Тұрсынәлі Рыскелдиевтің «Ұлы көш» романын тақырыптық тұрғыдан талдаңыз.
Қадырбек Сегізбаевтың «Беласқан» романына теориялық талдау жасаңыз.
Асқар Алтайдың «Алтай новелласы» романына бүгінгі көзқарас тұрғысынан талдау жасаңыз.
Асқар Алтайдың «Алтай балладасы» (Алтайдың алқызыл модағайы) романы сыншылар тарапынан жақсы бағаға ие болды. Роман туралы ақын Сәкен Иманасов кезінде былай деген еді: «Бұл бір шынында табиғаты бөлектеу біткен, танымдық тереңдігі көркемдігінен кем түспейтін кесек шығарма екен. «Алтайдың алқызыл модағайының» авторы алдымен не жазатынын жақсы зерттеп біліп алған. Аңызбен астасқан шығармадағы аңшы мен аю, тіршілік пен тұрмыс шынайылығы, жазушы шеберлігі кім-кімді де селт еткізеді. Асқардың аюы аюша ойлайды, аюша әрекет етеді», түйесі – түйе, жылқысы – жылқы, сөйте тұра солардың әрекетіне имандай ұйып сенесің, иланасың. Нанымсыз, жалаң сөйлеу деген атымен жоқ. Романның өзі баяндау бағытында жазылғанымен, оқырманды жалықтырмай тартады да отырады.
Романда аңшы Ұлар, Бұлабике, Айқоңыр аю бейнелері бастан-аяқ бір-бірімен өріліп отырады. Шығарма басында Ұлар Бұлабикені Айқоңырдан тірідей құтқарса, шығарма соңында қыздың өлі денесін аюдың қорлауынан арашалайды. Ұларды ұнатып, ұзатылайын деп отырған жерінен оң жақта бала тапқаны үшін Бұлабике у беріліп өлтіріледі. Қыздың денесін аюдан құтқарам деп Ұлар мерт болады. Ұлардың қолынан Айқоңыр да тірі қалмайды. Шығарма соңы осылай үшеуінің өлімімен аяқталады. Бұдан басқа шығармадағы Алтай тауының құнарлы өлкесі, ағашы, суы, басқа да тіршілік заңына қанық боламыз.
Ұлар өр Алтайда өзі би, өзі қожа болып еркін жүрген адам. Үстіндегі киімінің бәрі сол Алтайдың аңдарының терісінен.
Мысалы: «Аю терілі жамылғысы ту сыртында түңіліктей жалпылдап, бөрі майымен майланған бұғы тері табанды шаңғысы шарықтай зырлап, Ұлар еңіске қарай құмайша құлдилады», «Қасқыр байпақтан су өтпесе де, қар ызғары білінді», «Аюжақы көкірегіндегі қайыс ілгекті ағытты».
Ұлар – саяқ тіршілік иесі. Өйткені ес білгелі көргені Алтай табиғаты. Табиғат бесігінде тербеліп өскендей. Сондықтан да «Жалғыздыққа жасынан үйренбеген адам болса, баяғыда-ақ мынау мұздай қатып-семіп жатқан иен дүниеден айран-асыр болып, ақылынан адасып өлер еді. Шыр етіп жерге түсіп, кіндігі кесілгенде дүниеге жалғыз келгенін сезінгендей, бұл жалғыздықтан қорыққан емес. Жалғыздық жанына жаққан. Жалғыз-жарым тірліктің құлы бұл. Ұлар жолы – жалғыз ғұмыр кешу. Бар мұраты – мұңлы болса да ерікті өмір».
Ғабиден Құлахметтің «Үйірі жоқ көкжал» романының мазмұндық бағытын айқындаңыз.
Қазақ әдебиеті шығармаларындағы көркемдік шешім жүйесінің қазіргі жалғастығын біз жазушы Ғабиден Құлахметтің «Үйірі жоқ көкжал» романынан көреміз. Романның композициясы да осындай поэтикалық бейнелеудің нақты көрсеткішіндей болып аталыпты: «Бөрі бауыр дүние», «Жалғыз бөлтірік», «Үйірі жоқ көкжал». Романның тақырыптық-идеялық, сюжеттік-композициялық желісіне алынған өзекті мәселе – XX ғасырдың 90-жылдарынан басталған Қазақстанның тұрмыстық-әлеуметтік қоғамдық тіршілігі.
Романның «Жалғыз бөлтірік» атты 1-бөлімінің басталу бетіндегі мынадай авторлық-эпикалық баяндау – өмірлік шындық көрінісі:
Романның және оның бөлімдері тақырыптарының да «Көкжал» атауымен берілуінде символдық-мегзеулік мағына негіз етіп алынған секілді. Адамгершілік пен имандылық, адалдық пен арамдық, мәрттік пен ездік, мейірімділік пен қатыгездік, жомарттық пен сараңдық және т.б. бір-біріне мүлдем қарама-қайшы қасиеттер қақтығысқан жаңа кезеңдегі адам тағдыры романның идеялык-поэтикалық сипатын құрайды. Алғашқы «Бөрі бауыр дүние» экспозициясының да романның мазмұны мен пішініндегі уақыт шындығына поэтикалық мегзеулі баламалау тұрғысында жазылғаны аңғарылады: «1) Кілт; 2) Ақсұр қаншық; 3) Ақшулан; 4) Шолақ бөрі; 5) Бөрі бауыр дүние» [79, 3-29 бб].
Романның осы алғашқы мегзеу-балама бөлімінде қасқырлар (Ақсұр қаншық, Ата бөрі, анасын талап жеген Ақшулан арлан) тағдыры кезеңдерінің, адамзат қоғамы өзгерістерімен, құбылыстарымен жеке адамдар тағдырларымен егізделе, мегзеле баламаланып алынғанын аңғарамыз. Мысалы, қаншық қасқырды да, бөлтіріктерін де ашкөз арланнан құтқарған, тамақ әкеліп тойындырған Ата бөрінің табиғат аясындағы тұлғасын бейнелеу аркылы қаламгер байырғы шешімімен Бөрілі Байрақты қазақ рухының мәңгілік сарынын, тағылымын елестеткендей әсер аламыз.
Ата бөрі Айға қарап ұлыды. Топ-толық дөңгелек Айға бұл да көзін тіккен. Адымын ұзатпай алқымдаған әлсіздігі аяқ астынан ғайып болған.
Тынысы кеңейіп, көкірегі ашылып, әлдебір мұң, зардан ада мадақ, қанды қыздырып, қайсар рухты оятатын тектің ұраны көмейін бүлкілдетті. Ата бөрінің ұлыған үні күндізгіден өзгеше еді. Аспандағы Айдың нұры мен қырдағы бөрінің көзі шағылысып, шамырқанған атой жырынан түнгі тымық ауа шыңылдап, тербеліске түсті» [79, 6 б].
Жазушы Ғ. Құлахмет романының көркемдік шындық поэтикасы
аясында алынған қасқырлар мен табиғаттағы Күн, Ай, дала көріністері
тұтастық өріліммен бейнеленіп, жалпы тіршілік қозғалыстарындағы тектес,
үндес болмыс шындығын аңғартады. Ғарыштық кеңістіктегі тіршілік
мүшелері іс-әрекеттеріндегі, тұрпаттарындағы үндестіктердің де, өзгешеліктердің де өзара сабақтаса жүріп жататын заңдылығын қаламгерлер эпикалық туындылардың мазмұны мен пішінінде басты назарға алады. Сөз арқауындағы романның аталған бөлімінде арлан Шолақ пен Ақсұр қаншық екеуінің табиғат көріністерімен сабақтасқан тұрпаттарын бейнелеудің поэтикалық мағыналары тіршілік иелерінің бәріне ортақ заңдылықтар тағылымын мегзейді:
«Үйірі жоқ көкжал» романының негізгі кейіпкерлерінің (Теңіз Медетов, Мақат Назарұлы, Балтакескен Халықов, Михаил Иманбаев, Мария Араловна, Жұман Ақбергенов, Эдуард Георгиевич Ли, Кенбай Қосаев) сюжеттік-композициялық желідегі эпикалық-баяндау, диалог, монолог, пейзаждық-психологиялық егіздеу, т.б. көркемдік тәсілдермен дараланған тұлғаларынан қазіргі уақыт адамдарының тарихи шындықпен бейнеленуін танимыз. Романның экспозициялық бөлігіндегі қасқырлар мен қазіргі адамдар тұлғалары арасындағы баламалы мегзеулердің поэтикалык мағыналары да тарихи шындық үндестігімен аңғартылған.
Халық тағдыры – жеке адамдардың, отбасылардың әрі үндес, әрі өзгеше жан әлемі мен іс-әрекеттерінен құралатын әлеуметтік құбылыс. Табиғат құбылыстарын адамдар тағдырларымен поэтикалық баламалы тұтастықпен бейнелеу арқылы қаламгерлер өмірлік шындыққа негізделген романтикалық және реалистік көркемдік әдістер бірлігімен орындалатын шығармашылық шешім шынайылығын белгілейді.
Қорыта айтқанда, роман жанрындағы күрделі туындылардың композициясындағы идеялық-эстетикалық дүниетаным поэтикалық кешенді бейнелеулер арқылы айқындалады. Сөз өнерінің ерекшелігі адамзаттың дүниетану, көркемдік ойлау көзқарастарын танытатын әдебиет шығармаларының рухани қуатты құрал екендігін дәлелдейді.
Көркем шығармалардың реалистік сипатын халық тарихындағы материалдық және рухани мәдениет мәселелері құрайды. Халықтың еңбек шаруашылық кәсіптерінің түрлері, отырықшылық немесе көшпелілік тұрмыс мәдениеті жүйесі де көркем шығармалардағы шынайылықтың, деректіліктің тарихилығын дәйектейді. Адамдардың тұрмыстық қолданысындағы еңбек құралдары да кезең шындығын танытады. Ал, әдет-ғұрыптардың, салт-дәстүрлердің халық тұрмысындағы көріністері де шығармалар арқауындағы табиғилықты айқындай түседі. Қазақ әдебиетіндегі әр түрлі жанрлардағы шығармаларда халық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының орын алуы тарихилық заңдылығының көрінісі болып саналады.