107
алмайды, сондықтан барлық басшылар мен басқа да мамандар оқуды жалғастыра алады және
жалғастыруға тиіс деп есептейді.
Кәсіби қоғамдастық көшбасшыларға, практиктер мен мектептерге жүйеде бар барлық
білімге, тәжірибелер мен идеяларға жол ашады. Сондай-ақ кәсіби қоғамдастықтың жақсы
идеяларға кеңінен қол жеткізуді қамтамасыз ететіндігі күмән тудырмайды. Бірақ жүйе
көшбасшылары кәсіби қоғамдастықтың жай ғана тәжірибе алмасуға қарағанда, едәуір іргелі
үдерістерді ұсынатындығын атап көрсетеді. Кәсіби қоғамдастық адамдарды ынтымақтастырып,
жаңа идеялар мен тәжірибелерді шоғырландыру үшін серпінді жағдай жасайды. Қоғамдастық
ішінде өзара сенімділік пен сыйластық қарым-қатынастары орнағаннан кейін ізінше ол
білім беру мекемелерінің басшылары шығармашылықпен ойлай бастайтын және табанды іс-
қимылды жасайтын ортаға айналады. жүйе көшбасшылары өз қоғамдастықтарын тәуекел
түрткісі ретінде сипаттайды, ол адамдарды серпілтеді, өйткені «қандай да бір мақсатты жүзеге
асыруға» көмектеседі.
Кәсіби қоғамдастықта қатысушыларға арналған кәсіптік және басқарушылық көмектің мол
ресурсы бар. Кәсіби қоғамдастықтардағы мектеп директорлары енді проблемаларды өздері
жалғыз шешпейтіндігін айтады. Олар өздерінің әріптестеріне ұсыныс беру, қолдау көрсету
жөнінде өтініш жасай алады, әріптестер тарапынан жасалатын қолдау
проблеманы шешуге
көмектескенімен қатар, ол әріптестердің достық сезімдерін паш етеді. Өз кезегінде бастықтар
да қиындық көріп отырған әріптесіне көмек қолын ұсынудың әртүрлі тиімді тетіктерін құрады.
Қолда бар ресурстардың барлығын – басшылықты, практиктің құзыретін, уақытты және кейбір
жағдайларда ақшаны біріктіре отырып, кәсіби қоғамдастық қиыншылыққа тап болып отырған
мектептерге жағдайларын жақсарту үшін көмек береді.
Кәсіби қоғамдастық – ауқымды өзгерткіштік әлеуеті бар ұйымдастырушылық нысан.
Мектептерге бір біріне қарсы болу сезімін әлі де таңып келе жатқан жүйелік құрылымдарға
қарамастан, жүйе көшбасшылары білім алушылар қоғамдастығында жұмыс істеуді таңдап
отыр, өйткені елеулі кәсіби ынтымақтастық балалардың өмірі мен біліміне түрлендіруші
өзгеріс енгізудің дара жолы болып табылады деп пайымдайды.
Достарыңызбен бөлісу: