Студенческие научные работы.
Сборник статей. Выпуск 1 (часть 2).
А.: КазГУ, 1970. с. 9-20.
ҚИССА ЖАНРЫ
Қисса – шым-шытырық оқиғаға құрылған ғашықтық тарихи-ге рои-
ка лық сипаттағы əңгіме. Аңыз түбінде келетін жазба əдебиеттің жəне
фольклордың жанры. Бұл жанр Таяу жəне Орта Азияда кең жайылған.
Шы ғыс əдебиетінде ертеден қалыптасқан. Арғы негіздері Фир доу си дің
«Шаһ на ма сы на», арабтың «Мың бір түн» ертегілеріне барып ұла са ды.
«Қис са» сөзінің түп-төркіні арабша «əңгіме, баяндау, оқиға, ертегі, мы-
сал» деген ұғымдарды білдіреді.
Қазақ əдебиетіндегі қисса жанрына шығыс аңыз-ертегілерінің сю-
жеті бойынша жазылған көлемді көркем шығармалар, жыр-дастандар-
ды жатқызамыз. Революциядан бұрын қазақ өмірінен алынған эпостық
жырлар, басқа да кітаптар «қисса» деген атпен жарияланған («Қисса
Айман – Шолпан», «Қисса Қыз Жібек», «Қисса Біржан сал мен Сара
қыз дың ай тыс қа ны» т.б.). Əйтсе де олар қисса ретінде қа рас ты рыл май-
ды. Қисса қа зақ əдебиетінде ХІХ–ХХ ғасырларда кең өріс алған. Ел ара-
сында ертеден-ақ ауызша да, қолжазба күйінде де тараған. Кітап басты-
рушылар өз бетінше жырланғандығын немесе тек жинаушы екен ді гін
ашып айтып жатпайды, кейбір қиссалардың оқиғасы шығыстан болса
да, қазақ тір ші лі гі не жақындатылып, қазақ ауыз əдебиетінің дəс тү рін де
жырланады («Сейфілмəлік», «Мұңлық-Зарлық»), кейбіреуі ескі жаз-
ба əдебиет дəс тү рін де жазылған («Жүсіп-Зылиха», «Иран-ғайып шаһ
Ғаббас»).
Қиссаларды əдебиетіміздің тарихында, біздіңше, ежелгі дəуірдегі
қис са жанры, ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі қисса жанры
деп екі топқа бөліп қарастырған жөн сияқты.
Қиссалар ертедегі əдебиетімізде ХІІІ–ХІV ғғ. көне ескерткіштер қа та-
ры нан кездеседі.
Солардың бірі – ХІІІ ғасырда өмір сүрген Əли ақынның Жүсіп пен
Зылиха жайлы қиссасы. Ол шамамен 609–630 (хижра жылында), яғни
1212–1238 жылдар арасында жазылған. Авторы туралы мағлұмат жоқ.
Көшірмелері Берлин, Дрезден, Ленинград, Қазан қалаларынан та был-
ған. 1917 жылы Берлинде, ХІХ ғ. ІІ жартысы мен ХХ ғ. бас кезінде Қа-
зан, Ташкент баспаханаларынан кітап болып шыққан. Бұл басылымда-
ры қазақ, татар, өзбек арасында кең тараған. Түркітілдес ха лық тар дың
ор тақ əдеби мұрасы деп есептелінеді.
42
1897 жылы ауыз əдебиетін жинап бастырушы белгілі ақын Шай хұ-
слам ұлы Жүсіпбек «Жүсіп-Зылиханы» сол кездегі қазақ оқу шы сы на
түсінікті болатындай етіп жазып, Қазаннан бастырып шы ға ра ды. Сю-
жетінде айырмашылық жоқ. Ж.Шайхұсламұлынан 9 жыл бұрын 1889
жылы тағы бір «Жүсіп-Зылиха» қиссасы М.Əуезов атындағы Əде биет
инс ти ту ты ның қолжазба қорында сақтаулы. 1961 жылы Қостанай экспе-
дициясы тапсырған бұл қолжазбаның иесі – Құлмұхамед Байғұлұлы.
Ежелгі дəуірде туған қиссалардың тағы бірі – «Қисса-и Раб ғу зи»
(«Раб ғу зи қиссалары»). Ол 710 (хижра), яғни 1310 жылы Насреддин Тоқ-
бұ ға бекке арналып жазылған. Ең ескі көшірмелері Лондондағы Брита-
ния музейінің кітапханасында, Ленинградтағы М.Е. Салтыков-Щедрин
атын да ғы көпшілік кітапханасында ТНС-71 шифрымен сақтаулы. Бұл
қис са ны кезінде Б.И. Ильминский, П.М. Мелиоранский, С.Е. Малов се-
кіл ді түркологтер зерттеп, түркі халықтарының ертедегі құнды əдеби мұ-
ра сы ретінде таныған.
«Рабғузи қиссаларының» негізі араб-парсыдан тараған сюжеттерге
құ рыл ған. Идеялық мазмұны, жалпы характері алуан түрлі: та би ғат, дү-
ние құбылыстары, адамның пайда болуы жайындағы діни-ми фо ло гия-
лық əңгімелер.
Рабғузи кітабының тақырыптық-идеялық мəні халықтың ауыз əде бие-
ті нің үлгілерінен алынған, реалистік, шындық элементтері кез де се тін,
өмірге жанасымды көркем əңгімелерден көрінеді. Ондай əң гі ме лер де
адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттер қысқа да қызық сюжеттермен
баяндалады; достық қастықты, адалдық арсыздықты, əлсіз əлдіні же ңіп
отырады.
Лұқман – Шығыс əдебиетінде көп кездесетін данышпан, көпті көр-
ген көне қарттың бейнесінде көрінетін жағымды персонаж. Лұқман ту-
ралы аңыз-əңгімелер исламға дейінгі арабтардың ауыз əдебиетінде мол
айтылған екен. Одан əртүрлі халықтарға тарап, əр халықтың өз кейіп-
кері болып кеткен. Рабғузи қиссаларында Лұқман атына байланысты
бірнеше əңгіме-хикаялар «Қисса Лұқман хакім» деген атпен берілген.
Ол əңгімелердің барлығы қазақ ертегісі ретінде көпшілікке мəлім.
«Рабғузи қиссаларында» бұдан басқа Іскендір Зұлқарнайын туралы
аңыздармен қатар «Жүсіп – Зылиха» қиссасы да бар. Бұл нұсқаның да
сюжетінде Əлидегіден көп айырмашылығы жоқ.
Рабғузи кітабындағы кейбір жеке қисса, əңгімелерді алып, оны өлең-
ге айналдырған қазақ ақындары да болды. Мысалы, белгілі ақын Тұр ма-
ғам бет Ізтілеуов тəлім-тəрбиелік мəні бар жеке сюжеттерді таңдап алып,
«Рабғузидан» деп көрсетеді («Лұқман хакімнің үш өсиеті», «Ата мен
бала»).
Қазақ қиссаларының əдебиетіміздің алдыңғы, кейінгі тарихымен
дəс түр лік байланысы, Шығыс халықтары əдебиетімен тамырластығы,
43
əде бие ті міз ден алатын орны түбегейлі зерттей түсуді керек етеді. Сол
ар қы лы көп уақыт назардан тыс қалып келген елеулі жанрды сын елегі-
нен өткізе отырып, уақыт талабына жарайтынын екшеп, пайдаға жарату
игі лік ті, бір іс болмақ.
«Қазақ əдебиеті», 20 қараша 1981 жыл
ӨНЕГЕ АЙТАР ТОЛҚЫН БАР...
Біз жас ғалыммен аудитория алдында кездестік. Шəкірттеріне са-
бақ беріп шыққан беті екен. Келген шаруамызды айттық. Ол кісі əң гі ме-
ле су ге бірден келісім берді.
Жап-жас өңінде ұстазға тəн сабырлылық, байыппен сөйлеген əр сө-
зін де салмақ бар екен. Төменде филология ғылымының кандидаты Алма
Қы рау бае ва мен сол күні жүргізген сұхбатты ұсынып отырмыз.
– Ғылымға қалай келдіңіз?
– Мені алғаш ғылыми ізденіске бағыттаған кісі – профессор Бей-
сембай Кенжебаев. Екінші курста өз бетімше оқып, əдебиеттің тарихы
жайлы жазылған еңбектерді қызыға ақтарып жүрген кезімде бір күні
Бейсембай ағай: «Бізде ежелгі дəуірде жазылған ескерткіштер бар, əлі
зерттелмей келе жатқан дүниелер, осы жайында нақты тақырып алып із-
ден сең қайтеді?» – деп кеңес берді. Күнделікті кітапхана табалдырығын
тоз дыр ған уақыттар сол кезден басталып кетті. Дипломды ежелгі дəуір
əде бие ті нен қорғадым да, аспирантурада кандидаттық жұмыс ретінде
жал ғас тыр дым.
– Зерттеу жұмыстарыңыз жайлы айтсаңыз.
– 1974 жылы «Қисас-и Рабғузи», «Мұхаббат нама» ес керт кіш те рі нің
идеялық-көркемдік ерекшеліктері жөнінде диссертация қор ғап шық тым.
«Мұхаббат наманың» түрікше тексін қазақшаға аудардым. Айта ке те тін
жай, ежелгі дəуір əдебиетімен айналысу – көптеген қосымша қиын дық-
тар жүктейтін, екі есе уақыт талап ететін ауыр еңбек. Ең əуелгі қиын-
ды ғы – орта ғасыр ескерткіштерінің тілін, яғни көне түркі сөздерінің
бел гі лі дəрежеде лексикасын білуді талап етеді. Екінші, сөзі түрікше
бол ған мен, араб əрпімен жазылған текстерді оқып-үйрену қиындығы.
Ол арабша хат танығанға ғана келе бермейді, көп оқып жат ты ғу дан, əр
сөз ге, əр сөйлемге шұқшиып, ізденуден келеді. Ондай мамандар дайын-
дайтын оқу орны бізде жоқ, сондықтан негізгі күш өзіңе түсетін, та бан-
ды лық қа тірелетінін айта кеткім келеді.
Аспирантураның алғашқы жылдары белгілі тюркологтер Ə.Нə жіп-
тің, Э.Р. Тенмшев, Г.Тагиржановтың ақыл-кеңестері, ұзақ уақыт қа тыс-
қан сабақтары, Ленинград, Москва, Ташкент кітапханаларында айлап
отыр ған уақыттар көп көмегін тигізді.
44
Соңғы жылдардағы қызықтыратын бір мəселе – ежелгі əде бие ті міз-
дің дəстүрі, оның кейінгі əдебиетіміздегі көрінісі. Осы ретте, қазақ əде-
бие тін де гі «қисса» жанры ежелгі дəстүрді бүгінгі күнге жа қын дат қан
қыз ғы лық ты құбылыс болып көрінеді. «Қисса» жанры филология фа-
культетінде арнайы семинар сабағы болып өтеді. Студенттерге арнап
программасын жасап, оқулық құрал жазып біттім.
– Ғылыммен айналысатын бүгінгі студенттерге не айтар едіңіз?
– Көпшілік студенттердің ғылыми ізденіске құштарлығы мол. Біз дің
міндетіміз – соларды дер кезінде бағыттай білу. Мұнда сту дент тер дің
өзіндік білім, бейім, мінез ерекшеліктері де ескерілсе, жанына жа қын са-
ла ға, дұрыс жолға түсуі оның қызығушылығын арттырады. Дер кезінде
бағыт ала алмаған студент, қабілеті жеткілікті бола тұра, оны жұм сай-
тын нақты объект болмағандықтан, күнделікті сабақты же ңіл үл гер ге ні-
не қанағаттанып, мүмкіндігінен кеш қалатыны белгілі.
Кейбір студенттер ғылыми ізденіс үшін соған ғана арналған ерекше
уақыт, арнайы тақырып керек, ғылым содан кейін басталады деп тү сі-
не ді. Біздіңше, олай емес. Əрбір ірі нəрсе ұсақтан басталады. Бір ша-
ғын ғана мəселе жайында күнделікті ізденуден, мысалы, өзің ұнатқан
бір өлең, бір ақын творчествосы төңірегінде ізденістің өзі кеңейе келе
тұ тас бір дəуір əдебиетін түсініп, біліп шығуға, одақтық, дүниежүзілік
əде биет тің нақты құбылыстарымен салыстыра алу дəрежесіне, өзіндік
пі кі рін қалыптастыруға əкеледі. Қызықтырған мəселені оқып-білуді ке-
йін ге қалдырмай, бүгіннен кіріскен жөн.
«Қазақ университеті», 28 мамыр 1982 жыл
АБАЙДЫҢ ПОЭМАЛАРЫ
I. 1) Сабақтың тақырыбы: «Абайдың поэмалары»
2) Сабақтың мақсаты: Дайындық бөлімі тыңдаушыларының Абай
жөніндегі мектептен алған білімін жаңғыртып қана қоймай, та қы рып ты
тереңірек түсінуге көмектесу. Олардың таным қабілетін дамыту мақ са-
тын да осы тақырыпқа қатысты кейбір проблемалық мəселелерді де аң-
ғар ту. Ақын поэмаларын алдыңғы өтілген тақырыптарға, оның ішін де
өз өлеңдеріне байланыстыра талқылау, сөйтіп, поэмалардың идея лық
мəнін жан-жақты түсінуге көмектесу. Абай поэмаларының та қы рып-
идеясын, ақын ның қай өлеңдерімен үндес екендігін, олардың өзара са-
бақ тас ты ғын түсіндіру.
3) Сабақтың түрі: Семинар.
II. Сабақтың барысында қойылатын сұрақтар:
1) «Ескендір» поэмасының идеялық мəні неде?
2) Поэма идеялық мəні жағынан ақынның қай өлеңдерімен үндес?
3) «Масғұт» поэмасының идеясы.
45
4) Поэманың екі бөлімінің арасында қандай идеялық байланыс бар?
5) Поэма идеялық жағынан қай өлеңдерімен сабақтас?
6) «Ескендір» мен «Масғұт» поэмасында қандай ортақ ұқсастықтар
бар?
Абай поэмаларын оқытуға жоғары оқу орындарының даярлық бө-
лі мін де жеткілікті сағат бөлінеді. Бұл сағаттарда Абайдың ақындық,
да на лық тұлғасын, жаңа реалистік əдебиеттің негізін салудағы орнын
тү сін ді ру де поэмаларын орынды пайдаланып, олардың мəн-мағынасын
ғы лы ми жан-жақты оқытып жүрміз бе деген ой келеді. Ақынның «Ес кен-
дір», «Масғұт» поэмаларын сөз еткенде, көбіне тыңдаушылардың атал-
ған поэмалардың жадағай мазмұнын білгенін, идеясы туралы мектептен
алған білімін қанағат ететін анықтаймыз. Біздіңше, Абай жəне шы ғыс
əдебиеті, Абай шығармаларындағы адам образы, оның қоғамдағы орны,
ақынның реалистік көзқарасы сияқты проблемалық мəселелерді Абай
поэмаларының айналасына топтап, ақынның саяси-фи ло со фия лық өлең-
де рі мен байланыстыра ұтымды əңгімелеуге болады.
Мектеп оқулығында «Масғұт» поэмасының əйелмен достықты қа дір
тұту идеясына əкелетін оқиғасы ғана сөз болады. Дайындық бө лім нің
тыңдаушыларына мектеп балаларының жас ерекшелігіне ла йық тал ған
тұ жы рым ды қайталап айтып беру тақырыпты проблема қоя отырып тү-
сі ну ге, оқушының таным қабілетін дамытуға мəн бермегендік болар еді.
Поэманы дұрыс түсіну үшін, онда бір-бірімен тығыз байланысты сю жет-
тік екі желінің бар екендігіне назар аударып, талдауды осы не гіз бойын-
ша ұсынуымыз керек.
«Ескендір» поэмасы жөнінде айтқанда, тыңдаушыларға Абайдың бұ-
рын ғы əдебиетімізге талғампаздықпен қарап, оны жаңаша дамытқанын,
бұ рын ғы əдебиетіміздің жалпы шығыс əдебиетімен тығыз байланыста
бол ға нын мысалмен ұғындыруымыз керек.
Абай өмір сүрген дəуірде (1845–1904) қазақ əдебиетінде көне заман-
дардан тамырласып келе жатқан шығыс əдебиетінің дəстүрі кең жа йыл-
ған еді. Шығыс əдебиетінің бір дəстүрі – шығыста бұрыннан белгілі та-
лай ақындар жырлап кеткен бір тақырыпты енді бір кезде басқа ақын дар
да өз шығармасына өзек етеді. Алған тақырыптарының негізгі оқиғасы
бір болғанмен, əркім өзінше жазады. Мысалы, Жүсіп пен Зли ха ның
махаббаты жайлы аңыз талай ғасырлар бойы айтылып, жазылып келе-
ді. Бұл аңыз өте көне замандарда араб елдерінде айтылған екен. Одан
XI ға сыр да парсы тілінде шығыстың ұлы ақыны Əбілқасым Фирдоуси
«Жү сіп-Злиха» дейтін дастан жазады. ХІІІ ғасырда «Жүсіп-Злиханы»
түр кі тілінде Əли ақын, ХV ғасырда өзбек ақыны Дүрбек, тə жік-парсы
ақы ны Əбдірахман Жəми, XX ғасырдың басында Жүсіпбек Шай хұ слам-
ұлы деген ақын қазақша жырлады.
46
XIX ғасырдың екінші жартысында Қазан, Ташкент баспаханалары-
нан жоғарыда айтылған шығыс дəстүрімен жазылған «Қожағафан уа Са-
дуа қас» т.б. қиссалар басылып шыға бастады. Оларда бірін-бірі тү сін де
не суреттен көріп ғашық болған қыз бен жігіттің іздеп табу жолындағы
қиын шы лық та ры романтикалық əдіспен баяндалатын. Негізгі кейіпкер-
лері өмірдегі адамдардан өзгеше, ешбір мінсіз болып суреттеледі. Өмір-
де болмайтын ғажайып оқиғалар араласып отырады. Абай осындай қис-
са-хикаяларды жақсы білген, бірақ олай жазу стилін қолдамаған:
Сөз айттым Əзірет Əлі, айдаһарсыз,
Мұнда жоқ алтын иек, сары ала қыз, –
деп («Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңінде), кей ақынның бұ-
рын ғы əдебиет дəстүрінде қалып қойғандығын сынап, сөз арасында біл-
дірген. (М.Əуезовтің көрсетуі бойынша, жоғарыдағы екі жолдың екін-
шісінде Абай «Зияда-Шаһмұрат» қиссасының авторы Əріп Тə ңір бер ге-
нов ті айтып отыр. «Əр жылдар ойлары». Алматы, 1959. 63-б.). Бұ рын ғы
шығыс дəстүрін ендігі заманға сол қалпында əкелуге бол май тын ды ғын,
уақыттың, қоғамның шындығын көрсетіп, ой салатын, «көкірегі се зім-
ді, тілі орамды жастарға үлгі беретін», «наданның көзі түгіл көңілін де
ашатын» өлең жазу керектігін айтқан («Мен жазбаймын өлеңді ермек
үшін» өлеңін қараңыз).
Өзі өмір сүрген уақыттың талабы осындай екендігін орыстың озық
əде бие ті нен көп үлгі алған данышпан ақын көрегендікпен тү сін ген.
Сон дық тан да Абай өз поэмаларының тақырыбын шығыста бұ рын нан
бел гі лі сюжеттерден алғанмен, оларды өз дүниетанымының биі гі нен қо-
ры тып, өзінше өзгертіп жазды. Шығыста бұрын талай ақын дар дың жы-
рына өзек болған белгілі аңыз, ертегілердің ішінен өзінің ішкі ойларын,
əлеуметтік көзқарасын білдірудің бір құралы болуға жарайтындарын
таң дап алған.
«Ескендір» поэмасы
Бұл поэма тарихта болған (386–323 жылдар) Александр Македонский
патша жайында шығыста көп тараған аңызды негізге алып жа зыл ған.
Александр Македонский жайлы (Шығыста Ескендір Зұлқарнайын деп
аталады) шығыс дəстүрімен талай ақындар жырлаған: Низами (ХШ ғ.),
Жəми (ХV ғ.), Науаи (ХVІ ғ). Пайғамбарлардың өмірін баяндайтын діни
кі тап тар да оны пайғамбарлардың қатарына қосады. Уақыт өткен сайын
шын тарихи бейнесі көмескіленіп, қиялдан шығарылған аңызға айна-
лып, оны идеал патша ретінде суреттейтін шығармалар да туған. Сөй тіп,
Александр туралы біздің жыл санауымыз бойынша бірінші ға сыр дың
47
өзін де-ақ аты тарихи адам жайлы болғанмен, заты ойдан шығарылған шы-
ғар ма лар жазылған еді. Көпке белгілі Қожанасыр əңгімелерін əр ха лық-
тың өз фантазиясынан туған оқиғалармен толықтырып, бұрынғыларын
дамытып, кеңейте беретіні сияқты, Александр туралы аңыздар да мол
тарап, дамыған. Осы аңыздар негізінде талай романдар да туған. Абай
олардан хабардар болған. Сондай аңыздардың бірінде:
Ескендір талай елдердің бірінен соң бірін жаулап алады. Бір күні
Ысрафил келеді де, оған бір тас ұстатады. Ескендір бұл тастың нендей
ма ғы на сы бар екенін біле алмай, уəзірлерінен сұрайды. Олар: «Тасты
та ра зы ға тартып көріңіз, неден ауыр екен?» – дейді. Таразыға тартып
еді, ол тас тың ауырлығына тең келетін зат табылмады. Сонда Хызыр тұ-
рып: «Та ра зы ның екінші басына топырақ сал», – дейді. Топырақ салып
еді, тасты басып кетті. Хызыр: «Мұның мəнісі – адам тірлікте дүниеге
тоймас, бетін топырақ жапқанда ғана тояды деген», – дейді. (1859 ж.
Қа зан қа ла сы нан басылып шыққан «Қисас-ул əнбия» деген кітапта. 434-
435 бб.).
Абайдың даналығы сонда – Ескендір жайлы аңыздарды, дастандарды
сол қалпында қайта жырламай, данышпандық ақыл-ой биігінен қо ры та
отырып, реалистік көзқараспен жырлай білген. Бұрынғыға сын кө зі мен
қарап, аңыздың қауызын жарып, дəнін алғандай дамытқан:
1) Абайдың Ескендірі бұрынғы аңыз-əңгімелердегідей идеал пат-
ша емес, керісінше, мансапқор, тойымсыз, «мақтансүйгіш, қызғаншақ
адам».
2) Бұрынғы аңыздар бойынша, жұмбақтың түйіні ретінде тас алынса,
Абайда «бір қу сүйек – көз сүйегі» алынады. Бұл Аристотельдің «ман-
сап қор, көрсеқызар адамның көзі тірісінде дүниеге тоймайды» деген
ойын оқушыға түсінікті, дəлелді жеткізуге ыңғайлылық беріп тұр.
3) Аңызда жұмбақты шешіп, ақыл айтатын – Хызыр əулие. Абайда
Ес кен дір дің жауыздығын бетіне басып, мойындататын – жер жүзіне аты
мə лім ғалым, философ Аристотель. Бұл арқылы да аңыздың діни жағы
кө мес кі ле ніп, болуы мүмкін реальды жағдайға жақындатылады.
Поэманың алғашқы шумақтарында ақын оның қандай адам екенін
айтып, таныстырады, тарихтағы Александр жайлы өз көзқарасын біл-
діреді:
Ескендір елде алмаған хан қоймайды,
Алған сайын көңілі бір тоймайды.
Араны барған сайын қатты ашылып,
Жердің жүзін алуға ой ойлайды.
Қанішер қаһарлы хан ашуы көп,
Атағынан қорқады жұрт қайғы жеп.
48
Сол күнде қошеметші айтады екен
«Ханның ханы, патшаның патшасы» –
деп.
Дастанның идеясы – «жер жүзін жеке билейтін патша болуды» ойла-
ған, қара басының мансапқорлық мақсатын іске асыру үшін «жазасыз
жақын елдің бəрін шапқан, қанын дарияның суындай ағызған» мақ тан-
шақ адамның жағымсыздығын əшкерелеу. Ескендір бейнесіндегі жа уыз-
дық əділдік пен даналықтың – Аристотельдің алдында бас иеді.
Поэманың негізгі оқиғасы патшаның Аристотель сөзінен ғибрат
алып, жұртына қайта көшкенімен анықталады да, соңғы шумақтары осы
дастанды оқыған оқушыға арнап:
Аз-ақ сөз айттым бітті бұл əңгіме,
Мұны бір өзге сөздің бірі деме, –
деген жолдардан бастап,
Жақсы болсаң жарықты кім көрмейді,
Өз бағаңды өзіңнен кім сұрайды? –
деген өсиет, насихат сөздермен анықталады. Бұл жолдардан Абайдың өз
қорытындысы арқылы Ескендір бейнесін анығырақ түсінеміз.
«Ескендір» поэмасы ақынның «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес» өле-
ңін де гі «дүниеге бой алдырғандардан», «өлмейтұғын артына сөз қал дыр-
ған» адамды жоғары қоятын, «Малға достың мұңы жоқ малдан бас қа»
өле ңін де гі «малға дос» мақтаншақтарды өлтіре сынап келіп, адам дық
қа сиет тер: ыстық жүрек, нұрлы ақыл деп бағалайтын даналық ойлары-
мен сабақтас жатыр. Шығыста бұрын даңқты патша ретінде мақ та лып
келген Ескендірді əшкерелеп, оның реалистік бет-бейнесін көрсете оты-
рып, ақын өз тұсындағы жағымсыз көріністерді де сынайды.
«Масғұт» поэмасы
1907 жылы жазылған Абайдың қолжазбасында осы позманың тұ сы на
«Тургеневтен» деген ескертпе қойылған (Ол жөнінде зерттеуші ға лым
Ы.Дүйсенбаевтың «Ғасырлар сыры» атты кітабында толық айтылады.
А., 1970. – 126-127 бб.).
«Масғұт» поэмасының оқиғасы шығыс аңызынан алынғанмен, Абай-
ға И.С. Тургенев арқылы жеткен, орыс жазушысының «Шығыс аңы зы»
деп аталатын шағын əңгімесінің сюжеті бойынша жазылған. «Ескен-
дір» поэмасындағы сияқты, ақын бұл тұста да өз ойларын жет кі зу ге не-
49
гіз болған бір оқиғаны алады да, өзінше біраз өзгерістерге ұшы ра тып,
қоғам туралы, айналасындағы кеселді тіршілік тынысы жа йын да ғы
толғанысын, ішкі ыза-күйінішін жеткізудің жолы ретінде пайдаланады.
Поэманы мазмұнына қарай екіге бөліп қарастыруға болады. Тү сі ніп
оқыған кісіге екі бөлімнің бір-бірімен тығыз байланысты екені, екінші
бөлімі біріншідегі айтылған ойды толықтырып, дəлелдеп тұр ға ны аң ға-
ры ла ды.
«Сол Масғұт халифаға уəзір бопты» деген жолдарға дейінгі бірін-
ші бөлімде һарон Рашид халифаның заманында («Мың бір түн» ерте-
гілерінде əділ патша ретінде көп айтылатын, ғасырда араб елдерін биле-
ген патша) Бағдатта өмір сүрген Масғұт дейтін жігіт ұры тонап жат қан
байғұс шалды арашалап алғаны үшін шалдың берген үш түрлі жемісі-
нен қызылын алып жейді. Ақ жемісті жесе, ақылы жаннан аспақ, бі рақ
Масғұт ақ жөмісті жеп, ақылды болудан қашады. Себебі елден ерекше
ақылды болса, сөзін түсінетін жан табылмай, жалғыздықтың қай ғы сын
сонда тартпай ма? Масғұттың өз сөзі бойынша:
Ақылды жан табылмас маған сырлас,
Көріне тентек көп надан мойын бұрмас.
Əділетсіз, ақылсыз, арсыздарды
Көре тура көңілде тыныштық тұрмас.
Сары жемісті жесе, дəулеті судай тасар еді. Ақылды жігіт одан да
безеді. Өйткені, біріншіден:
Еңбексіз мал дəметпек – қайыршылық,
Ақылды ерге ар болар ондай қылық, –
деп түсінген жігіт малды адал еңбекпен таппай, дайынға ие бола қалуды
намыс көреді. Екіншіден, бай бола қалған күнде:
Жұрт күндер жұрттан артық байлық үшін,
Бұлдайды біреу күшін, біреуі түсін.
Не қылса да надандар алмақты ойлар
Мал антұрған күйдіріп елдің ішін...
...Берсең қалар оларда несі ардың,
Бермесең сен дағы ит бірге болдың.
Не өзің ит немесе бар елің ит
Даусыз бір пəлеге, міне, қалдың! –
болмай ма? Бірінші бөлімнің соңында қызыл жемісті жеген Масғұтқа,
шындығында, əйелдермен дос болғандығының пайдасы тигенін бір
50
шу мақ өлең жолымен жеткізеді де, енді қызыл жемістің оқиғасының
осымен аяқталғанын, поэманың негізгі ойы бұл емес екенін сездіреді.
Сөй тіп, ақын дастанның екінші бөлімінде оқиғаның негізгі арқауын əрі
қа рай жалғастырып, ширата түседі. Ол негізгі арқау – поэманың екін ші
бөлімінде ақ жемісті алып жеп жаннан асқан болуды қаламаған Мас ғұт-
тың бұл ісінің дұрыстығы жындылардың ішінде қалған екі сау адам ға
төн ген қауіпті баяндау арқылы дəлелденеді. Өңшең жындыға екі сау
адам жынды болып көрініп, оларды өлтірмекші болады. Масғұт ақ же-
міс ті жегенде, осы сияқты көп наданның ішіндегі жалғыз есті болып,
көз ге түрткі болар еді. Поэманың екінші бөлімі бірінші бөлімде ай тыл-
ған Масғұттың:
Ақылды жан табылмас маған сырлас,
Көріне тентек көп надан мойын бұрмас, –
дейтін сөздерін мысалмен дəлелдейді:
Көрдің бе көп тентектің қылған ісін,
Еріксіз есті екеуін есер етті.
Дастанның ең негізгі идеясы – көп тентек наданның ішінде ақы лы-
мен де, білімімен де оқшау тұрған жалғыз естінің ақылын, сөзін ұға тын
кісі жоқ екенін, ондай ортада ақыл-білімін ел пайдасына жарату мүм кін
еместігін көрсету. Бұл ойлар ақынның біз білетін өлеңдеріндегі ызалы
жүрегін жарып шыққан өз күйініштерімен қандай үндес? «Мың надан
мен бір естінің» жайын «іші у мен өртке» тола отырып айтпап па еді?
...Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінə қойма!
...Ерте ояндым, ойландым, жете алмадым,
Етекбасты көп көрдім елден бірақ.
(«Өлсем орным қара жер...»)
Ғылымды іздеп,
Дүниені көздеп,
Екі жаққа үңілдім,
Құлағын салмас,
Тілімді алмас,
Көп наданнан түңілдім...
…Ағайын бек көп,
Айтамын ептеп,
Сөзімді ұғар елім жоқ.
51
Моласындай бақсының,
Жалғыз қалдым тап шыным!
(«Сегіз аяқ»)
Поэмада осы ойлар мысалмен ұғындырылған. Масғұт бейнесі Абай-
ға сүйкімді, оның басындағы жағдайлар Абайдың өз халіне ұқсас. Сон-
дық тан да Масғұттың аузына өз жанын қинаған күйінішін, өз сөздерін
салады. Оқиғаны баяндай отырып, «ызалы жүрек, долы қолы» ырық
бермей, өз атынан да сөйлеп кетеді.
Ендігіге не сұрау бұл жалғанда,
Ақыл-ой, ар-намыс жоқ еш адамда.
Өлген мола, туған жер жібермейді,
Əйтпесе тұрмас едім осы маңда, –
дейді өз атынан. Поэманың идеялық түйіні бойынша, жалғыз есті адам-
ның надан елдің тұншықтырған құшағынан босануы қиын. Елге пайда-
сы тиюі үшін оны түсінетін өзі теңдес əділетті, қайырымды орта керек.
Бұл идея «Əсемпаз болма əрнеге» өлеңіндегі:
Қайрат пен ақыл жол табар,
Қашқанға да қуғанға.
Əділет, шафқат кімде бар,
Сол жарасар туғанға.
Бастапқы екеу соңғысыз,
Біте қалса қазаққа,
Алдың – жалын, артың – мұз,
Барар едің қай жаққа?! –
дейтін жолдарымен үндеседі. Ақынның өзі өмір сүрген заманның шын-
ды ғы на əкеледі. Дастанның соңында Масғұт жындылардың ортасында
жал ғыз сау болып жүрудің қиын екенін сезіп, жынды судан өзі де ішіп,
жын ды лар ға қосылып кетеді. Бірақ Абайдың өз өмірі өзіңмен жал ғыз
алысумен, күреспен өткендігі бəрімізге аян.
Абай Масғұттың жындыларға қосылып кеткенін қаламайды:
Көптің бəрі осындай мысал етсең,
Көп айтты деп алданып уағда күтсең,
Ғапыл боп көп нəрседен бос қаласың,
Аңдамай көп сөзімен жүріп кетсең, –
деп көп айтты екен деп наданның айтқанына көніп, өз жолыңнан таймау
керектігін аңғартады.
52
Поэмада сонымен қатар ақынның əйел қауымын қадір тұтуға, олар-
дың отбасының берекесін сақтаудағы, қоғамдағы зор рөлін тануға ба ғыт-
та ла тын көзқарасы айқын көрінеді. Мысалы:
Еркектің еркек адам болса қасы,
Қатын шеше, қызы жоқ кімнің басы?
Хан қаһар, қара кісі қастық қылса,
Сонда ұрғашы болмай ма арашашы.
Тегінде адам басы сау бола ма?
Бойында тексерілмес дау бола ма?
Ері ашу айтса, əйелі басу айтып,
Отырса бұрынғыдай жау бола ма?
Ақын Масғұттың адамгершілігін, ақылын көпке үлгі етеді. «Ескен-
дір», «Масғұт» поэмасының тақырыбы, құрылысы, идеясы жағынан ор-
тақ ұқсастықтары бар ма?! Біздіңше, бар. Олар:
1) екі поэма да шығыста бұрыннан белгілі аңыз-əңгімелерге құ рыл-
ған;
2) екі поэманың да көлемі шағын, оқиғаға қатысатын адамдар аз;
3) екі поэмада да ақыл, адамгершілік бірінші орынға қойылады. Бұл
«Ескендірде» – Аристотель арқылы, «Масғұтта» Масғұт арқылы кө рі не-
ді. Бірінде есепсіз байлыққа ұмтылған Ескендір, екінші поэмада адал
ең бек пен келмеген байлықтан қашқан Масғұт – негізгі кейіпкерлер.
Олар дың іс-əрекеті «адамдық қасиеттер – мал жию, дүниеқорлық емес,
адам гер ші лік» деген Абайдың негізгі ойларына бағынған.
Достарыңызбен бөлісу: |