«Қарқаралы уезінің шекаралық болыстары өткен жылы Ақмола қаласынан шыққан отрядтың шапқыншылығына бірнеше рет душар болды. Кінәсізден кінәсіз талай жан соққыға жығылды. Бұл жағдай екі облысқа да (Ақмола облысының Ақмола қаласына, Семей облысының Қарқаралы қаласына) белгілі. Міне, жақында тағы да мынадай бұзақылық жүргізілген. 25 маусымда Ақмоладан Қарқаралы уезінің Сарыбұлақ болысы- на 25 адам келді. Отряд өздерін Коммунистік отрядпыз деп атаған. Отрядтың басшылары белгілі Дорешенко, Зайцев және Колесников- тар болған. Олар елден мылтық жинауды мақсат еткен. Міне, сол отрядтың Сарыбұлақ болысында не істегенін көріңіздер: №5-ші Дүйсен Бектеміровтің ауылында мылтық атып, атып тас- таймын деп қорқытып, өздеріне бірінші кездескен қазақтарды қыран жапқандай қирата сабап, өлімші етіп ұрып-соғып күдеге (маяға) әкеп тыққан. Өлімші болып таяқ жегендер: Дүйсен Бектеміров, Еркебай Дүйсенов, Сәттімбет Бектеміров, Құлжан Аманов, Сақатбек Дүйсенов, Ахмет Бектеміров, Қазақбай Әлкиев, Юсупбек Аманбаев, Жұмахан Сопин, Мәукі Сопин, Мұстафа Сопин (Сопы Ағыбай батырдың баласы) Әлімқұл Сейткамалов, Іскендір Белгібаев, Жақыпбек Түгелбаев, Айнабай Баймараев, Әбілдә Баймараев, Жақсыбай Биғанбаев, Үсен Мұрзанбетов, Түлкібай Құлтанов. Бұлардың үстіне таяқ жеген әйелдер де бар. Елді онан бетер қорқыту үшін пулеметтен оқ жаудырған. Осыдан кейін отряд елді тонауға кіріскен. 50 шамалы ат пен айғырды ұстап алып, оның 20-сын қайтарып беріп, 30-ын өздері алған. Мұнан басқа тоналған заттар 181 пар киік мүйізі, 17 жастық, 5 киім, 7 шекпен, 15 білезік, 5 сақина,