Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: Т. Кəкішев, Ө. Əбдіманұлы, А. Қыраубаев



Pdf көрінісі
бет4/53
Дата03.03.2017
өлшемі3,66 Mb.
#5608
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53

ылыми мақалалар)

32

ƏБУ НАСЫР ƏЛ-ФАРАБИ

(Филология факультеті студенттерінің ғылыми конференциясында 



жасалынған баяндама. 1967 ж.)

Программада  менің  баяндамамның  тақырыбы  «Орта  Азия  мен  Қа-

зақ стан нан шыққан ұлы ғалымдар» деп аталынған. Ол – тым үлкен та-

қырып.


Біздің  бастағы  мақсатымыз  əл-Фарабидің  əдеби  еңбектері  туралы 

пікір айту еді. Бірақ ол жөнінде əзірге жеткілікті материал таба ал ма ған-

дық тан, бұған дейінгі зерттеулерге сүйене отырып, Фараби, оның ең бек-

те рі жайында қысқаша ғана айтып өтпекпіз.



І

Көп уақыттар бойы қазақ халқының, сол сияқты өзбек, ұйғыр, татар, 

қыр ғыз халықтарының да көне тарихына атүсті қараушылық болып кел-

ген еді. «Ғылым, білімнен хабарсыз, тек көшпелілікпен күн кешкен бір 

дə уір» деп, көп ғасырлар бойғы халық жасаған асыл қазына, бай мұ ра-

лар ды бір-ақ сызып жүрді. Бұл əлі терең зерттемеушіліктен туған үстірт 

қо  ры  тын  ды еді. Əрбір құбылыс тарихи тұрғыдан, нақтылы тарихи тə жі-

ри бе лер мен байланысты зерттелуге тиіс деген Лениндік қағиданы жете 

тү сін беу ші лік болатын-ды.

Тарихи диалектика өз дегенін істетті. Көне мұраға сын көзбен қа рай 

отырып,  онан  керегімізді  ала  бастадық.  Ғалымдарымыз  бұрын-соң ды 

ай  тыл  ған,  жазылған  пікірлерді,  зерттеу  еңбектерді  неғұрлым  байыпты 

тү  сі  ну  ге тырыса отырып, жаңа қорытындыларға келді.

Халқымыздың  тарихы,  кейбіреулер  айтқандай,  тек  ХV–ХVІ  ға сыр-

лар да ғана емес, одан да көп əріден басталатындығы анықталады.

Осыған орай, көптен белгісіз жатқан əдеби мол қазына да халық игі лі-

гі не айналды, олар оқылып, зерттелген сайын молыға, күрделене түсті. 

Хал қы мыз тіпті ерте дəуіріміздің өзінде арнаулы тарихы бар, жер жү зі не 

мə лім гүлденген мəдениет, ғылым, білімнің заңды иесі екен.

Ата-бабаларымыздың сонау, V–VІІ ғасырлардың өзінде-ақ поэзиясы, 

ІХ–Х  ғасырларда  аты  əлемге  жайылған  ұлы  ғалымдары  болған.  Онан 

соң ғы  Х–ХV  ғасырлар  арасындағы  ортақ  əдебиетіміздің  өзі – арнайы 

зерттеулерді аса қажет ететін, зерттеген сайын жаңа жақтарымен ашы-

ла түсетін мол мұра. Оған Орхон-Енисей жазбалары, ұйғыр жазулары, 

Юсуф Баласағұндықтың «Құтадғу білігі», Махмуд Қашғаридің сөз ді гі, 

Ах мет Иасауи, Югнакидің еңбектері, Али, Рабғузидің, Дүрбек, Саккаки, 

Лұт фи, Атайдың поэма, газелдері, атақты «Огуз наме», «Мұ хаб бат на-

мелер» толық айғақ бола алады.



33

Қазіргі Қазақстан, Орта Азия территориясын мекендеген ата-бабала-

рымыз VІІ–Х ғасырда сауда-саттығы, мəдениеті өскен ел еді. Бұл жө нін-

де атақты ғалымдар Бартольд, Бернштам, Самойлович, Пигулевская өз 

ең бек те рін де атап көрсетеді.

«...Среднивековые авторы, описывая Среднюю Азию VІІ–ХІІІ веков, 

сообщают о большом числе купцов, торговавших с Китаем и о сущест-

вовании в Самарканде Китайский ворот» (Бартольд «Туркестан в эпоху 

Монгольского нашествия»).

Дəшті Қыпшақты мекендеген оғыз, қыпшақ, қарлұқтар көршілес жат-

қан басқа тайпалармен байланыс жасап тұрған. Соңғы кездердегі ар хео-

ло гия лық қазбалардың нəтижесінде Орталық Моңғолия мен Тува жері-

нен, Орта Азия мен Қазақстан жерлерінен жерленген иесімен қоса кө-

міл ген ыдыстар жоғарыдағы өздерінің шығысындағы басқа да елдермен 

қа рым-қатынас жасап тұрғандығын көрсетеді. Ондай байланыс Индия, 

Иран, Шығыс Еуропа, Сириямен де болған. Бернштен Жетісу бо йы нан 

Қы тай жібегінің, бронзадан жасалған айна сынықтары қал ды ғы ның та-

был ған ды ғын  айтады  (Бернштен  «Новые  этнографические  находки  из 

Семиречья»).

Ұлы Жібек жолының Қазақстан территориясының үстін басып өтуі-

нің маңызы болды. Ұлы Жібек жолы Шығыс пен Батысты жал ғас ты рып 

жататын.  Бір  тармағы  Тянь-Шань  таулары  арқылы  Ақсу,  Ыс  тық  көл, 

Шу өзені, Талас бойымен, енді бір тармағы Оңтүстік Жоңғария ар қы лы 

Үрім ші, Манас, Іле бойы, одан Орта Азияның оңтүстігімен өтуші еді. 

Қы тай дан  басталып,  Персия  шекарасына  дейін 150 күн,  одан  əрі  Рим 

шекарасына дейін 80 күндік жолды əр елдің керуеншілері араға талай 

қо нып көптеген қиыншылықтармен жүріп өтетін.

Түркілердің қолөнері, сауда-саттығы, бау-бақшасы, мəдениеті да мы-

ған  қалалары  көршілерді  таңдандырмай  қоя  алмады.  Əсіресе  Отырар, 

Шаб ғар, Сауран, Сығанақ, Яныкент, Тараз тəрізді қалалар қатты қы зық-

тыр ды.

Испиджаб – V–VІІ–Х ғасырларда дін орталығы болған қала. Қосымша 



бір бөлігі Шелжіде алтын, күміс, кен өндірісі болған (Гумилев «Древние 

тюрки»).


Бұл қала кейін Моңғол шапқыншылығы кезінде қиратылып кеткен.

«...Ученые  говорят  об  Испиджабе  еще  как  о  большом  городе.  Ис-

пиджаб  разрушен  монголами 1219 г.  путешественник  Чан-Чунь  уже  в 

нояб ре 1221 г. делает остановку в городе Сайлан» (Досжанов Д. «Ежелгі 

Сайрам жерінде» (мақала)).

Онан кейінгі бір үлкен қала – Сығанақ. Сығанақты зерттеген ға лым-

дар  Каллаур,  Лерх,  Якубовский  кезіндегі  мəдениетті  қалалардың  бірі 

бол ған деп есептейді. Сығанақ аты «Туман жазбаларында», М.Қаш ға ри-



34

де кездеседі. Сығанақтан «Иихаяны» жазған атақты ақын шыққан (Əл-

Сы ға на ки).

Таразға келсек, бұл – өте ескі қала. Ол туралы VІ ғ. Византия елшісі 

Земарх əңгіме қылыпты. Бұлардан басқа Шабғар, Ашнас, сондай-ақ Бар-

шын лы кент, Яныкент сияқты майда кенттер көп болған. Осы қа ла лар-

дың ішінде шоқтығы биік тұратыны – Отырар.

Отырарды ең ежелгі қалалардың бірі десе де болады. Қоныс біздің 

жыл санауымызға дейінгі ІV ғасырдан болған көрінеді (Большая совет-

ская энциклопедия. Т. 37. – С. 431). Отырар араб шапқыншылығы кезін-

де ең гүлденген, берік қорғандары бар, қолөнер, сауда-саттығы, ғылымы 

да мы ған, алғашқы білім беретін оқу орындары бар қала болды.

Отырар төңірегінде шоғырланған майда қыстақтар да көп еді. Олар: 

Жауһар, Уасиж (Весидж), Алтын төбе, Пышақшы төбе т.б. Бұл қыс тақ тар 

кейін Шыңғысханның шабуылы кезінде берік бекіністерге ай налды. 

Отырар  (Фараба)  күн  санап  өсіп  өркейе  берді,  үйіліп-төгіліп  жер-

жерден келіп жататын саудагерлердің орталығына айналды. Аз уақытта 

сырт қы елдердің қай-қайсысымен болса да, сауда, мəдени қатынас жаса-

са алатын бай қала ретінде танылды. «Фараба қаласы – Араб ха ли фа ты-

ның ең күшті жауларының бірі», – деп жазды сол кездегі араб тарихшы-

лары (Бартольд В.В. Шығармалары. 1-том. М., 1963).

Бір ерекшелігі – ол кездегі кісілер əкесінің есімімен бірге, Фа ра ба да-

ғы  ғылым,  мəдениеттің  күшейгені  соншалық – онда  дүние  жүзінде 2-

орын алатын кітапхана болғандығы анық. Одан дүние жүзіне аты əй гі лі 

ғалымдар  шықты.  Туған  жерінің,  кентінің  атын  қоса  айтатын.  Мұ ның 

өзі  сол  елден  шыққан  бірқатар  ғалымдарды  танып-білуге  көп  кө ме гін 

тигізгені даусыз.

ІІ

Фарабалық ғалымдар Ғаббас əл-Жауһари, Исмаил əл-Жауһари, Əбу-

нə сір əл-Фараби, бұлардың Жауһардан, Фарабадан шыққаны белгілі.

Осы кезге дейін мəлімсіз, бірақ тарихта аты мəлім, əр жерде жазылып 

қа лын ған ғұлама ғалымдар, білімдарлар көп. Олар уақыт өткен сайын 

табылып, зерттеле, тексеріле келмек.

Соның бірі – бүгінге дейін белгісіз болып келген Абу Ибраһим Ис хак 

əл-Фараби. Бұл есім Карл Броккельманның 5 томдық «Араб əде бие ті нің 

тарихы» деген еңбегінде берілген.

Фарабадан шыққан. Өлген жылы – 350 ж. (Хижра). Өмірбаяны, ең-

бек те рі жөнінде толық мəлімет əзірге белгісіз. Тіл маманы болған, сол 

салада кітаптар жазған болуы керек. Осы сияқты Қазақстан мен Орта 

Азиядан шыққан ғалымдардың дүние жүзі мəдениетіне үлкен үлес қос-

қа нын орыс ғалымдары талай рет атап көрсетті.



35

«Русские востоковеды своими научными исследованиями доказали, 

что народы Средней Азии являются творцами и обладателями огромных 

культурных ценностей, которые вошли в сокровищицу мировой науки» 

(Акрамов «Выдающийся русской востоковед В.В. Бартольд»).

Бірақ  сондай  үлкен  мəдениеттің,  бай  кітапхана,  ғылым  орын да ры-

ның құрып кетуіне себеп болған арабтардың жаулап алуы мен Моң ғол 

шапқыншылығы еді. Əсіресе Шыңғысхан Отырар сияқты үлкен мə де-

ниет орталықтарын аяусыз өртеп, жермен-жексен етті.

«Нашествие Чингиза (ХІІІ в.) нанесло экономике и культуре Средней 

Азии  тягчайший  удар.  Большие  города,  центры  культурной  жизни  по 

приказу захватчиков были превращены в труды развалин» («Материалы 

по истории прогрессивно-общественно философской мысли в Узбекста-

не», 1957 г.).

Арабтардың Орта Азиядағы өкілі Кутейба ибн Муслимнің де əр түр лі 

тəсілмен бұрынғының бəрін жойып отырғанын айтады, əл-Бируни өзі-

нің «Өткен буын ескерткіштері» деген еңбегінде.

Сирияны,  Палестина,  Египет,  Солтүстік  Африка,  Закавказьені  жау-

лап алған арабтардың Орта Азияға келуі халқымыздың өміріндегі жаңа 

бір кезең болды. Өздерінен бұрынғы зоростра, несториан, үшаман, буд-

да діндерін ығыстырып, ислам дінін жая бастады. Арабтар VІІ ға сыр-

дың 60-жылдарында  салынған  жаңа  астанасы – Бағдатты  ғы лым ның 

орталығына айналдыра бастады. Жер-жерден білім іздеген адамдар сон-

да барып, арабша оқып, мұсылман мəдениетімен тығыз байланыс жасап, 

керегін үйреніп жатты. Ол кезде дүние жүзі сауда байланысының бас-

ты жолында тұрған мұсылман мəдениеті өте жоғары еді. Өз ең бек те рін 

арабша жаздырып қалдырған Орта Азиядан шыққан Əбу Али ибн Сина, 

əл-Хорезми, əл-Бируни, Əбунəсір əл-Фараби тəрізді көптеген ға лым дар 

болды. Батыста Авицсенна болып тұрған Ибн Синаның «Каноны» көп 

уақытқа дейін оқу құралы болып келсе, алгебраның атасы – əл-Хорезми 

күні бүгінге дейін математика тарихындағы елеулі тұлға болса, ал Əбу-

нə сір Фарабидің астрономия, философия, музыкада, жалпы, ғы лым ның 

қай саласында орны ерекше.

ІІІ

Шығыстың ұлы перзенті əл-Фарабидің толық аты-жөні – Əбу Насыр 

Мұхаммед  ибн  Мұхаммад  ибн  Тархан  ибн  Узлағ  əл-Фараби.  Батыста 

Аль-Фарабиенус немесе тек қана Фарабиенус болып тараған. 

Əкесінің аты Насыр, əскербасы, не, əйтеуір, дəулетті семьядан шық-

қан.  Олай  болатын  себебі – «бин  Тархани»  деген  атақты  адамның  ба-

ласы екенін көрсетеді. Бұл сөз өте ерте дəуірлерде-ақ болып, кейін де 

көп уа қыт қа дейін қолданылған. Түрік қағанатының кезінде де қа ға нат-



36

ты хан билеген, туған-туысқанын, балалары «тегін» деп аталған. Ал ру 

басыларын «тархан» дейтін болған. 

Жалпы, түркітілдес тілдер тарихында да жоғарыдағы біз айтып өт кен 

мағынасы көрсетіледі.

Д.Досжанов орта жүзде шақшақ, шар жетім, төрт ұл, қарауыл, аты-

ғай, тарақты, алтай, тербіш, шаншар т.б. болып бөлінетін арғын руынан 

шы ғуы мүмкін деп есептейді. Олай болса, тархан тарақты сөзінен шық-

қан болады («Білім жəне еңбек» 1966. – №6).

Д.Досжанов осы пікірін «Құм жұтқан қалалар» деген кітабында да 

қай та ла ған. Бұған қарағанда, Көбесовтің: «Қаңлы-жанышқыұлы тайпа-

сында «Тархан» (кейде дархан) атты ру бар. Бұлай болғанда ол (Фара-

би) қазақ халқының құрамына кірген ежелгі рулардың бірі – қаңлыдан 

шық ты ма деп те ойлауға болады», – деген пікірі келіңкірейтін сияқ ты 

(«Лениншіл жас»1966 жыл, ақпан). Бірақ бұл əлі де ғылыми дəлел бола 

алмайды.


Көптеген  деректер,  зерттеуші  ғалымдардың  қорытындылары  бо-

йынша Фараби 870 жылы туылған. 

«Как отмечают известные ученые среднивековья (Ибн Усайбия, аль-

Кифти) дата смерти Абу Насра аль-Фараби относятся к 339 г. Х (950-

951)» (Али  Мухаммед  Реза  Джахид  «Абу  Наср  аль-Фараби  о  государ-

стве»).


Ғалымның сексен жасында қайтыс болғаны белгілі. Ендеше, мұ нан 

жоғарыдағы қорытындының дұрыстығы шығады.

Əбу Насыр алғашқы білімді сол Фараба қаласынан алды. Жасынан-

ақ ізденгіш, алғыр жас оң-солын тани бастаған соң алған білімін жал ғас-

ты ру үшін Бағдатқа кетті. Ол мұнда алдымен араб тілін үйренуге кі ріс ті. 

Түрлі  үйірмелерге  қатысып,  атақты  философтардың,  астро ном дар дың 

лекциясын тыңдады. Кейде өзі де шығып сөйлеп, аз уақытта араб ті лін 

таза меңгерумен бірге көптеген ғылымдар саласына да жетік екенін та-

нытты.

Фараби алғашқы еңбектерін араб тілінде жазды. Соған қарап, көп уа-



қыт араб ғалымы делініп келді. Ол кезде Бағдадта білім алып, арабша 

жазып жүрген басқа халықтың ғалымдары аз емес еді. Өйткені ислам 

ді ні нің жайылуына байланысты араб тілі ғылымының да, əдебиеттің де 

негізгі тілі болып алды. Соның нəтижесінде грек ғалымдарын да, көп-

те ген  Орта  Азияда  шыққан  ғалымдарды  да  əлгідей  шатастырушылық 

болып жүрді.

Фарабидің араб емес екенін дəлелдейтін мысалдар өте көп. Бір-еке-

уін келтіре кетейік.

«Фараби во время своего пребывание в городах Ирана учился гово-

рить  на  языке,  который  не  был  языком  населения  города,  где  родился 

он» (Раджави Тарази (Тегераннан шығатын парсы журналы)).


37

«Фараби изучил множество языков, в том числе и арабский язык, ко-

торого он до приезда в Багдад не знал».

Фараби  Аристотель,  Платон,  Евклидтің  еңбектерін  жете  білген. 

Олардың  кейбіреуіне  түсіндірме  жазып,  пікірлерін  салыстырды,  кем-

шілігін көрсетті. «Евклид кітаптарының қиын бөлімдерін, Пто ло мей дің 

«Алмагестіне», Аристотельдің «Органына» түсіндірме жазды. Ол Арис-

то тель дің бір ғана «Логикасының» өзін басынан аяғына де йін – 40 рет, 

«Риторикасын» 200 рет оқып шығыпты. Оның асқан шы дам ды лы ғы на 

атақты  философ  Гегель  де  қатты  қайран  қалады.  Фараби  аз  уа қыт тың 

ішінде оқытушыларынан да асып түскен, түрлі оқу орындарында, үйір-

ме лер де баяндама жасаған.

Фарабидің білімдарлығын парсы, грек, араб ғалымдары да мойында-

ды. Халық қатты құрметтеп, оған «əл-му’аллим ас-сани» (екінші ұс таз), 

яғни Аристотельден кейінгі асқан білгір деп атады. Тіпті Абу Али ибн 

Сина «Аристотельдің метафизикасын» неше рет оқысам да ұға алмай, 

базардан кездейсоқ сатып алған Фараби еңбегі арқылы ғана тү сін дім» 

дейді.


Фараби көп жерлерді аралайды. Орта Азия мен Қазақстанның, Таяу 

Шығыстың сол кездегі көптеген мəдени, ғылыми орталықтарында бол-

ған. Шым, Мысыр (Каир), Герат, Газна, Кабул, Хива, Мерв, Самарқанд... 

Кейінгі кездері Шам қаласында тұрады. Көптеген философиялық трак-

таттар жазды.

Фараби – байлықты мұрат етпеген адам. Өле-өлгенше өзінің күн де-

лік ті қажетіне жететіндей қаржыға қанағат еткен. Қаншалық еңбек етсе 

де, сол кездегі Шамның сұлтаны Сəйф əл-Дəуладан оның 4 дирхемнен 

ғана алып тұрғандығы туралы дерек бар.

Əбунасыр  əл-Фараби  ғылымның  əр  түрлі  саласынан  аса  мол  мұра 

қал ды рып, 80 жасында, 950 жылы  Шамда  қайтыс  болған.  Сонда  жер-

ленген.


ІV

Фарабидің ғылымда аты белгілі 100-ден астам еңбегі бар. Ол жан-жақ-

ты ғалым болған жəне бəрін де бір деңгейде жетік білген. Оның көп тіл-

ді білетіндігіне əр жерде келтіріліп жүрген мысалды айта кеткен жөн. 

Бірде  Сəйфад-Даула  ең  атақты  ғалымдардың  басын  қосып,  үлкен 

жиын өткізді. Сонда Фараби кіріп келіп: «Өзім қалаған жерге отырайын 

ба, сіз көрсеткен жерге отырайын ба?» – дейді. Өзі қалаған жерге оты-

ру ға  рұқ сат  еткен  соң,  бірден  төрге  шығып,  Сəйф-əд-Дəуланың  оң  ті-

зесін  баса  барып  отырады. «Менімен  теңесе  отыратын  бұл  кім?»  деп 

жақ тыр ма ған сұл тан, өз маңындағылары ғана білетін бір тілмен: «Əзір-

ге  мұнысына  шыдамдылық  сақтап  көрейік,  шын  данышпан  екені  рас 


38

болса, кешірім етерміз, олай болмай шықса, тəртіпке келтіреміз», – дей-

ді. Сонда Фараби жалт қарап дəл сол тілде: «Иə, билеушім, əр нəр се нің 

соңын баққан жөн», – деп жауап береді. 

–  Бұл  тілді  қайдан  білесіз? – деп  таңғалған  сұлтанға: «Мен 70 тіл 

білем», – деген екен. Сол жолы өзіне қойылған 42 сұрақтың бəріне де 

жауап береді.

«Ғылымдардың шығуы» атты еңбегінде: «Я утверждаю, что самый 

их всех наук является наука о языке», – дейді.

Сонымен бірге Фараби асқан музыкант болған. Аспабының құлағын 

бір түрлі күйге бұрап тартқанда отырғандар егіле жылайтын, екінші түр-

лі бұраса, көңілді əуенге қосылып, мəз болады екен.

Өзі жасаған «Канун» атты аспабы барды. Оның «Китаб ал-музыка ал 

Кабир» (Большой трактат о музыке) деген бірнеше тілге аударылған көп 

томдық еңбегі мəлім. Араб тіліндегі қолжазбасы Лейден уни вер си те ті-

нің кітапханасында сақтаулы, соңғы кезге дейін көптеген музыка зерт-

теушілер пайдаланып келді (Р.Д. Эрландже, Козегартен).

Фарабидің  көптеген  еңбектері  философия,  математика,  астрономия 

жайында. «В отличие от мусульманских Ортодоксов Фараби много за-

нимался  естественными  науками,  доказывал  необходимость  изучения 

светских наук».

Фараби жазған Аристотельдің «Органына», Евклидтің бірінші жəне 

бесінші  кітаптарының  қиын  кіріспелеріне,  Птоломейдің  Алмагестіне 

комментарийлер, «Өлшем», «Кеңістік», «Уақыт», «Ғылым  меруерті» 

деген кітаптары – тынымсыз қажырлы еңбектің, жетік ақыл-ойдың нə-

ти же сі.

«Қайырлы шаһардың адамдары» деген трактатында «Фараби із гі лік-

ті, адамдардың тату-тəтті тұрмысын, бақытын əңгіме етеді. Бақыт бір-

біріне көмектесудің, адалдық, қайырымдылықтың нəтижесінде болады 

деп  есептеген.  Əр  түрлі  ру-тайпалар  арасандағы  достықты  аң са ған: 

«Город  все  люди  которого  помогают  друг-другу  в  целях  достижения 

счастья, есть добродетельный город. Таким же образом вся земля станет 

добродетельный, если народы будут помогать друг-другу для достиже-

ния счастья».

Фараби ғылымды үйрену үшін тек қана оқып қою жеткіліксіз еке нін 

білген. 3 түрлі шарт қояды:

1) ғылымның түпкі негізін, принципін білу;

2) сол негізді дамыту арқасында осы ғылымға қатысы бар қан дай лық 

нəтиже шығаруға болатынын аңғара білу;

3) теорияға кіріп кеткен қателіктер мен жаңсақ жерлерін тауып, бас қа 

авторлардың пікіріне талдау жасау.

Бір қызығы, Фараби, Птоломей, Евклид, Аристотель т.с. сияқты өзі-

нен бұрынғы ғалымдардың еңбектерін терең оқып, талдаумен қоса, олар-


39

ға көптеген түсініктеме, толықтырулар жазған. «Сөйтіп отырып-ақ осы-

лар арқылы ғылымды үйреніп жүрмін» деп есептеген. 

Фараби көп мəліметтерге қарағанда үлкен əдебиетші, ақын болған 

кісі  көрінеді.  Əдебиеттің  теориясы  жөнінен  жазған.  Оның  əр  жерде 

сақ та лып  жатқан  қолжазбаларын  жəне  олардың  көшірмелерін  алды-

рып, орыс, қазақ тілдеріне аудару ісі əлі кенже қалып келеді. Сон дық-

тан ға лым ның əдебиетші ретіндегі еңбектері əлі зерттелмеген деуге де 

болады.

Дегенмен Фарабидің бұл кітаптарында риторика, ұйқас-ритм туралы 



сөз қылатыны анық. Ол кітаптарының аттарынан да аңғарылады:

1. «Китаб фи-ли-хатаба» (риторика туралы кітап).

2. «Китаб фи-с-санагат əл-китабат» (жазу өнері туралы кітап).

3. «Қалам фи шыгр уа қауафи» (өлеңнің ұйқасы мен өлшемі туралы).

4. «Китаб фи иқса иқас» (ритм туралы кітап).

Бұлар ғалымның əдебиет саласындағы шығармаларының біраз бө лі-

мі ғана болуы мүмкін.

Мұның  үстіне  Фараби  парсы  тілінде  біраз  рубағияттар  жəне  басқа 

да өлеңдер жазған. Бертельс «Парсы-тəжік əдебиетінің тарихы» деген 

кі та бын да Фарабидің бір өлеңінің арабшадан орысшаға аударылған үзін-

ді сін келтіреді. Ол былай:

...С двумья стеклянными сосудами коротаю я жизнь,

На них построил я все дела свои

Один сосуд наполнен чернилами,

Другой – наполнен вином.

С помощья другого – разгоняю тоску сердца...

С помощью одного – составляю я свод мудрости моей.

Бұл үзінді Фарабидің үнемі оқу, жазу, ізденумен өмірін өт кіз ген нен, 

еңбеккеш кісі болғанын дəлелдей түседі. Автордың бұл зерттеуінде Фа-

ра би дің философиялық еңбектерімен бірге өлеңін беруі біраз жайды аң-

ғар та тын сияқты.

Фарабиді əңгіме еткенде кейбір ғалымдар көбіне оның фи ло со фия-

лық жағын алады да, əдебиет туралы кітаптар, өлеңдер жазды дегенге 

күмəн  келтіреді.  Ал,  шынында,  біраз  зерттеушілердің  айтуы  бойынша 

Фарабидің  ондай  шығармалар,  өлеңдер  жазғаны  рас,  тек  толық  табы-

лып, зерттелінбей жатыр деп білуіміз керек.

Жоғарыдағы  келтірілген  мəліметтерге  сүйене  отырып,  əл-Фарабиді 

астроном,  философ,  математик,  музыкант,  тілші,  əдебиетші,  ақын,  дə-

рі гер  деп  айтуға  болады,  яғни  мол  ғылым-білімді  меңгерген  дарынды 

жан-жақты  ғалым.  Ал  мұндай  жан-жақтылық  ол  кездегі  ғылымға  тəн 

нəр се еді.


40

V

Фараби еңбектерін зерттеу ертеден-ақ басталса керек. Олардың бір-

не ше уін  «Қазақстан  мен  Орта  Азияның  ұлы  ғалымдары»  деген  кітап-

та  Машанов  көрсетеді.  Жамалетдин  Əбу-л-Хасан,  Шамсутдин  Сайхи, 

Мухаммед Хайтиатул Ибраш тəрізді араб зерттеушілерінен басқа не міс, 

ағылшын, американ ғалымдары да біраз еңбек етті. Петербург уни вер си-

те ті нің профессоры Николас Решер 1862 жылы «Фарабидің аннотация-

лы библиографиясын» шығарды. Карл Броккельман «Араб əдебиетінің 

тарихы» деген 5 томдық еңбегіне кіргізді. 1890 жылдары неміс Фридрих 

Диетереш Лейденде Фараби шығармаларының бірнешеуін арабшаға бас-

тыр ған болатын. Ұлы оқымысты Георг Сартон «Ғылым тарихына кіріс-

пе» (1927 ж.) деген кітабында Фарабидің ғылымға қосқан үлесін атай 

ке ліп: «Біздің  айрықша  айтарымыз – Фараби  мұраларын  зерттей  түсу 

қа жет», – дейді.

Əбунəсір жөнінде орыс тілінде жазылған арнаулы еңбектер бол ма ған-

мен,  Бертельс,  Бартольд,  Якубовский,  Крачковский,  Григорян  сияқ ты 

Шы ғыс ты  зерттеуші  үлкен  ғалымдар  кітап,  мақалаларында  ол  туралы 

көп те ген деректер беріп кетіп отырады.

Ал Фарабидің Қазақстанда көбірек қолға алынып зерттелуі – соң ғы 

5–10 жыл ішінде. Ең алғаш ол туралы мəселе көтеріліп, Лейден, Мад-

рид, Бейрут кітапханаларынан қолжазбаларын, микрофильмдерін алды-

рып, жинастырған Қазақ ССР Ғылым академиясының мүше-корреспон-

денті  Ақжан  Машанов,  сондай-ақ  математика  ғылымының  кандидаты 

А.Көбеев те бұл жөнінде көп еңбек етіп жүр.

Кейінгі  кездері  «Білім  жəне  еңбек», «Лениншіл  жас», «Ленинская 

сме на ның»  беттерінде  де  Фараби  еңбектерін  зерттеу  туралы  ма қа ла-

лар көп теп көрінуде. Оның философиялық көзқарастары туралы өзбек, 

түрік ғалымдары арнаулы зерттеулер жазды (Али Мухаммед реза Джа-

хид «Абунаср аль-Фараби о государстве», Ирисов «Хорезми мен Фара-

би», Хайруллаев М.М. «Əбунəсір Фараби» (1961).

Қысқасы, əл-Фараби – қанша зерттелсе де сарқылмайтын, зерттеген 

сайын ұлылығы айқындала беретін ғалым.

Ал ата-баба мұрасын зерттеу, асыл қазыналарын пайдалану керек-

тігі  жөнінде  Лениннің  айтқан  қағидасы  бəрімізге  белгілі: «Без  ясно-

го  понимания  того,  что  только  точным  знанием  культуры,  созданной 

всем развитием человечества, только переработкой ее можно строить 

пролетарскую культуру – без такого понимания нам этой задачи не ре-

шить».


Əл-Фараби – түркі халықтарының ішінен шыққан ұлы ойшыл. Оны 

бір халыққа ғана телу, пəлен халықтікі деу дұрыс болмаған болар еді. 

Фа ра би ді өзбек те, қазақ та, қарақалпақ, ұйғыр, тəжік те өз ғалымымыз 


41

деп мақтанышпен айтуына əбден болады. 1970 жылы жерлесіміздің ту ға-

ны на 1100 жыл толады. Ол елімізде кеңінен аталып өтпек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет