Заттың қай жерде, қалай, өзіне немесе қай затқа жақын орналасқандығын ауызша жеткізе білуге үйрету. Белгілі бір бағытта келе жатып, белгі бойынша бағытын өзгерте білуін қалыптастыру. Қағаз бетінде бағдарлай білу дағдысын бекіту.
1) арнайы көлік құралдарының көп түрлілігі, белгілі жұмыс түрін орындау үшін олардың жабдықтары жайлы түсініктерді қалыптастыру;
2) тұрмыстық техниканың қызметтерімен оларды қолданудың бірнеше қарапайым ережесі туралы білімдерін бекіту.
Құрастыру
1) берілген тақырып бойынша, сөзбен сипаттау, сурет, фотосурет бойынша құрылыс салуға үйрету;
2) өз құрылысын талдай білуді бекіту және талдау негізінде құрылымдық шешімдер табу, оларды құру кезеңдерін жоспарлау.
Мүсіндеу
Адамның бейнесін, жануарлардың қозғалыстағы мүсінін, үйлесімділікті, қол-аяқ қалпын дұрыс мүсіндеуге үйрету. Заттардың ұзын және қысқа, жуан және жіңішке белгілерін көрсете білуге, бөліктердің салыстырмалық көлемдерін сақтауға, мүсінделген пішіндердің бөліктерін нақтылауға, оларды бір-біріне қосып, біріккен жерлерін тегістеуге үйрету.
Ұжымдық жұмыстарды орындауға баулу.
Қалыптасқан іскерлік пен дағдыларды жеке мүсіндеуде, ұжымдық мүсіндеуді орындау барысында ойында, үйді және мереке күндері ауланы сәндеу үшін қолдану.
Жапсыру
1) түрлі пішіндерді қию дағдыларын бекіту: симметриялық емес сұлбаларға салынған немесе қиялдағы сұлбалармен қию дағдыларын қалыптастыру;
2) күрделі жапсырмалар құрастыру біліктерін қалыптастыру, жырту тәсілімен ғажайып құс, алтын балық, алқызыл гүл бейнелерін жасауға үйрету;
Сурет салу
- түрлі жануарлардың сипаттық ерекшеліктерін байқап және оларды суретте бейнелей білу;
- жануарлардың бейнелерін жеңіл қозғалыстар мен қалыптарды бейнелеу арқылы мәнерлі бере білу;
- жүн мен қауырсынға тән бейнелеу;
- қажетті түсті алу үшін қарындашты әртүрлі басып қолдану;
Музыка
Музыкалық мәнерлілік құралдары мен сипатын егжей-тегжейлі ажырату қабілетін дамыту.
Келесі дағдыларды қалыптастыру:
- бір дыбыстан құрылған әуеннің бөліктерін дәл ырғағымен дербес орындау;
Музыкаға сәйкес қозғалыс бағытын жеңіл, еркін және нақты ауыстыра отырып орындау, би бейнелерін беру, бейнелік би қозғалыстарын қолдана отырып, әндерді сахналау.
Мектепке днйінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2022-2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары