Білім беру ұйымы:
Тобы:
Балалардың жасы: 4 жастағы балалар
Жоспардың құрылу кезеңі:сәуір 2024 жыл
Айы
|
Ұйымдастырылған іс-әрекет
|
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері
|
Сәуір
|
Дене шынықтыру
|
Салауатты өмір салтын қалыптастыру
Балаларға адамның дене және сезім мүшелері, олардың ағзадағы рөлі және оларды қалай қорғауға, күтуге болатыны туралы түсінік беру.
Тамақтану тәртібін сақтаудың және көгөністер мен жемістердің, дәрумендердің адам ағзасына пайдасы туралы түсінік беру.
«Денсаулық-зор байлық» сөзінің мәнін түсіну, өзінің жасаған іс-әрекетінің ағзаға әсерін, тістерді тазалаудың пайдасын, суық тимеудің алдын-алуға болатынын түсіну. Салауатты өмір салты туралы ұғымдарды кеңейту.
Дене белсенділігі (таңертеңгі жаттығу, шынықтыру, спорттық және қимылды ойындар) мен ұйқының қанық болуының пайдасы туралы түсінікті кеңейту. Құлап қалған кезде өзіне қарапайым көмек көрсетуге, науқастанған кезде ересектерге жүгінуге баулу.
Мәдени-гигеналық дағдыларды жетілдіру
Балаларды ұқыптылыққа, тазалыққа, өзінің сыртқы келбетін қадағалауды әдетке айналдыруға баулу. Тамақтанар алдында, дәретханаға барғаннан кейін, ластанған кезде қолды өз бетінше сабынмен жууға үйрету. Тарақты, қол орамалды пайдалана білуді бекіту.
Тамақтану әдебін сақтау. Тамақты асықпай шайнау, асхана құралдарын (қасық, шанышқы), майлықты дұрыс қолдану, тамақтанып болғаннан кейін ауызды шаю.
|
Сөйлеуді дамыту
|
Байланыстырып сөйлеу
Диалогтік сөйлеуді жетілдіру: әңгімеге қатысуға баулу, диалогке қатысушы үшін түсінікті сұрақтар қоюға және қойылған сұрақтарға дұрыс, толық жауап беруге баулу.
Балаларды әңгіме айтуға үйрету: затты, суретті өзбетінше зерттеп, сипаттауға, түрлі балалар әрекеттерінде бейнелеген суреттері, бұйымдары бойынша әңгімелер құрастыруға, шығармалардың, ертегілердің қызықты үзінділерін қайталап айтуға, бейтаныс заттар, құбылыстар, оқиғалар туралы ақпаратты талқылауға баулу.
Ұсынылған сюжеттер бойынша қойылымдарды сахналауға үйрету.
|
Көркем әдебиет
|
Сахналық қойылымдарға қатысуға, таныс әдеби шығармалар, ертегілер бойынша қарапайым қойылымдарды ойнауға, образды бейнелеу үшін мәнерлілік құралдарын (интонация, ым-ишара, қимыл) қолдануға, еркін ойындарда таныс кейіпкерлердің образын өздігінен сомдауға, оларды басқа қырынан көрсетуге (қатыгез-мейірімді, ақкөңіл-салмақты) ынталандыру.
|
Қазақ тілі
|
Түстердің атауларымен сөздік қорларын молайту; «Қ», «Ө», «Ң» дыбыстарының айтылуын үйрету. «Қандай?», «Неше?» деген сұрақтарға жауап беруді үйрету. Шағын 3-4 сөздерден сөйлемдер құрастыруға үйрету. (көгілдір, қызғылт, күлгін) 1 ден 10 ға дейін тура және кері санауға үйрету; «І», «Ө», «Ғ» дыбыстарының айтылуын үйрету. «Не істейді?», «Неше?» деген сұрақтарға жауап беруді үйрету
|
Математика негіздері
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |