Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы


* * * Сөз аяғы осымен тамам болды, Шығарушы Əсет ақын, жаттап алып, Көшіріп жазушы мен Ақметқан Мұқаметжанұлы. 960 жыл, 11-ай, 23



Pdf көрінісі
бет13/17
Дата22.12.2016
өлшемі1,24 Mb.
#56
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

* * *
Сөз аяғы осымен тамам болды,
Шығарушы Əсет ақын, жаттап алып,
Көшіріп жазушы мен Ақметқан Мұқаметжанұлы.
960 жыл, 11-ай, 23.
ƏРІП ТƏҢІРБЕРГЕНОВ 
(Бижігітұлы Жақып)
«Қисса Зияда-Шаһмұрат»
1
Мысырда бір бай болған мүлкі толған,
Нұр сипат қайғы көрсе бір күн солған.
Бір ханның Зияда деген дəулеті асқан
Жиһазы мың шəһəрмен бірдей болған.
Гауһары сексен базар түзілмеген, 
Саудасы жер қалмады кезілмеген.
..........................................................
Шынжыры тұғыр түсіп үзілмеген.
Салдырды мың бір сарай тоқсан тақты, 
Бағында бұлбұл сайрап, сулар ақты.
Бəзəклап
1
 лағыл, інжу, зүбаржатпен, 
Зұлфынам
2
 тақ орнатып, гəуһар жапты, 
Дəулетпенен би ниқаят сарай салып,
Бек əділ хан болыпты аруақты, 
Тексерген əруақытта əділ жүзін,
Күллі жан қабыл көрді айтқан сөзін.
Айбынып ғайбатынан көп падиша, 
Көруге жарамайды басқан ізін.
Ақылы ғаділменен тең болған соң,
Баршаға хан қылыпты жалғыз өзін.
Екі қыз, бір ұл болды падишадан, 
Тұтатын сұлулықпен күннің көзін. 
Шаһмұрат патша ұғлы жеті жаста,
Əлемнен сұлулығы епкін асты. 
1
 Қазан, 1896, 1912 жыл.
2
 Бəзəлап – безендіріп.
3
 Зұлф – сымбатты.

194
195
Анадан Зиядахандай бала туып, 
Дұшпанның талай қиын көңілін басты. 
Шəһəрдан бай мен бектің ұлын жиып,
Мысырда бойдақ жолдас өңкей жасты. 
Жасынан шаһизада сейіл құрып, 
Өстірді жапан түзде құрап басты.
Аш белбеу, алтын айдар ханның ұлы, 
Екі қыз жүр алдында жұпар шашты. 
Тең болып төрт құбыласы шаһзаданың,
Көтерді мың жарым пұт қара тасты. 
Жасынан батыр, палуан болғаннан соң, 
Байлапты аш беліне тік алмасты.
Гауһар тас, гауһар белбеу салтанатты, 
Мұндай боз арғымақтай жан салмасты.
Астары торғын жібек торқа, жаһұт,
Киеді алтын жаға күн шалмасты. 
Зілзала жер мен көкті талқан қылған,
Айырды алтын тақтан кеп болмасты.
Екі ханшаның бəйіті
Ханыша зүбəржаттан шарбағы бар, 
Ханзада нəсілі патша сабағы бар. 
Ақ маңдай, қол — зүбаржат, көзі — гауһар, 
Назы кез, қиғаш қара қабағы бар. 
Нəсілі адамзаттан болса дағы,
Безегі хор қызындай тамағы бар. 
Көрмей жүзін есіткен көп бозбала,
Болады екеуіне шала құмар.
Нөкері екеуінің елу төрттен 
Еш бірінің міні жоқ адам сынар,
Ұқсайды һэрбірісі ай мен күнге,
Қыз емес айта берсе көңілің тынар, 
Сипатын шын мүбəрəк көрген жолы, 
Жігітте таһат қалмас мүлкін санар
Елу төрт қыз қойнында райхан гүлі, 
Шамшырақ фанарында күнде жанар.
Күн батса қос ханыша фарман қылып
1
 
Көшеге жақтырады лағыл фанар. 
Неткен пенде екеуіне қосылар екен, 
Неше жыл қасірет пенен болса да зар. 
Ұқсайды тоты құсқа бас ұрғандары,
2
Пердесін cop қылады тұрғандары. 
Жаһанның лəйлі нұры, жан лəззəті.
Сайраған бұлбұлдайын күлгендері.
Бейне хүр жүрулері бұраңдаған, 
Еш пенде тақат қылып тұра алмаған. 
Екеуін ай менен күн деп ойлайды екен, 
Егерде біреу көрсе сыр алмаған.
Адамнан артық туған екі ұлғат,
Бітпейді еш пендеге мұндай тұлғат.
Аршын төс, алтын сипат, қос ханыша,
Адамға хасыл қылған
3
 қандай сипат. 
Ұжмақтай есілінген қойындары,
Бағында бұлбұл сайрап ойындары. 
Інжуден отыз тісі, ерні лағыл, 
Ақ тамақ, алтын иек мойындары,
Сайраған бұлбұл тоты бау шарбағы, 
Саф гəуһар, перде жайған алтын тағы, 
Көмейі халуа, шекер, тілі балдан, 
Сықылды піскен жүзім бітімін жағы
4
Меруерт кəфкілəрі
5
 бейне тізген 
Ұқсамас адамзатқа көзін сүзген.
Mac болып дидарына талып қалып, 
Жайынан көрген адам күдер үзген, 
Болмаған һеш пенденің мүндай түрі, 
Шəһəрі сауық қылар өлең-жыры, 
1
 Фарман қылып — бұйрық қылып.
2
 Бас ұрғандары— мойын бұрғаны.
3
 Хасыл қылған — бұйыртқан.
4
 Бітімін — салған суреттей.
5
 Кəфка — тізбек.

196
197
Сипаты бұған меңзес адам болмас,
Адамға мансаптаған Лəйлі нұры. 
Бұлардың дүниеден артық саны,
Патшаның хұснынша меһірбаны.
Көрсетсе мысал үшін бір тал шашын,
Жаһанды қылар раушаны.
Еш бірін қияр емес бөтен жарға.
Бұйыртсын ылайымда мағшұқ жарға. 
Ғаламат ай мен күн деп ойлайды екен, 
Көрінсе қос ханыша пенделерге. 
Ғаламға мəшһүр болған мұның сыры, 
Шықпаған тал бойынан ешбір міні 
Сарайдан нұры шығып жарық қылған, 
Шəһəрді қап-қараңғы айсыз күні. 
Сұрасаң қос ханыша Хорлы, Ғайын, 
Адамнан артық қылған осындайын.
Бірі он жеті, біреуі он бес жаста,
Мағфур қолға берген туған айын.
Сайраны Ирамбақтай шарбағы бар, 
Нөкері жүз сегіз қыз айтсаң жайын, 
Бекпенен сұлтан қызын нөкер қылды, 
Шаһардың былай қойып өңкей байын.
Гулесе саф лағылдан тарантасы, 
Пар жегіп он арғымақ қылды дайын.
Қырық күндей ат шаптырып той
Сейілге ханның қызы шыққан сайын.
Көшеден бір өткенде жүзін көрген, 
Түсіме енсе екен деп жүзін қылған. 
Сипаты елу төрт қыз екеуіндей, 
Жағынған опа, далап иісті майын.
* * *
Мекені Зияда ханның Мысыр жері,
Ойнағы өңкей арап талапты ері. 
Бəрінен сипаты артық екеуінің, 
Тұлпарының сағым жетпес Ақтан кері
Ханшаның отыз тісі меруерттен, 
Мүшесі кеудесі алтын зүбəр жаттан. 
Райхан гүлі біткен екі қолы, 
Безенген алтын інжу шын жақұттан.
Арабтан бұған ғашық талай батыр, 
Пердесі алтын тақтың құрған шатыр. 
Бағдатта Мұхтар ханның дəулеті асқан, 
Шəһарға тағдыр қалап қазына ашқан
Данышпан ақылы артық сан патшадан, 
Халқына əділімен пəрмен шашқан, 
Уəзірі əрбіреуі бір патшадай, 
Хисабы қырық жеті екен ақылдасқан,
Шетінен жауға шапса мың кісілік, 
Бұлардан жан болмаған күнгей басқай
Зияда Мұхтар ханның жалғыз ұлы,
Түсінде Хорлыменен сұхбаттасқан.
Ойласа туған айдай машұғы (ғашық) жоқ, 
Дариға, бұл қалай деп жаман сасқан.
Зияда Хорлыны түсінде көріп 
жоқтағанының баяны:
Оянған соң жылайды,
Дидарын қашан көрем деп. 
Жерін айтса бір адам,
Дүние-малын берем деп.
Азық сайлап, ат жиды,
Хорлыны іздеп жүрем деп. 
Шын туған болсаң Мұхтардан,
Түсіме енген махбубтың
1
,
Бір хабарын білем деп.
Мен — ақ сұңқар, ол —ақ құс,
1
 Махбуб — сүйікті жан.

198
199
Көп көлдерден көрінсе, 
Көлденеңнен ілем деп, 
Хат жазады Мұхтарға:
Рұхсат берсе, хан ием,
Жарыммен ойнап-күлем деп, 
Əуре қылды бұл түсім,
Он төрттен он бес жасымда, 
Еш нəрсені ойламас, 
Хан балиғы
1
 басымда, 
Түсімде көрген суретке,
Бір жерде тұрмас жүрегім, 
Іше алмаймын асымды.
Рұхсат беріп жөнелтсін 
Атекем келіп таратып,
Алтын айдар шашымды.
Түсімде көрген нұрлы жоқ,
Оянған соң сипасам, 
Алтын тахыт қасында-ай,
Сапарыма жүргізсін, 
Сұраған беріп ісімді, 
Қасірет-қайғы сарғайтты,
Нұр сипатты түсімді. 
Қайтейін, нұрлы жамалым 
Ойлағанда кетірер,
Əл-қуатты күшімді.
Шыдап үйге тұра алмай, 
Сабыр айла қыла алмай, 
Күйдірер дертім ішімді, 
Балам десең атекем,
Рұхсат беріп əзірле,
Маған қосар кісіңді.
Асыл туған, нұрлы жан, 
Ғашық болдым хұсыныңа.
2
1
 Балиғ — толысу, жетілу, төрт құбыласы тең.
2
 Хұсұн — сұлулық, сымбат.
Зияданың Хорлыны жоқтап айтқан ғазалы:
Hұp сипатты Хорлыжан,
Сипатың естен кетер ме-ай.
Хасыл қылып мұратқа,
Қуаныш көңілім етер ме-ай,
Пері десем белгің жоқ,
Адамзат десем артықсың,
Пендеге ұқсар белгің жоқ,
Ирамбақ болса шəһəрі,
Адамның ақылы жетер ме-ай.
Шын машұғын іздемей,
Тілегіне жігіт жетер ме-ай.
Неше күндік қайғысы,
Зəрдесі болса бойында,
Қосылмай тағат табар ма-ай.
Шаһзада осылай деп қайғыланды,
Ақылдасып жол-жөнекей сұраймын деп,
Жидырды шəһəріне біткен жанды.
Падиша шəһəріне фəрман етті,
Хабары жүрем деген қапыл жетті,
Тəж бен тақ, мал-мүлкінен қабат безді,
Хорлыдай іздеймін деп нұрлы жанды.
Шаһзадаға молдалар тоқтау салғаны:
Молдалар кітап ашыпты,
Хикаяттың сөзінен,
Ғашық бопсың бір қызға,
Түсте көрген кезіңнен. 
Лағыл гəуһар мүшесі, 
Райхан шырақ көзінен. 
Жаның қиып сапарыңа, 

200
201
Шын іздегің келеді. 
Бір күн айтқан махбүбтың
Халуа шекер сөзінен 
Перілер екен ғашығын, 
Іздеп мүмкін болмайды 
Хабар алмай өзінен.
Шаһзаданың молдаларға жауап бергені:
Молдалар, мына сөзің жарамайды,
Жаманды жақсы адамға баламайды.
Ер жігіт ғашық болса қасіретті, 
Халқына дүниелікпен қарамайды. 
Іздемей тұра алмаймын Хорлыжанды,
Жолына сарып қылдым шыбын жанды.
Байласқан қатты уəде қайран мағшуқ,
Қосылмай ойламаймын патша-жанды.
Бір сөзін сөйлегенде бұлбұл еткен 
Түсіме ол енген соң есім кеткен. 
Сипатын неше түрлі айта берсем, 
Хор қызы тырнағына əрең жеткен. 
Хан басым қапа болды қайғы басып, 
Сүйегім əділ затты кетті жасып.
Ағалар, мені жолға жүргізе көр, 
Атамен Мұхтар патша ақылдасып.
Ғашықтан маған жеткен қасіретті оқ 
Түсімде бір қыз салды ішіме шоқ. 
Мекенін сапар жүріп іздемесем, 
Жанымнан үйде отырып үмітім жоқ, 
Атамның жалғызы едім балам деген,
Хан қылып талайдан кек алам деген.
Ел-жұртым, алтын тағым, Бағдатым, 
Ойлап па ем тірі айрылып қалам деген.
Мұхтар патшаның ұлы үшін зарлағаны:
Мұхтарға хабар жетті мына сөзден:
— Жалғызым қор болды екен қандай көзден. 
Сорым да қартайғанда бұ да болса, 
Жас ақты қан аралас екі көзден.
Қайтейін жалғызым ең алдыма алған,
Алтыннан тақ алпыс түрлі перде салған, 
Жүзіңді көрген тұрмас деуші едім, 
Мұндай іс ақырында басқа салған.
Мұхтар патшаның ұлын жүргізбек болған ғазалы:
Ай, халайық, жараным,
Жалғызымнан айрылдым,
Тұлпар атқа мінгізген,
Көп дұшпанды мұқатып,
Талай жауды жеңгізген,
Əділетті халқына,
Шарапат жол білгізген,
Алтын түлек ақсұңқар,
Көлінен аққу ілгізген,
Сауық қылып шəһəрім,
Азаматын күлгізген...
Шығарды ел-жұрты атын сайлап,
Оңғар деп жастың жолын я құдайлап.
Ұлына он екі мың əскер берді, 
Белгіге Шаһмардан туын байлап.
Төрт кісі сүйеп жүрді 
Мұхтар ханды, 
Халқына болған əділ мейірбанды. 
Амандасып осы жерден қайтыңыз деп, 
Тоқтатты неше мыңдай тұтам жанды.
Шəһəрден шыққан күні дария толды, 
Көңіліне алмақ болды азар енді.

202
203
Əскердің он екі мың баршаларын,
Шетінен мың кісілік бəрі көрді.
Дариямен үш күн ақты кеме заулап,
Патшаның əн салады көңілін аулап. 
Теңізге Үнді деген келгеннен соң, 
Тоқтатты пароходты шынжыр байлап
Сол жерде жарағын асыныпты
Тамаша күнде сейіл аты түсті,
Бес күні уабну уа лабада
1
 ағып жүріп,
Аралға Кəбіл деген əрең жетті. 
Ол жерде жеті күндей тағы жатып,
Аң аулап құлан қуып, киік атты. 
Тағы да жөнеледі кемені айдап, 
Көп жердің бір қыз үшін дəмін татты.
Батырды жолдас қылған талай мықты, 
 
Жағынан мағриптың
2
 бұлт шықты, 
Толқынның биіктігі қап тауындай,
Кеменің баршасын да суға жықты,
Шынжырды тоқтатуға ала алмайды,
Қорқысып үрейлері еш қалмайды,
Толқынның қаһары бар сұрапылдай,
Бір-бірін адам танып біле алмайды.
Бір жерге толқын кеме жиыпты, 
Патшаны бір қыз түсте қайғылы етті.
Екі кісі құтылды пароходпен, 
Өзгесі əлемесі суға кетті.
Жел шықты сол уақытта күнбатыстан,
Құбыламен бірдей соқты екі тұстан.
Соққан жел Машырыққа
3
 айдап келді,
Күңіренген дүниесі бұлбұл құстан. 
Шаһзада есін жиді соққан желден, 
1
 Абну уа Лабада — су беті.
1
 Мағрип — батыс
2
 Машырық — шығыс.
Жел қуып айдап келді мұхит көлден.
Бір шақырым келгенде жерге таман,
Қарайды қасындағы ерге таман,
Айрылып неше мыңнан екеу қалды 
Бір күнде патша болған қайран заман,
Жақын келсе, əлгіге биік тау жер,
Айрылып жолдасынан дариға дер, 
Палуан, Зияданың өзіндей-ақ 
Дейтұғын Қосмілия қалыпты ер, 
Екеуі бар жарағын байлап алды. 
Алтын семсер, ақ алмас нар кескенді, 
Өткірғып шарық тасқа қайрап алды. 
Патша айтты, ай жігіт жан-жолдасым, 
Тазалап тез қайнатып пісір асты. 
Қандай халық бар екен бұл арада,
Байқайын пароходтан арғы жақты,
Қолға алды нар кескенді екі жақты. 
Отырды қарауылдап тау басында,
Қайғыға ұшыраған-ау басында, 
Неше түрлі көрінді адамдары,
Жапырақ-киімдері кеудесінде.

204
205
ТҰРМАҒАМБЕТ ІЗТІЛЕУОВ
Сам Палуан
1
Дүниенің бұрынғы өткен күндерінде, 
Қытайдың болған екен бір падишасы,
Жоқ еді еш перзенті ол патшаның 
Бір күні қыз тауыпты зағифасы.
Сол қыздың Мəлике деп атын қойды, 
Жиналған əлеуметтің барышасы.
Сақтады тағдыр қосып Мəликені
Аман-сау он алтыға келді жасы.
Сол қыздың сұлулығы туған айдай
Мысалы шыққан күннің шұғыласы. 
Ал енді құлақ салып тыңдай берсеңіз 
Айтылар Сам палуанның тамашасы.
Қасында қызметкері үш жүз қызы,
Бəрінің жаңа туған айдай жүзі.
Болған соң осыншама қызметкері
Байқаңдар болар екен қандай өзі.
Сұрата неше патша кісі салды, 
Бұл қызын бəріне де бермей қалды.
Есітіп бұл хабарды Сам палуан 
Барсам деп əдейі іздеп ойына алды.
Ал қыз келіп аралапты көшелерді,
Теңселтті ғашық оты нешелерді. 
Болмайды баяндауға қыз сипатын 
Көркейтер көзі күндей неше жерді.
1
 1965 жылы қызылордалық ақын Мүтəліп Қыраубаевтан жазылып алынды.
Сам дағы бір жағынан келіп жетіп, 
Керікке қамшы басқан еркелетіп.
Барды да бір төбеде тұрды жалғыз
Алдынан Мəликенің кесе өтіп.
Сам сонда жігіт екен отыз жасар, 
Сəулетті сұлу екен дейді жұрттан асар.
Қолында төрт мың батпан шоқпары бар
Көтерсе жұрттың бəрі тұра қашар.
Екі мың қылышы оның батпан еді,
Белдегі белбеуіне таққан еді. 
Шапқанда қара тасты қақ айырып,
Сынаптай жылт еткізбей аққан еді. 
Қанжары өте өткір бір мың батпан, 
Қамырдай кідірместен тасқа батқан.
Жібектен үш мың батпан бұғауы бар 
Мойнына не асаудың салып таққан.
Гауһарлы басында бар алтын қалпақ, 
Есіктей омырауы, төсі жалпақ. 
Самға енді кеулі кетіп Мəликенің
Сол жерде қарай беріпті жалтақ-жалтақ.
Мəлике қыздарға айтты қасындағы, 
Қытай мен қатынсынды нашындағы. 
Қалдырмай тегіс бəрін көрген едім,
Халқымның кəрісі менен жасындағы.
Жоқ едім бұл сықылды жігіт көрген, 
Бұл жігіт екен сірə қайдан келген.
Қалайда халық қорғаны бір ер шығар, 
Көргеннің көркі мұндай кеулін бөлген.
Мəлике өтініпті қатындарға, келіңдер 
Жолында жүретұғын жатыңдар да.

206
207
Сұрайын өз аузыммен жағдай-күйін, 
Ішіме көркін көріп түсті түйін.
Өздерің енді есебін таппасандар, 
Дерт болды жазылмайтын бұл бір қиын. 
Жүзігін қолындағы берді жаңа,
Белгі етіп барыңдар деп осыны ала.
Ылаж жоқ кеш жақындап қалғаннан соң
Көз қырын кетті Самға сала-сала.
Ренжіп сол уақытта қайтты Сам да, 
Бұл дағы құтылмастай қалды қамда. 
Ұйқысы ойлағанмен келер емес 
Қыз жүзін бір көрмесе осы таңда.
Сам палуан келе жатты қатты налып,
Қиялмен Мəликені ойына алып. 
Осы түн қыздың жүзін бір көрмесе 
Ажалы жетпесе де өлері анық.
Алдынан екі қатын түрегелді, 
Ақырын жайлап сөйлеп жүреді енді.
Сəлемі бір адамның бар еді деп,
Жымиып екеуі де күледі енді. 
Мəлике болды дейді сізге ғашық,
Біз келдік оның айтқан сөзін тасып.
Сəлемі сізге берген мінеки деп 
Көрсетті жарқыратып жүзікті ашып.
Қуанып Сам жүзікті салды қолға,
Ісінің айналғанын білді оңға. 
Ғашығы шақыртқан соң шыдасын ба 
Жеңгейлер жүріңдер деп түсті жолға.
Мəлике отыр еді күтіп жолын, 
Келген соң ұстай алды Самның қолын. 
Жетектеп Ордасына алып кірді 
Үстінен алтын тақтың беріп орын.
Алдына неше түрлі ас келтірді, 
Үстіне өз қолымен шашты дүрді.
Жарасып бір-біріне ықыласы 
Тамаша таң атқанша мəжіліс кұрды.
Қыз сөйтіп таң атқан соң қоя берді,
Ғашық от түсірмей ме əртүрлі ерді. 
40 күндей осылайша жүргенінде 
Қараңғы Тау патшасы келеді енді.
Қасына ертіп келген бес жүз зəңгі, 
Алакөз ақылы жоқ бəрі де əңгі. 
Қызыңды бермегенмен тартып алып 
Өзіңді етем дейді мисыз мəңгі. 
Келді де Қытай халқын қамап алды,
Сойдыртты сыртта жүрген қырып малды.
Бұларға қалайынша қыламын деп 
Падиша ақыл таппай қорқып қалды. 
Мəлике мұны естіп көрмеді ұйқы, 
Болды ойы уайымменен ұйқы-тұйқы, 
Сам келсе, Мəликеге күндегідей 
Жабығып жылап отыр жаман сиқы.
Мəлике, болдың,— дейді,— неге қапа, 
Мұншалық кімнен көрдің зəбір-жапа? 
Келіп ем ойнайын деп күндегідей 
Өзіңнен етуге бір зауық-сапа. 
Мəлике онан бетер төгіп жасын, 
Кетті деп саған менің ықыласым.
Етпеді деп ол тілекті тəңрім қабыл
Қарата құлай кетті Самға басын. 
Қараңғы тау патшасы болып ғашық,
Келіпті əскер алып асып-тасып.
Атама қысымшылық көрсетіп тұр 
Қызыңды аламын деп тартып басып.
Қайткенмен сол бейбақтың менде қасты,
Сол үшін кеулім қапа, көзім жасты 
Мені де атқа салып алып кетпей ме 
Жеңіліп болса жұртым аяқ асты. 
Шамасы Самды сонда қайрат қысты, 
Үстінен алтын тақтың ырғып түсті.
«Ол болса уайымын, деді, қалқам, 

208
209
Оларға көрсетейін мен бір күшті.
Жауларды жоқ қылғанмын ондай неше,
Олардан қайрат-күшім бірнеше есе 
Оларға мен күшімді көрсетейін, 
Алам деп келген болса сені көңлі өсе. 
Болады асылым — Иран, жайым — Сыстан
1

Оғына бабам Кіршаш
2
 тау-тас ұшқан.
Нариман
3
 туған атам өзі түгіл 
Бармаған маңайына қорқып дұшпан.
Өз атым онан туған Сам болады,
Мұрны-аузы егескеннің қан болады. 
Жылама енді, қалқам, жасыңды тый, 
Бізбенен олар қайтып пар болады». 
Сам сөйлеп бергеннен соң сырын қанық,
Бəрі де болғаннан соң бастан анық. 
Қойнына қуанышы сыймай кетті
Қосылған екенмін деп теңім танып.
 — Орныңа олай болса,— дейді,— отыр, 
Түн барып етпей-ақ опыр-топыр. 
Күшіңді күндіз көпке көрсетерсің, 
Бəрін де қырып-жойып қылып көпір.
Күшіңді түнде қылған ешкім көрмес,
Көп саған көрмеген соң көңлі сенбес.
Шаттанды таң атқанша күліп-ойнап, 
Сен барда деп маңайыма ешкім келмес.
Отырды таң атқанша күліп-ойнап,
Көркейді көктемдегі гүлдей жайнап.
Сам сыртқа таң атқан соң шығып кетті 
Көрінбей көп көзіне ұятты ойлап.
1
 Сыстан — Систан — X. Г Көроглының дəлелдеуінше, Орта Азиядағы сақ-скифтер 
мекендеген  жер.  Систан  батырлары  ежелгі  парсы  аныздары  бойынша,  Зоххақ  атты 
жылан патшадан жеңіліп, Орта Азияға қашып барған Жəмшид ұрпақтарынан тарайды. 
Жəмшидтен – Тур, одан Шидас, Тұрақ, Шам, Нариман, Сам, Зал, Рүстем.
2
 Кіршаш — Фирдоусиде Гаршасп, Авестада —Керасаспа — Систан батыры. Бұл 
батыр жөнінде арнайы дастандар да жазылған. (Аради Туси — «Гаршасп наме»).
3
 Нариман — Самның əкесі тарайды.
Сайманды келе сала Керкін мінді,
Жауларға тудыруға қара түнді.
Темірмен тұла бойын қаптап алып 
Қалдырмай бар қаруын бойына ілді.
Caп тартты сол арада зəңгі қытай 
Бəрі де тұрған бойы өңшең түтай.
Қамыстай қытай халқы иіліп тұр,
Кетер деп бəрімізді келсе бұтай.
Зəңгіден біреу шықты қылыш ала
Қылыштың жалпақтығы тақтай мала. 
Өлтіріп бір шапқанда тоғыз жігітті 
Майданды етіп кетті дала-дала.
Батпады мұны көріп баратын жан, 
Барғанмен бəрі сондай болатын қан.
Қолына төрт мың батпан шоқпарды алып 
Шыдамай Керкін мініп ұмтылды Сам. 
Бұғау бар бір қолында тоғыз буда
Зəңгіге жаңағы айтқан барды бұл да.
Қылышты өзің көрген тырп еткізбей 
Шабынған сияқтанып шатас бура 
Мойнына оқтан жылдам тастар атып
Қылқынтып қыл мойнынан алды шатып. 
Тақымға басып алып сол арада 
Сүйретті атыменен тапырлатып.
Аяғы тиді атының онан-мұнан,
Патшаға сол бойынша сүйреп барған.
Алдына ал, тақсыр! — деп тастай салды, 
Буынып екен зəңгі өліп қалған.
Сам шаба сол бойынша барып майдан,
Керікпен орағытып анадайдан. 
Зəңгіге қаптап тұрған айқай салды: 
Ал хабар алыңдар деп біздің жайдан. 
Болады бабам Кіршаш жеңген жұртты, 
Уақтында мұзды бүріккен шайнап бұлтты. 
Нариман туған атам тірісінде
Бояған жау қанымен сақал-мұртты.

210
211
Өз атым Сам болады сонан туған
Сендердей зəңгілерді қойдай қуған. 
Шығыңдар кезегіңмен кідірместен
Болсаңдар батырлыққа белді буған.
«Тұрғанын қарашы»,— деп етіп мақтан,
Ұмтылды екі зəңгі екі жақтан. 
Қылышын оңтайланып келе жатыр
Палуанды өлтіруге ұстап саптан. 
Шап етіп шабыттанып қыран құстай,
Омыраудан екеуін де алды ұстай.
Бастарын соғыстырып миын жарып 
Өлтіріп замандасын етті пұштай
Төрт зəңгі мұны көріп тұра шапты, 
Дегендей бұл қайратты қайдан тапты 
Оны да өлтіруге Сам палуан
Керкіне астындағы қамшы басты.
Шоқпармен ұрды бірін төрт мың батпан,
Өкіріп аузын ашып құлады аттан.
Бұрылып жəне бірін қағып етті 
Ентелей жылдам басып келген арттан. 
Біреуі баратқанда аттан құлай,
Палуанға жəрдем берсін патша құдай. 
Бұрылып жəне бірін қағып əкетті 
Зəңгіңді ала қой деп келген сұрай. 
Біреуі мұны көріп тұра қашты, 
Тайраңдап сол арада жаман састы. 
Оны да өлтіруге Сам палуан
Керкіне астындағы қамшы басты. 
Сам жетіп арқасынан найза ұрды, 
Көкіректен кере қарыс шығып тұрды. 
Ойнатып найза ұшымен маймылдайын
Көтеріп кейін қарай алып жүрді.
 
Алдына падишаның тастап еді, 
Сол жерде талып жатып жан тапсырды.
Мəлике сонда тұрып деді:
— Ей, ата, Бұл жігіт көрсетті-ау іс таңырқата. 
Ырза боп бұл палуанның қызметіне
Ықыласпен берсең қайтеді бұған бата. 
Қолыңда бұл болмаса талар еді, 
Қалдырмай қазынаңды да алар еді.
Мені де атқа салып алып кетсе
Ел-жұртың еңіреп жылап қалар еді. 
— Аяймын деді,— балам,— мұнан нені,
Келіп тұр күйеу қылғым беріп сені.
Бала боп қияметтік құдай қосса 
Тұрар ед əруақытта қорғап мені.
Қуанып Мəликенің бұған іші, 
Құбылып сырт айналып кетті түсі.
Ал енді зəңгілер теп-тегіс ат қойыпты
Аз барып жетпеген соң Самға күші.
Сам палуан келгендерін сойды қойдай, 
Жеткенін бауыздапты тірі қоймай. 
Патшасы зəңгілердің кез келіпті 
Қай жақтан табамын деп жүргенде ойлай, 
Суырды қынабынан қылышты алып, 
Көкіректен бара сала кетті салып. 
Атынан аударылып сонда патша 
Жатыпты бір азғантай естен танып.
Судай боп падишаның ақты қаны, 
Шырқырап сол арада шықты жаны. 
Өлгенін патшасының көргеннен соң, 
Зəңгінің қаша беріпті қалғандары.
Сам палуан біразының басын кесті, 
He табар қасқыр мен қой болып өшті? 
Дұшпанын қырып-жойып болғаннан соң 
Ордаға келіп кешке белін шешті.
Алдына бəрі барып патша-бектің, 
He сөз бар, қайраты артық асыл тектің. 
Ырза боп қызметіне жұрттың бəрі. 
Батасы болды осылай берген көптің. 
Падиша сол арада етті тойды, 
Ту бие, түйе, сиыр, қойды сойды.

212
213
«Біріңе бірің құтты болыңдар!» — деп, 
Екеуін Мəликемен қосып қойды.
Отауда бірнеше күн жатты ойнап, 
Көркейді көктемдегі күндей жайнап.
Сам бір күн атасынан сұрады рұқсат
Сағынып сыртындағы елін ойлап. 
Көп қылып жүк артуға берді түйе, 
Есепсіз сауарына берді бие. 
Күңменен жəне тағы шорды берді 
Болсын деп жұмысыңның бəріне ие.
Көп жүріп сонда Сыстан келді көшіп, 
Көргеннің қалды көңлі көріп өсіп. 
Үйіне келгеннен соң той қылыпты
Кең ойлы кемеңгердің басын қосып. 
Мақсаты біткеннен соң ойына алған,
Зынзанның
1
 шаһарына көшіп барған
Отырып Кіршаштының айуанында
2
 
Өмірін еткізді Сам енді қалған.
1
 Зынзан — Синь-Цзянь. 
2
 Айуан — сарай.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет