Бағдарламасы edt 1203 Ежелгі дүние тарихы 5В020300 Тарих мамандығы бойынша


Аталмыш пәннің басқа ғылымдар арасындағы орны мен рөлі



бет4/17
Дата19.04.2023
өлшемі81,15 Kb.
#84567
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Аталмыш пәннің басқа ғылымдар арасындағы орны мен рөлі. Басқа тарихи пәндерден ерекше, «Ежелгі дүние тарихы» алғашқы өркениеттердің қалыптасу себептері, олардың даму ерекшеліктері, экономикалық қатынастар, әлеуметтік және сословиелік құрылымдардың, мемлекеттік ұйымның, идеологиялық және діни өмірдің жаңа формаларын қарастырумен бірге, қоғамның даму үдерісін жалпы алып та қарастырады, қоғамдық өмір құбылыстарының бүкіл жиынтығын, оның барлық салаларын (экономика, саясат, мәдениет, тұрмыс және т.б.) және олардың өзара байланыстары мен өзара шарттылығын талдайды.
Пәннің дамуының негізгі кезеңдерін көрсететін қысқаша тарихи очеркі.
Ежелгі дүние тарихы туралы түсінік. «Шығыс» және «Батыс» түсініктерінің пайда болуы. Ежелгі философтар, тарихшылар мен географтар адам қауымдастықтары мен Ежелгі Шығыс тарихындағы географиялық фактордың рөлі туралы. Антикалық тарихнаманың қалыптасуы мен дамуы. Геродот. Фукидид. Антикалық философиялық ой мен тарихнама. Рим тарихнамасы. Тацит. Антикалық тарихи ойдың ерекшеліктері. Циклизм.
Шарль Монтескьенің «Заңдар рухы туралы» еңбегіндегі әр түрлі халықтардың материалдық және рухани дамуы ерекшеліктеріне және олардың мемлекеттілігі мен құқығы формасына табиғи-климаттық жағдайлардың маңызды ықпалы туралы пікірдің негізделуі. Марксизмнің қоғам дамуындағы географиялық фактордың рөлін жоққа шығаруы. Детерменизмнің екі формасы – географиялық және саясиэкономиялық. Гордон Чайлдың егіншілік пен мал шаруашылығына өтуді, яғни экономика дамуындағы, және одан кейін адам өмірінің барлық басқа салаларындағы сапалы секірісті көрсететін «неолиттік төңкеріс» туралы түсінігі.
Қоғамдардың заманауи типтелуі және ежелгі дүние тарихы. Формациялық, мәдениеттанушылық, өркениеттілік және басқа да зерттеу тәсілдері және оларды ежелгі дүние тарихын зерттеуде пайдалану мәселелері. К. Маркс пен Ф. Энгельстің қоғамдық-экономикалық формациялар туралы теориясының пайда болуы. Тарихи үдерістің формациялық үлгісінің еуропацентристік ұстанымы, оның ежелгі шығыс қоғамдарын зерттеуге қатысты шектеулілігі.
Әр өркениеттің кезеңдік дамуы теориясы. И.М. Дьяконов және В.А. Якобсон ежелгі тарихтың екі кезеңге – ерте және кейінгі ежелгі қоғам деп бөлінуі туралы.
Ежелгі Шығыс тарихының хронологиялық аясы. Басталуы – б.з.д. IV мыңж. Аяғында Тигр, Евфрат пен Ніл аңғарларында алғашқы таптық қоғамдар мен мемлекеттік құрылымдардың пайда болуы. Аяқталуы – б.з.д. IV ғ. 30-20-шы жылдарында А.Македонский басқарған грек-македон әскерінің бүкіл Таяу Шығысты, Иран қыратын, Орта Азияның оңтүстік бөлігінжәне Үндістанның солтүстік-батыс бөлігін жаулап алуы. В.Д. Неронованың Ежелгі Шығыс тарихын, алғашқы қауымдық құрылыс пен құлиеленушілік формациялар қатар өмір сүрген уақыт деп қарастыруы. Польша зерттеушісі Ю. Заболоцканың Таяу Шығыс тарихын б.з.д. VIII мыңж. бастай отырып, оны одан әрі кеңейте түскен көзқарасы. Эллинизм дәуірі – б.з.д. 323 ж. – б.з. 30 ж. Александрдың әлемдік державасы ыдырағаннан кейін эллинистік мемлекеттердің қалыптасуы.
Ежелгі Үндістан тарихы – б.з.д. ІІІ мыңж. ортасы – б.з. V ғ. Ежелгі Қытай тарихы – б.з.д. ІІІ мыңж. аяғы - б.з. ІІІ ғ. Жекелеген ежелгі шығыс елдерінің тарихын дәуірлерге бөлуде сол қоғамның негізгі салаларында – әлеуметтік-экономикалық құрылысында, рухани мәдениетінде, саяси және мемлекеттік ұйымында орын алған сапалы өзгерістерді басшылыққа алу.
Ежелгі Грекияда мемлекеттіліктің қалыптасуы. Полистің пайда болуы, әлеуметтік-саяси ұйымның әр түрлі типтерінің қалыптасуы.
Ежелгі Грекия тарихының негізгі кезеңдері:
1) эгейлік, немесе крит-микендік (б.з.д. Ш–П мыңж.), рулық құрылыстың ыдырау дәуірі, жекелеген аудандарда ертетаптық құлиеленушілік мемлекеттердің пайда болып, дамуы;
2) Гомерлік Грекия (б.з.д. ХI–IХ ғғ.) – тайпалық қатынастардың ыдырауы және грек мемлекеттілігі негіздерінің, протополистің қалыптасу дәуірі;
3) Архаикалық дәуір – (б.з.д. VШ–VI ғғ.) – архаикалық революция уақыты, полистік жүйе – демократия мен мемлекеттіліктің қалыптасуы жолындағы негізгі кедергілердің жойылуы;
4) Классикалық дәуір (б.з.д. V–IV ғғ.) – антикалық полистерде құлиеленушілік қатынастардың ерекше гүлденуі;
5) эллинистік дәуір (б.з.д. V–IV ғғ.) – Парсы державасын грек-македондықтар жаулап алғаннан кейін Таяу Шығыстың ауқымды кеңістігінде құлиеленушілік қатынастардың одан әрі дамуы. Дәуірдің соңы – эллинистік әлемнің батыс бөлігін Римнің, ал шығыс бөлігін Парфияның жаулап алуы.
Ежелгі Рим тарихы төрт дәуірге бөлінеді:
1) ерте құлиеленушілік қатынастар дәуірі (б.з.д. VШ–Ш ғғ.). – «патшалық дәуір» (б.з.д. VI ғ.) және ерте Рим республикасы (б.з.д. V–IV ғғ.);
2) құлиеленушік жүйесінің ерекше гүлдену дәуірі. Классикалық құлдықтың алғашқы кезеңі (б.з.д. П–I ғғ.) – кейінгі Рим республикасы мен азамат соғысы кезеңі; екінші кезеңі (б.з. I–II ғғ.) – ерте империя, немесе принципат дәуірі;
3) Рим империясындағы құлиеленушілік құрылыстың жалпы дағдарысы және саяси дағдарыс дәуірі (б.з. Ш ғ.);
4) құлиеленушілік құрылыс дағдарысының тереңдеуі (б.з. IV–V ғғ.). Кейінгі империя. Доминат. Батыс Рим империясының күйреуі.
476 ж. Батыс Рим империясының құлауы ежелгі дүние тарихын аяқтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет