Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы



Pdf көрінісі
бет6/17
Дата22.12.2016
өлшемі1,24 Mb.
#56
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

* * *
«Литературная  Россия»  газеті  əйгілі  совет  жазушысы  Мариэтта 
Сергеевна Шагиняннан тарихи ұлы адамдардың өмірі жайлы жазылған 
кітаптарының  жанры  жайлы  өз  пікірін  сұрағанда: «Əр  шығарманың 
жанрлық  ерекшеліктерін  анықтап  жатудың  не  үшін  керек  екенін 
түсінбеймін.  Орыс  сыншыларының  классикалық  еңбектерін  алыңыз, 
Белинский  де,  Добролюбов  та,  Чернышевский  де  жанр  мəселелерін 
қазбалап  жатқан  жок,  олар  қалыптасқан,  көпшілік  қабылдаған 
атауларға-ақ қанағаттанған. Бұлар көркем шығарманың тарихи мəнін, 
проблемасын,  қоғам  өмірімен  байланысын,  күш,  мақсатын,  əсерін 
терең талдап айқындады»,— деген еді.
Иə, сол айтқандай-ақ, əр заманда жазушы үшін шығарманың жанрын 
анықтау аса бір маңызды іс деп санала қоймаған болуы керек. Гоголь 
«Өлі жандарын» поэма дейді, Пушкин «Борис Годуновын» Қарамзинге 
арнай отырып, оны «драма» да емес, «трагедия» да емес, «осы еңбегім» 
(«сей труд») деп атайды. Ал «Евгений Онегинді» де «көп жылғы менің 
еңбегім» деген де қойған.
Мұндай  жай  əр  əдебиетте  кездесе  береді.  Сондықтан  да,  əсіресе, 
ерте  дəуір  əдебиетінде  қойылған  атына,  автор  көрсеткен  жанрлық 
анықтамаға сыя бермейтін шығармаларды көп ұшырастырамыз.
Рабғузи  өз  кітабын  түгел  «Қиссалар  жинағы»  деп  есептеген. 
Үлкенді-кішілі  көркем  шығармалардың  бəрін  де  «қисса»  деп  атап: 
қисса  ішіндегі  өз  алдына  бөлек  майда  əңгімелерді  «хикаят»  деп 
бөліп  көрсетіп  отырған.  Ал,  егер,  шынайы  жанрлық  тұрғыдан  алып 
қарасақ, осы кітаптан эпикалық шығармалардың үлкен түрінен бастап, 
шағынына дейін табуға болар еді.
Қиссалардың оқиғасы шым-шытырық, діни фантазия мол араласқан, 
жүз беттен бес-он беттік көлемге дейінгі шығармалар. Олардың ішінде 
эпиканың  көне  түрлерінен:  миф,  аңыз,  ертегі,  жаңа  түрінен:  əңгіме, 
новелла,  роман,  повесть,  өлеңдерге  жатқызуға  болатын  шығармалар 
араласып  жатыр.  Бүгінгі  өркендеп,  өскен,  жетілген  əр  түрлі  кемел 
жанрлардың бастамалары деуге болар еді. Қиссалар ішіндегі бас-аяғы 
ширақ, өз алдына бөлек тұрған шағын шығармаларды автор «хикаят» 
деп бөліп кетіп отырған.
Хикаят — арабша  əңгіме,  новелла  деген  мағынаны  білдіреді. 
Əңгімелеу  деген  сөзден  шыққан.  Эпиканың  ең  шағын  түрі.  Ертедегі 
хикаяттың  ерекшеліктерін  Рабғузи  хикаяттарынан  байқауға  болады. 
Көлемі  аса  шағын,  бір  немесе  бірнеше  ғана  оқиғаға  құрылған,  соңы 
күтпеген жерден аяқталған шығарма.
Рабғузиде хикаяттар қиссалардың көбінде-ақ кездеседі.
Қиссалардың ішіндегі ең көлемдісі — «Қисса Жүсіп». Оқиғалардың 
қамтылу  көлемі,  мазмұнының  қат-қабаттылығы,  композициясының 
күрделілігі,  адам  образдарының  əр  алуандығы  жағынан  қарасақ, 
романға жақын келеді.
Рабғузи қиссаларына өлең араласып жүреді. Олар кейде қара сөзбен 
баяндалған  оқиғаға  қосымша  болып,  сол  сəтті  оқушыға  анығырақ, 
айқындырақ  ұғындыру  үшін,  не  кейіпкердің  сезім-сипаты,  өз  хал-
жайын қоса айтатын сөзі түрінде келеді. Біразы сюжетті өлеңдер.
Рабғузи өлеңдері силлабикалық үлгімен жазылған.
* * *
«Сөздің мəні айта білсе ашылар» — дейді дана халық. Түп тамыры 
Қорқыт,  Асан  қайғы  заманында  жатқан  шежіре-шешендік  мектебі 
бар.  Сыпыра  жырау  сынды  жыраулық  өнердің  алтын  діңгегі  бар 
халқымыздың  өз  өнерін  қадір  тұтуы,  əдемі  сөйлеуге  ұмтылуының 
себебі көне замандарда жатыр. Əйтпесе, сонау V— VIII ғасырлардағы 
Орхон жазуларындағы айшықты, ажарлы сөздер, образды бейнелеулер 
қайдан алынған?! Осындай көркем сөздің бейнелі де өрнекті суреттері 
Рабғузи қиссаларынан да табылады.
Қиссалардың  барлығының  бірдей  көркемдік  дəрежесі  айтулы 
біршамада бола бермейді. Алғашқы діни қиссалардың көбі оқиғаның 
желісін баяндап қана беру деңгейінде жатса, автордың сүйсіне жазып, 
тілінің  майын  тамыза  суреттейтін  жерлері  аз  емес,  олар:  Жүсіп 
пен  Зылиханың  ғашықтық  оқиғалары,  біріне-бірі  сай  сұлу  қыз  бен 
сымбатты  жігіттің  сыртқы  келбеттері,  жан  қиналыстары,  шынайы 
өмірдегі адамның əртүрлі сезімдері, сүйіспеншіліктері, ізгілігі, ақылды, 
данышпан Лұқманның жанды əрекеттері, халықты асыл арман-тілегіне 
жалғасқан  ертегі-əңгімелері,  жыл  мезгілдерінің  көңіл  күйімен  əдемі 
астасқан тұстары, тағысын-тағылар...
Рабғузи сөзі əсерлі, кестелі болуы үшін эпитет, теңеу, метафораның 
түрлерін көп қолданған:

76
77
Раст  сез  (рас  сөз),  мазлум  жаман  (жəбірлі  жүз),  қары  көңіл  (кəрі 
көңіл), адал құл, ұлығ мəртаба, керіклік йікіт, керіклік йуз, үсрүк саба 
(үскірік жел), қара қас, алтын таж, мурассағ кəмар (сəнді кемер — сəнді 
белбеу), өлік йер (өлі жер), йат көз (жат көз)... т. б.
Нəртек  ғарзыға  йашлары  інжутек  йұмаланып  түша  башла-ды — 
Нарттай  бетіне  көз  жасы  інжудей  домалап  түсе  бастады;  Көбəлактек 
езін отқа атты...— Көбелектей өзін отқа атты; Айтек чəчаклар — Айдай 
гүлдер.
Теңеулер əрдайым көңілге қонымды, орынды, жарасымды алынып 
отырады.  Сүйкімді,  əдемі  құбылыстар  əсем  сөздермен,  сиықсыз, 
қорқынышты  бейнелер  сол  ерекшелікті  білдіретіндей  суреттермен 
салыстыра беріледі.
Бірінші  сурет  екі  ұшы  нарттай  (анардай)  қызарған,  ақ-қызылы 
аралас əдемі бетке, мөлтілдеп домалай түсіп жатқан жас тамшыларын 
елестетіп,  адамның  қайғылы  халін  аша  түссе,  екінші  суреттен  түн 
қараңғысында жанған отқа ұмтылып, жарықты шыр айналып, ақырында 
отқа түсіп, күйіп кеткен көбелектің мүшкіл халін адамға салыстырсақ, 
аяушылық сезіміміз үдей түседі.
Енді бірде алақандай хош иісті гүлдің ай астында нəзік тербелісі 
елестейді. Ай да аппақ, ол да аппақ. Екеуі бір-бірінен үнсіз сыр ұғысып 
тұрғандай болады.
Метафора—жазба ескерткіштегі құбылтып айтудың жиі кездесетін 
құралы. Мысалы:
Айды: Менің күзүм йарұғы сенің дидарың тұрұр — 
Айтты: «Менің көзімнің жарығы — сенің дидарың» 
Көзлары — йұлдұз, көзі — күн, алыны — көк айдын — 
Көздері — жұлдыз, көзі — күн, маңдайы — көк айдын.
Мен  Иүсфсіз  сусыз  балықмын,  бір  сағат  Иүсфні  көрмасам 
чалықмын.
Мен Жүсіпсіз — сусыз балықпын, бір сағат Жүсіпті көрмесем — 
шалықпын (есімнен айрыламын).
Қайталау əдісі қиссада қимылдың бір сəтте, бір уақытта болғанын 
көрсету  үшін  немесе  бір  жайды  ерекше  баса  айту  керек  болғанда 
алынады:
Злиха қумаққа мыл қылды. Иүсф қашмақға мыл қылды.
Зылиха қумаққа амал қылды. Жүсіп қашпаққа амал қылды.
Қара сөздің өзін ұйқастыра, құлпыртып айту кездеседі. Мұндайда 
антоним сөздер де қолданылады.
Хəзинасын алғыл, өзгаларын отқа салғыл —
Қазынасын ал, өзгелерін отқа сал.
Кейіптеудің  белгілері  де  байқалады.  Кейіптеу  арқылы  көктемгі 
даланың  жанды  бейнесі  берілген.  Олар  пейзаждың  да  келісті  түрі. 
Дала, табиғат адамша іс қылады:
Қөк йығлар, йағыз йер күлар, бұлұт көзларыдын йаш ақса, ер йүзүде 
көк  чымганлар  күлар,  үсрүк  саба  ыснаб  тойар...  Иы-ғачлар  башыда 
текме  тигар,  чечаклар  текмесін  иыртып  бұзар,  лала  көйлəгі  йақасьш 
тартыб ұзар, ер үзіга нақшын безар, барча гүллар түн қарасындын қаш-
көзіга сүрме тартар... Тоты құш мəжіліс тұтар, емді қыш кечті, йаз қазы 
қонды, таралмыш құшлар йығылды, өлүк ерлар тірілді...
Көк жылар, қара жер күлер. Бұлт көздерінен жас ақса, жер жүзіне 
көк шығып түлер. Суық жел жылынар... Ағаштар басына түйін салар, 
шешектер  түйінін  жыртып  бұзар  (бүр  жарар),  қызғалдақ  көйлегі 
ұзарар, жүзіне нақыш берер. Барша көлдер түн қараңғылығынан қас-
көзіне сүрме тартар... Тоты құс мəжіліс құрар. Енді қыс кетті. Жаз қазы 
қонды. Таралып кеткен құстар жиылды. Өлген жер тірілді.
Кісінің  портретін,  сыртқы  бейнесін  суреттеуде  əсірелеу  араласып 
келеді:
Қырқ  өрүм  сачы  бар,  жұбар  исланүр,  бір  өрүм  сачны  йазса,  ерга 
сүрүлүр... иүзі көркідін күн хайре болұр, қарақлары жан алұр, ернідін 
ғақық ұйалұр, өзі сылығ, қылығы түзүк, белі інчка, бойы үзұн...
Қырық өрім шашы бар, жұпар есер. Бір өрім шашын жазса, жерге 
түсер. Көркіне күн қайран болар. Көз қарасы жан алар. Ернінен ақық 
ұялар. Өзі сұлу, қылығы түзу, белі жіңішке (қылдай), бойы үзын.
Əсірелеу портретте ғана емес, тікелей оқиғаға да араласып кетіп, іс-
əрекетті жандандырып, оқиғаға қызу қан жүргізіп, от береді. Ауызбен 
айтқан  сөзге  естен  кетпес  əсер  беріп,  көркемдік  қуатын  арттырады. 
Мысалы,  Зылиханың  Жүсіпке  ғашықтық  күйінішін  дəлелдейтін 
эпизодты алайық.
—  Иүсф  елінде  бір  қамчы  бар  ерді,  Злиха  тілəді,  алды,  аһ  ұрды, 
ағзыдын от чықты, ол қамчы еріді, ол қамчы алтұндын ерді...
—  Жүсіптің  қолында  қамшы  бар  еді.  Зылиха  сұрап  алды.  Аh!—
ұрып еді, аузынан от шықты (қайғырды). Алтыннан жасалған қамшы 
еріді.
Рабғузи  кітабынан  психологиялық  параллелизмді  де  байқауға 
болады.  Əсіресе,  өлеңде  көктемнің  əсем  көрінісін  келістіре  суреттей 
келіп, оны адамның ішкі сезіміне орайластыруы өте əдемі.

78
79
Саба ыснайұрда йығач баң салұр,
Бұлұт йыглайұрда чечаклар күлəр. 
Бустан ічінда кіріб дайым 
Сенің бірла көңлүм ойнау тілəр.
 
Самала жылынғанда ағаштар түйін салар, 
Бұлттар жылағанда — гүлдер күлер.
Өзіңмен бақ ішіне барып əркез
Күліп-ойнап жүруді көңілім тілер.
***
Жоғарыда айттық, «Рабғузи қиссалары» бірінші рет Қазанда 1859 
жылы Н.И.Ильминскийдің бастыруымен жарық көрген.
Бұл  нұсқаны 1881 жылы  Шамсуддин  Хусаинов  қайта  бастырады. 
Қиссаның 1859 жылғы  тағы  бір  басылымы  бар.  Ол — Рахматулла 
Амирханұлыныкі.  Мұнан  кейін 1873, 1891, 1899, 1914 жылдары 
басылғандығы белгілі.
А.Соловьевтің,  Н.Ф.Катановтың  көрсетуі  бойынша,  университет 
баспаханасының  өзінде  ғана 1859 жылдан 1891 жылға  дейін 6 рет 
басылып шыққан
1
.
«Қиссаның»  бұлардан  басқа  Ташкенттік  басылымдары  бар. 
Кітаптың бұлайша XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың 
бас кезінде қайта-қайта көп басылуының себебі не?
Бірінші  себеп,  сол  кезде  Қазан,  Ташкент,  Орынбор,  Астрахань, 
Қырым,  тағы  басқа  қалаларда  шығыс  халықтарының  тілінде 
баспаханалар ашылып, жалпы кітап бастыру жұмысының өркендеуі еді.
2
 
Бір ғана Қазандағы Азия халықтары баспаханасы 1896 жылға дейін 176 
кітапты  көпшілікке  ұсынды.  Басылған  кітаптардың  мазмұны  əртүрлі 
болды: «Қобыланды  батыр», «Ер  Тарғын», «Қозы  Көрпеш — Баян 
сұлу», «Біржан сал мен Сара қыздың айтысы», «Мың бір мақал» сияқты 
ауыз  əдебиетінің  үлгілері,  Ыбырай  Алтынсариннің  хрестоматиясы, 
М.Көпеевтің, Н.Наушабаевтың, М.Қалтаев пен С.Дөнентаевтың, тағы 
басқалардың төл шығармалары, шығыстық сюжетке жазылған қисса-
дастандар: «Лəйлі — Мəжнүн», «Сейфулмəлік», «Таһир — Зуһра», 
1
 Соловьев A , Катанов Н.Ф. Каталог книг отпечатанных в типографии ямператорского 
университета с 1800 по 1890 года. Казань, стр. 395.
2
 Кенжебаев Б., Есназаров Ө. XX ғасыр басындағы қазақ əдебиеті Алматы, 1966, 
7— 10-беттер.
«Жүсіп — Зылиха», т. б. Орыс тілінен аударылған кітаптар: Пушкиннің 
«Капитан қызы», Қрыловтың «Мысалдары», т. б. Діни қиссалар: «Қисса 
Жұмжұма», «Мұхаммедтің  миғражға  шыққан  қиссасы», «Салсал», 
«Зарқұм», «Сейітбаттал», «Қиссас-ұл  əнбияның»  бірнеше  аударма 
варианттары,  пайғамбарлар  өмірі  жайлы  діни  шығармалар,  шариғат, 
оқулық кітаптары шықты. Бұлардың көпшілігі бірнеше реттен басылып 
таратылған.  Қазандағы  Чирков  баспаханасынан  «Шараят  ұл  имам» 
50 000, университет  баспаханасынан  «Қырық  хадис»  кітабы 10 000 
дана  болып  шыққан.  Діни  кітаптардың  басылуына  мұншалықты  көп 
көңіл бөлінгендігінің өзінше себебі бар.
«XIX  ғасырдың  ортасынан  бастап  мұсылман  дін  басылары 
қазақты мұсылмандық жолдан шығармауды мықтап қолға алды. Қазақ 
арасында  дін  оқуын,  дін  жұмысын,  жалпы  мұсылманшылық  үгітті 
күшейтуге тырысты. Осы мақсатпен муфтилер Бұхарда, Самарқандта, 
Қазанда,  Уфада  оқыған  татар,  башқұрт,  қызылбас  молдаларын  қазақ 
даласына  көптеп  жібере  бастады.  Мұсылман  дін  басыларының  бұл 
іс-əрекеттерін  патша  өкіметі  қолдады.  Қазақ  арасына  шеттен  келген 
молдалардың  кейбіреулері  араб,  фарсы  ертегілерін,  арабтың  əулие, 
пайғамбар,  сахабалары  туралы  аңыздарын,  əңгімелерін  қазақ  тіліне 
аударып бастырды»
1
.
Алайда, олар тілін неғұрлым түсінікті қылу мақсатында көне түркі 
тілінде  жазылған  ескерткіштерді  татарша-шағатайшаға  жақындатып, 
редакциялап,  кейінгі,  жаңа  жазылған  шығармаларды  да  шұбарлап 
жіберді. «Ол кездегі кітап жазушылар мен бастырушылар татар, қазақ, 
башқұрт  тілінде  аралас  берілген  қағидалар  түрік  тектес  халықтарға 
түсінікті  де  жақын  болады,  осыдан  келіп  жалпы  түркі  тілін  жасауға 
болады деп ойлады. Бұл сол кездегі реакцияшыл ағым өкілдерінің — 
пантюркистер, панисламистердің ұстаған жолы еді»
2
.
Мұндай рухтағы кітап бастырушылар шығармалардың діни жағын 
баса көрсетуге, реті келсе жалпы мазмұнын да өздерінше бұра тартуға 
тырысты.
«Рабғузи  қиссасының»  да  кезінде  сондай  ықпалдың  уысына 
түскенін мынандай мысалдардан көруге болады.
Рабғузи  өз  кітабына  «Қиссас-и  Рабғузи»  деп  ат  қойдым»,—  деп 
айқын  жазған.  Бұл  сөз  кейінгі  баспаларының  бəрінде  дерлік  бар. 
1
 Кенжебаев Б., Есназаров Ө. XX ғасыр басындағы қазақ əдебиеті, 7-бет.
2
 Сонда, 9-бет.

80
81
Солай бола тұрса да, біресе «Қисас Рабғузи», біресе «Қисас-ұл əнбия 
Рабғузи»,  көбіне  «Қиссас-ұл  əнбия»  болып  басылған.  Шын  аты 
«Рабғузи  қыссалары»  болса,  кейін  «Пайғамбарлар  қыссалары»  деп 
өзгертілген. Бұл сөз жоқ, діндарлардың кітаптың діни жағын баса айту 
мақсатынан туған.
Кейде мазмұны, əсіресе, тілі өзгеріске ұшыраған. Кейбір қиссалар 
қысқартылып,  татаршаланып  кеткен.  Мысалы, «Қисса  Жүсіп» 1856, 
1873  жылғы  басылымдарында 78 беттей  болса, 1899, 1910 жылдары 
71, 1915 жылы — тіпті қысқартылып кеткен — 58 бет.
Əйткенмен,  таза  діни  кітаптар  негізінен  діни  сауатты  қожа-
молдалардың,  бай,  би,  əкімдердің  кітабы  болды.  Ал,  халық  ішінен 
екшеп, өмірге жақынын таңдап алып, бірден-бірге таратты.
Замана  шындығын,  теңсіздік  жайын  проблема  етіп  көтерген, 
көркемдік  қасиеті,  сөз  өрнегі  айрықша  əсем,  қазақ  айтыс  өнерінің 
шоқтығы биік үлгісі, атақты «Біржан — Сарада»:
Ей, Біржан, кімге дəрі амандығың,
Сөз білсең бұл да сенің жамандығың.
«Қисасул əнбиеден» естімеп пе ең?
Белгілі мағлұм болды надандығың.
Адамды топырақтан жаратты хақ,
Надандығың білінсін, бұл сөзге бақ.
Хауа Анаға бұрын барған Адам Ата,
Есіткен жоқ па едің мұны да ақымақ?! —
деген  Сараның  сөзі  қай-қайсымыздың  есімізде.  Жетісудың  бұлбұл 
қызы—ақын  Сара  Арқада  атағы  жер  жарған,  арқасы  қозып,  өнер 
сайысын  əдейі  іздеп  келген  дүлдүл  Біржанға  айтқан  өзінің  өткір 
жауабында  «Қисас-ұл  əнбияны»  тілге  тиек  етіп, «соны  да  білмедің 
бе?!» — деп сөзден сүріндірді.
Бұл  Рабғузи  кітабының  қазақ  арасына  ертеден-ақ  тарағанын, 
əбден таныс екенін көрсетсе керек. Əсіресе, көңіл көзі ашық, сауатты 
кісілердің бұл кітапты оқымағаны, естіп білмегені болмаған. Ескілікті 
мəдениет орындарынан білім алған, жақсы хат танитын кісілер кітаптың 
əртүрлі  көшірмелерінен,  басылымдарынан,  қызғылықты  тұстарын 
еске сақтап, əңгімелеп те айтқан. Содан жеке əңгімелері халық аузына 
тарап, жол-жөнекей көптеген варианттары қосылып, ертегі, аңыздарға 
айналып кеткен.
Халық  көзі,  халық  даналығы  əр  уақытта  асылды  ғана  таңдап 
ала  біледі.  Көңілге  қонбайтын,  бұл  дүниенің  шындығынан  көңілді 
адастырып, дүниеуи шын рахат, шын қызықтан безіндіретін нəрселер 
толқын  бетіндегі  əлсіз  көпіршіктер  тəрізді  қалып  қойса,  жарқыраған 
асыл  меруерттер  тұңғиық  түбіне  шөгіп,  мың  құбылған  күйінде  көз 
жауын тартып, халық кəдесіне жарамақ.
Рабғузи  кітабындағы  көбінше  өмірге  жақын,  тəлім-тəрбиелік 
мəні  мол  əңгімелер  қазақ  арасына  кең  тараған.  Халықтың  айтуында 
пайғамбар,  сахабаларды  сөзбен,  тапқырлығымен  жеңген  жапалақ, 
құмырсқа,  масаның  тілін  суырып  алған  қарлығаш,  адал  махаббат, 
сүйіспеншілік,  шыншылдық,  қайырымдылық  жайлы  өткір,  шешен 
əңгімелер ғана сақталады. Көбіне діни жағы көмескіленіп, шындыққа 
бейімделіп  айтылады,  мəселен: «Қарлығаштың  достығы», «Лұқман 
хакім»  əңгімелеріндегі  бірнеше  сюжеттер,  екі  тəтті,  екі  ащы  ет  асып 
беру, қарттың ұлына айтқан үш өсиеті. Əрине, бұл сипатты əңгімелер 
жалғыз  «Рабғузи  қиссаларында»  ғана  емес,  басқа  «Қисас-ұл  əнбия» 
кітап-тарында да болды. Рабғузиден де бұрын араб, парсы тілдерінде 
жазылған «Қисас-ұл əнбиялар» бар. Олар — аңыз, əңгіме, ертегілерден, 
түрлі діни кітаптардан алынған өзінше бір нұсқалар. Ал, Рабғузиден 
кейін жазылған түркі тіліндегі «Қисас-ұл əнбия» осы Рабғузи кітабына, 
араб-парсы  кітаптарына  еліктеуден  туған  немесе  аударма  дүниелер. 
Сонда «Қисас-ұл əнбия» əңгімелері бір жақтан — араб-парсы кітаптары 
арқылы, екінші жақтан — Рабғузи кітабы арқылы тарап жатты. Рабғузи 
кітабы  «Қисас-ұл  əнбияның»  түркі  тіліндегі  біріншісі,  ең  ерте  жа-
зылған  варианты  болғандықтан,  əлгі  əңгімелердің  түркі  халықтары, 
қазақ  арасына  мол  тарауына,  араб-парсы  тіліндегілеріне  қарағанда, 
көбірек əсер етті деп айта аламыз.
Рабғузи  кітабының  қазақ  арасына  көп  тарағандығының  тағы  бір 
көрінісі — ондағы  кейбір  қисса,  əңгімелер  мен  сюжеттерді  қазақ 
ақындарының  өлеңге  айналдыруы,  соған  еліктеп  өзінше,  қайта 
жазушылық. Бұған тікелей əсер еткен кітаптың XIX ғасырдың екінші 
жартысы  мен XX ғасырдың  басында  Қазан,  Ташкент  қалаларында 
қайта-қайта басылып шығып, ел арасына мол таралуы.
«Қисас-ұл əнбиядағы» жеке сюжеттерді қайта жаңғыртып жазған 
жазушыларды, олардың шығармаларын екі топқа бөліп қараймыз.
1. Тікелей еліктеушілер, таза еліктеуден туған шығармалар.
2.  Шығармаға  сын  көзбен  қарап,  ішіндегі  өмірлік  маңызы  бар, 
реалистік элементтерін тандап ала білгендер, кейінгі заман ыңғайына 
қарай дамытқандар.

82
83
Бірінші  топтағылар  «Қисас-ұл  əнбия»  кітабының  мəн-мазмұнын, 
қызықтылығының  неде  екенін  айыра  білмеді.  Арада  бес  ғасырдай 
уақыт жатса да, көне замандағы түсінікті қайталап, діни қыссаларды 
қайта айтып беруден арыға бара алмады.
Екінші топтағы ақындар шығармаға реалистік тұрғыдан қарап, үлгі-
өнеге берерліктей, қызық сюжеттерді тандап ала білген, дамытқандар.
Қазақ  арасында  Жүсіп  пен  Зылиханың  махаббаты  жайлы  аңыз 
ертеден-ақ мəлім. Бұрын ол екеуін «ғашықтардың пірі» санап табынған. 
Мысалы, «Қыз Жібек» жырында Төлегенге анасы:
Ғашықтардың пірі едің,
Лəйлі, Мəжнүн саруар-ау.
Ғашықтардың саруары
Зылиха, Юсуф пайғамбар.
Əйелдің пірі Биби Фатима,
Баламды сізге тапсырдым...—
деп  бата  береді. «Қисас-ұл  əнбиядағы»  көлемді  туынды — «Қисса 
Жүсіпті» қайта жазушылар да болды. Оның бірі 1879 жылы жазылған 
«Қисса-и-хəзрат-е Юсуф əлейһи-ус—сəлəм илар Зұлайханың мəселесі» 
деп  аталады.  Жазған—Шайхұсламов  Жүсіпбек.  Кітап  Қазаннан 
бірнеше рет басылған. Соңғы рет 1918 жылы жарық көрді.
«Шығыс  классиктерін  қазақ  тіліне  аударушылар,  соларға  еліктеп 
кітап  жазушылар  араб,  парсы,  шағатай  тілдеріне  жетік,  шығыс 
мəдениетін жақсы білетіндер еді. Олардың ірі өкілдері Абай (Ибраһим) 
Құнанбаев, Ақылбек Сабалұлы, жетісулық Жүсіпбек Шайхұсламұлы, 
қызылжарлық  Хусаин  Мирбабаұлы,  Лұтфолла  Уəлиұлы,  Мəулекей 
Жұмашев,  Кашафутдин  Шаһмарданұлы,  маңғыстаулық  Ешбай  Көз-
бергенұлы,  семейлік  Баймағамбет  Айтқожин,  оңтүстіктік  Шəді  төре 
Жəңгіров,  Ғабдолла  Фаизханов  сияқты  өз  дəуірінің  ғұламалары 
болатын»
1
, — деп жазған еді зерттеуші Ə.Жиреншин.
Арабша,  парсыша,  шағатайша  жақсы  білген  Жүсіпбек  Шайхұс-
ламұлы Рабғузидың жəне Фирдоуси, Əлидің де осы аттас дастандарымен 
таныс  болса  керек.  Өйткені  қиссада  соңғы  екі  автордың  ғана  жəне 
Фирдоусиге  еліктеп  жазылған  кейінгі  дастандарда  ғана  кездесетін 
оқиғалар  мұнда  айтылған.  Көбіне 11 буынды  қара  өлеңмен,  жыр 
үлгісімен жазған. Мысалы:
1
 Жиреншин Ə. Қазақ кітаптары тарихынан. Алматы, 1971, 109-бет.
... Сонда Жүсіп қамшының сабын берді,
Аһ ұстап өзіне қайта берді.
Отқа көсеп алғандай ыстық екен
Ұстағанда Жүсіптің қолы күйді.
Қолы күйіп қамшысын ол лақтырды,
Зылиха көзі жасын бұлап тұрды...
... Араби сонда сөйледі:
—Тыңладым айтқан сөзіңді,
Кім екенің білдірші
Маған анық өзіңді,
Білгенімді мен айтсам,
Жарасар еді тап сонда
Көріп тұрып жүзіңді.
Биік ағаш дегенің,
Жақып нəби екен ол,
Көңілім менің сезінді...
1
Автор  бұл  қиссада  белгілі  Жүсіп—Зылиха  жайлы  сюжетті  қайта 
жырлап шыққан.
Мақсаты — көне түркіше, татарша, араб-парсыша Жүсіп— Зылиха 
жайлы қиссаларды өз тұсындағы қазақ оқушысына арнап, қайта жазу 
болған сияқты. Осы себептерден бұл қиссаны «Қисса Иүсфтің» қазақша 
варианты десе болады.
Бұрын  еш  жерде  сөз  болмаған  тағы  бір  Жүсіп—Зылиха  жайлы 
қисса М.О.Əуезов атындағы əдебиет институтының қолжазба қорында 
сақтаулы.
2
  Жоғарыда  айтылған  қиссадан  бұл 9 жыл  бұрын — 1889 
жылы  жазылған. 1961 жылы  Қостанай  экспедициясы  тапсырған  бұл 
қолжазбаның  иесі — Құлмұхамбет  Байғұлыұлы.  Ескіше  білімді,  аса 
сауатты, сөз өнерін, əдебиетті жақсы көретін кісі болуы керек, қалың 
дəптерге бастан-аяқ əдемі араб əрпімен түрлі өлең, əңгіме, шешендік 
сөздер, ауыз əдебиетінің тағы басқа да үлгілерін тізіп жазған. Ішінде 
Нұржан  Наушабаевтың,  Мəулекей  Жұмашевтың,  Мұхамеджан  Сера-
линнің,  Күдері  ақынның  он  бір  жасар  баласы  Мардан  ақынның 
өлеңдері, өз өлеңі де бар.
«Жүсіп қиссасы» дəптердің 7—106-беттерінде. Қауырсын қаламмен 
1
  Шайхусламов  Жүсіпбек.  «Қисса-и  Юсуф  Илан  Зұлайханың  мəселесі»,  Қазан, 
1918.
2
 Құлмұхамбет Байғұлыұлының жинаған ауыз əдебиеті үлгілері. 1896— 1910 жж. П 
127, тапсырған С. Ордалиев.

84
85
бірқалыпты, анық, аса сұлу етіп жазылған. Бас жағында: «...бұл амма 
рауиан, дафтари уа нақлан, шырын мүхти бар «Қисса-ұл əнбиядан...» 
деген  сөз  бар.  Автор  өз  қиссасын  жазу  əдісі,  тіпті  тілі  жағынан  да 
«Қиссас-ұл əнбияға» ұқсатып жазуға тырысқаны байқалады. «Қисас-
ұл  əнбия»  сияқты  қара  сөзбен,  өлең  араластырып  жазған.  Рабғузи 
кітабының тіліне ұқсайды. Рабғузи:
«Иетмгіш  тіл  бірлə  хикаят  қылды.  Иусуф  ғам  ғибран  тіл  бір-ла 
дұға қылды. Мəлік айды: бұл не тіл түрүр? Иусуф ғам айды: бу менің 
аталарым тілі турур
1
.
Құлмұхаммед Байғұлыұлы: —
Жетміш  тіл  бірла  сөз  айды.  Иусуф  ғам  бар  жеріге  жауап  берді. 
Иусуф ғам ғибри тіл бірла салам берді. Патшаһ білмады, хайран болып 
айды: бұ не тіл тү түр? Иусуф ғам айдылар: Қанған тілі түрур
2
.
 Қ. Байғұлыұлы қиссасында Рабғузидегі көктем суреті де айнытпай 
берілген.  Қазақ  сөздерінің,  сөз  тіркестерінің  орнына  Рабғузидегідей 
көне  сөздерді,  көне  тіркестерді,  араб-парсы  сөздерін  қолданған: 
қиналды,  қайғырды — байһүш  болды,  не  қылайын — не  айлайын, 
қандай — нечук, жоруы қалай? — тағбыры не түрұр? Зар жылау — зар 
иығлау, аһ ұрды — бір аһ тартты, ішу — нұш қылу, тағы басқалар...
Тіл  оралымына,  жазу  үлгісінің  ұқсастығына,  өзінің  айтуына 
қарағанда,  Қ.Байғұлыұлы  бұл  қиссаны  Рабғузидың  «Қисас-ұл 
əнбиясының»  Қазан  баспаларының  бірінде  басылғанын  оқи  отырып, 
еліктей  жазғанға  ұқсайды.  Ол  сонымен  қатар,  Əлидің  «Қисса 
Жүсібінің» Қазан баспаларымен, не көшірме нұсқасымен таныс болған. 
Шығыстағы  басқа  варианттарын  да  білуі  мүмкін.  Олай  дейтініміз, 
кейбір  Рабғузиде  жоқ,  басқа  варианттарда  бар  оқиғалар  мұнда 
кездеседі, не басқаша айтылады: құдық түбінде 250 жыл отырған адам, 
куə болған 4 айлық бала, Жүсіптің қарындасының (мұнда апасы) түс 
айтуы, Жүсіп бетін көрсеткенде халықтың аштығын ұмытуы, ыдыстың 
сөйлеуі, Жүсіптің атының ер салғанда кісінеуі, бір құстың ұшып келіп, 
Жүсіптің ағаларына ақыл айтуы, Жүсіп өлген соң Зылиханың екі көзін 
ойып, табыттың екі жағына қоюы, сөйтіп өзі де өлуі, тағы басқалар...
Шығыста «Жүсіп—Зылиха» қиссасыны варианттары ете көп дедік. 
Оның түп тармақтары Сирия аңызында, библия, құран сюжеттерінде, 

«Қисас-ул əнбия», Рабғузи. Қазан, 1873
2
  Құлмұхамбет  Байғұлыулының  жинаған  ауыз  əдебиеті  үлгілері. 1896-1910 жж. 
П. 127, 85-бет.
Фирдоуси  дастанында  жатыр.  Кейінгі  нəзирашылар  да  əрқайсысы  өз 
жанынан қосып, алып өзгеріс енгізіп отырған. Сондықтан да «Жүсіп 
—  Зылиха»  қиссасының  əртүрлі  аударма-нəзира  варианттарын 
салыстырып, тексеру ғылымға қызық жайларды ашатыны сөзсіз. Бұл 
мəселе əзір басы ашылмаған күйінде.
Дегенмен,  біздің  ойымызша  Қ.Байғұлыұлының  қиссасындағы 
Рабғузидың  «Қисас-ұл  əнбиясының»  Қазан  баспаларында  кездесе 
бермейтін  кейбір  эпизодтар,  əсіресе  жоғарыда  көрсетілгендердің 
соңғы екеуі — автордың шығарманы əсерлі ету мақсатында түрікмен 
тіліндегі  нұсқасынан  алып  қосқандары.  Бұл  арқылы  «Қозы  Көрпеш 
— Баян сұлу», «Қыз Жібек» жырлары құлағына сіңіп өскен автор қос 
аққу  сынды,  ғашықтардың  бірінсіз  бірі  өмір  сүре  алмайтындығын, 
Зылиханың Жүсіпке берілгендігін баса көрсеткісі келген.
Қ.Байғұлыұлының  қиссасындағы  осындай  бірлі-жарым  өзгеше-
ліктері  болмаса,  негізінде,  ол  «Қиссас-ұл  əнбия»  сюжетінен  алыс 
ұзамаған, түгелдей соның ықпалымен жазылған.
«Қиссас-ұл əнбиядағы» қазақ арасына кең тараған, қазақ əдебиетінде 
осы тақырыптағы ертегі, əңгіме, дастандардың тууына əсер еткен тағы 
бір қисса — «Ескендір Зұлқарнайын».
Низами  үлгісінен  үйреніп  жазған  Рабғузидің  кітабында  Ескендір 
туралы қиссаның ішіндегі əңгімелері екі түрлі сипатта келеді: бірі — 
Ескендірдің пайғамбарлық қасиетін көрсетсе, екіншісі — Ескендірдің 
жаугершілік, тойымсыздығын мінеп, үлгі, өнеге, өсиет ретінде келтіруі. 
Соңғысына  жататыны — Ескендірдің  тойымсыздығын  Жəбірейілдің 
оған  тас  беруі  арқылы  көрсететін  əңгіме.  Бұл  діни  түсініктен 
аулақ  болмаса  да,  Рабғузи  заманы  үшін,  өз  дəрежесінде  азды-көпті 
дидактикалық сипаты бар еді.
Осы əңгіме қазақ арасында көп айтылып, көп жазылып келді. Бірақ 
XIV  ғасырда  жазылған  бұл  əңгіме  сол  күйінде  ендігі  уақыт  кəдесіне 
жарай  қоюы  қиын  еді.  Осыны  жақсы  ұғып,  бұрынғыға  сын  көзімен, 
реалистік тұрғыдан қарап, дамытқан ақын — данышпан Абай.
Абай  көпшілікке  мəлім  «Ескендір»  поэмасын  жазғанда  жалғыз 
«Қисас-ұл  əнбияны»  ғана  емес,  Низамиді,  Талмудтағы  Александр 
жайындағы  аңызды,  В.А.Жуковскийдің  «Екі  əңгіме»  дейтін  өлеңін, 
«Дала  уəлаяты»  газетінде 1895 жылы  жарияланған  əңгімені,  қазақ 
арасына тараған ертегіні де оқып, естіп білген деген болжам бар
1
. Абай 
осыларды қорыта отырып, ақыл-ой биігінен қарап, дастанды реалистік 
дəрежеге көтергені аян. Абайдың даналығын аса қадір тұтып:

86
87
Артында атақты ердің қалса сөзі,
«Өлді» деп өкінбеймін оның өзі. 
Қисынсыз кедергінің керегі не, 
Базарлап болғаннан соң қайтар кезі.
(«Абайды оқығанда») — деп одан үлгі алған халқымыздың ғұлама 
ақыны, «Шаһнаманы»  қазақша  жырлаған  Тұрмағамбет  Ізтілеуов  те 
Рабғузи əңгімелерінің кейбірін өлеңге айналдырып жазды. Рабғузидан 
тəлім-тəрбиелік мəні бар, қызық сюжеттерді таңдап ала білген.
Тұрмағамбеттің аса көңіл аударғаны — Лұқман Хакімнің əңгімелері. 
Бір өлеңінде — Лұқман Хакімнің үш өсиетін баяндайды.
Өлең 1906 жылы жазылған. Басына «Лұқман Хакім», «Рабғузидан», 
— деп көрсетіп еткен
2
. Мазмұны:
Ұлына үш насихат айтты Лұқман, 
Олардың оңалмас жан сөзін жыққан, 
— Бұларды болма өмірде ұмытушы,
Сүйікті,— деді, — ей ұлым, іштен шыққан!
Жасырын сырыңды айтпа қатыныңа,
Жаңа мал біткеннен қарыз алма, мықтан! 
Патшаның жендетімен жақын болып,
Жаныңа зақым қылар, жүргізбе ықтан!
Лұқпанның  үш  өсиетін  сынап  көрмекші  болып,  баласы  əкесінің 
айтқанының бəрін керісінше істейді:
«Бұлардың барлығын да байқайын»,— деп
Бір қойды қақтап сойып, қапқа тыққан. 
Күн батып, көз байланып, болғансын түн,
Көшеден хəулісіне қарай ыққан.
Үйіне арқалаумен алып келіп,
Сұрланған секілденіп «шынттап, қорыққан»
— Қатыным, қапияда қанын төктім,
Адамның жаңа жолда бір жолыққан.
Көмейік, көрсе біреу, көрсетпес күн,
Осы үйдің ортасынан ашып оқпан...
... Жүргеннен жаңа байып жəне ақша алды
1
  Каскабасов  С.  Казахская  волшебная  сказка.  Стр. 36—39. Туғанбаев  К.  Тағы  да 
Ескендір поэмасы туралы. «Лен. жас», 1971, 23 апрель.
2
 Тұрмағамбет Ізтілеуов. Назым. Алматы, 114—117-беттер.
Ділдалы тапса дағы байды тоқтан.
Дəруха деген патша жендетімен
Дос болды «аларсың»,— деп,— мені шоқтан».
Ақыры  күлкілі  жағдайға  ұшырап,  басы  өлімге  тігілді.  Шынын 
айтып, көзін жеткізген соң ғана хан босатты.
Əлқисса алып сыйлау ақырында, 
Құтылып қайтты осы дабырықтан.
Тұрмағамбеттің  Рабғузидан  алып  жазған  екінші  өлеңі: «Ата  мен 
бала».
1
 Мұнда жас та болса, ақылымен əкесінен асқан баланың оқиғасы 
былай  баяндалған.  Бір  байдың  бір  қора  қойы  егіншінің  егініне  түсіп 
жеп  кетеді.  Екеуі  арызданып  Дəуітке  келеді.  Сонда  Сүлеймен  былай 
болсын дейді:
Сонан соң Сүлеймен айтты қой иесіне:
— Үзбесін егісінен ол да үмітін.
Абзалдап атыз-жабын, жаздай күтіп,
Қалдырмай қырмандап бер ішетінін.
Қойыңның соған дейін сүтін ішіп,
Қайтарсын қырқар кезде жүн-түбітін.
Қой  иесі,  Сүлейменнің  сөзіне  риза  болады.  Тұрмағамбет  ақын 
əңгіменің  тəлім-тəрбиелік  жағын  аша  түсіп,  оны  үлгі,  ақыл-кеңес 
беретін жолдармен аяқтайды:
Бек тұтып «бала» демей білім бар-ды,
Ағартқан ақымақтар көп алқым, ұртын.
Оларды төрге отыртып төре еткенмен, 
Көрсетер кеміс ойлар ақыры бетін. 
Келмесе орынға ісің, өкінішпен,
Көрерсің бұл жаһанның ақыретін.
Нендей бір тартып қасірет, шегіп жапа,
Жағарсың ақылды ердің ақыры отын. 
«Жас демей, ақылы барды аға тұт»,— деп, 
Данышпан айтқан Лұқпан, Аплатон.
Бұл  келтірілген  мысалдардан  мыналарды  аңғарамыз:  Рабғузи 
кітабы  сонау  ескі  заманда,  ескі  түркі  тілінде  жазылса  да,  кейінгі 
қазақ арасында түгелдей жат сарын, түсініксіз, бөтен дүние саналмай, 
ертеден-ақ белгілі болған, көп таралған.
1
 Тұрмағамбет Ізтілеуов. Назым. Алматы, 1972, 118—119-беттер.

88
89
Үшінші тарау

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет