Математика негіздері
|
Математикалық терминдерді қолдана білуді, 6 саны көлеміндегі сан мен цифр туралы ұғымдарын қалыптастыру, оларды тану және атай білуді үйрету. Көрнекілік негізінде 2, 3, 4, 5, 6 санының пайда болуымен таныстыру. 7 көлеміндегі санды тура және кері санауға үйрету. 7-ден 10-ға дейінгі сандар мен цифрлар туралы ұғымдарын қалыптастыру, оларды тану және атай білуді үйрету. Көрнекі негізінде 7, 8, 9, 10 сандарының пайда болуымен таныстыру. 10 көлеміндегі санды тура және кері санауға үйрету.
|
Қоршаған ортамен танысу
|
- туыстық байланыс, өзінің жасын, толық аты-жөнін, тегін, ата- анасының, отбасы мүшелерінің аты-жөнін, балабақша, топ атауын, нөмірін айта білу, үйден балабақшаға дейінгі жолды анықтау туралы түсініктерін қалыптастыру;
- балаларда өз отбасының мүшелеріне қамқорлық білдіру ниетін, үй тапсырмаларын орындау, өзінің мейірімділік сезімдерін отбасы мүшелеріне сөзбен айта білуді тәрбиелеу.
|
Құрастыру
|
Үлкен емес жазықтықты үлкен етіп біріктіру, кірпіштердің, қырлы бөренелердің араларын бірін-біріне жиі қойып құрылысты берік ету, биіктігі күрделі құрылысты бөлу сияқты құрастырудың жаңа әдістерін үйрету.
- ұжымдық құрылыстар салу;
- түрлі үйлестіру арқылы сіріңке қораптарынан заттар құрастыру
|
Мүсіндеу
|
Ортақ композиция жасау үшін ұжымдық мүсіндеудің, адамның, жануарлардың, ойыншықтардың, халық шығармашылығының заттарын қарап мүсіндеу дағдыларын дамыту. Кеуде, бас және басқа да бөліктерді мүсіндей білуге, мүсіндеу тәсілдерін іріктеуде дербестікті білдіру, сазбалшықты бөлуге, өз жұмысын алдында тұрған үлгімен салыстыруға үйрету.
|
Жапсыру
|
- елестету бойынша бірнеше бөліктерден заттар жасауды;
- жырту тәсілімен жапсыруды.
Қағаздан дайындалған тікбұрыштардан дөңгелек пішіндерді қиып алу, заттарды бірнеше бөліктерден бейнелей білуді бекіту.
|
Сурет салу
|
- балаларды елестету және заттарға қарап гүлдер, көкөністер, жемістер, ойыншықтар, күрделі емес сұлбаларды өздеріне тән ерекшеліктерін бере отырып салу дағдыларын қалыптастыру. Серуен кезіндегі бақылаудан кейін - ағаштың күзгі жапырақтары, үй, трамвай, автобус; серуен мен саяхат кезінде алған әсерлерін суретте бейнелеу;
|
Музыка
|
Әннің сипатын қабылдау, дауысын дұрыс келтіріп орындау, ырғақтық бейнесі мен динамикасын дәл беру, әннің кіріспесін, басын, қайырмасын ажырату.
|
Мектепке днйінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2022-2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары
Достарыңызбен бөлісу: |