106
Бастапқы кезеңде кәсіби қоғамдастықтың жұмысына қатысты құлшынысты кәсіби
қоғамдастыққа кіретін мектептердің жоғары басшылығынан көруге болады. егер білім
алушылар қоғамдастығының қызметі адамдардың көптеген топтарына байланысты болса, онда
осы бастапқы кезеңде барынша көп қызметкерлер топтарын жұмысқа қатыстыру маңызды
болып табылады. Қолданылып жүрген тәжірибеге сәйкес, жұмысына көп адам тартылған
кәсіби қоғамдастықтар оқушылардың нәтижелеріне жақсы ықпал ететіндігі дәлелденген.
Кәсіби қоғамдастықты құрудың бастапқы кезеңдерінде мониторинг жүргізіп, бағалауды
қарап отыруды естен шығармаған жөн. егер жетістіктің белгілі бір «көрсеткіштері» алдын ала
келісіліп, ал басындағы «негізгі» деректер жинақталып қойылған жағдайда жұмыстың ықпалын
өлшеу едәуір жеңіл болады. Іріктелген көрсеткіштер кәсіби қоғамдастықта оқытудың басты
мақсатына және бірлесіп жұмыс істеу арқылы сіздердің нені көздегендеріңізге тікелей қатысты
болуға тиіс. Бағалау стратегиясын айқындау үшін кәсіби қоғамдастықтың көшбасшылары
мектептерде жұмыс істеуге тиіс. Қоғамдастық дами келе әсер етуші іс-қимылдар туралы
нақты түсінік пайда болғанда, бұл оларға алдағы қызметке байланысты негізделген шешім
қабылдауға көмектеседі.
жұмыс сапасына қатысты мектеп деректері мен көрсеткіштерін талдау жұмысы жекелеген
мектептердің жетістіктерінің өскенін көрсете отырып, мектептер арасындағы жетістіктер
алшақтығының қысқаруын бағалауға көмектеседі. Бір мектепте сәтті қолданылған белгілі бір
стратегияларды кәсіби қоғамдастықтың сәйкестендіре алатынын ескере келе, басқалар оны
қабылдап, жүзеге асыруы мүмкін. Сондай-ақ кейбір мектептер өздерінің білім алушылар
қоғамдастығына қатысу арқылы қол жеткізуді жоспарлап отырған нақты мақсаттарын
айқындай алады.
Тиімді білім алушылар қоғамдастықтары жаңа білім мен түсініктемелерді өздерінің
оқу орындарынан тыс жерлерден іздестіреді, одан кейін осы білімді тәжірибе алмасу және
тәжірибені жақсарту үшін пайдаланады. Білім алушылар қоғамдастықтарының басты
қағидаты – «зерттеу негізіндегі тәжірибе», яғни деректерге және дәлелдерге негізделген оқыту.
Кәсіби қоғамдастықтарда ересектер «бірлескен зерттеу» арқылы білім алуға тиіс, бұл оларға
қазіргі заманғы теориялар мен зерттеулер туралы біліп, мамандану саласы бойынша ақпарат
жинауға көмектеседі, сөйтіп оларға жинақталған ақпаратқа талдау жүргізу арқылы болашақта
тәжірибенің қай бағытын дамыту қажет екендігін анықтауға көмектеседі. Мектептердің кәсіби
қоғамдастықтарында бірлескен зерттеуді әртүрлі мектептердің қызметкерлері жүргізеді, әрі ол
бүкіл кәсіби қоғамдастықтың жұмысы болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: