келген зерделі зерттеушілердің бірі болды. Əдебиет зерттеу-

шісі өзінің «Ежелгі əдебиет» атты еңбегінде көне дəуірге тиесілі «жеке 

ескерткіштердің  ой-мұраты,  мəн-мағынасы,  бүгінгі  қазақ  əдебиетімен 

үн дес тік-бірліктеріне талдау жасайды».

А.Қыраубаеваның ежелгі əдебиетті зерттеу саласына əкелген жа ңа лы-

ғы ның  бірі – түркі  жұртына  ортақ  тұлға  саналатын,  Оғыз  дə уі рін де гі 

əде бие ті міз дің ірі өкілі, ажалдан қашқан Қорқыттың шу мер лер дің Гиль-

гамешіне, Утнапишитиіне, Авестада айтылатын Ахура Маз да ға ұқ сас-

тық та ры на жіті назар аудару арқылы жалпы өмір мен өлім туралы түр лі 

аңыздарды ғылыми түрде жинақтап, бізге беймəлім əдеби-фи ло со фия-

лық тақырыпқа – «Өлім мен өмір тақырыбына» түрен салуы болды. 

Сонымен бірге ғалым алғаш рет адамзат өркениетінің ілкі бастаула-

рына баланатын Авеста, шумер аңыз-мифтеріне терең ғылыми талдау 

жасау  арқылы  олардың  көне  қазақ  аңыздарымен  (топан  су  басу,  Адам 

ата мен Хауа ананың пайда болуы т.б.) түп негізінің бір екенін, яғни қа-

зақ ұлтының əлемдік ой-санаға қосқан қомақты үлесінің бар екендігінде 

дə лел деп берген болатын. 


313

Ұлылар  үндестігіне  терең  үңіле  отырып,  ұлт  əдебиетіндегі  алтын 

жүлгелі үзілмес дəстүр жалғастығы туралы сөз қозғауы да ғалым ең бек-

те рі нің өзіндік өрнегіне дəлел бола алады. Ясауи, Баласағнұи т.б. мен 

Абай, Шəкəрім ойларының үндестігін (жан тазалығы, бес асыл іс пен 

бес жамандық турасындағы мəселелер) саралау арқылы ғалым сан ға-

сыр лар мен бірге жасап келе жатқан ұлт санасының, болмысының биік 

екенін де өз кезегімен дəлелдеп берді. 

А.Қыраубаеваның  қаламынан  туған  мектеп  оқушыларына  ар нал-

ған «Ежелгі əдебиет» (1996) жəне «Ежелгі дəуір əдебиеті» (2002) атты 

оқулықтары да өзіндік стильмен, мазмұнмен айрықша ай шық тал ған ба-

ға сы құлдырамас құнды дүниелер. Ұстаз-ғалымның бұл оқу лық та ры ның 

жоғары сападағы қызғылықты мазмұны – қазақтың əр баласын «əде бие-

ті міз дің тереңіне жүзіп, тұнығын сіміруіне, жүрегіндегі еліне деген мақ-

та ныш тың  қалыптасуына»  қашанда  қалтқысыз  қызмет  ететініне  шүбə 

келтірудің өзі тіпті күпірлік секілді. 

Алма Қыраубаева ежелгі əдеби мұраларды зерттей жүріп, аудармашы 

ретінде де танылды. Əдебиетші-ғалымның «көне дəуірдегі жазба ес керт-

кіш тер дің ішіндегі ең бір мəнді, қызғылықты дастан» – «Махаббатнама-

ны» қазақша сөйлеткені де көпшілікке белгілі. 

Ал аяулы ұстаздың «Жаным садағасы» туралы сөз басқа. Өзге ең бек-

те рі нен өзгеше, өзінше бір төбе болатын шығарма. Студентін аналық-

ұс таз дық жүрекпен сүйе де, сыйлай да білген ұлы ұстаздың бұл еңбегі 

жо ға ры оқу орындарының оқыту əдістемесінің бір үлгісіне татиды де-

уімізге əбден болады.

Жоғарыда  айтып  өткеніміздей,  қадірлі  Алма  апай  маған  ғана  емес, 

тіп ті қазақ білімінің қара ордасы – Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық 

университетінде өзінен дəріс алған қарагөздің бəріне де өзіндік өнегелі 

ұла ға ты мен ұстаз ұғымының ұлылығын толығымен ұқтыра білген ар дақ-

ты адам еді. 

Алма апайдай үлкен жүректі, ізгі жанның ұстаздық ұлағатын көр ге-

нім ді өзіме тиесілі үлкен шəкірттік бақыт санасам, сол бақыттың ғұ мы-

ры ның  келте  болғаны  көңілге  мұң  ұялатады…  Ардақты  ұстазға  деген 

шə кірт тік сағыныш жүректі сыздатады… Қадірлі ұстаз жайлы уа қы ты-

нан бұрын айтылған естеліктер де жанарға жас тұндырады... 

Бұл күндері ардақты ұстазыма деген ыстық сағыныш жүрек шіркінді 

сілкіп-сілкіп жібергенде, еріксіз ұстазымның «ыстық көзіне» – «Жаным 

садағасына»  үңілемін…  Аяулы  Алма  апайым  «кітап  парағының  арғы 

бетінен қоңыр үнімен кешегідей төгілтіп сөйлей» бастағанда-ақ жаныма 

жылу, санама сəуле, жүрегіме жігер құйылып сала береді… 

Алма апайымды алғаш рет көрген сəтім ерекше есімде қалған еді. Ал-

ғаш қы да Алма апайды оқытушы деп қабылдау біздер, яғни ҚазҰУ-дың 

филология  факультетінің  бірінші  курс  студенттері,  үшін  аса  «қиын ға 


314

соқ қа ны» бар. Ол кез біздің бірінші курстың алғашқы жартысын арт қа 

тастап,  екінші  оқу  маусымын  бастап,  өзімізше  «есейе  бастаған  ша ғы-

мыз» болатын. Екінші оқу маусымында ежелгі дəуірдегі қазақ əдебиеті 

деп аталатын пəннің өтілетінін, оқытушысы – профессор А.Қы рау бае ва 

екенін біліп те алғанбыз, оқытушының есімін құлағымыз шал ға ны бол-

маса танымайтын адамымыз. 

Əдеттегідей лекцияға жиналып ежелгі дəуірдегі қазақ əдебиеті пə-

ні нің  оқытушысын,  профессор  А.Қыраубаеваны  күтіп  отыр  едік,  бір 

кезде аудиторияға сұлу жүзді орта жастағы апай келіп кірді. Бəріміздің 

назарымыз еріксіз сол кісіге ауды. Анамыздан алысқа кетіп, аялы ала -

қа  нын са ғы нып жүрген біздерді, бейтаныс жан жүзінен төгілген Ана-

Жү  рек  ке ғана тəн ерекше бір жылылық пен мейірімділік еріксіз өзіне 

қа  рат  қан-ды.

Алғашқы  оқу  маусымында  дəріс  берген  профессор-оқы ту шы ла ры-

мыз дың  дені  қатал  болғандықтан,  профессор-оқытушыда  терең  бі лім-

мен бір ге қаталдықтың, сұстылықтың болуы біздің 1-курстық са на мыз-

да заңдылық деп те ұғыныла бастаған кез еді. Ал мына жүзіне ме йі рім 

шуа ғы тұнған иманжүзді бейтаныс жанның бейнесі біздің ұғы мы мыз-

да ғы профессор-оқытушыларымыздың бейнесімен мүлде үй лес пе уі нің 

себебінен, бұл апай біз күтіп отырған ежелгі əдебиет пəнінің оқы ту шы-

сы – профессор А.Қыраубаева емес, курстастарымыздың біреуін іздеп 

келген анасы деп ойлағанымыз, тек бейтаныс апай өзін таныстырғанда 

ғана ол кісінің өзіміз күтіп отырған профессор-оқытушы Алма Қы рау-

бае ва екеніне əрең иланғанымыз есімде. 

Арада өткен аз уақыт ішінде жүзі де, сөзі де нұрлы сол «бейтаныс 

жан» – профессор А.Қыраубаева бүкіл курстың «баласы аңсаған ұс таз-

ға», сүйікті біздің Алма апайымызға айналды. Бар болмысы тек тұп-тұ-

нық мөлдір-тазалықтан, мейірімділіктен тұратын Алма апай ен ді гі жер-

де мен үшін оқу-білімнің ғана емес, өмірдің де биік белестерінен асу дың 

жолын көрсетіп отыратын, ақыл-кеңесін аямас, мейірімді де кешірімді 

жа қын адамыма айналды. Демалыстан келе сала университеттен ең ал-

дымен іздейтін адамым Алма апайым болатын. Азын-аулақ жазуға берген 

тапсырмасын көрсетіп, өз жаңалығымды айтқанша тағатым қалмайтын. 

Сө зім ді бастамас бұрын аяулы ұстазым алыстағы ата-анамның жайын 

сұ рап алуды да ешқашан ұмытпайтын. 

Біздің Алма апайымыздың əдемі қоңыр үнінде ерекше жылылық, ай-

рық ша нұр бар болатын, əр сөзіндегі бізге деген ыстық ықылас-сенімі 

мен ризашылығы үнемі бізді «адамдық табиғатымыз тілеп тұрған жақ сы 

үміт ке жетектеп», көңілімізді көкке асырып, болашаққа деген се ні мі міз-

дің қауырсын қанаттарын лезде қатайтып жіберуші еді! 

Алма апайдың дəрістерінің дəмін алғасын біздер ежелгі əдебиет пə-

нін асыға күтетін болдық. Тіпті арамыздағы бірді-екілі сабаққа енжар 


315

қа рай тын студенттердің өзі ол кісінің сабағын жібермеуге тырысатын. 

Олай болуы табиғи заңдылық еді. Біздің Алма апайымыздың сабағы бас-

қа оқытушылардың сабағынан мүлде өзгеше болатын, əдетте «ұйқы ша-

қы рып, есеңгіретіп» жіберетін лекция сабағы Алма апай жүргізген кезде 

өзіндік  өрнегімен  өрілген  ерекше  бір  қызықты  дүниеге  айналып  жүре 

беретін. Алдында отырған «əр баласының» бар ойын жанарынан, қи мы-

лы нан тани білетін көреген ұстазымыз сəл шаршағанымызды сезсе, əде-

мі бір əдістерімен бізді тағы өзіне еріксіз үйіріп əкететін. Ол əдіс  те  рі  нің 

бірі – апай жиі қолданатын лирикалық шегініс əдісі болатын. Шаршай 

бастасақ,  топтағы  бір  студентті  ортаға  шығарып,  ол  өзі  туралы  то лық 

мəлімет  бергесін,  қалғанымыз  оған  түрлі  сұрақтарымызды  қойып,  ой-

тілегімізді  білдіріп,  желпініп  қалушы  едік.  Бұл  əдісімен  оқы ту шы мыз 

бір-бірімен танысып үлгермеген бірінші курс студенттеріне бір-бірімен 

толық танысып-білісуге мүмкіндік жасауымен бірге, сту дент тің сөз сап-

тасы  арқылы  оның  білім-танымына,  ой-өрісіне  барлау  жасайтын  өзін-

дік  қулығының  да  барын  кейін  түсіндік.  Алма  апайымыздың  семинар 

сабағы да өзіндік сəнімен ерекшеленуші еді. Негізінен, семинар са ба-

ғын студенттерді екі топқа бөліп, жетекші сайлап, пікірталастыру ар қы-

лы өткізетін. Əр топ мүшелері өз пікірімізді дəлелдеуге тырысып, өзі  міз 

үшін де, тобымыз үшін де өз əлімізше «күресіп» бағатын ек. Ал ор та-

мыз да ғы ұстазымыз əрқайсысымыздың бір сөзімізді де қалт жі бер мей 

тыңдап, қатемізді түзеп, əділ төрешілік ететін. Сол арқылы ұс та зы мыз 

өз шəкіртінің оқығанын көңіліне толық тоқуына жағдай жасап қана қой-

май, сонымен бірге студентін дəлелді, мəдениетті сөйлеуге үй ре те тін.

«Адамдық қасиетінен айнымайтын үлкен жүректі ұстазымыз» Алма 

апайдың тағы бір айтарлықтай қасиеті ол кісінің алдындағы студентін 

ерекше  сыйлай  білетін  үлкен  мəдениеттілігі,  парасаттылығы  еді.  Қан-

дай жағдай болмасын, қанша шаршап отырса да, алдында отырған ба ла-

сы ның əр сөзіне жете мəн беріп, беріле тыңдайтын. Қате-кінəміз болса 

ба лам ның  жанын  жаралап  алмайын  деген  аналық  сезімімен  еш  да уыс 

кө тер мес тен  қатемізді  жайлап  қана  ұғындырып  жіберуші  еді,  қай ран 

ұс таз! Алма Қыраубаева терең білім иесі ғана емес, сонымен бірге тек 

өзіне ғана жарасар кішіпейілділігімен, қарапайымдылығымен өз ге лер-

ден ерек тұрар тұлға болатын. Осындай асыл қасиеттерімен біздің Алма 

апа йы мыз əлдеқашан ұстаздық деп аталатын ұлылықтың өлшеміне ай-

нал ған екен!

Өзі өмірден өткенімен, есімі елінің есінде мəңгі қалған жанның ба қы-

ты биік. Осындай аласармас биік бақыт аяулы біздің Алма апа йы мыз ға 

бұ йыр ған  екен.  Оған  ұстаз-ғалым  Алма  Мүтəліпқызы  Қы рау бае ва ның 

артына қалдырған «өлмейтін хаттары» мен шəкірттеріне сыйлаған ұмы-

тыл мас ұлағаты дəлел болады. 



316

Сара ТАЙМАНОВА 

А.ҚЫРАУБАЕВА ƏҢГІМЕЛЕРІНІҢ ТАНЫМДЫҚ, 

КӨРКЕМДІК СИПАТЫ 

 

Ғылым мен білім майданында жүрген ғалымдардың арасында қа зақ-

тың қара қызы атанған Алмагүл Мүтəліпқызы Қыраубаева – ежелгі дə-

уір əдебиетін зерттеуші, орта мектепте ұлттық негізде оқытуды көз де ген 

əдіскер, филология ғылымдарының докторы, профессор. Ол қам шы ның 

сабындай аз ғұмырында көп ізденіп, зерттеген еңбектерінің нə ти же сін-

де əдебиеттану ғылымында өз есімін танытты жəне келер ұрпаққа өш-

пес мұра қалдырды. 

Қазақта сегіз қырлы, бір сырлы деген сөз, əдетте, ер-азаматтарға ар-

налып айтылады. Əйтсе де осы бір əдемі сөз тіркесін Алма Қыраубаева 

айт сақ та дөп келетін секілді. 1995 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан 

«Жаным садаға» деген атпен жарық көрген кітабымен мектепалды ба-

лалар  мен  бастауыш  сынып  оқушыларына  арналған  «Сақ  əңгімелері» 

топтамасы оның бо йын да ғы тағы бір қабілет-дарынын аңғартты. Ұстаз, 

ғалым Алма елге енді жазушылық қырымен таныла бастады. Бұл дере-

кті  əңгімелерінің  бар лы ғы  тəрбие  тақырыбына  жазылған.  Алма  өзінің 

өмірде көрген-біл ге нін, тəжірибесін ой елегінен өткізіп, көркемдік əдіс-

тəсілдермен тұ жы рым да рын оқырманға ұсынады. Əрбір əңгімеде сурет-

теліп отырған өмір шын ды ғы нан, күнделікті тұрмыс-тіршіліктен алынып 

отырған автордың ойы, сол өмір құбылысына берген бағасы үш түрлі 

тəсіл арқылы беріліп отырады. Бірінде автор ұстаздық тəжірибесіндегі 

өмір  шындығын  көр кем  образдарға  жинақтап,  оны  өз  əңгімесінің 

идеялық-тақырыптық  не гі зін де  суреттеп  береді.  Əңгімелеріне  негіз 

болған көркем образдар ұс таз алдындағы шəкірттер, өзіне білім берген 

ұстаздар,  балалық  кезде  жəне  күнделікті  тұрмыс-тіршілікте  ара лас қан 

ата-аналары,  ел  ішіндегі  бақ сы-балгерлер,  молда,  тəуіптер,  абысын-

ажындары т.б. Бұлар арқылы автор адам болмысының ішкі жан дү ние-

сі не  үңіледі,  адами  қасиеттеріне  баға  береді.  Олар  өмірдегі  шынайы 

бар  болмысымен  көрінеді.  Өмір  шын ды ғы  ғалым-жазушының  ой  еле-

гінен, ұстаздық тəжірибесінен өтіп, қо ры ты ла ды. Бұл қорытындыны ав-

тор дың  өзі  беріп  отырады.  Мысалы, «Ұс таз дың  да  ұстазы  бар.  Біздің 

ұс таз да ры мыз  Мұхтар  ағайын,  Ес ма ғам бет  аға йын  айтып,  тəнті  бола-

ды. Ал біздің көз алдымызда мейірімді жү ре гі талапты баланы іздеген 

Бейсембай ағайдың, əр лекциясы кісілік са ба ғын дай Зейнолла ағайдың, 

айт қа ны нан «Мен – адалдық» деген аза мат тық үн естілетін Тұрсынбек 

ағай дың  келбеті  тұрады.  Олардай  болу  қай да  дей тін  шəкіртіме  «Анау 

ас пан ға қарашы, жұлдыздар бі рі нен-бірі жа рық. Се нің де өз жұлдызың 

та был ғай деп тілеймін» дейді. Міне,  осы  қыс қа  этюдте  автор  ұстаздың 



317

ұстаздарына берген бағасымен қатар, шə кірт тің ке ле ше гі не деген сенімін 

оятар ой қозғайды.

Сондай-ақ  тапсырманы  көп  берсем,  көп  біліп  шығады  дейтін  əдіс-

тің білімге білім қосары шамалы деп түсінген ұстаз бұл əдісті оқу да ғы 

өк тем дік тəсілдің бірі деп қорытынды жасайды. Сонымен қатар «Сая-

сат пен сабақ» деректі əңгімесінде кеңес заманында сабақтың саясатқа 

тə уел ді  болғанын  айта  келіп,  саясаттың  түрі  өзгерген  сайын  оқулық 

та қай та жазылып, көзі тірі саясаткерді марапаттау ең алдамшы нəрсе 

деп тү сі не ді. Тіпті дəстүрлі мұсылман оқуында адамзат дамуымен келе 

жатқан  көне  оқулық,  кітаптарды  өзгеріске  ұшыратуға  құштар  бол ма-

ған. Оларды сол қалыптасқан қалпында оқытуда үлкен білгірлік жатыр. 

Өйткені  құбылма  мінезімен  ортасын  тез  өзгертіп  отыруға  бейім  жан-

дар, қалыпты дүниені опыр-топыр етуге құмар көсемдер келеді, кетеді, 

адамшылық негіздері мəңгі қала беруге тиіс деп түсіндіреді. Бұл əң гі ме-

де өзінің нағашы əкесі Сүлеймен молданың, оның əкесі Сақ тың ескіше 

хат  танығанын,  олардың  саясаттың  құрбаны  болғандығын  айта  келіп, 

Сүлеймен əкенің бойынан бүкіл адамдық табиғаты молда болып, бала 

оқытуға  жаралған  кісі  еді  деп  еске  алады.  Əкесінің  əкесі  Сақ  Ыс қақ 

Ташкент, Самарқанда оқыған. Көксуда мешіт салдырған. Сағди, Ясауи 

заманында  бабалар  дəстүрімен,  рухани  жиhангездердің  жолын  ұстап, 

Үнді,  Иракқа  сапар  шеккен.  Өзі  оқыған  жерлерге  апарып  баласын  да 

оқыт қан. Сонымен қатар 1921 жылғы П.Ф. Каптеревтің «Пе да го ги ка лық 

ой»  журналында  жарияланған  мақаласынан  үзінді  келтіреді.  Мектеп 

сая сатпен айналыспауы керек. Егер мектеп бүгін белгілі бір партияның 

көз қа ра сын  уағыздап,  оны  шəкірттер  санасына  зорлап  таңатын  болса, 

онда ер тең, арғы күні тағы бір партиялар шығып, оны да уағыздауына 

тура келер... Сонда мектебіміз не болып шығады? Ол нағыз педагоги-

ка  мен  шынайы  білім  беруден  басқа  қитұрқылардың  бəрімен  айналы-

сатын сая си базарға айналмақшы ғой. Міне, осы пікірлерді жəне өзінің 

ұс таз дық тəжірибесіндегі шынайы болмысты салыстырады. Салыстыру 

нақ ты  дəлелдермен  беріледі.  Автор  осы  пікірдің  растығын  мойындап, 

өзі нің балалық кезін еске алады. Мұғалімнің үш қасиеті деген əң гі ме сін-

де балалық кезде шəкірттерге қасиетті əулиедей əсер етуші мектептегі 

қарт математик мұғалім Төлеген ағайдың, оның əкесі Тайман тə уіп тің 

та мы рың ды  ұстап  отырып,  қызғылт  көзімен  көзіңе  терең  назарын  са-

лып қарайтыны, сонда ішкі құрылысыңды түгел көріп біліп отыр ған дай 

ар қаң ды шымырлататыны – автордың бала кезден жүрегінде қал ған бей-

не ле рі.  Тəуіптің  ауруды  емдемес  бұрын  оның  көзіне  үңілуі  мұ ға лім ге 

керек қасиет екен деген қорытынды жасайды.

«Жəкеңнің келіндері» деген əңгімесіндегі Күлəн апа (Жəкеңнің кен-

же ұлы Тезекбай атаның жары), Сатиқа апа – Сатыш деген баласының 

бəйбішесі, Берікбала, Еркетай апа секілді аналардың керемет образын 


318

береді. Бəрі де – ақылды, парасатты, өнерлі, ел сыйлаған аналар. Автор 

ұрпақ тəрбиесіне осы аналардың өнегелі өмірін үлгі етеді. Ұрпақ бойы-

на ізеттілік, сабырлылық, ұстамдылық, кеңпейілділік жəне абысын мен 

келін арасындағы сыйластық т.б. жақсы қасиеттерді дарытады. Аналар 

өмірін баяндау арқылы автор оқырманды өзіне елтіп алады, жас ұр пақ қа 

адами қасиеттің құнарлы дəнін егіп отырғандай əсер етеді.

Кез келген дерек шығармаға арқау бола бермейтіндігі белгілі. Алма 

қа жет ті деген деректерді тілге тиек етеді. Ол нақты фактілердің шең бе-

рін де қалып қоймай, шығармаға үлкен танымдық, көркемдік сипат да-

рыта біледі. Бұл – оның шеберлігі.

Екінші бір топ əңгімелерінде ой-қорытынды шəкірттер пікірі ар қы  лы 

беріліп отырады. Мысалы, «Қажыған студент қайдан шықты?» «Махаб-

бат жəне мінез», «Пікірлестер мен қарсыластар», «Айжан» т.б. əң гі ме-

ле рін атауға болады. Бұл əңгімелеріндегі кейіпкерлер де шынайы бей-

нелер, кейбірінің атын автор өзгертіп алады, оған өзі сілтеме жиі жасап 

отырады. «Ойландырған бір өлең» əңгімесінде ұстаз Шəлгез жыраудың 

«Ша ғыр мақ  бұлт  жай  тастар»  толғауының  мағынасын  бірауыз  сөзбен 

айтып беруді мақсат тұтады. 15 минут уақытта оқушылар өз тү сі нік те-

рін  қо ры та ды.  Мұндай  сабақтар  көркем  шығарманың  мəнін  тү сі ну ге, 

əдебиетті сүюге үйретеді. Ұстаз əрбір сабағында халықтың да на лы ғын ұқ-

ты ру ды сабақтың мақсатына айналдырады. «Бата» əңгімесінде жазушы 

Б.Нұржекеевтің «Жау жағадан алғанда» романының кейіпкері Кебекбай 

берген батаны талдатады да, сонан кейін студенттер өздерінің қия лы мен 

бата  берудің  үлгісін  жаза  бастайды.  Міне,  байқасаңыз,  ұстаз-жазушы 

шəкірттердің шығармашылық қабілетін, əдеби білімін байытуда де рек-

көз ретінде қажетті əдеби туындыны да таңдай біледі, олардың ой-қо ры-

тын ды сын ой елегінен өткізіп, сезім əсерлерімен нəрлендіріп жеткізеді. 

Шə кірт пікірлерінен өткен заман, бүгінгі өмір, келешек туралы ой-тұ-

жы рым дар ды мол табамыз, оны автор биік парасатпен, эстетикалық тал-

ғам мен, көр кем дік ойлау тəсілімен жеткізе біледі. Үзілісте студенттері 

қор шап, жібергісі келмей, соңынан еріп жүріп сөйлесетін мұғалімге қы-

зы ға мын дейтін ұстазға шын мəнінде өмірде шəкірттері осылай қа ра ды. 

Алма апайының сабағына қатысқысы келетін, дəрісін тыңдағысы ке ле-

тін студенттер өзін іздеп те келе бастаған еді. Əттең... Десек те, шү кір ші-

лік жасаймыз, бүгінгі күні ұстазын сағына еске алып, шəкірттері ұс таз 

жайлы  деректі  фильм  түсіріп,  конференциялар  ұйымдастырып,  кі тап 

шы ға рып,  ұстаз  мұрасын  зерттеп  жүр.  Алманың  туған  жерінде  өті ліп 

жат қан бүгінгі іс-шараға алтын уақыттарын бөліп, ортамызда отыр. Бұл 

ұс таз еңбегінің жемісі емес пе?

Үшінші бір топ əңгімелерінде ой-қорытындыны оқырманға қал ды ра-

ды. Ондай əңгімелердің қатарына «Ата-аналар жиналысы», «Жас өс пі рім 

өмі рін неге қиды?» «Сендім саған» т.б. əңгімелерін жатқызуымызға бо-


319

лады. Бұл əңгімелерде автор нақты оқиғаны баяндай келіп, «Біз із де ген 

халықтық тəрбие осы емес пе?» «Бұл бақытсыз баланы ауруынан алып 

қалуға болмас па еді?» «Не балаға, не ата-анаға пайдасыз жиналыстар 

керек пе?» деген сұрақтармен аяқтап, оқырманға ой тастайды.

Ал  балаларға  арналған  əңгімелерінің  негізгі  дереккөзі – халықтың 

аңыз əңгімелері. Ол балаларға түсінікті əрі жеңіл баяндалады. Ба ла лар-

дың ұлттық санасын оятуға, туған жерді, елді сүюге, жерді қорғауға бау-

ли ды.

Қорыта айтқанда, Алма Қыраубаеваның деректі əңгімелерінде өмір 



шындығын танып білу, түсіну, толғана зейінге алу, сезіну – бəрі бір-бірі-

мен қабысып жатады. Жас мамандарды өздері сүйіп таңдаған ма ман ды-

ғы ның нағыз шебері болуға, еңбексүйгіштікке, табандылыққа, ізгілікке 

бау ли ды. Сондай-ақ көркем шығарманы оқытудың əдістемесі туралы да, 

тəр бие нің түрлері де əңгіменің арқауына негіз болып отырады. Жас ма-

мандар үшін рухани азық болатын көркем туынды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет