Сынып сағатына талдау жасау сызбасы
1. Сынып сағатының тақырыбы және оның сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының жалпы жүйесінде алатын орны
2. Сынып сағатының білімділік-тәрбиелік міндеттері, әр оқушы үшін жеке тұлғаның мәнділігі.
3. Сынып өткізуге мұғалім және оқышылардың дайындығы:
а) Шараларды өткізуге мұғалім және оқушылардың дер кезінде дайындығы;
б) Оны дайындауда оқушылардың белсенділік деңгейі.
4. Сынып сағатының барысы:
а) Сынып жетекшісінің эмоциалдығы, сенімділігі, нақтылығы, сынып сағатының мақсатын және міндеттерін оқушылардың алдында қою және ашу;
б) Сынып ұжымының даму деңгейіне мазмұны сәйкес шараларды өткізу технологиясы және тақырыптың бағыттылығы;
в) Сынып сағатын өткізуде сынып жетекшісінің педагогикалық шеберлігі: педагог әдебі, мәдениеті, қарым-қатынасы, тәрбиешінің сыртқы келбеті; сынып сағатын өткізулің алғашқы кезеңінде психологиялық сәйкестікті құру; оқу уақытын тиімді пайдалану; сынып жетекшісінің түзету әрекеті.
5. Сынып сағатының қорытындысы:
а) сынып сағатының міндеттері және мақсатқа жету;
б) өткізілген шаралардың жағымды және жағымсыз аспектілері, олардың себептері;
в) сынып сағатын дайындау және өткізуде сынып жетекшілерінің жұмысын жетілдіру бойынша педагогикалық қорытынды және нұсқаулар.
Достарыңызбен бөлісу: |