Бағдарламасы бойынша шығарылды т 78 ТӨлеутай е


алмаТыДағы алғашқы ЖылДар



Pdf көрінісі
бет13/65
Дата23.09.2022
өлшемі15,1 Mb.
#39929
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   65
алмаТыДағы алғашқы ЖылДар
Театрға қабылданған алғашқы айларда Жүсіпбек тек әнші болып
қана жүрді. Ол кезде театр әртістері Алматы маңайындағы ауылдарды
аралап, бірде ат арба, енді бірде өгіз арба лаулап алып, сонау Кеген, 
Нарынқол аудандарына дейін барып концерт қойып қайтатын.
«Еңлік – Кебектегі» қойшы Жапал – Жүсіпбектің алғашқы тыр-
нақалдысы. Жастайынан иен далада ерні жарылып қой бағудың бейнетін 
сезіп өскен оған бұл рөл ауыр тие қойған жоқ. Оның үстіне өзі әнші 
емес пе – Жапалдың әні дауысына «қона кетті». Ал басты рөлде ойнаған 
әнші Рабиға Есімжанова Еңліктің әніне салғанда көрермен шын Еңлікті 
көргендей күй кешетін еді дейді көргендер. Осылайша Жүсіпбек театр 
өнерінің тереңіне бойлай түсті. Қыр-сырына қаныға берді.
1932 жылы М.Тригердің «Сүңгуір қайық» пьесасын қою үшін 
Алматыға режиссер Я. Танеев шақырылды. Жағдай түсінікті еді. Жас 
үкіметтің жан-жақтан көз алартқан ішкі-сыртқы жаулары көп. Сондықтан 
совет жауынгерлері «әуе мен құрлықта һәм суда да» қырағылық таны-
тып, пролетариат диктатурасы орнаған жер бетіндегі жалғыз социалистік 
мемлекетті анталаған жаудан қорғау керек. Кеңес халқы жағадан
жасанған жау келтірмейтін «Сүңгуір қайық» сияқты сұрапыл су асты соғыс 
кемесі барлығын білгені жөн... «Сүңгуір қайық» қойылымы жайында 
Қанабек Байсейітов былай дейді: «Ең әуелі Москвадан Я.П. Танеев деген 
маман режиссер шақырылды. Ол кісі келген бетте М.Тригердің «Сүңгуір 
қайық» пьесасын Орынбек Бековке жедел аудартты да, қоюға даярлай
бастады. Маман режиссердің артықшылығына, біздің театрға ондай 
адамның ауадай қажеттігіне біздің сол репетиция кезінде-ақ көзіміз жетті. 
Танеев сөз емес, қимыл-қозғалыстың өзімен де көп нәрсені ұқтыруды 
талап етеді; қай жерде тұрғаныңа, сахнаға қай тұстан шыққаныңа, қай 
сөзді айтқанда бет-жүзіңде қандай құбылыстар болуы тиісіне – бәріне 
мән береді, солардың бәрі айтып тұрған сөзіңді толықтырсын дейді; 
үйреншікті қимылдарды, жаттанды әдеттерді жасатпайды. Бұрынғы оп-
оңай нәрселердің бәрі қиындап кетті. Актердің ойынына сахнаның деко-
рациясы дегендердің үйлесімін жасаудың өзі үлкен жұмыс екенін көрдік. 
Қысқасы, әртістік жолға жаңа түскен адамдардай болдық. Бұрынғымыз бен 
қазіргімізді салыстыра отырып, өзіміздің соншалық артта қалғанымызды, 
әлі сол баяғы көркемөнерпаздықтан ұзай қоймағанымызды түсіндік, 
сездік, көзімізбен көрдік те»
27
. Осындай идеолгиялық «жүк арқалаған» әрі
27
Қанабек Байсейітов. Құштар көңіл. – Алматы, 2004. – 94–95-б.


60
61
кәсіби режиссер тарапынан актерлік шеберлікке қатаң талап қойылған
пьесада Жүсіпбек пен Рамазан Елебаев екі матростың рөлін сомдады.
Пьеса соңында жаудың минасына түскен сүңгуір қайықтың ішіне су тола 
бастайды. Сонда шамалы сәттен кейін суға тұншығып өлетініне көзі
жеткен Ахмет – Жүсіпбек туған ел, ата-ана, сүйген жарымен әнмен 
қоштасып, «Қара орман» деген ән шырқайды. Қазақ театр өнерінің 
коррифейлерінің бірі – Қапан Бадыров өзінің «Өткендер мен өткелдер» 
атты естелік-кітабында осы сәт жайлы: «Ойламаған жерден тап болған 
тілсіз жауға шарасыздығын, еліне деген махаббатын әнмен жеткізген жас 
матросты көріп, тыңдағанда залда жыламаған адам қалмайтын», – деп
жазыпты. Өмірбаянында жазылғандай, «ақтың да», «қызылдың да» 
әскеріне қызмет етпеген, теңізге түспек түгілі – қолына қару ұстап, 
майдан көрмеген Жүсіпбектің су асты кеме-сінде тұншығып өлетін
матростың өлімін нанымды етіп сомдай білген-дігін туа біткен 
өнерпаздығынан «көргеніміз» дұрыс шығар. 
1933 жылдың 8 қыркүйегінде «Ұлттық өнерді дамыту шаралары тура-
лы» БК(б)П Қазақстан Өлкелік комитетінің қаулысы шықты. Аталмыш 
қаулыдан кейін көп ұзамай, дәлірек айтқанда 29 қырқүйекте «Музыка 
студиясы» құрылды. Музыка театрын ұйымдастыру ісіне Халық ағарту 
комиссары Темірбек Жүргенов басшылық жасады. Оның негізгі құрамы 
Әміре, Күләш, Қанабек, Елубай, Құрманбек, Қалибек, Манарбек, Шара 
сияқты қазақ театрының әртістерінен жасақталды. Тез арада алғашқы 
симфониялық оркестр де құрылып, жас ұжым «Айман – Шолпан» 
музыкалық пьесасын қоюға қауырт кірісіп кетті. Тұңғыш рет қойылғалы 
отырған музыкалық спектакльдің режиссері болып Жұмат Шанин 
бекітілді. Ал халық және халық композиторларының шығармаларының 
негізінде музыкасын жазып шығу композитор И.В. Коцыкке жүктелді. 
Әрине, бірден музыкалы театр құру ісінің оңайға түспегені, жаңа баста-
маны жұрттың лезде іліп әкете қоймағаны анық. Сол күндердің куәгері,
қазақ театр өнерінің тарланы Қанабек Байсейітовтің төмендегі есте-
лігі тұңғыш музыкалық театр ісінің қандай қиындықпен жүзеге асы-
рылғандығының дәлелі іспетті: «Ол кезде бір шындықты бүкпей айтуға 
тура келеді: көбіміз музыкалы театр дегенді алғашқыда жақтырмадық, 
құрылғалы жатыр дегелі көп жұрт оларға паң қарап менсінбейтін және 
жұрт ұнататындай нәтиже шығара қояды деп сенбейтін. Қазақ драма 
театрының директоры Орынбек Бековтің де музыкалық театрға көзқара-
сы оңды емес еді, оларды мысқылдап, кекетіп отыратын.
Бір күні Күләш екеумізді жаңа болған Халық ағарту комиссары
Темірбек Жүргенов шақырды. Бұл кезде Халық ағарту комиссариатының 
кеңсесі қазіргі Ленин даңғылында болатын. Келсек, онда Жұмат пен
Ғабит отыр екен. Біз келген соң Жүргенов:
– Амансыңдар ма, балалар? – деп амандасты да, тікелей шақыртқан 
мәселесіне көшті. – Музыкалық театр ашқалы жатқанымызды естіген 
шығарсыңдар. Соған адам жетіспей жатыр. Елубайды да шақырдық
ризашылығын берді. Театрларыңнан мүлде босанып шық демейміз, бірақ 
бірінші спектакль сахнаға шыққанша көмектесесіңдер. Бековке айта-
мыз, уақытша босатады. Екеуің де ән айтады деп естідім, осыған қалай 
қарайсыңдар?
– Жарайды, қолымыздан келгенше көмектесейік, – дедік.
– Жақсы, ендеше, ертеңнен бастап Жұмат сендермен репетиция
жасауға кіріседі, – деді Жүргенов.
Біз мән-жайды Бековқа келіп айттық. Қарсы болмады, бірақ:
– Ой, оларда түк шықпасқа әуре боп. Ән айтып адам ойнай ма екен? –
деп кейіді. – Барыңдар, бақырып-шақырып беріңдер. 
Күләш екеуміз жарты ай дайындалдық, бізден басқаларының дайын- 
дала бастағанына үш айға жуық уақыт болған екен. Айман мен Арыс-
танның рөліне әркімді ойнатып байқап, ешкімге көңілдері толмапты.
Сонан соң Жұмат бізді таңдапты. 
Сөйтіп, 1934 жылдың 13 қаңтары күні драмтеатрдың үйінде «Айман – 
Шолпан» комедиясымен Қазақ музыка театрының тұңғыш шымыл- 
дығын аштық. 
Жұрттың ынтығуын айтып жеткізу қиын. Күнде қоямыз. Тіпті дема-
лыс жоқ. Содан он бесінші мамырға дейін «Айман – Шолпанды» жүз 
рет қойыппыз. Дәл ондай табысты өткен спектакль дүниеде бола бермес. 
Қаладағы елдің сөзі, әңгімесі – бәрі «Айман – Шолпан болып кетті. Күндіз 
де, түнде де, қайда көрсең «Айман – Шолпанның» әнін салып келе жатқан 
адам: біреулері көшені басына көтере шырқайды, біреулер ыңылдап, 
біреулер ысқырып салады. Қазақтың ежелден келе жатқан ескі әндері 
жаңарып, жұрт оларды ешқашан естімегендей болып ынтығысты»
28
.
Осылайша, 1934 жылдың 13 қаңтары қазақтың тұңғыш музыкалық 
театрының шымылдығының алғаш ашылған күні ретінде тарих беттеріне 
жазылды. Мұхтар Әуезовтің «Айман – Шолпан» музыкалық комедиясы-
мен ашылған бұл қойылымда Жүсіпбек тағы бір жаңа қырынан жарқы-
рап көрінді. Театрға келгелі екі-ақ жылдың жүзі болғанына қарамастан, 
ол симфониялық оркестрдің сүйемелімен комедияның бас қаһармандары-
ның бірі – Әлібек батырдың рөлін лайықты сомдап шықты. Сөзіміз 
28
Қанабек Байсейітов. Құштар көңіл. – Алматы, 2004. – 96–97-б.


62
63
жалған болмас үшін тағы да тұңғыш кәсіби музыкатанушымыз Ахмет
Жұбановқа жүгінеміз: «Оның басқа әндерді былай қойғанда, соңғы 
актідегі «Айман – Шолпан» спектакліне тартқан музыкалық сыйлығы –
«Балқурай» әні сол күндері естіген кісілердің әлі күнге құлағында де-
сек артық болмайды. Әннің еркесі «Балқурай» Жүсіпбектің орын- 
дауында сөзсіз алғашқы қалпынан гүл-гүл жайнап, толықсып түрленіп 
шықты. Өйткені Жүсіпбек әнді әуелгі күйінде орындай салмайды. Өзінің 
орындаушылық шығармашылық елегінен өткізіп, саралап, кейбір нашар 
орындаушылардың әлсіреткен жерлерін өңдеп, жақсы болса бұрынғыдан 
да асырып алып кетеді. Тыңдаушылардың құлағында «Балқурай» осын-
дай сахна киімін киіп сәнденген, идеялық мазмұнымен ерекшеленген.
Осының бәрі Жүсіпбек орындағанда ғана көз алдыңа елестейтін. Оның 
тағы бір себебі, Жүсіпбек шын асыл музыканттарға тән ноталардың 
ғана дыбысын шығарып қоймай, сол бір тышқанның ізіндей ондаған 
ноталардың жол арасынан неше алуан сырлар табатын. «Балқурайдың 
бір жерінде өжет, бір жерінде еркелеп кететіні осы бір жол арасын оқи 
білуінен еді. Қысқасы, өзі жас, өзі сахнаға икем, бойлы, келбетті, ойын-
да шындық толы, даусы сыңғырлаған өнер саңлағы – бұл пьесада өзінің 
үлкен музыкалық болашағын халқына көрсетті»
29
.
Бұдан артық не айта алғандаймыз!
1934 жылы қыркүйек айында Қазақстан Халық ағарту комиссариаты-
ның басқаруымен пластинкаға ән жазылу дайындығы басталды. Оған 
Әміре Қашаубаев, Жүсіпбек Елебеков, Манарбек Ержанов, Ғарифолла 
Құрманғалиев, Қуан Лекеров, Темірболат Арғынбаев, Бибі Артықова 
шақырылды. А.Жұбанов жазып қалдырған деректерге сүйенсек, 
жоғарыдағы аты аталған әншілер қырқүйек айында Қазақстан Халық 
ағарту комиссариатының үйінде бас қосады. Мақсат айқын: 1935 жылы 
Алматыға келетін граммофон үнтаспаларына ән-күй түсіретін бригаданың 
жұмысына дайын болу үшін музыкалық нөмірлерді, орындаушыларды
саралап алу. Ахаң осылай дегенімен, жағдай сәл басқаша болғандай. 
Өйткені Алматыға ешқандай «граммофон бригадасы» келмеген тәрізді. 
Бұлай пікір түюуімізге 1935 жылы 16 наурыз күні «Қазақ әдебиеті» 
газетінде жарық көрген «Қазақ әндері» патефон пластинкасында» атты 
мақала себеп болып отыр. Онда былай делінген: «Халық ағарту комис-
сары осы жылдың бас кезінде қазақ әндерін патефон пластинкасына 
түсіру үшін Мемлекеттік қазақ музыка театры мен филармониясының 
бірқатар артистерін Мәскеуге жіберген болатын. Жақында артистер келді. 
29
Ахмет Жұбанов. Замана бұлбұлдары. – Алматы, 2001. – 350-б.
Мәскеуде болған қазақ артистері: әншілер Бәйсейітова Күләш, Есқызы 
Сара, Ержанұлы Манарбек, Байсейітұлы Қанабек, Елебекұлы Жүсіпбек, 
Қаламбайұлы және Мұхитұлы жолдастар Мәскеуде патефон пластинка-
сына ән-күй түсіретін фабрикасында болып, музыкалы «Айман – Шол-
пан», «Шұға», «Қыз Жібек» пьесаларынан, тағы басқа жеке әндер берді. 
Патефон пластинкасына барлығы 26 қазақ әні түсірілді». Демек, біздің 
өнерпаздарымыз Мәскеудің «ән-күй түсіретін фабрикасына» Қазақстан- 
ның Халық Ағарту комиссариаты тарапының ұйғаруымен жіберілген.
Әрине, Мәскеудің келісімімен. Бірақ жоғарыдағы өнерпаздар тізімі 
мен «Қазақ әдебиетіндегі» әртістердің аты-жөндері арасында біраз 
сәйкессіздіктер бар. Алдымен Әміренің жоқтығын көреміз. Себебі
аталмыш мақала шыққанда Әміре бұл дүниеде жоқ болатын. А.Жұбанов 
та әншіні соңғы рет қырқүйек айында, Халық Ағарту комиссариатын-
да Мәскеуге баратын өнерпаздар ішінде көрген сәтін суреттей келіп
«Әміренің аздап сырқаттанып жүрген кезі болатын» деп болған жағдайды 
бүркемелеп қояды. Ақиқатында бұл күндері НКВД жендеттерінің 
тергеуі мен тепкісінен көз ашпай жүрген Әміренің халі, шынымен, на-
шар еді. Әйтпесе Ахмет Жұбанов өзі куә болып жазғандай 46 жастағы 
Әміре «көзінен шықққан ызалы жастың моншақ тамшыларын сүртіп» 
бекерден-бекер жыламайды ғой. Ақырында арада екі ай өткенде,
1934 жылдың 5-інен 6 қарашасына қараған түні Әміренің өлі денесі 
көшеден табылады. Соған қарағанда «Мұстафа Шоқаймен байланысы 
бар әншіні» Мәскеуге жібермек түгілі «тірі қалдырмау мәселесі» алдын 
ала ойластырылған секілді. Сондай-ақ, жоғарғы тізімде аттары аталатын 
Ғарифолла Құрманғалиев, Темірболат Арғынбаев, Бибі Артықова, Қуан 
Лекеровтер белгісіз себептермен Мәскеуге жіберілмей қалып, таңдау 
Күләш Байсейітова, Сара Есова, Қанабек Байсейітов, Лұқпан Мұхитов, 
Жаппас Қаламбаев сияқты өнерпаздарға түскен тәрізді. Деректер осылай 
дейді. Әртістер Мәскеуге 1934 жылдың желтоқсан айында барғанымен, 
күйтабақ араға үш-төрт ай уақыт салып, 1935 жылдың наурызында
жарық көрген. Жүсіпбек Елебеков бұл жолы грампластинкаға үш ән жаз-
дырыпты. Олар: халық әні «Сұржекей», Сәтмағанбеттің әні «Қанатталды» 
және Иманжүсіптің әні «Сарымойын». Қазақ әншілерінің Мәскеуге 
барғандығы жайында Қанабек Байсейітов те өз естелігінде айтып өтеді: 
«1934 жылы қыста Күләш, Манарбек, Жүсіпбек, төртеуміз Мәскеуге 
күйтабақ жасатуға бардық. Әнімізді 1935 жылдың 5 қаңтары күні 
жаздырдық. Күләш «Елім-ай», мен «Еңліктің әнін», Манарбек «Ісмет» 
пен «Ағаш аяқты», Жүсіпбек «Қанатталды» мен «Ғалияны», мен «Қара 
нар» мен «Әудемжерді» жаздырдық. Манарбек пен Жүсіпбек ерте-
рек қайтып кетті де, Күләш екеуміз астананы біраз араладық». Көрініп 


64
65
тұрғандай, Қ.Байсейітовтің жазғандары мен баспасөз деректерінің ара-
сында біршама сәйкессіздіктер бар. Қ.Байсейітов естелігінде Сара Есова, 
Жаппас Қаламбаев, Лұқпан Мұхитов есімдері мүлде аталмайды. Сондай-
ақ, Жүсіпбектің пластинкаға басқан әндері жөнінде де Қанабек ағамыз 
сәл қателескен. Десек те, Қанабек ағамыздың дауыс жазған күнді дәл
айтқанын көреміз. Ол – 1935 жылдың 5 қаңтары. Бұл күндері осы күй-
табақтың аман қалған жалғыз данасы Жүсекеңнің аяулы жары Хабиба 
Елебекованың қолында сақталып келеді.
Жүсекең Мәскеуде жүргенде Мұхтар Әуезовпен кездеседі. Дәлірек 
айтқанда, бұлар тоқтаған қонақүйге Мұхаңның өзі Жүсіпбекті іздеп
келеді. Ондағы ойы Жүсіпбектің әнін Мәскеу зиялыларына тыңдату. Осы-
лайша ол Мұхтар Әуезовтің қолқалауымын жазушы Н.С. Тихоновтың 
үйінде кеңес зиялыларының алдында ән салады. Әсіресе Абай әндерін 
көп шырқайды. Себебі М.Әуезовтің өзі әрбір ән айтылар алдында сол 
шығарма туралы толымды түсінік беріп отырады. Негізгі әңгіме Абай 
шығармашылығының айналасында өрбиді. Тихоновтың үйінде өткен 
осынау әсерлі кештен кейін М.Әуезов Ж.Елебековті одан сайын жақын
тартып кетеді.
1935 жыл Жүсіпбек үшін ерекше жыл болды. Әнінің «патефон пла-
стинкасы» арқылы елге жетуі – Жүсіпбектің даңқын, тіпті, асқақтата түсті. 
Оның үстіне 1931 жылы елімізде радио торабы іске қосылып, «Қазақ 
радиосы» хабар тарата бастаған. Радиодан сөз есту, ән тыңдау басында 
ертегілерде болатын ғажайыптай көрінгенімен, уақыт өте келе «кеңестік 
өмірдің бұл кереметі» де күн сайын жаңарып, күнделікті дамып жатқан 
ғылым мен техниканың кезекті жетістігінің біріне айналып кетті. «Ком-
мунизм дегеніміз – бүкіл елді электрлендіру», – деп пролетариат көсемі
В.И. Ленин айтқандай, отызыншы жылдары бүкіл елді радиоландыру ісі 
де зор қарқынмен жүрді. Радио – сол замандағы ең зор идеологиялық қару 
болды. Сондықтан Кеңес өкіметі басшылығы радиоландыру науқанын 
өте шапшаң қарқынмен жүргізіп, бас-аяғы бірнеше жылдың ішінде күллі 
Кеңес Одағын «радиоландырып» үлгерді. Тіпті көлік аяғы жете бер- 
мейтін шалғайдағы қазақ ауылдарының дәл ортасына биік бағана орна-
тылып, оған репродуктор ілініп, бір демде ұжымшар қазақтары ақпарат 
тасқынының астында қалып, ән-күйге қарық болысты. Мәскеу, Алма-
ты сияқты «айшылық алыс жерлерде» болып жатқан жаңалықтарды 
жұртшылық «көзді ашып жұмғанша» осы бақан басына ілінген «қаңылтыр 
жәшіктен» еститін болды. Алматы демекші, Жүсіпбек те сол кездің 
барлық өнерпаздары секілді «Алматыдан сөйлеп тұрған», «Қазақ радио-
сынан» жиі-жиі ән салатын. Осы орайда Жүсекеңнің елінен естіген бір 
әңгімені айта кетудің сөкеттігі бола қоймас деймін. Радионың ауылға 
алғаш келген кезі. Ел құлағы радиоға қарай түрілген. Таңертеңнен кешке 
дейін «жағы бір сембей сөйлеп» ауылды басына көтеріп тұратын «Қазақ 
радиосы» түскі жаңалықтарды айтып тастаған соң: «Енді әнші Жүсіпбек 
Елебековтің орындауында бірнеше ән тыңдаңыздар» деп саңқ ете қалады. 
Сәлден кейін Жүсіпбектің «Сұржекей», «Қанатталдылап» шарықтаған 
даусы Қудың тау-тасын шарлап кетеді. Сол екі арада ауылдағы жалғыз 
бақанның түбіне жиыла қалған Көшімнің (Жүсіпбек Қаракесек руының 
ішінде Көшім табынан) шалдары «Аруақ, аруақ, ақсарбас! Шықты ғой 
бізден, туды ғой бір ұл» деп радио ілінген бақанды құшақтап, айнала 
жүріп жылайтын көрінеді. Бір қарағанда ел іші қуларының (Бұл әңгімені 
«Шаншардың қулары» таратқан деседі. Шаншар Қаракесектің бір 
тармағы. Шаншарлардан айтқыш, мысқылшыл, қу тілділер көп шыққан) 
ру арасына таратқан қалжыңға құрылған қағытпа әңгімелерінің бірі бо-
лып көрінгенімен, осынау әңгіменің өзегінде сол заманның шындығы 
жатыр. Қазан төңкерісінен бері «кәмпеске», ашаршылық, репрессия 
сияқты жантүршігерлік нәубеттерді бірінен соң бірін бастарынан өткеріп, 
үркіп, үрпиіп, шошып қалған қамкөңіл елге кеше ғана ауылдан болашағы 
бұлдыр жағдайда кеткен Елебектің «сары ұлының» радиодан шығандап 
шыққан дауысы кәдігімдей ес. Ән салғанда аузына әлем қараған мынандай 
әншісі бар Көшімдерді енді жау ала ма?! Жақыпбек өлмеген екен. Өлген
тірілді, өшкен жанды деген осы да! 
Сөйтіп, аз жылда есімі елге белгілі болып, танылып, тұлғаланған 
Жүсіпбек Қарқаралыға демалысқа келді. Жанында жерлесі, әрі аға досы 
Қалибек Қуанышбаев бар. Бұлар мінген «продпомощътың» астық таси-
тын машинасы Семейден Қарқаралыға жеткенше талмай жүйіткіді. Жол-
да талай әңгімелер айтылды, көп сырлар шертілді. Екеуі қосылып ән де 
шырқады. Кезек Мәдиің «Қарқаралысына» келгенде Қалибек әнді үзіп 
жіберді:
«– Жүсіпбек, біздің айтып келе жатқанымыз Мәдидің зары, мұңы, еліне 
деген елжіреген жүрегінің сағынышы ғой. Ал сол Мәдидің қайраты, кегі 
қайда? Мәди бұлай мұңая бермес болар. Оның мұңынан қайраты басым 
жан. Ендеше бұл әннің аяғы әлі бітпеген. Сол жігерлі қайрат пен кек 
араласқан қажырлы әннің аяғын сен тап! Ол сенің қолыңнан келеді. 
Жүсіпбек Қаллекиден көз алмай қарап қалды. Енді сол әнге әбден 
беріліп кеткен Жүсіпбек бір сәт Мәдидің орнына өзін қойып, енді әннің 
аяғын іздеп шарқ ұрды. Бір кезде Жүсіпбек әнді қайталап айта жөнелді. 
Әннің төрт шумағын айтып бітірді де, енді аяққы қайырмасындағы 
ызалана кектенген күшті қайратты дауыс жоғарылап көтеріле берді.
Дауыс ең жоғарғы сатысына жетіп қайта төмендей бастады. Бірақ жасы-


66
67
ған, қаймыққан үн емес, сол жігерлі, сол қажырлы қалпында мұқалмай
келе жатыр. Төмендеп келген ән дыбыстары «Оу, Арқадағы» деп барып
тыныс алды. Қаллекидің көзі бақырайып, Жүсіпбекке қарап тынып
қалыпты. Енді ғана өзіне-өзі келіп, Жүсіпбекті құшақтай алды. 
– Ой, айналайын, Жүсекем, таптың әннің аяғын. Енді бұл ән Мәдидің 
өзі айтқандай сегіз қырлы, бір сырлы болды. Жүсекем-ай, сені неге 
жақсы көрем? Сенен мен алыстай алмаймын ғой. Сен менің жанымның 
түкпіріндегі сезімімді оятасың. Дүниедегі ең бақытты шағымды қайта 
оралтасың. Сенің әнің адамды жарыққа сүйрейді. Бойыңдағы тотыққан 
таттарды жуып, күнәдан пәк тазарғандай әсер етеді. Сондықтан ғой сенен 
алыстай алмайтыным. Сондықтан ғой сені жанымдай жақсы көретінім. 
Міне, қазір көптен іздеген, таба алмай жүргенімді таптым. Енді, айна-
лайын, ұмыта көрме, тағы қайтала. Сенің мына тапқан әннің қайырмасы 
Мәдидің ғана өшпенділік кегі емес, сол заманның тар жол, тайғақ
кешуінде қыспақта келген, үнін шығартпай, тірідей көмгісі келетін баске-
сер, дүлей қара күштеріне кек шығар. Сол ыза, сол кек бүгінгі ұрпаққа 
да жалғасып, Мәди көрген зорлықты еш уақытта қайталатпасқа бекінген,
кекпен суарған алмас қылыштай жігерлі күш бар бұл қосқан әннің
аяғында, – деді
30
.
Мәдидің «Қарқаралы» әнінің қайырмасы Семей – Қарқаралы қара жо-
лында осылайша дүниеге келді. Кезінде бұл жолмен ер Мәдидің өзі де
талай түн қатқан еді. Әу баста «Қарқаралыны» Жүсіпбек Қалибектен 
үйренген көрінеді. Әнге қайырманың жетпей тұрғанын да Жүсіпбекке 
алғаш аңғартқан осы Қалибек. Жалпы, Қалибек Жүсіпбек әншілігінің 
бапкері іспетті. Жүсіпбектің көптеген әндерді алдымен Қалибекке 
тыңдатқызып алып, талғампаз аға досының сынынан өткізіп барып 
орындағанын көреміз. 
Қалибек пен Жүсіпбектің келгенінен бүкіл қала лезде құлақтанып 
үлгерді. Тіпті екі күннен соң атақты «Қоңыр клубта» бұлардың концерттері 
қойылатын болып қалды. Қарқаралының «Қоңыр клубы» тарихи 
ғимарат еді. Бұл клубта кімдер болмады дейсіз?! Қарқаралы мен Қоянды 
жәрмеңкесінің арасы бар болғаны елу-ақ шақырым. Жәрмеңкеге жиылған 
өнерпаздардың Қарқаралыға соқпай қайтатыны некен-саяқ. Сондағы 
олардың бас қосысатын жері осы – «Қоңыр клуб». Мұнда Қажымұқан мен 
Майра өнер көрсеткен. Иса ақын жыр төгіп, Әміре Қашаубев пен Қали 
Байжанов ән шырқаған. Атақты Ғаббас Айтбаев та осы клубта ән айтқан 
деседі. Енді міне, сол алдыңғы толқын ағаларының ізімен Жүсіпбек пен 
Қалибек те «ойын қоймақ». Нақ осы жерде өзін тағдырдың тосын сыйы 
30
Хабиба Елебекова. Ән – аманат. – Алматы: Өнер, 1989. – 104-б.
күтіп тұрғанынан Жүсіпбек бейхабар-ды. Кездейсоқ нәрсе болмайды деп 
жатамыз. Бұл жолы да Жүсіпбек өміріндегі ең елеулі күнге тағы да жана-
шыры, аға досы – Қалибек себепкер болды. Бәрін ретімен баяндайық.
Қарқаралы 1934 жылы округ болып құрылды. Мұндай ірі округ 
орталығының мәдениет ошағынсыз болуы – сол кездегі кеңес үкіметінің 
идеологиялық саясатына қайшы келер еді. Сондықтан сол жылы тез ара-
да Шаруа жастар театрына айналдырылған «Қоңыр клуб» өз жұмысын
бастап кеткен-ді. Оның алғашқы әртісі Рахима Түгелбаева Алматы-
дан шақырылса, әнші Жаңыл Қартабаева Қарағандыдан, Қырықбай 
Жұмабеков Баянауылдан келді. Тек әнші Баймұқаш Қалабаев пен
Хабиба Қарақбайқызы ғана жергілікті жердің өнерпаздары еді.
Сол күнгі концертке халық өте көп жиналды. Кешті Қалибектің өзі 
жүргізіп отырды. Ә дегенде «Қарқаралыдан» бастаған Жүсіпбек бірнеше 
әннен кейін «Ағашаяққа» басты. Хабиба осы әнді естігенде бойын бір 
түсініксіз сезім билегенін сезді. Иә, расында, осы әнді қашан естіп еді, 
отыздың ішіндегі мына әнші жігітті қайдан көріп еді. Кенет оның есіне 
1924 жылдың жазында болған оқиға түсті. Иә, сол жылы бұл жеті-сегіз 
жастағы тұлымшағы желбіреген кішкентай қыз еді. Бәрі есінде. Бұлар –
апасы Дәлилә, оның күйеуі Құсайын Мұздыбаев және бұл – үшеуі ат
арбамен жолаушылап келе жатты. Жолда Тұзащы деген көлдің жағасына 
тігілген қосқа сусын ішуге тоқтағаны есінде. Тұзащы көлінің айнала-
сын қаптай жауып жатқан өңшең қара қоңыр қылқұйрық Мұздыбайдың 
жылқысы. Мамыр айының соңына қарай су жыли бастаған кезде 
жылқышылар табын ішіндегі қотыр жылқыларды үйірінен бөліп алып, 
көл суына түсіріп емдей бастайтын. Жүсіпбек те сол жылы көл жағасына 
қос тігіп жылқы емдеп жатқандардың ішінде еді. Сусын ішкен соң 
көбелек қуып ойнап кеткен мұны бір кезде апасы Дәлилә шақырып алып
жанына отырғызды да: 
– Отыр, ана жігіт біз естімеген жаңа бір ән айтады. Соны ұғып алайық. 
Ауылға, атаңа айтып барасың, – деді. 
Ынтықбек деген кісі: 
– Ауылымыз шалғай, сіздерге берген қонақасымыз сол болсын
Жүсіпбек, сен Семейден әкелген «Ағашаяқ» деген әніңді айтып бер. 
Мүмкін, бұл жаққа әлі жеткен жоқ шығар, – деді.
Жүсіпбек сонда «Ағашаяқ» әнін екі рет айтқан болатын. Дәлилә апа-
сы екеуі әнді сол заматында ұғып алып, кешке ауылдарына жеткен соң
әкесіне айтып берген еді. Енді, міне, сол Жүсіпбек арада он бір жыл 
өткенде қарсы алдында тағы да «Ағашаяқты» шырқап отыр. Бірақ
Хабиба Жүсіпбекті бұл жолы жыға тани алмады.
Ертеңіне аудан басшылары Қалибекке бір спектакль қойып беріңіз 
деп қолқа салды. Бірден келіскен Қалибек «Малқамбайға» дайындықты


68
69
бастап кетті. Хабибаға Қадиша деген әйелдің шағын рөлі тиді. Дайындық 
кезінде «Құдай атқан Малқамбай, немене елдің бәрін бытыстырып 
жүргенің?» деген мұның сөзіне Қалибек «Осылай ойнау керек» деп разы 
болды. Репетициядан соң Қалибек Хабибаны сөзге тартты: 
– Шырағым, қаланың тұрғын жатағынансың ба, жоқ, әлде ауылдан 
келдің бе?
– Ауылдан келдім.
– Қай жақтан келдің? Қай ел боласың?
– Темірші еліміз
– Руларың кім болады?
– Шормыз.
– Қай ауылдансыңдар?
– Секербай ауылымыз.
– Кімнің қызысың?
– Қарақбайдың.
– Не дейді, Қарақбайдың? Кәдімгі Дәлиләнің әкесі – Қарақбай ма?
– Иә.
– Сен Дәлиләнің сіңлісісің бе?
– Иә
– Жаным-ау, түнеу күннен бері неге айтпадың? Жүсіпбек, мұнда
кел. – Айқайлап Жүсіпбекті шақырып алды. – Мынаны қара, мұндай да 
жаңалық болады екен? Жүсіпбек, мына бала Дәлиләнің туған сіңлісі екен 
ғой. Сен Дәлиләні көрген жоқсың ғой. Ол бір ерекше жаралған жан еді.
Жаратылыс тұлғасына сай, көркіне нәзік, биязы мінезі сай, оған табиғат- 
тың берген дарыны өнері қосылғанда Тәңірінің таңдап жаратқан аруы
болып шықпай ма? Дәлилә сондай адам еді, бірақ аққан жұлдыздай жоқ 
болды. Мына бала сол Дәлиләнің сіңілсі екенін айтпапты. Сен Дәлиләні
білмейсің ғой.
– Жоқ, Қаллеки, мен Дәлиләні көргем
31
.
Осылай дейді де, Жүсіпбек Қалибекке 1924 жылдың жазында болған 
кездесуді қаз-қалпында баяндап береді. Үшеуара әңгіменің соңын
Қалибек түйіндейді. Ол Хабибаға Жүсіпбекке жар болу ұсынысын 
білдіреді. Осы кеткеннен Баянауылға концерт беріп үш күннен кейін 
қайта оралатынын, қаласа, Хабибаны өздерімен бірге ала кеттіндіктерін, 
тіпті, Жүсіпбекке тұрмысқа шыққысы келмеген күннің өзінде Алматыға 
театрға орналастыратынын айтады. Хабиба ештеңе дей алмайды. Себебі 
бір отбасындағы он жеті адамнан жалғыз қалған жас қыздың ол күндер-
дегі халі шын мәнінде мүшкіл еді. Тұлдыр жетімдік әбден шеркөкірек 
етіп тастаған ол Қалибек пен Жүсіпбекке не дерін білмейді. 1928 жылдан 
31
Хабиба Елебекова. Ән – аманат. – Алматы: Өнер, 1989. – 110–111-б.
бергі оның көргені азап, шеккені бейнет еді. Кәмпескеге ілігіп, Атырауға 
жер аудырылған әкесі Қарақбай сол жақта қайтыс болған-ды. 1927 жылы 
қазақ қыздарының ішінен тұңғыш рет суырылып шығып, Мәскеу барып, 
Съездер сарайында домбырамен ән салған аяулы апасы Дәлилә Ресейдің 
Кемерова облысына жер ауып барып, жат жерде өлген еді. Анасы Жәкіш, 
апасы Күләндә, сіңлісі Харира, кішкентай інісі Рымбек те 1932 жылғы 
алапат аштықтың тырнағына ілігіп, айдалада ажал тауып, көмусіз қалған 
еді. Кейін осы жөнінде әңгімелескенімде Хабиба әжей: «Мені ол кезде
күйеуге шығу деген ой, тіптен, мазаламайтын. Бірақ Қалеки өздерімен 
бірге ала кетеміз дегенде екеуіне ілесіп Семейде тұратын Секербай-
мен бірге туған Тындыбайдың Дәулетбайы деген жақын туысыма жетіп
алғым келді. (Секербай – Қарақбайдың әкесі. – Е.Т). Ондағы ойым
шөбере туысымды паналап барып оқу оқып, ел қатарына қосылу еді», –
дейді. Бірақ өзінен екі-үш жас үлкен құрбысы Лағалия Жүсіпбектей ер 
азаматтың етегінен ұстаса қор болмайтынын, қайта бақыты ашылаты- 
нын айтып кеңес береді. Лағалия екеуі бір ауылдың қызы еді. Лағалияның 
ағасы Шайағзам деген кісі, кезінде, Хабибаның әкесі – Қарақбайдың
ағасының Құрбан деген баласымен дос-жар болған адам еді. Енді сол
өзімен бір ауылда, бірге өскен Лағалияны пана тұтып, әрі құрбы көріп 
оның үйінде тұрып жатқан болатын Құрбысының жанашырлықпен
айтқан сөздері демеу болып, әрі алдынан нұрлы күннің қылаң бергенін 
ішкі түйсігі сездіргендей болған Хабиба Жүсіпбекпен бірге қол
ұстасып, үлкен өмір жолына аттанады. Бұл 1935 жылдың тамыз айының 
үші күні еді.
Бес күннің ішінде, яғни тамыздың сегізінші жұлдызында Жүсіпбектер 
Алматыға жетті. Әуелі Совет көшесі мен Комунист (қазіргі Әйтеке би мен 
Абылайхан) көшесінің қилысында орналасқан Қалибектің үйіне түсті. 
Қалекидің жұбайы Қазия жас келінді шашу шашып қарсы алды. Жүсіпбек 
Қалибектің үйін «үлкен үйім, қара шаңырағым» деп қастер тұтатын. Жа-
рына алдымен Қалибектің босағасын аттатқызып жатқаны содан болса
керек. Жүсіпбектің өз үйі Коммунист пен Артиллерия (қазіргі Абылай- 
хан мен Құрманғазы) көшелерінің қилысындағы үйдің жертөлесінде
еді. Екі бөлмелі құрқылтайдың ұясындай құжырада үш баласымен аға-
жеңгесі, немере інісі, қарындасы тұратын. Жүсіпбек оларды ашаршы- 
лық жылдары зор қиындықпен елден алып келген болатын. Осылайша 
дүние-мүліксіз жұпыны үйде Жүсіпбек пен Хабибаның қырық екі жылға 
созылған жұбайлық өмірі бастау алды. Сөйтіп, 1935 жылдың тамыз айы 
Жүсіпбекке тамаша бақыт сыйлады. Осы айда үйленіп отау тіккені өз
алдына, сол жылы ол Қазақтың Мемлекеттік филармониясының құ-
рылуына байланысты жаңа ұжымға әнші болып ауысты. 


70
71


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет