Бағдарламасы негізінде 2023 2024 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары



бет27/28
Дата21.10.2023
өлшемі97,98 Kb.
#120118
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
Ересек топ перспективалық жоспар

Кеңістікті бағдарлау
Кеңістік бағыттарын өзіне қатысты анықтау, берілген бағытта қозғалу (алға-артқа, оңға-солға, жоғары-төмен), заттардың өзіне қатысты орналасуын сөздермен белгілеу.
Уақытты бағдарлау
Тәулік бөліктері (таңертең, күндіз, кеш, түн) олардың сипаттамалық ерекшеліктері мен реттіліктері, «бүгін», «кеше», «ертең» туралы ұғымдарын кеңейту.

Қоршаған ортамен таныстыру

Жәндіктер әлемі
Жәндіктер туралы (қоңыз, көбелек, шыбын, құмырсқа), қыстап қалатын және жыл құстары туралы ұғымдарын кеңейту.
Табиғаттағы қарапайым тәртіп ережелерін сақтау, қарапайым экологиялық білімдерін қалыптастыру және жануарлар мен өсімдіктерге күтім жасауға (өсімдіктерді қорғау, қыстап қалған құстарға жем беру) баулу.

Құрастыру

Құрылыс материалдарынан құрастыру.
Келесі дағдыларды қалыптастыру:
1) орналастыру тәсілдерін қолдана отырып, пластиналарды тігінен және кірпіштерді, бөлшектерді көлденеңінен орналастыру;
Қағаздан құрастыру.
Қағаздан құрастыруға үйрету: қағазды тікбұрышты парағын жартысынан бүктеп, бұрыштарды және қырларды біріктіру, детальдің негізгі түріне желімдеу.
Табиғи, қалдық материалдардан құрастыру.
Балаларды табиғи материалдардан түрлі заттар даярлауға баулу.
Конструктор бөлшектерінен құрастыру.

Сурет салу

 Заттық сурет салу.
Балалардың дербес тәжірибелік әрекеттерімен байланысты эстетикалық қабылдауын дамыту. Бояулармен, қарындаштармен, борлармен дәстүрлі және дәстүрден тыс тәсілдермен сурет салудың техникасын жетілдіру.
Сюжеттік сурет салу:
қоршаған ортаның әсемдігіне, өнер туындыларына, тұрмыстық заттарға, қазақ және басқа халықтардың ойыншықтарына эмоционалды-эстетикалық талғам дағдыларын қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет