Бағдарламасы edt 1203 Ежелгі дүние тарихы 5В020300 Тарих мамандығы бойынша



бет3/17
Дата19.04.2023
өлшемі81,15 Kb.
#84567
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ





Тақырып атаулары

1

Кіріспе дәріс.

2

Ежелгі Шығыс тарихы. Ежелгі Египет тарихы

3

Ежелгі Алдыңғы Азия тарихы. Ежелгі Месопотамия (Қосөзен)

4

Кіші Азия және Закавказье ежелгі дәуірде

5

Ежелгі дәуірдегі Сирия, Финикия, Палестина, Карфаген

6

Иран мен Орта Азия ежелгі дәуірде

7

Ежелгі Үндістан

8

Ежелгі Қытай

9

Ежелгі Грекия тарихы . Деректері мен тарихнамасы

10

Б.з.д. ІІ мыңж. Грекия тарихы

11

Б.з.д. XI–IX ғғ. Грекия.

12

Б.з.д. VІІІ–VІ ғғ. архаикалық Грекия

13

Б.з.д. V-ІV ғғ. классикалық Грекия

14

Эллинизм дәуірі. Александр Македонскийдің жаулаушылықтары

15

Ежелгі Рим тарихы. Деректері мен тарихнамасы

16

Б.з.д. VIII - III ғғ. Рим тарихы. Италиядағы ерте құлиеленушілік қоғамдар мен мемлекеттер (б.з.д. VШ-VI ғғ.)

17

Б.з.д. V ғ. аяғы–ІІІ ғ. бірінші жартысындағы Рим және Италия

18

Б.з.д. ІІІ-І ғғ. кейінгі республика тарихы. Рим мен Карфагеннің Жерорта теңізінің батысы үшін күресі

19

Римнің Шығыс Жерорта теңізіндегі жаулаушылықтары және оның Жерорта теңізінің аса қуатты державасына айналуы

20

Б.з.д. ІІ – І ғ. басындағы Римнің ішкі тарихы

21

Рим республикасының құлауы. Рим республикасы саяси жүйесінің дағдарысы. Әлеуметтік қайшылықтардың күшеюі.

22

Республикалық дәуірдегі Рим мәдениеті

23

Ерте империя дәуірі. Август принципаты

24

Рим империясы б.з. I–П ғғ.

25

ІІІ ғасырдағы Рим құлиеденушілік қоғамы мен мемлекетінің дағдарысы

26

Христиандықтың пайда болуы және оның ерте тарихы

27

Кейінгі Рим империясы. IV ғ. Рим қоғамы мен мемлекеті. Доминат жүйесі

28

Б.з. I–IV ғғ. мәдениет

29

Батыс Рим империясының құлауы

Пән мазмұны


Кіріспе


Пәнді оқыту мақсаты. «Ежелгі дүние тарихы» пәнін оқытудың мақсаты студенттің бойында Азия, Солтүстік Африка және Еуропада б.з.д. ІV мыңжылдықтың ортасынан б.з. І мыңжылдығының ортасына дейін өмір сүрген ежелгі өркениеттер дамуының негізгі кезеңдері мен заңдылықтары туралы кешенді және ғылыми түсінікті қалыптастыру болып табылады, сондай-ақ осы өркениеттердің адамзат тарихындағы орны мен рөлін, олардың мәдени және тарихи өзіндік ерекшеліктерін анықтау, тарихи өткенімізді саналы түрде қастерлей білуге тәрбиелеу, ежелгі дүние тарихы саласындағы зерттеулердегі маңызды мәселелер туралы түсініктерді қалыптастыру, сондай-ақ студенттердің бойында олардың болашақ кәсіби қызметінде қажет болатын дағдыларды қалыптастыру; студенттер тарихи таным әдіс-тәсілдерін және жазба деректермен жұмыс жасай білу дағдысын игеруі қажет.
Пәнді оқыту міндеттері және оның мамандар дайындаудағы рөлі:
Пәнді оқыту міндеттері жоғары кәсіби дайындық деңгейі бар, тек фактілік тарихты ғана біліп қоймай, сонымен бірге өткеннің құбылыстарын түсінуде ғылыми әдіс-тәсілдерді игерген маманға қойылатын талаптармен анықталады.
Пәннің оқу нысаны Ежелгі Шығыс тарихы, Ежелгі Грекия тарихы және Ежелгі Рим тарихы болып табылады.
Пәнді оқыту әдіс-тәсілдері: дәрістер, семинар сабақтары, деректерді оқу мен түсіндіру, баяндамалар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет