Бағдарламасы негізінде 2022-2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары



бет3/19
Дата16.10.2022
өлшемі58,44 Kb.
#43415
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Мектеп алды перспектива

Білім беру ұйымы МКҚК «Күншуақ» бөбекжай-балабақшасы
Топ «Қошақан» мектеп алды тобы
Балалардың жасы 5-6 жас
Жоспардың құрылу кезеңі 2022-2023 оқу жылы қазан айы



Айы

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

Қазан



Дене шынықтыру

Жалпы дамытушы жаттығулар. «Қол кеуденің алдында» қалпынан қолды жанына қарай созу, «қолды желкеге қою» қалпынан қолды жоғары көтеру және жанына қарай созу; қол саусақтарын айқастыру «құлып», алға-жоғары көтеру (алақанды сыртқа қарай айналдыру); қолды бір мезгілде жоғары-артқа және кезектесіп көтеру.
Негізгі қимылдар:
- бір орында тұрып, алға қарай 3-4 м қашықтыққа жылжу арқылы секіру, тізенің арасына қапшықты қысып, қос аяқтап; түзу бағытта (арақашықтығы 6 м); қос аяқтап заттар арасымен (арақашықтығы 4 м), оң және сол аяқтарымен кезектесіп заттар арасымен (арақашықтығы 3 м), орнынан биіктікке, арқаннан, сызықтан аттап секіру, оң және сол аяғын кезектестіріп секіру, биіктіктен секіру, 20 см дейінгі биіктіктікке секіру;

Сөйлеуді дамыту

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті:
- берілген дыбысқа сөз таңдауға, сөздерді дыбысталуы бойынша салыстыра білуге үйрету.
Сөздік қор:
- балалардың сөздік қорын зат есімдермен, етістіктермен, сын есімдермен,сан есімдермен, үстеулермен, жұрнақтар және жалғаулармен байыту;
- алуан түрлі заттарды сипаттауға, қарым-қатынас жасауға қажетті сөздерді қолдану және түсіну,оларды сөйлеуде белсенді қолдану дағдыларын қалыптастыру;
Байланыстырып сөйлеу:
- мазмұндылығын ескере отырып, балалардың диалогтік сөйлеуін дамытуға ықпал ететін тілдік ортаны құру.

Көркем әдебиет



Балаларды дауыс ырғағымен мәнерлей оқи отырып, логикалық екпінмен, үзілістермен жаттауға, балалардың өлең мазмұнына деген қатынасын беруге, тілдік бейнелілігін сезінуге баулу;

Сауат ашу

Балаларды сөздегі дыбыстардың бірізділігін белгілеуге үйрету. Қатаң және ұяң дауыссыз дыбыстарды ажырата білуге үйрету;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет