Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: Т. Кəкішев, Ө. Əбдіманұлы, А. Қыраубаев


Ұстаздың ұртындағы Құрма – оның жиған білімі, рухани, адам дық



Pdf көрінісі
бет37/53
Дата03.03.2017
өлшемі3,66 Mb.
#5608
түріБағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   53

Ұстаздың ұртындағы Құрма – оның жиған білімі, рухани, адам дық 

қа сиет те рі».  Осы  бір  «ұстаздың  ұртындағы  құрма»  атты  бернелеу 

сөзді Алма апайдың өз тұлғасына қатысты қолдансақ та артық болмас. 

Шын  ды  ғын  да да, Алма апай бізге, ең алдымен, нағыз тəрбиеші-тə лім-

гер ретінде өзінің ұстаздық болмысымен қымбат. Əр студентінің Алма 

апайы бола білген аяулы ұстаз өзінің қайталанбайтын сабақтары арқылы 

əр шəкіртіне жəне бар шəкіртіне өмірлік дəріс оқып кетті. 



Алма Қыраубаева – өзіндік педагогикалық, ғылыми-əдістемелік 

жү йе сін қалыптастырған («Сенім» бағдарламасы), жоғарғы мектеп-

те əдебиет тарихын оқытудың əдістемесін жетілдірген, ұлттық мек-

теп үлгісін жасауға талпынып, алғаш рет эксперименталды мектеп 

аш қан (Гуманитарлық қазақ мəдениеті лицейі) қайраткер əдіскер-

ұс таз. Алма апайдың шəкірттері Қазақстанның түкпір-түкпірінде ұстаз 

аманатын жалғастыруда деп сенеміз. Себебі дүниедегі ең өміршең, ең 

баян ды аманат – адамгершілік-рухани мұра екендігі туралы ақиқат тұр-

ғы сы нан алғанда Алма апайдың ұстаздық қағидаттары қазір де өзекті, 

өмір лі бола түспек. Тағы бір себебі: Алма апайдың ғылыми-əдіс те ме лік 

жү йе сі тұтасымен адамгершілік-имандылық тəрбиенің қа ғи да ла ры на не-

гіз дел ген, қазіргі жас ұрпақтың тəрбиесі үшін бұл өзекті де құнды. 

Бүкіл саналы ғұмырында Алма апайдың адастырмас темірқазығы, көз-

де ген нысанасы – дана Шығыс болғаны бізді қайран қалдырады. Кеңес 

заманында туып-өсіп, кеңестік жүйенің қыспағында қанатын кең жая ал-

маса да, ешқашан өз тамырынан ажырамаған, заман ығына қарамастан 

дана  Шығыстың  тəлімін  тəрк  қылмаған  Ұстаздың  соншалық  көреген 

түй сі гі мен адал парасатына қайран қаласың. Кеңес қызметкеріне ай нал-

ма ған, еуропаланбаған нəзік те қайсар қазақ қызын Шығыс шынарына 

те ңер болсақ, бар мəселе ол шынардың тамырының тереңдігінде, бас та-

уы ның тұнықтығында болар. Қасиетті Сыр елінде, есімі елге танымал 

айтыскер ақын əулетінде дүниеге келген Алма Мүтəліпқызы өзі қар ша да-

йы нан сусындап өскен ұлттық əдеби-рухани қайнардан ешқашан ажыра-

мады. Оң-солын танығаннан бастап бүкіл рухани ізденістері шығыстың, 

қа зақ тың əдеби мұрасымен байланысты болды. Кеңес дəуірінің өзінде-

ақ шығыс дастаны «Махаббатнаманы» (1985) аударып, «Түркі əдебиеті» 

оқу құралын (1988), «Ғасырлар мұрасы» (1988), «Абайдың поэмалары» 

(1985), «Қисса  жанрының  өзіндік  ерекшеліктері» (1985) зерттеулерін 


369

жазды. Тұңғыш рет қазақ мектептеріне арналған «Ежелгі əдебиет» оқу лы-

ғын жазды. Жоғары оқу орнына арналған «Ежелгі дəуір əдебиеті» (1991) 

хрестоматиясы, «Шығыстың  қисса-дастандары» (1997) атты  моногра-

фиясы, кандидаттық жəне докторлық ғылыми дəреже үшін орындалған 

зерттеулері  Алма  апайдың  ғылыми  мұрасын  құрайды.  Жалпы,  Алма 

апай дың ғылыми пікір-көзқарастары мен ұстанымдары өзіндік таным-

бі лік пен ерекшеленетіндігінде дау жоқ, сондықтан да ол мұраны өз ал-

дына бөлек зерттеген жөн деп санаймыз.

Осылайша  Алма  апай  өзінің  бүкіл  саналы  ғұмырында  үздіксіз  Шы-

ғыс əлемін зерттеп қана қоймай, одан өзіне сабақ алғандай. Көне де дана 

Шы ғыс тың тəлімі мен тағылымы Алма апайдың өз болмысына да дарып, 

байыта түскендей. Шығыстың парасатты даналығын ұғына білген осы бір 

қарапайым қазақ қызы өмір өткелдеріндегі түрлі кедергілерді үл кен тө зім-

ді лік пен, сары алтындай сабырмен жеңіп, рухани қайрат пен се нім тауып, 

үл кен мақсат жолында ірі істер бастап, қажымас қайраткерге айналды. 

Өзінің ұстаздық тəжірибесі бойынша жазған кітабын «Жаным са да-

ға» (1995) деп атады. Бұл – Қорқыт ата əңгімелерінің бірінен алын ған, 

өл шеу сіз махаббат сезімін бернелейтін сөз. Алма апай өз кітабын осы 

сөз бен бекер атамаған тəрізді. Ұстаздықтың шексіз мейірімге ұла са тын-

ды ғын, адам жанын тəрбиелеудің соншалық ауыр да абыройлы сал ма-

ғын осылай танытқысы келді ме екен?.. 

«Жаным садаға» кітабы «Жанның «мені», «Жігіт пен қыз», «Мағ-



жан мен Монтессори» атты үш тараудан тұрады. Студенттер психоло-

гиясы,  ұстаз  бен  шəкірттің  қарым-қатынасы  туралы  деректі  əңгімелер, 

Алма апайдың ұстаздық тəжірибесінен алынған шағын этюдтар сон ша-

лық қызықты да тартымды. Автор өз ой-пікірін, тұжырым-бай лам да рын 

өзіндік  ерекше  бір  стильде,  əрі  пайымдау,  əрі  баяндау  түрінде  жазып, 

кейбір ғылыми деректердің өзін соншалық жатық, ұғынықты тіл мен тү-

сін ді ре ді. «Мұғалімге дауыс керек пе?» атты əңгімесінде «На ғыз мұ ға лім-

нің аузынан шыққан сөзін, дауыс өзгерістерін, қол қимылы – көз қиы ғы, 

бет құбылысының сиқырлы əсерін ешқандай көрнекі құ рал мен айырбас-

тай алмайсың. Егер əдебиетші мұғалімде осы қасиеттер болса, бас қа дай 

əрлендіргіш  құралдардың  керегі  болмас.  Пе да го ги ка ға  қатысты  дидас-

кология деп аталатын ғылым бар. Бұл ғы лым мұ ға лім ге педагогиканың 

техникасын үйрете алады. Оқушылар алдында өзінің жақсы қасиеттерін 

жарқыратып аша білуге, өзін-өзі сырткөз бен бағалай алуға, балаға тар-

тымды болуға жағдай жасайды. Мүм кін, ал да ғы уақытта дидаскология 

педагогикалық жоғары оқу орындарымызда пəн ретінде жүріп, пайдасын 

тигізер. Ал əзірге мұғалімнің тех ни ка лық кемшіліктерін өзінен басқа еш-

кім түзете алмайды. Мысалы, мына сұ рақ қа əділін айтып, жауап берейік-

ші: Біздің алдымызда отырған шə кірт күн де лік ті нені көріп, нені естиді? 

Қажыған  түрімізді,  орашолақ  қи мы лы мыз ды,  ренішті  жүзімізді  көреді. 



370

Сабақ айтқанда сөзіміз анық ес тіл мей ді, даусымыз ұйқыға шақырғандай 

бірқалыпты.  Ескертуіміз  баланы  мезі  еткендей  ұқсас...».  Зорлықшыл 

(террорист) мұғалімнің мінез-құлқы туралы «Зор мен бор» атты əңгімесі, 

баланың  жан  дүниесіндегі  ауытқулар  (мутизм,  логофобия,  аутизм),  əр 

баланың жеке мінез типі болатыны туралы Алма апайдың ойлары əрбір 

мұғалімді өзінің ұстаздық келбеті мен əде ті не басқаша сын көзбен қарауға 

үйретеді. «Мінезді өзгертуге болмайды» деген пайымдауында «баланың 

табиғи  болмысына  құрметпен  қа рап,  оны  сол  тұрған-болған  қалпында 

қабылдау  мұғалімге  қиын.  Əр  баламен  жеке  тіл  табудан  гөрі,  бірөңкей 

тобырға айналдырып алып бас қа ру оңай.

Адам ретінде əр бала – өзінше қазына. Халқымыздың бір-бір тұл ға-

лары.

Мұғалім үшін «жақсы бала» қазына да, «жаман бала»... айтуға ауыз 



бармайды. «Жақсы  бала»  дегеніміздің  өзі  бұйрықты  бұлжытпай 

орын дау ға көнген, намысы аяққа басылған оқушыдан шығады. Ба-

ғы ныш ты лық қа көндіру тəрбиенің негізгі мақсатына айналған.

Мұғалім мен оқушы арасындағы түсініспеушілік оқытудағы осындай 

өк тем əрекеттерден туады. Əр адамның жаратылысы бөлек, өзіне ғана 

тəн мінез табиғаты бар екенін мойындамаудан, одан қалай да «қолайлы 

адам жасап шығаруға» ұмтылудан шығады. Қазіргі психологиялық ең-

бек тер ге зер салсақ, баланың мінезін өзгертемін деп тырысуға болмайды 

екен, мінездің жақсы жақтарын дамытуға ғана болады. Мінезді күштеп 

өз гер ту ден кері əсер шығады.

Бала жанының ауытқуға ұшырауы – оның миына жағымсыз ті тір кен-

дір гіш тер дің  тұрақты  əсер  етіп  отыруынан.  Мұғалімнің  не  ата-ана ның 

əділетсіз жазалауы, дөрекі қарым-қатынасы, үздіксіз ескертуі осы ған жа-

тады. Бала сенімін өктемдікпен өзгертуге күш салу қауіпті» деген пікір-

лер  ойлантады.  Кітаптағы  «Үш  сенім», «Шəкірттен  үйрену», «Сая сат 

жəне сабақ», «Рухани жүдеу мен түлеу» тағы да басқа əң гі ме лер дің əр-

қай сы сы бір талқылауға тақырып боларлықтай салмақты да өзек ті мə се-

ле лер екені даусыз. Жақында факультеттегі «Көкжиек» клу бы ның ұйым-

дас ты руы мен өткен «Алма Қыраубаева жəне əдебиет əдіс те ме сі мə се ле-

ле рі» атты оқырмандар конференциясында ұстаздың ой-пікірлері қа зір гі 

студенттер  үшін  де  мəнді, өзекті екеніне  көз жет кіз дік. Пе да го ги ка лық 

мекемелерде, əсіресе жас оқытушылар арасында Алма апай айт қан осы 

мə се ле лер талданып, насихатталып отырса, игілікті шара болар еді.

Ұстаздың еңбегі кішкентай шыбықты күтіп-баптаған бағбанның ең бе-

гін дей өз нəтижесін араға жылдар салып, асықпай беретіні белгілі. Бі рақ 

ол нəтиже соншалық баянды, соншалық игі болатындығы да рас. Талай 

қазақ  жасының  жан  дүниесін  анасындай  ұғынып,  көңілі  мен  кө кі ре гі-

не жан нұрын, білім жарығын дарытқан, əр шəкіртінің жан қа зы на сын 

өсіре білген Алма апайдай асыл ұстаздың еңбегі Мəуелі Биік Шы нар 



371

аға шын дай жылдар өткен сайын өз жемісін молайта бермек, əр шə кір-

ті нің зердесінде жаңғыра бермек. Жоғарыда айтылған «Арыстан ба ба-



ның  ұртындағы  бір  түйір  құрмадай»  білім-білігін  шəкіртіне  тапсы-

рып кете алған Алма апай, расында да, «бұ дүниеде үлкен іс тындырып 

кеткен» рухани шарапатты, абзал жан. Əр шəкіртінің көкірегіне Алма 

апай  егіп  кеткен  «бір  түйір  құрма»  жылдар  өткен  сайын  өніп-көктеп, 

же мі сін бере бермек... 

«Əдебиет айдыны», 2007 жыл, 10 мамыр

 

Ш. АХМЕТОВА



СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ

 

Маусымның 3-інде Жандосов ауылындағы гуманитарлық қазақ мə де-



ние ті мектеп-лицейінде соңғы қоңырау болып өтті.

Əдеттегіден өзгеше қуанышты, құшақтары гүлге толы оқушылар ал-

дарынан кездескен мұғалімдерге «есенсіз бе» деп кеудесіне қолдарын қо-

йып амандасып, бүгінгі мерекемен құттықтап жатыр. Сырттан қараған 

адам ға ерекше бір жылылық сезіледі. Кең залда көңілді музыка ойнап 

тұр. Зал іші неше түрлі гүлдермен безендіріліп, айналаға əсем жаз бей-

нелі суреттер қойылған. Оқушылар қатарында ата-аналар мен қонақтар 

да  келіп  жатыр.  Солардың  бəрін  жайдары  жүзбен  қарсы  алып  тұрған 

лицей директоры Қыраубайқызы Алма бибі бүгін тіптен жасарып кет-

кендей...  Бүгінгі  мерекемен  құттықтап,  алдағы  күндерге  көңілді  дема-

лыс тілеген Алма бибі ортаға лицей ұстаздарын шақырды. Жүздері алау-

лап, мейірім мен қуаныш отын шашқан ұстаздар ортаға шығып жатыр. 

Олар дың арасында жоғары оқу орындарының тəжірибелі ұстаздары да, 

үл кен ізденіс үстінде жүрген аспиранттар да, жоғары оқу орын да ры ның 

студенттері, сонымен бірге алғашқы еңбек жолын лицей қа быр ға сы нан 

бас та ған жас ұстаздар да бар.

Бір жыл бойында лицейде сабақтар рейтинг жүйесімен жүргізіледі. 

Соның  нəтижесі  бүгін  көрініп  отыр.  Оқу  ісінің  меңгерушісі  Бəй ті ков 

Бекболат  мырза  сөз  сөйлеп,  ең  үздік  əрі  ең көп  балл  жинаған  оқу шы-

лар ға мақтау қағаздарын тапсырды. Лицей бойынша ең көп балл жи на-

ған 6-класс оқушысы Иманəлиев Мұхиттың қуанышы шексіз. «Мен өз 

із де ні сім нің жемісін көрдім», – дейді Мұхит. Сонымен қатар үздіктер қа-

та рын да 8-кластан Гүлшат Бердікеева, 7-кластан Салауат Жақ сы лы қов, 

Айдарбек Тəжібаев, Гүлмира Иманбекова, 6-кластан Динара Бəй ті ко ва 

мақ тау қағаздарына ие болды.

Бүгінгі  мерекенің  тағы  да  бір  ерекшелігі – мұғалімдер  өз  ең бек те рі-

нің нəтижелерін байқау мақсатында күтпеген жерден жыл бойғы өтіл ген 

сабақтардан ойын түрінде немесе тікелей сұрақтар қойып, жоғары 6–7–8-



372

класс оқушылары арасында кішкене жарыс өткізді. Таң ға лар лы ғы, бұған 

оқу шы лар мүдірмей жауап беріп, əр класс бірінен-бірі асып түс кі сі келді. 

Əсі ре се ислам мəдениеті сабағынан Алма бибінің қой ған сұ рақ та ры на олар 

қызығып, ерекше бір ынтамен жауап берді. Құ ран оқу да, намаз, мұ сыл ман 

парыздарына, ораза, батаға келгенде мү дір ген бір оқушы болмады.

Біраздан соң күміс қоңыраудың сыңғырлаған үні естілді. 1-класс оқу-

шы сы Салтанат Сыпатаеваның ақ бантигіне, бал-бұл жанған өңіне кү міс 

қо ңы рау жараса қапты.

Соңғы  қоңырау  салтанатының  жалғасы  табиғат  аясында  ұласты. 

Өзен жағасында таратылған асқа құран оқылып, бата берілді. Соңынан 

неше түрлі ұлттық ойындар ойналып, əн шырқалды.



«Заман жаршысы», 1995 жыл, 24 маусым

Күлəш МЕРГЕНБАЙ

«СЕНІМ» БАҒДАРЛАМАСЫ 

БОЛАШАҒЫМЫЗҒА СЕНІМ ҰЯЛАТТЫ

Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы Б.К. Мергенбаев атын да ғы 

№226 гимназия ұжымы филология ғылымдарының докторы Алма Қы-

рау бай қы зы ның «Сенім» бағдарламасын басшылыққа алып, 10 жылдан 

астам уа қыт бойы оқу-тəрбие жұмыстарын нəтижелі ұйымдастырып ке-

леді.


Ғалым көзінің тірісінде ғылыми жетекші болуға келісім беріп, ұйым-

ның даму бағдарын назарында ұстап, жеткен жетістіктеріне балаша қуа-

на тын.  Мен 1999 жылы  облыстық  «Жыл  директоры»  байқауынан  бас 

жүл де ні жеңіп алып, республикалық байқауға қатысқанымда алтын уа-

қы тын бөліп, көрермен ретінде қатысып, тілегімді тілеген болатын. Не 

деген қарапайымдылық?!

«Сенім» бағдарламасының мазмұнына сəйкес оқушылардың өзін-өзі 

бас қа ру қоғамын құрдық. Бұл қоғам оқушылардың өзіндік «менін» анық-

та уы на көмектесті, үлкен істерге мұрындық болып, қыруар іс тындыр-

ды. Қоғам мүшелері сыныптан тыс өтілетін барлық шараны бас қа рып, 

жүр гі зу ші болып, сценарийлерін жазып, үш тілде (қазақ, орыс, ағыл шын 

тілдерінде) өткізіп, байқау, сайыстардың ереже, шарттарын жазып ма-

шық тан ды, «Қыран сезім қазақтың қиясын шалып» атты оқушылар шы-

ғар ма шы лы ғы на арналған тақта ұйымдастырды. Күнде жаңалық, күн де 

қуаныш,  жаңа  ізденістер,  жеңістер.  Бұл  қоғам  гимназия  өміріне  жаңа 

леп  əкелді.  Гимназияға  келген  барлық  «деңгейдегі  қонақтарды  қа был-

дап, оқу орнымен таныстырып, жаңа типті оқу орнының кемел келешегі 

туралы шаттана əңгімелейтін деңгейге жетті. Мұның өзі ауылдағы қа зақ 

баласына тəн бұйығылықтан, сенімсіздік комплексінен арылтып, өз пі кі-


373

рін ашық айтып, оны қорғауға, өзін көпшілік алдында ұстай білуге тəр-

бие лей ді. 5-сыныптан бастап əдеп пəні оқытылады. Бұл пəннің оқу шы-

лар үшін маңызы ерекше. Ең сүйіп оқитын, ашық пікірлесетін, қы зы ға-

тын пəні де – осы пəн, жүргізілген сауалнама нəтижесі осыны көрсетіп 

отыр. Оқушылар жоғары сыныптарда əлем мəдениетімен де танысады. 

Қа зір гі  ғаламдастыру,  жаһандандыру  заманында  мұның  қаншалықты 

керектігін дəлелдеудің қажеттілігі жоқ. Қазір оқушылар мен мұғалімдер 

шетелдерге барып дəріс алуда, тəжірибе алмасуда, түрлі байқауларға қа-

ты су да. Шетел волентерлері келіп сабақ беруде. Əдем мəдениетін оқып 

үй ре ну туралы бағдарлама жасаған Алма Қыраубайқызының кө ре ген ді-

гі не таңғаласыз.

Музыка  əлеміне  саяхат,  өнер  үйрену,  жалпы,  сабақтарды  музыкамен 

тығыз байланыста өткізу баланың ашылуына үлкен септігін тигізді. Тə-

жі ри бе лі əрі дарынды ұстаз Аяпова Гүлнар мен тума талант иесі Тикеева 

Мафрузаның еңбегінің нəтижесінде ұжымның өнер құдіретін тү сі нуі өте 

жоғары деңгейге көтерілді. Оқушыларымыз аудандық, облыс тық, рес пуб-

ли ка лық, халықаралық өнер байқауларының жеңімпаздары атануда.

Автордың  «Тəрбиелі  отбасының  үлкейтілген  моделін  жасау»  идея-

сы – керемет дүние. Осы идеяға сүйеніп мектеп ішінде тəрбиелі от ба-

сын да ғы қатынастар моделі жасалды. Отбасының тəжірибелі басшысы 

бар. Отбасы сол басшылыққа жүгінеді. Ұяның əр мүшесі өз жұмысын бі-

ле ді. Əрқайсысы – ынтымақ, бірлік, ауызбіршіліктің эталоны. Бірін-бірі 

сыйлау, құрметтеу, көмектесу, мейірімділік, қайырымдылықтың, адами 

қарым-қатынасты  орнатудың  қайнар  көзі.  Осы  модельді  бас шы лық қа 

алу  арқылы  бірлігі  мол  ұжымға  айналдық.  Біріміздің  қуа ны шы мыз ды 

бі рі міз қуану арқылы қуанышымыз көбейді, ұжымызға құт қонды, бі рі-

мізді біріміз бағалау арқылы бақ қонды. Нəтижесінде ұжым «Таң дау лы 

мектеп», «Жыл мектебі», «Жылдың үздік мектебі», «Өнегелі мектеп», 

«Нəтижелі мектеп», «Білімді ұжым», «Ең үздік ұжым» т.б. ба ғам да ры-

на  ие  болып,  аудандық  білім  бөлімінің,  аудан,  облыс  əкімінің,  об лыс-

тық  маслихаттың,  облыстық  білім  департаментінің,  ҚР  Ғылым  жəне 

бі лім  министрлігінің  Алғысхат,  Құрмет  грамоталарымен  бірнеше  дүр-

кін марапатталды, аудан, облыс мектептерінің арасында көш бас тау шы 

дəрежесіне көтерілді, қоршаған ортада мəртебесі өсті.

Алма  Қыраубайқызы  айтқандай,  мектеп  басшылығы  мен  мұ ға лім-

де рі арасында жəне мұғалімдер мен шəкірттер арасында адамгершілік 

қа ты нас, түсіністік, мəдениетті орта қалыптасып, əміршілдік пен өк тем-

дік  жойылды. «Адамгершілік  қарым-қатынас – мектеп  өмірінің  өзе гі» 

тарауында  айтылған 20 тоқтам  көп  ұстазға  ой  салды,  оң  нəтиже  бер-

ді.  Мұғалімдер  бөлмесіне  «Мұғалімнің  жұмыс  нəтижесі», «Мұ ға лім ге 

қа жет ті қасиеттер», «Мұғалім еңбегінің саралануы» туралы ға лым ның 

ұсы ныс та ры ілініп, басшылыққа алынды. 


374

Алма Қыраубайқызының «Сенім» бағдарламасы мұғалім мен оқу шы 

арасында өзара сенімді, əріптесіне, өзіне, болашаққа деген сенімді ны-

ғайт ты. «Күштімін дегеннің өзі – күштілік» демекші, ұстаздар мен оқу-

шы лар адам мүмкіндігінің шексіздігіне сенді. «Ғылым мен еңбек адам-

ды  тау  қозғайтын  батырға  айналдырады»  деп  академик  Қ.И.  Сəт баев 

айтқандай, бұл бағдарламаны басшылыққа ала отырып, ғылым не гіз де-

рін терең меңгеріп, еңбекті сүюге үйрендік, нəтижесінде аудан тарихын-

да тұңғыш «Алтын белгі» иегерін, республикалық олимпиада, ха лық ара-

лық ғылыми жоба байқауларының жеңімпаздарын даярладық. Рес пуб ли-

ка лық «Жыл сынып жетекшісі – 2006» байқауының бас жүлдегері Хади-

ша Орынбасарованы ұжым өз ортасынан өсіріп шығарды.

«Ғалымның хаты өлмейді» дегендей, Алма Қыраубайқызының «Се-

нім» бағдарламасы – өміршең бағдарлама, талай ұжымның бағын аша-

тын, болашағына сенім ұялататын, келешегі кемел бағдарлама.

Гүлзина БЕКТАСОВА

ҚЫРАУБАЕВАНЫҢ МЕКТЕБІ

Алма апай бізге ежелгі дəуір əдебиетінен сабақ берді. Ал ғаш қы 

дəрістен-ақ  апайымыздың  ойлы  жанары  мен  қоңыр  үні  бə рі міз ге 

ерекше  əсер  еткен...  Қорқыт  жырларын, «Рабғузи  қис са ла рын» 

оқы ған кездері, Тоныкөкті, Күлтегінді суреттеген сəттері – əлі жа-

дымызда. «Бұлайша  бір  ақынның  жазғанын  екінші  бір  ақын ның 

қай та лап, өзінше баяндауы шығыста көп тараған. Бұл нə зи ра дəс тү-

рі деп аталады» деп əңгімесін бастайтын Алма апайдың дə ріс беру 

стилі де ерекше еді. Курстағы отыз баланы екі топқа бө ліп, əде биет-

тен  дəріс  ұйымдастыратын.  Бөлімнің  алғашқы  шу ма ғын  жарты-

мыз айтсақ, екінші бір шумағын келесі топ жал ғас ты ра тын. Кейде 

кей бір шумақтардан қате кетіп жатса да, жымиып қана, тү зе ту ен-

гізетін апайдың нұрлы бейнесі – əлі күнге көз алдымызда. Же ңіс ке 

жеткен топ жеңілгеніне масаттана қарап жатқанда, апай же ңіл ген 

топ тың да еңсесін түсірмеуге тырысушы еді. Сондықтан болар, біз-

дің курс Алма апайды ерекше жақсы көрді, сондықтан болар, біз дің 

курс тың Алма апайды жадынан шығармайтыны.....

Өмірінің жартысын шəкірт тəрбиелеумен өткізген, одан қала берді, 

ға лым дық жолы тағы бар, табанды, қайсар апайымыз Алма Қы рау бае-

ва ның  уақытының  көбі  шəкірттерінің  арасында  өтіпті.  Мектеп  ашып, 

күні-түні сол мектептің қамымен шенеуніктердің табалдырығын тозды-

рып жү ріп уақытын өткізген Алма апайдың өз денсаулығын ойлауға да 

шамасы келмепті. Қазақ əдебиетінің тарихын зерттеу оңай шаруа емес. 

Оның үс ті не, ол ежелгі дəуір əдебиеті болса.... Белгілі ғалым, профессор 



375

Тұр сын бек Кəкішев Алма Қыраубаева төңірегінде: «70-жылдардың бас 

ке зін де Бейсембай Кенжебаев ұстазымыз уақытша 6–7 айға шы ғар ма шы-

лық қызметке ауысып, кафедра билігін маған тапсырғанда, университет-

ке ауысқаныма 2–3 жыл ғана болған, көп студенттерді тани бермеймін. 

Ал ма ны көріп жүрсем де, оны кафедраға қызметке қалдыра қою менің 

қо  лым  нан келмейтін шаруа еді. Бейсекең қауырт жұмыс үстінде бол ға ны-

на қа ра мас тан, мені, Алманы ертіп алып, іскерлігімен, ға лым ды ғы мен, 

ғұ ла ма лы ғы мен танылуы біздің Қазақ университетіне ректор болып кел-

геннен  кейін  жарқырай  көрінген  Өмірбек  Арысланұлы  Жолдасбековке 

алып барды. Сөзге сараңдау Бейсекеңнің Алманы ректорға таныстыруы 

керемет болды. Қол қоюға хұқым жоқ деп қиқаңдаған маған сол жерде 

өті ніш ке  қол  қойғызып,  оны  растап,  Алманы  университетке  ассистент 

етіп алып қалды. Бұл қыздың Бейсекең жік-жапар болатындай не өнері 

бар екен деп бақылап жүрдім. Біріншіден, жасқа ұқсамас ұс там ды лы ғы, 

екін ші ден,  ой-пікірін  дəлелдей  нығыздап  айтатыны,  үшіншіден,  қа зақ 

хан  ды  ғы  на дейінгі əдебиет нұсқаларын емін-еркін түсініп, зерделі талдау 

жасайтыны қайран қалдырды. Көп ұзамай кандидаттық диссертация сын 

қор ғап, ел-жұрт көзіне түсті, Бейсекеңнің тарихи мек те бі нің ір ге сін бе кіт-

кен аз ғана ғалымдардың біріне айналды», – деп жазыпты. Алма апай тірі 

болғанда биылғы жылы 60-қа толар еді. Сұм ажал апайды өмір ден ерте 

алып кетті. Ғалымның артында мол мұрасы, ғы лы ми кі тап та ры, өзі тəр-

бие леп өсірген шəкірттері қалды. «Ғалымның өзі өлсе де, хаты өл мей ді» 

деген осы шығар». Бүгінде «Қыраубаеваның мек те бі нен шық тым» дей-

тін  шəкірттерді  республиканың  түкпір-түкпірінен  кез дес ті ру ге  болады. 

Жəне олар Қыраубаеваның мектебінен шыққанын мақ тан тұ та ды. 



Алма апаймен студенттік шақтарын бірге өткізген, өле-өл ген ше 

бірге жүрген, сыйлас құрбысы Гүлназия Əдуовадан апайымыз ту-

ралы тағы бір рет естелік айтуын өтінген едік.

Гүлназия ƏДУОВА:

«Алма табанды, қайсар болатын»

– Алма мектепті бітіре салысымен, оқуға келіпті. Мен болсам, мек-

тепті он алты жасымда бітірген соң, екі жыл ауылда мұғалім болып жұ-

мыс істедім. Ол кезде екі жылдық стаж керек болатын. Оқуға түс кен нен 

кейін, Алма, Үміт – үшеуіміз бірге пəтер жалдап тұрдық. Содан араласа 

бастадық. Соңғы күнге дейін бірге болдық қой.



– Алғашқы танысқаныңыз есіңізде ме? Алма апайды қай жерде 

көрдіңіз? 

– Оқуға қабылданғанымызды есту үшін университетке барғам. Алма, 

Үміт – үшеуіміз қатар тұрып қалыппыз. Бір-бірімізбен танысып, сөй  ле  сіп 


376

кеттік. Үшеуіміз де жоғары балл жинаған екенбіз. Жоғары балл жи на ған-

дар ға стипендия төлейтін. Стипендия алғандарға жатақхана берілмейді. 

Содан  кейін  үшеуміз  бірыңғайлана  бастадық.  Орыс  кемпірдің  үйінде 

тұр дық. Үшеуміздің жұбымыз жазылмай, университетке барамыз, бірге 

келеміз. Əуелден университетке келген кездің өзінде-ақ Алманың əде-

биет ке құмарлығын білетінбіз. Өйткені ол мектепте жүрген кездің өзінде 

өлең жазып, көркем дүниеге əуес болып келген екен. Алғашқы курстан 

бастап,  əңгімелері  жарыққа  шыға  бастады.  Кейінірек,  ғылым  жолына 

кетті.  Бейсембай  ағамыздың  көзіне  түсті  де,  ол  кісі  Алманы  ғылымға 

қа рай жетелей бастады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет