Дөңгелек және тіктөртбұрышпен салыстыру арқылы сопақшамен таныстыру. Геометриялық пішіндер (дөңгелек, сопақша, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш) мен денелерді (шар, куб, цилиндр) дұрыс атап, оларды бір-бірінен ажырата білуге жаттықтыру.
Геометриялық пішіндерді модельдеуге, заттарды тең және тең емес бөліктерге бөлуге, бүтін мен бөлікті салыстыруға, 8-10 бөліктерден пішіндерді жинастыруға, ауызша сипаттау бойынша пішіндерді құрастыруға үйрету.
Менің Отаным - Қазақстан. Еліміздің рәміздері:
Отан туралы, мемлекеттік және халықтық мерекелер, еліміздің рәміздері туралы білімдерін кеңейту. Қазақстан Республикасының Президенті, оның халыққа қызмет ететіндігі, өз халқының түрлі мәселелерін шешетіндігі туралы түсінігін қалыптастыру;
Құрастыру
Табиғи және қалдық материалдардың түрлерімен таныстыру. Табиғи материалдардан ұсақ заттар дайындай білуге үйрету.
Мүсіндеу
Затқа қарап, ұсынылған және өз ойлары бойынша сәндік мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру.
Жапсыру
қағазға заттарды орналастыру дағдыларын үйрету. Жапсыруларды құрастыру барысында объектілердің көлемі бойынша қатынасын, заттардың бөліктерінің пішінін, құрылымын, қатынастарын көре білу іскерліктерін меңгерту.
Сурет салу
Қарындаштармен сурет салу барысында саусақтарға күш түсірмей, көлбеу ұстау қажет, штрихтарды біркелкі жеңіл қимылмен бір бағытта әрі-бері сызу. Сызықты контурдың сыртына шығаруға болмайды.
Сурет салу барысында қағазға жуан сызықтарды сызарда қылқаламды көлденең, ал жіңішке сызықтар мен нүктелерді сызу үшін тігінен ұстап, суреттерді бояғанда бір бағытта солдан оңға қарай, жоғарыдан төмен қарай, қиғашынан жүргізіледі.
Музыка
Әннің сипатын қабылдау, дауысын дұрыс келтіріп орындау, ырғақтық бейнесі мен динамикасын дәл беру, әннің кіріспесін, басын, қайырмасын ажырату. Мерекелік әннің шаттық көңілін көңілді жеткізіп, жеңіл, ширақ дауыспен шумақтардың соңын жұмсартып айту. Қазақ халқының музыкасын қабылдау.
Әуеннің би сипатын сезіну, би қимылдарының элементтерін орындау, халық биін үйрену арқылы көркем мұраның кейбір элементтерімен таныстыру.
Таныс би қимылдарын қолдана отырып, ойдан би шығару іскерліктерін дамыту, мәтінге сәйкес әнді жеке сахналау мен шығармашылық тапсырмаларды орындауға баулу.
Мектепке днйінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2022-2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары