Сюжеттік сурет салу: Қылқаламды үстінен баса отырып, жуан сызықтарды ал қылқаламның ұшымен жіңішке сызықтарды жүргізу.
Сәндік сурет салу. Сурет салуда еңкеймей, арқаны тік ұстап, дұрыс еркін отыруға, жұмыс орнын таза ұстауға, ұқыпты болуға, қауіпсіздікті сақтауға баулу.
Мүсіндеу
Заттық мүсіндеу. Ермексаздың, сазбалшықтың, қамырдың кесектерінен мүсіндеудің келесі дағдыларын қалыптастыру:
1) түрлі тәсілдерді қолданып бейнелеу;
Сюжеттік мүсіндеу. Балалардың көлемді пішіндер мен қарапайым композицияларды мүсіндеуге қызығушылығын тәрбиелеу.
Сәндік мүсіндеу: балаларды тұрмыстық заттар мен бейнелі ойыншықтарды мүсіндеуге қызығушылығын арттыру.
Жапсыру
Заттық жапсыру: қайшыныдұрысұстаужәнепайдаланабілудіқалыптастыру. Түзусызықпеналдыменқысқасодансоңұзынжолақтардықиюдыүйрету.
Сюжеттік жапсыру: барынша күрделі заттарды, жануарлар пішінін бейнелеу, заттарды қағаз бетінде орналастыру дағдыларын қалыптастыру. Композицияны құрастыру кезінде заттар мен нысандардың көлемі бойынша арақатынасын ескеру; көлденеңінен қию, шаршыдағы бұрыштарды қиюды бекіту.
Сәндік жапсыру. Геометриялық пішіндерден ою-өрнектерді және жолақтағы өсімдік өрнектерін халықтық өнер түрлері бойынша бірізділігін ескере отырып құрастыру дағдыларын қалыптастыру. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерімен таныстыру.
Музыка
Музыка жетекшісінің жоспары бойынша
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде
2023 - 2024 оқу жылына арналған
ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары