Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: Т. Кəкішев, Ө. Əбдіманұлы, А. Қыраубаев


«Егемен Қазақстан», 1997 жыл, 8 сəуір



Pdf көрінісі
бет16/53
Дата03.03.2017
өлшемі3,66 Mb.
#5608
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   53

«Егемен Қазақстан», 1997 жыл, 8 сəуір

АРЫ БИІК АЗАМАТ ЕДІ...

(20 сəуір – Ризабек Слəмбекұлы Əдуовтің туған күні)

Егер ол жалған дүниені тастап, мəңгілік нұр мекеніне ұшып кетпеген 

болса,  бүгін  елуге  толып,  ұлан-асыр  қуаныш  болып  жатар  еді.  Жарқ-

жұрқ еткен көзəйнектің ар жағынан отты қара көздері нұрға толып, қай-

рат ты қара шашын маңдайынан асыра сілкіп тастап, тойға келген көп ші-

лік ті құшағына қысып алар еді. Кейбірінің маңдайынан сүйер еді: «Ме-

нің жалғыз ағам, сүйенішім, елуге кепті!» деп, Атыраудан бір «қа рын да-

сы», Шымкенттен біреуі, Қызылордадан бір «інісі», жарты Ал ма ты да ғы 

өзі тапқан «бауырлары» жиналар еді. Солардың бəріне ол сүйеніш бола 

білді, дүние бақпады, кісінің көңіл күйін бақты.

Содан соң отырысты байқаусыз өзі басқарып кететін əдетімен: «Ал, 

аға йын, былай болсын!» – дер еді. Əзіл-күлкінің тиегін ағытып, дуыл-

датып жіберген бір тұста: «Елуге келген еркектің, құдай-ау, көрген күні 


171

осы ғой, мына Гүлекең», – деп төндіріп қояр еді. Ал енді менің бас ты-

ғым – старостам  сөйлейді.  Бастығым  тұрғанда  басқаларына  сөз  бере 

ал май мын!» – деп, қырық жылғы студенттік кездерді бір еске тү сір тіп 

қоя ды.

Соңында  өзі  үшін  маңызды  оқиға  болғалы  тұрғандай,  көпшіліктің 



назарын тағы бір кереметке байлайды: «Ал, ағайын, енді Гүлнəзия əн 

салады. Менің Гүлнəзиям өлең айтқанда тым-тырыс отырасыңдар, – дей-

ді де, – Гүлеке, «Япырайды» айтшы», – деп қиылады. Екі алақанын бі-

рі нің үстіне бірін қойып, тамағын таянады да, өзі осымен екінші-ақ рет 

естиін деп отырғандай, бір лəззатты күй кешуге дайындалады. Үш ба ла-

ның анасы, немерелердің əжесі деуге қимайтын тап-тұйнақтай Гү ле кең 

баяғы  университет  сахнасын  тербеген,  талай  өнерпаздарды  та ңыр қат-

қан,  сыңғырлаған  сопрано  даусымен,  ибамен  ғана  əн  бастайды: «Жаз 

болса... жарқыраған көлдің беті-ай-ау, көгеріп көрінбейді, япыр-ай, алыс 

шеті-ай-ау». Ризабек көзін жұмған қалпы, «Паһ!» – деп қояды. Гү ле кең 

айтып біткен соң, көпшілікті əн құдіреті үшін тұрғызып алдырады. Əр-

кім ге бір жылы сөз тауып айтып, арасында жұрттың шешілмей жатқан 

мə се ле ле рі нің  шет  жағасын  тыңдап, «оны  орамалының  шетіне  түйіп 

алып»,  қарындастарының  жаңа  көйлегін  байқап,  мақтап,  құрдастарын 

қа ғы тып, мəре-сəре қылып қайтарар еді.

Ризабек отырған жерде көңілсіздік болмайды. Дастарқанның бай лы-

ғы на емес, кісілігіне назар аударар еді. Тапқыр сөздер болса, жая жүреді, 

жақ сы адамдар көрсе, айта жүреді.

Тойын өткізіп болған ертеңіне: «Ана пəлешенің анадай жағдайы бо-

лып қалыпты, барып көңілін аулап келейік», – деп, Гүлнəзиясын ертіп, 

маңдайы жарқырап тез-тез басып кетіп бара жатар еді. «Пəленше ше-

телге жүрмекші, Гүлеке, əне бір жүз долларың бар сияқты еді ғой, соны 

апарып берейік», – дейді. Осылай айлап-жылдап күн өте берер еді, жет-

піске де, сексенге де келер еді...

Ризабек Əдуов алпыс-жетпісінші жылдары қалыптаса бастаған жаңа 

қазақтардың өкілі еді. Павлодар облысы Краснокутск (қазіргі Ақ  то  ғай) 

ауданынан мектепті медальмен бітіріп келген ол орысша-қа зақ ша əде би 

тілге бірдей жүйрік болды. Фет пен Тютчевті Қасым Аман  жо  лов  тың өле-

ңі мен қатар оқитын. Орыс-шетел əдебиетінен сабақ беретін мұ ға лім дер-

мен еркін пікірлесетін де сол еді. Сөзі мен қимылынан зия лы лық пен па-

ра сат тың өзгеше бір табиғаты аңғарылатын. Осы қасиеттері ел бас қа рар 

азаматты танытты ма екен, университетті бітірісімен, Ақ то ғай да ғы екі 

тілде шығатын «Коммунистік еңбек» газетінде қызметін бастап, айна-

ласы үш жылдың ішінде газет редакторының орынбасары, екі жылдан 

соң, 1976 жылы Екібастұз аудандық комсомол ұйымының бірінші хат-

шысы болды.



172

1977–79  жылдары – жоғары  партия  мектебінің  тыңдаушысы,  одан 

«Қа зақ стан» баспасында редакторлықтан бөлім бастығына дейін өсті.

1981–87  жылдары  Қазақстан  Орталық  Партия  Комитетінің  нұс қау-

шысы қызметінен бастап, баспасөз, үгіт-насихат бөлімінің сектор мең ге-

ру ші лі гі не дейін көтерілді. Осының бəрі астанаға алыс түкпірден келген 

қа ра  до ма лақ жігіт үшін оңай дүние емес-ті. Неге жетсе де ең бе гі мен, 

маң дай терімен жетті. Мойнына жүктелген қызметіне адал болды.

1988 жылы, 40-қа жаңа ғана тола бере, ҚазТАГ директорының орын-

басары болып келіп, табандата сегіз жарым жыл қызмет істеді. 

Рекеңнің қызмет бабымен ТМД елдеріне, шет жұрттарға барып, та-

лай  жерді  басып,  талай  елмен  қауышқаны,  конверт-папкілерге  салып, 

ұқып тап  сақтап  қойған  төске  тағатын  қатырма-белгілерінен,  мəжіліс 

бағ дар ла ма ла ры нан көрінеді. Татарстан Президенті М.Ш. Шаймиевтің 

инаугурация рəсіміне Қазақстаннан барған 15 кісіден тұратын үкімет де-

ле га ция сы ның  бірі  ретінде; 1990 жылғы  Мəскеуде  ақпарат  айналымы 

мə се ле сі не арналған Кеңес Одағы мен Америка кездесуіне қатысушы; 

Ке ңес  журналистерінің  VІ, VІІІ  съездеріне  барған;  Мəскеудегі  ха лық-

ара лық кітап көрмесіне арнайы жіберілген; Түркияда өткен түркітілдес 

елдердің бірлескен агенттігін құру мəселесіне арналған мəжілісте бол-

ған. Ол жақтан түркітілдес ақпарат агенттіктері бірлестігі (ТИКА) бас 

ди рек то ры ның бірінші орынбасары болып тағайындалып келген. 

Ризабекті алдағы жылдары да мемлекеттік маңызы бар үлкен істер 

кү тіп тұр еді. Халық санағы жөніндегі Республикалық комиссияның мү-

ше сі ретінде, өткен 1989 жылғы санақтың нəтижелері, шарттары, тағы 

басқа  қажетті  мəлімет-құжаттарды  бір  папкіге  тігіп,  жинай  бас та ған, 

істеген тірлігінде ұқыптылықтың, əдеміліктің іздері қалған.

Бір папкада үлкен əкесі Слəмбектің ағасы Қайыргелдінің Фин со ғы-

сын да жүріп жазған өлеңін көшіріп жазып қойған.

Жалпы, əке мен баланың рухани қарым-қатынасы тілмен суреттеуге 

сыя бермейтін бір дүние ғой. Баланың кісілігі көп айтқаннан бола ма, 

көргеннен бола ма – тектіліктің де түбі терең. Ризабектің інжудей əде-

мі жазуларында əкесі Слəмбектің үлгісі бар. Ақсақалдан қалған қо йын 

кітапшадағы моншақтай мөлдіреген небір терең ойларды оқып отырып, 

Ризабектің тəрбиесін, қалыптасқан бейнесін көресіз.

Бармын деп тасыма,

Жоқпын деп жасыма.

Кеудеңде жан болған соң,

Əр іс келер басыңа, – 

дейді. Келесі бетінде таңы бір қызықты əпсана келтіріліпті: «Ағаш құ дай-

ға барып, балтаның үстінен арыз айтады. Сонда құдай оған: «Өзің де бір 


173

сорлы екенсің, балтаның сабы ағаш қой, не деп тұрсың», – деп ті. Қыс қа-

сы, қойын кітапшада Ризабекке берілген тəрбиенің кілті жат қан дай.

Ризабектің атасының аты Əбушахман екен, жеңгелері, көршілері Əду 

деп кеткен, Құжатқа тіркеген кісі: Шалыңыздың аты кім? – десе, əже-

міз шалының атын айта алмай, көршісіне: «Сен айт», – дейді ғой. Көр-

ші сі: «Əду!» – деп тақ еткізеді, содан біздің Ризабегіміз Əдуов бол ған. 

Əдуден тараған жеті ұлдың бірі – Слəмбек. Қайыргелдісі Фин же рін де 

опат болыпты. Слəмбек Əдуұлы 23 жыл тапжылмай туып-өскен Ақ то-

ғай ауданында тұтынушылар одағының төрағасы болып, қызмет іс те ген, 

парасатты, қадірлі кісі атанған. «Жақсының өзінен бұрын атағы жү ре ді» 

деген, от басынан Ордаға қарай суырылып шыққан баланың Алматыда 

30 жыл абыроймен өмір кешуі, жақсы əкенің атына лайықты болсам де-

ген жауапкершіліктен де шығар. Ризабектің елге сыйлы аза мат ты ғы ның 

төркінін əке өнегесінен, ана тəрбиесінен іздесек керек.

Ризабек: «Əркімнің бір ермегі бар. Менікі – аударма» деп қоятын. Со-

ған қарап, ермек қылып жүр екен десең, ерлік жасаған екен. Аударғаны 

бар, құрастырғаны бар, біраз кітап шығарыпты: Американың белгілі биз-

несмені əрі жазушысы Пал Хокеннің «Кəсіпкер болу оңай ма?» (1994), 

Александр  Чайковскийдің  Рузвельт  өмірінің  соңғы  жылдарына  ар нал-

ған «Аяқталмаған портреті», Чех жазушысы Рудо Мористің «Аңшы қор-

жы нын ақтарғандасы» (1983), мектептің 7-сыныбына арналған «Мате-

риктер мен мұхиттар географиясы» (1989, 1994, 1997), «Сəби сөз де рі» 

(1981), «Бала тілі – бал» (1991). Енді Мұрад Аджидің «Біз половецтер-

міз» кітабын аудармақшы болып, дайындалып жүрген екен.

Бала тілінің қызық сəттерін қағазға түсіру ойын Нұргүлінен бастаса 

керек. 

Қаладан  келген  кішкене  немересі  Нұргүлді  жетектеген  атасы  қора-



жайын аралатып жүріп:

– Мынау – жылқы, мынау – сиыр, мінеки, тауық. Ал сенің əкеңнің 

үйін де не бар? – дейді. Нұргүл ойланып тұрып:

– Біздің үйде ванна мен балкон бар, – депті.

Тағы бірде Нұргүл апасына жүгіріп келіп:

– Апа, көкем келе жатыр, – дейді.

– Машинасымен бе?

– Жоқ, бəтеңкесімен келе жатыр, – депті Нұргүл.

Соңғы  жылдары  Қазақ  мемлекеттік  ақпарат  агенттігі  директорының 

орынбасары  бола  жүріп,  Ризабекті  көп  толғандырған  мəселенің  бірі – 

ҚазТАГ-ты қазақша сөйлету болса керек. Оның ішінен Амангелді Ах мет-

жа нов тың шешімімен қазақ бөлімі ашылғанда: «ҚазТАГ қазақша сөй леу-

ге  тиіс»  деген  сұхбат  жарияланыпты.  Онда  Ризабек: «Агенттік  дү ние ге 

келген 71 жыл ішінде қазақша хабар тарататын не бөлімі, не редакция бол-

ма ған екен. Аға буын ағаларымыз ондай бөлім ашуға бірнеше рет əре кет 


174

жасағанымен, жоғарғы жақтың құрсауы мүмкіндік бермей кел ді. Мысалы, 

1987 жылы Желтоқсан оқиғасына байланысты болған сотта айыпталушы-

ларды суретке түсірген фототілшінің суреті үшін ҚазТАГ-тың директоры 

жұмыстан босатылып, партиядан шығарылды», – деп кү йі не ді.

Сөйтеді де «Баспасөзде қолданылатын атаулар мен терминдердің сөз-

ді гін» жинақтайды, екі тілде жарыққа шығарады. Осы кітапшасы үшін 

1995  жылғы  таңдаулы  журналистік  жұмыстарға  жарияланған  бəйгеде 

жүл де гер атанады. 

Сонымен бірге ағылшынның «Өгей баласын» аударып, баспаға бер-

ген (10 бет): «Ол уақыт сынынан өтіп қана қоймай, қазір алғашқы басы-

лымынан кейін жүз жыл өткен соң да, балалардың сүйікті кітабы болып 

отыр», – деп жазады. Енді осы кітаптың жарық көруі Ризабек рухына 

жасалған зор қызметтің бірі болар еді. Бұл салада Ризабек өз білімі мен 

білігін кейінгі жастарға аударма арқылы жеткізуші міндетін абыройлы 

ат қар ған. 

Ризабек жинаған папкілер мен альбомдарды алақанымен сипай ақ та-

рып тұрған Гүлекең «Мына қарашы, анекдоттар жинап қойыпты, күл-

кі сі келгенде оқиын деген», – дейді. Ұқыптап қыстырылған қа ғаз дар да 

жүздеген анекдоттар жүр. Ол күлуге, қолдан альбом жасауға, оны бабын 

келтіріп өрнектеуге уақыт тапқан. «Ескерткіш, досым Ризабекке – Мыр-

забектен, Қозыдан, Сағаттан (Əшімбаев)» деген жазулары бар үнсіз бей-

нелерді əдемілеп орналастырған. Соның бəріне зиялы кісіге тəн іж да ғат 

пен мүмкіндік тапқан.

Гороскоптан сəуірде туғандарға берілген сипаттаманың астын сызып 

қойыпты: «Тоқты  жұлдызында  туғандар – қайырымды  адамдар.  Олар 

қиналған кісіге көмектеспей тұра алмайды, нағыз дос, сөздің емес, іс тің 

адамы, тындырымды». Сипаттаманы оқи отырып, осы жолдардың бəрі 

де Ризабек туралы екенін сезінесің. 

Тағдырдың əр адамға дайындаған талай сыны бар. Білгенге: байлық 

та – сын, кедейлік те – сын, қуаныш-қайғы да – сын. Слəмбек ақсақал 

немересі Асқарбекті мектепке жетектеп апарып, кіргізіп кетіп еді, Риза-

бек немересін мектепке апаруға үлгере алмады. Бірақ Слəмбектің еккен 

рухани дəнегінен Ризабек шықса, Ризабек шаншып кеткен жас шы бық-

тар дан адамның Асқары да, Асылы да өніп-өсер, жайқалар дейміз. 

Слəмбек атаның қойын кітапшасында:

Қарындасың – қан туысың,

Адал жарың – жан туысың, –

деп жазылыпты.

Ризабек қарындас, күйеу бала, бауыр, достарынан бағы жанған жі-

гіт еді. Ширек ғасырдай, шын мəнінде, жан туысы болған Гүлнəзияның 


175

орны тіпті бөлек. Ризабекпен бірігіп жаққан шамын жарқыратып ұстап 

отыр ған Гүлекеңе: «Сағынғанда сабыр тіле!» – дейміз.

«Қазақ елі», 1997, 18 сəуір

МЫҢЖЫЛДЫҚ ЖОЛАУШЫ

Байтақ тарихтың терең қойнауларына қарай М.Жолдасбековтен де бұ-

рын сапарға шығып, түртініктей жүріп, тастағы жазуына үңіліп, елсіз-

күн сіз де гі ескі қорғанына кірген, қираған мұнарасына қиялмен шығып, 

күм бе зі не көз сала, алыстан ағараңдаған некен-саяқ кісілер жүрген еді. 

Қа зақ мəдениетінің мың жылына сапар шеккен əлгі саяқ жолаушыларды 

Əл кей Марғұлан, Бейсембай Кенжебаев, Əуелбек Қоңыратбаев, Ағжан 

Машанов деп танимыз. Бұлар өздері іздеген ғасырларда тұлпар мініп, 

сар далада самғаған түріктердің жүген ұстаған жаяу ұрпақтары болатын. 

Ел үшін ерні кезерген сол жолаушылар тапқан рухани байлық енді мың 

жылғы ұрпақтың азығына айналғандай еді. «Өмірдегі өзгерістің еш қай-

сы сы санадағы өзгерістен артық болмайды» дейтін Л.Толстой сөзі бар. 

Тұ тас бір ұрпақтың ұлттық санасы оянып, тарихтың бодандық орнатқан 

тар  қақпасы  сықырлай  ашылып,  арғы  жағынан  көңіл  жеткенмен,  көз 

жете қоймайтын тылсым дүние түрегелді.

«Енді  бұл  тарихты  қалай  игереміз,  қиындықты  көтерер  кіміміз 

бар?», – деп қиналған кезде салмақтың ауыр жағынан келіп, иығын тіреп 

тұра қалған жас жігіт Мырзатай Жолдасбеков еді. Ол кезде қазіргі əл-

Фараби университетінде профессор Бейсембай Кенжебаевтың аспиран-

ты болып, 1965 жылдары бірінші курсқа түскен студенттердің алдында 

сал мақ ты лекция оқитын, жүйе-жүйесімен жандандырып сөйлейтін са-

ли қа лы ағай, салмақты ұстаз, енді бүгін байқасаңыз, өз студенттерінен 

он-ақ жас үлкен екен. Шыңыраудан тартқан қауғадай, тарих тереңінен 

таным алу оңай жүк емес-ті, иыққа бірден түскен жауапкершілікті ауыр 

сал мақ ерте есейтті ме екен дейсіз. Балапанын қатайту үшін ұядан əдейі 

тастап жібергендей болған ұстазы Бейсекең тым күрделі тақырыпты ар-

қа лат қан. Жəне ол көрінгеннің көтерер салмағы емес екенін екі жағы да 

ұқ қан.


Тақырып – ежелгі мифологиямен тамырлас оғыз дəуірінің ескерткіші 

«Оғызнама» болатын. Осы тақырыптың қаншалықты қиын екенін елес-

тету үшін, 1959 жылдың маусым айының бес күнін еске алайық. Бү кіл 

қазақ жырларынан «Қамбар батыр» мен «Ер Тарғыннан» өзгені сызып 

тастаған 1953 жылдардан кейін, 1957 жылғы «Қазақ халқының əде би-

поэзиялық  жəне  музыка  мұрасын  зерттеудің,  сын  тұрғысынан  қа рап 

пай да ла ну дың жайы жəне оны жақсарту шаралары туралы» қау лы сы нан 

соң, Ғылым академиясының Тіл-əдебиет институты 1959 жылы мау сым-

ның 15–19 аралығында бес күнге созылған конференция өт кіз ген. Сол 


176

кездегі қазақтың маңдайалды азаматтары М.Əуезовке арқа сү йей оты-

рып,  қыспақтан  кейін  жібіген  уақытты  пайдаланып,  қазақ  əде бие ті нің 

жү йе лі  тарихын  жасауға,  ескілікті  дүниелерді  жарыққа  шығаруға  жол 

та бу ға күшін салды.

Осы күнге де жеттік қой деп, «я құдайлап» отырған көпшілікті сол 

жиында үш рет мінбеге шыққан Б.Кенжебаевтың сөзі селт еткізгендей 

болды.  Қазақтың  жазба  əдебиетін VIII ғасырлардан  бастауды  ұсынды. 

«Міне, ұмтылған тау биіктеген сайын, жаныма ергендер сирей тү се ді» 

дейтін Ницше сөзінің растығын осы жерден аңғарамыз. Тү сін ген дер, ер-

гендер тым аз еді. «XVIII ғасырдың бер жағындағы тарихқа аты мə лім 

4–5 ақын ның өзі тексерілуден бірде шығарылып, бірде енгізіліп жүр ген-

де, сонау VIII ғасырларға баруға бола ма?» – деген кедергі сұрақ көл де-

нең тұр ды. Б.Кенжебаевтың батыл пікірі дəлелдеуді қажет етті.

Осы тұста Бейсекеңнің соңынан ерген жас шəкірттерінің бірі М.Жол-

дас бе ков ауыр жүкті иықтасуға жарайтынын танытты. 1962 жылғы бір 

сын сағатта көрсеткен табандылығы ел аузына тез тарап, жас ға лым ның 

абыройын  асырды.  Бұл  оқиғаға  қатысқан,  көзімен  көргендерден  ор-

тамызда  жүргені – бір-ақ  кісі: 1960 жылдардың  басында  Бей се кең нің 

белсенді  кеңесі  бойынша,  өзімен  пікірлес  ғалым  інісі  Ханғали  Сү йін-

шəлиев (бұл күнде филология ғылымдарының докторы) «Қазақ əде бие-

ті нің  қалыптасу  кезеңдері»  атты  кітап  жазып,  əдебиетіміздің  төр кі нін 

VIII  ғасырлардан  бастап  жүйелейді.  Кітаптың  тұжырымдарына  қар-

сы  болған  кісілердің  пікірін  аттап  өтіп,  жарыққа  шығару  ол  заманда 

қиын ның қиыны еді. Əсіресе Орталық Комитеттің рұқсатынсыз тарих 

мə се ле сі  туралы  жазылған  кітаптар  оңайлықпен  басылмайтын.  Осы 

кезде  біраз  ғалымдарды  шақырады,  оның  ішінде  азулы  қарсыластар 

да  бол ған.  Еңбекті  бірі  қолдап,  бірі  жоққа  шығарып  жатқан  тартысқа, 

«неге екені белгісіз», Бейсекең жас шəкірті М.Жолдасбековті жібереді. 

Мə жі ліс те  Əлкей  Марғұлан  отырады.  Шындығын  айту  керек,  мəселе 

кі тап тың  өзінен  асып,  Бейсекең  көтерген  əдебиеттің  көне  тарихының 

қа жет, қажет еместігіне дейін тірелген. Осы бір қиын сəтте қаймықпай 

сөз сұраған жас ғалым М. Жолдасбековтің байсалды ойы «мен келдім 

жаңа  өмірдің  басы  болып»  дегендей,  əдебиетке  көзқарастың  бұрынғы 

қа саң қалыптарынан жаңаша шығудың, өзгеше бір ретін мəдениет пен 

бі лік тің  жас  ғалымға  тəн  жаңа  бір  қырын  көрсетті.  Ақылды  баланың 

кенеттен айтылған ойлы сөзіне əрі таңғала, əрі сүйсіне ойсырай құлақ 

қой ған  əкелердей,  тырс  етпей  тыңдаған  ғалымдардың  қыбырына  ба-

ғы нып,  қаз-қатар  тізілген  қызыл  орындықтар  да  тынши  қалды.  Жас 

ға лым қызуқандылыққа салынған жоқ, салмақты пікіріне Мəскеу түр-

ко лог те рі нің,  ірі  шығыстанушылардың  бұлтартпайтын  ойын  қосты, 

Ə.Нə жіп тің,  И.В.  Стеблеваның,  А.Н.  Щербактың  тұжырымдарын  алға 

тартып, ұтымды айтты. Көне əдебиеттің түрік жұртына, қазақ əде бие-


177

ті не  ортақтығын  дəлелдей  сөйледі.  Жұрт  ғылымға  талантты  жастың 

келгенін  сезді.  Қорытынды  сөз  алған  бар  ғалымдардың  білгірі  Əлкей 

Ха қан ұлы  Марғұлан  кітаптың  негізгі  көтерген  мəселесін  дұрыс  дей 

отырып, дəлелді пікір айтқан жас ғалымды бірнеше рет атап өтті. Ға-

лым  жүрегінің  құрметіне  ие  болды.  М.Жолдасбековтің  терең  тарихқа 

белсене кірісуі осылай басталды. Сол жылдарда М.Жолдасбеков аспи-

рантурада  жүріп,  екі  бірдей  кандидаттық  диссертация  жазуға  мəжбүр 

бол ған еді. Мəскеу арқылы есепке алынатын қатал заманда əуелгі кі рі-

сіп,  біраз  нəтижеге  келіп  қалған  «Оғызнама»  туралы  Одақта  тағы  бір 

кісі жазып бітіргенін естудің қаншалықты болғанын ғылыммен ай на лы-

су дың  қиын  сағаттарын  басынан  өткізген  кісі  айнытпай  елестете  ала-

ды.  Енді  осы  жерден  жұмысты  тағы  да  басынан  бастауға  тиіс  болды. 

Та қы рып бұрынғыдан да ауыр түсті – VIII ғасырда жазылған Орхон ес-

керт кіште рі нің  қазақ  əдебиетіне  қатысын  зерттеу. «Уайымсыз  рухани 

өсу жоқ» дейді Л.Толстой дана. Баяғы жүк екі есе көбейгені анық. Сан 

түн дер əлдилеген балаңды «өсірдім-ау» дегенде, тайынан аударып əкет-

кен дей қоңылтақсу болғаны рас. Бірақ қиыншылықтың адамды сырбаз-

дандырып қатайтатыны немесе мыжып-мүжіп жіберетіні де болмай ма? 

Екі тақырыпты бірдей зерттеген жас ғалым қиналса да, рухани байып, 

болаттай суарылып, бүкіл ғұмырына азық боларлық жан мектебін қа лып-

тас ты рып шыққанын көреміз. Мырзатай ағаның «Оғызнама» мен «Ор-

хон ескерткіштері» кейін «Асыл арналарында» тоғысты. 

Сонымен, табанды еңбектің нəтижесінде қорғалған «Орхон ескерт-

кіштері жəне оның қазақ əдебиетіне қатысы» аталатын кандидаттық дис-

сертациясы ғылымға не жаңалық əкеліп қосты? десек, ол кезде ежелгі 

мұраны зерттеудің Қазан, Петербург, Ташкент сияқты ғылыми ор та лы ғы 

жоқ. Қазақстан жағдайында жеке кісілердің өз ықыласы, маңдай тер, та-

бан етімен дегендей, жасалған еңбектердің концепциялық-теориялық со-

ны лы ғы өз алдына, қазақ əдебиеті тарихының тұтас қабырғалары болып 

қаланып жатты. Бұл ретте əдебиетіміздің көне тамыры Орхон ес керт кіш-

те рін де екенін, тарихын сол кездерден бастаудың жөн де жү йе лі болаты-

нын алғаш дəлелдеген М.Жолдасбеков болды. Сөйтіп, Б.Кен же баев тың 

1959  жылғы  конференцияда: «Əдебиетіміздің  тарихын VIII ға сыр дан, 

Орхон жазуларынан бастауымыз керек», – деген ойы осы диссертация 

ар қы лы шешімін тапты. Мырзатай аға ең əуелі тастағы жа зу лар дың қа-

зір гі қазақ тіліндегі əдеби-мағыналық аудармасын жасады. Содан күні 

бү гін ге дейін республикамыздағы филология-журналистика фа куль тет-

те рі нің талай буын студенттері білгірлікпен жасалған аударма арқылы 

оқып-тұшынып келеді. Мысалы:

Жеткіншегім, ұланым, 

Сол жақта шад, апа бектер,  



178

Оң жақта тархан, бұйрық бектер! 

Бұл шақта отырдым таққа, 

Сөзімді түгел есітіңдер! 

Мұқият тыңда, терең ұқ! – 

дегенді  түпнұсқаны  қолына  ұстап  отырғанның  өзінде,  əркім  əртүрлі 

аударуы мүмкін. Аударманың əсерлі шығуы аудармашының туған əде-

биет заңдылықтары мен тарихын, ел мұратын терең білуінен туады. Ру-

хың ды көтеруімен əсерлі. 

«Бек ұлдары құл болды, 

Пəк қыздары күң болды». 

«Елу жыл ісін-күшін берді», – 

деген жолдарды оқып, тұшынғанға жеңіл болғанымен, осылай қиыс ты-

ру дың ой саралаумен, сарылумен келетінін ойласаңыз, көзге көріне бер-

мейтін қыруар еңбекті бағамдайсыз. Автор тағы тамыр ұстаған тəуіптей, 

на ғыз əдебиетшінің көзімен қарай отырып, Орхон жазуларының қазақ əде-

бие ті мен ұқсастық-бірліктерін нақты дəлелдеп берді. VI ғасырдың орта-

сына таман Бұмын қаған құрған Түрік қағанатының VIII ғасырлардағы 

Біл ге, Күлтегін, Тоныкөктей дара тұлғаларының тəуелсіз мемлекеттің ір-

ге сін бекіту жолындағы ерлік əрекеттері, соғыс-жорықтары мен қа нат ты 

сөздерін талдап, жыр мəтініндегі қазақи қолданыстағы мақал-мə тел дер-

мен үндестігі «Алпамыс», «Қобыланды батыр» сияқты эпостық жыр үл-

гі ле рі мен жолма-жол ұқсастықтарына дейін тауып көрсетті. Сол ар қы лы 

қазақ əдебиетінің тарихы тура мың жылға шегініп барып, VIII ға сыр ға 

маңдайын тіреді. Туған елі үшін осындайлық қызмет атқару нағыз ға-

лым дар дың ғана қолынан келетін абыройлы іс болса керек-ті.

Қазақ  əдебиеттануында  Орхон  жазбаларының  жанрын  анықтаған 

жал ғыз  еңбек  те – осы. «Бұл – шежіре», – дейтін  көрнекті  түрколог 

А.Н. Щер бак тың, «Түгелімен – жыр», – деген И.В. Стеблеваның пікір-

леріне  құ лай  салмай,  қазақ  əдебиетінің  ежелгі  əдеби  үрдісінің  ізімен 

жүре отырып, өлең мен қарасөз аралас жазылғандығын дəлелдеп көр сет-

ті. Ол кезде ғылыми жұмыстың мəскеулік ғалымдар сарабынан өт пей бе-

кі мей ті нін біле тура, орталықтың ірі ғалымдарымен бұлай пікір қа ғы су 

əр кім нің қолынан келе бермейтін батылдық еді. 

Кейде М.Жолдасбековтің Орхон ескерткіштерінен соң, бірден Жам-

был шығармашылығын зерттеуге шығып кетуі мəселеден шегіну сияқ ты 

көрінуі мүмкін. Бірақ жыраулық поэзия тұрғысынан келсек, бай қа ған ға 

бұл екеуі бір мəселенің басы мен аяғын құрап, тұтас ком по зи ция лық құ-

ры лым түзіледі. Түрік (түркі) əдебиетіндегі анық дерегі жазылып қалған 

То ны көк жыраудан тамыр тартқан жыраулық үрдістің Жамбыл шы ғар-



179

машы лы ғын да тоғысуы, іріленіп бүгінгі күнге жетуі – əде биет та ну үшін 

қы зық ты құбылыс. Кеңес дəуірінде жыр дүлдүлін тамырынан бөліп алып 

қараса, кеңестік заман туғыза қалғандай етіп көрсетсе, М.Жол дас бе ков 

Жамбылды тұтас мектебімен алып келді. Алда Тоныкөктен Жам был ға 

де йін гі жыраулық поэзияның даму үрдісі мен теориялық негіздері, оның 

əлем дік құбылыс ретіндегі заңдылықтарын бүгінгі өреде талдау мə се ле-

ле рі жатқанын да ойластырып қояр дейміз.

Біз М.Жолдасбековтің ғалым, ұстаз бейнесінде көзге көрінетін жа ғын 

ғана əңгімелей аламыз. Мұзтаудың мұхит ішіндегі беймəлім бөлігі – өз 

алдына бір тақырып. Ол Мырзатай ағаның мемлекет қайраткері ретінде-

гі қыруар қызметі болуға керек. Əзірге білгеніміз – нағыз адам ғана өзі 

жеткен рухани биігінен түспейтінін дəлелдей жүрген азамат екені.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет