Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: Т. Кəкішев, Ө. Əбдіманұлы, А. Қыраубаев



Pdf көрінісі
бет3/53
Дата03.03.2017
өлшемі3,66 Mb.
#5608
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53

«Жұлдыз», 1999. №1

ƏКЕМ ТУРАЛЫ СЫР

Əкемнің ауылға барған сайын сұрайтыны:

– Алматыңда не жаңалық? Кісі таңданарлықтай оқиға естідің бе? Қар-

ны қабақтай, беті табақтай, бойы екі метр алып адам көрдің бе? 

Бірдеңе тауып айтсаң, «Е, иə!» – деп балаша қуанып, шынтақтаған 

жас ты ғын былай тастап, жақындап отыратын. Елден бұрын мəз бола кү-

ліп, айтқаныңа сенетін. Түк таппасаң, «Баяғы жұрт соңынан еріп жүріп 

кө ре тін  баскетболшы  қызды  айтшы.  Махмұд  Есенбаевты  көргеніңді 

айтшы», – деп қайталап айтқызып, тағы мəз болады. 

Енді байқасам, ол кісі үшін күнделікті тіршіліктің ұсақ-түйегі қы зық 

емес екен. «Кім не деді? Сен не айттың? Пəленше неғып отыр?» – дей-


22

тін жыбыр-жыбыр ұсақ əңгімелерді ол кісіден естіген емеспін. Үй іші ңе 

араласып,  семьядағы  «пысықтықтың  жолдарын»  үйретіп,  сы быр ла ға-

нын да көрмедік. Не айтса да, ашық айтатын. Жақсылыққа шын жү ре гі-

мен қуанып, ренішті ішке сақтай біліпті. Айналасынан жақсы əңгіме, кө-

ңіл ді лік ті, өнерлі адамдарды іздеп отыратын. Кішкентай екі бала көрсе, 

кү рес ті ріп, мақтап, балаларының жолдастары келсе, қасына отырғызып, 

əң гі ме айтқызып, еріксіз əңгімеші қылып жіберер еді. Одан бір кез «əкел 

домбыраны!» деп, біраз ойдан шығарып өлең айтқан соң, «Ал енді сен 

айтшы, қысылма», – деп алдындағы бала жігітке ұсынады. Көкірегінде 

сəу ле сі бар кісіге қанат бітіргендей, ойлантып, өнерге құштар қылып жі-

бе ре тін. Бір көрген кісі ұмытпастай адам еді.

– Алматыңда шал көрінбейді, шалдарыңды қайда жібересіңдер? – деп 

күлетін сақалын алып отырып. 

– Ой, папа, қазіргі шалдар өзіңіз сияқты емес пе? Сақалын алдырып, 

сəнімен киініп жүрген соң, байқалмайды ғой. 

–  Е,  өзім  де  сақалыма  оралып  жүре  алмай  отыр  едім,  алып  тастап, 

жақ сы  болып  қалдым  ғой, – дейтін  иегін  сипап.  Қылтанақ  шығармай, 

күн де қырынып отырғанды ұнататын. 

Жалпы, жасы келсе де, өмірге, қызыққа құштар еді. «Ол жақта асы ға-

тын не бар дейсің, шама келсе, бір күн болса да жарық дүниені көр ген ді 

айта  бер», – деп  қоюшы  еді.  Өмірге  тым  құштарлығына  қарап,  кейде 

ақы рет алдында шыдамсыз сияқты болып көрінетін. Төсекте жатып қал-

ған соңғы екі күнінде асқан сабырлылығына қайранмын. «Дала қан дай, 

қар жауып тұр ма?» – деп сұрап қояды. Шешеміз алдыңғы күні қа же ті 

болар деп сүйенетін əдемі таяқ сатып əкеліпті. Оған назар да сал ма ған 

екен. Соңғы күні:

–  Таяқты  əкелші, – деп  сұрапты.  Таяқты  қолына  алып,  олай  қарап, 

былай  қарап,  ұзақ  ұстап  жатыпты  да,  қайтарып  беріп: «Басымды  Ах-

метжан ұстасын», – депті. «Қайдағыны айтады екенсің», – деп шошып 

кеткен шешеме үндемеген. Бар болғаны – сол.

Күзде үйге барғанымда, əңгіме-дүкен құрып отырып айтты: 

– Папаңнан 24 декабрь күні хабар аласың. Əлі қорықпаңдар, 96 жа-

сымда, – деді. – Əйтеуір, бір алтысы бар, 66 емес шығар, одан өтіп бара 

жатырмын ғой, оның беті аулақ, – деп əзілге айналдырып күлді. Отыр-

ған дар Қажымұқанды еске салатын батыр тұлғалы əкеме қарап: «Əри-

не!» – десті. Төбедей болып отырған мынау алып адам, шынында, жүз 

жасайтын сияқты болып көрінген сонда. Бірақ осынау алып дененің кеу-

де сін де гі ақын жүрек жанында кішкентай болып көрінген бəріміздің жү-

ре гі міз ден де тым нəзік екенін ойладық па?

Айтқанындай, 23 декабрь күні «өлді» деген хабар алдым. Көз жұ мар-

дан  екі  минут  бұрын  астындағы  көрпешенің  жиегін  қолымен  сипалай 

берген соң, баласы:


23

– Папа, не іздеп жатырсың? – дегенде, 

– Тырна... ұшты.., – депті. Сөйтіп, кеудесіндегі соңғы минутына де йін 

серік болған өнері «хош!» деп, ұшса керек. Бас жағында cүйеулі домбы-

расы, көзəйнегі мен Сервантестің «Дон Кихоты», Тұрмағамбеттің «Рүс-

тем-Дастаны», Янның «Шыңғысханы» жатты. Əбден ұсталып ескірген 

«Шың ғыс хан ның» парақтары орта тұстан ашық, екі бүктелген.

Өлерінен  шамалы  күн  бұрын  Қызылорданың  базарында  жəрмеңке 

болып  жатқанда,  əнші-жыршыларды  тыңдауға  барса  керек.  Жайғасып 

отыр  екен.  Жанына  келіп  амандасқан  Алмас  Алматовқа: «Алмасжан, 

кəне жырлап жіберші!» – депті. «Қолыма домбыра алып, жырды бастап 

кет тім,  содан  біразға  дейін  отырыппыз.  Қан  базардың  ортасына  жұрт 

үй ме леп, жиналып қалыпты, əрең тарадық», – дейді Алмас (Алмас Ал-

матов – қызылордалық жас жырау. Қазақтың жыр өнерін Францияға ба-

рып, көрсетіп қайтқан). 

Бұл – өнерді  шынымен  сүйген  əкемнің  өмірдегі  шын  болмысы. 66 

жыл өмірінде қандай ауыр қиыншылықтарды бастан өткізсе де, əлсіздік 

көр сет пе ген  кісі.  Шынайы  өнерге  кезіккенде,  жүрегін  тебіренткен  көз 

жасын алақанымен сипап, жалықпай тыңдай білетін.

Əкем 1921 жылы  Қызылорда  облысының  Төменарық  станциясын-

да өмірге келіп, əкесінен ес білмеген кезінде жетім қалыпты. 30-жыл-

дар да ғы  ашаршылықта  анасы  Жұпар  екеуі  жетектесіп,  Сұлутөбедегі 

«1 Май» кол хо зын да ғы нағашыларына келіп паналайды. Сол ауылдың 

құ мы на аунап, cyын ішіп өскен. «1 Май» колхозының құтты топырағы 

«жал ғыз жі гіт» деп, шеттетпей, ауыл ақсақалдары «өзіміздің бір бала-

мыз» деп сыйлапты. Əкемнің жеті атасына дейін жалғыз екен. Өз басы 

да алда – аға, артта інісі жоқ, қиыншылықпен алысып келген, «Бірінші 

көрген туыс қа ным сенсің», – дейтін. Қыз бала болғаныма қарамай, аңға 

да, шөп ке барса да жанына серік қып ертіп жүретін еді. 

1942 жылы Қызылорда пединститутының тіл-əдебиет фа куль те тін де-

гі дайындық курсынан майданға аттанады. Жалғыз баласынан айы рыл-

ған анасы қолда – кетпен, белде – орақ, түннің бір уағында жұмыстан 

қа ңы ра ған жұпыны үйге оралып, төрдегі ұлының суретіне ұзақ тесіліп, 

өз-өзінен күбірлеп сөйлеседі. «Жалғызым-ау, қашан келесің?» – дейді. 

«Жын да ну ға жақын қалғанымда келді-ау бір күні жарқ етіп», – деп оты-

ратын үлкен апамыз Жұпар. Сол ауылда əкеммен соғысқа бірге ат тан-

ған Қо жай қан ның соғыста қаза тапқаны туралы хабар алғаннан кейін, 

анасы күйіктен есінен адасып қалған. Соғыстың əлдеқашан біткеніне он 

жылдан асып кетсе де, бүкшиген ана əкемді көрсе болды, қолынан тас 

қы лып ұстап алып: «Мүтəліп-ау, Қожайқанымды көрдің бе, қашан келе-

ді?» – деп, кемсеңдейтін. Əкем де шыдай алмай, көзіне жас алып: «Ке-

леді, апа, көрдім», – деп, көңілін ауласа, «А-а, солай ма?» – деп қуанып 

қалатын.


24

Əкем  соғыстан  оң  қолынан  жараланып,  елге  оралған  соң,  оқуын 

жал ғас ты ра алмай, колхоздың əр түрлі жұмыстарына араласып кетеді. 

Пен сия ға шыққанша жай колхозшыдан колхоз бастығы аралығындағы 

жұ мыс тар дың  біразын  өз  қолымен  атқарып,  еңбекпен  біте  қайнасқан. 

Ке йін ауыл дық, аудандық советтердің депутаты болды. 

Соғыс біткеннен кейін, 1947 жылдары Сырдария ауданының Бір қа-

зан станциясында «Қызыл егінші» деген ауылда колхоз бастығы Қос құ-

ла қов Базарбай деген кісінің кезінде орынбасары болып қызмет іс те ген. 

Одан «1 Майға»  қайтып  келіп,  ферма  бастығы  болып  жүргенде, 1952 

жылы  Сырдарияның  арғы  бетіндегі  «Амангелді»  колхозына  председа-

тель  сайлап  жібереді.  Дарияның  мұзы  жаңадан  қатып,  адамдар  арлы-

бер лі өтіп жүрген кез. Машинаға жүкті тиеп, бала-шағаны кабинаға мін-

гізіп,  өзі  қайын  атасы  екеуі  жүктің  үстіне  шығады.  Жүйрік  ат,  жақ сы 

итке  құмар  əкем  ақылды  иті  бар  екен,  оны  да  тастамай,  кабинаға  са-

лып алады. Дарияның жағасына келген соң, атам мұзды байқап кө ріп, 

бə рі міз ді  машинадан  түсіріп,  жаяу  өтпекші  болдық.  Жаңа  елге  бара 

жатырмыз деп, біркиер киімдеріне дейін буып, салып тастаған, бар ған 

соң ауылдың ақсақалдарын шақыруға бөтен елден сұрап жүрмейік деп 

со йып,  тұздап  алған  бір  жылқының  еті  бар,  үй-ішінің  керек-жа ра ғын 

тиеген машина дарияның арғы бетін бетке алып, жүріп кеткені сол еді, 

ше ті не жақындай бере, көз алдымызда суға батты да кетті.

Көп  ұзамай: «Колхозымыздың  председателі  үй-орманымен  суға  ке-

тіп ті», – деген  хабар  тарап,  арғы  бет  шуылдаған  адамға  толып  кетті. 

Трактор əкеліп, ілмекпен судың астынан тартқылап жүріп, əзер дегенде 

ма ши на ның қаңқасын шығарды. Əкемнің маған арнап жасатқан бір қол-

дың саласындай ғана кішкентай домбырасы ілінді. Өзге дүниеден ма құ-

рым қалдық. 

Соғыстан кейінгі елдің əлі жетіліп кете қоймаған кезі, бұл сорлылар 

енді қайтып күн көрер екен деп аяп жылап та жатты. Машинаның шо-

ферін соттату керек деп ақыл бергендер табылды. Сонда əкем ма ши на-

ның алдыңғы терезесін бұзып, кабинаның үстіне шығып, мұзға өл ген де 

əрең секіріп түскен жас жігіттің аман шыққанына қуанып, бетінен сү-

йіп ті. Ол да біреудің жалғыз баласы екен, басын құшақтап: «Сотталып 

құ ри тын болдым ғой», – деп еңіреп отыра кетіпті. Кейін үйге талай іздеп 

келіп, сəлем беріп тұрушы еді, «кейініректе қырда киік қуып жү ріп, қаза 

тауыпты» деп есітемін деп айтып отыратын əкем. 

Сонымен  жағада  қол  ұстасқан  екі  адам  қалды.  Қолында  кішкентай 

қызы мен құндақтаулы баласы бар. Бұл қалпымен жаңа елге баруды на-

мыс көріп, əкем арғы бетке өтпей, бізді ертіп, кері қайтты. Сол кезде ол 

кісі 31-ақ жаста екен. 

Алда – қолына кішкентай домбыраны ұстап алған əкем, арада – мен, 

артта – құндақтаулы бала көтерген шешем, жаяу жүріп отырып, Мырзах-


25

мет дегендікіне келдік. Оларда да зəре жоқ. Шай əкеліп, ес жиған соң, 

əкем қолына домбыраны алып, ұзақ өлең айтты. Артынан өлі-тірімізді 

бі лу ге іздеп келген бір топ адам, жылаудың орнына өлең айтып отыр ған 

əкем ді көріп: «Байғұс, есінен айырылған ба?» – деп, қорқып кетсе керек. 

«Қо рық паң дар, есім дұрыс», – деп күлсем, шегіншектей береді. «Үйге 

əрең кіргіздім», – деп күлетін əкем... 

Автордың жеке қолжазбасынан алынды

КҮНДЕЛІКТЕН ҮЗІНДІ...

24.09.1997 

1)  Қапшағайға  конференцияға  бардық.  Өзімді  жақсы  сезіндім.  Ең 

пайдалысы – Мəсура Ғайсақызымен барғанша қатар отырып, əң гі ме ле-

сіп бардық. Ол кісі – Мұхтар Əуезовпен жақын араласқан адам. Мұ ға-

ми ла ға айттым: «Немене, əкеңді ана əйелді алды, мына əйелді алды деп 

позорить етесің дедім», – деді. Мұғамиланы Валентина Николаеваның 

аузымен «делец» дегенге келтірді. «Байлық қуған кісі», – деді. Өзінің Əуе-

зов тің əйелдерге сүйіспеншілігін кешіретінін айтты. Бұл тақырыптың ол 

кісі үшін тым «щепетильный» екенін аңғарғандай болдым.

2)  Стол  басында  Мекемтас  ағаймен  бірге  отырып  қалдық.  Мəсура 

апай орын алып қойыпты. Ол кісі: «Осы жасыма дейін əйелден жақын 

сырлас, дос таппадым. Ғайникамал Құтұмова ұлы əйел ғой. Мұқаң бар 

сырын айтып, оған хат жазған, əрқайсысы 8 беттен», – деді. Оқып шы-

ғып ты. «Мəселе, сексуалды дүниеде ғана емес», – деді. Есіме Мұ қа ға ли-

дың Фа ри за ға арнаған өлеңдері түсті. «Ер сасқанда етектіге жү гі не ді» 

деген осы екен. 



07.10.1997

Жігіттің кейі тентек, кейі сырғақ, 

Нəмəрт көңіл, арзан сыр, іші құрғақ. 

– Мəрттік қайда? – Кітапта, өмірде жоқ, 

Кітап бетін қыздарым қылар тұрақ.

1998 жыл, тамыз

Аурухана. Нұрғиса Тілендиевті құттықтап, бөлмесіне кірдік. Қа ра сай 

батырдың 400 жылдығына арналған концертке бағдарлама жасап отыр 

екен. «Менен басқа осыны жазатын адам да қалмады», – деді. Қы зы ға 

сұрады, кім екенімді. Мен де ауруханалықпын. «Сіз туралы Күлəн апа 

(Тезекбай атаның əйелі) көп айтушы еді», – деп едім. Нұрғиса ағай: «Кү-

лəн арақтан өлді. Көп ішіп кетті», – деді. Күтпеген сөзім. 

«Рактан өлгеннің бəрі арақтан өлген бола ма екен?..» Бірақ бұл сөз ді 

айта қоймадым. Нұрғиса ағайды бірінші рет жақын көріп, сөйлесуім еді. 

Шабытты кісінің арқалы сөздерінің бірі шығар.



26

«Түстен кейін тағы кел», – деді. Əңгімелесуге ықылас білдірді. Түс-

тен кейін уəдемді жұта алмай, кірсем, кісі көп екен. Тура қарсы алдына 

тап келдім. Мимика, сөз, əсерлері – бəрін көңілім мен көзіме сыйғызып 

ал ғым  келіп,  бетіне  қарадым  да  отырдым.  Нұрғиса  ағай  оны  байқап 

отыр. «Əйел  адамдағы  бұл  не  қылық?»  деген  болар.  Көзі  жалт-жұлт, 

кейде сығырая, əсерлене, рөл ойнағандай қарайды. 

Дирижер əйел (өте инабатты кісі) əкелген гүлді алдына алып, айнал-

дыра қарап: «Мынауың жеп-жеңіл ғой, ішінде ештеңе жоқ қой», – деп 

күл ді. Алтыншаш қызымен, күйеуімен келіп, сыйлықтарын беріп жатты. 

Нұр ғи са ағайдың көңілі қатты көтерілді. Алтыншашты сыйлайтынын, 

жақ сы көретінін, оның бір ұшы Асқар Сүлейменовте жатқанын айтты.

«Өнер адамына тəртіп керек...»

03.09. 1998

Рахманқұл ағай туралы Қазақстан даму институты шығаратын эн ци к-

ло пе дия ға мақала жазу үшін тың деректер алуға үйіне бардым.

Операциядан күні кешелер ғана шыққан. Ой, сөз, ықылас баяғы қал-

пы – тың. Адамдардың аты-жөнін жатқа соғады. Сұрадым: 

–  Еске  сақтау  қабілетіңізге  қызығамын.  Жаратылысынан  солай  ма, 

əлде дамытып отырасыз ба? 

– Жақында Манкентте демалып жүргенде 1945–46 жылдар бірге оқы-

ған  бір  қызды  танымай  қалып,  ұятқа  қалдым.  Памяттың  нашарлайын 

дегені шығар, – деді.

– О, о, о..!

16.10.1998

Шора Сарыбаев – қазақтың қазыналы кісісінің бірі. Ол кісіден өлең 

айтуды сұрап еді, жүзі шырайланып, шап- шағын басына үлкендеу болып 

тұр ған ақ қалпағы қодырая түсті. Қуланған көзі, қимылы «Тамашаның» 

əр ті сін көз алдымызға əкелді.

Ұзындау галстугын мойнынан асыра лақтырып жібереді (осы қи мы-

лын да керемет сүйкімділік бар). Қайтадан алдына түсірді.

Сіздер менің мына галстугымның неге ұзын байланғанын білесіздер 

ме? – деді. Əйелім əдейі ұзын байлап береді. Егер түйілген жері кір бо-

лып қалса, одан төменірек байлайды. Ол жері кір болса, тағы тө мен де те-

ді. Мұ ның сыры – сол.

Одан соң, «Ақсұңқарым» əнінің сөзін өзінше пародиялап айтып бер-

ді. Академия қызметкерлері туралы қалжың. Ішінде М.Дүйсенов қос-

қан жері: «ымы да бірге, жымы да бірге, сұмы да бірге» болып келеді 

екен.

«Даусым  кемедегі  мас  матростың  даусындай  болған  соң,  тақпаққа 



көш тім», – деп алып, əп-əдемі даусымен өлең айтты. 

27

Спортқұмар, сахнақұмар, ғылымқұмар, өмірқұмар осы ағалардан бү-

гін гі Нұрғиса Тілендиев сияқты айырылып қаларымыз өкініш.

12.11.1998

З.Қабдолов сөз алды:

– Мен мына өз құрдастарым туралы айтқым келді. Тұрсынбек ғы лым-

да ғы тұтас бір сала – сын тарихын жасады. Зəкиді білесіңдер. Оның ең-

бе гі өз алдына бір төбе. Ал мені олардың қатарына қосасыңдар ма, жоқ 

па, оны білмеймін.

Кей адам өз көлеңкесіне өзі ғашық болып жүреді. Шырақтарым, қол-

да рың нан келсе, біз болыңдар...



19.11.1998

Əуездің анасы қайтыс болып, көңіл айтуға бардық. З.Қабдолов айт-

ты: «Мұхаң: «Өлім қолыма түссе, қып- қызыл қылып ұялтар едім», – де-

ген. Мына – Тұрсекең, біз, мына жақтағы – Рымғали, кафедра мү ше ле рі 

елдігімізді,  елдікті  көрсетсін  деп  (ерлікті  сендер  көрсетесіңдер)  ке ліп 

отырмыз».



24.05.2000

Түркістан университетінде кездесу өткіздім. Концертке ұласты. Р.Бер-

ді баев қа күй тартқызып, Төреғали Қаратаевқа жыр айтқыздым. Əб дуали 

Қайдар сөз сөйледі. Кеш жақсы өтті. Əсіресе «Алғадайды жоқ тау» те бі-

рент ті. Жұрт риза болған сияқты. Осындай кеш 05.06-да Шымкент уни-

верситетінде өтті. 25 жылғы студенттерім келіп құттықтады. 



26.05.2000

Молда Мұсаға арналған (100 жыл) конференцияға қатыстым. Баян-

дама жасадым. Дайындықсыз кірістім. Көңілімнің бір олқы болғаны – 

отырған аудиторияны есепке алмағандығым. Тым ғылымилау сөйледім.



27.05.2000

Рахаңның үйінде қонақ болдық. Қосылып күй тарттық. Жеке-жеке əн 

айттық. Əңгімесін тыңдадық. Талай жыл бұрын болып кеткен жайларды 

жатқа соғады. Зейіні тамаша. Күтімнің əсері ғой. Жеңгей де нəзік даусы-

мен қосылып отырды. Рахаңның ұмтылысының серпінділігінің жанын-

да анау-мынау адам көлеңкеде қалып қояр. Кеше президиумда отырып: 

«Қонақүйде қалай, ішің пыспай ма? Əбдуали қай жағында жатыр? Ол 

өзі қыздарға икемді», – деп қояды.

– Ол кісіні көп көре алмаймыз, – дедім. Айналадағының бəрін өз ие лі-

гін де санайтын мінез-ай. Бұл кісі біреудің əрең көрген ұлы ғой. «Бəрі – 

ме ні кі» дейтін мінезі сақталған».


28

Тағы бір қызығы: Неждет деген жігіт магистрлік жұмысын қорғап, 

шайға  шақырды.  Шығып,  қонақүй  ауласында  отырмыз.  Абдулқадыр 

беймен «Түркология орталығы» жөнінде сөйлестік. Тарқарда: «Ана Тө-

ре ға ли қай жағында тұрады? Сенің есігің қайсы? Ол түнде есік та қыл дат-

пай ма? – дейді Рахаң.

– Ой, ағай, сіздің қарындасыңызға кім өйтіп баса-көктеуші еді, – де-

дім...


29.05.2000

Мекемтас ағай үйіне шақырды. Түркістанға келген екен.

– Келіп тұрып қашып кетті деп айтасың ғой. Сосын бүгін əдейі қал-

дым, – дейді,

–  Рақмет.  Қадір  білер  кісі  қашанда  зəру  ғой.  Жоуанмəртлік  туралы 

біраз айтып отырды. Өлең-əн болған жоқ. Баласы мен келіні тəуір екен.



15.06.2000

Созаққа бардық. Митингісі бітіп, құран оқып жатыр екен. Бірден дас-

тар қан ға кірдік. Халық көп. Киіз үйге тігілген, далаға жайылған. Бір үйге 

кіргізіп еді, далада микрофонмен сөйлеп жатыр екен. Əрі-бері отырып, 

шыдай алмай, сыртқа шықтым. Сөз естиін деп едім. Бітіп қалды. Та мақ 

табылады ғой. Қойшыбай құдамыз басқарып жүр. Белсенді қар таю дың 

үлгісіндей. Тізгінді əлі балаларына бере қоймайды. Ол да бар сияқты.

Қарабура əулие қай ғасырда өмір сүрген? Белгісіз. Қара Бурахан ба?



16.06.2000

Өзім жолдан жаңа келіп жатсам, Əлекең телефон соғады. «Үй алдым, 

сүйінші! – дейді. Сағындық ғой, келіңдер!»дегесін Бағлан екеуміз бар-

дық.  Храпунов  бір  бөлме  беріпті. «Аз  болсын,  көп  болсын,  берекесін 

берсін», – дедім. Ағамыз жаңа отауына не дүние керек екенін тізіп жа-

зып отыр: лəмпішке, патрон, кесе, қасық т.б.

– Мына перделер қанша тұрады? – деп қайта-қайта сұрайды. 

– Оны тəтеміз өзі алады ғой, мен де біле бермеймін, – десем, тағы 

сұ рап қояды.

Өмір бойы тіршілігін тек өзі ғана шешіп үйренген. Сенетін кісі бол ма-

ған. Əлде де сол əдет қалмай отыр. Жаңа тəтеміз тындырымды, салиқалы 

кісі көрінеді.

–  Жамбылға  сен  екеуміз  көп  еңбек  сіңірдік.  Жеме-жемге  келгенде, 

мына мені де туысқандары көре алмайды. Жəкеңнің кіші əйелі қайтыс 

бол ған да, балаларына Сатиха апам қараған. Соны айтсаң, жарылып ке те-

ді. Айтатын нəрселер бар, мен артын жабамын. Оны да білмейді, – деді 

күйініп.


29

19.06.2000

Кафедраға  келсем,  Тұрсекең  бірден: «Еңбегіңді  Шоқан  Уəлиханов 

сый лы ғы на тапсырасың», – дейді. Өзі ашулы.

–  Келіп  маған  диктовка  жасайды. «Ханғалиды  өткізесің», – дейді. 

Осы қашанғы барлық жерде сол ауылдың баласы өту керек? Советіміз 

тү гел сол ауылға жұмыс істейді. Қайда барсаң тықпалайды. Ханғалидың 

ең бе гін білеміз, ескі дүние, – деді.– Сен қалайда өткізесің! – деді. – Осы 

қа зір ден кіріс! 

Мен үшін күтпеген жағдай. Түркістаннан жаңа келдім. Хабарым жоқ. 

Ханағаңның алдына түскенім қалай болар екен? Тұрсекеңнің бұй ры ғы-

мен өткізге тура келді. 

Бір есептен, мен өткізбесем де, одан конкурс азаймайды. Бүкіл гу ма-

ни тар лық ғылымдар бар ғой. Мейлі, көрейік! Ысыла беруге пайдасы бар 

шы ғар. Жер ортасынан астық. Өмір бойы ағалар көлеңкесінде қала бе-

руге де болмас.

20.06.2000

Өлгенде  əрең  құжаттарды  үлгерттік.  Соңғы  екеудің  біреуі  болып, 

са ғат 18.00-де  өткіздім.  Барсам,  алдымда  Ханағаңның  құжатын  алып, 

На ғи ма  жетіпті.  Кетіп  бара  жатып,  ала  кетуді  де  ойламайды.  Деканат 

тарапынан менің қағаздарымның кешіккенін қолай көретіні байқалды. 

Кешке дейін көлденең жұмысты тықпалап, Жанар басқан компьютерге 

жұ мыс істетпей қойды. Үлгере алмай қала жаздадық.

«Өмір – күрес» екенін бүгін тағы еске салды.

Үйге келсем, Əлекең көшкелі жатыр екен. Шайға шақырыпты. Миым-

ның ауырғаны сондай – бармай-ақ қояйын деп едім, тағы телефон со-

ғып: «Күтіп отырмыз!» – дегесін, бардым. Болған əңгіме: 

Ағамыз (75-те ): 

– Бүгін жүкті апарып тастап, базар араладық. Ей, əйелдің аты əйел 

емес пе, мынау бір люстраны көріп, «қыздың баласындай» екен деп, қой-

май алғызды. Көрсетші, əй, люстраңды! 

Жаңа үйленген. Кемпірі (65-те): 

– Қойшы, шай ішіп болсын... «Арырақ отыршы» дегендей сүйкімді 

жымиды.


– Біз жаңа отаумыз ғой. Молодожендерміз. Жақында зəгске барып, 

мы  на ның пəмилісін өзіме көшіріп алдым.

Кемпірдің жүзіне қызыл нұр жүгірді. 

– Қыз пəмилімде болатынмын...

Қонақтардың біреуі: 

– Онда құйрығың мұзға жабысты! 

Шал одан сайын екпіндеп:


30

– Заң зəгске тұрмасаң болмайды, – дейді. Барып бастығына айттым. 

Ме нің аталарым төрт қатын алған. Соның ешқайсысымен зəкске тұрған 

жоқ еді ғой дедім. Олар: «Ой, ата, заңға бағыну керек», – дейді

Қонақтарға қарады: 

– Алыңдар, жеңдер. Сендерге рақмет. Келіп-кетіп тұрамыз! Айт пақ-

шы, ауыл жақта дүкеннен көрдім, екі кісілік əдемі кереует бар екен. Бес 

мың сом. 

Кемпір наздана күлімсіреді: 

– Не может быть. Сен айта бересің. Екі кісілік кереует қымбат қой.

Шал да еркелей қызарып: 

– Əй, өз көзіммен көрдім. Соны алуымыз керек.

Шай ішіліп болды.

–  Ал  енді  мен  алған  дүниелерімді  көрсетейін.  Кемпір  əдемі  жүріп 

барып люстраны əкелді. Тамып бара жатқан тамшы сияқты мон шақ та ры 

бар.


Көзім бірден түсті. Қыздың баласындай екен.

Одан соң əдемі гүлдері бар көгілдір пердені жазды.

– Жас отауға бəрі керек қой! – деп, ынтамен көріп отырған шал мəз 

бола күлді.

Қайтып бара жатқан қонақтардың бірі:

– Ал үйлерің құтты болсын! Жастарыңа жас қосылсын... (Сəл тоқ тап) 

Бастарыңа бас қосылсын, – деп қосты. Шал мен кемпір ақшыл жүз де рі-

не қызыл жүгіріп, бас изеп күлді. 

Кісі шаттыққа бөленгенде осындай боп кететін.

Қолжазбадан


ІІ БӨЛІМ

ҒАСЫРЛАР 

ТЕРЕҢІНЕН 

МАРЖАН 

ТЕРГЕН 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет