"дарынды бақылаушы" ретінде қарастыруы керек (
Eyre and Lowe, 2002
).
Қазақстанның дамуы үшін оқушылардың таланттары мен қабілеттерін тауып, оларды
білім беру барысында дамыту өте маңызды. Қазіргі уақытта білім беру жүйесіндегі жоғары
жетістіктерді анықтайтын және ынталандыратын бірқатар аймақтық, ұлттық және
халықаралық байқаулар мен бағдарламалар өткізілуде. Алайда, мұндай байқау құрылымдары
таланттар мен қабілеттерді дамытудың, барлық оқушылардың әлеуетін іске асырудың жалғыз
тәсілі емес деген пікір бар. Неғұрлым инклюзивті тәсіл осы бағдарлама шеңберінде дарынды
және талантты балаларды оқытуды дамыту үшін пайдаланылатын болады.
Талантты және дарынды оқушыларды анықтау бойынша зерттеулер мен пікірлер
инклюзивті тәсілдің негізінде жатыр. Бұл тақырып оқушылардың қажеттіліктерін түсінуге,
барлық оқушылардың қарқынды білім алуына ықпал ететін оқу бағдарламаларының
күрделенуіне және осы қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал ететін оқыту мен білім
берудің сараланған стратегиясын таңдауға қатысты идеяларды қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: |