Бағдарламасы негізінде 2022-2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары



бет6/19
Дата16.10.2022
өлшемі58,44 Kb.
#43415
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Мектеп алды перспектива

Математика негіздері



Заттардың (5 және одан артық) ұзындығын, биіктігін, ені мен жуандығын белгілей білуге, заттарды шамасына қарай өсу және кему ретімен орналастыруға үйрету. Шамасы бойынша заттардың арасындағы қатынастарды білдіретін математикалық терминдерді қолдану.
Заттарды түрлі белгілері бойынша (түсі, пішіні, өлшемі, материалы, қолданылуы) салыстыра білуге үйрету. Шартты өлшемнің көмегімен заттардың ұзындығын, енін, биіктігін өлшейді және осы өлшемдер бойынша бірнеше заттарды салыстырады.
Сөйлеуде мына сөздерді қолдана білуді қалыптастыру: «үлкен - кіші», «үлкенірек - кішірек», «өлшемдері бірдей», «ұзынырақ - қысқарақ», «ұзындығы бойынша бірдей», «жоғарырақ - төменірек», «биіктігі бойынша бірдей», «тар-кең» «ені бойынша бірдей»; қалың, жұқа, «қалыңдығы бойынша бірдей»; жеңіл, ауыр, «салмағы бойынша бірдей»; «пішіні бойынша бірдей және әртүрлі»; түсі бойынша бірдей және әртүрлі.

Қоршаған ортамен танысу



Ересектердің еңбегі.
- әртүрлі мамандық иелері туралы;
- еңбектің мазмұны, сипаты және еңбек нәтижесінің маңызы туралы;
- балабақша қызметкерлерінің еңбегі туралы.
Өз ата-анасының еңбегі жайлы әңгімелегенде, еңбек барысы туралы білімін қолдана білуге, адамдардың еңбектеріндегі өзара байланыстарды байқауға үйрету. Айналаны қоршаған заттар, ойыншықтар адамдардың еңбегімен жасалғандығы туралы, оған ұқыпты қарау керек екендігін түсіндіру.

Құрастыру



- ұжымдық құрылыстар салу;
- түрлі үйлестіру арқылы сіріңке қораптарынан заттар құрастыру.

Мүсіндеу



Мүсіндеудің түрлі әдістерін қолдану: құрылымдық (жеке бөліктерден) және мүсіндік (негізгі бөліктерді тұтас кесектен жасайды). Қарап мүсіндеуге ойыншықтарды, пішіні шағын мүсіндерді, халық шеберлерінің бұйымдарын қолдану.

Жапсыру



Қағаздан дайындалған тікбұрыштардан дөңгелек пішіндерді қиып алу, заттарды бірнеше бөліктерден бейнелей білуді бекіту.
Сәндік жапсыру:
- түрлі пішіндегі қағазда таныс геометриялық элементтерден өрнек құрастыруды үйрету; Бөліктерден бейнелерді құрастыру, мерекелерге арнап үй-жайды безендіру үшін ұжымдық жұмыстарды орындау;

Сурет салу



- балаларды елестету және заттарға қарап гүлдер, көкөністер, жемістер, ойыншықтар, күрделі емес сұлбаларды өздеріне тән ерекшеліктерін бере отырып салу дағдыларын қалыптастыру. Серуен кезіндегі бақылаудан кейін - ағаштың күзгі жапырақтары, үй, трамвай, автобус; серуен мен саяхат кезінде алған әсерлерін суретте бейнелеу;

Музыка

Дауысы мен есту қабілеттерін дамытуға арналған жаттығуларда қиын емес әуендерді 2-3 жақын үндестікте дауысын дәл келтіріп орындауға үйрету, септима мен терция дыбыстарын ажырату, қолымен бағытын (жоғары-төмен) көрсете отырып, әуеннің жоғарғы-төменгі қозғалысын ажырату.
Әуеннің ырғақтық бейнесін ұрмалы аспаптарда жеке және барлық топпен ойнау. Қазақтың ұлттық ұрмалы аспаптарында ойнауға үйрету.




Мектепке днйінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2022-2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет