Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: Т. Кəкішев, Ө. Əбдіманұлы, А. Қыраубаев


«Заман-Қазақстан», 1997, 13 маусым



Pdf көрінісі
бет17/53
Дата03.03.2017
өлшемі3,66 Mb.
#5608
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   53

«Заман-Қазақстан», 1997, 13 маусым

КӨКЕЙКЕСТІ АРМАН ҒҰМЫР

– «Көкейкестіні» бір тыңдаған кісі оған мəңгі ғашық болып өтеді.

«Көкейкестіден» кейін күй тартуға болмайды.

Күй бүлк, бүлк. Даланың мұң мен шерге булыққан күретамырындай 

асау бұлқынады. 

– «Сарыжайлау» – қазақтың жерінен айырылып қалған арманы. Ар-

ман күй. 

Сұңқылдаған күй құлақтан құйылып, жүрекке түсті. Бір мезет ке йіп-

ке рім нің  биік  қабақ  астындағы  мөлдір  жанары  əлдебір  нəрсеге  толып 

кеткендей күреңітті. Жайлап көзін жұмды. Сəлден соң тебіренген көңіл 

қақ па сын да біржола жауып алып, үнсіз қалды. Тек айнала иін тірескен 

кі тап тар, ішіне үңілуге жүрек дауаламайтын сығылысқан картотекалар, 

сі рес кен  естелік  қойын  кітапшалар  ғана  иесінің  тынымсыз  тіршілігін 

аңғартады. 

«Қайсар адам ғана өзі туралы үндемейді», – деген Ницше сөзін еске 

түсіреді.

Осынау қайсар адамды ғасырымыздың 50–90-жылдардағы қазағына 

тағдырдың  өзі  тудырған  демеске  болмас  еді.  Филология  ғылымының 

док торы,  Қазақстан  Ғылым  академиясының  мүше-корреспонденті, 

фольклор бөлімінің көп жылғы жетекшісі, Түркістан қазақ-түрік уни вер-

си те ті нің қазақ əдебиеті кафедрасының меңгерушісі Рахманқұл Берді-

бай  есімі  жалпақ  жұртқа  мəлім,  бүкіл  ғұмырын  халқының  көкейкесті 

арманына арнаған адам.

Р.Бердібай  жасаған  сан-салалы  ғылыми-мəдени-азаматтық  еңбектің 

көпшілік білетін ең негізгілерін ғана атасақ:

– отызға жуық ғылыми монография, кітап;

– мыңнан астам мақала;


180

 – 34 жыл Алматы қалалық Халық университетінің қоғамдық негізде-

гі ректоры міндетін алып, 500-ден астам сабақ-дəріс жүргізуші;

– ұмытылып бара жатқан айтыс, жыршы-жыраулық өнерді 60-жыл-

дардан бастап қайта жандандыруға мұрындық болуы;

– шертпе күйшілік өнерін жаңғыртып, шығаруы;

– қазақ əдебиетіне өлшеусіз еңбек еткен Ə.Марғұлан, Ə.Қоңыратбаев 

сынды ғұлама ғалымдар еңбегін жанашырлықпен жүйелеп, бастыруы;

– қазақ мəдениетін сан жылдар теледидардан насихаттауы;

– «Қазақ əдебиеті» газетінің 1955 жылғы 1-санынан бастап қызмет 

етіп, сол кездегі халық тағдырының күрделі мəселелерін алғаш көтеруі 

тағы тағылар.

Осының əрқайсысы өзінің ұлтын сүйген бір-бір салиқалы азаматқа 

жүк болғандай шаруалар еді. Басқаны былай қойғанда, мың мақаланың 

өзі-ақ ұлттық сананы сілкіндіруге қызмет еткен, қазақтың арманды сөзін 

айта алған дүниелер екені мəлім. Осынша қыруар дүниені бір адамның 

жасап шығуы үшін, оны атқарушының жан-жақты қабілеттілігі, та бан-

ды лы ғы мен қайсарлығы, көргені мен көңілге түйгенінің тереңдігі қажет 

болар еді.

Осындай бірегей тұлғаны қалыптастырған не болды екен? Мүм кін, 

Ұлы Жібек жолының бойымен ыңырана қозғалған керуен тіз бе гі нің бі-

рін шығысқа, бірін батысқа шығарып салып жататын, екі дүниенің есі-

гін дей ежелгі өркениет мекені Түркістан өлкесі болар. Сондағы ақ то-

пы рақ ты бұрқ-бұрқ кешкен, өлең айтып, домбыра-сырнай тартуға əуес 

ауыл арасындағы «жаяу серілердің» қызу өмірі ме? Ащысай – Түркістан 

по йы зы ның сарт-сұрт үнінен асыра айқайды салып айтыса кететін жі-

гіт тік  күндер  ме? 1943-те  «Ортақ»  колхозының  атынан  айтысқа  түсіп, 

«ақын болдық» деген риясыз бозбала шақ па? Немесе соғыстан кейінгі 

қам қө ңіл  елдің  көңілін  көтерер  театрына  айналған  халық  ойындарын 

соқ қан жүдеу де болса, сенімі мол уақыт па? Əлде «айтыстан артық қы-

зық бар ма?», «Бəйгеден озған ойын бар ма?» – деп білетін жырауы мен 

жыршысы  əр  үйден  табылатын  ауыл  стихиясының  қалың  ортасында 

өскен адамның балалық дəуренде көргендерін сағынуы ма? Болмаса бү-

кіл  түрік  жұртының  рухани  көсемі  Ахмет  Ясауи  бабаның  имандылық 

өсие ті нен өсіп шықты ма? Жоқ, əлде Бердібай атаның елуге келгенде, 

сол Əзірет сұлтаннан сұрап алған ұлы болғандықтан ба екен?

Сірə, бəрінің де белгілі дəрежеде əсері болса керек. Қырықтан астам 

күй ді жатқа тартатын жас жігіт 1945 жылы Алматыға кон сер ва то рия ға 

тү се мін деп келіп, əдебиеттің бағына филология мамандығын алып шық-

қан. 1947 жылы əдебиетші-студенттің Опера-балет театрының тө рі нен 

күй тартқаны бар. Күйге құмарлығының негізі осында: «Əбікен Хасе-

новті тыңдасаң, шертпе күйді адам баласы тартып отыр ма екен?» – деп 

ой лай сың (кейіпкерімнің сөзі).


181

1965 жылы Халық университетін басқарып жүргенде, құрып кетуге 

та қал ған  шертпе  күйді  іздеп,  жүзден  артық  күй,  оннан  артық  күйшіні 

тап қан. Төлеген Момбековті алып келіп, жаздырып, орта мектептің бағ-

дар ла ма сы на кіргізген, теледидарға шығарып, жұртшылықтың құлақ құ-

ры шын қандырған. Тəттімбеттің елінен Қарқаралы айналасындағы із ба-

сар ла рын іздеген, соның нəтижесінде ғажайып композитордың 150 жыл-

ды ғы аталып өтіп, екі күйтабағы халыққа жеткен. «Шертпе күй дегенді 

қай дан шығардың?» – деушілерге: «Қазақтың аспанына талай Құр ман ға-

зы, талай Тəттімбет, талай Дəулеткерей» сыятынын айтып түсіндірген.

Р.Бердібайдың  Мырзабек  Дүйсенов,  Мардан  Байділдаевтармен  бір-

лесе жүріп атқарған үлкен бір азаматтық ісі 1943 жылы Жəкең ашқан 

үл кен айтыстан кейін іркіліп қалған өнерді қайта жаңғырту болды. Ай-

тысты сағынғаннан туған арман еді ол. Айтылмай кеткен өнерді Мұхтар 

Əуе зов тің музей-үйіндегі Халық университетінің тақырыбы етіп алып, 

со ңын да таланттарды демеу мақсатында сахнаға шығарған, қысқа-қыс-

қа айтыстар өткізе бастаған М.Байбатыров, Ə.Қосбасаров, Ə.Жамбылов, 

Н.Лушниковалар сол кездерде көрерменнің қуанышы болды. Бірте-бірте 

айтыстың қызық екені, керек екені көрінді, сөйтіп, 1980 жылғы екінші 

Республикалық  айтысқа  дейін  көтерілді.  Кейін  Мəдениет  министрлігі 

арқылы қолға алынып, айтыс дамыды. Талай саңлақтар шықты. Жел тоқ-

сан оқиғасына дейінгі ұлттық рухтың желпінген тұстары еді бұл. Ра хаң 

айтысты «сегізінші ғажайып» деп біледі: «Өйткені мұндай өнер дү ние де 

жоқ. Ғасырлар бойы дамыған, мектебі қалыптасқан. Əрі тап қыр лық мек-

тебі, əрі қоғамдық ақиқатты айтудың мінбері. Ақындық ай тыс тың шын-

шыл ды ғы романнан да артық. Көздеген жерге дөп тиетін бірауыз өлең 

қуа ныш қа бөлейді. Айтысты бағалауда алалық болмауы керек. Алалық 

бол ған жерде айтыс құриды». 

Бұдан соң соншалық қажырлылықпен оралған айтыстың қазір қай та-

дан сирей бастағанына қынжылады. 1996 жылы өз қаражатымен өт кіз-

ген К.Шəкеевтің қайраткерлік əрекеті қайталанар ма екен дейді.

1950 жылдардың басы 37-ні қайталағысы келгендей, қазаққа қатты 

болып тигені мəлім. Əдебиетте қара қасқа атты «Қамбар батырдан» бас-

қа сы  «жарамсыз»  болып,  мектеп  оқулығына  дейін  жүдеу  тартып,  оны 

жан-жүрегімен сезінген зиялылардың ішіне шер толып, іштей аһ ұрған 

кез еді. Тіпті XXI съезден кейін де партияның қатал шеңгелінен қорқып 

қал ған елдің мойын көтеріп, бірдеме дегенінің өзі бақыланып отырды. 

Осы кезде мектепте директор болып істеп келген, аспирантураға түссем 

деген арманмен Алматыға жеткен Рахаң, жолығуды аңсаған Мұхтар Əуе-

зов ті көре алмады. Əуезов жоқ. (Мəскеуде ғой). Бейсембай Кенжебаев-

ты  іздеп  еді,  ол  кісіні  жұмыстан  шығарып  жіберген.  Ол  кезде  ұлт тық 

мə де ниет туралы мүлде аз жазылады. «Шіркін-ай, пікір айтатын газет 

болса екен», – деп жүрген кезінде, 1955 жылы көп үзілістен ке йін «Қазақ 


182

əде  бие  ті» қайта шығатын болады. Редактордың орынбасары С.Шəй мер-

де нов тің  шақыруымен  газеттің  бірінші  санынан  бастап  қыз мет  істей-

ді. «Оңтүстік  Қазақстан»,  Қызылорда  облыстық  газеттерінде  өлең мен 

танылып  келген  жігіттің  бағыты  мүлде  өзгеріп,  бірыңғай  ма қа ла  жаза 

бастаған.

Бірақ  «Қазақ  əдебиетіндегі»  жылдар,  əсіресе 1956 жыл  Р.Бердібай 

шы ғар ма шы лы ғы ның ең бір қымбат кезеңі болып тарихта қалды.

Оқиға былай: сол кездегі ҚазПИ-де «Орыс тілін оқытуды жақсарту 

мəселелері» атты конференция болып, газет редакторы Сырбай Мəу ле-

нов 1956 жылы көктемде Мəскеуге шақырылып кеткен Т.Əлім құ лов тың 

орнына  бөлім  меңгерушісі  болып  тағайындалған  жігітті  конференция 

туралы жазып келуге жібереді. Жаппай орыс тілінің насихатталып жат-

қан кезі. Қазақ тілі шетқақпай қалып, орысша шығарма жаза ал ма ған-

дық тан, жоғары оқуға қазақша оқыған балалар түсе алмайтын. Оны орта 

мектепте директор болып келген Рахаң жақсы біледі. Өз мектебін 1953–

55 жылдары үздік бітірген талай қара домалақ бала құлап қалды. Физи-

ка, математика, химиядан жақсы баға алып, орысша шығармадан тыра-

пай асады. Сол балаларды ЦК-ға дейін ертіп апарып та көрген. Онда: 

«Менің қолымда не тұр дейсің...» – дегендей, алақан жайған да қой ған. 

Осының бəрін көңілге түйген газет қызметкері орыс тілін өркендету ту-

ралы жазудың орнына, табиғатына тəн қайсарлықпен, «Ең үлкен мə де ни 

бай лық» дейтін мақала жазады. Бұл 28-дегі жас жігіттің «бас кетсе де 

са да ға» деген жүрек жалынымен істелген батылдық еді.

Мақалада айтылған мəселелер: қазақ тілін қысқарту дұрыс емес; жо-

ға ры оқу орнына түсу үшін орыс тілінде шығарма жаздырып емтихан 

алу қате; «Қазақстан мұғалімі», «Қазақстан коммунисінің» аударма бо-

лып шығуы көңілді көншітпейді; газеттің атына дейін «Көкшетау прав-

дасы» болып орысшаланып барады; «Қамбар батырдан» басқа мұралар 

шық пай қалды, үкіметіміз осыны қарау керек. 

Мақаланы  көріп,  мұншама  батылдыққа  қайран  қалған  С.Мəуленов 

пен Ж.Молдағалиев Ғабең мен Сəбеңе сол күні-ақ оқыттырып алады. Ол 

кісілердің «Баса бер!» деуімен, мақаланың тегеурінді тұстары, редактор 

қаламымен біраз жұмсарып, басылуға кетеді. Цензура ұстап қал ма сын 

деген қауіппен автор сол күні газет кезекшілігінде өзі отырады. Бай қа-

май қалмаса, ұлттық мəселені көрсе, тырнап өшіріп тастайды.

Ертеңіне  газетке  шыққан  мақала  сенсация  тудырған.  Голощекин 

келгеннен кейінгі 30 жылда қазақтың көкірегіне шер боп қатқан мə се-

ле нің көтерілуі қызу пікір қозғап, айтылғаннан да асып түскен хаттар 

келе бастайды. Сол кезде ЦК-дағы ғылым бөлімінде істеген Бейсембаев 

Серікбайға курьер арқылы көрсетіп алып (іш тартады), пікірлерді га зет-

тің əр санына басып отырған. Бір күні редактор М.Əуезовтің келетін бол-

ға нын айтып, жақсы-жаман мақалаларды дайындап қоюды тапсырады. 


183

Жи нақ тал ған мақаланы оқып шыққан Мұхаң (өзінің де айта алмай жүр-

ген мəселесі ғой) қатты риза болып:

– Газеттің мінезі болуы керек. Великий мақала жазыпсыңдар! – дей-

ді. Бұл сөзге шаттанған газет 5–6 ай ішінде нөмір сайын бір проблеманы 

берген де отырған. Бірақ суырмаға салынған хаттардың жоқ болып кете 

беруі күдік əкелетін.

Газет көтерген мəселелер партияны бейтарап қалдыра алмайды, күз-

ді гүні  қыркүйек  айында  талқыланып,  қазақтың  жақсылары  қатысқан 

мə жі ліс қолдап шыққан. Артынша, 10 қазанда «Қазақ əдебиеті туралы» 

деген жасырын қаулы да шығып, «жалпы, мəдени маңызы бар мақала» 

деп алып, Бердібаевтан бастап, өзі Партия тарихы институтында істеп 

жү ріп, ұлттық мəселені көтерген Т.Кəкішев, М.Каратаевтарды сынайды. 

Со ңын да 14 тоқтамнан тұратын қаулы қабылдайды. Газет көтерген бү-

кіл мəселе, оның ішінде, бірақ нəтижесінде «қателескен, бұлар», абырой 

ал ған ЦК болып шығады.

Əңгіме  мұнымен-бітпейді.  Жазушылар  одағында  талқылау  болып, 

Бер ді баевты  «халық  жауы»  Ахмет  Байтұрсыновқа  теңеп,  жеп  жібере 

жаздайды. Жұрт іштей қолдағанмен, əбден үрейі ұшқан. Қатысып отыр-

ған  горкомның  секретарі  С.Мұқановтың  өзін  қақпайлайды.  Орысша 

бол ған жиналыста Ə.Тəжібаев, Нефедов «Казправда» қолдап сөй лей ді. 

Ақыр  соңында  Бердібаевқа  сөз  береді.  Сыбырлаған  жұрт: «мо йын дап 

сөй ле...» – деп қалып жатыр. Бойын жастық жігер мен намыс билеген жі-

гіт мінбеге шыққан бойда: «Газетте жазылғанның бəрі рас қой!» – дей ді. 

Жұрт «еркек тоқты – құрбандық» болып кете ме деп қорқып: «Мо йын-

дадым»  деп  айтшы», – дейді.  Жігіт  орнына  отыра  бере  ғана  амалсыз: 

«Мойындадым...», – деген болады.

Аяғында  Бердібаевты  жұмыстан  шығарады.  Қаулыға  іліккен  адам-

ның  мақаласын  да,  атын  да  баспайтын  кез.  Айқын  Нұрқатов  берген 

аудармамен  күн  көреді.  Осы  кезде  қазақтың  қамын  жемей  жүрмейтін 

Бейсембай Кенжебаев: «жиырма жылдан бері бір топ ақын-жа зу шы лар-

дың мақаласы басылмай жатыр», – деп, оның ішінде Смағұл Са дуа қа сов-

ты  көрсетеді.  Ол  мақаланы  Бердібаев  қарап,  атын  «Өтелмеген  парыз» 

деп өзгертіп, газетке жіберткен болатын. Оған біреулер «партияның ге-

нералды линиясына қарсы шыққан», – дейді ғой. ЦК-ның нұс қа уы мен 

Жазушылар одағы бюро шақырған. Бердібаевты «пəлені ұйым дас ты рып 

отыр ған – осы!» – деп тағы айыптайды. Сол кезде Ғабиден Мұстафин 

қол кө те ріп:

– Осы, бір адамды неше рет жазалауға болады? – дейді. Əнеугүні сы-

на дық,  жазаладық.  Бір  жаза  ма?  Газеттер  жазып  жатыр.  Екі  жаза  ма? 

Жұ мыс тан шығарып жібердік, үш жаза. Онда болды. Жаза – жаза үшін 

емес, адам тағдыры ғой. Егер жазалағыш болсаң, біз де кінəліміз. Бұл 

жазасын алып болған, – дейді. Сөйтіп, Ғ.Мұстафиннің дуалы аузымен 


184

тө  тен  ше төнген тағы бір жазадан аман қалады. Бірақ С.Мəуленов ре дак-

тор лық тан алынады.

Бердібаевтың мақалалары редакторларға да оңай тимесе керек. (Кейін 

ха лық  қамын  жеген  мықты  редактор  болып  халық  жадында  қалды). 

Бер ді баев  «Шығыс  қазынасы»  деген  мақала  жазады,  тыңшылардың 

сес  көрсетуімен  дереу  редакторды  шақырып  алады. «Қазақша  энцик-

лопедия  қажет», – дейді. «Бодандықтан – бостандыққа», – деп  Афри-

ка  отаршыларын  сынайды. «Орысты  айтып  отыр», – деп  редакторды 

тағы діңкелетеді. «Бодандық», – деген «сөзді қайдан тауып алдың деп 

тексереді. (Ол сөзді Абайдың «Ескендірінен» тауып алып, «уһ!» дейді. 

«Əде биет тарихын зерттеудің кейбір мəселелері» мақаласы үшін зəбір 

көр ген дер бар. Мақаланы басқан «Көкшетау правдасының» редакторы 

қу ғын дал ған.

Бердібаевтың жазғандарына қарсы «Зиянды мақала» деген авторсыз 

пікірлер де шығып жататын. Молотов, Кагановичті айтып келіп, «солар-

мен бағыттас, жас ұлтшыл Бердібаев» аталатын. Осы халден ада-күде 

ажыратып алған ұстазы Мұхтар Əуезов болған. Бəрін біліп жүр ген Мұ-

хаң 1957 жылы  Жазушылар  одағының  партия  жиналысында: «Газетті 

сы най сың дар, адамдарды тəрбиелеу керек», – дей келіп, Ра хаң ның «Ұлы 

орыс  əдебиеті»  деген  мақаласын  мақтап  берген.  Ұлт  үшін  зə бір  кө ріп 

жүр ген  кісіні  қорғауға  тілге  тиек  керек  болған  екен.  Осы  жиналыстан 

ке йін Мұхаңның аузымен ақталып шығады.

1956  жылы  Р.Бердібаевтың  «Ең  үлкен  мəдени  байлығымен»  баста-

лып,  ұлттық  сананы  оятқан  мақалалар  нəтижесінде  үш  қаулы  шы ғып, 

1959 жылғы үлкен конференцияға алып келді («Əдеби мұра жəне оны 

зерттеу»). Бұл конференцияда қазақ əдебиетінің тарихы XVIII ға сыр ға 

жет кі зі ліп, тіпті VІІІ ғасырдан бастау туралы ұсыныс айтылғаны мəлім 

(Б.Кен же баев).

Ғасырымыздың  басында  бодандықтан  езілген  елдің  санасын  оя та-

мын деп құрбан болған А.Байтұрсыновтардың ісін 50-жылдарда жал ғас-

тыр ған бір шоғыр ұлтшыл азаматтардың бірі Бердібаев болған еді. Жа-

нын жалау қылған осы кісілердің алдында кейінгі ұрпақтың өтел ме ген 

қарызы бар. Орыс тілінде шығарма жазу емтиханының алынуы ауыл да-

ғы қазақ жастарының оқуға құлшынысына себеп болып, қоғамға елеу лі 

үлес қосқан 60-жылдардың қазақ зиялысын өсіріп шығарады.

Əдебиет-мəдениетіміздің  терең  тамырлары  ашылды,  сол  арқылы 

орасан  байлығымызбен  қайта  қауыштық.  Қазақ  энциклопедиясының 

көп томдықтары шығуда. Аударма басылымдар өз көзқарасы бар дер бес 

дү ние лер болды. Соның арқасында шектелген қаламдар ұшталып, жүй-

рік көсемсөзшілер өсіп шықты. 

Адамның  арманды  ойларының  жарыққа  шығып  қалғаны  сол  адам-

ның өзі үшін бір бақыт болса, халық үшін тіпті зор бақыт. Бұл жағынан 


185

келгенде,  Рахаң – «таяқ  жегізіп  сайда  жүрген  кісі  емес,  таяқ  жесе  де, 

қыр да  жүрген» азамат.  Ұлттық сананы  оятуға  өлшеусіз  еңбек сіңірген 

кісі деп білуіміз керек.

Осындай жанкешті кісінің кешегі Желтоқсан оқиғасы кезіндегі əре-

кетін білгім келіп, сұрақ қойдым.

Желтоқсанда Кисловодскіде екен. Бес-алты күн өткеннен кейін теле-

дидардан көрген. Кавказдағы қарашай, балқар, ноғай жігіттері іздеп ке-

ліп, көңіл айтқан. Естіген сайын ұйықтай алмай, тездетіп Алматыға жет-

кен. Колбиннің қабылдауына сұранып, 2 ақпан күні кірген. Орыс басшы 

да мансап іздемеген, əділдігін айтатын кісінің сөзін қажет еткен болуы 

керек мұқият тыңдап, жазып отырған. Айтылған, қыруар мəселенің тү-

йі ні:  институттарда,  оңтүстіктің  балалары  көп  оқиды  депсіздер.  Олар 

мектепте жеті-ақ жыл оқиды, үш жылы мақта терумен кетеді. Ал ма ты ға 

келмей қайда барады? Сол біліммен Ресейге, басқа қалаға оқуға түсе ала 

ма? Қайта дайындық курсын ашып, бір жыл оқытып отыру керек. «Нац-

менді жетілдіру керек», – деп Лениннің өзі айтқан жоқ па еді? 

Р.Бердібайдың бүкіл өмірінің тақырыбы біреу-ақ, ол – қазақ тағ ды ры. 

«Ұлттық идея жоқ жерге араласа алмаймын», – дейді. Осы та қы ры бын 

1959 жылдан қызмет істеген Ғылым академиясының фольклор бө лі мін-

де  ғылыми  негіздесе,  Халық  университетінде  көпшілікке  насихаттап, 

пікір  тудырып,  оның  өзекті  мəселелерін  көтеруді  хат  түрінде  билікті 

орын дар ға ұсыныс етіп отырды. Жазылып-ұсынылған он бес папка хат-

тар дың ішінде ізсіз-түзсіз кеткенімен қоса, орындалғандары да бар: Фа-

раби жылын атап өту, көше, оқу орындарына атын беру; Тəттімбет, Ақан 

серінің  тойларын  өткізу;  Қажымұқан  музейінің  жайы,  алыптың  атын 

кейінгі  ұрпақтың  есінде  қалдыру;  Үш  жүздің  басын  қосқан  Ордабасы 

идеясын жаңғырту тағы тағылар. Көзіміз көрген соңғы хаты жаңа ас та-

на ның рухани болашағы, ондағы 22 процент қазақты көбейту тіл дік орта 

жасау  мəселесіне  арналыпты.  Хатын  жеткізудің  абыр-сабыр  қамымен, 

өз жайын ойдан шығарған да секілді. «Өзіме не пайда?» деген тіршілік 

сұ  рақ  та  ры маңызды еместей көрінеді.

Р.Бердібаев 34 жыл  бойына  қоғамдық  негізде  М.Əуезовтің  музей-

үйінде ғылыми-көпшілік білімін тарату мақсатында Халық уни вер си те-

ті нің сабағын жүргізіпті. Ол дегеніңіз – 500 сабақ, адамның рухани ра-

қат қа бөленген 500 күнгі өмірі. Ұстазы М.Əуезовтің рухына деген адал 

қыз мет. Отыз төрт жылда оның тыңдаушылары қазақ халқының соңғы 

екі мың жыл ішіндегі мəдени-əдеби, фольклорлық, тарихи ескерткіште-

рі, ірі қайраткерлері туралы естіп-тұшынды. Талай біртуар ғалым, өнер 

саң лақ та ры мен  жолықты.  Ертедегі  ғұндар,  Ұлы  Түрік  қағанаты,  оғыз-

қып шақ тар бірлестігі, Қарахан мемлекеті, Алтын Орда, Ноғай ордасы, 

Қа зақ  хандығы  дəуірлерінің  қымбат  мұраларына  қанықты. «Өзім  нені 

тың да ғым келсе, соны тақырып етіп алдым», – дейді.


186

Сабақты  жүргізуге  таңдаулы,  білгір  мамандар  шақырылып,  олар-

дың сөзі теледидар, радио арқылы жалпақ жұртқа тарап жатты. Əл кей 

Марғұлан ғұламаның, Ақжан Машановтың, К.Ақышевтің, Қ.Өмір əлиев, 

Ш.Шокин, А.Жүсіпбековтің лекция-əңгімелері күні бүгінге де йін тың да-

ған жанның есінде. Қазақтың маңдайалды жазушы, оқы мыс ты ла ры ның 

көбі тарихтың жабулы беттерін ашты. Ең жанды пікірлер сонда айтыл-

ды.  Хайролла  Иманғалиев,  Көшеней  Рүстембеков,  Шамшат  Тө ле по ва, 

Алдаберген  Тасқынев  сынды  жыршы-жыраулар  мектебінің  өкіл де рі 

танылды. Кейін республика мақтанышы болған айтыс ақындары ал ғаш 

қа  на  тын қақты. Халық университеті көне өнерлерімізді құрдымға кету-

ден  сақтап  қалуға  айрықша  атсалысты.  Халық  университеті  ұр пақ тар 

ұғы мын да Р. Бердібай өмірінің айрықша мағыналы беттері болып табы-

лады.


Ғалымның отыз шақты кітабының алғашқысы «Əдебиет жəне өмір» 

1958 жылы жазылғанымен, «жас ұлтшылдың» еңбегі 1964 жылы ғана 

жа рық көрді. Содан бері əдебиеттің сан түрлі қырлары мен байланысын 

зерттеген, фольклордың ішкі заңдылықтары мен мағынасын тал да ған. 

«Гүлстанның  бұлбұлдары» (1970), «Аңыздан  романға  дейін» (1976), 

«Ға сыр лар толғауы» (1971), «Қазақ тарихи романы», (1979), «Жыр шы-

лық дəстүр» (1980), «Сарқылмас қазына» (1983), «Эпос – ел қазынасы» 

(1995), «Байқалдан  Балқанға  дейін» (1996) көптеген  кітаптары  оқыр-

ман ның қолына тиді. Биылғы бір жылдың өзінде əдебиеттің арғы-бер-

гі  мəселелерінен  төрт  кітап  жазған: «Тарихи  роман», «Эпос  мұраты», 

«Жұл дыз дар жарығы», «Мұхтар шыңы». Бұл – бір адамның ең тыным-

сыз  өмірі  ішінде  тым  көп  еңбек.  Қай-қайсысының  да  өзіндік  салмағы 

бар, арнайы тоқталып айтуды қажет ететіні айтылып та жүрген, ғылыми 

айналымда зор сұранысқа ие болған дүниелер. Əйтсе де ғалымның өмір-

лік мұратына айналған, бағзы қазақ тағдыры тақырыбына жауап беретін 

«Ға сыр лар толғауы», «Байқалдан Балқанға дейін», «Эпос – ел қазынасы» 

ең бек те рін айрықша атап айтқанды жөн көрдік.

Əсіресе 60-жылдардың  өзінде  Қазақ  əдебиетінің  көне  бастаулары 

VIII ғасырларда жатқанын алғаш сөз еткен, əлі қазақ тіліндегі оқулық, 

бағ дар ла ма ға кіріп үлгірмеген көне жəдігерліктер туралы мəліметтерді 

тауып жинақтаған «Ежелгі жазба мұралар» атты көлемді мақаласының 

өз уақыты үшін маңызы ерекше. Əл-Фараби мұрасы, орта ғасыр ескерт-

кіштері  «Құтты  білік», «Диуани  лүғат-ит-түрік»,  Ясауи  өмірі,  Алтын 

Орда əдебиеті туралы танымдық деректерді келтіруімен құнды.

Ежелден Кіндік Азияны, Сібірді, Алтайды, моңғол, қытай жерін ме-

кендеп, əр түрлі ығысуларда Қап таулары өлкесіне, одан Кіші Азия, Бал-

қан  түбектері,  Еуропаға  дейін  жайылған  түрік  жұрты  Рахаңның  талай 

шарлап өткен жерлері екен. Барған жерінің бəрінде түрік дүниясының 

іл гер гі мұраларын сүзіп, қазіргі жағдайын көңіл елегіне сала жүр ген нен 


187

«Байқалдан – Балқанға»  дейін  кітабы  туған.  Туыстас  түрік  жұр ты ның 

отызға жуық бұтағын саралап, бүгіні мен бұрынғы мəдениетін талдай 

жазған мұндай кітаптар жоқтың қасы деуге болады. Саха, ал тай лық, ха-

қас, тува, ноғай, ұйғыр т.б. түрік халықтарының туыстығын, бірлігін мұ-

рат еткен, үлкен ізгі жүректен туған еңбек.

Ойшылды  толғандырған  «Үш  бірлік»  пен  «Үш  қатер»  мəселесі, 

яғни ұлттық бірлік, дін сенімін нығайту, экология қатері, тіл мəселесі... 

Осы ның  барлығы  да – алдын  алмаса,  келешегімізге  көлеңке  түсіретін 

тол ғақ ты жайлар. Басқаны былай қойғанда, көп жылдар ислам дінін құ-

бы жық  етіп  көрсету  салдарынан  дін  сенімі  қалыптаспай  қалған  қазақ 

жастарын əр түрлі діндерге тарту, доллармен алдау-амалдары жүріп жат-

қа ны – аса қауіпті қатердің бірі. Қазақтар бұрын əр түрлі дінде болып 

келген еді дегенді дəлелдеуге соншалық күш-қайрат жұмсау бүгінгі күн-

де аса маңызды нəрсе ме? Əсіресе Қазақстанда 37 конфессияны тір кеу ді 

үлкен жетістік көретіндерге Р.Бердібайдың сөзінен артық жеткізіп айту 

қиын-ақ: «Қазақстанға жер жаһандағы діндердің бəріне есікті осылай-

ша айқара ашып қойсаңыздар, біздің республика нағыз космополиттік 

елге айналады, ұлттық дəстүр, парыз-қарыз, обал-сауап деген ұғым дар 

жойылады,  ешқандай  зеңбірексіз,  ракетасыз-ақ  жұртымыздың  іргесі 

сөгіледі, бір ата-анадан туғандардың өзі түрлі дінге бөлініп, бір-бі рі мен 

басы қосылмайды, ақыр аяғында діндер арасындағы қайшылықтар көз 

көріп, құлақ естімеген жатбауырлыққа жеткізеді. Рухани жағынан қа зақ 

елін тоз-тозын шығарады».

Кітап  көтерген  тағы  бір  толғақты  нəрсе – рушылдық,  жүзшілдік. 

Əр түр лі жағдайларға байланысты ауық-ауық өршіп отыратын осы қыр-

сық тың кесапатынан қазақ аз таяқ жеген жоқ, бірақ қорытынды қайда? 

Автор: «Осындай  алтыбақан  алауыздықты  өршітетін,  дүниеге  өз  руы-

ның ғана төбешігінен қарайтын басқа емес, көбінесе ел ішіндегі ат қа мі-

нер лер, үлкен парасат жарысына түспей-ақ оңай олжа тапқысы келетін 

«көзі ашық пысықсымақтар» болатын, – дейді.

Кітаптағы «Көзқамандар туралы аңыз» мақаласы бұрын баспасөз бе-

тін де жеке жарық көріп, оқырманға тегеурінді əсер еткені, терең ой сал -

ға  ны есімізде. «Көзқамандар, ең алдымен, өз халқының тілін білмейтін, 

сондықтан  оны  жат  санайтын,  іңгəлап  дүниеге  келгеннен  ержеткенге 

дейін басқа түсінік пиғылда тəрбиеленген жандардан шығады. Олар ға 

өз елінің асыл қасиеттерінің бірде-бірі дарымаған, өзін асыраған, адам 

қа  та  ры  на қосқан халқының тағдырына дұшпанның көзімен қа рап дағ ды-

лан ған, жаратылысынан ақыл-есі бүтін болып туғанмен, мұн дай лар өз 

елі нің перзенті болып жарытпайды. Ана тілін білмегендіктен, халқының 

кө ңі лін де гі мұңды, көкейкесті арманды көзқамандар сезбейді».

Бұл – елдік қасиеттің ақ сүтін еміп өскен əр адамның жүрегін сыз-

дататын  қоғамдағы  ауыр  бір  дерттің  диагнозын  қойып  берген,  жеріне 


188

жет кі зе сипаттаған, шыншылдығымен дөп тиетін анықтама. Орыстілді 

газеттер бетінде де «козкаманство» деген ұғым пайда бола бастауы, ой-

ландыруы – еңбектің зор пайдалылығы.

Тарих беттеріне зер салсақ, əр заманда мұндай дерттің алдын алып, 

оның етек жайып кетпеуін қадағалап отырғанын көреміз. Оған қа тал қа-

ра ға ны сонша – тіпті өз кейпінде болғанмен, өзге елдің ойымен ой ла ған 

бақытсыздарды қайтып ел ішіне жолатпаған. Ондай тағ дыр лар дың сүй-

кім сіз бейнесі халық жадында аңыз-əңгіме, жыр ар қы лы қа лып отыр ған. 

Со ның бір айғағы «Манаста» екенін көрсетіп береді. Одан басқа, но ғай-

лар дың, месхеттік түріктердің аянышты тағдыры, қырым татарлары, Қа-

ра бақ жағдайының себептері де ашылған.

Қоғамның осыншама көкейкесті мəселелерін үлкен жүрекпен жаз ған 

кісіні арғы-бергі тарих та ойшыл дер еді. Ойшылдықтың сананы оя тып, 

ұлттық  ұғым  қалыптастырып,  отаншылдық,  ұлттар  достығы,  бір лік ке 

бастайтын  еңбегін  елдік  құндылық,  баға  жетпес  байлық  деп  қа рай ты-

ны белгілі. Ойшылдар – қоғамның миы мен жүрегі, қолы емес. Ми мен 

жүректің материалдық қадірін өскен елдер де мықты біледі. «Бай қал дан 

Балқанға  дейін»  кітабын  пайдалана  білсе,  мектеп  мұғалімінен  бастап, 

жоғары оқудың барлық түрінде де қолдануға болатын, ел бо ла ша ғы на 

қызмет ететін еңбек.

Ғалымның 1995 жылы шыққан «Эпос – ел мұраты» кітабы да ке ңес-

тік қысымшылық кезінде айтылмай келген діни дастандар, ноғайлы-қа-

зақ жырлары «Қырымның қырық батыры», «Едіге», «Ер Шора», «Қа ра-

сай-Қази», Қарадөң батырдың ұрпақтары, түрік халықтары ауыз əде бие-

тін де гі ортақ сарындар жайлы көп дүниелердің бетін ашады. Но ғай лы-

ның елін қорғайтын ел қалмағанда, он жасар Сүйініштің асық ойы нын 

тастап, соғысқа баруы – елдік рухтың тамаша үлгілері. Оны ел қа пе рі не 

жеткізіп  отырған  ғылыми  еңбектің  пайдалылығы  күмəнсіз.  Ұлы  ұс таз 

Мұхтар Əуезовтің шығармашылығына арналған «Мұхтар шыңы» кіта-

бы да оқушылардың қолына енді ғана тиді.

Бұл кісінің өмірлік критерийі бір-ақ нəрсе: əр адамның бағасы хал-

қы на тигізген пайдасымен өлшенеді. «Қандай да болмасын қай рат кер-

лер ді бағалағанда, олардың ісі жалпы халықтың ұлы мүддесіне қан ша-

лық ты игілікті болғанын алдымен ойлайық», – дейді. («Байқалдан Бал-

қан ға дейін»). Өз жанына Бақытжан Қаратаевтың немере інілері Ер ғо жа 

Қаратаевтың ұрпағы Зоя жеңгейді серік етуінде де заңдылық бар сияқ та-

на ды. Ол кісінің əкесі Қамбар Медетов Алматыдағы филармония ди рек-

то ры ның орынбасары бола жүріп, 1936 жылы Мəскеуге декадаға барған, 

1937 жылы атылып кеткен өнерпаз, аяулы азаматтың бірі болатын.

Көкейкесті арманды арқалап, тынымсыз тіршілігінің тақырыбын ел 

тағдырына айналдырып алған кең ойлы ғұламаның жеке жағдайына тоқ-

та лып, күйзелгенін көре алмайсыз.


189

– Пай-пай, тəуелсіздіктен артық бақыт бар ма?! Талай ұрпақ жете ал-

май кетті ғой! – дейді. Жүрегі қуанышқа толып, соншама ділгірлікпен 

айтады.


Ендігі көкейкесті арманы үш бірлік пен үш қатерде екенін сезінесіз. 

«Үш қатерден сақта, Құдай!» – деп қолына тағы қалам алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет