Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы



Pdf көрінісі
бет9/17
Дата22.12.2016
өлшемі1,24 Mb.
#56
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17

* * *
Ежелгі  шығыс  əдебиетін  жетік  білетін  Мəшһүр  Жүсіп  Көпеев 
те  кейбір  шығыс  шайырлары  сюжеттерін  қайта  жаңғыртып  жазып, 
олардың қазақша варианттарын жасаған ақын. Мəшһүр Жүсіптің бұрын 
жарияланбаған  «Гүлшат—Шеризат»  қиссасы  ақын  творчествосының 
осы бағыттағы елеулі еңбегі деп есептеуге болады:
«Гүлшат — Шеризат»  оқиғасын  екі  ақын  бірдей  жазады.  Бірі — 
Мəшһүр Жүсіп Көпеев, екіншісі — Əсет Найманбаев («Ер Шеризат»).
Мəшһүр Жүсіптің «Гүлшат—Шеризатының»:
Жігітке өнер берсе қиын емес,
Болғаным менің ақын биыл емес.
Бетіне ақ қағаздың салып шимай,
Қиссасын «Гүлшат—Шеризат» қылдым  кеңес,—
деп, бес шумақтан тұратын шағын кіріспеден басталатын негізгі оқиға 
желісін шартты түрде бес бөлімге бөлуге болады.
Оқиға  балаға  зарығу  мотивінен  бастап  өрбиді.  Бағдатта  жеті 
жұртты билеген Кəркін атты патша бір перзентке зар болып жүргенде, 
тілеуі  оңынан  келіп,  əйелі  жүкті  болады.  Бүкіл  шығыс  əдебиетіне 
ортақ,  оқиғаны  шиеленістірудің  бір  тұрақты  мотиві  бала  тумай 
тұрып,  əкесі  аңға  шығып  кететін.  Дүниеге  көптен  күткен  мұрагердің 
келгендігін кейіпкер аңда жүріп есітетін (қазақта — «Қозы Көрпеш — 
Баян  сұлу», «Шаһнамада»  Залдың  тууы).  Бақытты  əкенің  қуанышын 
көре  алмаған  жауыздық  күштер  ондайда  қастандықтар  да  жасайтын. 
«Гүлшат — Шеризатта»  Кəркін  патшаның  аңға  кетіп,  арыстанмен 
алысып  жараланып  өлгендігін  пайдаланып  қастандық  жасаушы — 
уəзірі Парахзат. Патшаның айтып кеткен аманатын орындамай, ханым 
ұл  туса  тақтан  айрылармын  деп,  Барыс  ерді  шақыртып  алып,  оның 
жендеттеріне ханшаны орманға апартып, өлтіртіп тастайды.
Солайша өліп қалды ханым бейбақ, 
Сұм дүниені болар ма көзі қимақ. 
Қалайша өлтірді екен көрейін деп
Тоғайға келді Барыс жанын қинап.
Барыс барды ханымға жақындасып,
Жас бала зар жылайды аузын ашып. 
Нəсіпсіз жан дүниеде жаралған ба, 
Емшектен сүт шығады судай тасып.
Барыс шешесі өлгеннен кейін туған баланың қасына кім асыраса 
сол  алар  деп  он  гауһар  мен  хат  қалдырады.  Бала  «Шаһнамадағы» 
Зал секілді орманда өседі. Ақын бұл оқиғаны осы жерден қалдырып, 
енді Парахзатқа көшеді. Шартты түрде оқиғаның жаңа екінші желісі 
басталады.
Парахзат жаман түс көріпті. Түсінде бір аждаһа заһар шашып жер 
əлемді күйдіреді, көзіне өлім елестеп, жаны қиналады. Бұл — Тайшық 
ханның түсіне құрсаулы қара бура боп кірген Алпамыс сияқты, оның 
түсіне  аждаһа  боп  кірген  орманда  өліп  жатқан  ханшадан  туған  бала 

114
115
еді.  Осы  мотив  Тұрмағамбеттің  «Рүстем-дастанында»  да  бар.  Онда 
Самның  альбинос
1
  болып  туған  соң  елге  көрсетуге  ұялып,  орманға 
апартып  тастаған  өз  баласы  Зал,  түсіне  есепсіз  қолды  бастап  келе 
жатқан шырайлы жігіт болып кіреді.
Дию, пері, жезтырнақ, самұрық құс, аждаһа — шығыс əдебиетінде 
жиі қолданылатын стандартқа айналған мифологиялық образдар
2
. Бұл 
образдар кейбір зерттеушілер айтқандай, қазақ, əзербайжан, түрікмен, 
қарақалпақ  халықтарының  ертегі-аңыздарына  мұсылман  елдерінен, 
ираннан ауысқан емес, өте көне замандағы адамдардың мифологиялық 
түсінігінің ұқсастығынан бəріне ортақ болып кеткен.
«Гүлшат — Шеризаттағы» аждаһа Парахзатты енді жұтар ма екен 
деген кезінде көктен бір інжу-маржан түсіп, алдына қарай аяңдайды. 
Аждаһа  соны  көріп,  есі  кетіпті.  Бұл  жердегі  көктен  түскен  інжу-
маржан  да  қызықты  деталь.  Көне  түркі  ескерткіші  «Оғыз  намеде» 
де  Оғыз  батыр  көктен  түскен  нұрды  көріп  қасына  барса,  айдай  сұлу 
қыз  болып  шығады.  Əсеттің  «Ер  Шеризатында»  Гүлшат  алыстан 
Нұр болып көрінеді. Аруларды күн нұры, сəуле кейпінде суреттеу де 
мифологиялық ұғымнан туса керек.
Парахзат патшаның көрген түсін Барыс шешеді: «Інжу — дегенің 
ақылы кемел қызың болады, бəледен сол құтқарады екен»,— дейді.
Болмағы жақсы — жаман жұлдызынан 
Қыз артық жаман болса алдағы ұлдан,— 
деп автор өз көзқарасын да білдіре кетеді.
Парахзат  көп  ұзамай  бір  қызды  болады.  Алдағы  бəле-жаладан 
сақтайтын  осы  деп,  арнайы  сарай  салдырады  (Ирамбағы),  ерекше 
тəрбиелеп, бөтен жан баласын жолатпайды. Мұндағы Ирамбақ қиссадан 
— қиссаға ауысып жүретін, ондағы барлық оқиғаның кіндігі болатын 
жер.  Композициялық  шиеленіс  көбіне  осы  жерде,  оны  мекендеген 
сұлудың  сүйген  жарына  қосылуымен  шешіледі.  Əдетте  Ирамбағы 
Қап  тауының  маңында  болады («Гүлшат — Шеризатта» — Шын — 
Машында), оны пері қыздары мекендейді (Мысалы, «Сейфүлмəлікте»). 
1
 Альбинос — бұл жерде үсті-басын аппақ түк басқан адам.
2
 Короглы X. Г. Взаимосвязи эпоса народов Средней Азии, Ирана и Азербайджана. 
М., 1983.
Пері — қазақ  ертегі-қиссаларында  жиі  ұшырасатын  мифологиялық 
образ. Ертегілерде адам кейпіне еніп, суға шомылып жатқанда ұнатқан 
жігіт  ұшатын  пері  киімін  тығып  қойса,  қалып  қояды,  ұшып  кетсе, 
мекені — Ирамбағы  екенін  айтып,  əрі  қарай  сүйген  жігіттің  қызды 
іздеп  табу  жолындағы  қиыншылықтары  суреттеледі. «Сейфүлмəлік» 
қиссасындағы  Бəдіғұлжамал  да  пері  қызы. «Қорқыт  ата»  кітабында 
Аруз атты жігіт пері қызын суға шомылып жатқан жерінен ұстап алып, 
оған  үйленеді.  Пері  кетерінде: «Менің  хабарымды  бір  жылдан  кейін 
аласың»,—  дейді.  Бір  жыл  өткен  соң  жарқ-жұрқ  еткен  бір  түйіншек 
əкеп  береді.  Ішіндегі  төбесінде  жалғыз  көзі  бар  бала  екен.  Пері: 
«Еліңнің түбіне өзің жеттің»,— дейді де, ұшып кетеді. Сол бала адам 
жегіш Төбекөз болып шыққан екен дейді.
М.Жүсіп Көпеевтің Гүлшаты Ирамбақтың өзінде емес, соған ұқсас 
етіп салынған Шын—Машындағы бақта тұрады, пері емес, адам. Бұл 
жағдай басқа қиссаларға қарағанда дастанды реальды өмірге жақындата 
түседі.
«Гүлшат — Шеризаттың» үшінші оқиға желісінде əңгіме қайтадан 
орманда  қалған  балаға  ауысады.  Өліп  жатқан  ананың  омырауынан 
үш  жасқа  дейін  қорек  алған  балаға  бір  арыстан  кез  болып,  соның 
тəрбиесінде  жүреді.  Орманға  апарып  тастаған  баланы  арыстанның 
асырап  алуы — шығыс  сюжеттерінің  дəстүрлі  желілерінің  бірі. 
«Шаһнамада» да Залды жолбарыс асырап өсіретін. Бұл оқиға батырдың 
ересен күшті болу себебін дəлелдеу үшін алынатын болса керек. Қазақ 
эпостарында батырдың анасының арыстан, жолбарыс жүрегіне жерік 
болуы да соның өзгерген варианттары болар.
Дастанда баланы бір керуен басы—Қожа Сағиттың асырап алуынан 
төртінші оқиға желісі басталады.
Сағит  балаға  арыстан  асырағандықтан  Шеризат  деп  ат  қояды. 
Жасынан  ғылымның  не  түрін  үйреніп,  білімді,  ақылды  жігіт  болып 
өсіп,  керуенмен  Шын—Машынға  келуінен  оқиғаның  негізгі  желісі 
дамиды. Бұған дейінгі баяндалғанның бəрі кейіпкерлердің кім екенін, 
олардың Шын—Машында жолығу себептерін түсіндіру үшін алынған 
да, қиссаның ең өзекті оқиғасы Шын — Машында өтеді.
Бұл  кезде  Ирамбақта  серуендеп  жүрген  Гүлшаттың  сырт  келбеті 
қазақ  эпостық  жырларының  стилімен  суреттеледі.  Автор  оны  қазақ 
ұғымына етене жақын жырлайды. Əдейі бұрыннан қалыптасқан дайын 
суреттерді алады:

116
117
Гүлшат сынды қаракөз,
Қалам қасты, нұрлы жүз.
Ақ бетіне пар келмес,
Сарт тоқыған əппақ бөз...
Тысқа шықты бұралып, 
Тал жібектей оралып,
Айдай балқып нұрланып,
Жұрт көзінен ұрланып...
Қазақ  ауыз  əдебиетінің  дəстүріне  жақындататын  тағы  бір  тұсы 
— сұлуды алтайы қызыл түлкіге, жігітті аңшыға, тоят іздеген бүркітке 
салыстыра айтатын жерлері:
Атқан аңым шарбаққа кетті кіріп,
Кіре алмадым соңынан мен де еріп.
Керек деген нəрсеңді алшы менен,
Қансыраған аңымды алып беріп.
Бұл сөзге Шеризат бала мойын бұрған,
Гүлшатқа ғашық болып көңілі тынған.
Бағбанмен өрге жүріп келе жатты,
Ақсұңқар құтыла ма жайған тордан?
Кейіпкердің сүйген сұлуына Ирамбақтың бағбаны арқылы кездесуі, 
келген жігіттің алдына неше түрлі ас қойып, қыздың күтіп алғандығын 
егжей-тегжейлі суреттеуі, көп қиындықтың қыз сарайындағы тоймен 
бітуі талай қиссаларға ортақ қалыптасқан сюжетке жатады:
Қыз Гүлшат түрегеліп құрмет етті, 
Шығарды кілем жайып бəрін төрге...
Бұларға Гүлшат қойып махаббатты, 
Алдына бас келтірді балдан тəтті. 
Жемістер дастарханда неше түрлі,
Жеп қараса бірінен бірі тəтті.
Сам палуанда:
Мəлике отыр еді күтіп жолын,
Келген соң ұстай алды Самның қолын.
Жетектеп ордасына алып кірді, 
Үстінен алтын тақтың беріп орын.
Алдына неше түрлі ас келтірді, 
Үстіне өз қолымен шашты дүрді.
Жарасып бір-біріне ықыласы,
Тамаша таң атқанша мəжіліс құрды.
Ежелгі  əдебиетте  батырдың  батырлығы  сүйген  жарының  еліндегі 
қайын-атасының  жауларын  тас-талқан  етіп  жеңіп  шығып,  қызды 
еліне  алып  қайтуынан  көрінетін.  Ондағы  соғыс  көріністері  де  ұқсас 
суреттелетін. «Гүлшат — Шеризатта» Шеризат күшіне сенген Алмас, 
Қоймас атты екі алыпты жеңеді:
Алмас батыр Шеризатқа барды жетіп, 
Қолындағы қылышы жарқ-жұрқ етіп.
Қаһарланып Алмасты Шеризат шапты 
Өзі түгіл атынан кетті өтіп... 
...Ер Шеризат ашуланып бұл да шапты, 
Жан қамын Қоймас батыр қылып бақты
Қоймастың дəу денесі қақ бөлініп, 
Тұп-тура жаһаннамда жанын тапты.
Шеризат қырды əскердің енді бəрін, 
Жүз жігіттің басына төкті кəрін.
Қойға кірген аш бөрі сықылданып
Жоқ қылыпты сол жерде баршаларын.
«Сам палуанда»:
Шоқпармен ұрды бірін төрт мың батпан,
Өкіріп аузын ашып құлады аттан 
Бұрылып жəне бірін қағып өтті, 
Ентелей жылдам басып жеткен арттан.
...Шап етіп, шабыттанып қыран құстай, 
Омыраудан екеуін де алды ұстай. 
Бастарын соғыстырып, миын жарып,
Өлтіріп заманасын етті пұштай.
Сондай-ақ, «Гүлшат—Шеризаттағы»  батырды  қойға  кірген  аш 
қасқырға  теңеуі — ежелгі  əдебиетімізде,  кейінгі  қиссаларда  да  жиі 
ұшырасатын тұрақты көркемдеу тəсілі.
Шеризатты  жеңе  алмасын  білген  соң  елшілікке  Барыс  ер  келеді. 
Қожа  Сағиттан  Шеризаттың  өмір  тарихын  естіп,  баяғы  Кəркін 

118
119
патшаның  баласы  екеніне  көзі  жетіп,  құшақтап  көріседі.  Шеризат 
кінəсын кешіреді («Жүсіп — Злихада» Жүсіп ағаларының қастандығын 
кешіреді).  Енді  Шеризат  үшін  қыз  əкесі  Парахзаттың  кінəсы  бəрінен 
ауыр. Оны өлтірмекке бел байлаған Шеризатты Гүлшат тоқтатады. Осы 
жерде қиссадан «Мың бір түн» ертегілерінің дəстүрі айқын көрінеді. 
«Мың  бір  түн»  дəстүрі  бойынша,  жазаланғалы  тұрған  адамның 
тағдыры  ғибратты,  қызықты  əңгімеге  айырбасталатын.
1
  Əңгімені 
айтып,  патшаның  не  басқа  кейіпкердің  ашуын  басушы  жазалының 
өзі, болмаса оның жақын адамы болады. Сөйтіп, бір əңгіменің ішінен 
жалғамалы  бірнеше  əңгімелер  туындап  кете  береді.  Мұндай  тəсілді 
айтушылар  оқиғаны  қызықты  ете  түсу  үшін  пайдаланған.  Мысалы, 
«Мың  бір  түннің», «Қамар-уз-заман», «Омар  ибн  ан-Ну-ман», 
«Жын  мен  балықшы»  тағы  басқа  көптеген  ертегілерінде  осы  əдіс 
пайдаланылады. «Гүлшат — Шеризатта»  Гүлшат  екі  əңгіме  айтады, 
бірі 9 күн айтылады (оның мазмұны белгісіз, хабарланып қана қояды). 
Екінші  əңгімесінде  Маһирасар  мен  Маһиманзалдың  қосылуына 
кесір  болған  Ақтар-Аярдың  оқиғасы  баяндалады.  Гүлшаттың  екінші 
əңгімесі жазба əдебиет стилін аңғартса, біріншісіндегі ғибрат сөздері 
ауыз əдебиеті стилінде жырланған:
Кездің бүтін ғаламды,
Жақсы менен жаманды.
Табанға салып жүн еттің 
Жамандық қылған адамды.
Жақсылық саған бергенде
Дұшпаныңды жеңгенде
Бір ашуың бермесең, 
Менің қадірімді білмесең, 
 
Қане мүйізің шыққаны?
Қатесіз пенде болар ма,
Бір қалыпта адамзат,
Біле білсе тұрар ма? 
Қысылғанда сүйер болсаң,
1
 Герхард М. Искусство повествования. М., 1984, стр. 351.
Тəңірім сізді демесін.
Жан жолдасым шырағым,
Енді кімге бересің?
Дастанның  соңы  Парахзаттың  кінəсы  кешірілгенімен,  автордың 
ғибрат айтуымен аяқталады.
Мəшһүр  Жүсіптің  «Гулшат — Шеризатын»  реалды  өмірге 
жақындататын  тағы  бір  жайы:  əдетте  шығыстық  қиссалардың  қос 
кейіпкері  бір-бірін  түсінде  не  суреттен  көріп  ғашық  болатын («Мың 
бір  түн», «Сейфүлмəлік», «Жүсіп—Злиха»).  Ғашықтық  оқиғалардың 
концепциясы  бойынша,  екі  жастың  кездесетініне  күмəн  болмайды. 
Себебі тағдыр солай жазған деген түсінік беріледі. Ал Мəшһүр Жүсіпте 
жігіт қыздың өзін көріп ұнатады.
 Қорыта келгенде, дастанда ежелгі əдебиеттен жалғасып келе жатқан 
əділдік пен жауыздықтың күресі əділдіктің жеңісімен аяқталады.
* * *
Əсет  Найманбаевтың  «Ер  Шеризат»  қиссасы  «Гүлшат — 
Шеризатпен» мазмұндас. Екі ақынның екеуінің де қиссасы кітап болып 
басылмағандықтан  бір-бірінің  жазғанын  оқып-білмеген  болуы  керек. 
Білген жағдайда ондай ірі ақындар пəлен жерден көрдім деп айта кетсе 
керек еді. Екеуі де қиссаның сюжетін араб, парсы нұсқалардан алған. 
Оны қиссаның соңындағы:
Бұл қисса тамам болды мұныменен,
Өлең ғып мəселенің түріменен. 
Шығарып парсы сөзден өлең қылдым 
Қазақтың əңгімелі тіліменен,—
деген  жолдар  да  растайды.  Əсеттің  «Ер  Шеризаты»  бұрын  еш 
жерде жарияланбаған. Қолжазба Қазақ КСР Ғылым академиясында 
сақтаулы (1638).
Екі  дастанды  салыстыра  оқып  шыққанда,  бастапқы  алынған 
нұсқалары бір болғанымен, əр ақын өзінше жырлап, өзіндік шеберлік 
танытқанын аңғарамыз. Елеулі айырмашылықтары мынадай:
Əсет  дастанның  бас  жағын  кеңейтіңкіреп  алып,  балаға  зарығу 
мотивіне көбірек акцент береді. Мəшһүр Жүсіп дастанының оқиғасы 
шашыраңқы  болып  келетін  тұсы  жалғамалы  «Маһирасар  мен 
Маһиманзал» тарауы болса, Əсет дастанның бастапқы кезінде Кəркенші 
патшаның (Мəшһүр Жүсіпте — Кəркін) бала қайғысымен ел аралап, 

120
121
əулиелерге  түнегенін,  түсінде  Қызырдың  аян  беріп,  ондағы  болатын 
жайларды күн ілгері білдіргенін ұзақ айтып кетеді. Ол тұстары əсерлі 
шықпай қалған.
Авторлардың  дастанның  атын  қалай  қойғандығынан-ақ  олардың 
осы  шығарманы  қолға  алғандағы  түпкі  мақсаты  аңғарылса  керек. 
Мəшһүр  Жүсіптің  «Гүлшат — Шеризатында»  негізгі  мақсат  шығыс 
қиссаларындағыдай  махаббат,  сүйіспеншілік  жайын  жырлау  болса, 
Əсет  Шеризатты  ел  қорғаны,  батыр  етіп  көрсетуге  тырысады,  оның 
ерлік  істерін  алдыңғы  қатарға  шығарды.  Сол  себептен  де  Əсет  өз 
қиссасында  сексен  мың  қолмен  Бағдатты  басып  алуға  келген  Үнді 
əскерінің соғысын, сондағы Шеризаттың ерлігін суреттеуге айрықша 
мəн береді. Осылайша Шеризаттың ер екені Гүлшатқа бармай тұрып-
ақ көрінеді:
Ерлігі Шеризаттың байқалғандай,
Шеризат жаудың бетін қайтарғандай.
Зəңгіні ат үстінен жұлып алды,
Шын қыран тырнағынан қан тамғандай.
Аспаннан жарқ-жұрқ етіп жай түскендей,
Қара жер сықырлады шайқалғандай. 
Ерлігін екі жақ та тұрды сынап, 
Маңына бара алмады адам шыдап.
Денесін екі бөліп лақтырады,
Алады қолыменен басын бұрап.
Отырып біразырақ қылды дамыл, 
«Келіңдер соғысуға көрсең қабыл!» 
Жекеге адам батып шықпаған соң
«Келіңдер,— деп шақырды,— мыңнан жабыл!» 
Əсет қиссасының ең бір елеулі айырмашылығы: Мəшһүр Жүсіпте 
қастандық  жасаушы  Парахзатқа  Шеризат  кешірім  етсе,  Əсетте 
керісінше жаза тартқызады. Мұнда М.Жүсіптегідей жалғамалы тарау 
жоқ. Кінəлыны жазалаушы халық болады. Халық образы — алдыңғы 
қиссада айтылмаған жаңа образ:
Бақшаға амандаса келіп жатыр,
Бейшара Бағдаттың адамдары.
Келіпті Бағдаттың кəрі-жасы
Шамасы о да келді елдің басы
Халайық падишаны байлап келді,
Ғазазіл шайтан ғой деп іш-анасы, 
Мойнына арқан тағып жетектеген,
Көрген адам ұрады кесекпенен.
Сөйтіп,  ақын  жауыздықты  жазалау  арқылы  дастанның  идеясын 
аша түседі.
Əсет сонымен қатар оқиғаның ізімен баяндап шығуды ғана мақсат 
етпей, дастанның көркемдік жағына көбірек мəн береді. Дастан тікелей 
ақынның  өз  қолымен  жазған  күйінде  жетпесе  де,  Əсеттің  ақындық 
таңбасы  аңғарылып  отырады.  Мысалы, «Гүлшат — Шеризатта» 
Кəркін  патшаның  өлімі  хабарланып  қана  өтсе,  Əсет  оны  айшықты 
детальдармен ажарлай түседі:
Ел жылар ханның ойлап мейірбанын, 
Сыйлаған Бағдаттың мың мен санын.
Тауысып тамам сөзді болғаннан соң,
Аһ!— деп бір лебізбен шықты жалын.
Шыбын жан бір-ақ түтін бу секілді,
Жан тізбек ағып жатқан су секілді.
Сонымен тағдыр жетіп хан жөнелді,
 Жығылған алтындайын ту секілді.
Мұндай  образды  жолдар  қыз  Гүлшаттың  ішкі  жан  дүниесін 
суреттеген  жерлерінде  де  əсерлі  көрінеді.  Керуенмен  келе  жатқан 
Шеризатты Ирамбақтың мұнарасынан бақылап тұрған Гүлшаттың ойы 
былай суреттеледі:
Келеді бау-шарбаққа тура беттеп,
Көшпелі керуендей түйе жектеп. 
He қылған жан екен деп қарап тұрды:
Тырнағын жолбарыс қой жұмған бүктеп.
Қыз айтты: «Бұл қырық адам батыр екен, 
Біреуі сайып қыран асыл екен.
Атамды жан екен деп көзіне ілмей
Əдейі-ақ бізге келе жатыр екен.
Осылар не болмаса білмеген жан, 
Əгар білсе, көзіне ілмеген жан.

122
123
Бір ғаламат бар екен ойларында 
Бұл қалайша кеудесін сүйреген жан?!»
Қорыта келгенде, «Ер Шеризат» қиссасы Əсет шығармашылығын 
ақындық шебер өрнегімен жаңа бір қырынан аша танытатын шығарма 
екені сөзсіз.
* * * 
Академик  Сəбит  Мұқанов  өзінің  көзі  тірісінде  баспаға  ұсынған 
«Халық мұрасы» деп аталатын еңбегінде — қазақ қиссалары туралы: 
«Боз  жігіт»  кітабының  қағаздары  татардың  көз  жасынан  шіріді»,— 
деп  Ғабдолла  Тоқай  айтқандай,  бізге  жеткен  махаббат  жайындағы 
қисса-кітапшалар  беттері  қазақ  оқушылары  мен  тыңдаушыларының 
көз  жасынан  «шіріді».  Ауыр  еңбектен  қолдары  босаған  шақтарында, 
қиссаларды сүйсіне тыңдаған топтарды өзіміз талай көрдік. Ғашықтық 
тақырыбындағы аударма шығармалардың қазақ жастарының махаббат 
сезімін  оятуда,  оларды  бас  бостандығын  қорғауға,  сүйісіп  қосылуға 
шақыруда  айтарлықтай  роль  атқарған...  Қазақ  халқының  рухани 
мəдениетінде қиссалар елеулі орын алады»,—деп жазған еді
1
.
Сондай-ақ,  Ысқақ  Дүйсенбаевтың («Қазақтың  лиро-эпосы»,  А., 
1973),  марқұм  Мұратбек  Бөжеевтің («Қисса  хикаялар».  Кітапта: 
«Абайдың  ақындық  айналасы»,  А., 1971) шағын  мақала,  зерттеулері, 
Қазақ  КСР  Ғылым  академиясының  əдебиет  институты  құрастырып 
шығарған  «Ғашықнама» (А., 1976 ж.), «Қисса-дастандар» (А., 
1986  ж.)  кітаптары  туған  əдебиетіміздің  тарихына  сергек  қараудың 
көрінісі болып отыр.
Əдебиетіміздің  тарихында  ертеден  қалыптасқан,  халқымыздың 
бір  кездегі  рухани  сусыны  ретінде  мəнді  қызмет  атқарған  осы  қисса 
жанрын қазіргі уақытта жалпылама шолу, жалпылама сипаттаудан көрі 
түбегейлі зерттеудің мезгілі жеткен сияқты. Идеялық, көркемдік сапасы 
жағынан уақыт сынына жарайтындарын екшеп алып, оқырмандармен 
табыстырса, əдебиет сүйер қауымның қадірлі мүлкіне айналар еді.
Қиссалардың  əдебиетіміздің  бұрынғы-соңғы  тарихымен  дəс-
түрлі  байланысы,  шығыс  халықтары  əдебиетімен  тамырластығы, 
əдебиетімізден алатын орны, т.б. мəселелер кең зерттеуді керек етеді. 
Қисса  жанрын  зерттеп  білу  əдебиеттегі  шығыс  дəстүрі  дейтін  үлкен 
мəселелердің де беттерін ашпақ.
1
 Мұқанов С. Халық мұрасы. А., 1974, 140-бет.
ҚОСЫМШАЛАР
Əли. «Қисса Иүсүф»
Жазылған уақыты шамамен (609—630 қыжыра) жаңаша 1212—1233 
жылдардың арасы. Поэма тəжіктің ұлы ақыны Əбілқасым Фирдоусидің 
«Жүсіп—Зылиха»  дастанының  негізінде  жазылған.  Фирдоусиге  жеке 
эпизодтары ғана емес, кейбір өлең жолдары да ұқсас келеді. Мазмұны 
Жүсіп пен Зылиханың махаббаты жайлы библия — құран сюжеттерінен 
алынған.
Зерттеушілердің бірі дастанды көне Осман тілінің ескерткіші десе 
(К. Броккельманн), енді бірқатары түрлі пайымдаулар айтады. Мəселен, 
Коприлизаде, Е.Э.Бертельс — хорезм, Э.Н.Наджип — қыпшақ, Джавад 
Алмаз — бұлғар-татар  тілдерінің  ескерткіші  деп  қарайды.  Қалай 
дегенмен, дастанның түркі халықтарының ортақ мұрасы екеніне ешкім 
де дау айта алмайды.
Поэма көшірмелері өте көп. Олар Берлинде, Дрезденде, Ленинград, 
Қазан  қалаларында  сақтаулы.  Қазан  кітапханаларынан 13 көшірмесі, 
жеке  адамдардан 5 көшірмесі  табылған
1
.  Поэма  жөнінде  пікір 
айтқан  совет  ғалымдары  Э.Н.Наджип
2
,  С.Аманжолов
3
,  сондай-ақ 
A.T.Тагирджанов
4
, тағы басқалар
5
. Қисса 1966 жылы татар поэзиясының 
антологиясында жарияланды. Соңғы уақыттарда өзбек, қазақ тілі мен 
əдебиетінің  тарихына  арналған  оқулық  кітаптарда  қарастырылып 
жүр.
1
 Джавад Алмаз. Қисса-и Иүсүф Али булгаро-татарский памятник. М, I960.— XXV 
Международный конгресс востоковедов. Доклады делегатов СССР.
2
  Наджип  Э.  Н.  Татар  əдəбиятының  һəм  əдеби  теленен  қайбер  онытылған  язма 
истелсилəре турында. Совет əдəбияты, 1957, № 12.

Аманжолов  С.  Вопросы  диалектологии  и  истории  казахского  языка  Алма-Ата, 
1959, стр. 103.
4
 Тагирджанов А. Т. «Фирдəуси һəм Колгали». Қазан утлары. 1968, № 12.
5
 Хисамов Н. Ш. Поэма «Қисса-и Иүсүф» Кул Али. М, 1979; Татар халық ижаты. 
Дастанлар. Қазан, 1984.

124
125
Құтба. «Хұсрау Уа Шырын» 
Мұның бір нұсқасын Құтба қыжыраша 742, жаңаша — 1341— 42 
жылы  əйгілі  Низамидің  «Хұсрау  уа  Шырын»  дастанынан  аударған. 
Низами Музафареддин Арыстан шаһты мақтаса, Құтба өзінше Алтын 
Орда  ханының  баласы  шаһзада  Тыныбекті,  оның  əйелі  Мəликені 
мақтаған.  Өзбек  ханның (1312—1342) баласы  Тыныбек  ол  кезде  Ақ 
Орданың  ханы  болып,  Сырдария  бойындағы  Сығанақ  қаласында 
билік құрып тұрған. Поэманың негізгі сюжеті Шырын мен Хұсраудың 
махаббаты  туралы,  екі  жастың  сүйіспеншілігін,  ғашықтығын, 
жақсылықты, ізгілік пен адамгершілікті үлгі етеді.
Поэманың  жалғыз  ғана  көшірмесі  (көшіруші  Берке  Факих) 
Париждің  ұлттық  кітапханасында  сақтаулы.  Осы  қолжазбаның 
фотосуретін  транскрипциясын,  сөздігін  поляк  ғалымы  Ананиаш 
Зайончковский жариялады (Варшава, 1958—61). Поэма 1969 жылы 
екі бөлім болып Қазанда басылған.
Поэманы 1946 жылы  Абдрахман  Тагирджанов  арнайы  зерттеп 
шықты.(Тагирджанов A. T. Хосров и 
Ширин. Кутба 1946, Ташкент). Бұл зерттеуде «Хұсрау уа Шырын» 
поэмасының  сюжеті,  Құтба  шығармасының  Низами  поэмасынан 
ерекшелігі,  дастандағы  фольклорлық  элементтер,  автордың  елең 
жазудағы ерекшеліктері, тағы басқа мəселелер кең қамтылған.
Дастанның  тілі,  əдеби  ерекшеліктері  жайлы  Э.Н.Наджиптің
1

Н.М.Мал лаевтың
2
, М.Нежмеддин оғлының
3
, тағы басқа зерттеушілердің 
мақала, кітаптарында сөз болады. Қазақ ғалымы А.Ибатов 1974 жылы 
осы ескерткіштің сөздігін жасаған («Хұсрау уа Шырын» поэмасының 
сөздігі).

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет