Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


Білім беру  дегеніміз не?



Pdf көрінісі
бет102/298
Дата15.11.2023
өлшемі11,77 Mb.
#123757
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   298
Байланысты:
МАН-1

Білім беру
 дегеніміз не?
Білім беру қоғамдық үдеріс болып табылады, ол арқылы жаңа буын тілді, салт жораларды, 
функцияларды, өзара қарым-қатынастарды және осы қоғамның мүшесі болу үшін олар білуге 
тиіс белгілі бір орныққан тәжірибені танып, біледі.
Осы анықтамадан шығатыны, егер біз білім беруді жастарды қоғам мүшесіне қабылдау 
деп түсінсек, онда бұл рөлді қоғамдық оқу тәжірибесі атқаруға тиіс. Бірақ мұндай қоғамдық 
рөлді атқаратындар, сонымен бірге тікелей қоғамда және одан кеңірек әлемдік мәнмәтінде 
болатын өзгерістерге орай әрекет етуге дайын болуға тиіс деген ұйғарымға қарсы шығуға 
болады. Демек, білім беру үдерісінің өзара үйлеспейтін екі функциясы бар. Біріншісі – 
қоғамдық өмірдің қазіргі кезде бар үлгілерін жаңғырту, екіншісі – болашақ буынды жылдам 
өзгеріп жатқан қоғамдық өмірге қатысуға қабілетті болуға дайындау барысында тәжірибенің 
өзгеруіне кедергі жасауы ықтимал білім беру жүйелерінің консервативті үрдісін жеңе білу. Дәл 
осы шиеленістің салдарынан білім беру жөніндегі дебаттар саяси реңк алады. Шын мәнінде, 
білім туралы дауға тартылған барлық ықпалды қарсылас топтар ұстанатын, кейде тіпті қарама-
қайшы сенімдер мен құндылықтар болып табылатын көзқарастар жақсы қоғам мен құзырлы 
оқудың мәнін ашып көрсетуге тікелей қатысты болып отыр.


94
Сонымен, қазіргі кезде қоғам үшін ерекше маңызы бар білім өткен кезеңде дүниеге келген 
саясаттың өнімі болып табылады да, уақыт өте келе оның даму үдерісі барысында білім мен 
қоғам арасындағы өзара қарым-қатынас өзгеріп, түрленіп, трансформацияға ұшыраған.
Педагогикалық қызмет праксис ретінде
егер біз білім бағалаушы пікірлерден ерікті емес және шындығында білім берудің 
мақсаттары мен үдерісі қатаң түрде дауға түседі деген тоқтамды қабылдайтын болсақ, бұдан 
шығатыны, педагогикалық қызмет те бейтарап бола алмайды. Карр және Кэммис педагогикалық 
қызметті нақтырақ айтқанда, аристотель философиясынан шығатын praxis терминімен 
анықталатын адамдық тәжірибенің нысаны деп түсіндіреді. Нақтырақ айтатын болсақ, 
праксис 
«этикалық ақпаратқа негізделген қоғамдық тәжірибелер, осы тәжірибелердің өн бойынан және 
тәжірибелік іс-әрекеттер арқылы жекелеген тұлға және мінсіз қоғам үшін 
игілік ұғымы 
өзінің 
тәжірибелік бейне-сипатын табады» деп анықталады (Carr and Kemmis, 2009). Осылайша
білімді адам ретінде әрекет ету – бұл имандылық және қоғамдық рөл нормалары негізіне сай 
жұмыс бағыттарын орындау немесе мұғалімге қатысты – мінсіз қоғам және табысты оқыту 
туралы түсіндіруді қажет етпейтін тұжырымға сәйкес әрекет ету. 
Тәжірибелік даналық 
ретінде 
белгілі болған, моральдық аспектілерді жетік меңгерген мұғалімдер іске асыратын осындай 
қоғамдық тәжірибе фронезис (phronesis) терминімен белгіленеді. Бұл 
тәжірибелік даналықты 
теорияда жаттап алып, кейіннен тәжірибелік мәнмәтінде қолдану мүмкін емес, себебі бұндай 
мәнмәтін тарихи қалыптасқан салт-дәстүрлерге, педагогикалық ойға және қызметке толы. 
Сондықтан 
тәжірибелік даналық 
бағалау позициясын қабылдауына қарай біржақты болатыны 
сөзсіз. Карр «тәжірибелік даналыққа тек тәжірибеде жүрген, өз тәжірибесіне негізделген, асқан 
шеберлік стандарттарына қол жеткізуге талпына отырып, жекелеген жағдайларда игіліктің 
тиісті қалпын бере алатын дана және орынды ойлар білдіру қабілетін дамытатын адамдар ғана 
ие бола алады» деп атап өтті (Carr, 2006).
Осылайша, педагогикалық қызмет – бұл праксис нысаны, яғни білім беру саласындағы 
практик-маман үнсіз қабылдайтын, мінсіз қоғамның бейнесін іске асыруға бағытталған саяси 
әрекет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   298




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет