Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы




бет11/17
Дата22.12.2016
өлшемі16 Kb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17

* * *
Тағдыр шауи Кəркін дүние салды, 
Парахзат падиша болып орын алды.
Бұл дүние жетібасты жалмауыз ғой,
Жалмаған жақсы-жаман патша, ханды.
Жаназалап падишасын халқы көмді,
Парахзат қалған елді билейді енді.
«Иесін құтырған ит қабар» деген,
Жігіттер соған мысал бір сөз келді.
Парахзат падиша болып орын алған,
Аздырған қызыл желдей дүние жалған.
Хан болмақ өлгенімше артық қой деп,
Көңіліне бір уəсуасе шайтан салған.
Ханымның айы жетіп, күні толды,
................................................................
Падишаның айтып кеткен өсиеті бар, 
Ұл туса Парахзатты қоймас болды.
Бұзылды бұрынғыдан ер мінезі,
Ханымның бала табар келді кезі.
Қалайша патшалықты аламын деп,
Парахзат ойға кірді жалғыз өзі.
Ойлайды сонда отырып бұл ақылды,
Ұл таппай өлтірейін бұл қатынды.

142
143
Ханымды ебін тауып өлтірейін,
Өзіме табайын да бір жақынды.
Шақырған Парахзат қу Барыс ерді,
Кешікпей тез келсін деп хабар берді.
Шақырса хан тез кел деп кешіге ме?
Барыс ер сəлем беріп кіріп келді.
«Келдің бе шақырған соң Барыс жаным,
Ақылға болған дана данышпаным. 
Азырақ саған айтар бір сөзім бар,
Аянба менің үшін келсе халің.
Тұз жедің менен Барыс ақтайсың ба,
Жоқ болмаса біреуді жақтайсың ба? 
Айтамын құпия сыр саған Барыс,
Сыйғызып соны ішке сақтайсың ба?
Жұмсаймын бір жұмысқа сені қыстап,
Əдейі мен шақырдым сені қостап.
Ханымды бала таппай өлтіресің
Екеуміз тұрамыз ғой көп жұртты ұстап.
Өлтірт жылдам ханымды бала таппай, 
Ұл туса кетер деймін бізге жақпай.
Неміз кетіп барады Барыс жаным,
Екеуміз өмір сүрсек алтын тақта-ай.
Мінекей, ұқсаң бала айтар сөзім, 
Күшті боп осы кезде тұрған кезім.
Тұтпасаң жасырып айтқан бұйрығымды
Ойылар сонда бастан екі көзің.
Барыс ақыл ойлады есін жиып, 
Өлтірем деп ханымды неғып қиып. 
Əруақтың тұзы жібермес мұны өлтірсем,
Барады бейшараның іші күйіп.
Өлтірмесем Парахзат кек көреді,
Оныменен қоя ма жек кереді. 
Байқамай неге тұрсың бұл қалыппен 
He өлтіріп, не бейнет шектіреді.
Жарайды, уəдені қылып шықты, 
Жылап жасқа көздері толып шықты.
Олай-бұлай ойланып қараса да,
Өлтірмекші ханымды болып шықты.
Үйіне жылап Барыс тура барды, 
Шақыртып бір он жігіт қасына алды.
«Жігіттер бүгін бір сыр іс қылыңдар 
Бəріңізге, міне, сый ақша»,— деді.
Ақшаны ей, жігіттер алыңыз деп,
Олжаға үлкен батып қалыңыз деп.
Ханымды бала таппай өлтірсеңіз
Бəріңіз азат болып барыңыз деп.
Құлдардың қуанғаннан шығып есі,
Бұзылып бəрінің де өңі-түсі.
Сау етіп он қара құл кіріп барды
Ханымның отыр еді ауырып іші.
Ұстады біреу қолдан, біреу белден,
Біреуі орамалмен ұстап тілден.
Төбеге қан көтеріп алып шықты,
Көрсетпей тірі жанға ұрлап елден.
Алып кетті далаға он құл ұрлап,
Барыс жүгіріп келеді тұра-тұрлап.
«Айтқан сөзін Барыстың тыңдамайық,
Мұны өлтірмей біздерге бар ма тұрмақ».
Құлдары бір тоғайға алып барды,
Қол-аяғын ханымның байлап салды.

144
145
Басын кесіп қылышпен бір-ақ тартып
Ағызып жүре берді қызыл қанды.
Солайша өліп қалды ханым бейбақ,
Сұм дүниені болар ма көзі қимақ.
Қалайша өлтірді екен көрейін деп, 
Тоғайға келді Барыс жанын қинап.
Барыс барды ханымға жақындасып
Жас бала зар жылайды аузын ашып. 
Нəсіпсіз жан дүниеде жаратқан ба? 
Емшектен сүт шығады судай тасып.
Қалтаға гауһар салды Барыс мұңлық 
Баланың жайы-күйі атын жазып.
Уақтында туып жатқан көрдім депті,
Қорыққаннан Парахзаттан жүрдім депті.
Кімде-кім бұл баланы асырап-күтсе,
Он гауһар мен қаржысын бердім депті.
Барыс қайтып келеді үйге таман,
Кімдерді жоқ қылмаған сұмырай заман.
Бір арыстан сол жерде пайда болып 
Он жігітті өлтірген бəрін тамам.
Он жігіт өліп қалды құдай ұрып,
Тамаша қылды Барыс мұны көріп.
Бұлар енді бұлайша тұра тұрсын,
Сөз етейік Парахзаттан мойын бұрып.
* * *
Парахзат жеті жұртқа патша болды,
Уайымсыз бұл жалғаннан көңілі толды.
Өзінің патша болып тұрған күнде,
Үйінде ұйықтап жатып, бір түс көрді.
Түс көрді ұйықтап жатып сонда жаман,
Саласың қандай күйге түрлі заман.
Оянып төсегінен түрегеліп,
Жоруын сол түсінің біле алмаған.
Шошынып тұра салды жиды халқын, 
He болар бұл сөзімнің тыңда артын.
Барлығын түс жорушы шақырып
Пақырға ғаріп-ғасір беріп алтын.
«— Түсімде бір аждаһа келді бізге,
Күйдірді шашып заһар жүзімізге.
Айбатты өрт қаптаған Күнбатысты, 
Сол жерде көрінді өлім көзімізге.
Ешбір жан оған қарсы бара алмады,
Қолына қару-сайман ала алмады. 
Бір інжу-маржан сонда көктен түсіп,
Алдына аждаһаның аяңдады.
Біріндей түсті жерге аспан көктен,
Аждаһа мұны көріп есі кеткен.
Жоруы қалайша екен бұл түсімнің,
Білмедім көрінгені не себептен?»
Жылаған сол арада үлкен-кіші,
Толыпты кəрі-жасқа үйдің іші.
Ойлайды ақылы дария қариялар, 
Патшаның не болды екен көрген түсі?
Түсіңнің жоруын мен айтайын деп,
Барыс ер падишаға берген хабар:
Көрінген аждаһа боп ер екен сол, 
Ойланып саған қастық жүр екен сол.
Қолыңнан тақытыңды тартып алар 
Япырмау, кім екенін білмеймін сол.

146
147
Тұрмайды бір тиынға айтқан сөзің,
Бет жуар қанды жаспен екі көзің. 
Дегенің інжу-маржан көктен түскен,
Бір сұлу ақылы кемел болар қызың.
Сол қызды алады екен осы батыр,
Тігілер сол басына алтын шатыр.
Осы қыз өлтіртпеске себеп болып,
Өлімнен құтқарады біздерді ақыр.
Бетіне ешбір адам келмейді пар,
Қанша əскер жабылса да қылмайды кəр. 
Патшалықты қолымыздан тартып алар, 
Кең дүние енді бізге болады тар.
Ұмтылса айдаһар боп біздің елге,
Бір батыр келер деймін осы жерге.
Өлтірем деп ойлайды əуел сізді,
Қоймайды тығылсаң да көрден-көрге.
Мен білсем, түсіңіздің жоруы осы, 
Кетпейді ақыр бастан дəулет құсы.
Падишам арты жақсы еш нəрсе етпес,
Таппаса ханым бір қыз сонан шошы.
Тамам жұрт мұны естіп тарап кетті,
Көруіне жоруы ұнап кетті.
Көңіліне Парахзаттың қорқу түсті,
Жалықпай тыңдасаңыз артын нетті?
* * *
Ханымдардың біреуі буаз болды,
Тақалып айы жетіп, күні толды.
Қыз туса кеп сүйінші беремін деп, 
Парахзат тілемейді перзент ұлды.
Туыпты ай мысалды бір қыз бала,
Тағдырдың жақсылығы бұған қара.
Болмағы жақсы-жаман жұлдызынан,
Қыз артық жаман болса алдағы ұлдан.
Той қылып тойғызады тамам елді,
Бата қып қағыс қыл деп көз бен тілден.
Беріпті жақсы қатын тəрбиеге,
Тигізбей сақтасын деп күн мен желден.
Молдалар қыз Гүлшат деп атын қойды, 
Парахзат аямастан қылды тойды.
Ұстаздан сабақ оқып білімді боп,
Тəрбие таза сақтап, күтіп бойды.
Бұлайша осы қызды тəрбие етті,
Парахзаттың қайғысы ойдан кетті, 
Ақылды парасатпен іс білетін, 
Дегендей оннан он бес жасқа жетті.
Хат жазып атасына айтады сөз,
Бұл жерде қапа болып тұрмайық біз.
Бір сарай салдыр бізге жақсы жерден,
Құлақтар естімеген, көрмеген көз.
Бір сарай сонда патша салдырады,
Əр жерден ұста болса алдырады.
Кірпіштің бірі — алтын, бірі — күміс,
Көргенді таң-тамаша қалдырады.
Гауһардан əр жеріне шеге қақты,
Орнатты тамаша ғып алтын тақты.
Қырық кездей шарбағы бар саф алтыннан,
Қылады бейне ұжмақ бұл шарбақты.
Əр жерден неше түрлі ою сапты,
Қараса тамашасын көз тұныпты.

148
149
Бір жұмақ дүниедегі болғаннан соң, 
Жаннат əл-Фердаус
1
  деп ат қойыпты.
Бұл қыздың заманында асқан шағы,
Ешкімнің келтіре алмас тіл мен жағы.
Осы екен деп ойлайды көрген адам, 
Дегендей аты шулы Иранбағы
* * *
Тоқталып сөзі мұнда тұра тұрсын,
Парахзат қуанышты бола тұрсын.
Баланың не болғанын біз айтайық, 
Тыңдаушы енді бұған мойын бұрсын.
Сол жерде қатын өліп, қалды бала,
Өзі аяп қылған рақым хақ тағала.
Бұлақтай қайнап жатыр емшек сүті, 
Өрмелеп емшекке ауыз салды бала.
Өлтіріп өңшең жауыз тастап кетті, 
Өлі жаннан тірі жан қорек етті. 
Еш нəрсе сүттен басқа қорек қылмай 
Талпынып екі мен үш жасқа жетті.
Далбаса əр нəрсеге көңіл қойып,
Жүгініп, малдас құрып, жатып-тұрып, 
Бір күні бір арыстан душарласты,
Соңынан бұл қалмайды еріп жүріп.
Арыстан аң-таң болып тұра қалды, 
Жас бала іркілместен жетіп барды.
Қүдайым рақым көңіл бергеннен соң, 
Аяп кетіп баланы ертіп алды.
1
 Фердаус — сегіз жұмақтың бірі.
Орнына жататұғын ертіп барды,
Алдына жей ғой деп шикі ет салды.
Жемей бала лақтырып тастаған соң,
Көрген сон, жемегенін қайтып алды.
Аңдардың төресі екен бұл арыстан,
Өзі дана, ақылды һəм данышпан. 
Шақырған соң алдына келді бəрі, 
Аю, барыс, бөрі мен түлкі, тышқан.
Бұл басқа түсті дейді бір қиын іс,
Бір бала тауып алдым асырауы күш.
Аяп жетім болған соң ертіп келдім,
Ебін тапсаң айтарлық, міне, жұмыс.
Тышқан айтты: «Қарашы масқарасын,
Адамның сүт емеді жас баласы.
Құлан, бұлан сүтімен асырау керек,
Жоқ болған соң қиын ғой ата-анасы».
Ішкізді алып келіп құлан сүтін, 
Бұл баланы асыраудың білді бетін.
Ым менен ишараға əбден түсініп, 
Қолынан жейді бала берген етін.
Соңынан арыстанның ерген екен, 
Бұйырған түз-нəсібін көрген екен.
Құланның етін жеді, сүтін ішті 
Екі жыл арыстанда жүрген екен.
Бұл дүние қала берген барша жаннан, 
Бай-жарлы, төре-қара, патша жаннан.
Былайша арыстан мен бала тұрсын,
Келеді енді бір сөз керуеннен.

150
151
* * *
Арыстан бір жолаушы керуен көрді, 
Арыстан керуенге қарай жүрді.
Соңынан баланы ертіп жақындатып 
Керуенге бар деп енді жүре берді.
Ойлайды енді мұны қосайын деп,
Адамзатқа қосып өзім босайын деп.
Олар алмаса алармын өзім тағы, 
Бір жерден мұның алдын тосайын деп.
Екі жыл арыстанмен сейіл етті
Кез болып бұл араға керуен жетті. 
Жас баланы керуенге қосты дағы,
Арыстан өз жайына жүріп кетті.
Саудаға қанша керуен жол салады-ау, 
Баланы түзден көріп, таңқалады-ау,
Баласы жоқ «мен алайын» деп, 
Баланы керуен басы қолға алады-ау.
Жияды жұрттың бəрін керуен басы,
Теп-тегіс жиналыпты кəрі-жасы.
Кеңесіп-ойланады жамиғаттар, 
Баланың кім болар деп ата-анасы.
Баланы керуендер тауып алған, 
Асыраған арыстанды көріп қалған. 
Балаға Шеризат деп ат қойыпты, 
Əйтеуір алдық қой деп арыстаннан.
Шеризат деп баланың атын қойды,
Бұл іске Қожа Сағит көңіл қойды. 
Молдаға оқытуға мұны берді, 
Білгізді Шеризатқа ақыл-ойды.
Бес жасында оқиды əліп-биді, 
Жетім қалған байқұсты тəңірім сүйді.
Жеті жаста бұл бала болды ғалым, 
Балаға қожа Сағит көңілі толды.
Жетіпті бала Шеризат он жасына, 
Жетіліп, оқып жүрген молдасынан. 
Əртүрлі өнерлерден өрнек алып, 
Алланың батыпты үлкен олжасына.
Он жасында оқуға болды жетік,
Бағдат шаһарын жүрді сейіл етіп. 
Ойынға батырлықпен не істемейді, 
Асатын қандай жігіт мұнан өтіп.
Он төрт-он бес Шеризат жасқа жетті,
Көп керуенмен саудаға жүріп кетті.
Жол жүріп, сапар шегіп, көп керуен, 
Түбінен Шын-Машынның керуен өтті.
Көп керуен Шын-Машында тұра қалды,
Кеңесті қояйын деп сонда қалды, 
Падишадан біраз күнге орын сұрап
Тағы да сауда қағаз сұрап алды.
Падишадан мұнда сұрап елші келген,
Ажалы жетіп тұрған бұл сұр мерген.
Керуендер елдеріне айтсын деп,
Жай берді шарбақ алды құрық жерден.
Ішінде көп керуеннің Шеризат бар-ды, 
Ол дағы қосын тігіп, жайын алды.
Шарбағын Фердаустың көрейін деп, 
Он жігіт жолдасы бар даярланды.
Мойнына салды мылтық аң аулауға, 
Он жігіт алтауы ер бір қатарда. 

152
153
Аң аулап келеміз деп түсті түзге,
Əр жерден нəсіп болса дəм татарға.
Он жігіт жолдасы бар Шеризат ердің,
Қозғалар жүрсе бойы қара жердің. 
Фердаус шарбағына душар келіп, 
Көп жақсы тамаша етті көрген жерден.
Ойлады бұл Фердаус кім шарбағы, 
Бұл шығар ұста соққан ирамбағы.
Кіріп ішін тамаша қылар ма еді, 
Бұларға түседі енді қайғы дағы.
Үрікпей-қорықпай жүріпті оңашада,
Шарбақты көріп-бəрі тамашада.
* * *
Гүлшат сынды қаракөз 
Қалам қасты нұрлы жүз. 
Ақ бетіне пар келмес,
Сарт тоқыған əппақ бөз.
Ұзын бойлы қыпша бел, 
Тал бойында бір мін жоқ, 
Шыны айнаның көзіндей,
Түзу ағаш құрған тез. 
Тысқа шықты бұралып,
Тал жібектей оралып,
Айдай балқып нұрланып,
Жұрт көзінен ұрланып,
Əбжыландай толғанып,
Ақ орамал қолға алып,
Бар сəулетін құрынып,
Жын соққандай ұрынып,
Құс болып көкке ұшқандай. 
Аяғымен басарға,
Қара жерді ерініп,
Кер маралдай керіліп.
Оймақтай аузы бүріліп, 
Алтайы қызыл түлкідей, 
Тоқсан түрлі құбылып, 
Тысқа шықты көрініп.
Тартқан сымдай бармағы, 
Саф күмістей тырнағы.
Сұлулығы санамдай, 
Хатшылар қиған қаламдай,
Ондай жан жоқ ғаламда-ай.
Ұжмақтың хор қызындай, 
Жылқының шаңқан бозындай, 
Айдын шалқар көлдегі, 
Иілген аққу-қазындай.
Қараған жан үңіліп, 
Шыбын жаннан түңіліп.
Көреміз деп ентелеп,
Бір-бірімен соқтығып, 
Сасқанынан сүрініп. 
Шықты бір Гүлшат далаға, 
Сахара майдан араға,
Қырық нөкерлі хандайын,
Аққу құстай бөленіп, 
He түседі деп көзіме, 
Ынтық болсын халық деп, 
Басып кеткен ізіме. 
Үйден бір шығып жөнелді, 
Көргеннің кезі кенелді.
Табысатын жер болса,
Еркін туған ер болса, 
Қиын емес оңай-ақ, 
Өзінен өзі беріліп. 
Офицердей əсеммен,
Тəңірі берген екі аяқ,
Бір басарға ерініп.

154
155
Көп қызбен Гүлшат шықты айдалаға-ау, 
Қарасып жан-жағына көз салады-ау, 
Алыстан Гүлшат сұлу көзі түсіп,
Шеризатты көріп сонда таң қалады-ау.
Көзіне қыз Гүлшаттың Шеризат түсті,
Ғашықтық оты жанып күйдірді ішті. 
Сол жігіт көзге түскен келер ме деп, 
Қайғысы Гүлшат жанның болды күшті.
Қыз Гүлшат енді ойлайды ғашықтықты,
Қызығы көріп жүрген ойдан шықты. 
Армансыз соны құшсам болар ем деп, 
Көңіліне басқа дүние алмас тіпті.
— Ей, бағбан, алтын-күміс берейін деп,
Өзіңді жақсы сыйлап жүрейін деп.
Жігітті анау жүрген шақырып кел,
Кім екен мен жолығып көрейін деп.
Бағбан бір ақсақал адам екен,
Күзетіп Фердаусты қылған мекен. 
He қылса да бағбанмен ақылдасар,
Іс қылмас Гүлшат сұлу мұнан бөтен.
— Ей, Гүлшат, атаң болса болар қиын, 
He етсін, шақырғанмен жайы-күйін. 
Шақырып көңлің үшін келтірейін,
Шырағым, ақы алмай-ақ жалғыз тиын.
Жіберді «жылдам келсін біздерге»,— деп, 
«Неткен жан шығып жүрген түздерге»,— деп. 
«Білгейсің жөнін сұрап елі-жұртын»,
Сөз айтты, сөз сөйлесіп оларға деп.
Бағбан байқұс барады маң-маң басып,
Шеризат сəлем берді жақындасып. 
Сəлемін жастық берген құп алды да
Отырып бір-бірінен жөн сұрасып.
— Далаға шығып жүрсіз не себепке,
Көрген соң сұрамасақ біздерге еп пе?
Ханының қай шаһардың баласысыз
Əдейі келіп едім жөн білмекке.
— Мен өзім ер емеспін елден шыққан,
Жаманға жан емеспін жақындасқан.
Хан да емен, төре де емен, қожа да емен, 
Керуенімін ел аралап мал алысқан.
Сұрасаң шаһарымыз еді Бағдат, 
Атымды сұрасаңыз деді Шеризат. 
Иесі жер мен көктің өзіңе аян
Ал сонда кімдікі екен мына шарбақ?
Енді жөнін сөйледі бағбан тұрып:
— «Сұрасаң есті жігіт мойын бұрып.
Бұл шарбақтың иесі — Гүлшат сұлу,
Шаһараға шығып жүрген сейіл құрып.
— Парахзат — бұл шаһардың падишасы, 
Шарбақтың гауһар болад босағасы. 
Қорғаны өрт келместей саф алтыннан, 
Ғаламнан асып тұрған тамашасы.
Біледі Парахзатты дүниежүзі, 
Ақылмен жеті жұртты биледі өзі.
Бір басын миллион ұлға бағалайтын, 
Сұрасаң осы Гүлшат жалғыз қызы.
Бұл шарбақ Гүлшаттыкі, ешкім де емес, 
Жайын жүр құрбысы жоқ келмей теңдес.
Алпыс екі айлалы ол бір түлкі, 
Ей, балам сұрағанмен күшің келмес.

156
157
Бағында Фердаустың ол бұлбұл құс, 
Құр көңіл далбасалық бір көрген түс.
Бұлбұлы Фердаустың теңдесі жоқ, 
Мен білсем дəл өзіңдей жігітке өш.
Мен айтсам əңгімемді көңлің қош,
Көрінгенге айтпаймын əңгіме бос.
Мысалы теңіздегі ол бір гауһар 
Ал, тауып, ақыл-қайрат, қуат пен күш».
— Сөзіңді, атам, айтшы ойлап қана,
Асықпай-ақ ақырын жайлап қана. 
Басқа қару, айланың керегі не,
Бір айқассам болмай ма оңдап қана.
Бес күндік өмір керуен ерте-кеште,
Түлкісі Фердаустың кісіге еш пе?
Көзіме бір көрсетсең сол түлкіні 
Өлмек түгіл жеп қойсын ара түспе.
Атқан аңым шарбаққа кетті кіріп,
Кіре алмадым соңынан мен бір еріп, 
Керек деген нəрсеңді алшы менен, 
Қансыратқан аңымды алып беріп.
— Кедей емен өлмелі таңсық малға,
Жағымды күзетшімін өзім ханға. 
Жығылмай сен оғыңнан кеткен болса 
Өліп жатса ұстатпас мендей шалға.
Сарайдың айналасы алтын-күміс,
Зүбаржат
1
  терезесі гауһар тегіс.
Кетсеңіз қонақ болып құп болады,
Болмаса бір асығыс үйде жұмыс.
1
 Зүбаржат — асыл тастың бір түрі.
* * *
Бұл сөзге Шеризат бала мойнын бұрған, 
Гүлшатқа ғашық болып көңілі тынған. 
Бағбанмен бірге жүріп келе жатып,
Ақ сұңқар құтыла ма жайған тордан.
Келіпті Гүлшат бала көрген жерге,
Қасында он жігіті о да бірге.
Қыз Гүлшат түрегеліп құрмет етті,
Шығарды кілем жайып, бəрін төрге.
Бұларға Гүлшат қойып махаббатты,
Алдына бас келтіріп балдан тəтті. 
Жемістер дастарханда неше түрлі, 
Жеп қараса бірінен-бірі тəтті.
Ac жесіп, қайтқан болды енді бұлар, 
Пендеге не қылса да құдай қылар.
Бүгінше біздікінде болып кет деп, 
Шеризатты Гүлшат сұлу алып қалар.
Шеризат қалды, өзгесі бəрі кетіп,
Құп сыйлады қыз Гүлшат құрмет етіп. 
Дүниенің шын рақатын көрген екен, 
Мұратқа екі байқұс сонда жетіп!
Екеуі ойнап-күліп қызық көрді,
Аралап шарбақтарды бірге жүрді.
Жатқаны күні-түні жылы қойын,
Біраз күн Шеризат бала сонда тұрды.
Жəрдем бер қадір сұхбат тіл-жағыма, 
Бір нұқсан болмағайды ер бағына. 
Бір жігіт шыр айналып жүреді екен, 
Гүлшаттың күзетшісі шарбағына.

158
159
Гүлшатқа о да ойында ғашық екен, 
Ғашықтық ол уақытта машық екен. 
Күзетшілік ойламай дəрежесін,
Отты нəрсе балқымай жасық екен.
Шеризат бірге жүрген көзі көріп,
Күншілік сол көңіліне кеткен кіріп. 
Жаманның қайда болса əдеті ғой,
Патшаға білдіріпті хабар беріп.
«Ей, тақсыр, Гүлшатқа ерген қырық бір нөкер, 
Мен айтсам көңіліңізге қатты келер. 
Қызыңыз бір жігітпен қосылып жүр
Нанбасаң көріп келсін кісі жібер».
Парахзат есітеді қыздың жайын, 
Басты деп қандай сұмдық көңіл майын.
Шақырды Алмас, Қоймас екі алыпты, 
Болғанда бірі—айдаһар, бірі—жайын.
Шығыпты Алмас, Қоймас жарлық алып, 
Айдаһардай ақырып, қаһарланып.
Қасына жүз əскерді ертіп алып, 
Шарбақтан жігіт түсті жылдам барып.
«Жазасын келгеннен соң мен берейін, 
Кім екен сол жігітті мен көрейін.
Біздерге біреу келді хабар беріп, 
Сонымен ақыретке жіберейін!».
Келеді Алмас — Қоймас күліп-ойнап, 
Айбатты арыстандай көзі жайнап.
Алдына қақпасының келіп тұрып
Шақырды: «Кім бар мұнда!» — деп айқайлап.
Бұларды көрейін деп бір қыз шықты,
Екеуін көргеннен соң қорқып кетті. 
Ол жерге қорыққаннан кіре жаздап,
Бір ауыз сөз дəнеме айтпас тіпті.
«Шығыпсыз көп қызбенен Гүлшат түзге, 
Бір жігіт жолықты ғой келіп сізге. 
Падиша алып кел деп жарлық етті
Жігітті жылдам жібер енді бізге».
Гүлшатқа бір қыз барды жылдам басып,
«Кіргелі Алмас тұр,— деп,— есік ашып,
— Атаңыз жіберіпті алып кел деп» 
Қыз Гүлшат мұны есітіп қалды сасып.
Гүлшат тұрып жігітке кеп айтады,
Ақылын өзі білген деп айтады: 
— Сіз мұнда жасырынып отырыңыз, 
Атама өзім барам деп айтады.
— Елімнен шығып келдім өз бетімнен,
Халқыма жағушы едім қызметіммен. 
Келсе де жүз мың əскер жұмыс емес
Барамын жасырынып не бетіммен?
Ал, тұрып Шеризат бала қалқан алды, 
Басына дулыға мен сауыт салды. 
Қыз Гүлшат сусын шарап оған берді
Шеризат ішіп суды мейірі қанды...
Жақсыға жаман адам жанаса ма? 
Жамандар жақсы болсаң таласа ма?
Шеризат айтты сонда қыз-Гүлшатқа: 
«Қарап тұр енді қызық тамашаға».
Алмас түр өткір қылыш байлап алып, 
Қаруын өткір қылып қайрап алып.
«Тезірек кел, қашқын!» — деп ақырады — 
Барамын деп патшаға байлап алып!»

160
161
Алпыс батыр Шеризатқа барды жетіп,
Қолындағы қылыштары жарқ-жұрқ етіп. 
Қаһарланып Алмасты Шеризат шапты
Өзі түгіл атынан кетті өтіп.
Ашуланып сол жерде Қоймас келді,
Күші жетсе шоқпармен ұрмас енді.
«Мың жаныңнан бір жаныңды мен қоймаймын,
Иманыңды айта бер жігіт енді».
— «Жамандарға өлімді еп көргем мен,
Төс майын жамандардың жек көргем мен.
He былшылдап сөйлейсің қара қарғам, 
Сендей есер немені көп көргем мен».
Ақырып Қоймас батыр ұмтылады, 
«Қолымнан қандай жан,— деп,— құтылады». 
Килігіп Шеризатпен жолыққан соң, 
Болмады екпіні əлдегідей, тоқырады.
Əуелі қылышпенен Қоймас шапты,
Басына Шеризат бала қалқан жапты.
Қалқанынан өтіп қылыш басқа тиді,
Сонда да жарып кетпей аман қапты.
Ер Шеризат ашуланып бұл да шапты, 
Жан қамын Қоймас батыр қылып бақты.
Қоймастың дəу денесі қақ бөлініп
Тұп-тура жаһаннамда жанын тапты.
Шеризат қырды əскердің енді бəрін,
Жүз жігіттің басына төкті кəрін.
Қойға кірген аш бөрі сықылданып 
Жоқ қылыпты сол жерде баршаларын.
Өрттей қауға кірген жандырады, 
Қалың қарды басына жаудырады.
Патшаға хабарыңды айта бар деп,
Жүз кісіден екі адам қалдырады.
Екі кісі əскерден елге барды,
Падишаға жеткізіпті бұл хабарды.
Өлгенін батырлардың естіген соң, 
Парахзат тұрып сонда қайғыланды,
Сонда патша Барыспен ақылдасқан,
«Қайдан шыққан бұл күшті батыр асқан.
Нақақ жұртты қырғызып қан төкпейік», — 
Деп патша ашуын өзі басқан.
Бұл Шеризат көп əскерді қырған екен,
Гүлшатпенен кеңесті құрған екен.
Жалғыз барсам көп дұшпан келе ме деп 
Жолдастарын жинап ап тұрған екен.
Керуеннің қожа Сағит ақсақалы,
Ата деп Шеризат жүрген сол күнде ұлы. 
Падишадан елші болып Барыс келді, 
Шеризаттың шатырына кіреді енді.
Бұларға сəлем берді көрген жерден,
— Кімсің? — деп қожа Сағит сұрай берген.
— Жақсыға əр уақытта жолдас болып, 
Қайырылған ғаріптерге Барыс ер — мен.
Сонда ақсақал кісенін қолға алады, 
Сол кісеннің ішінен дорба алады. 
Таптым деп дорба ішінен айдала-ау
1
,
...............................................................................
Қағазды алып, Барыс оқып берді, 
Оқи сала орнынан ұшып тұрды,
1
 Қолжазбада бұдан кейінгі жол түсініксіз.

162
163
Айналайын, шырағым, сенбісің деп, 
Шеризаттың мойнынан құшып тұрды.
«Уақтында туып жатқан көріп едім,
Қорыққаннан Парахзаттан жүріп едім.
Артымда бір қарауға мұршам келмей, 
Сонымен өз жөніммен жүріп едім.
Кезінде көріп едім туып жатқан,
Тамағы бір тоятты қанға батқан. 
Алсаң бас, алмасаң бас, Алдияр бас, 
Тірі боп отырмын ғой мен ант атқан».
Қайғының арты шаттық болады екен,
Екеуі амандасып отырды енді,
Амандасып Барыс ер айрылады,
Хабар алып, падишаға қайрылады.
Барыс келіп білдірді жігіт жайын,
Парахзат естіген соң қайғырады. 
Парахзат келмек болды Шеризат ерге,
Өлтіртті неге анасын буаз күнде?
«Бір қата болды бізден кешіңіз,— деп, 
Хан басын құлдық деумен қойды жерге,
Алыңыз менен түгел мал-мүлкімді, 
Аманат атап қойған ел-жұртымды».
Жазықсыз жан анамның кестің басын,
Мен үшін анам байқұс сапар шеккен. 
Парахзат төмен қарап үндемейді
Қайырып Шеризатқа сөйлемейді.
Зынданға жап мұны деп бұйырады,
Арызын не қылса да жөндемейді.
Зынданға Парахзатты сонда жапты
Биледі Шеризат патша алтын тақты.
Кешегі падиша болған Парахзатың, 
Зынданда қорлықпенен жатып қапты.
Келіпті жұрт жиылып хандарына, 
Алдына қылып қызмет жалбарына.
Атасын өлтіртетін болғаннан соң, 
Гүлшаттың қайғы түсті жандарына.
— «Жарайды ашуыңды бермегенің,
Көп шығар бұл дүниеде көрмегенің. 
Тағдырдың шүкірлік қыл бергеніне,
Өлсе де анаң,— өсіп өлмегенің».
Парахзат өз пейілінен өзі тапты, 
Жек көрсін жақсы неге ынтымақты.
Тоқтатқан қыз Гүлшаттың айласынан,
Парахзат өлтіруден аман қапты.
Шеризат екінші күн ашуланған,
Мұны мен өлтіремін деп қатуланған.
Ашуын қайтармаққа Гүлшат сұлу,
Əңгіме, əлқисса сөйлеп көңілін алған. 
Тоғыз күн қайламенен тоқтатыпты,
Болғанда оныншы күн таң атыпты.
Жанына Шеризат ердің сол уақытта, 
Қайғысы анасының бек батыпты. 
Гүлшат пенен Шеризат сейіл құрды,
Екеуі Фердауста бірге жүрді.
Өлгені анасының ойға түсіп, 
Жатады Шеризат құшып қара жерді.
Жылап Шеризат айтады: «Ей, Гүлшатжан, 
Сен-дағы қапа болдың бұл қайғыдан, 
Анамды не себептен өлтірді бұл,
Қандай жаза боларлық қылсам бұған?»

164
165
— «Құп тұтсаң құлақ салып, Шеризат жаным, 
Сізге бір мен айтамын əңгімені:
Əуел бастан туған соң
Əйтеуір бір өлмек бар еді.
Дүниеге келіп жан болған соң,
Əр іске көнбек бар еді.
Ай мен күнді көрген соң,
Дүниеге келіп жүрген соң, 
Аз дəуренің өткен соң, 
Дəм таусылып біткен соң. 
Ажал оғы жеткен соң,
Пендеге бір өлмек бар еді.
Кездің бүтін ғаламды,
Жақсы менен жаманды, 
Табанға салып жүн еттің, 
Жамандық қылған адамды,
Жақсылық саған бергенде, 
Дұшпаныңды жеңгенде, 
Қане мүйізің шыққаны? 
Осы күнде төресің, 
Өз еркіңмен жүресің.
Біреуге қылған жақсылықтың, 
Күн-түн аумай пайдасын, 
Асықпасаң көресің. 
Қатесіз пенде болар ма?
Бір қалыпта адамзат 
Біле білсе тұрар ма?
Қысылғанды сүйер болсаң, 
Тəңірім сізді демесін,
Бір ашуың бермесең,
Менің қадірімді білмесең,
Ашуыңды жеңдіріп,
Уəжіңді жолға көндіріп, 
Маған бермей кеткенде,
Жан жолдасым, шырағым, 
Енді кімге бересің?
1
....................................................
Күнəсін сол əкемнің кешіп жібер, 
Жазасын жазалының алдан берер.
Шешеден өліп жатқан нəсіп берген, 
Таппас деп ойлайсың ба тағдыр шебер?
Əңгіме осы қисса сізге жетер, 
Бұл дүние бір керуен бізден де өтер.
Кескенің пышақпенен өз бармағын,
Басқаның байқап көрсең несі кетер?
Артық бар басқа берген салтанатың, 
Жайылды заманыңда Шеризат атың. 
Өзіңді-өзің жойып өлтірген соң, 
Басқаға қайдан тиер шарапатың?»
Мынау сөз жүйесіне түсті дейді,
Байқап тұрсаң кімде-кім есті дейді.
Көңіліне қыз Гүлшаттың сөзі ұйып,
Күнəсін Парахзаттың кешті дейді.
Адамның ақылы аз надандары, 
Түспейді ишаратқа жамандары.
Мұратқа екеуі де солай жеткен, 
Осылай болып өткен замандары.
Ғибрат бозбалаға айтқан сөзім,
Тіл тоқтайды жұмылса екі көзің.
Қатесін білместіктің кешіргенің, 
Ұқсын деп сіздерге айтқан нақыл сөзім.
1
 Бұдан кейін Гүлшат Шеризаттың көңілін жайландыратындай əңгіме айтып береді. 
Ол жері қысқартылды.

166
167

1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал