«Егемен Қазақстан», 1997, 30 қазан
АРМАНЫН ҚОЙМАС АДАМЗАТ
(«Замана тудырған əдебиет» туралы ой)
«Алтынды үйге кірсе де, ай нұрын ұстап мінсе де, Арманын қоймас
адамзат», – депті Бұхарекең. Адамда арман таусылған ба!
Əдебиет пен Адамзаттың жүгін арымай арқалаған ағалардың ай қай-
ла май ғана өмірден өтіп кеткені – арман. Сол арқадан ауып түскен сал-
мақ ты арттағы бір інінің көтере алмай тұқшыңдап жатқаны да – арман.
Жазылмай қалған кітап – арман. Айтылмай қалған шер – арман. Біл-
гірсініп қайтейік, өмірдің бəрі – арман.
Уақыт өтпестей, қызық бітпестей көрінеді екен. Сəл уақыт бұрын
ғана өмірден өтіп кеткен Мүсілім Базарбаев та арттағы еліне, əдебиетке,
та рих тың осы бір тұсына аса керек тұлғаның бірі еді. Өмірінің соңғы
жылдарында бұрын айта алмай келген есімдер, кейінгі ұрпақ зердесінен
ұмыт бола бастаған танымдар туралы аса бір шабытпен, өнімді жазып
тас та ған. Көп ойланып-толғанып жатпастан, қызу кіріскен. Бұрыннан
іш тей дайындықта жүргені, арманды ойды қымтай ұстап, айтылар сəтін
ғана күткені аңғарылып еді.
М.Базарбаев соңғы бес жылдың ішінде ғана 3 кітап жазып, жарыққа
шығарыпты. Ол: «Көрікті ойдан – көркем сөз» (1994), «Қазақ поэмасы:
көркемдік ізденістер» (1995, орыс тілінде), «Замана тудырған əдебиет»
(1997). Кітаптарының қай-қайсысында да жаңаша таным, қазіргі заман
көзімен ойлап қорыту байқалады, шығарманы саралаудың негізгі мін де-
ті өмір құбылыстарына мəңгілік құндылықтар өлшемімен қарау екен-
дігін байыптау, көркем туындыдан «ұран» іздеуден арылып, адамның
ішкі дүниесінің ұлылығын іздеуге көшу бар. М.Базарбаев жазған «Қазақ
совет əдебиеті» оқулығын (1954) қырық жылға жуық жаттап өскен ұр-
пақ қа бүгінгі М.Базарбаевтың ұсынары тереңірек, мəндірек. Мəнді мəн-
мен байыту болып шыққандай.
М.Базарбаевтың соңғы «Замана тудырған əдебиет» атты кітабы, жал-
пы алғанда, кешегі əдебиетке бүгінгі көзқарас деңгейін көрсетеді.
Қарастырылған мəселелердің тақырыбына назар салсақ: «Қазіргі қа-
зақ əдебиетінің алғашқы кезеңі (жаңаша бажайлау)», «Замана тудырған
поэзия (кешегі поэзияға бүгінгі көзқарас)», «Əдебиеттер жалғастығы»,
«Тіл тамырлары», «Шəкəрім ақын», «Алып тұлға» (М.Əуезов туралы),
190
«Жамбыл – халық жыршысы», «Аттила кім?» т.б. Аталған мə се ле лер дің
біразы кезінде көп əңгіме болғанымен, бүгінгі көзқарас тұр ғы сы нан қай-
та лай талдауды тілейтіні анық.
Біз бұрын қазақ əдебиеті тарихында арнайы əңгіме бола қоймаған
бір мəселені бөліп алғымыз келеді. Ол – «Аттила кім?», «Осы жазып
отыр ға ны мыз да – қолға түскен бір-екі қысқа əрі көмескі мəліметтерден
ал ған əсер», – дейді туындыгер (482-б.). Шындығында, V ғасырдың 30-
жылдарында румын, мажар жерлерінде көшіп жүрген ғұндардың басын
біріктіріп, Рим империясына қауіп төндірген Аттила (Атилла) кім? Ке-
зін де орысша жазылған еңбектерден көзге шалынса да, қазақ тарихына
қатысы жоқтай, басқа бір елдің азаматын айтқандай, назар аударылма-
ды. Ғұн тарихының өзі қазақ тарихына енді ғана сағалап құйыла бас-
та ған дай. Ғұндардың Алманиядағы іздері, Париждың оңтүстігіндегі
Труа қаласындағы Қаталаун тарихы, Тана (Дон), Борисфен (Днепр),
Бал қан түбегіндегі ғұндардың жолы – мекені қазақ тарихының арна-
лы бұ лақ та ры ның бірі екеніне шындап мойын бұратын кез енді келді.
Осы мə се ле ге алғашқылардың бірі болып «Замана тудырған əдебиет»
туындыгері барып отыр: «Қалай болғанда да Аттила – біздің арғы ба-
бамыз. Сонау сақ тар дан – массагеттерден бастап, қос дария – Окс пен
Яксарт (Əму да рия мен Сырдария) бойын жайлаған, Алтай алқабын
мекендеген, Батыс Сібір сілемдерін жұрт еткен ғұндар түріктұқымдас
ұлыстардың арғы тегі есептелінеді», – дейді. Атилланың есімінің
этимологиясы жөнінде əр түр лі пікірлер бар екенін айта келіп, «атты-
лы», «аттылар» деген түрік сө зі нен шыққандығына жорамал бар екен-
дігін ескертеді. Бұған біз ХІ ға сыр да өмір сүрген Махмуд Қашқари
«Сөздігінен» дəлелдер қосар едік.
Онда: «Атыл – Қыпшақ еліндегі өзен. Бұлғар теңізіне (Каспий) құя-
ды. Бір саласы орыс елінен бастау алады», – делінген (Түбі бір түркі тілі.
А., 1993. 13-б.). Көне заманда Атыл деп Еділді айтқаны бүгінгі күнде кү-
мəн туғыза қояр ма екен? Ал «Окс» – өгіз, су деген мағынаны бе ре тін ді гі
де сонда жазылған. «Жерді көк өгіз көтеріп тұр» дегені – жер ас тын да ғы
суды айтқаны. Ендеше, Атилланың Еділ (немесе Еділбай) екені анық.
Атиллаға еріп барған ғұндардың Орталық Еуропада сіңіп, араласып
кеткені сондай – неміс фашистерімен соғыста Англия радиосы: «Ғұндар
бар лық майданда шабуыл жасауда», – деп сөйлейді екен. Яғни немістер-
ді ғұн дар деп отыр. Бұған Еуропа жұртының жадында ұзақ сақталған
Атил ла ның жорықтары əсер еткен. Атилла жайында: Скандинавия эпо-
сы «Үл кен Эдда», германдықтардың «Нибелунгтер туралы жырында» да
жазылып қалған. Арғы атасы – Баламер – Еуропалық ғұн патшалығын
құр ған (375 жылы дүниеден өткен), оның немересі Мұншық /Мыңзық/
гер ман дық гот ханшасына үйленіп, одан Атилла дүниеге келген. Оның
есі мі нің Атилла болуы Еділдегі атажұртты есте сақтаудың көрінісі деу-
191
ге болады. Жалпы, тарихи сөздердің этимологиясын іздегенде, оны сол
ескі дəуірдегі сөздік қордан қараған дұрыс.
Батыс əдебиетінде Атилланың моңғол кейіпті кісі болғандығына
назар аударған (монголоидтік тип). Ат үстіндегі ғұндардың астындағы
атына жабысып, бірігіп көрінетіні сондай – оларды римдіктер «центвар»
(кентавр) деп атаған. Феликс Данның «Аттила» кітабында (М., 1993)
Бастарына қой терісінен тігіп киген бас киімі төбеден төгіле, шығыңқы
жақ та рын жауып тұрады. Жүздері қоңыр, көздері қысыңқы, қастары
жоқ тың қасында», – деген (277-б). Маңдайын жапқан баскиімнен қас
қай дан көрінсін?
Атилла 453 жылы өмірден өткен соң (Үйлену тойы болған түні өле-
ді), оның құрған империясы да бөлшектеніп, тозып кеткендігі айтыла-
ды тарихта. М.Базарбаев əдеби айналымда бар əдебиеттерді қарастыра
отырып, бұл тақырыпта жинақты, түйінді зерттеу жасаған.
Кітаптағы тағы бір қызықты зерттеу – Шəкəрімнің ақындығы жайын-
да. Шəкəрім шығармашылығы əр қырынан əңгіме болып жүр, бірақ те-
рең, байыпты талдауын күткен бір мəселе – көнеден тартылған түр кі
əдебиеті дəстүрлерінің ақын шығармаларындағы жалғастығы. Бұл дəс-
түр əсіресе дастандарда анық байқалатындығы аян. Зерттеуші Шə кə рім-
нің «Лəйлі – Мəжнүнін» талдай отырып: «Лəйлі – Мəжнүн» оқи ға сын
баяндауда Шəкəрім шығыс аңызының желісінде қалып қоймайды, көп-
ке ортақ болған сюжетті өз тарапынан соны көріністер, пси хо ло гия лық
мінездемелер арқылы толықтырып, шығарманың өмірлік күшін едə уір
арттыра түскен», – деп бағалайды.
Шығыста «Лəйлі – Мəжнүннің» сандаған нұсқалары бар, Шə кə рім
соның ішінен Физулиге сүйенеді. Бірақ дəлме-дəл қайталау жа са ма ған-
ды ғын, көптеген өзгерістері мен айырмашылықтары барлығын Физули
нұс қа сы мен Шəкəрім дастанын түгелдей салыстырып шыққан бір сту-
дентіміз анықтаған еді. Шəкəрім əдісін жалаң аударма емес, аударма-
нə зи ра деген шындыққа жақын келер еді. Зерттеуші Шəкəрімнің ескі
қис са үрдісін қолданғандығын да дөп басады.
Ендігі бір алда тұрған күрделі мəселенің бірі – орта ғасырдағы со пы-
лық ілім, оның позаиядағы көріністері, А.Ясауидың Шəкəрімге дейінгі
байланысы. Сопылық дүниетанымның Ясауиден – Шəкəрімге дейін-
гі үзілмеген үрдісі. Сопыға əулиені қазақ тегін қосып айтпайды. Сопы
болу – мына дүниеде өмір сүріп, бұл дүниемен өмір сүрмеу. (Шах Идрис.
Суфизм. М., 1994. 5-б.). Бұл дүниенің пендешілігінен жоғары тұру, дү ние-
құ мар лық, қызыққұмарлықтан безу, арам нəпсіден тыйылу. Олар ға шық-
тық ты Аллаға қарата айтады, адамның-адамға деген нəзік сезімі өмір-
ден жо ға ры тұрады. Өмірдегі қыздың қиял төрінен орын тепкен бейнесі
қым бат. Лəйлі мен Мəжнүнді алдына келтіріп, жігітті есінен айырған
қыз дың қандай екенін көргісі келген патшаға Мəжнүннің: «О, падишах,
192
Лəй лі ге менің көзіммен қарасаңызшы!» – деуі тегін емес. «Лəйлінің
кү йеуі қайтыс болып, басы босады, енді сүйген Лəйліге қо сыл май сың
ба?» – дегендерге бейшара Мəжнүн: «Маған оның қиялымдағы бей не сі
қым бат», – дейді. Мəжнүнге керегі Лəйлінің өзі емес, қиялындағы бей не
бол ған. Мəжнүн (Қайыс) еуропалық танымның жолын қуған туын ды лар.
Дул си нея ға (көрші əйел Дулсинеяның өзі емес) ғашық болып жүр ген
Дон Кихот та, тоғыз жасар Беатричеден қиялында бір əдемі образ жасап
ал ған Данте де, он екі жасар Пассияны жырлаған Петрарка да өмір де гі
қыз дар ға ғашық болып жүрген жоқ. Мазмұны жағынан сопылық мəн ге
ие бол ған «Мың бір түннің» араб тілінде «Лəйла уа Лəйла» атануы да
қиял да ғы Лəйлаларды туғызған. Осы үрдіс қазақ əдебиетінде көп те ген
ға шық тық дастандарға жол ашты. Олардың жүзге жуығы ға сы ры мыз-
дың басында жарық көрсе, одан неше есе көбі қолжазба күйінде сақ-
талған.
Сопылық поэзияның атақты өкілдері – Руми, Низами, Сағдилар. Түр кі
əдебиетінде А.Ясауи (ХІІ ғ.), Сараи (ХІV ғ.), Хорезми (ХІV ғ.) шы ғар ма-
ла рын да көрінеді. Əзірге бұл мəселе əдебиетімізде Ясауи шы ғар ма ла ры
жөнінде ғана ептеп айтылып жүр. (А.Жақсылықов. Религиозные мотивы
в художественной литературе. – А.: ҚазМҰУ, 1998.). Шəкəрім мен Ақан
серінің елден жырақ жалғыз өмір сүруі мен Баласағұни кітабындағы (ХІ
ғ.). Одғұрмыштың уəзірлік қызмет ұсынып шақырған патшаға бармай,
жеке тұруы, Ясауидің қылуетті мекен етуі – бəрі де жан тазалығын із-
деу, өмірдің қоқыс тірлігімен кірлетпеу. Бұл – бір кездегі сопы-əу лие лер
дəстүрінің жолы. Сопылық ілім діндермен бірігіп кеткен, еуро па лық со-
пылар да бар. Оның көріністері, жоғарыда айтқандай, батыс – шы ғыс
əдебиетінде сайрап жатыр. Соның бірі – «Лəйлі-Мəжнүн». Бұл «Замана
тудырған əдебиет» кітабынан туындаған ойлар еді.
Өткен жылы ғана болған Мұхтар Əуезов мерейтойы тұсында Əуе зов-
ке жаңа бір қырынан келіп, оның мол мұрасының мəн-мағынасын ашуда
қыруар жұмыс істелді. М.Базарбаев та, М.Əуезовтің ағалық алақанында
адал бол ған, қызметтес, пікірлес інісі, əдебиетші ғалым ретінде «Алып
тұл ға» атты көлемді мақала жазған. Мақаладағы ең бір жүрек то лық ты-
рар сөздердің бірі: «Халқымыз ерекше асылдарды «алмастай» деп да-
ралап бөледі. Ал сол алмасымыз жер қыртысының тереңінде мыңдаған
жылдар бойы қысымда жатып түзіледі екен. Данышпандардың тууын
са раң табиғаттың осы құбылысымен ғана салыстыруға жарар», – де лі-
ніп ті. Өзіне биік талап қойып: «Мұхаңа лайық төрелікті айту үшін, оның
өз дə ре же сі не көтерілуі шарт. Биіктен бəрі анық көрінеді», – дейді.
«Өмір мен өлім» тақырыбы – ежелден əдебиеттің негізгі фабулалық
же лі ле рі нің бірі. Б.д.д. 30-ғасырларда жазылған «Гилгамештен» (Бил-
гамос – Білге жыры) Қорқыт атаға дейінгі көтерілетін мəселе – осы.
Жан Жак Руссо айтыпты: «Өлімнен қорқып қажеті жоқ, тірі жүргенде
193
өлім нің не екенін білмейсің, өлім келгенде, өзің де жоқ боласың». Адам
өл меу дің жолын өнерден тапқан. (Адамның қолынан келген ағаты, пай-
далы істің бəрі – өнер). Қорқыттың осы ойын қазіргі жазушылар: «Адам
өле ді, – адамзат өлмейді», – деп түйіндеген. Бірақ осы мəселені түркі əде-
бие тін де алғашқы көтерушілердің бірі болған Қорқыт ата тұлғасы тым
те рең де. Кезінде оған Мағжан ақын бара алған. Мағжанның «Қорқыт»
поэмасы – өзі көп толғанған «Мені де өлім, əлдиле», «Зар», «Ой» өлең де-
рі нің жалғасы. «Өлім» түсінігі де – сопылық ұғыммен жалғасатын үлкен
мəні бар пəлсапа. Шығыс мифтерінде ертеден айтылып келген. Мағжан
оған пəлсапа тұрғысынан келіп:
Өмірде арманым жоқ – Қорқытқа ерсем,
Қорқыттай жанды жаспен жуа берсем.
Жас төгіп, сұм өмірде зарлап-сарнап,
Құшақтап қобызымды көрге кірсем, –
дейді.
Бұл жолдарды əдебиетші М.Базарбаев: «Ақынның ой-толғамдары əле-
мі нен философиялық ұғымды тануға болады», – деп қо ры тын ды лай ды.
Жалпы, Мағжанның «Қорқытына» Қорқыттың тарихи, аңыз дық-миф тік
тұлғасын танып алмай, шығыстағы «өмір мен өлім» мифінің шығу тегі
мен архетипін білмей, оны йудей, араб, түркі мифтерімен байланысты-
ру деңгейіне жете іздемей, бару қиын. М.Базарбаев зерттеулерін ен ді гі
жалғастырушыларға қойылар талаптың бірі осы болса керек.
Кітаптағы Дулат, Майлықожа, Базар жырау, Мұрат Мөңкеұлының
өлең де рін бір-бірімен көркемдік дəстүр, мазмұн-ой əлемі тұрғысынан
салыстырулар тың тұжырымдарға əкелген. Қазақ таным, кеңістік ұғым-
да ры көркем поэзияда мол сақталғандығын кітаптың «Тіл тамырлары»
атты бөлігінде саралайды. «Ұшырай қалған жолаушыға «Эвкалипт»,
«Пальма», «Кипарис» десеңіз, ол еш нəрсеге түсінбес еді.... Егер сіз:
«Əт тең, біздің жерде эвкалипт өспейді», – десеңіз, сонда барып ол: «Бұл
бір өсетін бірдеңе екен ғой деген ойға келуі мүмкін», – деген жолдар көр-
кемсөздің ақын өмір сүрген ортасы мен таным-түсінігінен шығатынын
талдау үшін жазылған.
Кітаптың бұлардан басқа Əлихан Бөкейханов, Жамбыл, Ж.Мол да ға-
лиев т.б. əдебиетші, ақындар туралы жазылған беттерін де тұшына оқу-
ға болады. Əсіресе қазақ əдебиетінің алдында тұрған жаңа мін дет тер ді
айта келіп: «Жетпіс жыл бойы басқаша айтылып, басқаша уа ғыз да лып
келген əдебиет енді өз табиғатына лайық өмір сүріп, оның ерекшеліктері
мен көркемдік-эстетикалық байлықтары терең ескеріліп, жаңаша зерт-
телуі қажет» екенін көрсетеді. Оның жолдары мен бағыт-бағ да рын са-
ралайды. Өз шығармашылығында да мүлде бөлек ағыстар əкелген тə уел-
194
сіз дік тің берген мүмкіндігін тез пайдаланып, тез өндіріп жазып тастауға
асық қан дай. М.Базарбаев асыға жұмыс істепті. Айналасы бес жылда
татымды дүниелер жазып қалдырыпты. Ол туралы əлі талай айтылар,
филология жəне мемлекет ғылымының докторы, профессор, белгілі қо-
ғам қайраткері, əдебиетші Мүсілім Базарбаевтың бұл кітабы – жоғары
оқу орындары студенттеріне оқу құралы ретінде пайдалануға болатын,
оқы ту шы лар мен əдебиетшілер үшін де мəні бар, мағыналы дүние.
«Қазақ елі», 1998, 21-27 тамыз
«ЕЛДІҢ СƏНІН КЕЛТІРГЕН ҚЫЗ – ƏУЛИЕ»
«Астың дəмін келтірген тұз – əулие,
Елдің сəнін келтірген қыз – əулие».
Бұл – қызын қадірлеген халқымыздың ежелден айтылып келе жат қан
сөзі. Қыз əулие болмағанда ше, алыс жатқан ел мен елді жа қын дас ты-
ра тын да – қыз, қысылғанда ел намысын іздейтін де – қыз, нəзік төзім
мен босағаны берік ұстайтын да – қыз. Сондай аяулы қыздарымыздың
бірі – Роза Сахариқызы Қайырбаева.
Роза Сахариқызын əл-Фараби университетінің қызы десе де бола-
ды. Университет қабырғасында қаршадайынан 40 жылға жуық уақыт
қыз мет істеп келеді. 1961 жыл шет тілдері институтының (қазіргі Əлем
тілдері университеті) неміс тілі факультетін тамамдаған əрі ана тілін же-
тік білетін Розаны уақыт талабын байқаған Е.М.Шварцмен өзі меңгеріп
отырған кафедраға, ҚазМУ-ге шақырады. Осы жылдары қазақша бө лім-
дер ашыла бастап, шет тілін қазақ тілімен салыстыра зерттейтін маман-
дар керек болған уақыт еді. Роза осы уақыт мұқтаждығына сай маман
болатын.
Алғашқы ұстазы Кəкен Ахановтың, одан соң Евгений Мои сей ұлы-
ның жетекшілігімен шет тілдерін қазақ тілімен салыстыра оқытудың
ғы лы ми əдістемесі жайында біраз жұмыстар дайындап, жазып жүр ген-
де, бұл саладан қорғататын арнаулы кеңестің Қазақстан түгіл, Мəс кеу де
де жоқ екені анықталды. Амалсыз бəрін қайтадан бастауға тура келді.
Бұл кезде университетке Ленинградтан шығыстану факультетін аяқ-
та ған Мəрзия Мəженова келіп, араб тілінен сабақ берді. Ежелгі түркі
ес керт кіш те рін зерттеу қолға алынды. Қазақстанда түркологияның не-
гізін салған Ə.Марғұлан, Б.Кенжебаев, Ə.Қоңыратбаев, С.Аманжолов
сияқ ты кісілердің ізін ала тіл ғылымында М.Томанов, Ə.Құрышжанов,
Қ.Өмір əлиев сияқты ғалымдар шыға бастады. Роза Ə.Құрышжановтың
жетекшілігімен, XI ғасырдағы алғашқы түркі филологі Махмұд Қаш-
қа ри дің «Диуани лұғат-ит-түрік» (Түркі сөздерінің жинағы) ең бе гі нің
неміс тілінде зерттелуін ғылыми тақырып етіп алды. М.Қашқари – түр кі-
195
лер дің орта ғасырдағы ұлы филологі, өз заманындағы мекендеген түркі
тай па ла ры ның тілі, əдебиеті, тарихы, жер жағдайы, тұрмыс-салты, таң-
ба ла ры мен есімдеріне дейін зерттеп, үлкен-үлкен 3 кітап қылып жазып
қал дыр ған. Кітаптың тілі, ондағы əрбір сөздің архаикалық мағынасы
мен қазіргі баламасы, көне этникалық ұғымдар мен тіркестердің мəнін
ажырата біліп, неміс тілінде Карл Броккельман жазып кеткен ғылыми
ма ғы на сын ашу оңай мəселе емес-ті. Күні бүгінге дейін К.Брок кель ман
еңбектерін түпнұсқадан оқып-пайдаланған қазақ ғалымдарының біре-
гейі Роза болып қалды. Бірақ Роза Сахариқызының мойнына уа қыт тың
артар жүгі одан да басқарақ еді.
Ахмет Байтұрсыновтар арман еткен қазақ жастарының өз ана тілінде
білім алу ойы бірте-бірте іске аса бастады. Соның алғашқы бастаула-
рында тұрған ҚазМУ 1963 жылы, əуелі, тарих факультетінен шет тілін-
де оқытатын бөлім ашып, кейін халықаралық қатынастар факультетіне
айналдырды. Оның қазақ-орыстілді топтарын оқыту үшін қазір Роза Са-
ха ри қы зы басқарған кафедрада 53 мұғалім жұмыс істейді. Қазақ бө лі мі-
нің студенттеріне арнап оқулық жазу, шет тілін ана тілі негізінде оқыту,
міне, жаңа заман міндеті. Осы ауыр да абыройлы міндетті арқалаған Роза
Сахариқызы 1976 жылы өз əріптесі Ж.Бегімбетовамен бірлесіп, жо ға ры
оқу орындарына арналған «Неміс тілі» оқулығын жазып шығарды. 1993
жылы «Немісше-қазақша тілашар» (Ж.Бегімбетова, Н.С. Бондарчукпен
бірлесе жазған) «Санат» баспасынан жарық көрді. Бұлар қазақ бө лі мі нің
студенттеріне мол пайдасын тигізген оқу құралдары болып отыр.
Еліміздің тəуелсіздік алуымен бірге əлемді тануға, тілдерді үй ре ну ге
деген құштарлық күннен-күнге өсе түсуде. Халықаралық қа ты нас та ғы
беделді тіл – ағылшын тілін үйренуге Роза Сахариқызы 1995 жылы Ва-
шинг тон ға жол тартты. Үйдегі жар жолдасы Серікқалидың Қа зақ стан-
ның Америкадағы елшілігіне қызметке баруына байланысты, Рекең де
екі жыл сонда тұрып, сырттан келген ересектерді оқытатын 6 саты-
лы мектепті түгел тауысты. «Павлик скул» деп аталатын бұл мектеп-
ті табандылықпен, ойдағыдай бітіргендерге Америкада істеу құқығы
беріледі. Оны бітірісімен, жаз айларында Джорж-Таун университетінің
же дел де тіл ген курсын оқып шықты. Соңғы бір жылында елшілікте кон-
сул дық бөлімде жұмыс істеді. Мұның бəрін атқарып жүрген жиырма
мен отыздың арасындағы жастық жалын емес екенін еске алсақ, өмірге
деген құлшыныс пен еліне пайдасын тигізуге деген ықыласты жанға таң-
да ныс пен де қарауға болады.
Өз еліне деген сүйіспеншіліктің қандай болатынын Америкада жүр-
ген де жете түсінді. Өз Отанын сағынған кісінің көз алдында өтіп жатқан
тамаша бір көріністер одан сайын жүрегін толқытатын еді: аме ри ка лық-
тар, Рекеңнің айтуынша, қарапайым халық. Жан-жақтан жиналып, құ-
рал ған ел, ұлтқа бөлуді білмейді, олар үшін «американдықпыз» деу ден
196
ар тық мақтаныш жоқ. Əнұранын оң қолын жүрегіне қойып тұрып, кө зі-
не жас ала, шын пейілмен айтады. Төртінші шілдедегі мемлекеттік мей-
рамы күні бүкіл халық далаға шығады. Əркім өзінің ұлттық киімін кие-
ді. Капиталий алдындағы симфонияны жерге отыра қалып тыңдап əрі
балаларына суларын ішкізіп, тəттісін жегізіп, үлгіріп жатады. Концерт
бітіп, орындарынан тұрып кеткенде, жерде бір жапырақ қағаз қал май-
ты нын қайтерсің. Американдықтардың өз елін сүюінен алатын үлгілер
бар шы лық.
Адам өз елінің қасиетін шетелге шыққанда алабөтен сезінеді екен.
Роза Сахариқызының Жаннат атты қызы мен күйеу баласы Дəурен қа-
зір Жапонияда тұрады. Алматының тас көшесінде өсіп, орысша шүл дір-
ле ген балалар Жапонияға барысымен, ұлттық киімдер алғызып, қа зақ
та ға мы ның түрлерін үйреніп, өлеңін тыңдаймыз деп қазақ əндері мен
күй таспаларын сұрап, əлек болды. Өз туған халқының тарихын біл меу-
дің дұрыс емес екенін əңгімелескен сайын айтып отыратын болған Роза
анасы Алматыдан құрт пен қазы салған сəлемдемені жіберіп жатады. Бұ-
рын оған таңғалмайтын балалар ұлттық дəстүрдің қадір-қасиетіне енді
жеткен сияқты. Жаннат – экономика ғылымының кандидаты, Дəу рен
Жапония университетінде математикадан жапон тілінде сабақ береді.
Өз де рі нен білім артыла қоймайтын жапондықтар аз уақытқа бар ған жі-
гіт ті қолқалап алып қалып отыр. Диас немересі Жапонияда туған тұң-
ғыш қазақ баласы екен (Роза əжесі немересі Диасты Алматыға қайтқан
соң, ана тілінен сусын беріп, қазақ сөзінің мəйегінен ірімшік жегізуді
мақ сат етіп, күтіп жүр).
Америка қазақтарды əлі еркін танып үлгерген жоқ, көшеде жүрсең,
қытай ма екен, жапон ба екен деп қалады. Роза Сахариқызы халқын та-
ныту үшін біраз нəрсе істей келді. Əнін айтты, ел тарихын баяндады,
жұп-жұқа қылып қамыр жайып, етін асып, америкалықтарды неше рет
қо нақ етті. Əсіресе Тоғжан атты келіншегі бар Томаспен əлі күнге от ба-
сы лық достық қатынасы жалғасып жатыр. Қазақ қыздарының иба лы лы-
ғы мен босағасына берілгендігі америкалықтарды да тəнті ететін кө рі-
не ді. Соған қарағанда, заман қалай өзгерсе де, қай қоғамда да адам дық
қасиеттер мəңгілік құндылық болып қала бермек. Бұл қасиеттер шы ғыс
қыздарының бойында молырақ.
Тағы бір қызығы – оқудың «көкесі» Америкада деп барып жатқан қа-
зақ балаларының алғырлығына ол жақта таңғалатын көрінеді. Америка
жалауында неше штаттың суреті бар, Аустралияны қанша халық ме кен-
дей ді сияқты сұрақтарға ойланбай жауап беретін жас жігіттер мен қыз-
дар дың жан-жақты білім өресі туралы ол жақтағы пікір жоғары.
Роза Сахариқызы осының бəрін көріп келді, ағылшын тілін үйренді.
Қа зір өзінің кафедра меңгерушілігінің үстіне, аптасына 20 сағат 1–2-
курс студенттеріне ағылшын тілінен сабақ береді.
197
Университеттің 1–2-курсында сырттай оқушылар үшін ағылшын оқу-
лы ғы жазылды (Р.С. Қайырбаева, Г.С. Сүлейменова, М.К. Мақышева)
1997 жылы 17 баспа табақ көлемінде Анкарада басылып шықты. Ха лық-
ара лық қатынас бөлімін бітірушілерге арналған тестілік тапсырмалары
Түр кия да 1996 жылы басылды. Енді ол авторлардың 1-курс студенттері-
не арналған 12 б.т. еңбегі жақында жарық көрмек. Бұл – кафедраны мең-
ге ру əрі сабақ берудің үстіне аз жұмыс емес. «53 қызды басқару қиын
емес пе?» – деген сұрағымызға: «Қыздарымды «əке-көке» деп жұм сай-
мын, өздері мəдениетті. Көпшілігі шетелдерде неше рет болып, ел көр-
ген, жер көрген, шаруаның бəрін ақылдасып істейміз», – деді. Əсі ре се
университет студенттерін тəрбиелеуге бүкіл саналы өмірін арнап келе
жат қан əріптес сіңлілері Мəрияшты, Гүлсімді қимастықпен атап айтып
отырды.
Бұл кісінің тілге, мəдениетке деген құштарлығы қайдан пайда бол-
ды екен?» деген ой келді. Оны түсіну үшін Қазақстанның шығысында
жат қан шұрайлы елді еске аламыз. Өлең айтып, домбыра тартқан, бо-
лыс болған нағашы атасы, Желдібайдан түйін таратамыз (Ол кісі малын
тəр кі леп, қудалауға түскен соң, шекара асып кеткен. Хабарсыз). Жел ді-
бай дың жалғыз қызы – Бибатша, кезінде мұсылманша оқу оқып, шым
жі бек тен зер тоқыған, ақсүйектік тəрбие алған. Роза Сахариқызының мə-
де ние ті мен тегінің бір ұшы – осында, Бибатша анасы – қазір 90-ға келіп
мөл ді реп отырса да, асылдығынан айнымаған кейуана.
Бір сəт армансыз адам болмайтыны есіме түсіп:
– Арманыңыз бар ма? – деп қалдым.
Роза Сахариқызының əдемі ақшыл беті күреңітіп, мөлдір қара көз де-
рі жайлап мұңға батты. Екі шекесін екі қолымен сыға ұстап:
– Арманым – ұлымды жоғалтқаным...– деді. Осы бір жүрек жарасын
қозғамайын-ақ деп, көңілді жауап күте сұрап едім, болмады. Ана үшін
баладан артық бар ма? Көкірегін қарс айырып, мəңгі шемен боп қат қан
са ғы ны шы бəрібір қозғалып кетті. 1988 жылы университеттің фило-
софия-экономика факультетін үздік бітіріп, аспирантураға түсейін деп
жүр ген ұлы көшедегі нашақор бұзықтардың қолынан мерт болды. Бойы
да сұлу, жаны да сұлу, 23-ке жаңа келген ел аузындағы жігіт маң дай ға
сыймай кетті. Сол кездің өзінде экономикалық кризиске тап ке ле ті ні міз-
ді болжап, жолдастарына айтып жүреді екен. Өкініш... Анасы енді оның
уыздай жүзін, қап-қара шашын шəкірттері арасынан іздеп, ал дын да ғы
көз де рі бал-бұл жанып, білімге ұмтылған қара домалақ балалардың іші-
нен елесін көргендей болады. Шүкіршілік етеді. Қырық жылдан астам
уа қыт ішінде алдынан қаншама шəкірттер өтті.
Шəкірттеріңіздің шуағына жылына бергейсіз, Роза Сахариқызы!
Достарыңызбен бөлісу: |