Бағдарламасы негізінде 2023 2024 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары



бет24/28
Дата21.10.2023
өлшемі97,98 Kb.
#120118
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
Ересек топ перспективалық жоспар

Кеңістікті бағдарлау
Кеңістік бағыттарын өзіне қатысты анықтау, берілген бағытта қозғалу (алға-артқа, оңға-солға, жоғары-төмен), заттардың өзіне қатысты орналасуын сөздермен белгілеу.
Уақытты бағдарлау
Тәулік бөліктері (таңертең, күндіз, кеш, түн) олардың сипаттамалық ерекшеліктері мен реттіліктері, «бүгін», «кеше», «ертең» туралы ұғымдарын кеңейту.

Қоршаған ортамен таныстыру

Жануарлар әлемі
Төрт түлік және оның төлдері (мінезіндегі ерекшеліктер, қозғалысы, қоректенуі, адамдарға пайдасы), оларға күтім жасаудағы ересектердің еңбегі туралы ұғымдарын кеңейту.
Жабайы аңдар, олардың сыртқы түрі, қозғалуы, тіршілік ету ортасы, азығы, қысқа бейімделуі туралы ұғымдарын байыту.
Бақылау барысында жануарлар әлеміндегі маусымға тән көріністерді: күзде – көбелектер, қоңыздар, кейбір құстардың болмауы, қыста-құстарды қоректендірудің қажеттігі, көктемде көбелектер, қоңыздардың пайда болуы, құстардың көбеюі, олардың сайрауы, шықылықтауы, шиқылдауы, ұя салуы, балапан шығаруы, жазда көбелектер, қоңыздар, инеліктер, құстардың көбеюінсалыстыру, олардың тіршілік етуіне қажетті жағдайларды: азық, су, жылу, жарық, мекендейтін орнын анықтау.

Құрастыру

Құрылыс материалдарынан құрастыру.
Келесі дағдыларды қалыптастыру:
1) орналастыру тәсілдерін қолдана отырып, пластиналарды тігінен және кірпіштерді, бөлшектерді көлденеңінен орналастыру; Құрылыс бөлшектеріне ұқыптылықпен қарау, ойнап болған соң оларды жинау және орнына қою, құрастыру барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Қағаздан құрастыру.
Қағаздан құрастыруға үйрету: қағазды тікбұрышты парағын жартысынан бүктеп, бұрыштарды және қырларды біріктіру, детальдің негізгі түріне желімдеу.
Табиғи, қалдық материалдардан құрастыру. Балаларды табиғи материалдардан түрлі заттар даярлауға баулу.
Табиғи материалдардан түрлі композиция жасауға ынталандыру. Шығармашылық қиялды дамыту, көрнекілікке сүйене отырып және құрастыратын материалдарды өзбетінше таңдап, ойдан құрастыруға мүмкіндік беру. Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Қауіпсіздік ережелелерін сақтау.

Сурет салу

 Заттық сурет салу.
Балаларды суреттерді қылқаламмен, қаламмен бояуға үйрету, заттарды бояуда сызбалар мен жақпаларды бір бағытта жоғарыдан төменге немесе солдан оңға пішіннің шеткі сызығынан шықпай ырғақты түрде бояу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет