Бағдарламасы келесі пәндер бойынша Археология Қазіргі заман тарихы Тарихты оқыту әдістемесі


Тарих үйірмелерінің түрлері, мақсаты мен міндеттері



бет19/23
Дата28.03.2023
өлшемі57,58 Kb.
#76874
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
-6В01510-География-Тарих БББ бойынша күндізгі жоғары білім негізінде оқитын студенттерге арналған екінші кешенді емтихан бағдарламасы 2

26. Тарих үйірмелерінің түрлері, мақсаты мен міндеттері. Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың зерттеу әдісімен танысуына, оны іс жүзінде байқап көруіне мүмкіндік береді. Бұл жұмыс алдымен оқушылардың сабақ үстіндегі өздігінше атқаратын жұмысында басталады. Бірақ та сабақ үстінде зерттеу жұмысын жүргізу шектеулі. Ал сабақтан тыс уақытта бұған мүмкіндік мол. Мұнда оқушыларға күрделірек, көлемді тапсырмалар беріледі, ал тапсырмалар көбіне жалпы беріледі, оларды шешудің нақты жолдарын окушылар өздері іздеп табады.Сыныптан тыс жүмыстардың көбінің қоғамдық пайдалы бағыты бар, яғни жұртшылық үшін пайдалы іс деген сөз.
27. Тарих сабағының оқу-тәрбиелік мақсаты. Тарих пәнінің тәрбиелеушілік мүмкіндігі өте мол. Өйткені бүкіл адам баласының ғасырлар бойы жинаған тәжірибесін баяндайды. Ал мектептегі тарих курсына сол тәжірибенің алдымен ең маңыздылары, құндылары,ізгілері алынады. Әрине мектептік тарих курстарында құнсыз тарихи оқиғалар да оқытылады. Мәселен, фашизм, крест жорықтары, басқа елге шапқыншылық жасап, бейбіт халықты қырғынға ұшыратқан соғыстар т.б. Бірақ мұндай құнсыз оқиғалар білім, тәрбие ретінде құнды, өйткені оларды оқыта отырып оқушыларды келешекте осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін күресуге дайындаймыз.
28. Тарих оқулығымен сыныптағы жұмысты және үй тапсырмаларын ұйымдастырудың жолдары. Алғашқы сабақтарда оқушыларға түсіндіре оқу тәсілін қолдануға болады. ол тәсіл бір-бірімен тығыз байланысты оқу, түсіндіру, оқығанды толықтыру, және безендендіруді талдап, әңгімееуді қамтиды. Бұл тәсіл оқушылардың оқыған материалды игеріп есте сақтауына көмектеседі. Оның алдында әңгімелеу қолданған тиімді. Түсіндіре оқыту кезінде азат жолдарды оларды құрайтын жекелеген сөйлемдерді бөліп алып олардың басты ой, мағыналық байланыстары айқындалады.Оқулық бойынша тапсырма біртіндеп күрделене түседі. Оқушылардың деректік материалдарды табуды, оларды жазып алуды, сұрақтарға жазбаша жауап дайындап, оны оқып беруді, оқулықтадайын түрінде кездеспейтін жауаптарды өз бетіне құрастыруды үйренеді.
29. Тарих кабинетінің тарихи сана қалыптастырудағы рөлі. Тарих пәнін оқытуда қойылған белгілі үш міндетті ойдағыдай орындауда Қазақстан тарихы кабинетінің маңызы зор. өйткені онда осы пәнді оқытуда өте қажетті оқу-көрнекі құралдар, кітапхана қоры сақталады. Тарих кабинеті – мұғалімнің әдістемелік жұмыс орны. Ондағы құралдарды ретімен пайдалану мұғалімнің жұмысын жақсарта түседі. Сондықтан мұғалім кабинеттегі құралдарды пайдаланудың ретін де, әдістерін де жақсы пайдалана білуі тиіс. Мәселен, ол фильмдерді, оқу фильмін, оларды көрсететін құралдарды т.б. пайдалану әдістемесін жақсы білуге міндетті. Кабинеттегі оқу құралдары, жабдықтар басқа да құралдар қаншалықты мол болса, соғұрлым мұғалімге тарих пәнін оқытуға қойылатын міндеттерді ойдағыдай орындауға мүмкіндік туады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет