Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: Т. Кəкішев, Ө. Əбдіманұлы, А. Қыраубаев



Pdf көрінісі
бет51/53
Дата03.03.2017
өлшемі3,66 Mb.
#5608
түріБағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53

рын оқушы еді?

– Біздің үйде кітап көп болды. Баяғы кітаптардан: «Абай жолы», «Бо-

та көз», «Азамат Азаматыч», «Тихий Дон» жəне Александр Бектің шы-

ғар ма ла ры... Алма кітапханадан төрт-бес кітап əкеліп, оқып отыратын. 

Сол  кітаптарды  екі  күннің  ішінде  оқып  тауысып,  қайта  тапсыратыны 

есім де...  Кітапханада  қанша  кітап  болса,  соны  тауысып  оқып  шықты. 



511

Ме нің көргенім – сол. Алмалар 8–9-сыныптарда оқығанда «Литератур-

ная газетаны» алдырып оқитын. Он жасар болсам да, ол газетті мен де 

оқы дым.  Ауылда  орыс  ұлтының  өкілдері  болмағандықтан,  орысшаны 

бəріміз газеттен үйрендік. Ол кезде мұғалімдер оқушылардан қатты қор-

қа тын. Олардың алдында сабақ беру өте қиын болды. Өйткені оқу шы-

лар  мұғалімдерді  тоқтатып  қойып: «мынауыңыз  былай»  деп  айтатын 

кездерін құлағыммен естідім. Мұғалімнің өзін дұрыс жолға салып оты-

ратын.  Сосын  жоғары  сыныптардың  конспектісін  түгел  алып,  оқи тын 

еді. Алманың біреуге дауыс көтеріп, айқайлағанын, бір баламен ұрыс-

қа нын көрген жоқпын. Бір қасиеті, кез келген мəселені адаммен талдап 

сөйлесетін. Ол жалғыз əдебиетті ғана емес, барлық кітаптарды, матема-

тика, физикаға қатысты конспектілерді оқитын. Мысалы, ертеңгі берген 

са бақ қа  алдын  ала  дайындалатын.  Алма  апай  мектепті  алтын  медаль-

мен бітірді. Мектепте жүргенде «Артекке» барды. Тоғызыншы сыныпта 

оқып  жүргенінде  Қызылорда  қаласындағы  (мүмкін,  Алматыдағы  шы-

ғар) ғылыми конференцияға қатысты. Ғылым жолына түсуі сол кезден 

бас тал ған. 10-сыныпты бітіріп, қолына бір шабаданын алып, Алматыға 

оқу ға аттанды. Қарапайым кісінің қызы, соңынан соңынан ешкім барған 

жоқ. «Оқуға түстім!» деп бір-ақ келді.



Студенттік шағында кітапханадан шықпайтын

– Алма апайдың студенттік кезіне тоқтала кетсеңіз...

–  Əкеміз  анда-санда  ақша  салып  тұрғаннан  басқа,  оқу  бітіргенше 

жағ да йын ешкім біле алмады. Өз еңбегімен, өз күшімен оқыды. Жақсы 

оқып жатқанын газеттен көріп, əке-шешеміз мəз болатын. Мені бала кү-

нім де «Қара тырна» деп атайтын. Өйткені інім жас болғандықтан, бар-

лық  шаруашылықта  əкеме  көмектесетінмін.  Алма  апам: «Қара  тырна, 

жағ да йың  қалай?  Барлық  шаруашылықтың  директоры  сенсің  ғой.  Кө-

мек те сіп жатырсың ба?» деп хат жазатын. Ал жаздағы демалысқа кел-

гені бізге бір үлкен той болатын. Бір жолы аспирантураға түскенін ай-

тып келді. «Туу, жұрттың ағайын-туғаны көп. Қызығамын. Біреуі келіп, 

бі реуі  кетіп  жатады.  Менің  соңымнан  кейде  іздейтін  адам  да  болмай-

ды», – деп қиналатыны бар-ды. Университетте оқығанында да Алманың 

айналасына ең білімді, зиялы азаматтар жиналды. Бұл күнде Қазақ елі-

нің мақтанышына айналған Мырзатай Жолдасбеков, Нұрлан Оразалин, 

Əшірбек Көпішев, Алдан Смайыл, марқұм болған Ризабек Əдуов, Са ғат 

Əшімбаев, Əділбек Тауасаров, бірге оқыған құрбысы Гүлназия Əдуова 

студент кезінде алғашқы кітабын шығарған Үміт атты құрбысы бар еді. 

Ол өте талантты қызы еді, студент кезінде қайтыс болды. Төр тін ші курс-

та оқып жүргенінде Алматыға бір бардым. Күтіп алып, Алматыны қы-

дырт ты, одан кейін əке-шешемізбен бір бардық. Елден Ал ма ты ға қы ды-



512

рып бару деген ол кезде, бір үлкен мəселе еді. Ризабек, Нұр лан дар ды, 

сол кезде көрдім. Ол кісілер: «Ой, Алма апаң, қыдыруды білмейді, тек 

кі тап ха на дан шықпайды» дейтін. Апамның өмірі оқумен өтті ғой. 



– Қай кезде тұрмысқа шықты?

–  Жамбыл  Жабаевтың  Сатыш  атты  баласының  ұрпағына  тұрмысқа 

шық ты. Үш баласы бар. Үлкені Ұлар –Үкімет аппаратында сектор мең-

ге ру ші сі. Одан кейінгі Бұланы Алматыда БАҚ саласында қызмет етеді. 

Өлең ді жақсы айтады, өзі шығарған əндері бар. Ол – Алманың тəр бие-

сін көр ген биязы мінезді бала. Бірақ жолы болмай жүр. Кіші ұлы Бағ лан 

ерке болып өскен. Ол əкесімен бірге Алматыда тұрады. 

– Алма апайды соңғы көрген сəтіңіз...

– Қатты ауырып, 54 жасында, 2001 жылы 5 ақпанда дүниеден озды. 

Дер ті  ауыр  екенін  Астанаға  келгенде  бір-ақ  білдім.  Əрі-бері  емдетіп 

едім, – болмады. Дəрігерлер уақыттың өтіп кеткенін айтты. Өмірінің соң-

ғы ке зе ңін де Мырзатай Жолдасбековтің шақыруымен Л.Гумилев атын да-

ғы ЕҰУ-ға келді. Мырзағаң екеуі – бір адамның Бейсембай Кен же баев-

тың шə кірт те рі. Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де 32 жыл ұстаздық етсе, 

осында бар-жоғы 6-ақ ай жұмыс істеді. 



Өз ұлты үшін ғұмырын арнаған адам

– Алма апайдың жете алмай кеткен арманы не еді?

– Алманың бір ерекшелігі – өз арманын өзі іске асырды. Қайта құру 

за ма ны ның ең қиын кезеңі еді. «Жұрттың бəрі дүниеге, күнкөріске құ мар-

тып кетті. Енді біреулер орысшаға малданды. Əдебиетке, мəдениетке, ұлт-

тық мүддеге көңіл бөлінбей қалды. Осыны не істесем екен?» деп жү ріп, 

ұлттық  рухты  көтергісі  келді. 1993 жылы  Алматы  облысындағы  Жан-

досов ауылында ұлттық мектеп ашты. Бармаған адамы, қақпаған есігі 

жоқ. Бірақ көп басшылар оны түсінген жоқ. Қатты қиналғанда ашуға бу-

лы ғып: «Бұ заман не боп барады? Ұлттық тəрбие, баланың келешегі ту-

ралы айтсам, бір қолымен менімен амандасып, екінші қолымен дə ме тіп 

отырады. Оған не беремін?» – деуші еді. ҚазМУ-ден алатын ең бек ақы-

сын  жұмсап,  бар  жиған-тергенін  салып,  мектеп-лицейді  ашты.  Жана-

шыр жандар қал-қадерінше қолұшын берді. Інім Жақыпбек «Жигулиін», 

«Волга» көлігімді мектепке беріп, көмектестік. Көбіне өз айналасындағы 

Бек сұл тан Нұржекеев, Нұрлан Оразалин, Тұрсынбек Кəкішев, Өмірхан 

Əб ди ман ұлы,  Ғайникен  Бибатырова  жəне  Фаузия,  Гүлназия,  Фарида, 

Ба  қыт,  Бақытжан,  Самал  Дəрібайұлы  сияқты  замандастары  аямай  қол 

ұшын берді. Мен білмеген асыл азаматтар көп болды. Сара Назарбае-

ва  апайымыз  мектепке  келіп, «Бөбек»  қорынан  көмек  көрсетті.  Уни-

верситеттен алған айлығын мектебінің мұғалімдеріне таратып беретін. 

Олар  да  ұлттық  мектептің  қажет  екенін,  ұлт  келешегі  үшін  күресіп, 


513

жүр ген де рін  біліп,  айлық  сұрамайтын.  Университеттегі  сабағы  бітісі-

мен Жандосовқа тартатын. Сол мектепте Тұрсынбек Кəкішұлы ағамыз 

бас та ған  барлық  профессорлар,  ғылым  докторлары  мен  кандидаттары 

дə ріс оқыды. Соларды машинасымен тасыды, кейбіреулері өз көлігімен 

баратын. Сөйтіп, балалардың саны 30-дан 100-ге көбейді. «Қазақтың сө-

зін сөйлейтін 100 бала оқытсам, ұлтжанды 100 азамат болып өспей ме?! 

Шір кін-ай, 100 балама 10-сыныпты бітіртіп, институтқа түсірсем! Со лар-

дың ең болмаса 10-ы ғылым жолына түссе, 10-ы министрлікте қызмет 

істесе, мынау жан-жақтан, жебір болып жалмағандарға тоқтау болар еді 

ғой!  Он  бала  тарихымызды  зерттесе, 10-ы  соны  халыққа  таратса, 100 

іші нен  тым  құрығанда 20 бала  өзіне  шəкірт  тəрбиелесе,  сөйте-сөйте 

хал қы мы здың  ерекшелігін  сақтап  қалар  едік!»  деп  армандайтын-ды. 

Не деген патриоттық сезім десеңізші! Сол жылдары (1993–94 жылдар) 

Аралда пойыздан лақтырған нанды жарыса жүгіріп барып, жерден те-

ріп алып жатқандарды теледидардан көрсетіп жатты. Бір қойды бір бө-

тел ке араққа сатқан заман еді ғой. Сондай қиын уақытта мектеп ашты. 

Бар лы ғын салды, барын берді. Қаржылай қиындықтан мектеп жабылды. 

«Үл кен арманым – ұлттық болмысымызды сақтап қалуға өз үлесімді қо-

сып үлгерсем» дейтін. Өзінше үлгерді, бірақ балалары 10-сынып біті-

ре  алмады.  Дегенмен  сол  балалардың,  бірлі-жарымы  жарып  шығатын 

шы ғар?! Кейіннен ұлағатты ұстазы жөнінде естелік айтар. Мектепте мұ-

ға лім болған адамдардың көздері тірі. Ең бастысы, Алма апам ұлттық 

сананы оятып кетті. «Сенім» атты бағдарлама жасап, «Жаным садаға» 

атты кітап шығарды. Сол кітапта балаға қалай ұлттық тəрбие беру керек-

тігін жазды. Осы жерде айта кетейін, асыл арманын іске асыруда үнемі 

жанынан табылған Самал Дəрібайұлына, апам қайтыс болғанда (жерлеу 

жəне қырқын өткізу рəсімдеріне) азаматтық қолдау көрсеткен Мырзатай 

Жолдасбековке иіліп тағзым етіп, ақ алғысымды айтамын. 

– Алма апай ғылымда қандай бағытта жұмыс атқарды? Бізге бей-

мə лім қандай қырлары бар еді?

– Бірінші бағыты – орта ғасырлардағы шығыстық қисса-дастандарды, 

орта ғасыр əдебиетін зерттеп, ұстазы Бейсембай Кенжебаевтың жолын 

жалғастырды. Екінші бағыты – кейінгі кездері түркологияға ден қо йып, 

зерттеу жүргізіп, 3–4 кітабын шығарды. Үшінші бағыты – өмірінің соң ғы 

жылдарында, негізінен, педагогикалық еңбектерге ден қойды. Жастар-

ды тəрбиелеу, ұлттық сезім, əйелдің отбасындғы биіктігі, бала тəр бие сі 

жөнінде жазды. Келіні болған соң ол кісі – Жамбылды терең зерттеген 

адам. Жыр алыбының термелерін зерттеп, кітап шығарған. Жам был дың 

мақамдарын  қалыпқа  түсіріп,  халыққа  таратқан. «Жамбылдың  келін-

дері» деп естеліктер де жазды. Осы төрт бағытта еңбек етті. Бұ лар дың 

əр қай сы сы бір-бір адамға ғылыми еңбек болады. Қас-қағым сəт тік ғұ-

мы рын  өз  ҰЛТЫНА,  ХАЛҚЫНА  арнады.  Баланың  рухы  биік  болуы 


514

үшін, ол өз елінің тарихын, салт-дəстүрін, болмысын терең білуі шарт. 

Сақ тың, Ғұнның, Тұранның, Қазақтың өткен тарихын терең білген бала 

сол тарихына, бабаларына арқа сүйеп тұрып, сөйлер еді» дейтін Алма 

апам.

«Жұлдыздар отбасы», 2011 жыл

 

ƏРҚАШАН АРАМЫЗДАСЫҢ, АЛМА!

Біз Өзіңді бұдан бір күн бұрын ғана – ақпанның 4-і күні көріп, тіл де-

сіп, «Ал, жақсы. Аманшылықпен жүздеселік!» деп қоштасып, Ал ма ты ға 

қарай түскі пойызбен шығып кетіп едік. Несін жасырамыз, алдында жо-

лық қа ны мыз да қатты секем алып, қорқып қалған жүрегіміз сəл орнына 

түс кен дей болып, үміттеніп қайтқанбыз. Ал келесі дүйсенбі – ақпанның 

5-і күні кешке Астанадан қаралы хабар жетті. Сөйтсек, бұл – сені соңғы 

көруіміз екен ғой; бұл – сенің бой жазып, сонау бір таңғы шықтай таза, 

асыл арманмен үкілі үміт жетектеген өрімтал шақта табысып, содан бер-

гі 30–35 жыл бойы мына өмірдің ащысы мен тұщысын, балы мен уын 

бірге татып, қатар қадам басып келе жатқан достарыңмен риясыз қа йыр-

ла суың екен ғой. Бəрімізбен сөйлесіп, жағдай сұрасып, сенбі күні өт кен 

ұлың Ұлар мен келінің Маралдың үйлену тойына əлдебір себеппен жете 

алмай қалғандарға сəлем айтқаның жадымыздан шығар ма?! Алғы күн-

дер ге артқан сенімің мен тірілерге аманатың осы шығар.

Біз үшін орның əрқашан бөлек еді ғой, Алма! Біз үшін ғана ма? Жоқ, 

əріптестерің – Өзің үлкен үлес қосқан қазақ əдебиеті тарихының ға лым-

да ры үшін де. Өзің талай жылдар жемісті жұмыс істеген ұлтымыздың 

үл кен білім ордалары – қос астанадағы: қазақтың Əл-Фараби атындағы 

Қазақ ұлттық университеті мен Л.Гумилев атындағы Еуразия мемлекет-

тік университеті ұжымдары мен студенттері үшін де. Бүгін ақ шашты 

анаң ғана аңырап, ақ басты ұстаздарың ғана егіліп тұрған жоқ. Алдында 

ғана мейірбан мінез танытып тұрған Табиғат-ана да тамаша бір қызынан 

айы рыл ға нын сезгендей суынып сала берген. Өзің өмірден өткенде бұ-

рын болмаған Астананың аязы аясына алған. Бəлкім, бұл – алты ай қыс 

құшағындағы байтақ төр Арқаның өкініп, жылағаны шығар.

Иə, бəрінен де өкініштісі – өмірден мезгілсіз, ерте өткендігің.

Білім мен ғылым саласындағы көп жылдар бойғы қажырлы ең бек тің 

нəтижесін көрер нағыз кемеліне келген шағыңда, төккен тер, жұм сал ған 

қайрат, күндей жүрек жылуының жемісін терер, ержеткен ұл да рың  мен 

түсірген «қызыңның» қызығын көрер шағыңда – небəрі 54-ке қа ра ған 

жасыңда мына пəниден бақиға аттанып кете бардың. Шамасы, Құ дай ға 

да өзіңдей жақсы адам, аяулы ару, абзал ана көбірек керек-ау. Əйт пе се 

ғылымының қызметшісінен қайраткеріне, мыңның тəрбиешісінен мил-

лион ның ұстазына, қатардағы көптің бірінен Қазақтың қызына ай нал ған 



515

Алма Мүтəліпқызы, сенің арамызда жүре тұрғаның қазіргі на рық қа да, 

қа лың халыққа да қажет еді.

Тағдырдың құлпы пенденің қолында емес. Ендеше, Өзіңнің өмір де гі 

ор ның ойсырап тұрар болса да, дəтке қуат, келер күндерге медеу ете рі-

міз – сенің өзіндік ерекше еңбектеріңнің өміршеңдігі, олардың жер бетін-

дегі қазақ əдебиеттану ғылымы барда, қазақ ұлты барда қоса жа сай тын-

ды ғы. Туған əдебиетіңнің тарихын талай ғасырларға, ерте заман төріне 

оз  дыр  ған ерекше еңбегің еліңнің есінен шығар ма? Өмірде өзің салған 

төл  соқ па ғың ды  бүгінгі-ертеңгі  жүздеген  шəкірттерің  жалғастырып, 

сара жол ға да ұластырарына сенеміз.

 Пəни өткінші, бақи мəңгілік! Сол ғұмырың басталды, аяулы Алма 

дос! 

Бақұл бол!



Бір топ достары

«Қазақ əдебиеті», 2001 жыл, 5 ақпан

ҚЫРАУБАЕВА АЛМА МҮТƏЛІПҚЫЗЫ

Қазақ  əдебиеті  мен  Қазақстан  ғылымы  ауыр  қазаға  душар  болды. 

Көр нек ті əдебиет зерттеуші ғалым, филология ғылымдарының докторы, 

профессор,  Халықаралық  Жамбыл  сыйлығының  лауреаты  Қыраубаева 

Алма  Мү тə ліп қы зы 2001 ақпан  айының 5-і  күні  ұзаққа  созылған 

науқастан дү ние салды. 

Қызылорда  облысының  Сырдария  ауданына  қарасты  Бірқазан  бе-

кетінде 1947 жылы дүниеге келген Алма Мүтəліпқызы Қыраубаева 1970 

жылы Əл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің 

филология  факультетін  бітіргеннен  кейінгі  барша  өмірін  ғылым  мен 

ұс таз дық жұмысқа арнады. Бұл жолда ол өзін білімді ғалым, білікті ұс-

таз ретінде танытып, жұртшылықтың ықылас-ілтипатына бөлене біл ді. 

Əсіресе  қазақ  əдебиетімен  көркемдік  ойының  бастау  тегіне  қа тыс ты 

жүргізген табанды да тыңғылықты зерттеулерінен өзіндік ой-тұ жы рым-

да ры мен тың пайымдаулары үшін оны өз əріптестері дарынды да дара 

ғалым ретінде зор құрмет тұтатын. Оның «Қисаси-Рабғұзи» мен «Ма хаб-

бат на ма ның идеялық-көркемдік ерекшеліктері» деген та қы рып та ғы кан-

ди дат тық жəне «Қазақ дастандарының көркемдік ерек ше лік те рі» деген 

тақырыптағы докторлық диссертациялары, сондай-ақ «Ға сыр лар мұ ра-

сы» (1989), «Ежелгі əдебиет» (1996) деп аталатын мо но гра фия лық ең-

бек те рі тек қазақ əдебиетінің ғана емес, иісі түркітілдес ха лық та ры мен 

əде бие ті нің тарихына қатысты сүбелі зерттеулер болатын. 

Алма Мүтəліпқызы тал бойына қазақ қыздарына тəн ең асыл қа сиет-

тер ді дарытқан біртуар ару еді. Ол перзенттеріне мейірімді ана, шə кірт-

те рі не ұлағаты мол ұстаз, үлкен-кішіге ілтипатты жан болатын. Осы қал-


516

пын да Алма Мүтəліпқызы Қыраубаеваның жарқын бейнесі оны бі ле тін-

дер дің жадында əрдайым сақталады. 

Л.Н.  Гумилев  атындағы  Еуразия  мемлекеттік  университетінің  рек-

тораты, қазақ жəне шетел əдебиеті кафедрасы Алма Мүтəліпқызы Қы-

рау бае ва ның  қазасына  қайғырып,  марқұмның  туған-туыстарына  көңіл 

ор тақ тас ты ра ды. 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университетінің 

ректораты, қазақ жəне шетел əдебиеті кафедрасы

ҰСТАЗДЫҚ ӨНЕГЕСІ ЕРЕН ЕДІ

Біз үшін, ҚазМҰУ-дың журналистика факультетінде 1990 жылдары 

оқы ған студенттер үшін, Алма Қыраубаеваның орны бөлек-тұғын. Ауыл-

ға деген сағынышы басылмай, қаланың қым-қуыт тіршілігіне көн ді гіп 

кете  алмай  жүрген  тұста  шəкірттер  жүрегіне  алдымен  жол  тапқан  да 

Алма  апай  еді.  Ізгіліктің  əліппесін,  ұстаз  бен  шəкірт  арасындағы  шы-

найы  қарым-қатынастың  үлкен  сезімін  адам  бойына  сіңіре  білетіндей 

керемет қасиеті бар болатын.

«Мұғалімнің бойындағы жеке қасиеттерді жек көру арқылы ба ла ның 

сол пəнге деген жеккөрушілігі оянады» деген де Алма Қыраубаева еді. 

Өз мамандығын қастерлей білген оқытушының əрбір дəрісі қызу пікір-

таласпен, көңіл түкпірінде жатқан ойлардың орамымен астарласып жа-

татын. Ежелгі əдебиет пəніне студенттердің ынтызарлығы соншалық – 

бірде-бір дəрісті бос жібермейтін. Бұл ұстаз еңбегіне деген үлкен құр мет 

болатын. Пəнге деген үлкен құрметтің астарында ұстазға деген шек сіз 

сү йіс пен ші лік жататын шəкірт жүрегінде. 

Осындай сан қырлы қасиеттерімен мыңдаған шəкірт жүрегінен орын 

алған Ұстаздың есімі ұмытылмақ емес. 

Жатқан жеріңіз жарық болсын!

Шəкірттері

«Егемен Қазақстан», 2001 жыл, 7 ақпан

ОЛ ЖАҚҚАН ШЫРАҚ СӨНБЕЙДІ

Қазақтың  үлкен  ғалым  қызы,  филология  ғылымдарының  докторы, 

профессор  Алма  Мүтəліпқызы  Қыраубаева  өмірден  озды. 1970 жылы 

Əл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің фило-

логия факультетін бітіргеннен кейінгі бар ғұмырын ол ғылым жолына, 

шə кірт тəрбиесіне арнады. Ол шын мəнісіндегі ғалым, ұлағатты ұстаз 

еді. Ұстаз көп, бірақ соның бəрі шəкірт жүрегіне жол таба біледі десек, 

ар тық  болар  еді.  Ал  Алма  Мүтəліпқызы  отбасында  қандай  ана  болса, 

шə кірт те рі не де сондай мейірім шуағын төккен, əдебиет деген əлемнің 

өзі нен жа рал ған дай жан еді. 



517

Оның  «Қисас-и  Рабғұзи», «Махаббатнаманың»  идеялық-көркемдік 

ерекшеліктері»  деген  кандидаттық, «Қазақ  дастандарының  көркемдік 

ерекшеліктері»  атты  тақырыптағы  докторлық  диссертациялары  қазақ 

əде биет тану ғылымына қосылған зор үлесі еді.

Алма Мүтəліпқызының тұла бойы тұнған өнеге болатын. Ол шə кірт-

те рі нің жүрегіне ізгілік нұрын сеуіп, шырақ жағып кетті. Ол шы рақ тың 

сөнбейтініне біз сенеміз.



«Жасалаштықтар»

«Жас алаш», 2001 жыл, 8 ақпан

ЗЕРДЕЛІ БІЛІМНІҢ ЗЕРГЕРІ ЕДІ

Алма Мүтəліпқызы Қыраубаева «Жаным садаға» деп аталатын кіта-

бын «Салауаттылық. Парасаттылық. Білімділік» деген сөздермен аяқ та-

ған еді. Елу үшке қараған жасында дүниеден озған аяулы апаның бі тім 

болмысын осы үш сөз анық айқындайтын-ды.

Алма Мүтəліпқызының қазақ филологиясына сіңірген еңбегі кө  кі  ре  гі 

ояу қауымға түгел мəлім. Түркі халықтарына ортақ орта ғасыр əде бие ті-

мен бүгінгі əлемді тиянақты ұштастыра білген ғалым көп құ  пия  лар  дың 

астарына  үңілді,  зерттеді,  көпшілікке  əлденеше  еңбек  ұсын ды.  Ал  ұс-

таз ретіндегі қадір-қасиеті ше?! Өзі қызмет еткен Əл-Фараби атындағы 

Қазақ  ұлттық  университетінен  білім  алып,  Қазақ  елінің  əр  қиы  рын  да 

жүрген шəкірттері апайларының биік адамгершілік тұлғасын дə йім сүй-

сіне əңгімелейді. Оның филология ғылымдарының докторы, профессор 

ретінде қазақ əдебиеті тарихын тереңдетудегі ізденістеріне əріп  тес  те  рі 

де дəйім тəнті болушы еді.

Алма Мүтəліпқызының соңында халқына қызмет ете беретін ба ға лы 

еңбектері, парасатқа толы өмірлік үлгісі қалды. Дəтке қуаты – сол. 

Топырағыңыз торқа болсын, аяулы тұлға!



«Алтын Орда», 2001 жыл, 9-15 ақпан

ҰСТАЗ ӨЛМЕС БОЛСАЙШЫ...

Қысқа жіп күрмеуге келмей, біреуі қуарып, біреуі қуанып, біреуі се-

міп, біреуі семіріп жатқан мынау қым-қуыт, онсыз да жүрекке зіл түс кен 

өлара кезеңде жақсыларымыздан айырылу оңай ма?

Бұл жылы ақ мылтық ажалдың бұлтартпас құрығы көрнекті əде биет 

зерттеуші  ғалым,  профессор,  мыңдаған  шəкірттердің  сүйікті  ұс та зы 

Алма Мүтəліпқызы Қыраубаеваға түсті. Оның ғазиз жанын ұзаққа со-

зыл ған науқас аурухана төсегінде қиып кетті. Егер өлім адам бейнесінде 

келсе, оны да ұялтатын сөз табар едік, амал не, көзге көрінбей ылғи қы-

зыл сы рап, жалақтап отыратын осынау құрдымның сырын əлі тірі жан 



518

біл ген емес. Дүниеге қағанағын жарып, қылтиып келген əр пенденің рақ-

ме тін, алғысын айтатын ата-анасы, бауырларынан басқа да бір ар да ғы, 

əлпеші болды. Ол рухани аштығыңды тояттатқан, тіршілік құ пия ла ры-

на бойлатқан, ғылымның қия жолында өзімен бірге сені де мəңгі өл мес 

жерұйыққа жетелейтін ұстазың екен-ау!

Алма Мүтəліпқызы тумысынан жүрегінің басына қанағат, шү кір ші-

лік орнаған дегдар адам еді. Егер ол сөйлеп кетсе, айтар ойының тіз бе гін 

əдемілеп, буыныңа түсіріп, миыңа өшпестей шегелеп беретін, ана лық, 

ұстаздық, биік мəдениет – бəрі-бəрі құйылып келіп, тұла бойыңа жылы, 

тұщы мейір тарататын. Ойлап қарасаң, дүние шіркін осындай адамдар-

мен сəулелі екен ғой.

Кез келген жанмен тігісін жатқызып тілдесу, біреудің мұңына мұ ңа-

йып, қуанышына шаттану – оның қанына сіңген қасиет еді. «Басыңды 

кім сипаса, машайығың – сол» демекші, киік отына үймелеген кө бе лек-

тей Алма апайға шəкірттерінің үйірсектігі осында жатыр екен-ау!

Алма Мүтəліпқызы ескі замандарда өмір сүрген Домалақ ене, Қар қа-

бат аналардың заңды жалғасы еді. 

Қайғы – қара теңіз-дүр, 

Сабыр – үлкен бабасы. 

...Құр шалғайсыз шаршатар

Уайымның сары даласы, – 

деп  Аралбай  ақын  жырлағандай,  бұл  қайғы  бізге  де  оңай  соққан  жоқ. 

Кө кі ре гі міз ді жарып бара жатқан ащы жасымызды жүрегіміздің басы-

на домалатып тұрып: «Қош бол, Ұстаз, мəңгілік сапарың мүбəрəк бол-

ғай», – дейміз. 



«Түркістан» газетінің ұжымы мен бір топ студенттер

«Түркістан», 2001 жыл, 10-15 ақпан

 

Батық МƏЖИТҰЛЫ

ҚАЛАМГЕРЛЕРДІ ҚАСИЕТТЕГЕН КЕШ

 

«Өлі разы болмай, тірі байымайды». Осынау қазақ қағидасын ұлық-

та ған Қазақстан Жазушылар одағының басқармасы «Тағзым» атты ру-

ханият клубының қоғамдық жұмысын жандандыруға ерекше мəн еріп 

келеді.  Елім  деп,  қазағым  деп  еңбек  еткен  сөз  өнерінің  арамызда  жоқ 

айтулы  тұлғаларын  еске  алуды,  оны  ұрпақтар  жадында  жаңғыртудың 

мəні  мен  маңызы  бүгінгі  таңда  ерекше.  Сондықтан  аталмыш  шараны 

ұйым дас тыр ған да оның əсеріне, əдемілігіне, жүректен шығып, жүрекке 

жетуіне жіті көңіл бөлінгені көрініп-ақ тұрды. Алматыдағы Ғ.Мүсірепов 


519

атын да ғы  Қазақ  мемлекеттік  академиялық  балалар  мен  жасөспірімдер 

театрының ғимаратында болған «Ай дын ның ақ толқындары» атты еске 

алу кешіне жиналған жұрттың мол қарасы мен оқырмандардың ынта-

ықыласынан есімдерін елі ұмыт пау ға тиісті қаламгер перзенттеріне де-

ген сүйіспеншілікті байқадық.

Алма  Қыраубаева,  Сағат  Əшімбаев,  Ризабек  Əдуов,  Əділбек  Тауа-

саров!  Бұ лар – қазақ  ғылымында,  қазақ  əдебиетінде,  қазақ  журналис-

тикасында  маң дай  терлетіп,  жемісті  еңбек  еткен  тектілердің  жалғасы. 

Азаматтық болмыстарымен, қайраткерлік іс-əрекеттерімен, ұлтын сүй-

ген кесек мі нез де рі мен дараланды. Өздері өмір сүрген қоғамдық фор ма-

ция ның қан дай лы ғы на қарамастан, қазақтың болашағына сеніммен қа-

рап, белсенді күндерді бастан өткізді. Сондықтан да намыс отын алаула-

тып, со ның ғаламат қызулы отымен күйіп-жанды. Сондықтан да жүрек 

пен жүй ке ге аяусыз салмақ түсірді. 45 пен 55-тің арасында мəңгіліктің 

тө рі не оз ған да ры – жұлдыздай ағып өткен тағдырларының əрі қасиетті, 

əрі қасіретті болмысы.

Олар  туралы  ғалым  ұстазы  Тұрсынбек  Кəкішев,  жазушылар  Сайын 

Мұратбеков пен Əкім Тарази, сыншы Зейнолла Серікқалев жүректен тө-

гіл ді ре шерткен мөлдір сырлар ағалық сағыныштардың нəзік күйі тə різ ді. 

Бей не лі естеліктерімен тыңдаушыны толқытты. Мəселен, Алма Қы рау бае-

ва ежел гі дəуір əдебиетін зерттеуімен ерекшеленеді. Қазақ мə де ние ті нің 

ықы лым замандардан бүгінге тамыр тартқанын дə лел дей ді. Күрделі та қы-

рып тар ға бел шешіп кіріскен ғалым ізденудің жанкештілік азабынан еш қа-

шан қаймыққан жоқ. Шығатын биігіне шықты, жететін сө ре сі не жетті. 

Ал Сағат Əшімбаев ше? Терең пайыммен жазылған философиялық 

сын шы лық  еңбектерін  былай  қойғанда, «Парыз  бен  қарызды»  айтып, 

күл лі зиялы қауымды ашық əңгімеге шақырып, қалғыған рухты оятуға 

үлес қосты емес пе? Сол кезеңдерде мұндай сұхбат жүргізудің өте қиын 

жағ дай да орындалғанын ұрпақтар білуге тиіс. 

Ризабек Əдуов – аудармашылық шеберліктің өзіндік мектебін қа лып-

тас тыр ған қаламгер. Əділбек Тауасаровтың Қазақ теледидары тарихы-

нан алатын орны айрықша. «Айтыстың», «Қымызхананың» негізін қа-

ла ды.  Драматург  ретіндегі  талант  қарымын  талғампаз  жұрт  талай  рет 

мо йын да ды. Ең бастысы, бұлар қамшы сабындай қысқа ғұмырдың əр сə-

тін шығармашылық еңбектердің жеңістері мен жемістеріне айналдыра 

алды. Кешке жиналған қауым сүйікті перзенттерінің өз дауыстарын қай-

та дан  тыңдады.  Экрандағы  бейнелерімен  қайтадан  қауышты.  Төр теуі 

де – Қазақ университетінің бір жылғы түлектері. Буырқанған, тұ тас қан, 

жігерлі де талантты толқынның өкілдері. Сонысымен де үлгілі. 

Қазақстан  Жазушылар  одағының  төрағасы  Н.Оразалин  айтқандай, 

«олар тірі». Жаңа кітаптары жарқырап сөрелерден орын алды. Кітаптары 

ғана емес, осы жиын тағы бір қуанышты паш етті. Олардың апыл-тапыл 


520

басқан  немерелерінің  де  тұсауы  кесілді. «Дариға,  шіркін  дəу рен!»  Осы 

əннің аққу сазы оқырмандар жүрегін жылытып, ойын тербеді де тұрды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет