БАҒдарламасы екінші басылым



Pdf көрінісі
бет1/11
Дата26.12.2016
өлшемі4,04 Mb.
#486
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ БАСШЫЛАРЫНЫҢ 

БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Екінші басылым

www.cpm.kz



БАСШЫҒА АРНАЛҒАН 

НҰСҚАУЛЫҚ

Баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ

Педагогикалық шеберлік орталығының

Әдістемелік кеңесі ұсынған

© «Назарбаев Зияткерлік мектептері» 

ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2013

Барлық құқықтар қорғалған. Осы басылымды кез келген түрінде және кез келген құрал-

дармен,  фотокөшірмені  және  кез  келген  электронды  нысанды  қоса  алғанда,  авторлық 

құқық ұстаушының жазбаша рұқсатынсыз толық немесе ішінара басып шығаруға немесе 

таратуға тыйым салынады.


МАЗМҰНЫ

Кіріспе .........................................................................................................................................4

Білім беру саласындағы ауқымды өзгерістер ..........................................................................4

Мектеп көшбасшылығының түйінді рөлінің дәлелдері .........................................................5

Мектеп көшбасшылығы туралы түйінді мәселелер ................................................................5

Бағдарламаға негіз болған қағидаттар .....................................................................................7

Мектепте өзгеріс енгізу тәсілдері туралы деректер ..............................................................13

Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері ................................................................................17

Бағдарламаның мазмұны .........................................................................................................17

Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың 

деңгейлі бағдарламасы: оқытудың көпсалалы аралас тәсілі ...............................................34

Стратегиялық жоспарлау .........................................................................................................36

Бағалау .......................................................................................................................................38

Глоссарий ..................................................................................................................................39

Пайдаланылған әдебиет ...........................................................................................................42

Ұсынылатын әдебиет ...............................................................................................................43

Байланыс ақпараты ..................................................................................................................46


басшыға арналған нұсқаулық | руководство для руководителя

4

КІРІСПЕ

Бұл әдістемелік құрал Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары басшыла-

рының біліктілігін арттыру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) туралы ақпараттық-а-

нықтамалық материал болып табылады. Бағдарламаның құрамына келесілер кіреді: 

•  Педагогикалық шеберлік орталығының тәжірибелі және білікті тренерлерінің қол-

дауымен 320-сағаттық «Бетпе-бет» аудиториялық жұмыс;

•  «Бетпе бет» оқыту кезеңінің материалдарына қосымша оқуға арналған материалдар; 

•  «Бетпе  бет»  кезеңінің  негізінде  құрылымдалып  рәсімделген  және  толық  қолдау 

көрсетілетін екі «Мектептегі тәжірибе» кезеңі;

•  синхронды және синхронды емес диалог түрінде онлайн қолдау.

Педагогикалық шеберлік орталығында әзірленген барлық бағдарламалардың негіз қа-

лаушы алғышарты мектеп басшылары мен мұғалімдері өзінің немесе жалпы мектептің 

оқыту тәжірибесіне өзгеріс енгізу әдістерін біліп қоймай, сонымен қатар сол өзгерістердің 

себептері туралы да білу керектігі болып табылады. Бұның себебі әр сынып пен әр мектеп 

бірегей болып келетіндігінде, сондықтан барлық мектептерге арнап бірыңғай тәжірибелік 

нұсқаулық жасау мүмкін емес. Сол себепті Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген 

бағдарламалар нақты және күрделі жағдайларды қалай талдау қажеттігін, оқушыларды 

ХХІ ғасырда өмір сүруге дайындау үшін мектеп тәжірибесіне қалай өзгеріс енгізіп, осы 

шара барысында күтілетін нәтижелерге қол жеткізілгенін қалай бағалау қажеттігін терең 

түсінуді көздейді. 



БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ АУҚЫМДЫ ӨЗГЕРІСТЕР

Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістерге жауап ретінде әлемдегі бүкіл ел-

дер өздерінің білім беру жүйелерін қайта қарауда. Қазіргі кезде мектеп директорлары үшін 

де, мұғалімдер үшін де ең басты, маңызды мәселе болып отырғаны: «ХХІ ғасырда нені 



оқыту керек?» және де екіншісі: «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырда өмір сүруге қалай 

дайындайды?».

Жалпы қоғамда оқушыларға білім де, дағдылар да қажет деген пікірде барлығы біра-

уыздылық танытып отыр. Оқушылардың білімді жай ғана иеленуі аз, себебі ХХІ ғасыр-

дың тәсілдерінде оқушылардың игерген білімінің көлеміне емес, ол білімді орынды жерде 

қолдана білуіне басты назар аударылады.

ХХІ ғасырда оқушыдан талап етілетін дағдылар жаңа деп айтуға болмайды. Мәселен, 

сын тұрғысынан ойлау мен проблемаларды іспен шешу дағдылары ерте замандағы құрал 

жасау, ауыл шаруашылық жетістіктері, вакцинаны ойлап табудан бастап қазіргі заманғы 

зерттеулерге дейінгі бүкіл адамзат тарихының өн бойында адам прогресінің сенімді серігі 

болды. Сол сияқты, нақтыдан бастап кешенді сараптамалық білімдерді игеру қажеттігі 

сияқты дағдылар да бүгін пайда болды десек, күпірлік болар. Айталық, Платонның «The 

Republic» (Республика) деген еңбегінде зият деңгейінің төрт түрі туралы сөз болады. 

Ал ұжымдық және жеке табыстардың осындай дағдылардың болу, болмауына тәуел-

ді болуы туралы қорытынды шын мәнінде жаңалық. Осыған байланысты мектептер сын 

тұрғысынан ойлауға үйретуде, әрбір оқушының жеке даралығына қатысты проблемалар-

ды шешу үшін ынтымақтастық жүргізуде өте мұқият болғаны дұрыс. Бұндай өзгерістерді 

іске асыру үшін мектеп директорлары өздеріне міндеттеме алып, сондай-ақ анағұрлым 

құзырлы және тиімді мұғалімдердің атсалысқаны құба-құп.



басшыға арналған нұсқаулық | руководство для руководителя

5

МЕКТЕП КӨШБАСШЫЛЫҒЫНЫҢ 

ТҮЙІНДІ РӨЛІНІҢ ДӘЛЕЛДЕРІ

Лейтвуд, Харрис және Хопкинс (2008) біздің мектеп көшбасшылығы туралы не білетін-

дігімізді анықтауды көздеп, халықаралық зерттеулерге ауқымды шолу жасап, тиімді мек-

теп көшбасшылығы туралы белгілі бір тұжырымға келді. 

Төменде сол тұжырымдар келтірілген:

1.  Балаларды оқытудағы әсері жағынан мектеп көшбасшылығы тек сыныптағы оқы-

ту үдерісінен ғана кем түсіп, екінші орын алып отыр.

2.  Табысты  көшбасшылардың  барлығы  дерлік  негізгі  көшбасшылық  қасиеттердің 

бірдей жинағын қолданған екен.

3.  Көшбасшылардың осы негізгі көшбасшылық қасиеттерді қолдану тәсілдері олар-

дың өздері жұмыс істеген жағдайларды ескергенін көрсетеді.

4.  Директорлар  қызметкерлердің  ынтасына,  жұмысқа  берілгендігіне  және  еңбек 

жағдайларына ықпал ете отырып, жанама және анағұрлым тиімді тәсілмен оқыту 

мен оқуды жақсартады.

5.  Мектеп  көшбасшылығы  қызметкерлер  арасында  бөлінген  жағдайда  мектеп  пен 

оқушыларға ықпалы күштірек болады.

6.  Жеке қасиеттердің әртүрлі болатыны көшбасшылықтың типтері де әртүрлі бола-

тынын түсіндіреді.

Лейтвуд және басқалардың (2008) зерттеуінен мынадай шешім шығаруға болады, көш-

басшылық мектепті ұйымдастыру мен оқушыларды оқыту сапасына айтарлықтай ықпал 

етеді. Шынтуайтына келгенде, табысты көшбасшы болмаған жағдайда мектеп өз оқушы-

ларының оқу үлгерімін ойдағыдай өзгерте алды деген құжатта тіркелген бірде-бір дәлел 

жоқ. Бұны көшбасшылықтың ұйымның әлеуетті мүмкіндіктерін жүзеге асырудың ката-

лизаторы  болып  табылатындығымен  түсіндіруге  болады.  Бұл  үшін  табысты  көшбасшы 

не істейді? Нені бұрынғыдан да жақсы істей алады? Оны Қазақстанда осы Бағдарламаны 

толыққанды енгізу үшін қалай пайдалануға болады?



МЕКТЕП КӨШБАСШЫЛЫҒЫ 

ТУРАЛЫ ТҮЙІНДІ МӘСЕЛЕЛЕР

Директорлар бүкіл мектепте өзгеріс енгізуді басқарудағы негізгі көшбасшы бола-

тын  болса,  Педагогикалық  шеберлік  орталығының  Кембридж  университетінің  білім 

беру факультетімен бірлесіп әзірлеген бағдарламасы да көшбасшылық компоненттерін 

қамтуға тиіс. Қазақстан мектептеріне қатысы бар мәнмәтіндік факторларды анықтаудан 

бастау қажет. Бурке-Литвин моделінде (1992) қазақстандық мектеп мәнмәтіні туралы 

негізгі мәселелерді қалыптастыруда пайдалы бола алатын құрылым ұсынылған, дирек-

торлар өзгеріс енгізуді бастамас бұрын оны қолданып көргілері келуі мүмкін. 1-суретте 

мектеппен байланысты негізгі факторлар біріктірілген. Бұл модель өндірісті ұйымда-

стыру саласынан бастау алған әмбебап модель болғанымен, оны оқушылардың оқуына 

жағдай  жасаушы  және  дамытушы  ұйым  ретінде  мектеп  мәселелерін  қарастыруда  да 

қолдануға болады. 



басшыға арналған нұсқаулық | руководство для руководителя

6

1. Сырт жағдайлар

ХХІ ғасырда оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізу қажеттігінің негізгі себептері 

қандай? 

Қазақстанда өзгеріс енгізуге ықпал ететін негізгі сыртқы факторлар қандай? 



2. Миссия мен стратегия

Қазақстандық мектептердің жалпы құндылықтары қандай? Олар рухани мақсат тура-

лы нақты мәлімдеме түрінде айтылуы мүмкін бе?

Осы жалпыға ортақ құндылықтарды ұстана отырып, мектеп өзгерісті қалай енгізеді?

Рухани мақсатты сақтай отырып, даму мақсатына қалай қол жеткізуге болады? 

3. Көшбасшылық

Қазақстандық мектеп басшыларының өз әріптестеріне деген көзқарасы қандай және 

оның  мінез-құлқын  ұйым  қалай  қабылдайды?  Мектеп  қызметкерлері  мектеп  көшбас-

шылығының мақсаты өзгеріс енгізу екендігіне сене ме? 



4. Ұйымдастыру мәдениеті

Қазақстандық мектеп қалай ұйымдастырылған? Қазақстандық мектептер өз жұмысын 

қалай орындайды? Мектепте қандай ұстаным, мінез-құлық нормалары, құндылықтар мен 

дәстүрлер басым?



5. Құрылым

Директорлар  енгізілген  өзгерістердің  қарым-қатынасты,  міндеттердің  орындалуын 

және жұмыс тәсілдерін жақсартатынын қалай тексере алады? Директорлар құрылымдық 

өзгерістердің ықпалын қалай анықтайды және мұғалімдердің өзгеріс енгізу қажет екенін 

және бұл өзгерістердің оларға не беретінін түсінетініне қалай көз жеткізбек?

6. Жұмыс ахуалы

Сырт ұйымдар мектепті қалай қабылдайтынын директор біле ме? Ата-аналар, жұрт-

шылық, әріптестер мен оқушылар мектеп туралы не ойлайды? Мектепте қалыптасқан жұ-

мыс ахуалы жайлы ма? Енгізілетін өзгерістер қалыптасқан жұмыс ахуалына қалай әсер 

етпек? Оны қалай реттеуге болады?

7. Енгізілетін өзгерістер қоятын талаптар және жеке дағды/мүмкіндіктер 

Мектептің  мұғалімдер  ұжымы  педагогикалық  қызметке  өзгеріс  енгізу  үшін  қажетті 

білім, түсінік және дағдылары жеткілікті деңгейде меңгерген бе?

8. Жеке қажеттіліктер мен құндылықтар

Директорлар мектеп ұжымының барлық мүшелеріне қалай қолдау көрсетеді және да-

мытады? 

9. Қызметкерлерді уәждеу

Өзгерісті  тиімділікпен  енгізуде  қызметкерлердің  уәж-ынтасы  өте  маңызды  болатын 

болса, директорлар өзгеріс енгізу үшін қызметкерлердің уәжі жоғары болуын қалай қамта-

масыз етеді? 



басшыға арналған нұсқаулық | руководство для руководителя

7

Сырт жағдайлар

- өзгеріске реакция



Көшбасшылық

- пейілділік;

- көшбасшылық құндылығы

Миссия мен стратегия

Миссия

- мақсаттар



Стратегия

Мәдениет

- адалдық;

- шығармашылық;

- қарым-қатынас



Құрылым 

- ведомствоаралық ынтымақта-

стық

- жоғарыдан төменге, төменнен 



жоғарыға қағидаты бойынша 

шешім қабылдау



Жүйелер 

- жұмысы туралы қаншалықты 

біледі

Құралдар

- ақпаратпен қамсыздандыру 

әдістері

Ақпарат 

- жұмысты орындауға арналған



Қойылатын талаптар және 

жеке дағдылар

- дағдыларды қолдану

- ынталандырушы жұмыс

- лайықты қызметкерлерді 

көтермелеу

Жеке қажеттіліктер/

құндылықтар

- команда жұмысы

- қызықты жұмыс

- жұмыс кепілі

- адамдар өздерін бағалайтынын 

сезінеді


Басқару тәжірибелері 

- басшылар өздері сенетін мәселелерді қолдайды;

- адамды жауапкершілікке тартады;

- басқаларды жұмысқа тартады;

- шешім қабылдауда бірізділік танытады

Уәж

- ұйым мақсатына жету жолында қызметкерлер 

уәжді/белсенді

- табысты қызметкерлерді тарту/сақтап қалуға 

арналған марапаттау/ өтемақы

Жұмыстың жеке әрі ұйымдық тиімділігі

- ұйымда жұмыс істегенін мақтан ету

- қызметкерлерді жұмысқа тарту

- ашық жауапкершілік және бақылау



Ахуал

Жұмыс топтары

- сенім мен құрмет көрсету

- жақсы жұмысы үшін марапаттау

- жұмыс әдістеріне шолу жасау

- факт негізінде шешім қабылдау

1-сурет. Бурке-Литвиннің ұйымға өзгеріс енгізу моделі

БАҒДАРЛАМАҒА НЕГІЗ БОЛҒАН ҚАҒИДАТТАР

Алдағы бөлімде келешек ұрпақты оқыту кешенді және көп қырлы үдеріс екенін ай-

тқан болатынбыз. Сондықтан, ХХІ ғасырда мектеп директорының рөлі қазіргі Қазақстан 

қоғамының маңызды мамандықтарының бірінен саналады. 

Көп жұмыс істеуді талап ететін директор рөлін орындайтын мамандарға белгілі бір 

талаптар қойылады, атап айтқанда олар:

•  еліміздің болашақ білім беру кескінін құруға көмектеседі;

•  білімнің жекелеген адамдардың өміріне игі ықпал етіп, қазір және болашақта Қа-

зақстан халқына пайда әкелетініне сенеді;

•  балалар мен жасөспірімдерді сын тұрғысынан ойлай алатын, өзіне сенімді, қалай 

оқу керектігін білетін, шығармашыл, табысты адам болып дамуы үшін жауапкер-

шілік алады;

•  мектепте білім беру саласындағы жетекші маман; 

•  оқушыларды,  қызметкерлер  мен  қоғамдастық  мүшелерінің  барлығын  оқыту 

үдерісін үнемі жетілдіріп отыруға ынталандырады;


басшыға арналған нұсқаулық | руководство для руководителя

8

•  кәсіби қарым-қатынас пен құрылым құруға және оған қолдау көрсетуге шебер;

•  тұрақсыз, күрделі және шиеленіскен жағдайда жұмыс істей алады;

•  бәріне  оңтайлы  нәтиже  алуға  мүмкіндік  беретін  шығармашыл  және  жаңашыл 

шешім іздеу мақсатында басқалармен бірлесіп жұмыс істей алады;

•  барлық оқушылардың үздік нәтижелерге қол жеткізіп, жағдайлары жақсы болуын 

қамтамасыз ету үшін көп адамдармен бірлесіп жұмыс істеу арқылы қоғамдастықты 

құра алады және оған қолдау көрсете алады.

Осылайша, өз жұмысында жоғары нәтижеге қалай қол жеткізуге болатынын түсіну 

үшін директорларға көшбасшылық дағдыларды игерумен қатар, соңғы жаңалықтар тура-

лы үнемі хабардар болып, тиісті білім мен түсінік қалыптастыруы керек.

Директор көшбасшылығына қойылатын талаптар

Бағдарлама директорлардан мектептің дамуын басқарумен қатар, бақылауды да талап 

етеді. Біз көшбасшылықты (leadership) қауіп пен жаңашылдықты қабылдай отырып, қуат 

беріп және басымдықты белгілеу арқылы ортақ көзқарас дамыту деп түсінеміз. Басқару 

(management) белгісіздікті, сенімсіздікті шектеп, алауыздықты азайтатын, тұрақтылықты 

нығайтып, болашақты болжауға мүмкіндік беретін жүйе құру деген сөз. 2-суретте көш-

басшылыққа қойылатын негізгі үш талапқа негізделген осы Бағдарламаның құрылымы 

көрсетілген. Диаграммада Бағдарлама барысында дамытылатын жеке қасиеттер, сонымен 

қатар тоғыз айға созылатын оқыту барысында қалыптастырылатын білім мен түсініктер 

жинақталған.

Бағдарлама құндылық пен мәдениетті талқылаудан басталады. Бұл «Өзгеріс не үшін 

керек?» дегеннен шығады. Келесі кезекте үдеріс пен құрылым, әрекет ету тәсілдері мен 

құралдары «нені өзгертеміз?» деген атаумен ұсынылады. Бұлардан кейін «Өзгерісті қа-



лай енгіземіз?» деп аталатын нәтижелердің мониторингісі мен эвалюациясы туралы оқы-

ту келеді. Бұл түптің түбінде сыпайы жауапкершілік пен бақылау және бөлінген көшбас-

шылық арқылы «Әлеуетті арттыруға» әкеледі. 


басшыға арналған нұсқаулық | руководство для руководителя

9

3. Көшбасшының ж

ек

е қасиеті мен әле

уметтік 

қарым-қа

тынас дағдылары

Мектеп 

аясында кәсіби 

білім алу

 

Көшбасшылықты бөліңіз. Мұғалімдер мен оқуды 



дамыту және эвалюациялау жоспарын әзірлеңіз 

және іске асырыңыз



Әлеуетті  

арттыру

Оқыту мен 

нәтиже

Көшбасшылықты бөліңіз. ХХІ 

ғасырда оқыту мен оқуды жақ-

сарту мақсатында бүкіл мектепті 

қамтитын коучинг пен тәлімгерлік 

жоспарын әзірлеңіз және енгізіңіз



 

Өзгерісті 

қалай 

енгіземіз?

 

Алынған де-

ректермен 

ата-ана және 

жұртшылықпен 

бөлісіңіз.  

Оқыту мен 

оқудың нәти-

желерін бақы-

лаңыз және 

бағалаңыз

Басқа мектеп-

термен  ын-

тымақтастық 

орнатып, дерек-

термен бөлісіңіз



Үдеріс пен 

құрылым

Оқыту мен оқу-

ды дамытуда 

мұғалімдерге 

қолдау көр-

сетіңіз


Нені 

өзгертеміз?

 

Оқыту мен оқу-

дағы өзгерісті 

бақылаңыз 

және бағалаңыз

Құндылықтар 

мен мәдениет

Өзгеріс не 

үшін керек?

Жалпы құн-

дылықтар

Ортақ мақсат: 

балалар ХХІ 

ғасыр оқушысы 

бола алу үшін 

оқытуды жақ-

сарту.   

Қазақстан 

Республикасы 

педагог қыз-

меткерлерінің 

біліктілігін арт-

тырудың дең-

гейлі бағдарла-

масы 

1. Ұстанымы, 

миссиясы 

мен мақсаттары

Стратегиялар 

мен өзгерістер 

Әрекет ету 

тәсілдері мен 

құралдары

Өлшемдер

Кері байланыс 

пен қайта 

қарау

2. Көшбасшылық туралы білім және түсінік

2-сурет. Бағдарламаның көшбасшылыққа қоятын талаптары 

және директорлардың өзгерісті жүзеге асыру тәсілдері

Қорытындысында

Өзгерістерді басқарып, жетекшілік ету үшін директорға қойылатын негізгі үш талап: 

1. Өз ұжымында ортақ ұстаным мен құндылықтарды қалыптастыру;

2. Мектеп көшбасшылығы мен оны басқару туралы мықты білім мен түсінік қалып-

тастыру;

3. Тиісті жеке қасиеттердің, әлеуметтік дағдылардың болуы және адамдармен қа-

рым-қатынас жасау өнерін игеру.

А. Құндылықтар мен ұстанымдар. Өзгеріс не үшін керек? 

Көшбасшылық  –  бұл  мектеп  директорлары  барлық  оқушылардың  табысты  оқып, 

жоғары нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз ете отырып, оқыту туралы ортақ ұстаным 

қалыптастыру жұмысына жетекшілік ететін, мықты ұйымдастырушылық миссиясы бар 

және оқушылардың үлгеріміне үлкен үміт артылатын интерактивті үдеріс. Көшбасшылық 

дегеніміз – жеке әлеуметтік қозғаушы күш емес, көзге көріне қоймайтын бағыттар мен 

қозғалыстар арасындағы қарым-қатынас. Бұндай қарым-қатынас үшін өзара әрекет айтар-

лықтай маңызды болғанымен, ұйымның дамуына қосылған нақты үлес ортақ бағыттың 

пайда болуы болмақ (Leithwood and Day, 2007).


басшыға арналған нұсқаулық | руководство для руководителя

10

Табысты көшбасшылық болашақ туралы ортақ көзқарас қалыптастыра отырып, маңы-

зды,  қысқа мерзімді мақсатқа  қатысты  бір  тоқтамға  келуге  көмектесе  және  қызметкер-

лердің жұмысына үлкен үміт артылатынын көрсете отырып, ұйымды бір мақсатқа жұмыл-

дыруға ұмтылады (Leithwood et al, 2008). 

Мектеп директорлары білім беру саласындағы саясаткерлер мен әкімшілер белгіле-

ген мақсат пен міндеттерге сәйкес мұғалімдерді жұмысқа ынталандыра отырып, олар мен 

мұғалімдер арасында сенімді нығайтып, негізгі ұйымдастырушылық мақсатты дербестен-

діреді. Қазіргі кезде бүкіл елдерде директордың өзіндік түсінігі; жағдай жасап, күн тәртібін 

құру; шешім қабылдау үшін байланыс орнату; мұғалімдермен үздіксіз өзара қарым-қаты-

нас жүргізу; сондай-ақ ауани және шынайы командалар мен қоғамдастықты дамыту үшін, 

жыл сайынғы мектепті дамыту жоспарын құру; шешім қабылдау үшін қажетті деректерді 

құру үшін тиісті жаңа және әлеуметтік технологияларды қолдану арқылы басшылық етуі 

маңызды екендігіне басымдық берілуде.



Қорыта келе айтарымыз,

•  Директорлар мектеп туралы ұстанымның дамуын басқарады. Олар әділдік, эти-

калық тәжірибе және үздіксіз оқу қағидаттарын басшылыққа алып, жастар мен 

ересектерді оқытып, дамытуға мүдделі.

•  Директорлар  қоғамның  өзекті  мүдделерін  түсінеді,  басқарады,  делдал  ретінде 

өкілдік етеді және оған қызмет етеді. Бұл стратегиялық көзқарас, мектеп мәде-

ниеті, мектепке енгізіп, дамытуға тырысып жатқан дәстүрлер мен жағымды иде-

алдар арқылы көрініс табады. Олар жоғары стандарт белгілеп, мектеп қоғамда-

стығының бүкіл мүшелері арасында өзара құрмет көрсетілуіне ықпал етеді.

•  Өздерінің жеке кәсіби тәжірибесі арқылы директорлар «өмір бойы білім алуға» 

үлгі  болып,  оқушылармен,  қызметкерлермен,  ата-аналармен  және  жұртшылық 

қауыммен қарым-қатынас кезінде бұны қызу қуаттайды.

•  Директорлар оқушыларды, мұғалімдерді, қызметкерлерді және өзін қоса алғанда 

мектептің әрбір мүшесіне жоғары стандарт белгілеп, оқушыларды, мұғалімдер 

ұжымын, мектеп қызметкерлері мен серіктестерін жігерлендіреді және ынталан-

дырады.


•  Директорлар өнегелілік мұраттарын негізге ала отырып, өздерін шынайы ұстай-

ды. Олар өз тәжірибесі, оқыту қызметі мен ұйымға қатысты құндылықтар мен 

этикалық тұжырымдамаларды модельдейді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет