Курсты оқыту бағдарламасы мазмұны қазіргі педагогикалық-психологиялық білім негізіне құрылып, оқу-əдістемелік əдебиеттер стандарттарына сəйкестендіріліп, мемлекеттік стандарттағы мамандарды даярлау талаптары бойынша «ШКМ оқыту əдістемесі» курсының типтік оқу бағдарламасы негізінде жазылды.
Оқыту негізгі материалдарды қамтылған дəрістер мен практикалық сабақтар негізінде жүргізіледі жəне алынған практикалық дағдылар, түсініктер бекітіліп отырады. Студенттердің білімін бақылау үй тапсырмаларын бекіту, электрондық оқулық т.б. оқу құралдарында берілген тестілерді орындау, ауызша сұрау, жеке семестрлік тапсырмалар арқылы жүзеге асады.
Тақырыптар бойынша білімін кеңейтуге, тереңдетуге жəне студенттердің өз бетімен жұмыс істеуін дамыту үшін оқу əдебиеттерімен жұмыстана отырып конспект жасау жəне интелектуалдық проблемаларды, міндеттерді шеше біледі, талдай біледі. Бұл жағдайда топта дискуссиялық жұмыс жасауды қалыптастырады.
Семинар, практикалық сабақтар мен СОӨЖ сабақтарында тақырыптар мен ерекшеліктеріне қарай төменде аталған əдістер қолданылады.
Кеңес беру. Кеңес беру техникаларын қолдана отырып кеңес беріледі. Студенттер жұпқа бөлінеді. Жұптың бір мүшесі «клиент» жəне екінші мүшесі «психолог- консультант ролінде болады». «Клиент» роліндегі студент «психолог-консультант роліндегі» студентке мектептегі ситуациялардан алынған проблемаларды шешуде көмек алу үшін консультантқа келеді. 30 минут кеңес беру процессіне арналады. 20 минут кеңес беру нəтиежесін топта талдауға арналады.
“Үлкен шеңбер” əдісін сұрақтың шешімін тез табу керек болған жағдайда қолдануға бо- лады. Осы форманың көмегімен мысалы, заң жобаларын немесе нұсқауларды, нормативті- құқықтық актілерді жасауға болады.
Аквариумəдісі: “Аквариум” – мəселені “қоғам алдында” талқылауға ұсынғандағы диалог формасы. Шағын топ белгілі бір мəселе бойынша диалогты жүргізуге кімге сеніп тапсыруға болатынын таңдайды. Кейде тілек білдірушілер бірнеше болуы мүмкін. Қалған барлық студенттер көрермен ролін атқарады. Соныдықтан да мұны аквариум деп атайды.